Жердін құрылысы және физикалық қасиеттері



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жердін құрылысы және физикалық қасиеттері.
2. Жердің қозғалуы. Градус торы.
3.Жердің үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер.

Қолданылған әдебиеттер
1.Жердің құрылысы мен физикалық қасиеттері.
Жер – күн системасындағы тоғыз планетаның бірі, ал күн системасы – орасан зор жұлдыздар шоғырының ( 150 млрд. Мөлшерінде ) бір бөлігі, ол Галактика деп аталады.
Күн системасына: Күн, тоғыз ірі планета және олардың серіктері, астероидтар (кіші планеталар), кометалар және метеор денелер енеді.
Жер, космостің бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп отырады. Олардың ең бастылары мыналар:
1.Ай мен Күннің тарту күштерінің әсерінен Жер үстінде, Дүни ежүзілік мұхитта, атмосферада және жер қабығында көтерілулер мен қайтулар пайда болады.
2.Жер Күннен жер бетіндегі жылу қоры ретінде пайдаланылатын, сондай- ақ құрылықта, мухитта, атмосферада және организмдерде болып жататын процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясыналады.
3.Жер массасы жерге құлап түсетін метеориттер есебінен үздіксіз артып отырады. Сонымен бірге жер атмосферасының жоғарғы қабаттарынан газ бөлшектері бөлініп шығып, планета аралық кеңістікке сіңіп кетеді.
4.Күннен Жерге зарядталған бөлшектер ағыны құйылады, Әлем дүниесі тұнғиығынан жер атмосферасының жоғарғы қабаттарына көзге көрінбейтін космостық сәулелер – ір түрлі химиялық элементтердің ( ең алдымен сутек атомының ядросы ) атомдары ядроларының түйдегі енеді.
Жер үстіндегі кейбір құбылыстар – поляр шұғыласы, магниттік дауылдар, ауаның иондауы, атмосферадағы кейбір газдардың молекулалық күйден атомдық күйге көшуі, т.б. космос бөлшектері мен сәулелерінің жер атмосферасына қаулап енуінің әсерінен пайда болады.
5.Жер әлем тартылыс күшімен аспан денелеріне әсер етеді және өзі күн жүйесіне, Галактика мен метагалактика жүйесіне енетін аспан денелерінің әсеріне душар болады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Реброва Л.В. Живые организмы в космосе. М.1980 14 с.
2. Болондин Р.К. Природа и цивилизация. М.1998. 21-24 с
3. Ситоров Социальная экология. М.1998. 54 с

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жердін құрылысы және физикалық қасиеттері.
2. Жердің қозғалуы. Градус торы.
3.Жердің үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер.
Қолданылған әдебиеттер

1.Жердің құрылысы мен физикалық қасиеттері.
Жер – күн системасындағы тоғыз планетаның бірі, ал күн системасы –
орасан зор жұлдыздар шоғырының ( 150 млрд. Мөлшерінде ) бір бөлігі, ол
Галактика деп аталады.
Күн системасына: Күн, тоғыз ірі планета және олардың серіктері,
астероидтар (кіші планеталар), кометалар және метеор денелер енеді.
Жер, космостің бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп
отырады. Олардың ең бастылары мыналар:
1.Ай мен Күннің тарту күштерінің әсерінен Жер үстінде, Дүни
ежүзілік мұхитта, атмосферада және жер қабығында көтерілулер мен қайтулар
пайда болады.
2.Жер Күннен жер бетіндегі жылу қоры ретінде пайдаланылатын,
сондай- ақ құрылықта, мухитта, атмосферада және организмдерде болып жататын
процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясыналады.
3.Жер массасы жерге құлап түсетін метеориттер есебінен үздіксіз
артып отырады. Сонымен бірге жер атмосферасының жоғарғы қабаттарынан газ
бөлшектері бөлініп шығып, планета аралық кеңістікке сіңіп кетеді.
4.Күннен Жерге зарядталған бөлшектер ағыны құйылады, Әлем дүниесі
тұнғиығынан жер атмосферасының жоғарғы қабаттарына көзге көрінбейтін
космостық сәулелер – ір түрлі химиялық элементтердің ( ең алдымен сутек
атомының ядросы ) атомдары ядроларының түйдегі енеді.
Жер үстіндегі кейбір құбылыстар – поляр шұғыласы, магниттік дауылдар,
ауаның иондауы, атмосферадағы кейбір газдардың молекулалық күйден атомдық
күйге көшуі, т.б. космос бөлшектері мен сәулелерінің жер атмосферасына
қаулап енуінің әсерінен пайда болады.
5.Жер әлем тартылыс күшімен аспан денелеріне әсер етеді және өзі
күн жүйесіне, Галактика мен метагалактика жүйесіне енетін аспан денелерінің
әсеріне душар болады.
Жердің тығыздығы мен температурасы. Жердің тығыздығы тұнғыш рет
1774 ж. Анықталған. Кейінірек орташа тығыздығы 5,5 гсм3 болып анықталған
әлдеқайда нақтылы мәліметтер алынды.Жердің шөгінді жыныстарының тығыздығы
аз – 2,5 гсм3 болады, демек, Жердің ішіндегі тығыздық көбірек болуы керек.
Жер орталығында ол 9-11 гсм3-ке дейін жетеді деп жорамалдайды. Бұл
мәліметтер жер сілкінуден пайда болған сейсмикалық толқындарын таралу
жылдамдығын бақылау арқылыанықталуда. Толқындар жылдамдығының секіртпелі
өзгерістері 60км. Терендікте жер қабығының қабық асты затпен немесе
мантиямен (аралық қабат) шектесетіндігін, ал 2900 км. терендіктегі қабық
затынан кейін ядро қабығы болатындығын көрсетті.Одан әрі 5120 км.терендікте
ядро орналасқан.
Жердің бетінен орталығына қарай қысым, тығыздық және температура
арта түседі.
Температурасы тұрақты Жер қабаттары климат пен тау жыныстарының
өзгешеліктеріне байланысты әр түрлі терендіктерде жатады. Бұл қабаттың
температурасы сол жердің жылдық орта температурасына тең болады.Тұрақты
температура қабатынан әрбір 33 м. Терендікке төмендеген сайын Жер
температурасы орта есеппен 1градусқа артып отырады. Геометриалық саты,яғни
температураның 1градусқа артуы жүзеге асатын қашықтық рельефке, вулкан
ордасының жақын орналасуына, су қоймасы мен ыза суларының болуына
байланысты 1-ден 200 м-ге дейін аутқиды. Тереңдеген сайын температураның
артуы баяулап, кейіндірек мүлде тоқтайды. Жердің ішкі максимальды
температурасы 2000-3000 градус болады деген жорамалбар.
Ғалымдар Жердің ішкі жылуының қайнар көзі радиоактивтік ыдырау
болар деп жорамалдайды. Жер ішінде жылудың енуі жылулық бөлінуін жоюдан
артық болғандықтан да жылудың жинақталуы пайда болады.
Жер магнетизмі. Жер магнит өрісін географиялық полюстерге сай
келмейтін екі магниттік полюстері бар біркелкі магниттелген өрісті шар деп
қарауға болады. Магниттік және географиялық меридиандар бағыттарының
аралықтарындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады. Магниттік бұрылу
картасы теңіз саяхатшылары мен геодезистерге дәл бағытты анықтау үшін
қажет. Компас тілінің магниттік полюс бағытынан ауытқуын магниттік аномалия
деп атайды. Мысалы, Кривой Рог, Курск аймақтарында магниттік аномалия
байқалады.

2. Жердің қозғалуы. Градус торы.
Жердің тәуліктік айналуы. Адамдар өте ерте замандарда аспан сферасының
қозғалатын сияқты болып көрінетінін шындыққа балаған. ХVІІ ғасырдан бастап,
Галилейдің ашқан жаңалықтарының арқасында жұрт, айналып жүрген күн,
планеталар мен жұлдыздар емес, қайта Жер батыстан шығысқа қарай өз осінен
айналып, 24 сағатта бір рет айналып жасайтындығын білді. Күннің түнге
алмасу себебі жердің осы бір айналып жасайтынынан.
Градус торы. Жердің тәуліктік айналуы нәтижесінде жер бетіндегі
барлық нүктелер шеңбер сызып шығады. Ең кіші шеңберді полюстерде орналасқан
нүктелер сызады. Екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің
сызған шеңбері барлығынан да үлкен болады. Бүл шеңбер экватор деп
аталады. Экавтор жазықтығы жер осіне перпендикуляр болғандықтан Жерді екі
жарты шарларға – оңтүстікке және солтүстіккібөледі. Жер шарын қиып өтетін
экваторға паралель жазықтықтар жер бетін де қиып өтір, паралельдердеп
аталатын шеңберлер түзеді. Олардың ұзындығы экватор ұзарған сайын кеми
береді, есептеу экватордан полюстерге қарай ( 0 градустан 90 градусқа дейін
) жүргізіледі.
Жер осі арқылы өтетін және шарын параллель жазықтарға перпендикуляр
қиып өтетін жазықтар меридиан жазықтықтар деп аталады. Олар меридиандар
шеңберлерін түзеді. Меридиан жазықтықтарының жер бетімен қиылысуынан пайда
болған шеңберлер де осылай аталады. Меридианның қазақ тіліндегі мәні – тал
түс. Меридианның жер кез келген нүктесінен тараған бағыты тал түстегі
көлеңке бағытына тура келеді. Меридиандар есебі батысқа және шығысқа қарай
басталатын Гринвич немесе бастапқы меридианнан жүргізуге келісілген. Шығыс
пен батыс жарты шарларының шегі б.б.-ның 20 градустық және ш.б-ның 160
градустық меридианалары болып табылады.
Параллельдер арқылы жер бетінің кез келген нүктелерінің
географиялық ендігін анықтауға болады. Глобустағы және картадағы ендік
экватормен белгілі орын арасындағы қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы
өлшенеді. Солтүстік және оңтүстік ендіктері болады.
Бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте меридианы
жазықтығының арасындағы бұрыштық қашықтық географиялық бойлық деп аталады.
Глобустағы және картадағы географиялық бойлық нүктесі бастапқы меридианнан
осы нүктеге дейінгі қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді.
Бойлықтар градустары бастапқы меридианнан шығыс пен батысқа қарай 180
градусқа дейін есептеледі. Шығыс және батыс бойлықтары болады. Бойлық пен
ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын, сондай-ақ градуспен
кескінделген екі нүктелер арасындағы қашықтықты табуға болады. Экватор
градусының, кез келген меридиан мен әрбір параллельдің ұзындығын білсек,
онда олардың градустармен кескінделген қашықтықтарын километрлерге
айналдыра аламыз.
Жергілікті жерде ендік пен бойлықты анықтау. Солтүстік жарты шарда
жергілікті жер ендігі Темірқазықтың горизонт үстіндегі биіктігі бойынша
анықталады. Темірқазыққа бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қыртысын құраушы минералдық заттар
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Жер бетінің бедері
Жер жайлы жалпы мәлiметтер
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі
Жер планетасының қабаттары
Геология оқу - әдістемелік кешен
Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар. Дәрістер
Тау жыныстары және минералдар
Пәндер