Жерді қорғау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе
- Жерді қорғау .
- Жерді ұғымды пайдалануда құқықтық қамтамасыз ету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады?
Жер пайдалану құқығы - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с. с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы қалай туындайды?
Жер пайдалану құқығы:
- мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
- жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
- жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі?
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
Жер пайдаланудың қандай түрлері бар?
- уақытша өтеулі жер пайдалану:
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;
- өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда) ;
- мемлекеттік жер пайдаланушылардың мұқтажы үшін берілетін тұрақты жер пайдалану түрі.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы деген не?
- Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға берілген мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын алу.
Бұл жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша пайдалануға, иеліктен шығаруға және кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді.
- Жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шарттарын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу ҚР-ның азаматтық заңдарына сәйкес жалдау шарты негізінде жүргізіледі.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беру.
Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі.
Бұл ретте шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесінің құрамына кірмейді.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жоғарыда көрсетілген ережелер бойынша арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі.
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығын беру.
Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылық өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі.
Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын беру жеке тұлғаларға арналған тәртіптегідей беріледі.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы қандай мақсаттар үшін беріледі?
- шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін;
- тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін;
- бақша өсіру үшін;
- ортақ пайдаланудағы жолдарды салу кезеңінде;
- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезеңінде;
- қызметтік жер телімі түрінде беріледі.
Қызметтік жер телімі деген не?
Қызметтік жер телімі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін адамдарға осы заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерлерден ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз - жер пайдалануға бөлінеді.
Жер қызметтік тұрғын үйді күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.
Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесі ҚР Ү -нің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 908 (1-қосымша) Қ-мен айқындалған.
Қызметтік жер теліміне құқықты кімдер иелене алады?
Қызметтік жер теліміне құқықты:
жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлер;
Қарулы Күштер қатарына міндетті мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердің отбасы қызметке немесе оқу орнында болған бүкіл мерзімде; қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердің отбасы: жұмысқа жарамсыз зайыбы мен қарт ата-аналары үшін - өмір бойы, балалары үшін - олар кәмелетке толғанға дейін иелене алады.
қызметтік тұрғын үйлер үшін қызметтік жер телімі берілген жағдайларға ҚР - ның тұрғын үй заңнамасына сәйкес құқық сақталады.
Қызметтік жер теліміне қатысты қандай шектеулер бар?
Қызметтік жер теліміне жер пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын, соның ішінде кепілге беруді қоса алғанда, мәміле жасасуға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын жӘне жер пайдалану құқығын ресімдеу рӘсімі
Жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді қандай мемлекеттік органдар қабылдайды?
Жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Жер учаскесіне құқық беру тәртібі
Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Өтініште:
- жер учаскесін пайдаланудың мақсаты;
- жер учаскесінің болжамды мөлшері;
- жер учаскесінің орналасқан жері;
- сұралатын пайдалану құқығы (жеке меншік, қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану) ;
- ҚР азаматтарына жеке меншікке берілген басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш ол түскен кезден бастап 3 айға дейінгі мерзімде қаралады.
Мемлекеттік органдардың іс-қимылы .
Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беру бойынша өтініштің негізінде:
- Жергілікті атқарушы органның тапсырмасымен Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет сұралып отырған жер учаскесінің аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін алдын ала таңдауды ұйымдастырады.
- Жер учаскесін пайдалану туралы ұсынысты жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия қарайды. Жергілікті атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін. Егер жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кіретін болса, онда жергілікті атқарушы орган жерге орналастыру ісін өз шешімімен бірге жоғары тұрған органға бекітуге жібереді.
- Комиссия қорытындысының негізінде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесін беру туралы немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімінің жобасы дайындалады, оның көшірмесі өтініш иесіне шешім қабылданғаннан кейін 7 күндік мерзімде табыс етіледі. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту дәлелді болуға тиіс.
- Жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет сатып алушыменжер учаскесін сатып алу - сату шартынжасасады, оған сатушы (жергілікті атқарушы орган) және сатып алушы қол қояды. Жер учаскесін сатып алу - сату шарты және жер учаскесінің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат беру үшін негіз болып табылады.
- Белгілі бір жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу және жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындау жұмыстарын жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия алған азаматтар және тұлғалар (жерге орналастыру кәсібіндегі мамандандырылған мекеме) орындайды. Жер учаскесіне құқықты растайтын құжатты жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган береді.
Жер учаскесінің нақтылы шекарасы белгіленгенге және құқықты куәландыратын құжат (акт) берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді. Аталған норманы сақтамау әкімшілік жауаптылықты көздейді.
Кәмелетке толмаған адамдардың жер учаскелерін мұрагерлік тәртібімен алған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесіне құқық кәмелетке толғандарға беріледі.
- Құқықты белгілейтін және құқықты куәләндыратын құжаттар негізіндежер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Меншік иелігіне және жер учаскесіне жер пайдалану құқықтары олар мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын кімдер жүргізе алады?
Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдері қамтиды:
жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
дайындық жұмыстары;
жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
жерге орналастыру жобасын орындау.
Жер учаскелерінің жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініштері бойынша жерге орналастыру олардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс берушінің қандай құқықтары бар?
Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің:
-жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға;
-жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;
-өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;
-жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Қандай құжаттар жер учаскесін құқықтық куәләндыратын құжаттарға жатады?
Атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері (құқық беру туралы шешімі), сатып алу-сату шарттары, оның ішінде ауыстырулар, сыйға беру немесе өзге де мәмілелер және сот органдарының жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тану туралы шешімдері.
Қандай құжаттар жер учаскелеріне құқықты куәландырушы болып табылады?
Жер учаскесіне жеке меншік кезінде - жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер (2-қосымша) .
Тұрақты жер пайдалану кезінде -тұрақты жер пайдалану құқығына актілер (3-қосымша) .
Уақытша өтеулі жер пайдалану кезінде - тұрақты жер пайдалану кезінде - уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер (4-қосымша) .
Уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде - уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер (5-қосымша) .
Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың нысандары Үкіметтің 2003 жылғы 22 тамыздағы №851 Қаулысымен бекітілген.
Егер жер учаскесі жер пайдалануда болатын болса, оны мемлекеттен жеке меншікке қалай сатып алуға болады?
Жергілікті атқарушы органға берілген жоғарыда аталған өтінішке мыналар қоса беріледі:
жер пайдалану құқығына акт немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
бюджеттің алдында берешегі бар немесе жоқ екендігі (жер салығы және (немесе) жер учаскелерін пайдалану төлем ақысы) туралы салық органының анықтамасы;
жер учаскесімен мәміле жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы жылжымайтын мүлік орталығынан анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер учаскесін кадасторлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадасторлық (бағалау) құнын белгілейді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды.
Жер учаскесін меншікке беру туралы шешім жер пайдаланушы жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімде қабылдануға тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін беру кезінде қандай ерекшеліктер болады?
Өтініште шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетіледі.
Өтінішке шаруа (фермер) қожалығының басшысы және мүшелері қол қояды.
Өтінішке қосымша мыналар қоса беріледі:
- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
- шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар, не тиісті білімі немесе арнайы даярлықтан өткені (шартты жер үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат;
- салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
- шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы.
Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат шаруашылық (фермер) қожалығына рәсімделіп, ҚР жер туралы заңдарына сәйкес онда барлық меншік иелері (жер пайдаланушылар) көрсетіле отырып шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің, ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу кезінде қандай ерекшеліктер болады?
Жоғарыда аталған тармақта көрсетілгендерден басқа, өтінішке қосымша бөлініп берілетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материалдар қоса беріледі.
Азаматтардың немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымына беретін жер учаскесін бөліп беру туралы өтініштерін олар бір ай ішінде қарауға тиіс. Бұл ретте жер учаскесін нақтылы бөліп беру ауыл шаруашылық егіс жұмыстары басталғанға дейін не аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қалған жағдайларда жер учаскесін нақтылы бөліп беру ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.
Аталған жағдайда аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін Комиссияның қорытындысы талап етілмейді. Жер учаскесіне құқық беру туралы аталған шешім жерге орналастыру жобасының негізінде қабылданады.
Оралмандарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қандай жағдайларда беріледі?
Оралмандар санатына жатқызылған азаматтарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, 10 жылға дейінгі мерзіммен жер беріледі. Жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерлерден беріледі, бірақ әкімдер өткізетін сауда -саттық (конкурстар, аукциондар) өткіз жалымен берілмейді.
Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ауылдық елді мекендер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнаулы жер жер қорынан және босалды жерлерден беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін берілген жер учаскелері. Жер кодекксінде белгіленген тәртіппенжәне шарттарда олардық жеке меншігіне өтеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қандай шарттамен беріледі?
Шешелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруа шылығындағы жер учаскелері, кепілге салуды қоспағанда, жалдау құқығымен барлық мәмілелерді жасасуға тыйым салу шартымен 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеуліжер пайдалануға беріледі.
Жеке меншік құқығы - бұл тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету, соның ішінде иеліктен айыру (сату, сыйға тарту ж. т. б) мүмкіндігі.
Жеке меншік құқығы қалай туындайды?
Жеке меншік құқығы:
- мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін тікелей мемлекеттен мемлекеттік органдар актілерінің негізінде алу;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің (сыйға тарту, сатып алу-сату және т. б. ) негізінде;
- жер учаскесін әмбебап мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) алу жолымен туындайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz