Салқындатқыш машиналар
КІРІСПЕ
Ι. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Компрессионды тоңазытқыштар мен қондырғыларды қолдану негіздері.
1.2 Тоңазтқыштың бақыланатын,реттелетін,және сигналданатын
параметрін таңдау
ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
2.2 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру
2.3 Автоматтандыру құрылғыларына тапсырыс беру спецификациясы
3. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Стандартты тарылтылған қондырғылардағы қысымның шамасының түсуі бойынша су шығынын анықтау
3.2 Су шығынын анықтау қателіктерін есептеу
IV. Еңбекті қорғау
4.1 Тоңазықыш қондырғысын монтаждау кезінде қауіпсіздік ережесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Әлібекмола кен орны Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласынан 250-270км оңтүстікке қарай орналасқан және ірі кен орындарының қатарына жатады.
Әлібекмола кен орны Жарқамыс көтерілімінің солтүстік-шығыс бөлігінде Жаңажол кен орнының солтүстік-шығысынан 30км жерде орналасқан.
Өнімділік екі карбонатты қатқабатпен (КТ-I және КТ-II) байланысты. КТ-I карбонатты қатқабатының гжель және жоғары москва подъярусының орта карбонын шөгінділерінде, жоғары карбонның касимов ярусында газмұнай шоғыры анықталған.
Серпухов-башкир кеңінің КТ-II карбонатты қатқабатында мұнай шоғыры анықталған. Нарықтық экономика жағдайында сапалы тоңазытқыш сату құралдары үлкен маңызға ие.
Тұтынушылық сұранысты ұлғайтудын басты факторларының бірі – өнім ассортиментің ұлғайту, ал оның сапалы болуына тек қана температураны және дұрыс сақтауды ұстанған кезде қол жеткізіледі.
Бұған қоса өнімнің үлкен партиясын сатып алған кезде кәсіпорын тауарға үлкен жеңілдіктерді алуы мүмкін, ал өнімнің үлкен мөлшерін сапалы түрде сақтауды тек қана жақсы тоңазытқыш жабдықтарының есебінен қамтамассыз етілуі мүмкін. Қазіргі кездегі тоңазытқыш машиналар екі топқа бөлінеді:
Компрессионды – механикалық энергияны жұмсай отырып жұмыс жасайды.
Адсорбционды – жылу энергиясын жұмсай отырып жұмыс жасайды.
Аталған курстық жобада біз компрессионды тоңазытқыштар мен қондырғыларды қарастырамыз.
Компрессионды тоңазытқыш машинасы төрт негізгі бөліктерден тұрады: буландырғыш, компрессор, конденсатор және термореттеуші вентиль (ТРВ).
Тоңазытқыш машинаның компрессоры келесі процестерді жүзеге асыру үшін қажет: буландырғыштан суытқыш агенттің буларын сору үшін, оларды адеабатикалық қысып конденсаторға жіберу үшін.

1) И.П Сүгіров « Бу генераторының құрылысы»
2) В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007
3) А.Ф Колягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов»
4) В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электрооборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991
5) М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте» Часть 1
6) «Техникалық терминдер» сөздігі Алматы 2009

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Әлібекмола кен орны Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласынан 250-270км оңтүстікке қарай орналасқан және ірі кен орындарының қатарына жатады.
Әлібекмола кен орны Жарқамыс көтерілімінің солтүстік-шығыс бөлігінде Жаңажол кен орнының солтүстік-шығысынан 30км жерде орналасқан.
Өнімділік екі карбонатты қатқабатпен (КТ-I және КТ-II) байланысты. КТ-I карбонатты қатқабатының гжель және жоғары москва подъярусының орта карбонын шөгінділерінде, жоғары карбонның касимов ярусында газмұнай шоғыры анықталған.
Серпухов-башкир кеңінің КТ-II карбонатты қатқабатында мұнай шоғыры анықталған. Нарықтық экономика жағдайында сапалы тоңазытқыш сату құралдары үлкен маңызға ие.
Тұтынушылық сұранысты ұлғайтудын басты факторларының бірі - өнім ассортиментің ұлғайту, ал оның сапалы болуына тек қана температураны және дұрыс сақтауды ұстанған кезде қол жеткізіледі.
Бұған қоса өнімнің үлкен партиясын сатып алған кезде кәсіпорын тауарға үлкен жеңілдіктерді алуы мүмкін, ал өнімнің үлкен мөлшерін сапалы түрде сақтауды тек қана жақсы тоңазытқыш жабдықтарының есебінен қамтамассыз етілуі мүмкін. Қазіргі кездегі тоңазытқыш машиналар екі топқа бөлінеді:
Компрессионды - механикалық энергияны жұмсай отырып жұмыс жасайды.
Адсорбционды - жылу энергиясын жұмсай отырып жұмыс жасайды.
Аталған курстық жобада біз компрессионды тоңазытқыштар мен қондырғыларды қарастырамыз.
Компрессионды тоңазытқыш машинасы төрт негізгі бөліктерден тұрады: буландырғыш, компрессор, конденсатор және термореттеуші вентиль (ТРВ).
Тоңазытқыш машинаның компрессоры келесі процестерді жүзеге асыру үшін қажет: буландырғыштан суытқыш агенттің буларын сору үшін, оларды адеабатикалық қысып конденсаторға жіберу үшін.
Компрессордың буландырығыштан буларды сорып алуы.
Суытқыш ортада орналасқан буландырғыштар жұмыс жасап тұрған тоңазытқыш қондырғыда басқа денелермен салыстырғанда аса төмен температураға ие болады.
Буландырғыш түтіктерінде суытқыш агент бар, оның қайнау температурасы қысымға байланысты.
Буландырғышта түзілетін булар әрдайым компрессормен шығарылып отырады, бұл тұрақты қысымды және сәйкесінше мұздатқыш агенттің тұрақты қайнау температурасын қамтамассыз етіп отырады.
Ι. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Компрессионды тоңазытқыштар мен қондырғыларды қолдану негіздері.
Тез шіритін өнімдерді үйде сақтау үшін жасанды суытуға арналған кішігірім машиналар - тұрмыстық тоңазытқыштарды қолданады.
Тоңазытқыштарда, қондырғыларда және машиналарда жасанды суыту қолданылады, себебі көп жағдайларда сатуға арналған тауарларды сақтап қалу үшін қоршаған ортадан төмен температураны ұстап тұру қажет.
Суыту үрдісі суыту ортасы және жұмыс затының, немесе суытқыштың қатысуымен жүреді. Төмен температураға ие болатын суытқыш немесе суытқыш агент суытылатын ортадан жылуды сорып алады.
Суытқыштар ретінде өз агрегаттық күйін төмен температура кезінде өзгертетін және бұл кезде көп мөлшерде жылуды сорып алатын заттарды қолданады.
Бұл су мұзы, мұз тұзды қоспалар (қатты көміртек диоксиді) және сұйық суытқыш агенттер (мұздатқыш он және аммиак).
Су мұзы және мұз тұзды қоспалар балқу үрдісі кезінде, құрғақ мұз - сублимация үрдісі кезінде жылуды сорып алады.
Суытқыш машиналарда сұйық суытқыш агенттерді қолданады, олар машина қондырғыларында айналу есебінен қыздырыу кезінде жылуды сорып алады.
Суытқыш агенттердің сипаттамалары.
Суытқыш агент дегеніміз суытылатын ортадан жылуды сорып алуға арналған химиялық зат блып табылады.
Бұл үшін арнайы оңай қайнайтын, атмосфералық қысым кезінде төмен қайнау температурасына ие болатын сұйықтықтарды қолданады.
Қазіргі кезде аммиак және фреон 22 суытқыш агенттерін кеңінен қолданады. Аммиак - бұл қатты иісі бар түссіз газ, шырышты қабықты тітіркендіреді.
Сол үшін ағып кеткен кезде оны иісі бойынша білуге болады.
Аммиак суда да жақсы ериді. Оны орта және үлкен өнімді суыту машиналарында қолданады.
Қуаттылығы аз болатын машиналарда оны қолдануға болмайды, себебі оның кемшіліктері бар (улы, өртқауіпті, жарылғыш).
Фреон-22 -- түссіз газ, әлсіз өзіне тән иісі бар, сол себепті оның ағып кетуіп білу қиын. Оның ауадағы мөлшері 20 асқан кезде ғана білінеді.
Ол тығыз емес жерлерден оңай өтіп кетеді, металдардарға нейтралды, жарылғыш қауіпті, алайда жанбайды.
Атмосфералық қысым кезінде оның қайнау температурасы 400 оС. Фреон-22 артықшылығы - улы емес, тек қана оның ауадағы құрамы 30 асқан кезде ауа жетіспеуінен ағзаның улануы байқалады.
Компрессорлы тоңазытқыш машиналар. Бұл машиналар келесі негізгі бөліктерден тұрады: буландырғыш, конденсатор, компрессор және реттеуші вентиль.
Буландырығыш - жылантәрізді, қабырғалы түтікті батарея түрінде болатын қондырғы, оның ішінде қоршаған ортадан жылуды сорып алу есебінен суытқыш агенттің қайнауы төмен температура жағдайында жүреді.
Буландырғыш суытқыш шкафтың ішінде оның үстінгі бөлігінде орнатылады. Конденсатор - фреон буларын суытуға және оларды сұйықтыққа айналдыруға арналған қондырғы.
Фреонның суытылуын тездету үшін арнайы вентилятыор көмегімен конденсатор арқылы ауаны үреді.
Компрессор - буландырығыштан суытқыш агенттің буларын сорып алатын және сығылған күйде оларды конденсаторға жіберетін қондырғы.
Компрессор - цилиндр, піспек және электр қозғалтқыштан тұрады. Реттеуші вентиль - буландырғышқа берілетін сұйық фреон мөлшерін реттеуші қондырғы.
Бұған қоса реттеуші вентиль төментемпературалық қайнау жағдайын қамтамассыз ету үшін фреон қысымын төмендетеді.
Фреонды автоматты компрессорлы машина.
Бұл машиналар қазіргі кезде көрмелерді, шкафтарды, камераларды, сату орындарын суыту үшін қолданады, олардың буландырғыштарын суытылатын объектінің ішіне орнатады.
Пайдалану және қолдану ыңғайлылығы үшін кейбір қондырғыларды бір түйінге біріктіріп агрегат деп атайды.
Қазіргі кезде зауыттар ашық типті ФАК-1,5МЗ агрегаттарын шығарады.
Буландырғыш және реттеуші вентиль суыту камерасында орнатылады, ал машинаның қалған детальдары штампталған тақтаға орнатылған және агрегатты құрайды.
Агрегатты суыту камерасының қасында орнатады және суытқыш агент айналып жүретін түтіктер көмегімен буландырғышпен қосады.
Машинаның жұмыс жасау мәні келесіден тұрады: суытқыш агент буландырғышқа түсіп, қайнайды, сұйық күйден газ тәрізді күйге айалады.
Бұл кезде буландырғыштың түтіктері мен қабырғаларынан активті түрде жылуды сорып алады.
Буландырғыштың ішіндегі буларды компрессор көмегімен сорып алады, кейін оларды сығылған күйде конденсаторға жібереді, мұнда салқын ауа көмегімен, суытқыш агент жоғары қысымға ие бола отырып сұйық күйге өтеді.
Сұйық суытқыш агент реттеуші вентиль арқылы буландырғышқа барып түседі, ал ол қысымды төмендетіп оның жіберуін реттейді.
Осылайша оқшауланған ортада фреон мен оның буларының бірдей мөлшері әрдайым айналымда жүреді.
1.2 Тоңазтқыштың бақыланатын,реттелетін,және сигналданатын
параметрін таңдау
Тоңазытқыш қондырғыларын қолдану мақсаты тоңазытылатын бөлмелерде нормативті температура - ылғалдылық режимдерді сақтау немесе қондырғылардың қауіпсіз және сенімді жұмыс жасауы жағдайында салқынды өндіруге минималды шығын кезінде өндірістің технологиялық процестерін қамтамассыз ету болып табылады.
Пайдалану үрдісінде тоңазытқыш қондырғысына қызмет көрсету келесі операциялардан тұрады: жүргізу, тоқтату, жұмыс жасау режимін реттеу, бірқатар қосымша жұмыстарды орындау, сынықтарды жөндеу, ұсақ ағымдық жөндеуді өткізу, автоматтандыру жүйесін бақылау, тоңазытқыш қондырғысының жұмыс жасауын есептеу.
Қолдану үрдісінде тоңазытқыш қондырғының сенімділігін және ұзақ уақыт жұмыс жасауын, қажет етілген технологиялық режимдерді ұстау сенімділігі, қызмет көрсетуші жұмысшылардың қауіпсіздігін тиімді режимде қамтамассыз ету керек.
Қызмет көсетуші жұмысшылар сәйкес біліктілікке ие болуы керек, қондырғыларды және оларды қолдану ережелерін жақсы білуі керек. Тоңазытқыш қондырғысын реттеу үрдісінде қызмет көсетуші жұмысшылар оптимальді жұмыс жасау режимін қамтамассыз ете білуі керек.
Ол жылуалмастырғыш аппараттардағы орталардың оптимальді ауысуымен және будың оптимальді қайнауымен анықталады.
Температураладың оптимальді ауысуы нақты жұмыс жасау шарттарына тәуелді. Мысалы көліктік тоңазытқыш қондырғыларында қондырғының кішігірім болуы маңызды, сол үшін температуралар ауысуларын біліп тұрып ұлғайтады.
Камералық жылуалмастырғыш қондырғыларды есептеу кезінде технологиялық талаптарды ескереді.
Оптимальді температуралық ауысулар қызмет көрсетуші жұмысшыларға белгілі болуы керек.
Тоңазытқыш қондырғысының жұмыс жасауының негізгі көрсеткіштері - суық өнімділігі, электр энергиясының шығыны, су шығыны- тоңазытқыш қондырғысының температуралық режиміне тәуелді болады.
Қайнау температурасы.
Суытылатын объекті мен қайнау температурасы арасында температура айырмашылығын 7-10 оС деп алады.
Салқынтасымалдағыштарды салқындатуға арналған буландырғыштарда суытылатын суық тасымалдағыш пен суытқыш агенттің температурасы арасында температуралар айырмашылығы 4-6 о С құрады. Конденсация температурасы.
Су кожухтүтікті конденсаторларда 4-6 оС дейін ал суарғыштарда 2-3 °С дейін. Конденсация температурасы конденсатордан шығатын су температурасынан 4-6 °С асуы керек.
Ауа суытқыш конденсаторда ауа 4-5 °С дейін суытылады, конденсатордордан шығар кезде ауа және конденсациялаушы суытқыш агент арасындағы температуралар айырмашылығы 6-9 °С.
Конденсаторгға сорылатын будың қызуы. Компрессорге келіп түсіетін бу температурасы яғни бу қызуының айырмашылығы буландырғыш жүйеге келіп түсетін сұйық суытқыш агенттің мөлшеріне тәуелді болады.
Аммиакты компрессорлар үшін компрессорға сору кезінде бу қызуы 5-15 °С аралығында болады.
Фреондылар үшін будың минималды қызуы 10 °С төмен болмауы керек. Жылуалмастырғышы бар фреонды салқындату қондырғылары үшін бу қызуы 10-45 °С аралығында жатады.
Аса қызу температурасы.
Сұйық суытқыш агент конденсаторларда, асасуытқыштарда конденсация температурасынан төмен суытылуы мүмкін.
Суытқыш агенттің реттеуші вентиль алдында аса суытылуы суық өндірудің көбеюіне алып келеді.
Компрессор айдайтын бу температурасы 10-15 °С теориялық мәнінен аспауы керек.
Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес аммиакты суытқы қондырғыларына компрессорлардың әртүрлі типтері үшін айдау температураларының шекті мәндері орнатылған 105 "С-150 °С аралығында, фреондыларға 22-90 °С.
Жоғары температура буландырғыш майдың ұшқын беруіне және компрессордың жарылуына алып келуі мүмкін. (аммиакты салқындатқыштарда қолданылатын майлардың ұшқын беру температурасы шамамен 160 °С.).
Салқындық микроағзалардың дамуын тежейтін керемет консервант болып табылады.
Сол себепті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өнімді шкафтарда, камераларда, көрмелерде сақтау салқынды қолданады.
Бұл кезде өнімдердің дәм қасиеттері және сыртқы түрі өзгеріссіз қалады. Салқын түсінігі денедегі аз жылудың болуын білдіреді.
Суыту - тамақ өнімдерінен жылуды алу, олардың температураларының төмендеуімен бірге жүреді.
Жасанды және табиғи суытуды бөлуге болады.
Табиғи суыту кезінде өнім температурасы қоршаған ауа температурасына дейін төмендеуі мүмкін.
Ал жасанды суыту кезінде бұдан да төмен температураларды жасауға болады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында жасанды салқынның бірнеше әдістерін қолданады, олардың негізінде заттың агрегаттық күйін өзгерту үрдістері - балқыту, буландыру және сублимация жатады.
Балқыту - бұл заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі.
Қайнау - заттың сүйық күйден газ тәрізді күйге өтуі.
Сублимация - бұл қатты заттың сұйық күйге өтпей бірден газ тәрізді күйге өтуі.
Әртүрлі температураларда қайнайтын сұйықтықтардың газ түзілуінің жасырын жылуын қолдану процессі аса таралған.
Мұндай сұйықтықтар суытқыш агрегаттар атауына ие болады. Жылу тасымалдау суытқыш машина деп аталатын арнайы қондырғыда жүзеге асырылады. Мұзбен суыту.
Мұзбен суыту тамақ өнімдерін суытудың ең қарапайым әдісі болып табылады, оның физикалық негізін мұз бен қарды еріту процессі құрайды. Алу әдісіне қарай мұз жасанды және табиғи болады.
Мұзбен суыту мұздық деп аталатын қондырғыларда қолданылады, олардағы азық түлік орналасқан суытқыш камераларға қатысты мұздың орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.
Алайда мұзы жанынан орналасқан мұздықтар аса кең таралған. Мұзды белгілі бір уақытқа жететіндей етіп салады және оның көлемі азық - түлік орналасқан камералар көлемінен 4-5 есе көп болуы тиіс.
Мұзбен суыту кезінде температураны 6-8 °С дейін ылғалдылықты 90-95 дейін жеткізуге болады. Мұз тұзды суыту. Суық көзі мұз бен тұз қоспасы болады. Тұз көп болған сайын қоспа температурасы төмен болады. Температураның төмендеуі белгілі бір шекке дейін жүреді.
Тұз бен мұздың ең төмен температурасы -20-21 °С құрайды. Тұздалған қоспа суытылған ортада мұз суытуымен салыстырғанда төменірек температураларды жасауға мүмкіндік береді.
Құрғақ мұзбен суыту. Бұл әдіс қатты көміртек қышқылының сублимацясына негізделген.
Қатты мұз қатты көмір қышқылы, ол сырқы келбеті бойынша борға ұқсас заттың бөлшектері сияқты, алайда олар өте салқын және нормальді температура кезінде тез ериді.
Жай күйінде ол қатты күйден газ тәрізді күйге өтеді. Бұл кезде температура -70-90 °С дейін төмендейді.
Құрғақ мұздың суық өнімділігі су суытуынан 1,9 есе көп. Құғақ мұз азық түлікті суыту үшін өте ыңғайлы, себебі ылғалды бөлмейды, өнімді ластамайды, төмен температураға ие болады.
Алайда оны қолдану қоршаған ортаның салыстырмалы жоғары болуына орай шектелген.
Кішігірім тоңазытқыш қондырғыларында азық түлікті сақтаудың нормальді режимдерін қамтамассыз ету үшін келесі талаптарды сақтау керек:
Шкафта, көрмеде, сату сөресіндегі температура берілген температураға дейін жеткесін барып өнімді жүктеу керек.
Суыту камераларынан келіп түсетін тез бұзылатын өнімдердің суытылған күйде жүктеу қажет.
Ыстық тағамдарды (сүт, компот) алдын ала қоршаған орта температурасына дейін салқындатып барып салу керек
Рұқсат етілген максималды жүктеу нормасынан асырмау керек.
Шкафтар мен камералар сөрелерін қағазбен, марлямен, жұқа тақтаймен қаптамау керек, бұл жиі жағдайларда ауаның қозғалысына және өнімдердің нормальді суытылуына кедергі келтіреді.
Өнімдерді бір бірінен белгілі бір қашықтықта және қабырғалардан 6-10 см қашықтықта орналастыру және ілу керек.
Біреуінің қатты иісі бар өнімдерді бір уақытта сақтамау керек(мысалы балық пен сары май, ірімшык пен ет, балық пен ет және т.б.)
Шкафтардың, сату сөелерінің есіктерін сирек және аз уақытқа ашу керек, кейін оларды берік жабу керек
Шкафтағы, сату сөресіндегі, жиналмалы және стационарлы камералардағы температураны тексеру үшін термометрлерді орнатады.
Буландырғыштарда қар тонының қабаты 4-5 мм аспауы керек. Буландырғыш қабырғаларының арасындағы қырау кеңiстiгі әрқашанда бос болууы керек.
Қырауын жуандығы 4 -- 5 мм кезінде салқындатқыш құралдарымен қыраулар ериді. Қар тонын буландырғыштан пышақтарымен немесе басқа да қырғыш бұйымдармен алып тастауға рұхсат етiлмейдi - себебі бұл буландырғыштардың зақымдануына, тоңазытқыш машинасының жүйесiнен фреонының ағып кетуiне және оның жұмысқа жарамсыз болуына әкеп соқтырады.
Егер тоназытқыш жабдығында өнiм жоқ болса, онда тоңазытқыш машиналарды өшiредi.
ІІ. Арнайы бөлім
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
Тоңазытқыш қондырғылар мен құрылғыларды автоматтандыру негізгі және қосымша міндеттерді қамтиды.
Автоматтандырудың негізі міндеті - сыртқы әсерлердің нәтижесіндегі жұмыс зонасының белгіленген температура өзгерісінің қалыпты деңгейін сақтау.
Автоматтандырудың қосымша міндетіне негізгі міндетті орындауға әсер ететін буландырғыштар мен түтіктерді қуаттандыру, конденсация қысымының қалыпты деңгейін сақтап тұру, қауіпті жүйелерден сақтау және т.б. жатады.
Астоматтандырудың негізгі міндеті 9.5 суретінде көрсетілген сызбанұсқасында айқындалған. Об салқындау объектісіне сырттан келген немесе объект ішінде қалыптасқан Qпр жылу ағыны әсер етеді.
ХМ тоңазытқыш қондырғысы жылу көлемін Qот жұмыс зонасының белгіленген температура өзгерісінің қалыпты деңгейін сақтау немесе талапқа сай заң бойынша өзгеруін қамтамасыз ету арқылы бөліп шығару қажет.
ХМ тоңазытқыш қондырғысы сыртқы көздерден Е энергияны қолдану арқылы салқындатылған ортаға ( ауаға немесе суға ) Qв жылуын бөліп шығаруды қамтамасыз етеді.
Сызбанұсқаңа сүйенсек, автоматтандырудың негізгі міндеті Qпр және Qот жылу ағындарының үйлесімділігін tоб температурасының қалыпты денгейін сақтау арқылы айқындалады.
Бұл Qпр немесе Qот жылу ағынына әсер ету арқылы жүзеге асады.
Qпр ағынына әсер ету. Егер де қандай да бір жүктеменің немесе өзге де факторлардың әсерінен tоб температураның белгіленген деңгейінен ауытқуы орын алса, Qпр жылу ағыны пайда болған ауытқуды өтейтіндей өзгеру керек.
Дегенмен, бұл әдіс кен таралмаған және де тоңазытқыш қондырғының энергетикалық эффективтілігі басты көрсеткіш ретінде қарастылмаған немесе басқа әдіспен басқару мүмкін емес жағдайда ғана қолданылады.
Осы әдіске мысал ретінде, температураны басқару электр арқылы жүзеге асатын, төмен температуралы буландырғыш қондырғыларды айтуға болады.
Qот ағынына әсер ету. Бұл жағдайда tоб температураның белгіленген деңгейінен ауытқуы орын алса, Qот жылу ағыны пайда болған ауытқуды өтейтіндей өзгеру керек.
Бұл әдіс кеңінен қолданылады және негізгілердің бірі болып табылады.
Уақыт бірлігіндегі салқындату объектісінен бөлінген жылу мөлшері Qот (Вт),
(9.1)
мұндағы, k- жылу алмасу коэффициенті, * ; F - жылу беру қондырғысының беткі ауданы, м²; tоб - салқындатылатын объектінің орташа температурасы, К; tр.т. - салқындаттыруды жұмысшы дененің орташа темпераурасы, К.
Уақыт бірлігіндегі салқындаттыруды жұмысшы дененің шығаратын жылу мөлшері Qрт (Вт),
(9.2)
мұндағы, і вх, і вых - жылу беретін қондырғыдан кіру және шығу кезіндегі жұмысшы дененің энтальпиясы, Джкг; Gрт - жұмысшы дененің шығыны , кгс.
Белгіленген жағдайда
(9.3)
9.1 және 9.2 шарттарынан төмендегі формуланы аламыз:
(9.4)
9.4 формаласына сүйенсек, температураны басқару бірнеше әдістермен жүзеге асады.
Олар : жұмысшы дене температурасын, жұмысшы дене шығынын, жылу алмасу коэффицентін (мысалы, буландыр,ыш арқылы өтетін ауа жылдамдығының өзгеруі ), жылу беру қондырғысының беткі ауданы көрсеткіштерін өзгерту арқылы және т.б.
Мысал ретінде, аммиакты тоңазытқыш құрылғыны қолдану арқылы салқындату аймағындағы температураны автоматты басқаруды қарастырамыз.
Автоматика жүйелерін жобалау кезінде төмендегі нормативті құжаттар базасын қарастыру қажет.
Олар: Өндірістік процесстерді автоматттандыруды жобалау нұсқаулығы, Аммиакты тоназытқыш құрылғылармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелер,
Өндіріс орындарындағы электр қондырғыларын дұрыс қолдану мен қауіпсіз қызмет көрсету ережелері,
Қысым әсерімен жұмыс жасацтын түтіктерді қауіпсіз қолдану ережелері, Жергілікті жерлердегі өндіріс мекемелерінің құрылыс жобаларының өртқауіпсіздік ережелері,
Электр қондырғыларының құрылым ережелері (ЭҚЕ).
Тоңазытқыш қондырғыларды автоматтандыру мыналарды қамтамасыз ететі: қондырғыларды пайдалану қауіпсіздігін көтеру және кызмет атқарушылардың еңбегін жеңілдету;
технологиялық параметрлерді қолдау олар тоңазытқышта сақтау мен өңдеудегі азықтық және басқа өнімнің табиғи шығынның көлемі мен сапасының сақталуына байланысты;
пайдалану шығыстарын қысқарту; тоңазытқыш машинаның қызмет мерзімін арттыру және олардың ағымдағы жөңдеу жұмыстарының шығынын төмендету; өндіріс мәдениетін арттыру.
Тоңазытқыш қондырғылардың автоматтандыруының ұсынуылуының негізгі талабы келесідей тұжырымдалады:
1. Барлық технологиялық нормативтердің қатаң сақталуы (әсіресе, тоңазатқыш камералардың жүктеу нормаларының сақталуы) және тоңазытқыш қондырғылардың өнімділігі мен суытқыш құрылғылардың бетінің сәйкес келуі.
2. Автоматтандырудың техникалық құрылғылары- өлшеу құралдары, автоматты реттегіштер, атқарушы механизмдер, ілмек және реттеуші құрам бөліктер қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарда орналастырылуы керек.
3. Автоматтандырудың құрылғылары мен құралдары орналасқан құбыр бөліктерін жөндеу, ауыстыру, тексеру мақсатында тоңазытқыш жүйеден ажыратуға мүмкіндік беретін ілмек құралмен бекіту қажет.
4. Барлық электрқұрылғылар В-1б классты ғимараттарға қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.( ЭҚЕ).
Тоңазытқыш құрылғының электрэнергия шығынын бөлек электресептегішпен есептеу керек.
Сорғы-айналымды, сорғысыз және сұйықтықты тооңазытқыш құрылғының сақындатқыш жүйелерінің автоматтандыру сызбанұсқасы оған кіретін элеметтерге байланысты ажыратылды.
Сорғы-айналымды буландырғыш жүйелерді автоматтандыру мынаны қарастырады:
а) салқынданушы аймақтағы ауа температурасын автоматты реттеу ( мұздату камераларынан бассқа);
б) буландырушы жүйеге сұйық хладагент түсуін автоматты реттеу;
в) белгіленген қайнау температурасын (қысым) автоматты қалыпта ұстау;
г) су сіңіргіш ресивер жұмысын басқару.
Аралық хладотасымадаушымен (сұйықтық) қамтамасыз етілген буландырғыш жүйелі тоңазытқыш құрылғыларды автоматтандыру мынаны қарастырады:
а) салқынданушы аймақтағы ауа температурасын автоматты реттеу;
б) аралық хладотасымадаушы температурасын автоматты реттеу;
в) буландырғыштарға сұйық хладагенттердің (аммиак, фреон) түсуін автоматты реттеу;
г) хладотасымадаушының (сұйықтық) айналымын қамтамасыз ететін сорғы жұмысын автоматты басқару;
д) қаптамалы құбырлардың хладотасымадаушының мұздап кетуінен атоматты сақтау;
е) буландырғыштағы және сұйықтық бөлуші құрылғыдағы (сақтандырушы ресивер) сұйық хладагенттің деңгейін басқару.
Сорғысыз буландырғыш жүйелерді автоматтандыру мынаны қарастырады:

б) салқындатушы құрылғылардың сұйық аммиакпен толуын автоматты реттеу;
в) буландырушы жүйедегі қайнау температураны автоматты реттеу;
г) сұйықтық бөлуші құрылғыдағы және сақтандырушы ресивердегі сұйық хладагенттің деңгейін басқару;
д) су сіңіргіш ресивердегі аммиак деңгейін басқару.
Камералардағы температураны автоматты реттеу үшін жекелеген әдістерді немесе аз дифференциалды көпнүктелі екі позициалы реттегіштерді қолдану керек. (0,5...1,0°C).
Егер камералардың саны көп мөлшерге жетсе (6...8), онда әр бір камераға жеке температура релесі арқылы торапты желі әдісімен реттеу қолданылады. (мысалы, ПТР-2, ТР-5М температура релесі).
Басқару ауданы мен объект санының өсуі мен алдағы уақытта ауқымының кеңеюіне байланысты көпнүктелі температура реттегіштері арқылы жүзеге асатын автоматты реттеудің орталықтандырылған схемасын (белгіленген реттілікпен автоматты реттеу принципі) қолданған жөн. (мысалы, элетронды реттеуші көпір, электронды логикалыық құрылғылар және т.б.)
Реттегіштердің өлшеу құрылғыларын камерадағы температураның орташа деңгейін бақылайтын және мүмкіндігіне қарай ыңғайлы жерлерге , көбіне еденнен 23 деңгейде орналасқан бағана немесе жардағы нүктеледе орнату қажет.
Тексеру құрылғыларын қандай да бір сыртқы операциялардан қорғау мақсатында қоршап қою керек.
Тексеру құрылғыларын суықтандырғыш құрылғылардың, камера есіктерінін жанына және желдеткіш бағытына қарай орналастыруға болмайды.
Екіншілікті реттеу құрылғылары тоңазытқыш құрылғының сигнал беру жабдығы немесе қалқан (КСЩ) орналасқан жерлерге бекітіледі.
Ауа температурасын реттеудің атқарушы құрылғылары ретінде мыналар қолданылады: батареялы салқындату жүйелі объектілерге - электромагнитті қозғалтқышты аспап (соленоидты тетік); ауамен салқындату объектілері үшін- электромагнитті қозғалтқышты және ауа салқындатқыш желдеткіштерінің электроқозғалтқыштары.
Ауасалқындатқыштарымен және хладагентпен сорғы- айналымды жүйелі қуаттандыру батареясымен қамтамасыз етілген камерадағы ауа температурасын автоматты реттеудің функциональды сызбанұсқасы 9.6 суретінде көрсетілген.
Температураны реттеу РТ температура релесі (2а, 2б поз.) және соленоидты тетік СВ (3бг поз.) арқылы жүзеге асады. Реле камерасында РТ ауа температурасы жоғарылаған жағдайда батареяға хладагент түсетін құбырдағы СВ тетігі қосылады да ол ашылады.
Белгіленген температура орнаған кезде реттеу релесі РТ СВ сөндіреді де ол жабылады.
Соленоидты тетік алдына оны жөндеу және тексері қажеттілігіне қарай сүзгі және тығын тетігі орналастырады. КСЩ орналасқан екіншілікті құрылғы (көрсетуші) арқылы температураны қашықтықтан басқару үшін көпнүктелі ауыстырп-қосқыш ПМТ (3в поз) пен логомертмен ЛГ(3б поз) жұмыс істейтін қарсыласу термоауыстырғыш ТС2 (3а поз) қолданылады.
Тепмератураны реттеуде қарсыласу термоауыстырғышты көпнүктелі реттегіштерді қолдануда қашықтықтан басқару үшін арнайы құрылғыларды орналастыру міндеті емес.
Себебі, реттеу бір өлшегіш және сол өзектре арқылы өтеді.
Температураны бақылама қадағалау қарсыласу термоауыстырғыш жанындағы камерада орналстырылған әйнек термометр арқылы жүзеге асады.
Хладагенттің таралымын бастапқы реттеу кезінде суыйқтық түсуші желілердегі тетіктерді қолмен реттеу арқылы орындайды.
Батареялардың жібу процесі қолмен реттелетін хладагент буы арқылы жүреді.
Сұйықтықты суықтандыру камераларындағы температураның автоматты реттелуі де осылай орындалады.
Сорғысыз буландырғыш жүйелі батереямен толтырылған камералардағы автоматтандыру сызбанұсқасы 9.7 суретінде көрсетілген.
Камералардағы температураның автоматты реттеу схемасы соленоидты тетікпен 1СВ(4а поз) және 2СВ (9а поз) басқарылатын температура релесі 1РТ (5а, 5б поз) және 2РТ (10а, 10б поз) арқылы жүзеге асады.
Батареялардың аммиакпен толтыруын автоматты реттеу батареядан қызған будың шығу бағытына қарай термореттеуші тетіктер арқылы жүзеге асады.
Сұйық аммиак жекелеген термореттегіш тетіктер 1ТРВ (2а, 2б, 1а поз) және 2ТРВ ( 7а, 7б, 6а) арқылы камера батареяларына өтеді.
Температураны басқару ПМТ (11б поз) қосып-ауыстырғышы арқылы өлшегіш құрал - логометрге ЛГ (11в поз)қосылған қарсыласу термоауыстырғыш 11 (11а поз) және 12 (12а поз)арқылы орындалады.
Сұйықтықты тоңазытқыш камераларындағы ауа температурасын автоматты реттелу жоғарыдағыдай жүзеге асады.
Сұйықтықты сорғылардың жұмысының автоматтандырылуы 9.8 суретінде көрсетілген. Баспа құбырлардағы сұйықтық қысымын басқару және ол туралы ақпарат беру қысым релесі (1а,4а,7а поз) арқылы ал құбырдағы қысым манометр(2а,5а,8а поз) арқылы бақыланады.
Сұйықтықты сорғылардың жұмысын басқару мына командалар арқылы орындалады: кемінде бір ғана суықтандыру объектісін қосу- пуск пернесі арқылы, буландырушы жүйенінң барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz