Қазақстанның Конституциясы


Құқық ұғымы мен белгілері
«Құқық » терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық»- ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады. Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйгеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып табылады. Құқық туралы Конституция былай дейді: ҚР-да қабылданатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелердің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап) Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәніні білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық, әкімшілік, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, қаржылық, т. б. Құқық саласы- өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық- мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық- қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы- оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. ҚР-да қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардық қандай да болсын әлуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма.
Жүйелілігі. Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі- табиғи құқықтық мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады: Мысалы, адамның өмірі, денсулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған нормалар табиғи құқыққа жатады. Құқықтық жүйенің екінші бөлігі- мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшініші бөлігі субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен- бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды.
Құқық 2 жолмен дамиды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдік- діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенеді, ол мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органдардың өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Құқық- қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдерібар:
- Құқықты сақтау ( мәні: тыйым салыған әрекетті жасаудан бас тарту) ;
- Құқықты орындау ( мәні: жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау) ;
- Құқықты пайдалану ( мәні: тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі) ;
- Құқықты қолдану ( мәні: бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады) ;
«Конституция» деген сөздің латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды білдіреді.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грекияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымы білдіретін. ХVІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнелейді. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен белгіленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы Франция төңкерісі қарсаңында «конституция» сөзі «мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі (латынның conctitutio- бекіту, орнату деген сөзі) Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған, түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Конституция ұғымының қазіргі түсінігі XVIII ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та, содан соң 1789 жылы Францияда қоғамда орныққан тәртптің негізгі ұстанымдары бекітіп берді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс табады. Жалпы «конституция» терминінің шығуының өзі ғылыми тұрғыда анықталынбаған. Ойшылдарымыз бұл термин Рим императорының актілеріндегі «rem publicam constituire» деген техникалық айналымнан алынған деседі.
«Конституция» термині мен қатар оның қалыптасуының алғашқы сатысында «Негізгі Заң» атауы қолданылды.
Кеңестік конституцияларда бұл екі термин қатары пайдаланылып, оның аттары былайша жазылған: 1918 жылы РКФСР Конституциясы (Негізгі Заң), 1924 жылғы КСРО Негізгі заңы (Конституция), 1936 жылғы КСРО Конституциясы (Негізгі заң) 1977 жылы КСРО Конституциясы (Негізгі заң) . Терминді қосарланып пайдалану әдісі Қазақ, КСРО Конституцияларында да қолданылған. Бірақ еліміз егемендік алғаннан кейінгі екі бірдей Конституцияларында (1993, 1995) «Негізгі Заң» деген жақша ішіндегі сөз алынып тасталынды.
ҚР-дағы қолданып жүрген 1995 жылғы Конституциясы оның таптық сипаттылығын қабылдамады, 1995 жылғы Конституцияда басқа бағыт, айталық жалпы демократиялық сипат қаланған. Өзінің қайнар көзіне қарай- ол халықтық конституция болып табылады, өйткені халықтың қатысуымен референдумда қабылданды.
Сөйтіп, қолданылып жүрген ҚР Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ол оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазақстанның ХХ ғасыр тарихында бұдан бұрын да Конституциялары болған. Айталық, 1926 жылы Қазақ Автономиялық Республикасының Конституциясы: Бұл жұмыстар тұңғыш рет білім негіздері қалыптаспаған шақта іске асырылды, оның үстіне тәжірибемен жүйеленген дағдылар болмады. Соның кесірінен заң техникасын қолданудағы шалғайлықтар да орын алды.
ҚР- ның қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс- мемлекеттік мереке- ҚР-ң Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады. Конститутцияны Қазақстанның халқы қабылдады Онда халықтың еркі білдірілген ҚР-ның 1995жылғы Конститутициясы: «Біз . . . Қазақстан халқы . . . Осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдум нәтижесінде қабылдады.
Конституцияда оның ережелері тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісі- әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Ата Заңның негізгі бөлігінде азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы Конституциялық құрлысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде мемлекеттік буындардың жүйесі нәтижесі туралы нормалар енген. Сөйтіп ҚР-ң Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Жалпы ережелер деп аталатын бірінші бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олар, олардың тежемелік әрі тепе- теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс- қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асатындығын баяндайды.
«Адам және адамзат» деп аталатын ІІ- бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке басының құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаларын қалыптастыруына байланыстырылған. Жаңа Қазақстандық Ата Заңның басты желісі- азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет мүддесінен қарау болып табылады.
«Президент» деп аталатын ІІІ-ші бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа толық бейнелейді.
Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII-ші бөлімдерде көрсетілген. Мұнда билікті бөлу принципі нақты берілген: Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі туралы логикалық негізде үйлестіріліп берілген.
«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын ХІ бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституциясының күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz