Тауарлы мұнайды сақтайтын резервуарлы парктердің автоматтандырылуын жобалау



КІРІСПЕ
I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық
процесс туралы мәлімет беру
1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын
параметрлерін таңдау
ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың
функционалдық схемасын қарастыру
2.2 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру
III. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Стандартты тарылтылған қондырғылардағы қысымның шамасының түсу бойыншы су шығынын анықтау
IV. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативті. техникалық құжаттар
Автоматтандыру дегеніміз – өндіріс процесстері кезінде адамның қатысуын азайтуға арналған ғылыми-техникалық прогресстің бір бағыты, нақтырақ айтатын болсақ: реттелгіш техникалық құралдар мен математикалық әдістерді өте қиын және қауіпті амалдарды орындауға қолдану.
-Автоматтандыру облыстары
-Өндірістік процесстер
-проектілеуде
Автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын арттыруға, басқару процесстерін оптимизацияландыруға, адамды денсаулыққа зиянды жұмыстардан қатыстырмауға мүмкіндік береді.
Қойылған тапсырманы автоматтандыру комплексті жүйелі түрде қарауды қажет етеді. Автоматтандыру жүйелерінің құрамына датчиктер(сенсорлар), енгізу құрылғылары, басқару қрылғылары(контроллер), орындау құрылғылары, шығару құрылғылар және компьютерлер жатады. Есептеулерде қолданылатын кейбір әдістер адамның жүйке және ойлау функцияларының жұмысына ұқсайды. Бұл құрылғылар комплексін жалпы түрде жүйелер деп атайды.
Автоматтандыру жүйелерінің негізгі түрлері:
Жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (АСП)
Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (АСНИ),
Автоматтандырылған проектілеу жүйесі (САПР),
Автоматтандырылған эксперименттік комплекс (АЭК),
Икемделген автоматтандырылған өндіріс (ГАП)
Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АСУ ТП),
Пайдалануды басқарудың автоматтандырылған жүйесі(АСУ)
Және автоматтандырылған басқару жүйесі (САУ).
Автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциясы келесі бағытты қамтыған, яғни болашақта алдыға қойылған тапсырманы адамның қатысуынсыз орындайтын автоматтандырылған жүйелер құру. Ал адамның жұмысы бастапқы мәліметтерді дайындау, тапсырманы орындайтын алгоритмді таңдау(шешу әдісі) және алынған нәтижені анализдеу ғана болып қалады.Бірақ, кейбір өте қиын тапсырмалар мен процесстерде автоматтандырылған жүйенің жұмысын адам міндетті түрде қадағалап отыру керек, мысал ретінде аралық мәліметтерді енгізеді және т.б.
Автоматтандырылған процесстер уақытты жақсы үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ кейбір жағдайда стандартты емес процесстерде адамның тікелей қатысуы абзал.
Өндірістік автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі.
1) А.Ф Колягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов»
2) В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электро-оборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991
3) В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007
4) М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте» Часть 2
5) «Техникалық терминдео» сөздігі Алматы 2009

КІРІСПЕ

Автоматтандыру дегеніміз – өндіріс процесстері кезінде адамның
қатысуын азайтуға арналған ғылыми-техникалық прогресстің бір бағыты,
нақтырақ айтатын болсақ: реттелгіш техникалық құралдар мен математикалық
әдістерді өте қиын және қауіпті амалдарды орындауға қолдану.
-Автоматтандыру облыстары
-Өндірістік процесстер
-проектілеуде
Автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын
арттыруға, басқару процесстерін оптимизацияландыруға, адамды денсаулыққа
зиянды жұмыстардан қатыстырмауға мүмкіндік береді.
Қойылған тапсырманы автоматтандыру комплексті жүйелі түрде қарауды
қажет етеді. Автоматтандыру жүйелерінің құрамына датчиктер(сенсорлар),
енгізу құрылғылары, басқару қрылғылары(контроллер), орындау құрылғылары,
шығару құрылғылар және компьютерлер жатады. Есептеулерде қолданылатын
кейбір әдістер адамның жүйке және ойлау функцияларының жұмысына ұқсайды.
Бұл құрылғылар комплексін жалпы түрде жүйелер деп атайды.
Автоматтандыру жүйелерінің негізгі түрлері:
Жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (АСП)
Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (АСНИ),
Автоматтандырылған проектілеу жүйесі (САПР),
Автоматтандырылған эксперименттік комплекс (АЭК),
Икемделген автоматтандырылған өндіріс (ГАП)
Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АСУ
ТП),
Пайдалануды басқарудың автоматтандырылған жүйесі(АСУ)
Және автоматтандырылған басқару жүйесі (САУ).
Автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциясы келесі
бағытты қамтыған, яғни болашақта алдыға қойылған тапсырманы адамның
қатысуынсыз орындайтын автоматтандырылған жүйелер құру. Ал адамның жұмысы
бастапқы мәліметтерді дайындау, тапсырманы орындайтын алгоритмді
таңдау(шешу әдісі) және алынған нәтижені анализдеу ғана болып
қалады.Бірақ, кейбір өте қиын тапсырмалар мен процесстерде
автоматтандырылған жүйенің жұмысын адам міндетті түрде қадағалап отыру
керек, мысал ретінде аралық мәліметтерді енгізеді және т.б.
Автоматтандырылған процесстер уақытты жақсы үнемдеуге мүмкіндік
береді, бірақ кейбір жағдайда стандартты емес процесстерде адамның
тікелей қатысуы абзал.
Өндірістік автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында
бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен
автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірістік автоматтандыру – осы
заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалық прогрестің ең басты
бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және
толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай
автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей
басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын
автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады.
Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде телім, цех, зауыт, электр
станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс
істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің
негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда
жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай
автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей
автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең
жоғары сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс
рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды
алдын ала болжап, есепке алу мүмкін болатын жағдайларда, сондай-ақ адамға
қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік
автоматтандырудың негізі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде
зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономиялық тиімділігін
анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инжинерлік әдістерін табу
секілді мәселелерден құралады. Белгілі мақсатқа жету үшін таңдалып
алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар
автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құрады. Осы заманғы АБЖ-ның
құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық
өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған
ақпараттарды адамға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық
құрылғылар кіреді
Автоматты реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың
жұмысын немесе процесстің берілген режимін орындау. Автоматты түрде
реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп және
қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін
болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді. Бұл реттеу
түрі адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырады және денсаулыққа
қауіпсіз болады.
Автоматты түрде реттеу кезінде адам рөлі проэкциялаумен, монтажбен,
жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі. Адам
автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей процесті басқарудан босайды
және бұл бөліктегі оның функцияларын автоматтандырылған реттегіштер деп
аталатын арнайы қондырғылар іске асырады. Автоматы түрде реттеу
дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе
процесстің берілген режимін демеу. Автоматы түрде реттеу кезінде Адам
рөлі проэкциялаумен, монтажбен, жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін
бақылаумен шектеледі. Адам автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей
процесті басқарудан босайды және бұл бөліктегі оның функцияларын
автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын арнайы қондырғылар іске
асырады.
Автоматы түрде реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде
жетілдіріп және қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу
кезінде мүмкін болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді.
Бұл реттеу түрі адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырады
және денсаулыққа қауіпсіз болады. Өндірісті автоматтандыру адамның
өндірістік процестерді басқару функцияларын тікелей орындаудан босап, бұл
фукциялардың арнайы қондырғыларға берілуімен сипатталатын машина
өндірісінің жаңа кезеңі.Реттеу параметрі деп агрегат жұмысын немесе
технологиялық процесс жүрісін анықтайтын физикалық-химиялық немесе басқа
айнымалыларды айтамыз.Автоматтандырылған реттегіш деп реттеу процесін
іске асыратын қондырғылар шоғырын атайды.Технологиялық режимді басқарудың
мәселесі жекеленген технологиялық параметрлердің (су шығыны,
температурасы, қысымы) автоматтанған реттеудің жергілікті жүйесінің (САР)
көмегімен шешіледі.Реттеу объектісі – бұл, анықталушы параметрін тұрақты
түрде қолдауды немесе белгіленген заң бойынша өзгертіп отыруды қажет
ететін технологиялық агрегат. Тапсырушы жабдық жүйенің кіруіне басқарушы
(тапсырушы) әсер етеді. Басқарушы әсер тұрақты тапсырылған шама болуы
мүмкін немесе белгіленген заң бойынша қолданылуы мүмкін, егер бұл заң
бойынша реттелетін шама қолданылатын болса.
Өлшегіш жабдықтың көмегімен өлшенген реттелетін шаманың нақты мәні
ауытқушы ықпалының берілген мәнімен салыстырылатын салыстыру элементіне
түседі. Реттелетін шама өзінің берілген мәнінен ауытқиды да, қате пайда
болады. Келісілген дабыл күшейткіш арқылы күшейеді де, жаңарту элементіне
келіп түседі. Жаңартылған дабыл объектіге реттеуші ықпал ете отырып, өз
кезегінде заттың немесе энергияның құйылуын өзгертетін реттеуші органды
қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмге барады. Соның нәтижесінде
бұзылған тепе-теңдік қалпына келеді де, реттелетін шама берілген мәніне
қайта оралады. Автоматтандыруға ұсату, ұнтақтау, флотация, фильтрлеу,
қойылдыру және құрғатып, кептіру үрдістерін жатқызуға болады.
Өндірісті автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын
адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын аспаптар мен автомат
құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірісті автоматтандыру – осы заманғы
өндірісті дамытудың негізгі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты.
Өндірісті автоматтандырудың жарым – жартылай, кешенді және толықтай
автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым – жартылай автоматтандыру
өте күрделі, әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы
болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру
өндірісті жарым – жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірісті
автоматтандыру процесі кезінде цех, зауыт, электр станциялар өзара бір –
бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді
автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік
жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау
жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті
басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге
жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғарғы сатысы. Өндірісті
толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы
ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу
болатын жағдайларда, сондай – ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды
өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырылудың негізгі
басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау,
басқару әдістерінің экономикалық тиімділігін анықтау және автоматтандыру
құралдарын жасаудың инженерлік әдістерін табу секілді мәселелерден
құралады. Белгілі бір мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару
әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған
басқару жүйесін құрады. Осы заманға автоматтандырылған басқару жүйесінің
құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық
өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған
ақпараттарды операторға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және
жұмыстық құрылғылар кіреді.
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс
қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы
өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен
статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация
түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін
шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыстарын
автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық
жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға
математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық
кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке
салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен
кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және
принциптік мәселелерін шешу.

I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық
процесс туралы мәлімет беру

Мұнай резервуарлары деп-мұнайды есепке алу, жинау және аз уақыт
ішінде сақтау үшін арналған әр түрлі өлшемдегі ыдыстарды айтамыз.
Мұнай резервуарларын өртенбейтін материалдан-металл немесе темір
бетоннан-тұрғызады. Резервуарлар жер асты, жер үсті немесе жартылай
көмілген болып келеді.
Шикі және тауарлық мұнайды қабылдап алу, сақтау және өткізу шараларын
жүргізу үшін резервуарлар арнайы арматуралармен және жабдықтармен
жабдықталады. Ол жабдықтар өз алдына әртүрлі қызмет атқарады. Сол
жабдықтар арқылы резервуардың жұмыс принципі атқаралады.
Резервуардың жабдықтары мыналарды қамтамасыз етеді:
Резервуардың толуын және босауын;
Мұнай деңгейін өлшеуді;
Мұнай сынамасын алуды;
Резервуарлардың тазалануын және жөнделуін;
Мұнайдың тұнуын және тауарлы мұнайдың астындағы судың жойылуын;
Резервуардағы қысымды қауіпсіздік шегінде ұстап тұруды;
Резервуарлар құрылысы:
Жарық люгі - төбесі ашық тұрған кезде ол арқылы резервуар ішіне жарық
өтеді және тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында резервуарды
желдетіп ауасын тазартады.
Гидравликалық сақтандырғыш клапан – тыныс алу клапаны жұмыс істемей
қалған кезде резервуардың газ кеңістігіндегі артық қысымды шектеуге
арналған.
Өрттік сақтандырғыш – резервуардың газ кеңістігіне жалынның кіріп
кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу клапаны – резервуарды толтыру және босату кезінде немесе
сыртқы температураның өзгеруі нәтижесінде ішкі кеңістігін автоматты түрде
сыртқы ормаен байланыстырып отырады.
Өлшегіш люк – резервуардағы мұнай деңгейін және тауарлы мұнай
астындағы суды өлшеу үшін, сонымен қатар сынама алғыш аспаппен мұнайдан
сынама алу үшін қызмет етеді.
Кіру люгі – резервуардың төменгі белдігіне орнатылады және
резервуарды тазалау мен жөндеу кезінде резервуар ішіне адамдардың
кіруіне, сонымен қатар желдетуге арналған.
Сифондық кран – резервуардың төменгі жақ бөлігінде жиналған қабат
суларын мұнайұстағышқа қарай ағызу үшін сифондық құралды қосу кезінде
пайдаланылады.
Дыбыстық жапқыш – ысырмалардың істен шығуы кезінде немесе құбырлардың
апаттық жағдайында мұнайдың резервуардан ағып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Қабылдау-өткізу құбыршасы – резервуарға сұйықты беру және
резервуардан сұйықты шығару үшін қолданылады
Көтерілмелі құбыр – резервуардың ішіндегі мұнайды қажетті биіктіктен
алуға арналған.
Резервуар - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, беруге және есепке
алуға арналған техникалық құрал.
Резервуар паркі түрі РВСП сияқты 4 резервуардан тұрады, әр қайсысының
сыйымдылығы 20000м3. Әр қайсысының қасында бес-бестен электрленген
ысырмалар болады. Резервуар ардындағы опырылуында үш электрленген сикучий
ысырма болады, ол әрбір резервуарға, біреуі кірісінде болады. Үш ысырма
барлығына ортақ болады. Ысырмалардың барлық саны 56-ға тең.
Резервуарлар үш ЩСУ арқылы электр тоғымен қоректенеді.Техникалық басқару
құралдары, бақылау функциялары берілу арқылы адамдардың еңбегімен
қысқартылған шығын.
Параметрлік өз уақытында реакция өзгеруіне күшейтілген техникл-
экономикалық көрсеткіштер үрдісінде нақты параметрлерін көрсетеді
(оператордың тура тізбектей мүмкіндігін көрсетеді).
Басқару көмегі, адамға қауіпті жағдайда концентрациялы қауіпті
жарылғыш өрт және газ бөлу мүмкінділігі.
Материалды баға саны (мұнай, электроэнергия, су және т.с.с.);
Авария және бұзушылықты анықталуы.
Резервуар паркінің объект болып басқарылуы:
Резервуар паркін объект ретінде қарастырғанда, бұл мұнайда жан-жақты
таратумен жұмыстанады, олар параллель және тізбектей жұмыс істейді,
көптеген негізгі ерекшеліктеріне назар аударып әсіресе автоматикалық
жүйенің пайда болуына әсері: Резервуарлардың тиімді бір жағы температура,
қысым, судың концентрациясын және сутегі фракцияларын біртекті
үйлестіреді.
Типтік аппаратураны қолдану қажеттілігі технологиялық сүлбемен
объектінің қайталануына байланысты.
Объект параметрлері резервуар паркінің барлық объектілеріне тәуелді.
Объектіде өрт және жарылғаш қауіптің болуы арнайы аспаптарды
қолдануды талап етеді, температуралық режимді және көп мөлшерде газдың
бөлінуін қадағалау автоматты тұрде өлшенуі тиіс, өрт сөндіру жүйесін
автоматтандыру, сол сияқтты өрт және жарылыстарды жедел ескерту шараларын
жүргізу.
Объектінің адамдар тұратын жерден алыс орналасуы, сондықтан жүйені
қондыру кезінде кернеудің кейде тұрақсыз болуына тиісті көмекші жүйенің
резервінің болуы, реттеу жүйесін қолдану, технологиялық аспаптарды
резервтеу, технологиялық қорғаныс жүйесін құру.
Резервуар паркінің автоматтандыруға кіретін міндеттер:
- резервуарды толтыру және қайта босатуды дистанционды қадағалау;
- қабылдау және резервуарды қысып толтыру құбырларының ысырмасын
дистанционды басқару;
- жинақтау және сақтау резервуарлары мұнай және мұнай өнімін
есепке алуды қамтамасыз ететін параметрлерді басқару;
- сұйық заттарды тарататын аспапты дистанционды басқару;
Үлкен жылдамдықта резервуарды толтыру немесе босату кезінде қысып
толтыру және кері сору резервуарлары автоматты түрде қосылу.
Соңғы талаптың ерекше маңыздылығы, резервуар паркінің магистральді
мұнай құбырының басты сорап кешендеріне толтыру және босату резервуарынан
үлкен жылдамдықта келуі магистральді сораптың өндірушілігіне байланысты.
Резервуар паркінде бақылау және басқару электрлік сүлбелері кең
қолданылады.
Резервуар паркін автоматтандыруда қамтамасыз ететін фактілер:
- Жергілікті диспетчер отыратын жерден резервуар паркін басқару
және автоматты түрде бақылау жүргізу.
- Жоғары дәлдікпен мөлшерді өлшеу: резервуар ішіндегі сұйықтың
мөлшері ±1 мм дәлдікпен өлшенеді.
- Цифрлік мәліметтерді беру, ол ақпаратты қатесіз жеткізуге
болады.
- Алынған мәліметті электронды түрде өңдеу, ақпараттық өнімнің
санын өлшенген және өңделген нәтижені беруге қамтамасыз етеді.
- Сенімі жоғары.
- Экономды, резервуар паркінің сыйымдылығын тиімді қолданып және
зат санаудың операцияларын жоғары дәлдікпен санау.
- Ұйымның еңбегін жоғарлату, қызмет көрсетуші адамдардың тұрақты
талапта болмауы, ашық аспан астында жұмыс жасаушылар.
- Иілгіштік, автоматты жүйелердің кеңейуі, ал мәліметтер жиналып
керек кезде қолданылып отырылады.
Технологиялық үрдісті объект ретінде басқарып немесе қарап айнымалы
үрдістер көптеген группаларға бөлінеді.
Кіріс айнымалыларына жататындар:
Х1 – мұнайдың мұнай құбырына келген саны;
Х2 – келген мұнайдың температурасы;
Х3 – келген мұнайдың сапасының құрамы;
Х4 – қысым, резервуарға мұнай құбырымен берілетін мұнай;
Басқарушы айнымалылар:
U1 – келген мұнай қысымы;
U2 – шыққан мұнай қысымы;
Технологиялық үрдістердің жүру шартының мінездемесінің айнымалылары:
Z1 – резервуардағы мұнайдың температурасы;
Z2 – резервуар қабырғасының температурасы;
Z3 – резервуардың ішіндегі мұнай астындағы судың деңгейі;
Z4 – мұнайдың созылмалылығы;
Z5 – ауа қысымы немесе мұнай буының резервуар ішінде газ тұратын
кеңістікте болуы;
Шығыс айнымалылары:
Ү1 – резервуардың ішіндегі мұнайдың жоғарғы деңгейі;
Ү2 – резервуардың ішіндегі мұнайдың төменгі деңгейі;
Ү3 – мұнайдың шығыны (тынысымен);
Осы үрдісте қоздырғыш әсер етушілер:
- мұнай құрамы;
- сораптың қалыпты жағдайы;
- қоршаған ортаның температурасының тербелісі;
- резервуардың қалыпты жағдайы;
- т.с.с.
Айнымалы үрдістің керекті дәлдік дәрежесімен анықталмауы, бақылау
және өлшеу аспаптардың болмауына қатысты екенін білеміз.
Мысалы: Ең қиындық түсіретін жағдай ол резервуарлардағы шығынды
(тынысымен) өлшеп, бақылап отыру.
Бұл айнымалылар үрдістің қалыпты жағдайын бағалауға қиындық келтіреді
де және оларды жедел басқаруды нашарлатады. Осылайша, объект ақпараты
толық емес объектілер сыныбына жатады. Үрдістерді талдау кезінде
тоқталатын жай, резервуар қабырғасына парафиннің жабысуна байланысты
қабылданып және таратылған құбырлардың бітелуіне, резервуардың ескіруіне,
судың мұнайда тұрақты сақталмауы және тағыда сол сияқты себептер
арқасында мұнайды резервуар арқылы айдау тиімсіз және де бұл үрдіс бір
қалыпты болмайды.
Негізгі технологиялық операциялар:
- құбыр арқылы келген мұнайды қабылдау;
- резервуарда мұнайды сақтау және тұндыру;
- мұнайды қайта сору;
- резервуар паркіндегі ысырмаларды басқару;
- метрологиялық аспаптар;
- комерциялық мұнай санағы;

2. Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын

параметрлерін таңдау

Мұнайдың көлемiн, тығыздығын және температурасын өлшеудi жүргiзуге
қойылатын негiзгi талаптар:
Резервуарлардағы сұйықтың жалпы көлемiнiң деңгейiн стационарлық
деңгей өлшеуiштермен немесе қолмен жүкпен өлшейтiн рулеткамен өлшейдi.
Деңгейдi рулеткамен өлшеу мынадай реттiлiкпен жүзеге асырылады.
Базалық биiктiк жүктiң өлшеу рулеткасымен жанасу нүктесiнде түбiнен
өлшеу қақпағының үстiңгi шетiне дейiнгi немесе өлшеу қақпағының
бағыттаушы тәуекел тақтайшасына дейiнгi тiгi бойынша қашықтық ретiнде
тексерiледi. Алынған нәтиже резервуарға келтiрiлген базалық биiктiктiң
белгiлi (паспорттық) шамасымен салыстырылады. Егер базалық биiктiк (Нб)
алынған нәтижеден 0,1% артық Нб ерекшеленсе, базалық биiктiктiң өзгеру
себептерiн анықтау және оны жою қажет.
Базалық биiктiктiң өзгеру себептерiн анықтау және жою үшiн қажеттi
кезеңге мұнай деңгейiн өлшеудi резервуардың бос биiктiгi бойынша
жүргiзуге рұқсат етiледi.
Жүкпен бiрге рулетканың таспасы лоттың түпке жанасуына немесе тiрек
плитасына (болған кезде) дейiн лоттың тiк күйiнен ауытқуына жол
берместен, iшкi жабдыққа тиiп кетпей және мұнайдың үстiңгi бетiнiң қалпын
сақтай отырып, толқындарды болдырмай ақырындап түсiрiледi.
Өлшеу сызығында сулану желiлерiнiң бұрмалануын болдырмау үшiн бiр
жаққа ығысуына жол берместен рулетка таспасы дәлме-дәл тiк жоғары
көтерiледi.
Рулетка сызығы бойынша өлшеу қақпағында рулетка таспасының суланған
бөлiгi пайда болғаннан кейiн бiрден 1мм дейiн есептеледi.
Қуыстың биiктiгiн өлшеу үшiн мұнай деңгейiнен төмен рулетка жүгiмен
түсiрiледi. Бiрiншi есеп (жоғарғы) өлшеу қақпағының тәуекел тақтайшасының
деңгейiнде рулетка бойынша алынады. Өлшеудi және қуыс биiктiгiнiң
есептерiн жеңiлдету үшiн өлшеудi жүргiзу кезiнде өлшеу қақпағының тәуекел
тақтайшасы рулетка шкаласында метрдiң толық мәнiнiң белгiсiн
сәйкестендiрудi ұсынады. Сонан-соң рулетка бiр жаққа ығыспай дәлме-дәл
жоғары көтерiледi және мұнай (төменгi есеп) таспасының (немесе лота)
суланған бөлiгiнiң орнынан есептеп алынады.
Қуыстың биiктiгi рулетка бойынша есептердiң жоғарғы және төменгi
айырымы сияқты болады.
Резервуардағы мұнайдың деңгейi осы резервуар үшiн базалық биiктiктiң
(жоғарғы трафареттi) паспорттық көлемiнен алынған мәндердi есептеумен
анықталады.
Әрбiр резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшерiнiң деңгейiн өлшеу екi
рет жүргiзiледi. Егер өлшеу нәтижесiнiң 1 мм айырмашылығы болса, онда
деңгейiн өлшеу нәтижесi олардың орташа мәнiнен алынады. Егер алынған
өлшемнiң айырмашылығы 1 мм көп болса, өлшеу тағы екi рет қайталанады және
ең жақын үш өлшеудiң орташасы алынады.
Сонан-соң осы резервуарға арналған градуирлiк кесте бойынша
резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшерi есептеп шығарылады.
Рулетка таспасын өлшегенге дейiн және өлшегеннен кейiн жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүрту қажет.
Резервуарлардағы тауарлық судың деңгейiн өлшеу су сезгiш
таспалардың немесе пасталардың көмегiмен мынадай дәйектiлiкте
жүргiзiледi.
Су сезгiш таспаны қарама-қарсы екi жағынан керiп лотаның бетiне
жапсырады.
Су сезетiн пастаны қарама-қарсы екi жағынан жолақты лотаның бетiне
жұқа қабатпен (0,2:0,3 мм) жағады.
Су сезгiш қабат толығымен ерiсе және су мен мұнай қабаттары
арасындағы шек кенет бөлiнген кезде, лото рулеткасы су сезгiш пастамен
немесе су сезгiш таспамен жапсырылған тауарлы судың деңгейiн анықтау
кезiнде резервуарда 2-3 минут iшiнде қозғалмай тұруы қажет.
Резервуардағы тауарлық судың деңгейiн өлшеу осы тармақтың
тармақшасында сипатталған дәйектiлiкпен жүргiзiледi.
Егер лентада немесе пастада ол анық емес, қисық жолмен немесе
өлшеудi орындау кезiнде лотаның көлбеу қалпын көрсетiп әр түрлi биiктiкте
екi жағынан берiлсе тауарлық судың деңгейiн өлшеудi қайталау қажет.
Шайылған шек су мен мұнай арасындағы бөлiктiң өткiр шегiнiң
болмайтын салдары болып табылады және су эмулсиялы қабаттың болуын
куәландырады. Мұндай жағдайда эмульсия тұнғаннан және қабаттары
бөлiнгеннен кейiн өлшеудi қайталау қажет.
Су сезгіш таспа немесе пастаның көмегiмен тауарлық судың деңгейiн
өлшей отырып, резервуарлардың градуирлiк кестесi бойынша тауарлық судың
мөлшерiн табады.
Мұнай және тауарлық су деңгейiн өлшеу басқа тәсiлмен, мысалы
электрондық рулеткалар көмегiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
Мұнайдың нақты мөлшерiн анықтау үшiн резервуардың толығу
деңгейінiң тиiстi мөлшерiнен тауарлық су мөлшерiн алып тастау керек.
Мұнайдың тығыздығы осы түрдi пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа
немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарына сәйкес мұнай
толтыру (айдау) жүргiзiлетiн резервуардан немесе құбыржолдан алынған
мұнайдың бiрiккен сынамасы бойынша техникалық реттеу және метрология
жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құжаттары бойынша тығыздық
өлшеуішпен өлшенедi. Тығыздықтың алынған мәнi өлшеудiң орындалу
әдістемесіне сәйкес резервуардағы мұнайдың орташа температурасына тура
келеді.
Резервуардағы мұнайдың орташа температурасы деңгейдi өлшеумен
немесе оны нүктелі сынамаларды алу кезiнде өлшеу жолымен бiр мезгiлде
пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес температураның
станционарлық түрлендiргiшiнiң көмегiмен анықталады.
Біріккен сынаманы алу кезiнде стационарлық сынама алғышпен бiр
қабылдауда осы сынаманың температурасын термометрмен өлшеу жолымен
мұнайдың орташа температурасын анықтайды.
Сынамадағы мұнайдың температурасы нүктелi сынамаларды алу кезiнде
сынама алынғаннан кейiн 1-3 минут iшiнде анықталады, бұл ретте тасымалды
сынама алғыш алынатын сынама деңгейiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Тұзсыздалған мұнайдың көміртекті құрамы
Қаламқас кен орнында мұнай өнімін жинау және дайындау
Мұнай-газ саласы бойынша
Мұнай базасының топтастырылуы
БОЛАТ ГОРИЗОНТАЛДЫ РЕЗЕРВУАРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Компрессорлық станцияны автоматтандыруды жобалау
Жетібай кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі
Мұнай тасымалдау стансаларының диагностика жүйесі
Атырау бас мұнай айдау стансасының резервуарлық паркін кеңейту жобасы
Пәндер