Нарық жүйесіндегі қаржы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы қаржылардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Қаржылық қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығына күшеюіне, салық ауыртпалығының күшеюіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы қдай өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралу ғылымның мән-мағынасыболып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, оларды қалыптастыру, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік
Сыртқы сауда көрсеткіші көңілде күй ойнатып, еліміздің байлығын бар әлемге паш етіп тұр. Экспортқа шығаратын тауардың дені ішкі мұнай мен газ конденсанты оның үлесі 2000 жылы - 48,2 пайыздан 2005 жылы 62,5 пайызға, ішкі жалпы өнімдегі салмағы 23,2 пайыздан 31,0 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер ел экономикасының өсімі минералдық өнімдерге, соның ішінде, мұнай мен газ өндіруге тікелей тәуелді екендігін және осы тәуелділік жылдан-жылға азаймай, ұдайы өсу жолында екендігі көрініп тұр.
Теңге тұңғыш айналымға түскен жылдары Ұлттық банкте де, Үкіметте де инфляцияны ауыздықтаудың тетіктері бар еді.
Елдегі инфляциялық процесс, оның себеп-салдары, оған қарсы күрес нәтижелері, алдағы мақсат-міндеттемелер.
Инфляция дегеніміз – айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп, құнсыздануы, осының салдарынан өндірістік (тауар-қызмет) және тұтыныс тауарларының, қызмет бағасының жылдам қарқынмен қымбаттауы. Әрине, инфляциялық процестер – кез келген елдің экономикасына тән құбылыс.

1. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие.-Петербург: 2000.
2. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей,2001.
3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Оқулық. – Алматы: 2003.
4. Финансы. Учебное пособие (под ред. Проф. А.М. Ковалевой). 4-изд.-М.:2000
5. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под редО.В.Соколовой. –М.:ЮРИСТ,2001.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы
қаржылардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Қаржылық қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада
қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен
инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің
тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін
төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық
ауыртпалығына күшеюіне, салық ауыртпалығының күшеюіне ұрындырады.
Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады,
өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың
белгілі бір межелдемелері арқылы түседі.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай
қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы
қдай өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
қатынастар қаржы туралу ғылымның мән-мағынасыболып табылады. Қаржы
ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, оларды қалыптастыру, қозғалысы
және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің
ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің
өндірістік
Сыртқы сауда көрсеткіші көңілде күй ойнатып, еліміздің байлығын бар
әлемге паш етіп тұр. Экспортқа шығаратын тауардың дені ішкі мұнай мен газ
конденсанты оның үлесі 2000 жылы - 48,2 пайыздан 2005 жылы 62,5 пайызға,
ішкі жалпы өнімдегі салмағы 23,2 пайыздан 31,0 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл
көрсеткіштер ел экономикасының өсімі минералдық өнімдерге, соның ішінде,
мұнай мен газ өндіруге тікелей тәуелді екендігін және осы тәуелділік жылдан-
жылға азаймай, ұдайы өсу жолында екендігі көрініп тұр.
Теңге тұңғыш айналымға түскен жылдары Ұлттық банкте де, Үкіметте де
инфляцияны ауыздықтаудың тетіктері бар еді.
Елдегі инфляциялық процесс, оның себеп-салдары, оған қарсы күрес
нәтижелері, алдағы мақсат-міндеттемелер.
Инфляция дегеніміз – айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп,
құнсыздануы, осының салдарынан өндірістік (тауар-қызмет) және тұтыныс
тауарларының, қызмет бағасының жылдам қарқынмен қымбаттауы. Әрине,
инфляциялық процестер – кез келген елдің экономикасына тән құбылыс.
Бірақ қайсыбір елдерде оның даму үрдістері экономиканың даму
талаптарына сай жүргізілетін мемлекеттік қаржы саясатының арқасында
ырықтандырылған. Қайсыбір елдерде қаржы саясатының әлсіздігінен қажетті
деңгейде ырықтандыруға шамасы жетпейді. Ал біздің еліміз инфляцияны толық
тұншықтырмағанымен, оны белгілі бір стратегиялық көрсеткіштер шеңберінде
ұстау саясатын жүргізетін елдердің тобына қосылады.
1-тарау.Қаржы катнгориясының теориялық негіздері.
1.1. Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау мен және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы) алғашқы
авторы Кенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымына
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілерінің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және заттыланған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздік салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасын жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материлдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы
– қоғамдық өнімнің – натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай
көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы
өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады.
Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын
жасау, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болу қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкәләктә
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоцицияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қоасарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюжжеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден
баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-
қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі
болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас операцияларда ақша
қатынастырының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастырының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономикалық жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша-
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу мен қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материадық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа қаржы қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарынң жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін
ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында
өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай
түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кетен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілжәнеердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы
– жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің
экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың
құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті
сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушіден басқа
иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзі
шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнныі
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдай өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу–сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы және қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс пароцесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
– ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтергүе – c, v, және т-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған
өндіріс құралдары құнының орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы
төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен
басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып
табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды,
қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің
бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын
құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын
өнімді с, v және m-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері
қалыптаса жіне оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары
жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрә бөлу
және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге
асырылады.
Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
Жалпы қоғамдық өнім
Б ө л у
Ш ы ғ ы н д а р
m
с v
Материалдық Еңбекке ақы төлеу Қосымша
Шығындар өнім
Ұлттық табыс
Қайта бөлу
Орынды толтыру қоры Тұтыну қоры Қорлану қоры
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайланысуын,
олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-
әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
1.2 Қаржының атқаратын қызметі және рөлі
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін емес, сонымен
бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да
талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан жне бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының міне ең алдымен
бөлгіштік функциясының көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде
субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында – материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның маңызды
бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың (мысалы, айналым
қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда)
бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны
қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған
өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай
деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу
арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша
қорларын (табыстар мен қорланымдарды( бөлуге сәйкес жасалған натуралдық
өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларынжасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып
ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу( қоры (материалдық шығындар менамортизациялық аударымдар)
шығарып тасталады және жаңадан құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде
мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және
халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің
күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы
атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы
еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз
байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдаға шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, леуметтік сфераның мекемелерін
ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен
қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгіленген қаржы
құралдырының – нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу;
Қарсы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салаарылық бөлу;
Қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінле бөлу, ол кәсіпорындардың әр
түрлі рентабелділігіменжәне күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен
ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу жіне қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен – бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес
экономикалық категориямен – кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының
жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен
салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерініңа арқасында бүкіл
экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жайында түпкілікті
салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда
экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте
көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылық қайта бөлу
сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша
мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі
қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функциясы арқылы бөлу
категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық
қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтердің қозғалысымен байланысты
болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы
натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек
үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырылады.
3. Қаржы және инфляция
3.1 Қаржы мен инфляцияның өзара байланысы
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.
Бірінші фактор - мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелейбаға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор-табысқа, пайдаға салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор-бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес
шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қарсы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден,
инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет
шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz