Қ.р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Академик Жолдасбеков атындағы институт

Гуманитарлы - экономикалық факультет

Экономика пәндері кафедрасы

Курстық жұмыс

«Қаржы»

мамандық 050509 «Қаржы»

Орындаған:

Студент__ 2 __ курс

Топ___ 204

Мамандық Қаржы ___

Аты- жөні: .

Қорғалған бағасы:

Жетекші:

комиссия мүшелері:

Аға оқытушы

экономика пәндері кафедрасы

(қол және қорғалған күні)

Талдықорған 2007ж.

Академик Жолдасбеков атындағы институт

Гуманитарлы - экономикалық факультет

Экономика пәндері кафедрасы

БЕКІТЕМІН

экон. каф. меңгерушісі

«___»2006 ж.

ТАПСЫРМА №

«Қаржы»_ пәнінен курстық жұмыс

Студент ТОП _ 204 __

Жұмыс тақырыбы: «Қ. Р. -ның бюджеті және бюджеттік құрылым»

Алғашқы мәліметтер: 2007ж. арналған Қ. Р. -ның республикалық бюджеті

Мазмұны
Орындалу мерзімі
Жұмыс көлемі
№: 1
Мазмұны: Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.
Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
№: 2
Мазмұны: ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі
Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
№: 3
Мазмұны: Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және бюджет балансы мен тапшылығы
Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
№: 4
Мазмұны: ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджетіне талдау
Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
№: 5
Мазмұны:

Алматы облысының 2007 жылға арналған

облыстық бюджетіне талдау

Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
№: 6
Мазмұны: Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары
Орындалу мерзімі:
Жұмыс көлемі:
Кесте бөлігінің мазмұны (кесте, график)
Орындалу мерзімі
Бет саны
Формат
№: 1
Кесте бөлігінің мазмұны (кесте, график): 2007жылғы Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша талдау
Орындалу мерзімі:
Бет саны:
Формат:
№: 2
Кесте бөлігінің мазмұны (кесте, график):
Орындалу мерзімі:
Бет саны:
Формат:

Әдебиет: 1. Мемлекеттік бюджет. Б. С. Өтебаев. Алматы, «Экономика» - 2006

жыл. 6, 25 - беттер

2. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Алматы: «Юрист»,

2004 жыл

Тапсырма беру күні Жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

Тапсырмамен таныстым

Күні, қолы

Жоспар:

Кіріспе . . . 4

I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.

I. I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі . . . 6

I. II. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және

бюджет балансы мен тапшылығы . . . 8

IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау

II. I. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық

бюджетіне талдау . . . 12
II. II. Алматы облысының 2007 жылға арналған

облыстық бюджетіне талдау . . . 16

III. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары

III. I. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары . . . 20

Қорытынды . . . 22

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 25

Кіріспе

«Бюджет» - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракиясының басқа деңгейімен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Қазақстан Республикасының бюджетік кодексінің 4 бабында бюджетке келесі түсінік берілге: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандаралған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - Заң.

«Мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастырыатын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.

Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасы мен анықталады және биліктің орталық және жергілікті органдарының республикалық және жергілікті құрастыру, қарау, бекіту және атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. [1]

Осы курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және бюджеттік құрылым». Курстыық жұмысты орындаушы студенттің бұл тақырыпты таңдауының себебі, өйткені бұл мәселе қазіргі күні өте маңызды болып отыр және менің болашақ мамандығына сай. Курстық жұмыста тақырып толық қарастырылып, ашылған. Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Негізгі бөлімнің өзі үш тарауда қарастырылған. Бірінші тарау тақырыбы, мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні. Бұл тарау үш сұрақ бойынша берілген. Олар: ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі, бюджет жүйесі және бюджет құрылымы, бюджет балансы және бюджет тапшылығы. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттің жиынтығын білдіреді. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс . Баланс бұл - тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жан-күйіне жету болып табылады. Екінші тараудың тақырыбы, ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджеті. Бұл тарау екі сұрақ бойынша қарастырылған, ҚР-ның 2007 жылға арналған республикалық бюджеті, Алматы облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті. Аталған тақырыптарда Қазақстан Республикасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеті мен Алматы облысының облыстық бюджетіне талдау жасалады. Осы бюджеттердің кірісі мен шығыны көрсетіледі. Және бюджеттердегі қаржыны жұмсау бағыттары айқындалады. Үшінші тарауда қарастырылған мәселе, мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары. Бұл тарау осы тақырып бойынша қарастырылып көрсетілген. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағыдағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынастарының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Республикалық бюджетің қаражаттары: жаплы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді, республикалық деңгейдегі жалпы орта, республикалық деңгейдегі әлеументтік қамсыздандыру және әлеументтік көмек саласындағы қызметті, республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтер, ауыл ораман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламасын; қоршаған ортаны қорғау шаралары т. б. республикалық бағдарламаларды қаржыланыруға жұмсалады.

Соңғы бөлім, қорытынды бөлім, бұл бөлімде аталған тақырып бойынша, яғни мемлекеттік бюджеттің маңыздылығы туралы студент өзінің ойын тұжырымдап қорытады. Қорытынды бөлімнің соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Курстық жұмысты орындау барысындағы мақсат - тақырыпты толық ашу, жиналған ақпаратты талдау арқылы өзімнің білімді толықтыру. Болашақта жақсы кәсіби маман болу үшін қажетті ақпаратты жинай білу, оны пайдалана, қолдана білу.

I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.

I. I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%-ы, ЖІӨ-нің 20%-ы, жалпы қоғамдық өнімнің 10 пайызы бөлінеді және қайта бөледі. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақаралық қайта бөлу үшін пайдаланылады. Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттік шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, 1 жылға жасалады, бюджеттің кірісітерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттік орталықтанған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаржылары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясатта басымдылықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әр-бір әкімшілік- аумақтық бірліктерді абаттандыру, заң шығарушы билікті, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс . Баланс бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жан-күйіне жету болып табылады. Кірістерден шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарылымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджет қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.

Бюджеттердің жекеленген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процессінде заңмен реттеліп отыратын бегілі бір қаржылық өзара қарым қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзарақатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттің жиынтығын білдіреді. Әр-түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. [5]

І. 2. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және бюджет

балансы мен тапшылығы

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

мемлекеттік немесе федералдық бюджет енмесе орталық мемлекеттің бюджеті;

федерация мүшелерінің бюджеттері;

жергілікті бюджет;

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады. Орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджет. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігінің түрлі дәрежесінің болуы мүмкін.

Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.

1991 жылы ҚР-ның бюджет жүйесі түбірлі өзгеріске ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мелекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюджеттеріне кіреді онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеттерінен тұрады. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болады. [3]

Қазақстан Республикасы мемлекетік бюджетінің басты бөлігі республикалақ бюджетінің басты бөлігі республиклық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет - бұл түсімдер менбюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптастырылатын және өзіне ҚР-ның Конституциясымен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет айқындайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған ҚР-ның заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджеттер - облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасау ерекшк экономикалықнысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуіде бюджеттің өзі сияқтыобьктиыті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етедіі, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес келеді.

өз кезегінде кірістер:

салықтық түсімдер,

салыққа жатпайтынтүсімдер;

капиталмен жасалынатын операциялардан алынатын кірістір болып табылады.

Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімін, яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлімдермен толықтырылады.

Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады. Шығыстарда функционалдық , экономикалық және ведомстолық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады. Функционалдық сыныптама бес бөлімге бөлінеді: функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы олардың экономикалық белгілері бойынша төрт бөлімге бөлінеді: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, кредик беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылай түседі.

Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджеттік несиелендіру әкімшілері бойынша бюджетбағдарламалары.

Бюджеттік жоспарлау - мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі негізделген:

1. республиклық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға;

2. заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, кірісті бюджеттік пен аудандық бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге;

3. Қаржы Министірлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтау;

4. Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар тарататын қарыздар жөніндегі сыйақының шекті мөлшерін белгілеуге

Бюджеттің кірістері - бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай- ақ капиталмен жасалынатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.

Бюджеттің шығыстары - бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Республикалық бюджетің қаражаттары: жаплы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді, республикалық деңгейдегі жалпы орта, республикалық деңгейдегі әлеументтік қамсыздандыру және әлеументтік көмек саласындағы қызметті, республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтер, ауыл ораман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламасын; қоршаған ортаны қорғау шаралары т. б. республикалық бағдарламаларды қаржыланыруға жұмсалады.

Бюджеттік рәсім - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, оның атқарылуын бақылау мен бюджеттің орындалуы туралы есепті бекіту жөніндегі заңнамалық актімен регламенттелген қызметі. [6]

Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс . Баланс - бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жан-күйіне жету болып табылады. Кірістерден шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарылымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджет қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мынаған байланысты :

  1. Елдің эономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. Айналысқа таура жиынымен жабылмайтын ақшаны шеттен тыс шығару;
  4. Бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеументтік шығыстардың басымдылығы;
  5. Көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  6. Ұлттық шаруашылықтағы
  7. Өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын жабудың мынандай әдістері бар:

А) мелекеттік қарыздар

В) салық салуды көбейту

С) ақша эмиссиясы

Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруға да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылыда тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликаторлардың арасында айналыстағы ақшаның санын көбетеді.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

  1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің мұндай фискалдық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдерді автоматты түрде қысқартады. Бюджет теңестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдеруі мүмкін.
  2. Циклдық негізде теңдестірілетін бюджет. Бұл тұжырысдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңдестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді.
  3. Қаржының функционалдық тұжырымдамасы. Оның мақсаты макроэономикалық тұрақтылыққа, ифляциялық емес толық қамтылуға қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. [4]

IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысының бюджетіне талдау

II. 1. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджетіне талдау

2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы

2006 жылдың 8 желтоқсанынан № 194 Қазақстан Республикасының Заңы

«Казахстанская правда» 12 желтоқсан 2006 жыл № 264 (25235)

1 Бап . 2007 жылға арналған республикалық бюджетті 1 қосымшаға сәйкес

келесі көлемдерде бекіту:

1) кірістер - 1 958 638 496 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 456 156 251 мың теңге;

салықтық емес түсімсдер - 40 849 672 мың теңге;

негізгі құралдарды сатудан түсетін табыс - 8 418 025 мың теңге;

трансферттік түсімдер - 453 214 548 мың теңге;

2) шығындар - 1 955 958 982 мың теңге;

3) операциондық сальдо - 2 679 514 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелендіру - 22 360 857 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік несиелер - 28 521 406 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу - 50 882 263 мың теңге;

5) Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 170 176 371

мың теңге,

соның ішінде:

қаржылық активтерді алу - 172 176 371 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер -

2 мың тг.

6) дефицит - 145 136 000 мың теңге, немесе елдің ЖІӨ-не1, 2 %.

7) бюджет дефицитін қаржыландыру - 145 136 000 мың теңге.

2 Бап. Республикалық бюджетте 2007 жылға түсімдерді қарастыру:

Ресей Федерациясы тарапынан «Байқоңыр» ғарыш айлағын

пайдаланғаны үшін 13 455 000 мың теңге көлемінде арендалық төлем;

Ресей Федерациясы тарапынан әскери полигондарды пайдаланғаны үшін, республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетілген, 3 217 500 мың теңге, соның ішінде:

374 400 мың теңге ақшалай түрде;

2 843 100 мың теңге әскери сынақ полигандарын жалға алу туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келесім шарттары негізінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігімен пайдаланылып, «Полигондарды жалға алу туралы мемлекетаралық келісімдерге сәйкес әскери техникамен және қаруларды жөндеу және жабдықтау» 007 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша шығындалуын көрсетеді.

3 Бап. 2 қосымшаға сәйкес, Қ. Р. Ұлттық қорына жіберілетін, 2007 жылғы

бюджет кірістерінің көлемін бекіту.

4 Бап. 3 қосымшаға сәйкес, газ конденсаты, шикі мұнайды өткізу және

өндірумен айналысатын, олар бойынша тікелей салықтар Қазақстан

Республикасының Ұлттық қорына аударылатын, мұнай секторындағы

кәсіпорындардың тізімін бекіту.

5 Бап. Сәйкес бюджетке қосылатын кірістерді бекіту:

Бірыңғай бюджет сыныптамасының «Роялти» коды бойынша кірістер сыныптамасы - минералды-шикізат базасын қайта өңдеу және жер қойнауын қорғайтын Республикалық қор алдындағы жер қойнауын пайдаланушылардың қарызы, сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану туралы келісім шарт негізінде осы жер қойнауын эксплуатациялайтын, жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін, контрактілік аймақтарды геологиялық зерттеуге, мемлекеттің тарихи жұмсаған шығындарының сомасы.

7 Бап. 2007 жылғы республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден,

Алматы және Астана қалалары бюджеттерінен республикалық

бюджетке 151 498 867 мың теңге

сомасында бюджеттік алымдар көлемін бекіту, соның ішінде:

Ақтөбе - 1 079 129 мың теңге

Атырау - 43 061 767 мың теңге

Маңғыстау - 24 436 744 мың теңге

Алматы қаласы - 72 310 353 мың теңге

Астана қаласы - 10 610 874 мың теңге

8 бап. 2007 жылғы республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының

Ұлттық қорынан кепілдендендірілген трансферттер көлемін

301 715 681 мың теңгесомасында бектіу.

9 Бап. 2007 жылдың бірінші қаңтарынан бекітілсін:

1) Еңбекақының минималды көлемі - 9752 теңге;

2) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің көлемі - 3000 теңге;

3) зейнетақының ең төмен деңгейі - 7236 теңге;

4) Қазақстан Рсепубликасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының жаһандануы
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы
Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
Көрсеткіштер өндіру жылдары
Бюджетаралық қатынастар
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz