Жаңажол кен орнының автоматтандырылуын жобалау


Кіріспе

Автаматтандыру - техникалық құрал- жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:

  1. технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
  2. күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
  3. цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
  4. ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т. б. автаматтандырылады.
  5. Автоматтандырудың мақсаты- еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми- техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.

Автоматтандыру- адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өндеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және басқа құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.

Автоматтандыру- энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.

Қазіргі танда автоматты басқару және реттеу жүйелері өндіріске мұнай саласына көлік саласына ауыл шаруашылығына және тұрмыста кенінен енгізілуде жыл сайын сан түрлі станок автоматтарды, робаттарды автоматтандырылған қондырғыларды өндіруге, оларды қолдануға деген сұраныс жоғарлағанда, әр түрлі технологиялық процестерді автоматтандыру үлкен қарқынмен жүргізілуде. Автоматты басқару және реттеу жүйелері нақты заңдармен басқару және реттеу әдістеріне сәйкес берілген функцияларды орындайтын элементтермен құрылғылардан құралады.

Автоматты құрылғылардың атқаратын қызметі сан алуан түрлі, олар кез-келген салада маңызды функцияларды атқарады мысалы: өндіріс механизмдерін қозғалысқа келтіреді, алыстан басқару, реттеуге және бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңажол газ өңдеу зауытының техникалық жағдайын жақсарту және қуатын өсiру есебiнен Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында мұнай және газ өндiрудi арттыру мақсатында төмендегідей жобалар құрылды.

Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені де түлеген тәуелсіз елімізбен бірге ілгеріге қадам жасауда. Бір сәт кәсіпорын тарихына көз салсақ, шағын газ өңдеу цехынан бастау алған кешеннің келешегі кемел, болашағы зор өндіріс орны екенін аңғарамыз. №1 газ өңдеу зауыты 1984 жылы пайдалануға берілді. 2000-2003 жылдары бұл зауыт 5, 5 миллион долларға қайта жарақтандырылды. Қайта жарақтандырылған зауыттың жылдық қуаты 3 млн. тонна мұнай, 800 млн. текше метр көмірсутекті газ, 18, 6 мың тонна күкірт өндіруге ғана жеткілікті болды. Уақыт өте келе мұнай өндірудің артуына байланысты бұл қуат аздық ететіні байқалды. Сөйтіп, 2003 жылы жылдық қуаты 2 миллион тонна тауарлы мұнай, 1400 миллион тонна көмірсутекті газ, 48, 5 мың тонна күкірт, 60 мың тонна сұйытылған газ өндіруге мүмкіндік беретін №2 газ өңдеу зауыты іске қосылды.

"СНПС-АқтөбеМұнайГаз" компаниясының үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын салуы, еліміздегі мұнайгаз саласындағы алдыңғы жобалардың бірі болып отыр. Жобаның құны $800 млн, ал қосалқы нысандарын қосқанда- $1 млрд құрайды.

Нысандар үш кезеңмен іске қосылады. Қорытындысында зауыт жылына 6 млрд. текше метр өңделген газбен қамтамасыз етеді. Зауыттың бірінші кезеңі-2007 жылдың желтоқсанында, екіншісі- 2008 жылдың 4 тоқсанында, толық іске қосылуы 2010 жылы болады деп жоспарланған.

2007 жылы пайдалануға берілген №3 газ өңдеу зауытының бірінші кезегінің жылдық қуаты 2 миллиард текше метр тауарлы газ, 54, 0 мың тонна күкірт, 156, 0 мың тонна сұйы­тылған газ, 99, 0 мың тонна жеңіл мұнай өндіруге есептелген.

Бұл зауыттың екінші және үшінші кезегін пайдалануға беру биылғы жылдың еншісіндегі шаруа десек, осы екінші және үшінші кезектері іске қосылғанда бұл зауытта жылына 6, 0 миллиард тонна тауарлы газ, 182, 0 мың тонна күкірт, 474, 0 мың тонна сұйытылған газ, 1031, 0 мың тонна конденсат, 221, 0 мың тонна жеңіл мұнай өндірілетін болады. Сондай-ақ, бұл жоба салынып жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы еліміздің оңтүстігін ілеспе арзан газбен қамтамасыз ету мәселесін шешуге алғышарт жасайды.

I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет

Көмірсутекті газ. Құрамындағы әртүрлі көмірсутекті қоспалар мөлшері 50 %-дан кем болмайтын газдар атауы. Газ құраушы құрамбөліктердің ең бастыларының бірі метан болып табылады, оның мөлшері әдетте ауыр көмірсутектердің қалған түрлерінің жалпы мөлшерінен кем болмайды. Көмірсутекті газ бірнеше химиялық топтарға дараланады, олар: 1) көмірсутекті газдар; 2) көмірсутекті-көмірқышқыл газдары 3) көмірсутекті-азотты газдар. Соңғы топ, өз кезегінде, "гелийлі газдар" және "гелийі аз көмірсутекті-азотты газдар" болып екі түрге бөлінеді.

Мұнай кен орындарының газдарын ілеспе мұнай газдары деп атайды. Бұл газдар мұнайда еріген түрінде болады және одан жер бетіне шыққан кезде бөлінеді. Мұнай ілеспе газдарының құрамы құрғақ газдардан этан, пропан, бутандар және одан жоғары көмірсутектерін ( қосынды мөлшері 50% дейін ) көп құрайды. Сондықтан оларды майлы немесе байыған газдар деп атайды. Бұл газдардан ең жеңіл бензин, тауарлы бензинге бола алатын тағы да отын есебінде пайдаланатын сығылған газдар алады. Этан, пропан және бутан бір-бірінен бөлінгеннен кейін мұнай химия өндірісінің құнды шикізаты болады.

Газконденсат газдарының құрамында да метанның мөлшері көп, сонымен қатар бензин, керосин, кейбір кездерде мұнайдың дизель фракцияларының құрамына кіретін жоғары молекулалы көмірсутектері де болады. Соңғы жылдары зерттелген және пайдаланылған газ кендерінің құрамына 2-5% және одан да көп сұйық көмірсутектері кіреді.

Құрамында метанмен бірге этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болатындықтан оны пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір жоғары. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолы мен серік газдардан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан гексан және тағы басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді. Олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады. Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензинмен пропан, бутан қоспасын бөліп алған соң онда құрғақ газ қалады. Оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Мұнайға серік газдардан химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер - этан, пропан, н-бутан тағы басқа бөлініп алынады. Бұл этилен қатарындағы көмірсутектер химиялық акутивтілігі жоғары болғандықтан органикалық синтезі үшін бағалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар жеміс-жидектердің тез пісуін тездететін этиленнің жақсы қасиеті бар. Этилен көмірсутектерінің молекулалары өзара бір-біріне қосылып ұзын тізбекті молекулалар құрастыра алады. Құрғақ газын күнделікті тұрмыста және қыс уақытында жылыту үшін қолданылады.

Бутан, С4Н10 - газ тәрізді қанық көмірсутек. Бутанның екі изомері бар: қалыпты СН3(СН2) 2СН3 - газ, қайнау t - 0, 5ӘС және изобутан немесе метилпропан (СН3) 2СНСН3 - газ, қайнау t - 11ӘС. Бутанды алғаш рет 1849 жылы ағылшын химигі Э. Франкленд иодты этилді мырышпен әрекеттестіріп алған. Изобутанды А. М. Бутлеров өзінің органикалық қосылыстардың құрылыс теориясына сүйеніп, алғаш рет 1867 жылы йодты изобутилден синтездеген. Бутанды өндірісте табиғи газдан немесе мұнаймен серіктес газдардан алады. Бутан - бутадиен, сірке қышқылы, малеин ангидриді және изобутан өндірістеріндегі негізгі шикізат, сондай-ақ, мұнай өнімдерін парафинсіздендіргенде және асфальтсыздандырғанда қолданылатын еріткіш. Әлсіз наркотиктік әсері бар. Бутаннан бутадиен, уксус қышқылын, ал изобутаннан жоғары октанды бензин компоненттерін алады. Адам организміне зиянды.

1. 2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлер

Бақыланатын параметрлерге мыналар жатады: Кесте 1. 2

Талданатын өнімнің процестегі атауы

Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар

Бақылау әдістері

Талданатын өнімнің процестегі атауы:

1. Күкірт алатын қондырғыдағы қышқыл газ

Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар:

Құбыр өткізгіш РG-1612(1) -1. 6А4-250-STTсепаратордан бұрын араласады

D-1901(1)

Бақылау әдістері:
Талданатын өнімнің процестегі атауы:

Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87

Талданатын өнімнің процестегі атауы:

2. Клаус реакторына енетін технологиялық газ-1901(1)

Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар:

Құбыр өткізгіш

PG-1904(1) -1. 6A9-500-IN

Бақылау әдістері:

Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87

Талданатын өнімнің процестегі атауы:
Талданатын өнімнің процестегі атауы:

2. Клаус реакторына енетін технологиялық газ-1902 (1)

Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар:

Құбыр өткізгіш

1907(1) -1. 6A9-500-IN

Бақылау әдістері:

Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87

Талданатын өнімнің процестегі атауы:

Жану пешінің артуына байланысты газ Н-1904(1)

Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар:

Құбыр өткізгішті PG-1910(1) -1. 6A9-500-STT күкірт ұстағғыштардан кейін D-1902(1

Бақылау әдістері:

Кесте 1. 3 Сигналдалатын және блокировкаланатын шамалар

Параметр атауы

Жабдық атауы

1

2

3

№:
Параметр атауы:

Қысым (прибор PIСAL-1904)

Жабдық атауы:

Құбырдағы деаэрациялық су

№:
Параметр атауы:

Қысым (прибор PIСAНL-1907)

Жабдық атауы:

Қазандық шығысындағы бу құбырында

№:
Параметр атауы:

Деңгей (прибор LIA-1903)

Жабдық атауы:

Қышқыл газ сепараторындаD-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Қышқыл газ шығыны (прибор

FISA-1901)

Жабдық атауы:

Қышқыл газ сепараторындаD-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Пеш корпусының температурасы

ТIAH-1907)

Жабдық атауы:

Негізгі пеште

Н-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Қышқыл газ қысымы, (аспап

РISA-1901)

Жабдық атауы:

Дәл осылайша

№:
Параметр атауы:

Ауа шығыны (прибор

FISA-1902)

Жабдық атауы:

Дәл осылайша

№:
Параметр атауы:

Деңгей (прибор

LIСAL-1902)

Жабдық атауы:

Утилизаторқазандығы Е-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Деңгей (прибор

LISAH-1901)

Жабдық атауы:

Тоже

№:
Параметр атауы:

Деңгей (прибор

LISAL-1904)

Жабдық атауы:

Котел-утилизатор Е-1902(1)

№:
Параметр атауы:

Температура

(прибор

ТIСAH-1901)

Жабдық атауы:

Оттық- қыздырғыш

Н-1902(1)

№:
Параметр атауы:

Сығылған ауа температурасы ТIA-1922)

Жабдық атауы:

Оттық- қыздырғыш

Н-1902(1)

№:
Параметр атауы:

Жоғарыдағы температура (прибор

ТIA-1910)

Жабдық атауы:

Реактор Клауса 1ст.

R-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Катализатор температурасы (прибор

ТIA-1911)

Жабдық атауы:

Реактор Клауса 1ст.

R-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Төменгі температура (прибор

ТIA-1912)

Жабдық атауы:

Реактор Клауса 1ст.

R-1901(1)

№:
Параметр атауы:

Деңгей (прибор

LIСAL-1905)

Жабдық атауы:

Конденсатор салқындатқышы Е-1903(1)

№:
Параметр атауы:

Температура

(прибор

ТIСAH-1902)

Жабдық атауы:

Н-1903(1)

ІІ. Арнайы бөлім

2. 1 Технологиялық процестерді автоматтандырудың функциональдық схемасын құрастыру

Ілеспе мұнай газдары күкірт сутекпен меркаптоннан тазартылғаннан кейін және де ылғалдан кептірілгеннен кейін, құбылмалы жанармайын шығару үшін, яғни (С 3 көмірсутектері және де басқалары), 1800-ші блокке әкеп түседі, сонан кейін (пропан, бутан) көмірсутектері мен газды бензинге бөлінеді.

Құрамында метан, этаны бар, заводта тұтынылатын газды жанармайы бар, сұйытылған газдар С 3 4 және де газдалған бензині (С 5 және жоғары) бар, бензинделген газ сол құрылғының тауарлы өнімі болып табылады. Газдың бензин араластыруы үшін төмен температуралы конденсацияның әдісін қолданады. 4МП/ға дейін қысылған және кептірілген газ, бензин араласқан газбен және салқындатқышпен буландыратын пропанмен суытылады. Суыту кезінде пайда болған конденсат газдан сепораторда ажыратылады. Газ тұтынушыларға беріледі, ал конденсат қайнаудың барысында әр түрлі температуралы этанға айналу, бутан пропан шығатын ректификация калоннасына жіберіледі.

Күкірт қалдықтарын шығарғаннан кейін (блок 1600), дымқыл тазартылған газ Е-1801 (1) жылу алмастырғыштан өтеді, онда ол тауарлық (бензин араласқан) газбен 25°C-қа (ТІ-1843) дейін салқындатылады да кептіру құрылғысына (блок 1700) жіберіледі.

Кептірілген, өңделген газ кептіру құрылғысынан (блок 1700) шыққаннан кейін, 4, 2 Мпа қысыммен (РІ-1814), 26°C (ТІ-1809) температурасымен Е-1802 (1) жылу алмастырғышына келіп түседі, тауарлы (бензин араласқан) газбен 0°C-қа дейін (ТІ-1808) салқындатылады, сонан кейін НХ-103 булағышына жіберіледі, пропан буландырғышы арқылы -15°C-қа (ТІ-105) дейін салқындатылады, одан кейін салқындату барысында пайда болған конденсат газдан ажырату үшін D-1801 (1) сепараторына бағытталады.

Тауарлы газ D-1801 (1) сепараторынан (TI-1810) 15°C температурасымен шығып, Е-1802 (1) жылу алмастырғышының ішінде құрғақ газбен 18°C-қа дейін, Е-1801 (1) жылу алмастырғышының ішінде 35°C-қа (ТІ-1841) дейін дымқыл газымен ысыңқырайды да 4, 1 Мпа қысымымен тұтынушыларға жіберіледі. Тауарлы газдың жұмсалуы 39962-95908 м³/сағ FT-1801 құралы арқылы температурасы, TI-1801 арқылы қысымы өлшенеді және де PV-1801 арқылы қақпақпен реттеледі.

Қажет болған жағдайда тазартылған дымқыл газды байпас сызығымен Е-1801 (1) ді өтіп кете НХ-103 буландырғышына қабылдап алып, салқындатып, кептіру құрылғысына (блок 1700) жіберуге болады, кептіру құрылғысымен кейін FIG-1801 шығын өлшегіштері арқылы, PV-1801 қақпақша реттегіші арқылы тұтынушыларға жібереміз.

Сұйық фаза төмен температуралы D-1801 (1) сепараторымен шығып, LV-1802 қақпақша реттегіші арқылы С-1801 (1) деэтанизаторының жоғары бөліміне бағытталады. D-1801 (1) сепараторында 26-50% деңгейіндегі өлшеу 2 құралмен жүзеге асырылады:LT-1801 приборы, LT-1802 приборлары арқылы.

С-1801 (1) калоннасында ректификация жолымен сүйықтықты этан мен газды бензинге бөледі. Калонна кубының температурасы 86°C (ТІ-1815, ТІ-1816, ТІ-1817) Е-1803 (1) рибойлер-ысытқысының буымен TV-1802 қақпақша реттегіші арқылы реттеледі. Бу шығыны 570-1367кг/сагатына ( FT-1803, контур FIA-1803) 0, 5 Мпа қысымымен.

Калоннаның жоғарғы жағындағы этан 980-2352м³/сағ (FT-1812, FIQ-1812), 7°C (TI-1844, TI-1814) температурасымен, 1, 2МПа (РІ-1819) қысымымен отын газы ретінде заводқа шығарылады.

С-1801 1, 5 Мпа (РТ-1802 приборы) калоннасының жоғарғы жағының қысымы PV-1802 қақпақша реттегішімен, РІСАН-1802 контуры немесе PV-1803 қақпақшасымен (контур РІС-1803) реттеледі.

Құбылмалы деэтан газды бензині С-1801 (1) калоннасының астыңғы жағынан 2733, 5-6560, 0 кг/сағ шығынымен (FT-1802, FIA-1802), LV-1803 реттегіш қақпақшасы арқылы, 86°C (ТІ-1818) температурасымен және 1, 55 Мпа (DI-1817) қысымымен дебутанизатордың ротаңғы жағына әкеп түседі.

С-1801 деэтанизаторындағы 40-75% деңгейі LT-1803 приборы арқылы өлшенеді.

Прибор LIAHL-1804 калоннадағы минималды және максималды деңгейді көрсетеді.

С-1802 (1) дебутанизаторында сұйықтық екіге бөлінеді:

1) Калоннаның жоғарғы жағынан шығатын пропан-бутан фракциясы.

2) Калоннаның астыңғы жағымен шығатын тұрақты газды бензин.

Жоғарғы өнім Е-1805 (1) конденсатор -тоңазытқышында салқындататылғаннан кейін D-1802 (1) қайта ағу сыйымдылығына кеп құяды, Р-1801/А, В насосы арқылы 5360-12864кг/сағ шығынымен (прибор FT-1806, контур FIC-1806 қақпақша FV-1806) С-1802 (1) калоннасының жоғарғы жағының температурасын 62, 5°C (ТІ-1823) реттеу үшін суландыруға жіберіледі, қалған бөлігі 1800-4320 кг/сағ (прибор FT-1807, FI-1807) көлемінде С-1803 (1) немесе баяуланған газ резервуарына (блок 2300) жіберіледі.

(LT-1807, контур LIC-1801) LV-1807 қақпақшасымен реттеледі.

Компрессорды іске қосу тәртібі:

1. Компрессордың соруы мен айдауы кезіндегі пропан циклінің қысым өзгерісі 500 Кпа-дан аспауы керек;

2. Компрессордегі жылжымалы ұршықтың ашық күйі 10%-дан аспауы керек;

3. Жылжымалы ұршық пен шебер "авто" күйінде тұрады;

4. Компрессордың сору және айдау ысырмалары ашық күйде тұрулары керек;

5. Ауамен салқындату аппараттарының вентилеторы автоматты түрде тұруы қажет;

6. НХ-103 буландырғышының байпас арматурасын толық ашу қажет;

7. Майлы сорапты қосып, лай қысымын пропан компрессорының айдау құбырындағы қысымынан көбірек етіп, яғни 200 Кпа етіп орнату керек, одан кейін сорапты тоқтатып, автоматты режимге көшу керек;

8. "Компрессорлық режим" түймесін басып, сонан кейін "қолмен іске қосу" түймесін басу керек;

9. Майлы сорап автоматты түрде өзі қосылады, жүйедегі май қысымы орнатылады, компрессор автоматты түрде өздігінен қосылады, жылжымалы ұршық автоматты түрде қуатты реттейді;

Буландырғышта жоғары деңгейден асып кеткен жағдайда компрессорды қоспас бұрын .

LCV-102 реттегіш клапанын жауып тастау керек, яғни сұйық пропанды PV-102 экономайзерінен НХ-103 буландырғышына айдау үшін, дисплейде тапсырма басқармасының мәзірін ашып-PID тапсырмасы - 6-шы арна - 30% деңгейінің орнына 0% тапсырмасын қою керек.

  • Блокировкадағы PID-ті өшіру керек;
  • Компрессорды қосқаннан кейін шеберді қолмен 30% -ға дейін жеткізу, PV-1014 ресивері толғанға дейін уақытша жұмыс істеу;
  • Деңгейдің блокировкасын қайта орнына келтіру;

Машинаны тоқтату тәртібі:

1. "Компрессор режимін" басу керек;

2. "Қолмен қою"-ды басу керек;

3. Салқын пропанды цилдің іске қосылу туралы 6-шы бөлімде толығырақ оқи аласыздар;

Бірқалыпты жағдайдағы құрылғының іске қосылуы мен тоқтатылуы.

Қосар алдындағы дайындық.

Бірқалыпты жағдайдағы құрылғының қосылуы мен тоқтатылуы, зауыд бұйрығына жүгіне келіп жазылған цех бастығының өнімі бойынша жасалады.

Құрылғыны қосар алдында не істеу қажет:

  • Құрылғыны қосуға жауапты болатын тұлғаны тағайындау;
  • Іске қосу прграммасын дайындау;
  • Қызмет көрсетуші персонал құрылғыны іске қосу кезіндегі бүкіл жұмыстармен міндеттермен таныс болулары керек;
  • Жабдық монтажының сақтандырғыш клапандарының жапқыш арматураның, АжБӨҚ-ң дұрыстығы мен сапасын тексеріп, көз жеткізу керек; Барлық жабдықтармен құбырлар дара сыннан өтіп, әрқайсысының тиісті актілері болуы керек;
  • Құрылғы аумағындағы бүкіл жөндеу жұмыстар тоқтатылсын, технологиялық сұлба бойынша бұрын орнатылған бітеуіштердің алынуын тексеру керек;
  • Жабдықтың және қондырғы құрылғыларының тығыздығын қысыммен тексеру;
  • Қызметшілерге қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау жасап, бүкіл қызметшілер өзіндік жұмысқа рұқсат алулары үшін емтихан тапсырулары керек;
  • Жеке қорғану құралдары болуын тексеріп, олардың дұрыс жұмыс жасауына көз жеткізу керек, яғни олар өрт сөндіру құралдары менхабарландыру құралдары;
  • Қызметкерлерді әдейі жұмыс киімдерімен қамтамасыздандыру;
  • Зертханаға талдалмалы бақылаудың кестесін беру;
  • Жұмыс орнында технологиялық сұлбаның, апаттық жағдайлар мен оларды жою жоспарларының бар болуын тексеру;
  • Құрылғы жабдықтарының, құбырлардың, арматураның, манометрлердің қондырылуының, АЖБӨҚ, сақтандырғыш клапандардың күйін қарап шығу, люктер мен фланицті қосылыстардың дұрыс құрастырылғанына көз жеткізу;
  • Жалғанатын жерлердегі гайкалардың және түйреуіш бөліктерінің жоқтығы рұқсат етілмейді;
  • Қолдану инструкциясы бойынша сорылғының іске қосуға дайын екендігін тексеру;
  • Жабдық, құбырлар мен эстакадалардағы арматураны тексеру. Барлық арматура жабық күйде болулары керек;
  • Жапқыш арматураларда тех-қ сұлбамен сәйкес келетін белгілердің болуына көз жеткізу;
  • Электр жабдығының жерге дұрыс орналасқанын тексеру;
  • Сақтандырғыш клапандардың шығару жүйесін тексеру;
  • Технологиялық ауаның БӨА ауасын, азот, айналмалы сумен жабдықтау, бумен жабдықтау жүйелерін жұмысқа дайындау;
  • Жылыту мен желдету жүйелерін дайндау. (қажет болған жағдайда пайдалануға болады) ;
  • Қондырғы аумағында бөтен адамдардың жоқтығын тексеру; Құрылғыны қосу кезінде, газ құтқарушы, өрт сөндіру қызметтерінің болуын ұйымдастыру;

Құрылғыны іске қосу үшін басшылықтың жазбаша рұқсаты болуы керек. Олар:

- Энергетикалық ресурстарды қабылдау;

- Жүйеден ауаны ығыстыру;

- Тоңазтқыш циклінің жұмысқа дайындығы;

- Құрылғыны тоқтату;

Энергетикалық ресурстар мен қосалқы материалдарды қабылдау.

Электр энергияны қолдану тәсілі.

Электр энергиясы басты энергетиктің қызметімен беріледі. Электр энергиясын беру кезінде, басшылық бекіткен ТБ нұсқауы орындалу керек. Электр энергиясын қолданар алдында электр қозғалтқыштары сөндірулі болулары керек. Ажыратқыштарда электр энергиясын барын ескертетін плакаттар ілулі тұруы керек. Электр энергияны кезекші қосуы керек:

  • Күш беретін электр энергиясын қозғағыштарға қосу;
  • Жөнделген немесе қайта құрастырылған электр қозғағыштарының айналымының дұрыстығын қысқа мерзімді қосумен тексерген жөн;
  • Электр энергиясын АжБӨҚ-ке жіберіп, сигнализациясы мен газ талдауыштарының жарамдылығын тексеру керек;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе мұнай өңдеу зауытындағы газды кептіру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінің №2 зауытындағы үш фазалы сепаратор қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Агломерациялық машиналардың автоматтандырылуын жобалау
Агломерациялық машиналардың автоматтандыру жобасы техникалық және жұмыс жобалау сатыларындағы жұмыстарды орындау, автоматтандыру құралдарының техникалық аспаптарын таңдау және есептеу әдістерін игеру
Жаңажол мұнай газ кешенінің автоматтандырылуын жобалау
Жанажол мұнай газ өндеу кешенінің газды кептіру кондыргысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол кен орны «KKM Operating Company» АҚ
Жаңажол кен орнын игеру сипаттамасы
Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны қалыңдығы 308 метр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz