Ұзақ және қысқа мерзімді инвестициялар


Мазмұны
І. Кіріспе бөлім . . . 3
1. 1 Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі . . . 5
1. 2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі . . . 10
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау . . . 14
2. 2 Ұзақ мерзімді инвестициялар . . . 21
3. 1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар есебі . . . 26
3. 2 Инвестиция тиімділігі . . . 32
ІІІ. Қорытынды . . . 36
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 38
1. 1 Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның кезі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция езінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын есіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидеңдтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі) . Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т. б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың занды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда керсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп белуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестщиялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы кағаздар эмитентгік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту максатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып белінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т. б. ) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалык немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарыкта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің езі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мөміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің телем қабілетгілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т. б. ) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып белінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы) .
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және кайтарылмайтын, тұракты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық акшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфеддік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі акша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы езінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін беліп көрсету қабылданған бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип - табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты есімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да баска қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа есімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын ұлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның есімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа есімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға датән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жогары табыска және тәуекеддің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Коржындардың екінші /ими/дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табьшады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекедціліктін деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталган типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конвертгелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны күрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың езі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезіңде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сактау мақсатынан тұрады. Оның күрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын керсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекедділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсет етеді. Табыс қоржындары тұракты құрамға және кұрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінін уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдына ала уакыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды кездейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіңдігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып керсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржыңдарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты келемін сақтайды.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды кездейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сейтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т. б. осы сиякты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалган соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты-жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетинггің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетеддік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік кұндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарлық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге ез үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды кұруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т. б. қызметтермен шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануга құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының зандарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.
1. 2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын занды тұлға болып табылады.
Инвестициянын есебі 14 "Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 "Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар", 142 "Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар", 143 "Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар", 144 "Басқа инвестициялар".
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен козғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
141-144 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвесгацияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің № 14 "Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялык есебі" деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын занды тұлғасы да бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- кұндық әдіс (немесе құн әдісі) .
Үлестік қатысу әдісі -инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының есуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының белімшесінде керсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашьшық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. "Шығыс" ААҚ қоғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААҚ-ның 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың, құны: 3110 мың тенге және 4600 мың тенге құраған.
"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, "Темір" ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 9900 мың тенге зиян шексе, ал "Цемент" ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың тенгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың тенгеге кетерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ - 1500 мың тенге деңгейінде зиян шеккен.
Құн әдісі - инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік өдіс. Инвестордың қаржьшық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзак мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдық (яғни екінші жыддың) наурызында "Темір" ААҚ - 35 теңгеге, ал "Цемент" ААҚ 5 теңгеге өз акцияларын сатқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz