Қазақстандағы банктік жүйе


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
1. 1. Қазақстандағы банк жүйесінің
қалыптасуы және дамуы . . . 4
1. 2. Банктердің нарықтық экономикадағы
алатын орны мен рөлі . . . 7
2. Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу
2. 1. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы . . . 11
2. 2. Ұлттық банктің реттеу және қадағалау
қызметтері мен операциялары . . . 13
3. Қазақстан Республикасының банк жүйеснің даму перспективалары
3. 1. Қазақстан Республикасындағы 2007 жылғы
банк жүйесінің жағдайы . . . 26
3. 2. Қ. Р. банк жүйесінің даму мәселелері
Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кйінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәләметтер қалдырмаған секілді.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында Венеция, Генуе XIV - XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының арекше институты ретінде тауар шаруышылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. XVI - XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда саудагер-клиенттер арасында қолма - қол ақшасыз есеп айырысулардың жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жтробанктер өздерінің клйенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы метелдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінң бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекеттке . қалаларға және артықшылығы бар компанияларға саудаға берді. Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән тұғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы таурлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған.
Менің түсінігмше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүнйежүзілік сауда орталығы болғандықтан ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңның бірнші бабына сәйкес, “банк осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялық банк” бұл ерекшк өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. Жалпы Қазақстан Республикасының банктік жүйесін дамыту және оны жоғары дәрежеге жеткізу дұрыстап жүргізу болып табылады. Мен бұл тақырып бойынша банктің қызметін, оның атқаратын міндеттерін және банктердің түрлерін қарастырып өтемін. Сонымен банк бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға және банк клиенттерінің шоттары мен салымдары, ол банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар болып табылады екен.
1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
1. 1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ себебі, республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған баиланысты банктік жүйенің та-рихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресй тарихымен тығыз баиланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің мемлекеттік банкі өз қызметін 1860 жылы бастады барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол аиналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөитіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есптік - қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды . . . Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылыдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1924 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадаи ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343) . Ипотекалық несие жүиесі мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды. Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен таңылды. Ол қарыз - жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды. 1917 жылы Қазан революциясынан кеиін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейінен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйесінің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктер мен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік - капиталйстік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық - жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілд. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО - да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 - несиелік және қарыздық жинақ, сондаи - ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды. 1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік - Шіғыс мемлекеттік - капиталйстік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресеилік коммерциялық банк құрылды. Экономикалық социалистік секторының дамуына қараи кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк жәәне 1922 - 1925 жылдары арасында құрылған басқа да банктерге көшеді. КСРО - да 1930 - 1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелндіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қаита ұйымдастырылды. Социалйстік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 жылы оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылыс банк арасынд үлестірілді) ұйымдастырылған. Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресеилік кооперативтік банк негізінде (1939 жылы Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 жылы таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған. Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі Цекомбанк 1959 жылы таратылды да оның кызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді. Барлық сапалық банктер саналы қаржыландыру және ұзақ мерзімді песиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкіде халық шарушылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиенлендіру шоғырландырылады. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды. Одақтас республиканың барлығнда, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекмелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принціпі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша аналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінді, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстаи алды. Осы банкте олар өз чвкерекоақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қома - қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма - қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізілген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шіғынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезеңінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгеилерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамндырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады. Осы жағдайдан шіғудің бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүесін батыстағы үлгідегідей екі денгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады. Банктік құрылымды қата құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға деиін КСРО Мембанкі - Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің Қазақ республикалық конторы қалады, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті. 70 - жыл бойы КСРО - ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік банктік ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ - түйек регламенттеу, сондай - ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша - несиелік қарым - қатынастар тәжірибиесі, паида болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеиді. Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар боиы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идиологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деиңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдеи басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жоиды. Өз тәелсіздігін алғаннан кеиін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылы қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР - дағы банктер және банктік қызмет туралы” заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар Қазақстан Республикалық Ұлтық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік - коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіп банк - Қазақстан Республикасы акционерлік - коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қаита өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды. 1989
жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас кооперативтік, жеке банктер паида бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды. Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік және аумақтық принцип бойынша құрылады.
1. 2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі
Банктік жүие - нарықтық экономиканың ең мңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және таурлы ақшалаи, қарым - қатынастардың дамуы тарихы тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір - бірімен өзара тығыз баиланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгеиіндегі басқарумен тікелей баиланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалы мүдделерін қанғаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уқытша паидалануына береді, ақшалаи есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің аналысына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылаи қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісіне, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндетттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талп қойды. Нарықтық экономикада банктер монополистерге аиналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шіғып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүие “ертегідеи күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. Карл Маркс келесіде “ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктершаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мне міндеттері негізінен эономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдеи, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принціптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындаиды, яғни олраға қажеттіліктерді қкнғаттандыру арқылы әсер етуге баиланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма - қолсыз есеп аиырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер есеп айырысу операцияларын жургізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қаитармағандығы үшін жоғары паиыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғаиды.
Қаржылық - несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі рөлі.
Дамыған елдердің экономикасында ертеде танылған екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ал Қазақстанда мұндай жүйені құру тек 1987 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің № 821 қаулысымен бекітілді (орталық эмиссиялық банктің және мемлекеттік мамандандырылған банктердің) . Республикалық банктерге кеңестік республикалардың министрліктерінің құқықтары берілді. Несие жүйесін жетілдіру бойынша жүзеге асырылған іс - шараларға қарамастан, ол кертартпа болып қала берді. 1987-1988 ж. ж. жүргізілген банктік реформа нәтижесінде Мемлекеттік және Құрылыс банкісінің мекемелері негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіпбанкі және Тұрғын әлеуметтік банкі құрылды. Жинақ кассалары жүйесінің негізінде Жинақ банкісі, ал Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банк құрылды. КСРО-ң Мемлекеттік банкі мемлекеттің Орталық банкі болып жарияланды. Құрылған мемлекеттік мамандандырылған банктер - Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғынәлеуметтікбанкі, Жинақ банкі - бұрынғы кезеңнің жүйесіне қатысты көптеген негативті белгілерге ие болды. Ол кезде үш банк: Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі және Сыртқы сауда банкі іс-әрекет етті. Бұл банктер халық шаруашылығында несиелік ресурстардың еркін ағылуын қамтамасыз ете алмады, сондықтан борышқорлармен партнерлік қарым - қатынастар орнатылмады, Мемлекеттік банктің жалпы ақша айналымын басқарудың тиімді әдістері болмады. Несиелік саясатта проценттік ставкалар төмен небәрі 5-8 пайыз болып, олар тиімсіз, төмен рентабельді жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын несиелерге қосымша сұранысты қалыптастырды.
1988 жылы «Кооперация туралы» Заң қабылданғаннан кейін алғашқы кооперативтік банктер құрыла бастап, олар банктік қызмет сферасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз салды. Осы кезден Қазақстанның банк жүйесінің дамуының бірінші кезеңі басталды. Кеңес Одағында мұндай банктің алғашқысы Шымкенттегі «Союзбанк » болды. Кооперативті статус банктерге мақсаттарды анықтауда, несиелеу шарттары мен мерзімдерін, проценттік ставкалар деңгейін белгілеуге еркіндік берді. Ол банк қызметінің әртүрлі формаларының дамуына алынған пайданы пайдалануға, материалды - техникалық базаның нығайтылуына және басқа да проблемалардың шешілуіне мүмкіндік берді.
Мамандандырылған банктер өз қарекетін әкімшілік территориялық принцип бойынша жүзеге асыру барысында кеңестік республикалардың облыстарында банктердің басқармалары ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде банктердің өз мекемелері құрылды. Жетпіс жыл бойы КСРО-ң банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанның банк жүйесінде қатаң орталықтандыру және шоғырландыру орын алып, әкімшілік басқару басым болды. Қалыптасқан ақша - несие қатынастарының жүйесі және тәжірибесі туындаған нарықтық қатынастардың жағдайларына сәйкес келмеді. Бұдан кейінгі жылдары банк жүйесі елдегі саяси және экономикалық жағдайдың динамикалық дамуымен ерекшеленеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалаи қорларды шоғырландырған : мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды паидалану боынша бақылау жүргізеді, ақша аиналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшумен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда. Меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда, шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші ( арендатор ) және жеке еңбек қызметімен аиналысатын тұлғалар да осыған жатады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шіны 1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 %-ға, төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13, 5 %-ға, қыркүйекте 10, 9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы 460-тан
280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем, сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz