Институционалдық аспект


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Институциональдық аспект

1. 1 Төлем қызметтерін көрсететін қаржы делдалдары

1. 2 ҚРҰБ-нің рөлі

1. 3 Басқа ұйымдардың рөлі

1. 3. 1 Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы

1. 3. 2 Қазақстан қор биржасы

2 Төлем құралдары

2. 1 Қолма-қол төлемдер

2. 2 Қолма - қол жасалмайтын төлемдер

2. 2. 1 Кредиттік аударымдар

2. 2. 2 Дебеттік аударымдар

2. 2. 3 Төлем карточкалары

2. 2. 4 Банкоматтар мен POS-терминалдар

2. 3 Жаңа әзірлемелер

3 Банкаралық есеп айырысу жүйелері

3. 1 Жалпы шолу

3. 2 Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ

3. 2. 1 Жүйенің қатысушылары

3. 2. 2 Трансакциялар түрлері

3. 2. 3 Жүйенің жұмыс істеуі

3. 2. 4 Есеп айырысу рәсімі

3. 2. 5 Кредиттік тәуекелді және өтімділік тәуекелін басқару

3. 2. 6 Статистика

3. 3 Бөлшек төлем жүйесі (БТЖ

3. 3. 1 Жүйенің қатысушылары

3. 3. 2 Жүйенің жұмыс істеуі

3. 3. 3 Есеп айырысу рәсімі

3. 3. 4 Тәуекелдерді басқару

3. 3. 5 Статистика

4 Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жүйелері

4. 1 Сауда-саттық

4. 2 Есеп айырысу

4. 3 Орталық банктердің бағалы қағаздар инфрақұрылымын пайдалануы

Аббревиатуралар тізімі

AFINEX . аржы . . ралдарыны. Алматы биржасы

RTGS На. ты уа. ытта. ы жалпы есеп айырысулар (НУЖЕ)

КФБ . аза. стан . ор биржасы

КЦМР . аза. стан халы. аралы. есеп айырысу орталы. ы

МСПД Банкаралы. а. ша аудару ж. йесі

НБРК . аза. стан Республикасыны. . лтты. Банкі

НМСПК Т. лем карточкаларыны. . лтты. халы. аралы. ж. йесі

СКП Ірі т. лемдер ж. йесі

СОБС Банк хабарларын алмасу ж. йесі

СРП Б. лшек т. лемдер ж. йесі

УПС . Р. Б-ні. т. лем ж. йесін бас. ару

ФАСТИ А. парат тасымалдауды. . аржылы. автоматтандырыл. ан ж. йесі

ЦДЦБ Ба. алы . а. аздарды. орталы. депозитарийі

Кіріспе

Төлем жүйесі елдің қаржы жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сәттен бері төлем жүйесінің дамуына баса назар аударуда. Төлем жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда екі негізгі төлем жүйесі жұмыс істейді. Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) .

БААЖ - нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі (бұдан әрі - RTGS) Қазақстанның Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге асырады. БААЖ арқылы ірі және жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйе операциялық күн ішінде Ұлттық валютада (теңгеде) пайдаланушыларға түпкіліктілікті қамтамасыз етеді.

БТЖ - ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Бұл - төлемдер жеке өңделетін, таза негіздегі есеп айырысудың көп жақты жүйесі, бұл ретте таза позициялар да есептеледі. Операциялық күннің соңында кіріс және шығыс төлемдерді ескере отырып, әрбір пайдаланушының таза позицияларын есептеу жүзеге асырылады, одан кейін есептеу қорытындылары бойынша ААБЖ-не ақша аударымдары жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк (ҰБ) 1994 жылы төлем жүйесі реформасын жүргізуді бастады. Оның негізгі мақсаты банктер мен оның клиенттерінің арасында төлемдер жүргізуді тездету болып табылды. 1995 жылы ҰБ-нің құрамында Қазақстанда бірінші клиринг палатасы (Алматы клиринг палатасы) құрылды, ол жан-жақты клиринг әдісі бойынша жұмыс істеді. Сондай-ақ жергілікті клиринг палаталары жергілікті клирингті жүзеге асырды. Осы сатыға дейін барлық төлем тапсырмалары қағаз негізінде болған еді. 1996 жылы SWIFT-ке негізделген төлем жүйесі қатысушыларының арасында төлемдер бойынша ақпарат алмасу үшін электронды хабарлардың форматтары әзірленді және ендірілді. Осы жылы Алматы клиринг палатасы ҚРҰБ-нің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) болып қайта ұйымдастырылды. Ол БААЖ мен ТБЖ-нің операторы болып табылады.

1996 жылғы тамызда КБАО базасында электронды төлем тапсырмаларын өңдейтін, жалпы негізде есеп айырысуды жүзеге асыратын және RTGS сипаты бар Ірі төлемдер жүйесі (ІТЖ) ендірілді. Корреспондентік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке банктің есеп айырысу функциясын жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтастай алғанда банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдар ішінде Ұлттық Банк ТЖ жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізді. Қорытындысында, 2000 жылдың соңында ҚБЕО ІТЖ Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды. Бөлшек төлемдер саласында қолма - қол ақша мен төлем тапсырмалары Қазақстандағы төлемнің кеңінен тараған әдісі болып табылады. Чектер мен тікелей дебеттеу сияқты дебеттік төлем құралдары кеңінен қолданылады. Кредиттік және дебеттік карточкаларды қоса алғанда, төлем карточкалары саласы жоғары қарқынмен даму үстінде. Бағалы қағаздарды сатуға қатысты Қазақстан қор биржасы, сондай-ақ биржадан тыс рынок мынадай қаржы құралдарымен жұмыс істейді: шетел валюталары, мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік бағалы қағаздар, мерзімді келісім-шарттар. Есеп айырысулар: бағалы қағаздар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (БҚОД) ЖА. арқылы «төлемге қатысты жеткізілім» (бұдан әрі - DVP) принципі бойынша (Т+0 жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар, қалғандары Т+3 жағдайында) ; шетел валютасынан теңгеге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржадағы корреспонденттік шоттар арқылы, шетел валютасында - шетелдің корреспонденттік банктерде жүргізіледі. Бағалы қағаздармен операциялар бойынша түпкілікті есеп айырысу күнінде БААЖ арқылы жүзеге асырылады.

1. Институционалдық аспект

1. 1Төлем қызметтерін көрсететін қаржы делдалдары

Коммерциялық банктер

Төлем жүйесінің негізгі пайдаланушылары болып табылатын коммерциялық банктер Қазақстанда төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізеді. Банктік заңдар мен басқа актілер жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілеріне төлем қызмет көрсетуді қоса алғанда, өз клиенттеріне қызметтердің кең спектрін көрсететін екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуін бақылайды, сондай-ақ банкаралық төлемдерді жүзеге асырады. 2002 жылдың соңында Қазақстанда елдің аумағында оның 368 филиалы бар 38 коммерциялық банк жұмыс істеді. Барлық коммерциялық банктер БААЖ пайдаланушылары болып табылады және олардың көбі (27) БТЖ қатысушылары болып табылады.

Банктік емес қаржы ұйымдары

Банктік емес қаржы ұйымдары төлем жүйесінің қатысушылары болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырады. Банктік емес қаржы ұйымдары халыққа, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға оларды ұсына отырып, банк қызметтерінің алуан түрін ұсынады. Кейінгілердің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, ең алдымен, кредиттеуді, оның ішінде жеңілдік шарттарымен (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар және қаржы лизингі), сондай-ақ арнайы банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 2002 жылдың соңында 14 банктік емес қаржы ұйымдары БААЖ-нің және 5-еуі БТЖ-нің қатысушылары болып табылды.

Почта қызметі (Қазпочта)

Қазақстан Республикасы үкіметінің «Почта байланысыны. Мемлекеттік кәсіпорындарын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» 1999 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің 100% қатысуымен «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2002 жылдың соңында елдің аумағында «Қазпочта» ААҚ-ның 3572 почта бөлімі жұмыс істеді. «Қазпочта» ААҚ-ның ҰБ-де корреспонденттік шоты бар және БААЖ мен БТЖ-нің қатысушысы болып табылады. Бұдан басқа, «Қазпочта» ААҚ бірқатар коммерциялық банктерден корреспонденттік шоттар ашты. Қазіргі уақытта «Қазпочта» ААҚ қаржы қызметтерінің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

- Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері.

- Коммуналдық төлемдерді қабылдау.

- Салым операциялары (жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау) .

- Бөлшек аударымдар (жеке тұлғалардың дәстүрлі почта аударымдары, Western Union «тез аударымдары») .

1. 2 ҚРҰБ-нің рөлі

1995 жылғы 30 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес ҚРҰБ елдің орталық банкі болып табылады және ақша-кредит саясатының жұмыс істеуіне жауап береді. ҚРҰБ сонымен бірге Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарының тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, Қазақстандық теңгемен банктер арасындағы ақша аударымдарын уақтылы және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, олар пайдаланатын автоматтандырылған жүйенің сенімділігін, қауіпсіздігін және банктік ақпаратты қорғауды банктердің қамтамасыз етуі бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

ҚРҰБ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда банкноттар мен монеталарды шығаратын жалғыз эмитент болып табылады. Орталық аппарат Алматы қаласында орналасқан, елдің аумағы бойынша 16 аймақтық филиалы және Алматы қаласында 2 филиалы бар.

Қазақстанда ҚРҰБ-нің Қазақстан Республикасының төлем жүйесін реттеудегі рөлі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында айқындалған. Сонымен, Заңның 48-бабына сәйкес Ұлттық Банк төлем жүйесін ұйымдастырады, үйлестіреді және (немесе) жұмыс істеуін реттейді:

1) төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың ережесін және қолдану тәсілдерінің

ерекшеліктерін, төлем нұсқауларының мазмұнына негізгі талаптарды;

2) Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Бұдан басқа, осы Заңның 8-бабында Ұлттық Банк барлық банктердің және олардың клиенттерінің орындауы үшін міндетті төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін сақтауды қамтамасыз етуге арналған маңызды құрал екінші деңгейдегі банктерді үнемі тексеру болып табылады. Осы процестің барысында Ұлттық Банк және қадағалау функциясы берілген басқа мемлекеттік органдар жекелеген банктердің жұмысының қаншалық. ты сенімді және тұрақты болып табылатынын тексереді. ҚРҰБ төлем жүйесінің операторы болып табылатын ҚБЕО-мен бірлесіп БААЖ және БТЖ басқарады. Осы жүйелердің құқықтық негізі ҚБЕО мен төлем жүйесі қатысушыларының арасындағы келісімдермен қамтамасыз етілген. Кез келген банк немесе ҚРҰБ-де корреспонденттік шоты бар банктік емес ұйым төлем жүйесінің пайдаланушысы бола алады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сәйкес ҚРҰБ бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, бағалы қағаздар рыногына қадағалауды жүзеге асырады.

1. 3 Басқа ұйымдардың рөлі

1. 3. 1 Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) төлем жүйесінің операторы болып табылады, оның құрамына банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ), бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) енеді. ҚБЕО-ның қызметін ҚРҰБ реттейді. ҚБЕО пайда таппайтын ұйым болып табылады және төлем жүйесінің тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 1996 жылы Алматы клиринг палатасын қайта ұйымдастыру арқылы құрылды.

ҚБЕО мынадай қызметтердің түрлерін көрсетеді:

• БААЖ-не ақша аудару;

• банкаралық клиринг;

•ФАСТИ арқылы файл алмасу (Ақпарат тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі) ;

•СОБС арқылы ақпарат алмасу.

ҚБЕО сондай-ақ VISA (KAZNNSS) жергілікті трансакцияларының клирингі үшін есептеу агенті ретінде қызмет істейді. Төлем карточкалары бойынша трансакцияларды есептеу екі кезеңде жүзеге асырылады: біріншіден, Лондондағы VISA-ның офисі халықаралық трансакциялардан теңгедегі «жергілікті» трансакцияларды бөлу мақсатында трансакцияларды іріктейді. Теңгедегі жергілікті трансакцияларға қатысты VISA қатысушы банктердің таза позицияларын есептейді (Қазақстаннан тыс жерлерде шоттары бар шетелдіктер жүргізген трансакциялар Қазақстаннан тыс жерлерде есептеледі) . Екіншіден, теңгедегі таза позициялар ҚБЕО-на жіберіледі және есеп айырысу БААЖ арқылы жүзеге асырылады.

1. 3. 2 Қазақстан қор биржасы

«Қазақстан қор биржасы» жабық акционерлік қоғамы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Алғашында 1993 жылғы қарашада Қазақстан банкаралық валюта биржасы ретінде құрылды, қор рыногын жабуға дейін қызметі кеңейгеннен кейін 1995 жылғы маусымда Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасына атын өзгертті. 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан қор биржасы (ҚҚБ) болып аталды. Валюта рыногы 1997 жылы қыркүйекте қаржы құралдарының Алматы биржасы (AFINEX) ҚҚБ құрамынан шықты және 1999 жылғы сәуірде ҚҚБ-мен қайта бірікті. Қазақстан қор биржасы мынадай қаржы нарықтарымен жұмыс істейді: шетел валютасының нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы, РЕПО рыногы, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар нарығы және мерзімді келісім-шартардың нарығы. Сауда-саттықты өткізудің негізгі әдісі - үздіксіз қарсы аукцион әдісі (өтінімдерді енгізудің және өңдеудің электронды тәсілі) . 2002 жылдың соңында биржа мүшелерінің жалпы саны ҚРҰБ мен «Қазпочта» ААҚ-н қоса алғанда 56 болды. Биржада сауданығ бес санаты қолданылады. Осы санаттар шеңберінде биржаның әрбір мүшесі сауданың белгілі бір түрін жүзеге асыруға құқылы.

2. Төлем құралдары

2. 1 Қолма-қол төлемдер

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сәйкес, ҚРҰБ Қазақстандағы банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады. 2002 жылдың аяғында айналыста 167, 1 млрд. теңге болды. Банкноттар 100, 200, 500, 1000, 2000, және 5000 теңге номиналдарымен шығарылды. Айналыстағы банкноттардың басым бөлігі 5000 теңгелік банкноттар. Монеталар 1, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге номиналдарымен шығарылды. 2002 жылдың аяғында айналыстағы банкноттар мен монеталардың нақтылы ЖІҰ-ге қатынасы 4, 5% болды. Қолма-қол ақша М1 ақша агрегатының 58, 2%-ін құрайды.

2. 2 Қолма-қол жасалмайтын төлемдер

2. 2. 1 Кредиттік аударымдар

Төлем тапсырмалары Қазастанда едәуір кең түрде пайдаланылатын төлем құралы болып табылады. Төлем тапсырмалары төлем жүйесіндегі қолма-қол жасалмайтын төлемдер үлесінің ең көп бөлігін алады және 2002 жылғы төлем құжаттарының саны бойынша 91% және сомасы бойынша 95% болды. Клиент төлем тапсырмасын көбінесе қағаз жазбада ұсынады. Төлемдерді интернет, телефон және ұялы телефон арқылы жүзеге асыру жеткілікті дамымаған.

2. 2. 2 Дебеттік аударымдар

Қазақстан Республикасында дебеттік аударымдар мынадай төлем құралдары пайдаланыла отырып жүргізіледі:

Инкассолық үкімдер. Ақша жіберушінің банктік шоттарынан заң актілерінде көзделген жағдайларда ақша жіберушінің рұқсатынсыз ақша алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты инкассолық үкім, сондай-ақ салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық үкімі болып табылады. 2002 жылы инкассолық үкімдер қолма-қол ақшасыз трансакциялардың жалпы санының 1, 7%-і болды.

Чек. Бұл бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек берушіге төлеу туралы олардың арасындағы шартқа негізделген чек берушінің алушы банкке жазбаша осындай бұйрығы бар төлем құжаты. Чектер 2002 жылғы қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы санының 1, 7%-і болды.

Төлем талап-тапсырмасы. Төлем талап-тапсырмасы деп бенефициардың жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу туралы көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ақша жіберушіге талабын айтады. 2002 жылы төлем талап-тапсырмасы қолма - қол ақшасыз трансакциялардың жалпы санының 0, 6% - болды.

Банктік шотты тікелей дебеттеу. Мұндай төлем ақша жіберуші мен оның банкі арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес ақша жіберуші жоғарыда көрсетілген шарттағы тиісті құжаттардың қосымшасымен бірге жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыс не көрсетілген қызмет үшін бенефициардың талаптары негізінде өзінің банктік шотынан ақша алуға келісім береді. Банктік шотты тікелей дебеттеу 2002 жылғы қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы санының 1, 1% болды.

2. 2. 3 Төлем карточкалары

2002 жылы Alem Card, Altyn, Каспийский, Сити кард, Иртыш-card жергілікті жүйелердің төлем карточкалары шығарылып, қызмет көрсетілді. Жылдың аяғында осы карточкалардың 235, 7 мың данасы айналыста болды. 2002 жылы жергілікті төлем карточкалары пайдаланыла отырып, сомасы 17, 3 млрд. теңгеге 2, 0 млн. трансакциялар жүзеге асырылды. Жергілікті жүйелердің карточкалары негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. Жергілікті карточкалар трансакцияларының 0, 2%-і ғана қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылды. 2002 жылы бірқатар ірі банктер Europay International, VISA International, American Exspress, Diners Club, Union Card және HSBC халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асырды. Жылдың аяғында осы карточкалардың 1260, 2 мың данасы айналыста болды. 2002 жылы халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 233, 7 млрд. теңге сомасына 18, 9 млн. трансакциялар жүзеге асырылды. Халықаралық карточкалар трансакцияларының 3, 1%-і ғана қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылды.

2. 2. 4 Банкоматтар және POS-терминалдары

Банкоматтарды 1997 жылы алғаш рет бірнеше коммерциялық банктер енгізді. 2002 жылдың аяғында Қазақстанда 702 банкомат жұмыс істеді, сонымен бірге банкоматтарды. саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30% өсті. 2002 жылдың аяғында 1 миллион тұрғындарға банкоматтар саны 47, 1 бірліктен келді.

2002 жылдың аяғында Қазақстанда 5285 POS-терминал жұмыс істеді. POS-терминалдың саны 2002 жылдың аяғында 1 миллион тұрғынға 355 бірліктен болды. Барлық жергілікті және халықаралық карточкаларға дебет карточкасының қызметі берілді. POS-терминалдары пайдаланылатын трансакциялар саны едәуір өсуде. Банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы трансакцияларға арналған 4 процессинг желілері жұмыс істейді.

3 Банкаралық есеп айырысу жүйелері

3. 1 Жалпы шолу

Қазақстанда банкаралық төлемдер мынадай жүйелер арқылы жүргізіледі:

- Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) ;

- Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) ;

Бұл жүйелер Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен төлемдерін жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады. Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығының (ҚБЕО) Банкаралық ақша аудару жүйесі 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын ол «Ірі төлемдер жүйесі» деп аталған және оның жұмыс істеу тәртібі бастапқыда «ҚБЕО-ның ірі төлемдер жүйесінде есеп айырысуды жүргізу ережесінде белгіленген болатын. Содан соң, ІТЖ БААЖ болып қайта құрылғаннан кейін жүйенің жұмыс істеу тәртібі «Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аударымдары ережесінде» белгіленді. БААЖ-дың мақсаты Қазақстан Ұлттық Банкінде БААЖ-ды пайдаланушылардың шоттарындағы сомалар шегінде пайдалана отырып, бір операциялық күн ішінде есеп айырысу кепілдігімен Ұлттық валютадағы тұрақты және шартсыз төлемдерді орындаудан тұрады.

2002 жылдың аяғында БААЖ-ды пайдаланушылар саны 72 болды, оның ішінде 38 екінші деңгейдегі банктер, 17 облыстық қазынашылық басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан-Банк (ҚҰБ -нің МОД), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, басқа да банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. БААЖ арқылы кредиттік сияқты дебеттік аударымдар да жүзеге асырылады. Жүйеде хабарламалар беру және қабылдау Ұлттық Банк белгілеген форматтарға сәйкес электрондық тәсілдермен жүзеге асырылады. БТЖ - ұсақ төлемдерге арналған көпжақты клирингтік жүйе. БТЖ-нің ерекшелігі сол, төлемдер жеке өңделмейді. Төлем тапсырмалары бір операциялық күн ішінде ҚБЕО-қа жіберіледі. Операциялық күннің аяғында келіп түскен және жіберілген төлемдерге сәйкес көпжақты өзара есеп айырысу қорытындылары бойынша таза позицияларды есептеу жүргізіледі. Таза позицияларды есептеу БААЖ арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның жанындағы клиринг палатасы қатысушылардың өтімділікті басқаруына және төлемдердің үстеме ағындарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін американдық автоматтандырылған клиринг палатасының үлгісінде жұмыс істейді. 1999 жылғы тамызға дейін БТЖ-ға ҚҰБ жанындағы клиринг палаталарының және аз ғана сомаға банкаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО-ның жанындағы Алматы клиринг палатасының желісін қосты. Клиринг палаталарында тәуекелдерді басқарудың түрлі әдістері пайдаланылды, атап айтқанда, дебеттік және кредиттік шектеулер, кезектер жүйесі пайдаланылды. ҚҰБ-нің облыстық филиалдарындағы клиринг палаталарының жабылуына байланысты 1999 жылғы 1 тамыздан бастап жүйенің мұндай функциялары Алматы клиринг палатасына және жеке клиринг палаталарына берілді.

2002 жылдың аяғында ҚБЕО-ның клиринг палатасының пайдаланушылары 50, оның ішінде 27 екінші деңгейдегі банктер, 17 қазынашылықтың облыстық басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан банк, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, «Қазпочта» ААҚ және басқа банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. Сонымен бірге «Тимей» ЖШС-нің қатысушылары екінші деңгейдегі банктердің үш филиалы, бір облыстық қазынашылық басқарма және «Тимей» ЖШС-нің өзі болып табылады. Қазақстанда чектермен операциялар клирингі бойынша қандай да бір жүйе жоқ. Банктер чектер бойынша есеп айырысуды өзара корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырады.

3. 2 Банкаралық ақша аудару жүйесі

Республика төлем жүйесінің даму кезеңдерінің бірі 2002 жылғы желтоқсанда ҚБЕО негізінде нақты уақыт режимінде (RTGS - нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысу жүйесі) жалпы есеп айырысуды жүзеге асыратын банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) құрылуы болды. БААЖ-дың мақсаты БААЖ-ды пайдаланушылардың Ұлттық Банктегі шоттарындағы ақшаны пайдалана отырып, сол сома шегінде бір операциялық күн ішінде есеп айырысу кепілдігімен Ұлттық валютадағы тұрақты және шартсыз төлемдерді орындау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының инвестициялары
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Американдық саяси дискурс
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Еуропалық одақ институттарының принциптері жайында
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Банктің негізгі міндеті - экономикалық өсуді ынталандыру және дамушы Азия Даму Банкіне мүше мемлекеттердің экономикалық дамуын жеделдетуге қатысу
Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz