Жаңажол мұнай газ кешенінің автоматтандырылуын жобалау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Автаматтандыру - техникалық құрал- жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
- технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
- күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
- цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т. б. автаматтандырылады.
- Автоматтандырудың мақсаты- еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми- техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.
Автоматтандыру- адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өндеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және басқа құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.
Автоматтандыру- энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Қазіргі танда автоматты басқару және реттеу жүйелері өндіріске мұнай саласына көлік саласына ауыл шаруашылығына және тұрмыста кенінен енгізілуде жыл сайын сан түрлі станок автоматтарды, робаттарды автоматтандырылған қондырғыларды өндіруге, оларды қолдануға деген сұраныс жоғарлағанда, әр түрлі технологиялық процестерді автоматтандыру үлкен қарқынмен жүргізілуде. Автоматты басқару және реттеу жүйелері нақты заңдармен басқару және реттеу әдістеріне сәйкес берілген функцияларды орындайтын элементтермен құрылғылардан құралады.
Автоматты құрылғылардың атқаратын қызметі сан алуан түрлі, олар кез-келген салада маңызды функцияларды атқарады мысалы: өндіріс механизмдерін қозғалысқа келтіреді, алыстан басқару, реттеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Жаңажол газ өңдеу зауытының техникалық жағдайын жақсарту және қуатын өсiру есебiнен Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында мұнай және газ өндiрудi арттыру мақсатында төмендегідей жобалар құрылды.
Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені де түлеген тәуелсіз елімізбен бірге ілгеріге қадам жасауда. Бір сәт кәсіпорын тарихына көз салсақ, шағын газ өңдеу цехынан бастау алған кешеннің келешегі кемел, болашағы зор өндіріс орны екенін аңғарамыз. №1 газ өңдеу зауыты 1984 жылы пайдалануға берілді. 2000-2003 жылдары бұл зауыт 5, 5 миллион долларға қайта жарақтандырылды. Қайта жарақтандырылған зауыттың жылдық қуаты 3 млн. тонна мұнай, 800 млн. текше метр көмірсутекті газ, 18, 6 мың тонна күкірт өндіруге ғана жеткілікті болды. Уақыт өте келе мұнай өндірудің артуына байланысты бұл қуат аздық ететіні байқалды. Сөйтіп, 2003 жылы жылдық қуаты 2 миллион тонна тауарлы мұнай, 1400 миллион тонна көмірсутекті газ, 48, 5 мың тонна күкірт, 60 мың тонна сұйытылған газ өндіруге мүмкіндік беретін №2 газ өңдеу зауыты іске қосылды.
"СНПС-АқтөбеМұнайГаз" компаниясының үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын салуы, еліміздегі мұнайгаз саласындағы алдыңғы жобалардың бірі болып отыр. Жобаның құны $800 млн, ал қосалқы нысандарын қосқанда- $1 млрд құрайды.
Нысандар үш кезеңмен іске қосылады. Қорытындысында зауыт жылына 6 млрд. текше метр өңделген газбен қамтамасыз етеді. Зауыттың бірінші кезеңі-2007 жылдың желтоқсанында, екіншісі- 2008 жылдың 4 тоқсанында, толық іске қосылуы 2010 жылы болады деп жоспарланған.
2007 жылы пайдалануға берілген №3 газ өңдеу зауытының бірінші кезегінің жылдық қуаты 2 миллиард текше метр тауарлы газ, 54, 0 мың тонна күкірт, 156, 0 мың тонна сұйытылған газ, 99, 0 мың тонна жеңіл мұнай өндіруге есептелген.
Бұл зауыттың екінші және үшінші кезегін пайдалануға беру биылғы жылдың еншісіндегі шаруа десек, осы екінші және үшінші кезектері іске қосылғанда бұл зауытта жылына 6, 0 миллиард тонна тауарлы газ, 182, 0 мың тонна күкірт, 474, 0 мың тонна сұйытылған газ, 1031, 0 мың тонна конденсат, 221, 0 мың тонна жеңіл мұнай өндірілетін болады. Сондай-ақ, бұл жоба салынып жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы еліміздің оңтүстігін ілеспе арзан газбен қамтамасыз ету мәселесін шешуге алғышарт жасайды.
«30 корпоративтік көшбасшы» жобасына енгізілген №3 зауыттың бірінші кезегі де қысқа мерзімде іске қосылды. Оған акционерлік қоғам 474 миллион доллар инвестиция салды. Зауытта «Parsons Merichem» компаниясының осы заманғы жетілдірілген газ тазарту қондырғылары, процестерді басқарудың жоғарғы сапалы DCS автоматты жүйелері және АҚШ-тың компрессорлық қондырғылары пайдаланылады. Сондықтан да мамандар түрлі қайта даярлау курстарынан өтіп, шеберліктерін жетілдіріп отырады, жас мамандар Қытайда, Ресейде тәжірибеден өтеді. Жалпы, №3 газ өңдеу зауыты толық қуатына шыққанда кешеннің жылдық қуаты 8 миллиард текше метр тауарлы газ, 1 миллион тонна конденсат, 470 мың тонна сұйытылған газ өндіруге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру барысында құны 37 миллион АҚШ доллары тұратын өнімділігі 45 МВт газ-турбиналы станса, зауытқа барлау блогынан аралас газ жеткізетін 45 шақырымдық құбыр, сығымдау компрессорлық стансасы, «Жаңажол-КС-13» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Бұл осы магистралды құбыр бойындағы бірталай елді мекеннің көгілдір отынның игілігін көруіне жол ашты. Сондай-ақ, тазаланбаған газды жер асты қойнауына айдайтын газ лифтілік қондырғы іске қосылды. Бұл стансаның іске қосылуы жер асты қойнауының қысымын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өнімділігі тәулігіне 7000 текше метрді құрайтын мұнайға ілеспе суды қайта жер асты қойнауына беру үшін тазалап беретін қондырғы іске қосылды. Бұл қондырғыдан шыққан су сапасы технологиялық талаптарға сәйкес тазаланады.
Көзделгеніндей, жұмыспен қосымша 1 мың адам қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, зауыт облыстық өндіріс орындарын және тұрғындарды арзан көгілдір отынмен қанағаттандырады.
Бұрындары ауада жағылып келген газдың көлемі анағұрлым қысқарды. Ауада жағылатын газ көлемі 2007 жылмен салыстырғанда, бес есеге жуық азайған. Тиісінше ауаға шығарылатын зиянды заттар да осыншама кеміді. №3 зауыттың екінші және үшінші кезектері толық іске қосылғанда алауды ауыздықтауға толық мүмкіндік туады, тек газ ауада технологиялық қажеттілікке аз мөлшерде ғана жағылатын болады. Бұл өз кезегінде мұнайға ілеспе газды толық өңдеуге, ауаға шығатын зиянды заттарды азайтуға, экологиялық жағдайды жақсартуға, өндірілетін өнімдер сапасын арттыруға, өңірдегі кәсіпорындар мен тұрғындарды арзан көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, өнімнің әлемдік рынокқа шығуына алғышарт жасайды.
Жаңа заводтың басты жобалаушысы Синьзян жобалық институты, КНР болып табылады. Завод құрылысы Қытай ұлттық инженерлік компаниясымен жүзеге асуда. Завод мұнай және газ дайындау қондырғыларының және күкірт және жеңіл көмірсутектер алудың екі кезекте дайындаған.
Мұнай дайындау цехы (ЦПЕ-2)
Жаңа заводтың мұнай дайындау цехына келесі қондырғылар кіреді:
мұнай сепарациясы 1 және 2 кезек, 2 млн т/жыл
мұнай дайындау 1 және 2 кезек, 2 млн т/жыл
мұнайды терең дегазациялау қондырғысы, 2 млн т/жыл
мұнай дайындау қондырғысы әзірге жобаға шыққан жоқ, себебі мұнайдың қажетті көлемінің жоқтығына байланысты. Сол себепті эксплуатацияда қазіргі уақытта тек қана 1 кезек орнатылған.
Газды дайындау және күкірт алу цехы
Цех құрамына кіретін қондырғылар:
күкірттен тазарту қондырғысы 1 және 2 кезек - жалпы өнімділігі 1400 млн м 3 /жыл.
Газды кептіру қондырғысы 1 және 2 кезек - 1400 млн м 3 /жыл
Күкірт алу қондырғысы 1 және 2 кезек - 138, 56 тонна/тәулігіне
Жеңіл көмірсутектерді алу қондырғысы 1 және 2 кезек.
«Жаңажол» кен орнындағы газ дайындау және күкіртті алу цехы, Жаңажол-дың газды қайта өңдеу зауытының (ЖТПЗ) технологиялық буыны болады.
АҚҚ «Ақтөбемұнайгаз» құрамына кіретін, Қазақстан Республикасының Газ дайындау цехының өнімділігі тазаланбаған газ бойынша 1400млн км 3 /жыл, тауарлы тазаланған газ - 1274 млн км 3 /жыл магистральды, құбырға жеңіл көмірсутектер алынатын құрылым орнытылғаннан кейін Газ цехы бірнеше құрылымнан тұрады:
- Газды күкіртті сутектен тазалау құрылымы;
- Газды кептіру құрылымы;
- Жеңіл көмірсутек алу құрылымы, пропан сақтау ыдыстары;
- Күкірт алу құрылымы, күкірт сақтау жері.
Жеңіл көмірсутек құрылымдарында (1800 блок) пропанмен салқындату қолданылады және газды фракционерлеу үш бағанмен этан, пропан, бутанды айыру үшін 1800 блок құрамына екі бірдей құрылымдар кіреді, әрқайсының өнімділігі 2, 017х10 6 м 3 тәулігіне. Құрылым 2003 жылы іске қосылды.
Сычуан мұнай жоба іздестіруші институты
- Жобалаушы, КНР. Құрылыс компаниясы
- 1800 блогының құрамына кіреді:
- Ылғал және тұтыну газының жылу ауыстырғышы Е 1801 (I)
- Құрғақ және тұтыну газының жылу ауыстырғышы Е - 1802 (F)
- Пропан компрессоры SK - 1802 (І)
- Пропан салқындатқышы SK - 1803 (F)
- Буландырғыш SK - 1801 (F)
- Деэтанизатор С - 1801 (І)
- Деэтанизатор буландырғышы Е - 1803 (І)
- Төмен температуралық сепарат В - 1801 (І)
- Дубутанизатор С - 1802 (І)
- Конденсатор - мұздатқыш Е - 1805 (F)
- Дебутанизатор буланғыш Е - 1804 (F)
- Рефлюкстық ыдыс Д - 1802 (І)
- Мұздатқыш-суытқыш жеңіл мұнайдың Е - 1806 (F)
- Суырма насосы Р - 1802 (І)
- Бутан буландырғышы Д - 1804 (орнатылмаған Блок 2300 ішіне кіреді)
- Пропан сақтағыш ыдыс Д - 2301 (F), Д - 2301 (І)
- Пропан насосы Р - 2301(F), Р - 2302 (ІІ)
Жаңажол мұнай газ кешенінінің 1800-секциясындағы жеңіл көмірсутектер алу қондырғысының ылғал және тауарлы газ жылу алмастырғыштарын автоматтандыруды қарастырдым.
Жылу алмастырғыш (Теплообменник) - бір денеден екінші денеге жылу беретін құрылғы. Жылу әр түрлі жылу процестері өтеді: температура өзгеруі, булану, қайнау, еру, қоюлану және т. б. Мұндай аппараттар тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында қолданылады. Жұмыс атқару реті бойынша Жылу алмастырғышбеттік немесе араластырушы болып бөлінеді. Беттік аппараттарда жылу тасымалдағыштар қатты жылу өткізгіш қабаттармен (жылыту беттерімен) бөлінген. Араластырғыш жылу алмастырғыштарда жылу және масса алмасу процестері сұйық немесегаз тәріздес жылу тасымалдағыштардың араласуы арқылы өтеді. Жылу тасымалдау және өткізу орталарына су буы, ыстық су, май, арнайы тұздар ерітіндісі, кейбір органикалық сұйықтар, отын газдары жатады
I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет
Жинағыш жылу алмастырғыш аппараттардың негiзгiсi мiнездеме жылу
жiберушi беті немесе айырбастың бетi болып табылады. Оның шамасынан
жылу алмастырғыштардың геометриялық өлшемдері, олардың жасауы,
монтаждау және пайдалануды құндарға тәуелдi болады.
Жылулық есептеу кезінде бастапқы деректер ретінде: екi жылу шығаратын
заттарды, жылу шығаратын заттардың бiрi және температураның шығыны
кiруге және аппараттан шығатын есiкте болып табылады.
Құрамындағы әртүрлі көмірсутекті қоспалар мөлшері 50 %-дан кем болмайтын газдар атауы. Газ құраушы құрамбөліктердің ең бастыларының бірі метан болып табылады, оның мөлшері әдетте ауыр көмірсутектердің қалған түрлерінің жалпы мөлшерінен кем болмайды. Көмірсутекті газ бірнеше химиялық топтарға дараланады, олар: 1) көмірсутекті газдар; 2) көмірсутекті-көмірқышқыл газдары 3) көмірсутекті-азотты газдар. Соңғы топ, өз кезегінде, "гелийлі газдар" және "гелийі аз көмірсутекті-азотты газдар" болып екі түрге бөлінеді.
Мұнай кен орындарының газдарын ілеспе мұнай газдары деп атайды. Бұл газдар мұнайда еріген түрінде болады және одан жер бетіне шыққан кезде бөлінеді. Мұнай ілеспе газдарының құрамы құрғақ газдардан этан, пропан, бутандар және одан жоғары көмірсутектерін ( қосынды мөлшері 50% дейін ) көп құрайды. Сондықтан оларды майлы немесе байыған газдар деп атайды. Бұл газдардан ең жеңіл бензин, тауарлы бензинге бола алатын тағы да отын есебінде пайдаланатын сығылған газдар алады. Этан, пропан және бутан бір-бірінен бөлінгеннен кейін мұнай химия өндірісінің құнды шикізаты болады.
Газконденсат газдарының құрамында да метанның мөлшері көп, сонымен қатар бензин, керосин, кейбір кездерде мұнайдың дизель фракцияларының құрамына кіретін жоғары молекулалы көмірсутектері де болады. Соңғы жылдары зерттелген және пайдаланылған газ кендерінің құрамына 2-5% және одан да көп сұйық көмірсутектері кіреді.
Құрамында метанмен бірге этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болатындықтан оны пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір жоғары. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолы мен серік газдардан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан гексан және тағы басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді. Олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады. Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензинмен пропан, бутан қоспасын бөліп алған соң онда құрғақ газ қалады. Оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Мұнайға серік газдардан химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер - этан, пропан, н-бутан тағы басқа бөлініп алынады. Бұл этилен қатарындағы көмірсутектер химиялық акутивтілігі жоғары болғандықтан органикалық синтезі үшін бағалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар жеміс-жидектердің тез пісуін тездететін этиленнің жақсы қасиеті бар. Этилен көмірсутектерінің молекулалары өзара бір-біріне қосылып ұзын тізбекті молекулалар құрастыра алады. Құрғақ газын күнделікті тұрмыста және қыс уақытында жылыту үшін қолданылады.
Бутан, С4Н10 - газ тәрізді қанық көмірсутек. Бутанның екі изомері бар: қалыпты СН3(СН2) 2СН3 - газ, қайнау t - 0, 5ӘС және изобутан немесе метилпропан (СН3) 2СНСН3 - газ, қайнау t - 11ӘС. Бутанды алғаш рет 1849 жылы ағылшын химигі Э. Франкленд иодты этилді мырышпен әрекеттестіріп алған. Изобутанды А. М. Бутлеров өзінің органикалық қосылыстардың құрылыс теориясына сүйеніп, алғаш рет 1867 жылы йодты изобутилден синтездеген. Бутанды өндірісте табиғи газдан немесе мұнаймен серіктес газдардан алады. Бутан - бутадиен, сірке қышқылы, малеин ангидриді және изобутан өндірістеріндегі негізгі шикізат, сондай-ақ, мұнай өнімдерін парафинсіздендіргенде және асфальтсыздандырғанда қолданылатын еріткіш. Әлсіз наркотиктік әсері бар. Бутаннан бутадиен, уксус қышқылын, ал изобутаннан жоғары октанды бензин компоненттерін алады. Адам организміне зиянды.
1. 2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлер
Бақыланатын параметрлерге мыналар жатады: Кесте 1. 2. 1
Талданатын өнімнің процестегі атауы
Анализаторларды орналастыратын және оларды жинақтайтын орындар
Бақылау әдістері
1. Күкірт алатын қондырғыдағы қышқыл газ
Құбыр өткізгіш РG-1612(1) -1. 6А4-250-STT сепаратордан бұрын араласады
D-1901(1)
Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87
2. Клаус реакторына енетін технологиялық газ-1901(1)
Құбыр өткізгіш
PG-1904(1) -1. 6A9-500-IN
Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87
2. Клаус реакторына енетін технологиялық газ-1902 (1)
Құбыр өткізгіш
1907(1) -1. 6A9-500-IN
Хроматографииялық МЕСТ 23781 - 87
Жану пешінің артуына байланысты газ Н-1904(1)
Құбыр өткізгішті PG-1910(1) -1. 6A9-500-STT күкірт ұстағғыштардан кейін D-1902(1
Кесте 1. 2. 2 Сигналдалатын және блокировкаланатын шамалар
Параметр атауы
Жабдық атауы
2
3
Қысым (прибор PIСAL-1904)
Құбырдағы деаэрациялық су
Қысым (прибор PIСAНL-1907)
Қазандық шығысындағы бу құбырында
Деңгей (прибор LIA-1903)
Қышқыл газ сепараторында D-1901(1)
Қышқыл газ шығыны (прибор
FISA-1901)
Қышқыл газ сепараторында D-1901(1)
Пеш корпусының температурасы
ТIAH-1907)
Негізгі пеште
Н-1901(1)
Қышқыл газ қысымы, (аспап
РISA-1901)
Дәл осылайша
Ауа шығыны (прибор
FISA-1902)
Дәл осылайша
Деңгей (прибор
LIСAL-1902)
Утилизатор қазандығы Е-1901(1)
Деңгей (прибор
LISAH-1901)
Тоже
Деңгей (прибор
LISAL-1904)
Котел-утилизатор Е-1902(1)
Температура
(прибор
ТIСAH-1901)
Оттық- қыздырғыш
Н-1902(1)
Сығылған ауа температурасы ТIA-1922)
Оттық- қыздырғыш
Н-1902(1)
Жоғарыдағы температура (прибор
ТIA-1910)
Реактор Клауса 1ст.
R-1901(1)
Катализатор температурасы (прибор
ТIA-1911)
Реактор Клауса 1ст.
R-1901(1)
Төменгі температура (прибор
ТIA-1912)
Реактор Клауса 1ст.
R-1901(1)
Деңгей (прибор
LIСAL-1905)
Конденсатор салқындатқышы Е-1903(1)
Температура
(прибор
ТIСAH-1902)
Н-1903(1)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz