Көше-жол торабының талдамасы



Көп көшелер мен қала сыртындағы жолдар өздерiнiң параметрлерiмен қазіргi техникалық нормативтерге сєйкес келмейдi. Бұл жағдайлар қозғалыс үшiн ынғайсыз жағдайлар туғызады жєне жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлiк жұмыстарын қиындатады. Қозғалысты ұйымдастыру тапсырмаларын шешу кезiнде келесiдей сипаттамалар үлкен мєнге ие: қарастырылатын жердегi тұрғындардың тығыздығы жєне оның геометриялық сызба-нұсқасы, сонымен қатар көше жол торабының ортасынан шеткi нүктесiне дейiнгi орташа қашықтық, шеткi нүктелерiнiң ара-қашықтығы жєне жол торабының түзу сызықтық коэффициентi.
Тар орындарды көше-жол торабында аныктаудың негiзгi кемшiлiгi тек болып өткен ЖКО туралы ғана қорытындылар жасау мүмкiндiгi болып табылады, ал жол қозғалысын ұйымдастырудың басты мiндетi оларды алдын-алуға негiзделген көптеген зерттеулер ЖКО-ның єсiресе қақтығыс нұктелерi деп аталатын орындарда, яғни жол қозғалысына қатысушылардың өзара спецификалық єсерлесуi орын алатын жерлерде жиi болатындығын көрсетiп отыр. Осылайша, потенциалдық қақтығысу нүктелерiн анықтау жєне оларды алыстату ЖКО-ның пайда болуын күтпей-ақ, қозғалыс жағдайларының қауіпсiздiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда, єсiресе жол қиыласулары ерекше мєнге ие болады.
Қиылыс – бiр деңгейдегi жолдардың қиылысуынан туындайтын аймақ. Қиылыс тротуардың немесе жол шеттерiнiң сыртқы шекараларын байланыстыратын құрастырылған сызықтармен шектелiнедi. Қиылыстар үшiн ағындары єртүрлi бағыттар бойынша бөлу, тоғысу жєне қиылысу нүктелерi немесе тұтас алғанда қақтығыс нүктелерi деп атайды. Єрбiр қақтығыс нүктесiне тән ерекшелiгi ЖКО-ның пайда болуының потенциалдық қауiпi ғана емес, сонымен қатар көлiк құралдарының кiдiру ықтималдығы болып табылады.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
2. КӨШЕ-ЖОЛ ТОРАБЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ

2.1. Қақтығыс нүктелерi мен тар орындарды талдау

Көп көшелер мен қала сыртындағы жолдар өздерiнiң параметрлерiмен
қазіргi техникалық нормативтерге сєйкес келмейдi. Бұл жағдайлар қозғалыс
үшiн ынғайсыз жағдайлар туғызады жєне жол қозғалысын ұйымдастырудың
инженерлiк жұмыстарын қиындатады. Қозғалысты ұйымдастыру тапсырмаларын шешу
кезiнде келесiдей сипаттамалар үлкен мєнге ие: қарастырылатын жердегi
тұрғындардың тығыздығы жєне оның геометриялық сызба-нұсқасы, сонымен қатар
көше жол торабының ортасынан шеткi нүктесiне дейiнгi орташа қашықтық, шеткi
нүктелерiнiң ара-қашықтығы жєне жол торабының түзу сызықтық коэффициентi.
Тар орындарды көше-жол торабында аныктаудың негiзгi кемшiлiгi тек болып
өткен ЖКО туралы ғана қорытындылар жасау мүмкiндiгi болып табылады, ал жол
қозғалысын ұйымдастырудың басты мiндетi оларды алдын-алуға негiзделген
көптеген зерттеулер ЖКО-ның єсiресе қақтығыс нұктелерi деп аталатын
орындарда, яғни жол қозғалысына қатысушылардың өзара спецификалық єсерлесуi
орын алатын жерлерде жиi болатындығын көрсетiп отыр. Осылайша, потенциалдық
қақтығысу нүктелерiн анықтау жєне оларды алыстату ЖКО-ның пайда болуын
күтпей-ақ, қозғалыс жағдайларының қауіпсiздiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Бұл жағдайда, єсiресе жол қиыласулары ерекше мєнге ие болады.
Қиылыс – бiр деңгейдегi жолдардың қиылысуынан туындайтын аймақ. Қиылыс
тротуардың немесе жол шеттерiнiң сыртқы шекараларын байланыстыратын
құрастырылған сызықтармен шектелiнедi. Қиылыстар үшiн ағындары єртүрлi
бағыттар бойынша бөлу, тоғысу жєне қиылысу нүктелерi немесе тұтас алғанда
қақтығыс нүктелерi деп атайды. Єрбiр қақтығыс нүктесiне тән ерекшелiгi ЖКО-
ның пайда болуының потенциалдық қауiпi ғана емес, сонымен қатар көлiк
құралдарының кiдiру ықтималдығы болып табылады.
Осылайша, қозғалыстың бiр жолағына ие болатын кєдiмгi реттелмейтiн екі
жолақты қиылыстың єрбiр бағытында ауытқудың жєне тоғысудың 8 нүктелерi мен
қиылысудың 16 нүктесi, яғни барлығы 32 қақтығыс нүктелерi болады. Бұдан
басқа, 8 нүктеде көлiк жєне жүргiншiлер ағындары өзара қиылысады (сурет
2.1).

Сурет 2.1. Барлық бағыттардағы қозғалысы рұқсат етілген жағдайлардағы 2-
жолақты қиылыстардағы қақтығысу нүктелерi:
- қиылысу нүктесі;
- тоғысу нүктесі;
- ауытқу нүктесі;
- көліктер мен жүргіншілердің қиылысу нүктесі.

Қарастыларып отырған Ашимбаев көшесінің Жангелдин және Абылай хан
көшелері қиылыстарының арасындағы барлық қиылыстардағы қақтығысу
нүктелерiнiң талдамасын жасаймыз.
2.2-шi суретте Ашимбаев – Абылай хан көшелерiнiң қиылысындағы қақтығысу
нүктелерiнiң талдамасы жасалған.

Сурет 2.2 Ашимбаев – Абылай хан көшелерiнiң қиылысындығы қақты-ғыс
нүктелерi.

Ашимбаев – Абылай хан көшелерi қиылысындағы қақтығыс нүктелерiнiң
талдамасi: мұнда 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 24 қиылысу нүктелерi бар. Ал
жүргiншiлер мен көлiк ағындары 12 нүктеде қиылысады.
Қиылыстың қүрделiлiк дєрежесiн келесi теңдiкпен анықтаймыз:

m=5nқ+3nт+nа,
(2.1)

мұндағы nқ, nт және nа – сєйкесiнше қиылысу, тоғысу жєне ауытқу
нүктелерiнiң саны.

Егер m 40 шарты орындалса, онда торап қарапайым, m = 40...80 шарты
орындалса – орташа күрделi жєне m = 80...150 шарты орындалса – торап күрделi,
ал m 150 шарты орындалса, торабымыз өте күрделi болып саналады.
Алынған мєндердi (2.1) формулаға қойып, Ашимбаев – Абылай хан көшелерi
қиылысындағы күрделiлiк дєрежесiн анықтаймыз:

m = 5 ( 24+3 ( 8 + 8=152

Яғни, m150 шарты орындалғандықтан, бұл қиылысымыз өте күрделі болып
саналады.
2.3-шi суретте Ашимбаев – Панфилов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығысу
нүктелерiнiң талдамасы келтiрiлген.

Сурет 2.3. Ашимбаев – Панфилов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi.
Ашимбаев – Панфилов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс нүктелерiнiң
талдамасының қорытындысы мынадай: 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 24 қиылысу
нүктелерi бар. Сонымен қатар, 12 нүктеде көлiк пен жүргiншiлер ағындары
қиылысады. (2.1) формулаға алынған мєндердi қоя отырып, бұл қиылыстың
күрделiлiк дєрежесiн анықтаймыз:

m = 5 ( 24 + 3 ( 8 + 8 = 152

Яғни, Ашимбаев – Панфилов көшелердiн қиылысы өте күрделі болып
саналады, себебі m150.
Келесi қарастыратынымыз Ашимбаев – Фурманов көшелерiнiң қиылысы.
Ашимбаев – Фурманов қиылысының қақтығыс нүктелерi 2.4-шi сүретте
көрсетiлген.

Сурет 2.4. Ашимбаев – Фурманов көшелерiнiң қиылысындағы қақты-ғыс
нүктелерi.

Ашимбаев – Фурманов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс нүктелерi мұндай:
8 ауытқу, 8 қосылу жєне 36 қиылысу нүктелерi анықталады. Сонымен
қатар, 16 нүктеде көлiк ағындары мен жүргiншiлер ағындары қиылысады.
Бұл мєндердi (2.1) формулаға қойып, қиылыстың күрделiлiк дєрежесiн
анықтаймыз:

m = 5 ( 36 + 3 ( 8 + 8 = 212

Яғни, бұл қиылыс өте күрделі болып саналады, өйткенi m150 шарты
орындалып отыр.
2.5-шi суретте Ашимбаев – Тулебаева көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi көрсетiлген.

Сурет 2.5. Ашимбаев – Тулебаева көшелерiнiң қиылысындағы қақты-ғыс
нүктелерi

Ашимбаев – Тулебаева көшелерiнiң қақтығыс нүктелерi мынандай: 8
ауытқу, 8 қосылу жєне 24 қиылысу нүктелерi бар жєне де 12 нүктеде көлiк
жєне жүргiншi ағындары қиылысқан.
Бұл жерде (2.1) формулаға қойып, қиылыстың күрделiлiк дєрежесiн
анықтаймыз:

m = 5 ( 24 + 3 ( 8 + 8 = 152

Яғни, бұл қиылыс өте күрделі болып есептеледi, себебi m150 шарты
орындалып отыр.
2.6-шi суретте Ашимбаев – Қонаев көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi көрсетiлген.

Сурет 2.6. Ашимбаев – Қонаев көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi.

Қиылыстың талдамасы келесi: мұнда 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 36 қиылысу
нүктелерi бар. Сонымен қатар, 12 нүктеде көлiк ағындары мен жүргiншілер
ағындары қиылысады.
Мєндердi (2.1)-ші формулаға қойып, күрделiлiк дєрежесін табамыз:

m = 5 ( 36 + 3 ( 8 + 8 = 212

Яғни, бұл қиылыс өте күрделі, себебi m150 шарты орындалып отыр.
Келесi талдаманы Ашимбаев – Пушкин көшелерiнiң қиылысына жасаймыз
(сурет 2.7).

Сурет 2.7. Ашимбаев – Пушкин көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi.

Мұнда 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 36 қиылысу нүктелерi анықталған. Сонымен
қатар, 16 нүктеде көліктер мен жүргiншелер ағындары қиылысады.
Мєндердi (2.1)-ші формулаға қоямыз:

m = 5 ( 36 + 3 ( 8+ 8 = 212

Яғни, Ашимбаев – Пушкин көшелерiнiң қиылысы өте күрделі болып табылады,
өйткенi m150.
Ашимбаев көшесі – Жангелдин көшесі қиылысындағы қақтығыс нүктелерi 2.8-
шi суретте көрсетiлген.

Сурет 2.8. Ашимбаев көшесі – Жангелдин көшесі қиылысындағы қақтығыс
нүктелерi.

Бұл қиылыстың талдамасының қорытындысы келесiдей: 8 ауытқу, 8 қосылу,
36 қиылысу нүктелерi жєне көлiк пен жүргiншi ағындарының 16 қиылысу
нүктелерi бар.
Қиылыс мєндерiн (1) формулаға қойып есептеймiз:

m = 5 ( 36 + 3 ( 8 + 8 = 212

Яғни, бұл қиылыс өте күрделі болып табылады, өйткенi m150.
Қақтығыс нүктелерi мен қиылыстардың күрделiлiк дєрежесiнiң мєндерiн 2.1-
шi кестеге келтiремiз.

Кесте 2.1

Қақтығыс нүктелерiнiң талдамасы
Көлiк торабының атаулары Қақтығысу Көлiк жєне Күрделiлiк
нүкте-лерiнің саныжүр-гiншiлер дєрежесi
ағын-дарының
қиы-лысуының
қақ-тығыс
нүктелерi
АуытқҚосылҚиылы
у у су
1 Ашимбаев – Абылай хан 8 8 24 12 Өте күрделі
2 Ашимбаев – Панфилов 8 8 24 12 Өте күрделі
3 Ашимбаев – Фурманов 8 8 36 16 Өте күрделі
4 Ашимбаев – Тулебаева 8 8 24 12 Өте күрделі
5 Ашимбаев – Қонаев 8 8 36 16 Өте күрделі
6 Ашимбаев – Пушкин 8 8 36 16 Өте күрделі
7 Ашимбаев – Жангелдин 8 8 36 16 Өте күрделі

Тар орындар – ЖКО-ның пайда болуының немесе көлiк құралдарының
кiдiрулерiнiң ең ықтымал орындары:
1. ЖКО-ның шоғырлануы бойынша – егер жылына үш жєне оданда көп ЖКО бiр
орында (себептерiнен тєуелсiз) болған болса;
2. Техникалық күйi бойынша – ЖКО-ның қанағаттандырмайтын жол жағдайларының
(жол төсемiнiң апатты-қауіпті дефектiлерi, шұнқырлар, көлденең жєне
бойлық толқын түзулерi) салдарынан болған болса;
3. Ұзақ мерзiмдi бақылау бойынша – көше немесе жол элементiн қолайсыз
геометриялық жоспарлау (республикалық маңызға ие болған автожолдағы
қанағаттандырмайтын көрiнiс – ұзақ көтерiлу салдарының 100 м-ден кем;
қалалардағы қанағаттандырмайтын көрiнiс – қиылысқа дейiн 40 м-ден кем),
көпiрдiң габаритiнiң жолдың еніне сєйкес еместiгi.

2.2. Көлiк ағындарының қауiптi қиылыстардағы қарқындылығын талдау

Қозғалыс қарқындылығы – уақыт бiрлiгiндегi жол арқылы өтетiн көлiк
құралдарының саны. Қозғалыс қарқындылығын анықтауға қажеттi уақыттың
есептелетiн кезеңi ретiнде жылды, айды, сағатты жєне өзге де уақыт
аралықтарын (минут, секунд), бақылаудың алға қойылған мақсатымен тєуелдi
қабылданады. Жол торабының бөлiгiнде қозғалыс ең жоғарғы шамаларға ие
болатын жекеленген аумақшалар аймақтарды бөлiп көрсетуге болады. Мұндай
кеңiстiк бiрқалыпсыздық ең алдымен жүк жєне жолаушылар түзетiн пунктердiң
орналасуының бiрқалыпсыздығы мен олардың бернелерiн көрсетедi.
Єрбiр ЖКО бiр немесе бiрнеше себептердiң салдары болып табылады,
олардың ішiнде меншiктi үлесi жүргiзушелердiң қателiгiне тиедi. Қозғалыс
қарқындылығы мен қаупсiздiгi өзара тығыз байланысты. Қозғалыстың жоғары
қарқындылығы кезiнде жүргiзушi өзге автомобильдер мен олардың
жүргiзушiлерiн қадағалауға аса назар аудару қажет. Осыған байланысты
жүргiзiншi өзiнiң сана-сезiмiнде қозғалыс қауiпсiздiгi үшiн манызды жол
жағдайының элементтерiн тіркеуге және бағалауға үлгермейді. Мысалы,
жүргiзушi жол белгiсiн өткiзiп алуы жүргiншi уақтылы байқап қалуға жєне
т.с.с үлгермеуi мүмкiн. Сондықтан жоғарғы көлiк ағыны жағдайларында ЖКО-ға
єкеп соғатын мезеттер туындауы мүмкiн. Мұнан басқа, қозғалыстың жоғарғы
қарқындылығы кезiнде басып озу жағдайлары күрт шиеленiсiп кетедi, 500-600
автсағ қарқандылығы кезiндеЖКО-ның потенциалдың қаупi 100-200 автсағ
қарқандылықпен салыстырғанда 2 есе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз-Шымкент автотрассасында қыс мезгіліндегі ЖКО санын азайтуға арналған іс-шараларды өңдеу
Алматы қаласы Гоголь көшесі бойындағы жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шаралар жасау
Көше – жол торабының талдамасы туралы ақпарат
Сейфуллин көшесінің орналасу схемасы
Қызылорда қаласының Абай даңғылындағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру
Картограммадан Қонаев көшесінің көліктік ағымының қозғалыс қарқындылығы
Көлік және Көлік торабының атаулары нүктелерінің жүргіншілер
Алматының табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы
Қала көшелерін өндеу
Тараз қаласының көше - жол торабының сипаттамасы
Пәндер