Экзогендік геологиялық үрдістер


Экзогендік геологиялық үрдістер

Эндогендік үрдістер арқасында пайда болған жер бетінің қабаты одан әрі экзогендік үрдістердің әсерінен өз келбетін өзгерте береді. Эндогендік үрдіске желдің жауын-шашынның, жер беті және жер асты суларының, мұздардың, қардың, теңіздердің, көлдердің құбылыстары, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің, онымен қатар адамдардың іс әрекетінің әсері жатады. Осы аталған құбылыстар жүздеген, миллиондаған жылдар бойы жер бетінің бейнесін ө згертіп келеді.

Жер бетіндегі немесе оған таяу орналасқан тау жыныстарының, эндогендік үрдістерінің әсерінен болатын құбылысты үгітілу депатайды.

Үгілу тау жыныстарынан топырақтың пайда болуына әсер етеді, көмек көрсетеді және сол үрдістің ең маңыздыларының бірі болып саналады. Үгілу салдарынан тау жыныстарында қуыстық су өткізгіштік және сіңіргіштік қасиеттер пайда болады. Үгілу мен топыраққа айналу үрдістері бірге және қатар жүрген кездерінде ғана тау жыныстарынан топырақ пайда болады. Үгілу үрдісі кезінде қоректік минералдық элементтер еш қашанда тау жыныстарында жиналмайды, керісінше кейбір азоттың, фосфордың, калийдің қосындылары жуылып, ал кейбіреулері тотығып немесе тотықсызданып кетуі мүмкін. Сондықтан тек топыраққа айалу үрдісі ғана құнарсыз тау жынысынан топырақ жасай алады.

Үгілу физикалық және химиялық болып екі түрге бөлінеді. Кейбір ғалымдар биогендік үгілуді бөлек қарайды. Бірақ оған қарамастан үгілудің барлық түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты және оларға жергілікті климат өте үлкен әсер етеді.

Үгілу жүретін литосфераның сыртқы қабаты ыдырау қабығы деп аталады.

Физикалық үгілу. Физикалық үгілуде жыныстардың физикалық құрамы өзгермей ұнтақталынады да, температуралық және механикалық болып екіге бөлінеді. Біріншіде үгітілудің басты себебі температураның ауытқуы болса, екіншіде судың қатуы минералдардың шоғырлануы, өсімдіктердің тамырларының әсеріне байланысты болады. Жыл мезгілдерінің және тәулікті температураларының ауытқуы, әртүрлі минералдардан тұратын таза жыныстарының Күндізгі қызуымен түнгі суынуының салдарынан оларды ұнтақталуға әкеліп соғады. Бұл үрдіс шөл және шөлейт аудандарда тәуліктік температураның қатты ауытқуынан тезірек жүреді. Себебі жыныстар қызған кезде көлемін үлкейтеді де суынғанда керісінше кішірейтеді. Минералдың көлемдік үлкен коэффициенті әртүрлі болады. Мысалы: кварцтың үлкен коэффициенті ортоклаздікіне қарағанда екі есе жоғары Жыныстардың минералдары көлемдерін әртүрлі үлкейтіп немесе кішірейуіне байланысты олар шытынап ұнтақтала бастайды. Сондықтан ортоклаздың, кварцтің, слюданың түйіршіктерінен тұратын гранит ақырындап ұнтақталына бастайды.

Химиялық үгілу. Химиялық үгілуде негізінен актив элементтер ретінде О 2 , Н 2 О, СО 2 және органикалық қышқылдан жатады. Химиялық үгілу үрдісі жаңа минералдардың пайда болуымен қабаттаса жүреді. Минералдың бүліну жылдамдығы олардың химялық құрамына физикалық қасиетіне байланысты және кристалдық торлардың құрылысы да үлкен әсерін тигізеді.

Тау жыныстарының және минералдардың басты еріткіші су қысымы саналады. Су үгілу қабатына кірген кезде әртүрлі химиялық дизенциялардың жүруіне әсер етіп, соның салдарынан жыныстар ыдырауға және құрамдарын өзгертуге мәжбүр болады.

Химиялық үгілудің себепшілерінің бірі - көмір қышқылы. Организмдердің бүлінуі және вулкандық үрдістер ауадағы, судағы кездесетін көмір қышқылының көзі болып табылады.

Блогендік үгілу. Бұл үрдіс химиялық және физикалық түрлердің бір бөлігі болып саналады. Тау жыныстары тек организмдердің арқасында ғана өсімдіктерге керекті минералдық керектік заттарды жинай алады, соның әсерінен тау жыныстарына табиғи құнарлық пайда болады.

Жер құрттары, қыналар, өсімдіктер - үгітілудің басты себептері болып саналады. Мысалы, өсімдіктер өздерінің тамырларымен жыныстарын босаңсытып қана қоймай /физикалық үгілу/, көп қоректік заттарды бойына сіңіреді. Одан әрі, тамырдың бөлген органикалық қышқылдарының әсерімен тау жыныстарының химиялық үгілуі басталады.

Өзендердің геологиялық жұмысы

Еңіске қарай арнамен тынымсыз ағып жатқан суды өзен деп атайды. Өздерінің қоректену көзіне байланысты олар: жаңбыр, қар, мұздық және жер асты суынан боп бөлінеді. Бір өзеннің арнасына жарлық судың жиналатын ауданы өзеннің бассейні деп аталады. Өзен жиыны геологиялық жұмысының негізгі тау жыныстарын бұзу және оларды басқа жерге тасымалдау және борпылдақ жыныстарды жарып шөгінуі саналады. Құрлықтан теңіздерге суды әкеліп құятын өзендер ғана. Сондықтан ішкі теңіздер мен көлдерге суын құятын немесе болбыр тау жыныстарына сіңіп жоғалатын өзендерді кинентальды, ал мұхиттар мен теңіздерге құятындарды мұхиттық кездер деп атайды.

Өзен суының көлемі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп тұрады. Өзеннің суы азайып, ең төменгі деңгейге жеткен кезін тартынды, көтеріңкі деңгейі - толықсу, ал өзеннің ең жоғарғы деңгейі тасуы деп аталады. Су тасыған кезде өзен суының деңгейі ең төменгі деңгеймен салыстырғанда біраз биіктікке көтеріледі.

Өзен арнасының жетілуі үрдісі негізінде арнаның жоғарғы жағында тереңдік эрозия орын алады, аңғарда V іспеттес мүсін пайда болады. Ағыстың ортаңғы шенінде жан-жақты эрозия орын алады Бұл мөлшерде өзеннің аңғары кеңіп, бүлінген жыныстар сумен ағып төменге қарай кетеді. Ол жерде эрозия бәсеңдеп, сумен ағып келе жатқан жыныстардың шөгуі басталады.

Өзен жағасын жасау кезінде судың арнадағы ағысы тұзу болмайды, керісінше бедерге, литологиялық құрамға байланысты ылғи ирек болып келеді. Өзендердің иректеліп ағуын - меандра деп атайды.

Өзеннің ағысының жылдамдығы негізінен арнаның еңістігіне және арнаның кеңдігіне тура пропорционал болады. Өзен бойындағы әрбір көлденең қимасындағы ағысы ең жылдам жерлерді қосатын сызықты өзек форватор дап атайды.

Өзен алқаптары. Өзен алқабы деп жер бетіндегі ұзын болып иректеліп келген еңкейісті арна деп айтады. Алқаптар бір-бірімен ешқашан қиылыспайды, керісінше бір-бірімен жалғасып, ортақ бір мүсін құрады. Жазық өзен алқаптарының пайда болуы негізінен эрозиялық үрдіспен байланысты бірақ кей кездерде басқа геологиялық үрдістердің әсерінен пайда болуы мүмкін.

Өзен алқабының негізі болып - өзеннің арнасы, жайылмасы беткейі, терраса, түпкі жағы саналады. Өзеннің арнасы деп тоқтаусы су ағатын жер қойнауын айтады.

Су жайылмасы деп су тасығанда оның астында қалатын жерлер, айтады. Өзен суы өз арнасында ирелеңдеп ағып баспалдақта қабатшалар түзеді, оны терраса деп атайды. Террасалар паш болуына байланысты аллювиальды /жиындылық/ және эрозиялық /денудациялық / болып келеді.

Аллювиальды террастар бір-бірінен көлденең жазықтықтан кертпештеніп бөлінген, олар өзінің бұрынғы жоғарғы деңгей мен кейбір ағып жатқан жерлерін қамтиды. Эрозия базисі төмендеп кезде өзен өзіне жаңа арна жасайды, ал ескі арна баурайы террас ретінде қалады. Бұл үрдіс бірнеше рет қайталанғанда өзі жазығының баурайында бірнеше қабаттар /ярус/ пайда болады.

Жайылма алқап - жайылма терраса, су тасыған кезде астын, қалатын өзен аңғары. Көлденең бағытпен алып қарағанда үш бөлікке бөлуге болады:

1. Арна жанындағы жайылма - өзен суының ең төмен деңгейінен бірнеше метрге жоғарырақ тұратын биіктеу алқап.

2. Орталық жайылма жазықтау болып, келесі террасаның кертпесіне дейін тарайтын алқап.

3. Террасса жанындағы жайылма-алқаптың ең төмендеу жері тың батпақты көлшіктер кездесетін жер.

Өзен аңғарының әрбір жері, әртүрлі себептерден және уақыттан кейін болғандығын көрсетеді. Сол себепті өзен аңғарымен танысқан кезде оның тереңдігіне, еніне, террасстардың бар жоқтығына, өзеннің тіктігіне т. б. назар аудару керек. Терең, террасасы жоқ, ішінде аңғарлар жас болып келеді.

Өзендер арқылы тасылмалданып келген құрлықтағы шөгінділері дейді. Ол қабаттасын орналасқан, механикалық құрамы немесе жеңіл.

Өзен аңғарларының қалыптасу үрдісін білу оның маңындағы жер жерінің тау жыныстарының топырақтардың тарихынан мағлұмат келеді.

Жер асты суы және олардың жүргізетін геодогиялық жұмысы

Жер асты суының пайда болуын, тарихын, құрамын, құбылымын және жер қойнауындағы механикалық, химиялық жұмыстарын - геологигиялық ғылымы оқиды. Адамзатқа жер асты оазисінің қызметтің маңызы ө те зор.

Жер қойнауына әрбір 33 метрге тереңдеген сайын температура жоғарылайды, сондықтан 12-16 км тереңдікте температура 365 0 С-қа жетеді деп мөлшерлесек, геологиялық үрдістер онда, судың қиынсынсыз жүреді деген жорамалға келеміз.

Жер асты сулары аэрация белдеуінде топырақтағы су мен суға, ал қаныққан белдеуде грунт және артезиар суы болып келеді.

Топырақтағы су /берік және бос байланысқан су/

Жауын-шашын мөлшеріне, беткі суларға, өсімдік пен тірі организмге тікелей байланысты, бұл суларды топырақтануда толық болмайды.

Қалқыма су. Бұл суларға уақытша немесе маусымды, толық қалмайтын су өткізбейтін қабатта, жер бетіне жақын орналасқан сырқырамалар жатады. Мұндай сулар, құдықтарда жазда құрғап, ал қыста тоқтап қ алады. Қоректену мен таралу аудандары бір-біріне баптасып жатады, қысымы жоқ. Көбінесе далалық аймақтарда су арықтарында жиі кездеседі. Бұл облыстарда қалқыма сулар, жер асты суының ішіндегі ең ішуге жарамды сулар болып саналады, себебі одан төмен сулар көбінесе тұздалған болып келеді. Мысалы Қостанай облысының өте терең емес құдықтарынан тәулігіне 1 м 3 алуға болады. Сондықтан бұл сулардың маңызы кейбір жерлерде жоғары, яғни жер асты суларының өте тереңде орналасқанда немесе олар тұздалған жағдайда. Жер бетіне өте жакын орналасқан жағдайда, Мұндай сулар батпаққа айналады, оның пайдалы да зиянды жері де бар.

Грунт суы. Табиғатта өте жиі кездеседі, халық-шаруашылық үшін маңызы зор. Бұл сулар көбінесе қысымсыз, су өткізбейтін қабатта орналасқан. Қоректену мен таралу облыстары бір-бірі сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Көп жағдайда бұл судың құбылымы грунт суының деңгейі, дебиті, химиялық және физикалық қасиеті жауын-шашынның мөлшеріне тікелей байланыстырды. Минерализация жағынан грунт суы, әлсіз тұзданған тұзды және тұзсыз болуы мүмкін. Қай жағдайда грунт суының сапасы және көру жағынан, халық-шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін, ең басты су көзі болып саналады және көптеген қалалар көп шығыны бұл суды өз мұқтаждықтарына пайдалануда.

Артезиан суы. Өз атын Париж маңайындағы Артуа өңірін байланысты. Мұнда 1126 жылы жерді бұрғылаған кезде су жер бет атқылап шыққан, яғни артезиан суы қыртыстар арасында қысымынан тұрғандықтан, құбырларда атқылап жер бетіне табиғи фонтан ретінде шығады. Артезиан суының көтерілу деңгейі құбыр заңдылығына байланысты, яғни иілген қабаттар арасындағы су аршылған кез олардың көтерілу деңгейі қоректену облысымен ағу облыстарын биіктік айырмашылықтарына байланысты болады.

Артезиан суларының ерекшеліктері: көбінесе артезиан бассейн деп аталады, ірі ойпаттарда; су өткізбейтін жыныстардың аралықтарында; көбінесе өте тереңдікте; температурасы бірқалып бірақта тереңдеген сайын ұлғайатын; су құбылымы көп өзгермей және қысымды қоректену мен таралу облысы көшу мен облысымен сәйкес келмейтін жерлерде кездеседі.

Су құрамы жағынан тұщы, тұзды және тұздық болуы мүмкін. Бұл сулар өзінің сапасы, температурасы және гигиеналық жағы әртүрлі жағдайға байланысты лайланған, беткі және жер асты суларынан артықшылығы бар. Артезиан сулары көп жағдайда жергілікті жердегі ең бір басты ауыз суы болып саналады. Егістік сурару үшін де көп қолданады /әсіресе Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде/.

Минералды артезиан суларының емдік қасиеті бар. Мысалы, Сары-Ағаштың, бұрынғы ТМД-дағы Кисловодск және Белентуки суларын айтсақ жеткілікті.

Жер асты сулары беткі сулармен /өзен, көл/ бірге, осы түрде және тиімді игерген жағдайда көптеген халық-шаруашылығын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешеді және жоғарғы өнім алуға көмектеседі.

Тарихи геология

Геелогиялық геохронология және Жер шарындағы өмір. Геологиялық аршындылар және қатқан денелер.

Үгілу кезінде әрқашанда шөгінді тау жыныстарының әртүрлі жиынтықтағы шөккілері пайда болады, бірінің үстіне бірі орналасқан шөгінді тау жыныстарынан тұрады. Әрбір қабат, белгілі бір геологиялық жағдайларда пайда болған, сондықтан олар бір-бірінен жерлерінің құрылымы, жыныстардың ерекшелігімен ажыратылады.

Әрбір қабат өз дәуірінің эволюциялық ізінің /өсімдігі мен жануарларының/ көзі, немесе тарихы десек те болады. Неғұрлым бұрын пайда болса, олда организмдердің қарапайым түрлері сақталған, керісінше кейінгі кезде шөккен шөгінділердегі қатқан тас түсінділері өте күрделі және жетілген өсімдік қалдықтары мен хайуанаттар мүшелерінен тұрады. Осы тас мүсіндер арқылы жер астыларының даму сатысын, өсімдіктер мен хайуанаттардың концепциясын, сол кездегі климат ерекшеліктерін, құрлықтар мен құжаттардың орналасу ретін, әрбір заттың өмір сүрегін уақытын, қабықтардың жату орнына байланысты анықтауға болады - геологиялық хронологияны білеміз.

Геологиялық эраның ұзақтығы, соңғы зерттеулердің нәтежесі бойынша, мағлұматтармен сипатталынады /млн. жыл/.

Археозой - 2000 көп

Протерозой - 1800

Палеозой - 300 ден 350-ге дейін

Мезозой - 170 жылдай

Кайнозой - 68

Геологиялық эрадағы жер шарындағы өмірдің даму сатыларын ең негізгі бөлімдеріне тоқталып көрейік.

Археозой /грек ''архе" - бастапқы кезең/ - өмір ұзақтығы - 2, 0 млрд жыл. Бұл жер тарихындағы ең байырғы эра. Бұл кезде қарқынды түрде таулар қалыптасып, жанар таулар атқылған. Криссталды кесекті жыныстар түзілген, олар жер шарын түгел қаптап жатқан. Бұл кездегі жыныстарға гранит, гнейс және криссталды тақта тастар, сирек мәрмәр мен кварциттер жатады.

Органикалық қалдықтар бұл эраның жыныстарында кездеспейді, сондықтан дәуірлерге бөлуге мүмкіншілік жоқ.

Протерозой эрасы /грек "протерос" - бірінші/ ұзақтығы 1, 8 млрд. жыл.

Жер қабығы қалыңдап, құрлықтар тұрақты сипат ала бастайды. Бұл эрада протерозой жыныстарынан қалың тақталары түзілді, олар кварциттерден, мәрмәрден, граниттерден т. б. тұрады. Бұл тақталар бүрмелерге жиырылып, көп жағдайда интрузивті жыныстармен кесілген: диабаз, базальт, порфириттермен және б.

Протерозой шөгінділері жер шарының көптеген бөліктерінде Кавказда, Оралда, Орта Азия тауларында және б. жерлерде кездеседі.

Протерозой жыныстарында: темір, алтын, күміс және басқа қазба байлықтар көп. Күрек темір кені протерозой тобындағы жыныстардан алынады.

Бұл эрада кезеңге бөлінбейді, себебі органикалық қалдықтар әлсіз сақталған, ал кейде сақталмаған.

Археозой мен протерозой эраларын қосып, оны кембрийге дейінгі /докембрий/ деген атпен атайды. Бұл жердің дамуындағы ең ұзақ кезең.

Палеозой эрасы - /грек "паляйос" - байырғы, үлкен/ ұзақтығы 300-350 млн. жыл. Жер бетінде әртүрлі кешенді жыныстар қабат пайда болған. Бұл кезде шөгінді жыныстар пайда болып, оның органикалық өмірдің тіршілік іздері көптен кездеседі /өсімдіктей іздері, тасты қалдықтар/. Бұл палеозой эрасын кембрий, ордвик силур, девон, таскөмір және перм деген алты кезеңге бөлінеді.

Кембрий кезеңі . Ұзақтығы 70-80 млн. жыл. Бұл бірінші геологиялық кезең, бұл кезден бізге көптеген қатқан тас дене мүшелері жеткен. Бұл теңіз жануарлары-трилобиттер, жұмсақ денелер, иықтылар және медуздар. Құрлықта өсімдік пен жануарлар әлемі байқалмайды. Өсімдіктерден тек теңіздегі балдырлар ғана болған.

Бұл кездегі шөгінді жыныстарда көп таралғаны жасылдау көк түсті иілгіш балшықтар, ақшылдау кварцитті құмдақтар, кремнийлер және балшықты тақта тастар.

Жер бетіне шыққан кембрий шөгінділерін Эстониеда, Петроград маңайынан көруге болады.

Ордовик кезеңі. Ұзақтығы 70 млн. жыл. Біршама тыныштық кезеңмен сипатталады. Кембрий кезеңіне қарағанда органикалық өмір бай және әртүрлі. Балдырлар көп тараған. Жаңа жануарлар пайда бола бастайды /төрт сәулелі маржандар, ине қабықтылар ж. б. /, олар шектелген түрлерді тудырады. Бұл кездегі шөгінділерде кебінесе теңізде түзілген, оған әртүрлі әк тастар және балшықты тақталар жатады.

Силур қезең і. Ұзақтығы 35 млн. жыл. Бұл кезде теңізде омыртқасыз жануарлар көп дамыған - ерітінділер, маржандар. Бірінші омыртқалы жәндік - балықтар пайда болған. Құрлықта жәндіктер, яғни бастапқы папоротниктер, жүзгіндер /плаундар/ және қарапайым жердегі флора туа бастайды.

Силур кезеңініде екінші жартысында қарқынды түрде таулар пайда болып, жанар таулар атқылай бастайды және теңіздер құрлыққа қарай көтеріледі /теңіз трансгрессиясы болады/.

Бұл мезгілдегі ең көп тараған шөгінділер-силур әк тастары, жиындығы 30-40 м, құмтастар, жер шарының көптеген /Днепр, Ленинград облысы, Орал, Орта Азия/ жерлерінде кездеседі.

Девон кезеңі. Ұзақтығы 55-60 млн. жыл. Жер қабығында теңізбен құрлық шөгінділері кездеседі.

Девон кезеңіндегі теңіз үлкен аймақты қамтыған, яғни Батыс Европаны, әсіресе Англия мен Германияны, ТМД территориясының көп жерін басқан.

Бұл кезде әсіресе қауырсынды және екілік дем алатын балықтар қарқынды түрде дамыған. Құрлықта тұрақты өмір сүре алатын жәндіктер көп аяқтылар, бүйелер және насекомдар пайда болды. Бұл төменгі флора өте нашар, Теңізде негізінен балдырлар, құрлықта парниктер мен хвощтар және жүзгіндер. Бірінші ағаштардың ұрпақтары кездеседі.

Девон шөгінділері үш қабаттан тұрады: төменгі қабат қызғылт түрлі құмдар, ортаңғы доломитті әк тастар, жоғарғы - қайтадан қызғылт түсті құмдақтар.

Қызғылт қ ұмдар көлденең бағыттағы қабаттардан тұрады, бұл құрлықтың жынысы, ал девон әк тастары-тереңдіктегі теңіз шөгінділері . Бұдан шығатын қортынды девон кезеңінде ТМД территориясының көп жер бастапқыда құрлық болған, одан кейін теңіз астына шөгіп, соңына таман қайтадан құрлыққа айналған.

Бұл кездегі шөгінділер Оралда, Орта Азияда, Амурда ж. б. жерлерде көп кездеседі. Олардың халық шаруашылығы үшін маңызы өте зор. Мұнда тас тұзы, гипс, мұнай, көмірлер кездеседі.

Таскөмір кезеңі. Ұзақтығы 70 млн. жыл. Өсімдіктер әлемі өзінің гүлдеген дәуіріне тап болды, хайуанаттар әлемі де көп өзгеріске ұшырады.

Өтуге болмайтын ағашты папоротниктер, хвощтар, жүзгіндер /лепидтер, сигиллярлілер/ жер шарының көп бөлігін қамтылды. Өсімдіктердің мұндай дамуына ылғалды және жылы климат себепші болады. Таскөмір кезеңінің өсімдіктері теңіздер мен көлдердің жағалауларында және батпақты жерлерінде дамыды. Желдің арқасында ағаштар суға құлап, оның түбіне шөкті. Олар біртіндеп тұнбалар астында қалып, нығыздалып, біртіндеп таскөмірге айнала бастады. Қазіргі кезде таскөмірді жер шарының барлық жерінен табуға болады. Бұл тас көмір кезеңінен тропикалық климатының барлық жерде болғанын дәлелдейді.

Тас көмір тақталарының басқа бұл кезде әктастар, отқа төзімді балшықтар, тақта тастар кездеседі.

Тас көмір кезеңінде құрлық жануарлары жақсы дамыды. Девонда көп тараған қауырсынды балықтар карбонда кездеспейді. Трилобиттер түгелдей өлді. Омыртқасыз жәндіктерден бұл кезде көпаяқтылар және бүйелер жақсы дамиды. Тас көмір кезеңінде жанартаулар қайтадан атқылап, таулар пайда бола бастайды, мұнда Орал және Тянь-Шань таулары пайда болады.

Пермь кезеңі. Ұзақтығы 45 млн. жыл. Теңіздер мен құрлықтардың орналасуы тас көмір кезеңіндей болады. Органикалық өмір бірақ өзгерді. Бұл кезде қылқан жапырақты ағаштар, қырық құлақтардың жаңа түрі пайда болды және жоғарғы сатыдағы жануарлар бауырымен жорғалайтындар - қазіргі кездегі жыландардың туыстары кесірткілер, тасбақалар, қолтырауындар дүниеге келеді.

Пермь кезеңіндегі шөгінділерде мергендер, балшықтар, шоғыртастар көп кезедеседі, оларды Жайық, Еділ жағалауларынан көруге болады Таулардың пайда болуы әрі қарай жалғасып Орал жоталарының көтерілуі тоқтап, Алтай мен Памир таулары туа бастайды.

Мезозой эрасы. Ұзақтығы 170 млн. жыл. Ортаңғы өмір эрасы /грек "мезо" - ортанта/. Палезой эрасынан айырмашылығы органикалық өмірдің байлығы мен және шөгінділерінің ерекшелігімен айқындалады. Бұл кезде құрлықта қылқан жапырақты құрылымдар олардың ішінде хвощтар, өздерінің гүлденген дәуіріне және саговты пальмалар жетеді, папоротниктердің жаңа түрлері пайда болады, қазіргі заманның жапырақты ағаштары мен улы өсімдіктер өмірге келеді. Мезозой эрасын гүлді өсімдіктердің жиылған кезі деп атайды.

Хайуанаттар әлемінде палезойдан келген амониттер өздерінің дәуіріне жетеді және әртүрлі бауырымен жорғалайтын , олардың ішінде құрлық пен суда жүретін түрлерінен ұшатын птеранодондар пайда бола бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интрузиялық магматизм және магмалық денелер
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
Жер бедерінің тегістелу механизмі
Жайық өзені алабындағы өзендер
Магмалық жыныстардың құрылымы мен текстурасы
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы
Экзогендік геологиялық процестер
Геодинамикалық процестер
Бетпақ-дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz