Мин әулетінің билікке келуі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 МИН ӘУЛЕТІНІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ

1. 1 Юань империясының соңғы кезеңіндегі халық қозғалыстары . . . 8

1. 2 Мин әулетінің билікке келуі . . . 12

2 МИН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ДӘУІРІНДЕГІ ІШКІ

ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТ

2. 1 Мин империясының ішкі саяси әкімшілік жүйесі . . . 15

2. 2 Мин империясының сырқы саясаты . . . 27

3 МИН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ

ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ

3. 1 Әлеументтік-экономикалық жағдайы . . . 38

3. 2 Мәдени жетістіктері . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52


КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. Қазақстан егемендігін алып, тәуелсіз ел болып, демократиялық, құқықтық және азаматтық қоғам орнату жолына түскен кезеңде өткен уақыттың мұрасын зерделеу қажеттілігі арта түседі. Әсіресе біз әлемдік тарихты, жалпы адамзат тарихын зерттеуімізді тоқтатпауымыз керек. Өйткені жалпы адамзаттың даму заңдылықтары, адамзаттың кішкене бір бөлігі қазақ халқының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға жеңіл қол жеткіземіз. Қазақстан мемлекеті үшін де, ғылымы үшін де көршілес жатқан алып мемлекеттердің тарихын білу арқылы біз олардың қоғамы туралы мәліметтер жүйесін қалыптастырамыз. Олармен қарым-қатынаста, мәдени байланыстарда олар туралы біліміміз толық болып тұрады. Оның үстіне жалпы білім деңгейіміздің көтерілгені де жетістік болып табылар еді. Сондықтан Қытай тарихында маңызды рол ойнаған, ол елдің әрі қарай дамуына әсер еткен, тарихында өшпес із қалдырған өзектілігі күмән тудырмауы қажет.

Біздің тақырыбымызға тікелей байланысты ғылыми мақалалар жєне монографиялық зерттеулер жеткілікті. Бұл әсіресе Ресей тарихнамасында жан-жақты зерттелген мәселе, бірақ зерттеулердің барлығы дерлік кеңестік кезеңде, тіпті ХІХ ғасырдан бастап зерттеле бастаған. Ал Қытайда осы бір тарихи оқиға туралы зерттеулер өте көп, әрі тарихы бай. Алайда, біз қытай тілін білмегенімізбен Қытай тарихнамасының туындыларындағы өздеріне тән атауларына байланысты, олардығ оқылу және аударылу ережесіндегі қиындықтарға жолықтық. Ал Қазақстандық тарихнамасында туралы зерттеулерді тіпті таба алмадық, мүмкін кездестіре алмаған шығармыз. Сол себепті де осы ақтаңдақтарды жабу қажеттілігі зерттеудің ғылыми маңызылдығын арттырады. Сонымен қатар зерттеу негізінен тєжірибелік қолданыста, яғни алып көрші туралы ақпараттың өз тілімізде жазылуы сияқты жақтары да бар. Сондықтан біздің қарастырғалы отырған мәселеміз ғылыми жағынан да, тєжірибелік қолданыс жағынан да өзекті болуы дау тудырмайды.

Мақсаттары мен міндеттері. ХХ ғасырдағы Қытай тарихындағы әлеуметтік наразылық тудырған, бір мемлекет ішінде тағы да бір мемлекеттің пайда болуы туралы оқиғаны зерттеу барысында біздің алдымызда мынадай мақсаттар мен міндеттер туындайды. Бітіруші ең алдымен Юан империясына қарсы көтерілістер не себепті туындағанын анықтап алуды жөн көріп отыр. Осыған орай Қытайдың сол уақыттағы экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуы қандай дәрежеде жүргенін көрсетуді мақсат еттік. Онан кейін анықталған әеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және де басқа да факторлардың Мин әулетінің билікке келуімен, халық арасындағы қоғамдық қатынастарға тигізген әсерін де қарастырамыз. Қойылған мақсаттармен қатар Мин империясының ішкі және сыртқы қатынастар, саяси әкімшілік жүйесі, оның экономикалық және мәдениеті тарихын, империяның саяси құрылымын көрсетуді ұйғарып отырмыз. Сонан соң бітіру жұмысының авторы Мин империясының армиясының құрылымы, жорықтарын көрсетуді де жұмыс мақсаттарының қатарына қояды.

Осы мақсаттарға жету жолында мынадай міндеттерді шешуге тура келеді. Ең алдымен хронологиялық шеңберін анықтаймыз, сонымен бірге Қытайдағы экономикалық жағдайдың өзгерістер шын мәнінде халықтың ашынуын тудырды ма, әлде одан басқа әлеуметтік, мәдени, саяси жағдайдағы өзгерістердің де біріге ықпалдасуы болды ма? Мұнан кейін біздің алдымызда шешілуі тиіс міндеттердің бірі көтерілістің туындауында идоелогияның маңызы қаншалықты болды, деген сұраққа жауап беру.

Келесі шешілуі тиіс міндеттердің бірі басшылары арасындағы және Мин әулеті мен қарапайым көтерілісшілер арасындағы қарым-қатынастарды көрсету болып табылады, Мин іулетінің мақсаттары қандай болды деген сұраққа да жауап беруге тырысамыз қандай жорықтар жасады және жорықтардың мақсаты не болды? Жорықтардың нәтижесі қандай, деген сұрақтарға жауап береміз. Ішкі құрлысын анықтау барысында ондағы қоғамдық және саяси қатынастарды анықтау міндетін шешу де көзделіп отыр.

Міне осы қойылған мақсаттарға жету және міндеттерді шешу мәселесі бітіру жұмысының өзегі болып табылады.

Әдістері мен әдіснамасы. тарихы туралы зерттеу жұмысын жүргізген уақыттымызда негізінен диалектикалық әдіснаманы қолдандық. Диалектикалық-материалистік әдіснама қоғам дамуының заңдылықтарына және оны зерттеудің әдістері жүйесіне негізделеді. Бітіруші жұмыс барысында анализ, синтез, салыстырмалы-тарихи зерттеу єдістерін қолданды. Талдау әдісі зерттеліп отырған мәселе туралы мәлімет беретін тарихи деректермен жұмыс кезінде де, тікелей жұмыс барысында да қолданылды. Әсіресе Қытайдың ХІІ-ғасырдың екінші жартысы ХҮ ғасырдың ортасы қарсаңындағы, яғни алдында, Мин империясының мемлекеттілік идеясының қалыптасуы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайын анықтау, деректермен жұмыс істеу кезінде берілген мәліметтерге сыни талдау жасау арқылы деректік мәліметтің шынтуайттылығын анықтау мүмкіндігі туды. Сонымен қатар талдау әдісін біз монографиялық еңбектердегі берілген тарихи ақпаратты ғылыми тұрғыдан зерттеген кезеңде де қолдандық. Талдаудан кейін біз синтез әдісін қолдандық. Синтездеу негізгі бөлімнің параграфтарын жазған уақытта алынған деректік материалдар мен тарихшы ғалымдардың ойларын топтастырып, өз ойымызбен толықтыру үшін пайдаландық. Топтастыру жєне салыстырмалы әдісті қолдану арқылы бітіру жұмысының авторы Мин империясы туралы тарихи мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, мәселенің хронологиялық шеңберін анықтады.

Бітіру жұмысын жазу барысында осылармен қоса біз тарихи объективтілік принципин ұстандық. Тарихи объективтілік принципіне сәйкес тарихи фактіні анықтау үстінде біз ешқандай идеологиялық және саяси мақсат көздеген жоқпыз. Сондықтанда тарихи оқиға туралы тек деректер мен тарихи зерттеулерде көрсетілген мәліметтер арқылы жазып, ол туралы тек объективті қорытынды шығаруға тырыстық. Объективтілік принципіне сєйкес біз тарихи оқиға туралы берген материалдарымызда тарихи факт туралы тек белгілі, анықталған және сыни анализден өткен ақпаратты қолдандық.

Қолданылған деректер. Деректер саны жағынан да, сапасы жағынан да алуан түрлі. Кез келген тарихи оқиға туралы біз деректерден мәлімет аламыз. Бұл деректердің шынтуайтылығы мен тарихилығы мәселесін анықтауға итермелейді. Бізге белгілі деректер өз ішінде материалдық және жазбаша болып екі үлкен топқа жіктеледі. Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты әрине материалдық деректер де бар екені даусыз, бірақ олар біздің зерттеуімізде пайдаланылған жоқ. Бітіруші негізінен жазба деректерді пайдаланды. Олардың өзі өз тарапынан әдеби және құжаттық деректер болып екіге бөлінеді. Біздің негізге қолданғанымыз әдеби деректер. Олардың қатарында ең алдымен «Жунхуаның бес мыңжылдығы» атты Үрімжіде қазақ тілінде жарық көрген [1] еңбекті атап көрсетуге болады. Қытай деректерін аудару және жинақтауда Н. Я. Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды[2. 52б] .

Бір жағынан Қытай тілін жетік білмегендіктен де деректе берілген материалдарға салыстырмалы анализ жасалмады. Алайда мұндай анализ өз кезінде кеңестік тарихшылардың қолымен өткізілгендіктен біз осы бір дерекке сенім білдірдік.

Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар Таң әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты дерек болып қала береді. “Сянь Таншу” мен “Цзю Таншуда” Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген.

Келесі дерек көзі Илидің «Жұңгоның ерте замандағы патшаларының өмір баяны. » [3] деп аталатын, Патшалар тарихын баяндау мақсаттары мен ішкі идеологиясы негізделген.

Үрмжіде аударылып баспадан шыққан Бәй шуидің. Жұңго Тарихынан Шолулар, [4] құжаттық деректе қоғамдық қатынастар, экономикалық жүйе, әкімшілік басқару құрылымы туралы маңызды ақпарат беріледі. Оның құндылығы сонда мин дәуіріне қатысты көптеген мағлұматарды беруінде.

Осындай деректер қатарында Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер [5] жинағын атап өткеніміз жөн. Мұнда матиралдар негізінде кезінде Мин әулетінің шетелдіктермен қарым қатынасы және астанасы Пекиндегі саяси жағдай, әулет аралық байланыстар туралы маңызды мәлімет алуға болады.

Зерттелу деңгейі. Көне түркілер мен Қытай арасындаы қарым-қатынас

жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірі тарихшылар

еңбектерінен көрініс тапты.

Оның ішінде Н. Я. Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды[2] . Үш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.

Қытай жылнамаларының материалдарына ауқымды тарихи филологиялық түсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ сондай ертедегі зерттеулерді Рыбаков История вастока атты еңбегінде жүргізген[6. 505б] . Онда будда діндерінің таралуы қарастырылады. Орталық және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жазуға, тарихи оқиғаларды ашатын қытай деректемелерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды. Мәселен, Жұмабек Мақатай, Ақынбек Қапшари. «Жұңхуаның бес мың жылы» Қытай тарихи маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді,

Н. Я. Бичуриннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, Н. В. Кюнер Орталық Азия халықтары туралы қытайдың құнды хабарларының үлкен топтамасын жариялады. туралы тарихи мәліметтердің қытай тілінде екі томдық жинағы шығарылды [7. 85б]

Сондай-ақ бүгінгі таңда мәдени бағдарлама аясында қазақ-қытай қатынасына байланысты еңбектерді жазған Мұхамедханұлы Н [8. 128б], Алдабек қызы Нұржамал [9. 297б] есімдерін атауға тиіспіз.

Аталмыш еңбектер бітіру жұмысын жазу барысында өзіндік септігін тигізді.

Қазіргі уақытта халық көтерілістері, әулеттердің ауысу динамикасы, әлеуметтік теңдік үшін жүргізілген тап күресі мәселесіне ғалымдар кеңестік кезеңдегідей аса көңіл бөлмейді. Сондықтан да болар мин династиясы туралы орыс тілді тарихнамада, посткеңестік аумақта ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бірде бір зерттеу жүргізілмеді.

Тақырыптың жаңалығы; Бітіру жұмысы негізінен жылдардан бері назардан тыс қалып келе жатқан Моңғол және Қытайлық династиялардың қалтарыс тұстарын соңғы кездердегі мәліметтермен сабақтап, саралап ой түйіндеуінде. Жуйенжан көтерілісі кезіңіне жататын, Лю Путн бастаған көтерілістердің қайта жандануын ашып көрсетуі болып табылады.

Хронологиялық кезеңдері; Бітіру жұмысының шеңбері Мин империясының билікке келуі мен қалыптасу кезеңін, яғни ХІҮ-ғасырдың екінші жартысы және ХҮ ғасырдың алғашқы жартысын қамтиды.

Бітіру жұмысының құрлымы; Кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МИН ӘУЛЕТІНІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ

  1. Юань империясының соңғы кезеңіндегі халық қозғалыстары

Юань патшалығында Шың Заңнан кейін тоғыз патша ауысып, патша

әулеттерінің күресі, күннен-күнге, саяси жақта барған сайын іріп шіріп, халық тұрмысы азап шыңырауында қалды. Ең соңғы патша Юань Шанди ( Юан Хой Зың) деп аталады. Тоғы лық Темір таққа отыра сала жауыздыққа басты, тіршілік жолы кесілген халық арт артынан көтеріліске шықты. Өз маңына азап шеккен бұқараны топтаған, Хыбилық хан Шан Тоң деген шаруа тұтанғыш жағып бұтқа табынды, адамы ұлғая келе байлан (құпия діни ұйым) құрылды. Хан Шан Тоң оларға: Будда бабамыз аспан астының Миша былыққанын байқап, май тірі Бұрханды пәниге жіберіп, бізді құтқарғалы жатыр екен деді. Дәл сол мезгілде Хуанхэ Бай мау дағы жағалдық бөгеті бұзылып, екі жағадағы қаймана халық ауыр апатқа ұшырады. Жаңа Эраның 1351-юан патшалығы бианлиң(қазіргі Хан андағы Гай фон) Да мін сияқты жерлерден 150 мың бұқара мен 20 мың жасақты, Хан Лің ган ға айдап салып, өзен арнасын аршытып жөнге салды . Сол орайда іс бастауды ұйғарған Хан Шантұң неше жүздеген мүриттерін, халық жұмыскерлерін дүрліктіруге жіберіп, жұмыс басында «жалғыз көзді тас әулие Хуаңхы суын бұрып, аспан астын шақ-шалекей етпек екен» деген қауесет таратты . Оның не сөз екендігін түсінбеген жұмыскерлер өзенді аршып болып, Қуаң лиаңғаңға келгенде тосын бір тас мүсін тауып алды. Ұйлығыса қалған олар тас адамның маңдайында жалғыз көз барын көріп аңтарылып тұрып қалысты. Бұл ахуал лезде жүз мыңдаған жұмыскерлер арасына таралып, әлгілер айтқан іс расқа шықты олар ׃ Тас әулие шыққан екен ендеше әлемде көтеріліс жасайтын күнде жетті, деп ойлады.

Хан Шан тоңның тас адамды алдын-ала астыртын адам жіберіп,

көмдіріп қойғанын білмеген бұқара, өздерінше дүрлігіп кетті. Күннің сәтіне мүриттерін маңына топтаған Хан Шан тоң Ақ боз ат, Қара өгіз сойғызып, жер көк тәңіріне тасаттық берді. Жұрт Хан Шан тоңды көсемдікке көтеріп, «Мин бегі»деп атады, белгілі күнге уағдаласып, Июың жудағы Иің шаңда (қазіргі Ән Хи дағы фу яэн мен Иің шаң) көтеріліс қозғады, олар белгі ретінде бастарына қызыл шыт байлады. Алайда Қан ұрттап қасам беріп жатқанда, біреу құпиялықты ордаға жеткізіп қойды . Сонымен ұлық ордасы жіберген жасақтар Хан Шан тоңды аудан Жамбылына ұстап апарып өлтіріп, Шан тұнының серігі Луи фу тоң қоршаудан әзер қашып құтылып, көтеріліс ке уағдаласқан шаруалар арқылы Иің жу сияқты жерлерді басып алды[10. 97] .

Бұдан хабар тапқан Қуаң лиаңгаңдағы тастады. Оның әйелі Хан лиң -ырды ертіп Уәнге ( қазіргі Хаби дағы Уан) барып бой тасалады. Хан арда тазалап жатқан, жұмыс керлер басқарушы ұлықты өлтіріп, арт артынан Луи Футұңға барып қосылды.

Көтерлісшілер бастарына қызыл шыт байлағандықтан, ел оларды қызыл

жасақ деп атады, тарихта бұл «қызыл орамалдар қосыны» деп аталды[1. 28] . 10 күнге жетпей ақ қызыл орамалдар қосыны 100 мың адамға жетті, Луи Футоңның қызыл орамалдар қосыны іркес-тіркес бір сыпыра қалаларды басып алды, Жан Қуай өңірінде Байлан қоғамының ықпалына ұшыраған шаруалар да арт артынан Луи фу тоңға үн қосып көтеріліс жасады.

Жаңа эраның 1354 - жылы бас уәзір то тоны жіберіп, ол арқылы батыс өңір мен бағынышты жерлерден миллион адамдық жасақты іске қосу арқылы

Гау Уды басып жатқан Жаң Шычың көтерілісшілер не қоршай шабуыл жасады. Көтерілісшілер құрып кету қаупінде тұрғанда, юан патшалығының ішкі жағында тұтқиыл бүлк туылып, тотыны мәнсап лауазымнан алып тастады, Бас сардарынан айрылған юан қолы, соғыспай -ақ қобырап, түгелмен күйреп тынды. Келесі жылы ақпан айында Хан Шан тоның ұлы Хан лің- ырды Қау жуға (қазіргі анхұйдағы хаушиан ауданы) алдырған Луи фу тоң оны ресми патша қойып, ел атын Соң деп, Хан Ліңырды Шәу мин бегі деп атады. Жау жуда акимат құрған Хан ланр мен Луи фу тоң ұш бағытпен жасақ аттандырып, солтүстікке жорық жасады. Соның бірі Мау Гайдың шығыс бағыттағы жасағы, Юан Патшалығының астанасы Дадуға дейін тақап барды. Қалың қолды өзі бастап бянлиаңды тартып алған Луи фу тоң Шяумиң бегін алдырып, сол жерді астана етіп белгіледі. Жеңіліске мойын сал болмаған юан патшалығы жер иелерінің қарулы күші арқылы қызыл орам алдыларды жаныштауын жеделдетті, солтүстікке жорық жасаған ұш бағыттағы қосынды ілгері кейінді сәтсіздікке ұшыратып, Бян Лиңды қайтадан уысына түсірді, жоғары мәнсап, мол си лық арқылы Жаң Шы Чыңды тізе бүгуге шақырды. Шямиң бегінің қорғау атымен Анфыңға (қазіргі Ән хой дағы Шу шян ауданы) қашып барып Лю Фу тоң жаң Шы шыңның шабылуына ұшырады. Жаңа эраның 1363 - жылы ол соғыста қаза болды. 12 жыл күрес жасаған қызыл орам алдылар қосыны ақыры жеңіліске ұшырады. Луи фу тоң қызыл орам алдыларды бастап жорық жасап жатқан тұста Қау жуды меңгерген Гузі шың бастаған қызыл орам алдылар күн сайын зорая түсті әсілі жер юан жасағының қоршауында тұрғанмен, алған бетінен қайтпаған ер жүрек еріктілер қолының сардар -сарбаздары қалың жауға қайыспай төтеп беріп, Юан жасағын шарасыз күйге түсірді. Ызғарлы боран азынап тұрған күндердің бірінде үсті - басы алба - жұлба бір жас сопы аптығып осы араға келіп жетті. Юан жасағының тыңшысы ма деп күдіктенген қамал күзетшісі, оны ат ағашқа таңып қойып бас қолбасшы Гузі Шың ге кісі жіберіп, ахуалды хабарлайды, мұны ести сала қамал қақпасына келген Гузі шың тырыстырып байлаулы тұрған ажары ала бөтен, айбары айрықша сопыны көріп, оны іштей қатты ұнатты. Әне сол адам кейін келе ірі Мин патшалығын құрған алғашқы патша Чжу Юан Жаң еді. Жу Юан Жаңның ата мекені Жяң Су - Дағы Пишан ауданы, әсілі аты - Жу Жоң ба болатын[1. 29] .

Сол замандағы қара шекпенді халық ресми есім қой май ақ аға

бауырының немесе ата-анасының жиынтық жасын, аталым етіп кете беретін дағды болған. Бала Жу Юан Жаң көбінде Қуаң жау тауап ханасына барып ойнайтын, сондағы кәрия зерек те елгезек оны айрықша ұнатып, әредікте жазу-сызу үйрететін. Көзі шалғанды қалт жібермейтін асқан зерек Жу Юан Жаң уақыт ұзара келе көне - жаңа бір қыдыру әріптің қарасын танып алды. 17 жасқа шыққан жылы Хэй хэ өзеннің терістігіндегі қуаңшылық, шегіртке апаты болып, оба тарады да, әке-шешесімен үлкен ағасы арт - артынан көз жұмды, ауылда адам сиреп, маңай қатты құлазыды. Барар жер басар тауы қалмаған Жу Юан Жаң Қуаң Жи ау тауапханасына барып, шашын тақырлатып бала шәкірт атанады. Күні бойы жер сыпырып, тұтанғыш жақты, қоңырау соқты қарт сопылардан янат естісе де, жан бағысқа бола ашуын ішке бүкті. Соңында апат барған сайын ауырлады да, мардымсыз салық астық жинаумен күнелтіп келген Қуаң жи ау тауапханасы ендігі ары жанбағы удан қалды, лажы таусылған басқарушы сопыларды бір-бірлеп жолға салып, кезіп жүріп кеңірдек асырап, жан сақтау жолын қарастыруды өтінді. Тауап ханаға кірген не 50 күн ғана болған Чжу Юан жаң да боқшасын арқалап, бір қолына аса бір қолына шотын алып, ауыл аралап жүріп қаңғырған сопылардың қатарына қосылды[3. 56] . Тентіреп жүріп бейбірект істердің бәрін көзбен көрген Чжу Юан жаң сол замандағы қоғамды

терең танды, өмір тәжірибесі барынша артты, елмен кеңнен достасып, ел көзіне түсетін орай күтуге бекіді.

Арада үш жыл өтіп, Қуаң Жи ау тауап ханасына қайта оралған ол көп

ұзамай Гузі шың қосынында қол басы болып жүрген, жоқшылықты бірге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай тарихы
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Миң әулеті кезіндегі Қытай 1368-1644 жж
Қытайда Мин империясының құрылуы
ҚХР (тарихы және қазіргі заман) Экономикасы
Юань империясының әлеуметтік жағдайы
Қытай тарихы туралы
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Қытай халық Республикасы жайлы
XI – XV ғасырлардағы Монғолия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz