Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.тарау.Жұмыссыздықтың теориялық тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.тарау.Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау ... ... ... ... .21
3.тарау.Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық қатынастар үзілгені белгілі.Ал Қазақстан сияқты алдымен шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен соққы еді.
Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға көшуді жөн көрді.Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінг мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне душар еді.Жете дамыған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады.Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың, экономикалық және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.
Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздық пен қазіргі жұмыссыздықтың арасында үлкен айырмашылық бар.90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай сипатта болды деуге болады.Сонда да жұмыссыздық ең өткір мәселелердің бірі болып табылады.Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді.Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құрұ жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұн-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.Сондықтан да бұл курстық жұмыстың маңызы Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін нарықтық экономиканың өзеті мәселелерінің бірі-жұмыссыздыққа қарсы мемлекет пен жеке кәсіпорындардыңәлеуметтік саясат жүргізу болып табылады.
1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров І.А. Экономикалық теория. Алматы, 2002 жылы, 282 – 288б.
2. Жумабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, “Қазақ университеті”, 2003 жылы, 144 –157б.
3. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы, “Экономика”, 2003 жылы, 59 – 80б.
4. КарГУ им. Е.А. Букетова, Современная экономика Казахстана, Караганда 2005 жылы, 14 – 16б.
5. Нұрмұхамедова Ш.С. “Жұмыссыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі”, ҚазҰУ хабаршысы, 2005 жылы, №2, 132 – 134б.
6. Алпысбаева С.Н. “Экономика рынка труда”, Караганда, 2002 жылы, 87 – 100б.
7. 30.12.1998 жылдан №341 – 1 (22.11.1999 жылдан №483 – 1 өзгертулер) “Халықтың жұмысбастылығы туралы”, ҚР – ның заңы.
8. Қатарбаева А.А. “ҚР – да еңбек нарығындағы істің жағдайы туралы”, Справочник кадровика Казахстан, 2006 жылы, №7, 38 – 44б.
9. ҚР – ның халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарғы арналған бағдарламасы.
10. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. 2006 жылы, 138 – 140б.
11. ҚР – ның президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жылы 1 наурыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-тарау.Жұмыссыздықтың теориялық
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.Жұмыссыздық деңгейі.Оукен
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2-тарау.Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3.Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын
талдау ... ... ... ... .21
3-тарау.Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..34

Кіріспе

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет
құрылған соң олардың арасындағы бұрын көп жылдар бойы қалыптасқан
экономикалық қатынастар үзілгені белгілі.Ал Қазақстан сияқты алдымен
шикізат өндіретін өндіріске маманданған және қорғаныс өнеркәсібіне жеке
бөлшектер ғана өндіретін кәсіпорындары ғана бар республикаға бұл үлкен
соққы еді.
Қазақстан осы дағдарыстан шығу үшін нарықтық экономикалық қатынастарға
көшуді жөн көрді.Ал, нарықтық қатынастарға көшуге, экономиканы реформалауға
байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінг мемлекеттер жұмыссыздық
мәселелеріне душар еді.Жете дамыған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса
бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар
жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және
жұмыспен қамту саласы қауіпті сипат ала бастады.Отандық өндірістің дамуын
ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың, экономикалық
және қаржылық тетіктердің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда
әлеуметтік жанжалдың, кедейшіліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.
Алайда 90-шы жылдары болған жұмыссыздық пен қазіргі жұмыссыздықтың
арасында үлкен айырмашылық бар.90-шы жылдардағы жұмыссыздықты жаппай
сипатта болды деуге болады.Сонда да жұмыссыздық ең өткір мәселелердің бірі
болып табылады.Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикалық
дамуына зор нұқсан келтіреді.Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына,
әл-ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық
жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді Осыған
байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік
негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құрұ жолында әртүрлі
оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің
негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұн-
мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.Сондықтан да бұл курстық жұмыстың
маңызы Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін нарықтық
экономиканың өзеті мәселелерінің бірі-жұмыссыздыққа қарсы мемлекет пен жеке
кәсіпорындардыңәлеуметтік саясат жүргізу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты-Қазақстан Республикасында
жұмыссыздыққа қарсы жүргізілетін мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік
саясатын талдау және оны жетілдіру жолдарын іздеу.
Бұл мақсатқа жетуде қойылған міндеттер:
• жұмыссыздық мәнін ашу және оның негізгі турлері мен формаларын
атап көрсету;
• Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау және
бағалау;
• жұмыссыздық жағдайындағы мемлекет пен кәсіпорынның әлеуметтік
саясатын талдау;
• елімізде жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру
жолдарын атап көрсету.
Бұл жұмысты жазуда отандық және шетелдік әдебиеттерді,мерзімді
басылымдар мен ҚР-ның Статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері қолданды.

1-тарау.Жұмыссыздықтың теориялық тұжырымдамасы.

1.1.Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі.

Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы
күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі
категорияларға бөлінеді.еңбекке қабілетті адамдар-жасына және денсаулығына
қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар- жасына және денсаулығына қарай
еңбек етуге қабілеті бар адамдар.Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі
олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс
істеуіне байланысты жүргізіледі.Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес
құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдардаы бөліп қарау
керек.Нарықтық емеске-мемлекеттің әскер,полиция,мемлекеттік аппарат деп
аталатын институттары жатады.Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына
экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар
жатады.Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып
бөлінеді.Осыларға жұмысы жоқтар,бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес
келмейтіндер жатады.Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс істеуге
бейімділігі жоқ деп болжау жасалады.Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ
әртүрлі себептермен жұмыс істеуден бас тартқан адамдар категориясы болады,
бұл былайша айтқанда-жұмыс табудан күдер үзген адамдар.Адамдардың осы
категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады.
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді өзімен алып келеді.Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз,
қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк
көтереді.Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы
жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты
мәселелер асқынады және т.б.Бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетін
кемшіліктерді басып кетүі шүбәлі болып келеді.Сонымен қатар бұл құбылыстың
кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес.Нарықтық экономикаға
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда
болып тұрады.Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың нормальді
қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына
кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер
ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып
жатыр.Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өткені
экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне
байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені
жазылған.Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген.
Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау
өте қиын.Мысалы көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық
критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен
жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді Оған себеп-осы
қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде
тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және тағы солай сияқты.Екінші
жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен
бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін
шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып
қалады және т.с.с.Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал
шынында жұмыссыз болып келеді.Біздің байқауымызша, бұндай адамдар өзін-өзі
және жақын адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады.Бұл
құбылысты жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға
болады.Ең, соңында жұмыссыздық деңгейін есептерде біраз адамадардың
көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз-ол қазіргі жалақы мен еңбек
жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген
адам.Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін
жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз.Халықаралық еңбек
ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ жұмыс
істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам
табылады.

1.2.Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары.

Жұмыссыздықты әр зерттеуші әр түрлі жіктейді.Солардың біреуі
жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрін ажыратады.Амалсыз жұмыссыздықта
адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі және ол қолынан келеді,
бірақ оған жұмыс табылмайды.Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы
деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап,
айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге
бөледі:фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын,
адамдардаың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға
жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады.Жұмыскерлер өздеріне
ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы
күшін табу үшін уақыт керек.Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық
жұмыссыздықтың негізін құрайды.Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен
байланысты:бар ваканстя туралы информация болмағанданемесе осы информация
тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан
болмасын сәйкессіздік болады.Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге
кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді(1 айдан 3 айға дейін).
Құрылымдық жұмыссыздық.Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы
профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік құрылымдық
жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады.Экономиканың дамуы құрылымдық
өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда
болады.Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып
отырады құрылымында өзгерістер орын алып отырады.Осының нәтижесінде жұмысшы
күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер пайда
болады, бұл-жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта
бөлінуін талап етеді.Экономиканың бір секторларынан құрылымдық
өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы
бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық
орын алады.Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі
ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық).Құрылымдық жұмыссыздыққа
әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер
жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын
қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің
маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларды
жыл бойында еңбекк сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдық жұмыссыздық. Бұның нгізін экономикалық құлыдраумн жән
сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығырылуымен және жұмыспн
қамтудың көлемдерінің циклдық ауыттқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық
жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ - ң азаюымен және жұмысшы
күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Осымен қатар, нақты және жалғал жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда,
адамның еңбекке қабілет және ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі
жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен
еңбекке айналысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұсыссыздық ашық және
жасырынды, ұзақ мрзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді
циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке – маусымдық және фрикциондық
жұмыссыздық жатады. Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және
жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты және ол адамдарды машинамен
алмастырып, жұмыссыздық тудырады.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Бұған
берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар
жатады., бірақ олар егер де ұсынылған жұмыс қолайлы келсе, жұмыс күші
қатарына қосылуы даяр. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті
мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы
кәсіпорынмен ресми түрде үздегн (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында
болып сптлінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай
жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық
жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық,
тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлрі болады. Конверсиялық армияның
әәскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады.
Экономикалық – нарық коньюктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің
бәсеккккелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссызжықтың
түрі тұрақты сипатта болады. Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп
бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қолса болады. Ал тоқырау жұмыс істегісі
келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты. Бұл
жұмыссыздық өсу қарқыны жоғары болады.

1.3. Жұмыссыздық деңгейі.Оукен заңы.

Экономика ресурстарды қаншалықты жақсы қолданатынына байланысты
сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұммыс
күші болады – бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жұмыссыздық
деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ
азаматтардың статистикалық көрсеткіші ( пайыз түрінде ). Статистика
агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек
нарығының жағдайын бағалайды.Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс
істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы
санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар
саны
Жұмыссыздық деңгейі = жұмыссыздар саны * 100 %
жұмыс
күшінің жалпы саны
* 3.60 б.
Ол Халықаралық еңбек ұйымының ( ХЕҰ) әдісі бойынша және әр
мемлекеттің арнайы заң нормаларымеен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша,
мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл –
мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін
есептеумен Статистика бойынша агенттігі шұғылданады.Статистикалық
мәліметтерде соңғы кезде екі көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың
ресми және жалпы деңгейі.
Жұмыссыздықтың масштабын азайту мақсаты ретінде жұмыссыздықтың табиғи
деңгейіне жету көзделді. Өйткені жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес және
ондай мақсаты қойып керегі де жоқ. Толық жұмысбастылық кезендегі
жұмыссыздық деңгейі уақытша жән құрылымдық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі
циклдық жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық
жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп
те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты
көллемі “экономикалық өндірістік әлуеті” деп аталады. Бұл толық
жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табағи
деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс
іздеушілер бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Бірақ
еңбек рыногының бұл жағдайында кәсіптік – биліктілік жағынан бос жұмыс орны
мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге
болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін.
Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы
өзгеріспен тығыз юайланысты. Жұмыс істейтіндер өзгеріс тауарлары мен
көрсетілген ккккқызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал
жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің
жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық
деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы
тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деген
ат алды. Оның септеуі бойыншща, егер ЖҰӨ 2,7% - ға өссе, жұмыссыздық
деңгейі өзгермейді; ал ЖҰӨ қосымша тағы 2%- ға өссе жұмыссыздық деңгейін
бір пайызға азайтады және керісінш, ЖҰӨ - ң қосымша қысқаруы жұмыссыздық
деңгейін көтереді. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында
байланысты көрстеді:
Y-Y*
((( ( ( ß (u-u*)
Y*
Мұндағы Y – нақты өнім көлемі;
Y* – потенциалды ЖҰӨ;
u – нақты жұмыссыздық деңгеййі;
u* - табиғи жұмыссыздық деңгеййі;
ß – эмпирикалық коэффициент.
*8. 78б

2-тарау.Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік
саясатын талдау.

2.1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және
бағалау.

Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері
бойынша 2005жылы Қазақстанның халық саны 15,2млн. Адамды құрады, соның
ішінде 8,6млн. (56,6%)-қала және 6,5млн (42,8%) ауыл халқы. Экономиканың
тұрактануы еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне және халықтың
жұмыспен қамтылуының артуына нақты алғышарттар жасайды. Халықтың
экономикалық белсенді бөлігінің 15 және одан ересек жастағы саны 2005 жылы
7,9 млн. адам-нан асып жығылды. Республика экономикасының әртүрлі саласында
өткен жылы 7,3 млн. адам жұмыс істеді. Бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 79,2 мың
адамға немесе 1,1%-ке артық. Жұмыс істеушілердің жарты-сынан астамы (3,8
млн, адам) - ерлер, 48% (3,5 млн. адам) - әйелдер. Жұмыс істейтін
халықтыңедәуір бөлігі қалалықжерлерде шоғырланған - 4,1 млн. адам немесе
жұмыс істейтіндердің жалпы санының 56,2%. Ауылдық жерлерде 3,2 млн. адам
немесе 43,8% жұмыспен қамтылған.
Еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі
байқалады. 2005 жылы оның деңгейі 8,1% болды, бұл алдыңғы жылға қарағанда
0,3 пайызға төмен. Анықтама үшін: Еуростаттың деректері бойынша Еуро-
аймақта жұмыссыздық деңгейі 2005 жылы 8,4%, Германияда - 9,5%, Польшада -
17,2%, Чехияда - 7,8%, Латви-яда - 8,3%, Литвада - 6,8% болған.
Жұмыссыз халықтың саны (табысты кәсібі жоқ, жұмыс іздеуші және оған
дереу кірісуге дайын адамдар) өткен жылы 640,7 мың адамды құрап, 2004 жылға
қарағанда 18,1 мың адамға (2,7%-ке) қысқарды. Жұмыссыздардың жалпы
көлемінен қалалық жерлерде 402,7 мың адам (62,8%), ауылдық жерлерде - 238,1
мың адам белгіленді. Қалалықтарда жұмыссыздық деңгейі 9%, ауылдықтарда - 7%
болды.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер
мен жастар (15-24 жас) болып отыр. Әйелдердің сандық басымдығы байқалады.

Сурет 1
Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдары жұмыссыздық көлемі мен
деңгейі

*8.41 б.

2005 жылы олардың саны 99,5 мың адам немесе ерлерге қарағанда 36,8%-ке көп
болып, 370,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі әйелдерде 9,6%, ерлерде
- 6,7% болды. Жалпы жұмыссыздардың ішінде жас адамдардың үлесі - 28,6%
немесе 183,5 мың адам болды. Жастардың жұмыссыздық деңгейі - 13,4%, бұл
оның елдегі орташа шамасынан 5,3 пайыздық шамада көп. Анықтама үшін: 2005
жылы Еуро-аймақ елдерінде жұмыссыздық деңгейі ерлерде 7,4%, әйелдерде -
10%, жастардың жұмыссыздығы (25 жастан төменгілер) -17,8% болған.

Кесте 1.
Жұмыссыз халықты жынысы және жасы бойынша бөлу.

2002 2003
Барлығы соның ішінде Барлығы соның ішінде
еркектер әйелдер еркектерәйелдер
Жұмыссыздар барлығы 690,7 283,8 407,0 672,1 281,4 390,7
соның ішінде:
15-24 жас аралығында 193,1 94,9 98,2 188,5 91,8 96,8
25-54 467,1 172,4 294,8 457,1 175,6 281,4
55-64 30,2 16,3 13,9 26,5 14,0 12,5
65 және одан асқандар0,4 0,3 0,1 - - -
2004 2005
Барлығы соның ішінде Барлығы соның ішінде
еркектер әйелдер еркектерәйелдер
Жұмыссыздар барлығы 658,8 281,1 377,7 640,7 270,6 370,1
соның ішінде:
15-24 жас аралығында 191,6 96,3 95,3 183,6 94,7 88,9
25-54 436,3 169,5 266,8 426,0 159,8 266,2
55-64 30,9 15,2 15,7 31,1 16,1 15,0
65 және одан асқандар- - - - - -

*10.76 б.

Жұмыссыздық деңгейі біліміне қарай ерекше көрінеді. Өткен жылы жоғарғы
білімі бар жұмыссыздар 4,5%-ті, кәсіптік орта білімі барлар -7,5%-ті, жалпы
орта білімі барлар- 10,4%-ті құрады. Жұмыссыздардың жалпы көлемінде
кәсіптік орта және жалпы орта білімі барлар басымдық танытады - тиісінше
25%-ті және 39,8%-ті құрайды. Бұл ретте жұмыссыз әйелдерде білім алу
деңгейі жоғары: жоғарғы білімі барлар жұмыссыздардың ішінде олар 60%,
кәсіптік орта білімі барлары - 66% болып отыр.
2005 жылы 501 мың жұмыссыз немесе 78,2% адамның экономи-ка саласының
әртүрлі саласында еңбек қызметі тәжірибесі болды. Олардың негізгі бөлігі
(21,7%) бұрын ауыл шаруашылығында жұмыс істегендер. Сауда саласында табысты
кәсіппен жұмыссыздардың 14%, өнеркәсіпте-10%, құрылыста-7,3%, көлік пен
байланыста-5,4%, білім саласында-5,2% шұғылданған.
Сурет 2.
2001-2005 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі

*8.42 б.

Жұмыссыз ерлердің қатары негізінен бұрын аграрлық секторда, құрылыста,
көлік пен байланыста жұмыс істеген адамдар есебінен, ал әйелдер қатары -
денсаулық сақтау, білім, сауда, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегендер
есебінен толықты.
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі, тиісті біліктіліктегі
жұмыстың жоқтығына байланысты жұмыссыздарға сұраныстың жоқтығы еңбек
нарығындағы ахуалды күрделендіре түседі. Өткен жылы 235,6 мың жұмыссыз
немесе олардың жалпы санының 36,7% "ыңғайға келетін" не кез келген жұмыстың
жоқтығын атап көрсеткен. Таратылуы, штаттың қысқаруы немесе жеке еңбек
шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстан
шығып қалған адамдар биылғы жылы 138,2 мың адамды немесе бүкіл
жұмыссыздардың 21,6%-ін құрады. Өз еркімен 85,3 мың адам (13,3%) жұмыстан
шыққан. Оқу орнын бітіргеннен кейін 82,8 мың адам немесе 12,9% жұмыссыз
қалған.
Соңғы жылдары ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады.
2005 жылы оның деңгейі 4,3% болды. Бұл 2004 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,8
пайыздық шамаға төмен. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз
адамдардың үлесі әлі де едәуір. Биылғы жылы 229,4 мыңнан аса адамның жұмысы
(кәсібі) болмады. Бұл олардың жалпы санының 37,3% болады. Бір және одан
ұзақ бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар ішінде әйелдер басымдық танытады -
67%. ¥зақ мерзімді жұмыссыздық ерлерде 3,1%-ке, әйелдерде - 5,6%-ке жетті.
1 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер 246,7 мың адам не-месе
барлық жұмыссыздардың 38,5%-і болды, 6 айдан 12 айға дейін жұмыс іздеп
жүргендер тиісінше 116,1 мың адамды және 18,1%-ды құрады. 114,2 мыңнан аса
адам бұрын еш жерде жұмыс істемеген, бұл жұмыссыздардың жалпы санының
18,6%.
Жұмыссыз халыкңың жартысына дерлігі (48,3%) жалдамалы қызметкерлер
ретінде жұмыс іздестіруде. Олардың 67,5%-і мемлекеттік ұйымдарда, 24,2% -
мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеуді қалайды, 51% кез келген жұмысты
істеуге дайын.
Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңірлерде
аса өткір болып отыр. Республикада еңбек нарығының жай күйінің мониторингі
үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен
ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың
кәсіптік – біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбек
ұтқырлығының ттөмен болуы себепті жергілікті еңбек нарықтарындағы жұмыс
күшінің бір мезгілдегі тапшылығы жағдайында қазіргі уақытта Қазақстанда
оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың
бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен
ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір бос жымыс орнынан есеппен 7-10
жұмыссыз үміттенеді.

2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын
талдау.

Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендетудің негізгі
бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге
асырылады (3 сурет). Әр бағыт пен шараларды жүзеге асыру аймақтық және
кәсіпорын деңгейінде сәйкес экономикалық механизмдардың құрылуын қажет
етеді.
Жұмыс күшіне сұраныстың қалыптасыу жұмыс берушінің қажеттіліктері мен
қызығушылықтарына бағынады. Оның басты ұстанатын мақсаты – пайда табу үшін
өзі басқаратын кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.
Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі
бағыты – жұмыс орындарын сақтау және модернизациялау, жаңа жұмыс орындарын
құру және артық және тиімсіздерін жою. Бұл шаралар аймақтық және жергілікті
басқару орындарының қолдауымен әрекет ететін кәсіпорындарда жүзеге
асырылады.
Екінші бағыт – кәсіпкерліктерді дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын
құру. АҚШ тәжиребесінде шағын кәсіпорындар арқасында он жаңа жұмыс орындары
ішінен сегізі құрылады. Жаңа кәсіпорындарды құрумен қатар жұмыс күшіне
сұраныстың кеңейюіне әрекет ететін ірі кәсіпорындарда ішкі кәсіпкерлікті
дамыту да әсер етеді.
Үшінші бағыт – ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бізге
шетелдік тәжиребеден келген. Жұмыссыздарға жергілікті басқару органдарының
иелігіндегі обьектілерде құрылыспен, жөндеу, жинастыру, қызмет көрсетумен
байланысты уақытша жұмыс берумен түсіндіріледі. Бұл бағытты пайдалану аясы
оның кәсіпорындарда таралуы есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын
өзінің тікелей міндеттеріне кірмейтін жұмыстар шеңберін анықтайды.
Төртінші бағыт – еңбек потенциалын пайдалану мүмкіндігі шектелген
тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру. Бұл бағыт бойынша тапсырыстарды орындау
кезінде жұмыстардың мазмұны мен сипаты жеке адамның физикалық
мүмкіндіктерінің шектеулігін ескеру керек.
Жұмыс күші ұсынысының қалыптасуы жұмысшының қажеттіліктері мен
қызығушылықтарын көрсетеді. Оның ұстанатын басты мақсаты – мазмұны бойынша,
еңбек шарты мен еңбекақы бойынша қанағаттандырылатын жұмысқа орналасу.
Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты
– кәсіптік – квалификациялық тұрғысынан оның сапасын жақсарту, дамыту және
жетілдіру. Басты назар кәсіпкерлер, менеджерлер, маркетинг бойынша мамандар
және басқа да нарықтық инфрақұрылым қызметкерлерінің дайындығына және
біліктілігін жоғарлатуға аударылады.
Екінші бағыт - өзіндік жұмысбастылықты дамыту. Бұл бағыттың негізгі
мүмкіндіктері тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін
дайындау бойынша жеке еңбек әрекетімен байланысты. Бұл жағдай жеке
кәсіпкерлік ретінде саналады, бұл жерде кәсіпкер мен жұмысшы бір тұлға
болады.
Үшінші бағыт – жұмыс уақыт ұзақтығын реттеу. Әлемде құрылған жұмыс
уақыты ұзақтығын қысқарту тенденциясын жұмысшының қосымшы жұмыс істеуге
уақыты болатынының куәсі болып табылады.
Төртінші бағыт – жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін максималды үлестіру мақсатында миграциялық үрдістерді
реттеу.

Сурет 3
Жұмысбастылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері
Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы еңбекақы төлеу мәселелерін талдау
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Жұмыссыздық және еңбек нарығы
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Жұмыссыздық жағдайын зерттеудің теоритикалық әдітемелік негіздері
Жастарға арналған бағдарламалар
Пәндер