Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану



Кіріспе
І тарау Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
1.1 Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары
1.2 Жергілікті жер материалдарын пайдаланудың міндеттері
1.3 Жергілікті жер материалдарын жинаудың маңызы
ІІ тарауБиология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдаланудың әдістемесі
2.1 Өлкетану жұмысын жоспарлау,мазмұнын іріктеу және ұйымдастырудың әдістемесі
2.2Биология мен экология пәндерінен жергілікті материалдарын жинау әдістемесі.
2.3 Жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасыныңпрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін елімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Ожеговтың сөздігінде «Дарындылық - табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда, көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім келеді және шығармашылық ізденіспен жігерлі еңбек етеді.Биология және экология сабағында аймақтық компонент материалдарын оқытудың «нақтылыдан абстрактыға», «жақындағыдан алыстағыға» деген принциптерін жүзеге асыруға баспалдақ болумен бірге, білім мұнарасын орнықтырар іргетас болып табылады. Оқушыларды қоршап тұрған табиғат пен өмір ешбір суреттермен және коллекциялармен ешқашан теңдестіруге болмайтын тамаша көрнекі құрал. Жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Жергілікті материалдарды оқыту арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, байқампаздығын, сезімталдығын, белсенділігін, логикалық ойлау, іске шығармашылық көзқарасын тәрбиелеуге болады [1].
Зерттеудің өзектілігі.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін, бәсекелестік жағдайда барлық оқу мекемелерінің үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Қазіргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық – педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонымен қатар, оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескерудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық – кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде мәселені шеше алмайды. Оқушылардың білімін көтеру, оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру-әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер, әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Биологияны оқыту процесінде, жергілікті жер материалдарын қолдану, өзтиімділігін көрсетуде. Жергілікті жер материалдарын пайдалану, туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлықосымша кең көлемде біліммен толықтырып отырады.
[1]. Назарбаев Н.А. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Бағдарламалық мақала //«Егемен Қазақстан», 2012 ж. 10 шілде. [2]. Горбова М.А. Патриотическое воспитание средствами краеведения. М.: «Глобус», 2007. - С. 208, 211-214. [3]. Лысенко А.С. Географическое краеведение / А.С. Лысенко. Челябинск:
ЮУКИ, 1969; Урал и Приуралье. – М.: Наука, 1968. – 228 с.
[4]. Совершенствование регионального компонента в содержании школьных
предметов. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия
образования им. И.Алтынсарина, 2013. – С. 5-6, 86.
[5]. Шағын жинақты мектеп мазмұнының аймақтық компонентін жетілдіру.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 6-7 б.
[6]. Имангулова Т.В., Безгина Т.А. Поиск и изучение краеведческого
материала как способ познания родного края / География в школах и ВУЗах
Казахстана / 2007. – №1. – С. 16.
[7]. Подробно о методах исследования: «Методы географических
исследований» / Сб. статей. М., 1960; Н. Я. .Ковальская. Методика экономико-
географических исследований. Изд-во МГУ, 1963. – 234 с.
[8]. Шағын жинақты мектеп мазмұнының аймақтық компонентін жетілдіру.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 49 б.
[9]. Ерекешев А., Рихтер А., Бодеев М. Алғашқы әскери дайындық /
12 жылдық мектептің 11-сыныбына арналған байқау оқулығы / Алматы.
Мектеп, 2013. – 276-280 б.
[10]. Щербаков А.И. Краеведческая работа по географии / Москва: Учпедгиз,
1959. – 156 с.
[11]. Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлова Қ. Биология: Жалпы білім
беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық – Алматы: Атамұра, 2011. –
208 б.
[12]. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
[13]. «Хабаршы» журналы №1 (6) Алматы, 2005. – 39 б.
[14]. Жартыбаев А. Қарағанды өңірі топонимдерінің мағыналық және
құрылымдық сипаттары. – Қарағанды, 1998. – 40 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін елімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Ожеговтың сөздігінде Дарындылық - табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсіндіріледі. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда, көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім келеді және шығармашылық ізденіспен жігерлі еңбек етеді. Биология және экология сабағында аймақтық компонент материалдарын оқытудың нақтылыдан абстрактыға, жақындағыдан алыстағыға деген принциптерін жүзеге асыруға баспалдақ болумен бірге, білім мұнарасын орнықтырар іргетас болып табылады. Оқушыларды қоршап тұрған табиғат пен өмір ешбір суреттермен және коллекциялармен ешқашан теңдестіруге болмайтын тамаша көрнекі құрал. Жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Жергілікті материалдарды оқыту арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, байқампаздығын, сезімталдығын, белсенділігін, логикалық ойлау, іске шығармашылық көзқарасын тәрбиелеуге болады [1].
Зерттеудің өзектілігі.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін, бәсекелестік жағдайда барлық оқу мекемелерінің үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Қазіргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық - педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонымен қатар, оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескерудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық - кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде мәселені шеше алмайды. Оқушылардың білімін көтеру, оқуға деген ынта жігері мен қызығушылығын арттыру-әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер, әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Биологияны оқыту процесінде, жергілікті жер материалдарын қолдану, өз тиімділігін көрсетуде. Жергілікті жер материалдарын пайдалану, туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы қосымша кең көлемде біліммен толықтырып отырады. Жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығын арттыруда, сол туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Сондықтан, биология сабағында жергілікті жердің материалдарын қолдану жұмысын жетілдіру маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
сабақ бағдарламасы бойынша, әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру;
топсеруен барысында, қоршаған ортаны тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. Оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
+ Биологияны оқытудың ұйымдастыру формаларын айқындау;
+ Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы, жеке тұлғаны дамытудағы білім мен тәрбиенің маңызын зерттеу;
+ Биология сабағында жергілікті жердің биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру ерекшеліктерін пайымдау;
+ Жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ жоспарларынан мысал келтіру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: зерттеу жұмысына қатысты теориялық және ғылыми мәліметтер жинау, ақпараттарды салыстыру, талдау, тұжырымдау.
Курстық жұмыстың пәні: биологияны оқыту әдістемесі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану негіздері мен әдіснамасы.
Зерттеудің болжамы: Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы, оқушыны саналы еңбекке бейімдеу, салауатты және сауатты ұрпақ қалыптастыруға тәрбиелеу қажет.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
+ Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану туралы ақпарат алу үшін;
+ Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану ерекшеліктерін анықтау үшін ;
+ Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану оқу тәрбие процесінде қолдану үшін.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану

1.1 Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары

Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша, құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді. Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар, қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 - 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек. Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру формалары [5].
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі - сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған

1.2 Жергілікті жер материалдарын пайдаланудың міндеттері

Мектептегі биология мен экология пәндерінен жергілікті материалды пайдалану жұмысының өзіндік міндеттері бар. Бұл міндеттер оқушылардың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді[2].
Білімділік міндеттері:
- өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, жергілікті жан-жануарлар мен өсімдіктер;
- туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;
- тірі табиғат нысандары мен құбылыстарының бір-біріне тәуелділігін, байланысын, табиғат заңдарын оқып білу;
- биология, экология сабақтарында алынған білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу;
- өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірімен таныстыру;
- алынған білімді қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу барысында қолдана білу;
- туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;
- қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру.
Тәрбиелік міндеттері:
- өзінің туған өлкесіне, туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезіміне, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көп мәдениеттілік жағдайына төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
- отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;
- отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиеттер оқу, фильмдер, бейнефильмдер тамашалау;
- өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;
- жергілікті халықтың алдында тұрған проблемаларды шешуге ата-аналармен бірге оқушыларды да қатыстыру;
- экологиялық мәдениет қалыптастыру;
- патриоттық және эстетикалық, сонымен қатар табиғат алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін тәрбиелеу;
- балалардың бойында жақсы көру, барлық тіршілік атаулыға аяушылықпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері:
- туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;
- тақырыптық акцияларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы, туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;
- болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау сұрақтарын шешуге бағыттау;
- күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;
- туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту .
Жергілікті материалдарды жинау жұмысында тағы бір міндетті қосуға болады, ол - зерттеушілік сипаттағы міндеттер:
- қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау және туған аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы, проблема қою және оны шешудің жолдарын іздеу;
- оқығанды, танығанды, түсініксіз жағдайларды, мәліметтерді өз шығармашылығында көрсете білу;
- ізденіс арқылы таныс емес, белгісіз, түсініксіз құбылыстарды тануға, білуге, түсінуге ұмтылу.
Биология және экология пәнінің мазмұның сипаттайтын ерекшеліктер:
- табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен, көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары) [3].;
- жергілікті өсімдіктер түрлері мен жануарлар әлімін биологиялық өлкетану қарастырады. Биологиялық өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің топос - орын, жер, онома - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike - ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады. Демек, топонимдер тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді[4];
- сыныптан тыс уақытта таным-жорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
- мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің тарихы, әдебиеті, қолөнер түрлері, табиғи жағдайы, табиғат ресурстары, жергілікті тұрғындардың тұрмыс тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;
- өлкетану жұмыстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Өлкетану материалдары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, педагогикалық үдерістің: түсінік қалыптастыру - білім беру - біліктілік - практикалық іс-әрекетке баулу атты тізбегін құрастыруды көздейді. Мұғалім алдымен оқушылардың бойында[5]:
‒ Отан адамның дүниеге келген жері ретінде, туған жердің табиғаты, ана
тілі, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарих, туған өлке тұрғындарының өміріндегі ұлттық ерекшеліктер, отансүйгіштік сезім, туған өлкеге деген көзқарас түсініктерін қалыптастыру;
‒ ұжымда және өздігінен жеке жұмыс істеу барысында оқушы Отан, туған жер ұғымдарын меңгеруі тиіс, оқушыны туған өлкенің тарихын, өзінің ата-тегін, олардың тарихын өз бетімен оқып-білуге, Отанға, еңбек етуге, қоршаған адамдарға қарасты өзінің көзқарасын анықтауға, саралауға қажетті білімді қалыптастыру;
‒ оқушы саралау, түсініп оқу, ерінбей тірнектеп материал жинау, мұрағатта жұмыс істеу, экскурсияны жүргізуші дағдыларын үйрену арқылы біліктілігін арттырады[6];
‒ өлкетану жұмысының түрлері: саяхат, экскурсия, бақылау жүргізу, кеппешөп жинау, тәжірибелер жасау, мамандық иелерімен кездесулер тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.

1.3 Жергілікті жер материалдарын жинаудың маңызы

Биология және экология пәнінен белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып біліп, материалдарын жинау, оларды сабақ барысында қолдану өте тиімді болып саналады.Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін туған өлке болып саналады. [7].
Білім беру мен тәрбиелеуді, өмірмен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке - шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Отансүйгіштік сезімі Отанға деген терең махаббатты тудырады.
Жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.
Нормативтік-құқықтық құжаттарға, вариативтілік ұстанымына сай, жалпы білім беретін мектепте білім беру мазмұнының аймақтық компонентін жетілдірудің мақсаты өз өлкесін, елді мекенін, қаласын не ауылын жақсы білетін және сүйетін, оның әдет-ғұрыптарын сыйлайтын, табиғи, тарихи,
мәдени ескерткіштерін қорғайтын, көп ұлтты Қазақстанның отаншыл азаматын тәрбиелеу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерде биология мен экология пәндерінен жергіліктіі материалдарды пайдалану жолдарын қарастыра отырып, оқушыларды үлкендерді сыйлауға, туған жерін сүюге, табиғатты аялауға, туған жердің гүлденуіне үлес қосу талпынысын тәрбиелеу мәселелерін шешуге болатынына көз жеткіздік.
Елді мекендердің ерекшеліктерін ескере отырып, жеткіншектерге білім беру мен тәрбиелеуде өлкенің бай әлеуетін пайдалану, қазіргі кезде білім беруді дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Биология жне экология пәндерінен жергілікті жер материалдарын пайдалану, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік беретін көмекші құрал болуы тиіс.
Биологияны оқыту процесінде, жергілікті жер материалдарын пайдалану, туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы қосымша кең көлемде біліммен толықтырып отырады. Жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығын арттыруда, сол туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Сондықтан, биология сабағында жергілікті жердің материалдарын қолдану жұмысын жетілдіру маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады.

ІІ тарау Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдаланудың әдістемесі

2.1 Өлкетану жұмысын жоспарлау, мазмұнын іріктеу және ұйымдастырудың әдістемесі

Өлкетану жұмысы мектеп тәжірибесінде мемлекеттің саясатын және білім беру мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепте өлкетану жұмысы негізгі үш түрде[5]:
- пән сабақтарының мазмұнын аймақтық компонентпен жетілдіру арқылы;
- Өлкетану жеке факультативтік сабақ ретінде;
- сабақтан тыс уақытта, мектептің тәрбие жұмыстарының құрамында
жүргізіледі.
Өлкетану материалымен жұмыс істеу сабақтарының түрлері:
‒ кітаптармен және құжаттармен өздігінен жұмыс істеу;
‒ экскурсиялар;
‒ мәдениет тарихы ескерткіштерін тамашалау;
‒ экспедиция құрамында туған өлке аумағын зерттеу жұмыстарына қатысу;
‒ оқушылардың зерттеулері, жоба жұмыстары, ғылыми-тәжірибелік
конференциялар;
‒ пән үйірмелерінің жұмысы;
‒ өлкеге танымал адамдармен кездесулер және әңгімелесулер;
‒ сабақтарда өлкетану туралы қызықты, белгісіз болған деректерден
хабарламалар, баяндамалар жасау;
‒ бейне фильмдер түсіру;
‒ өлке тарихын, мәдениетін, әдебиетін бейнелейтін мерекелер;
‒ бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде басылымдар және тағы басқа
жұмыстар.
Мұғалім өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында білім берудің тиімді заманауи әдістерін: проблемалық оқыту, жобалау әдістерін, рөлдік ойындар, ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік технологияларды қолдана алады, сонымен қатар оқушының бойында өзін-өзі бағалай алу қабілетін
қалыптастыруға жағдай жасауы және мұғалім әрқашан ізденісте болуы керек.
Туған өлкенің тарихы, мәдениеті, тұрмысы, адамдары туралы ақпаратты
ғаламтордан, энциклопедиялардан, анықтамалықтардан алуға болады. Туған
өлке туралы ақпараттың тағы бір көзі, ол - жергілікті тұрғындардың отбасылық альбомдарындағы фотосуреттер, бұлардың бәрі мұғалімге туған өлке туралы ақпарат алуға мүмкіндік тудырады[5].
Туған өлке ұғымына қандай аумақты кіргізу керектігін алдын ала шешіп алған жөн. Кейбір жағдайларда өлке деп үздіксіз және нақты бақылау
жүргізетін мектептің маңайын айтады. Ал кейбір жағдайларда бұл ұғымды
ауданның немесе облыстың әкімшілік аумағына дейін кеңейтеді. Көпшілік
жағдайда мектеп орналасқан маңайда зерттеу немесе бақылау жүргізу үшін
облыс көлеміндегі мағлұматтарды білу қажет болып шығады. Сол себепті
мектептегі өлкетану курсы бұл екі көзқарасты да қамтуы тиіс. Мектепті
қоршаған ең жақын орта бақылаулар жүргізу және білім беру процесінде
қолдану үшін қолайлы, сондықтан өлкетану жұмысын мектеп орналасқан жерді терең оқудан бастаған дұрыс. Ал мектептен қашықтағы аудан немесе облыс аумағымен танысу, туған өлкемен танысудың бірізді жалғасы болуы керек. Өлкетану жұмысында өлкені зерттеудің барлық негізгі әдістері қолданылуы мүмкін, олар: әдеби, далада бақылаулар жүргізу, картографиялық, статистикалық, көзбен шолу (визуалды), әңгімелесу және сауалнама жүргізу фотосуретке және бейнефильмге түсіру.
Әдеби тәсіл дегеніміз оқылатын аумақ туралы әр түрлі баспа материалдарын қолданумен байланысты. Әдебиетпен танысудың маңызы өлке туралы білімді алдын ала алуға мүмкіндік туғызатындығында және ол өлкенің даму тарихы туралы сұрақтарды шешуге көмектеседі. Сонымен қатар әдебиетті оқу өлкені зерттеуден алынған нәтижелердің қорытындысын негіздеу үшін де қажет[5].
Далада бақылау жүргізу әдісі негізінен табиғат жағдайларын зерттеу үшін қолданылады. Ол мектепте бар техникалық құралдарды қолдану арқылы дала жағдайында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Зерттеудің картографиялық әдісі өлке аумағындағы шаруашылық пен табиғаттың арасындағы кеңістіктік үйлесімділікті ашу мақсатында қолданылады. Өлкетанулық зерттеу жұмыстары картадан басталуы және нәтижелер картаға түсірілуі тиіс. Зерттеудің маңызды бөлігі - жергілікті жердің планын қағазқа түсіру және әр түрлі карталар құрастыру.
Статистикалық әдіс, әсіресе халықты, шаруашылықты, экономикалық
байланыстарды оқу барысында жинақталған сандық көрсеткіштерді іріктеп алу және олардан қорытынды шығарумен анықталады. Бұл әдіс әр түрлі сандық мәліметтерді санау, орташа көрсеткіштерді шығару, кестелер құрастыру және олардың графикалық бейнесін сызудан тұрады. Көзбен шолу (визуалды) әдісі - бұл оқылатын құбылыстар мен заттарды бақылауға бағытталған әдіс. Ол мектептегі өлкетанулық зерттеулерде, саяхаттарда, экскурсияларда өте жиі қолданылады. Бірақ ол басқа әдістермен үйлестірілмеген жағдайда, қажетті сапалық нәтиже бере алмайды.
Жергілікті тұрғындармен, өлкетанушылармен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдісі тарихи және тұрмыстық деректерді қалпына келтіруге, бұрыннан белгілі ақпаратты анықтауға мүмкіндік береді. Фотосуретке және кинофильмге түсіру - өлкетану зерттеу жұмыстарын жүргізудегі маңызды құралдардың бірі. Өлкенің нысандарын, халқының өмір сүру салтын, күнделікті өмірін фотосуретке немесе кинофильмге түсірудің нәтижесі қызықты монографиялық альбомдар жасауға, өлкетану мұражайының экспонатына арналған материалдар жинақтауға және жекелеген сұрақтар бойынша кино көрсетуге бағытталған.
Сонымен, өлкенің өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді, табиғаты мен шаруашылығындағы жағдайларды толығырақ сипаттау үшін, өлкенің қазіргі кездегі және бұрынғы өмірінен деректер мен материалдарды үздіксіз жинап, оқып, зерттеу қажет. Олар келесі сипатта болуы мүмкін:
- ғылыми еңбектерден және ақпараттан, көркем шығармалардан әдеби
материалдар жинақтау;
- журнал және газеттердің мақалалары;
- географиялық карталар;
- әр түрлі хаттар, жылнамалар және басқа да жазбалар, газет-журналдар
беттерінде жарық көрген фотосуреттер. Мұрағаттарда, әкімшіліктерде, отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттар, өлкеде ұзақ уақыт өмір сүріп жатқан қарт адамдардың естеліктері, сипаттамалар, жиынтықтарды оқу және қорытынды жасау. Әрине, бұл ауыр жұмыс болғандықтан мұғалім өзі жүргізгені дұрыс болады, бірақ оқушыларды қатыстыруы міндетті шарт[6] .
Өлкетану туралы материалды іріктеу өте маңызды болып саналады, өйткені оқушының өз өлкесі туралы әңгімелеу қабілеті, әңгімелеудің мазмұны оқушы үшін қызығушылық тудырған жағдайда және әңгімелеуге негіз болатын жағдай жасалғанда ғана жетілдіріледі. Келесі факторлардың нәтижесінде өлкетану тақырыбы сабақта коммуникативтік белсенділік тудырады:
- оқушылар не туралы айтып тұрғандарын толық түсінген жағдайда;
- оқушылар өздері үшін маңызды әрі қымбат нәрсе туралы әңгімелеген
жағдайда. Сондықтан өлкетану материалын іріктеу барысында келесі себептерді ескерген жөн:
* оқушылар үшін материалдың шынайылығын, яғни оқушылар әңгіменің не
туралы екендігін нақты елестете алулары керек;
* ұсынылған материалдың оқушылар үшін қызықты болуы (осы ақпаратты
білгім келіп еді деген талаптың болуы);
* ұсынылған материал туралы ақпараттың толық болмауын (оқушыларды
ізденушілікке ынталандыру мақсатында);
* берілген материалдың бағдарламалық тақырыпқа сәйкестігін;
* берілген материалдың әлеуметтік құндылығын;
* тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ата-аналарымен тығыз
байланыстың орнауын.
Мұғалім өлкетану материалының бағдарламаға сәйкестігіне көп көңіл
бөліп, өлкенің ерекшелігін, оның қайталанбас сипатын бейнелейтін
материалдарды іріктеп алуы қажет. Сонымен бірге өз өлкесін білуге деген
құштарлықты ояту, оқушының жалпы мәдени деңгейін көтеруге жағымды
ықпал жасайды. Оқушыларды география, тарих, әдебиет, биология, музыка
басқа да пәндерден алған білімдерін кез келген сабақта, өмірлік тәжірибеде
тиімді пайдалана білуге үйрету керек.
Өлкетану материалдарын сабақта қолдану, білім беру үрдісіне қойылатын жалпы дидактикалық қағидалармен негізделеді. Ол қағидалардың түрлері:
* пәнаралық байланыс қағидасы, бұл - мектеп бағдарламасындағы
пәндердің мазмұнында өлкетану материалдарын қолдану арқылы басқа
пәндермен байланысты жүзеге асыруды болжайды;
* жүйелілік-құрылымдылық қағидасы, өлкетану материалдарын білім
берудің әртүрлі кезеңдерінде нақты мақсат қоя отырып, жоспарлы түрде
қолдануды және аумақты географиялық негізді құрайтын нақты сипаты бар
нысан ретінде зерттеуді көздейді;
* тақырыптық қағидасы, оқулықтың әр тақырыбына сәйкес келетін
материалды әзірлеуді қарастырады;
* толеранттылық қағидасы, оқушылардың бойында өзге ұлт мәдениетін
түсіну және қабылдау қабілетін дамытуды қарастырады;
* когнитивтік қағидасы, оқушылардың білім алу үрдісі барысында
өлкетану материалдарының көмегімен жаңа ақпаратты, жаңа білімді түсінуін
қарастырады;
* кешенділік қағидасы, өлкенің қоршаған ортасында болатын барлық
жағдайларды, өзгерістерді кіріктіріп оқытуды көздейді;
* ізгілендіру қағидасы, өлкені тұлғаның дамуындағы өмірлік мәнді
құндылықтар жүйесінде оқудың мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді;
* табиғи және мәдени түсінік қағидасы, табиғатты қорғау және
экологиялық білім мазмұнын кіргізуді қарастырады;
* іс-әрекеттік қағидасы, білім беруді практикалық, коммуникативтік,
жобалық-шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырады;
* тарихилық қағидасы, әлеуметтік-табиғи ортадағы өзгерістерді, аумақтың
даму болашағын қарастыру арқылы орындалады;
* проблемалық қағидасы, нақты проблемалық тапсырмаларды шешу
көздейді[6].
Аталған қағидаларды жүзеге асыру арқылы, оқушылардың өздіктерінен
білім алу, сыни тұрғыдан ойлау, шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеттерді орындау қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туындайды. Анықталған қағидаларды ой елегінен өткізіп түсіну және өмір сүру ортасындағы мінез-құлық ережелерін сақтау, өз іс-әрекетінің мәні мен жауапкершілігін түсіну, өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілік, әр адамның мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Қазіргі кезде білім берудің өлкетанулық мазмұны, туған өлкедегі алуан
түрлі үдерістер мен құбылыстарға біртұтас кешенді жүйелі көзқарасты
қалыптастыруы тиіс. Мұндай көзқарас оқылатын аймақтың жағдайын
қалыптастырушы және өзгертуші факторларды, олардың өзара тең
байланысында табиғи, экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлар
тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ғылыми дүниетанымдық
көзқарасты, өмір сүру ортасының біртұтас бейнесін, ғылыми негізделген
экологиялық және әлеуметтік-мәдени көзқарас жүйесін, оқушылардың туған
өлкеге тек қана эмоциялық тұрғыдан емес, тиімді пайдалану тұрғысынан да
қарау сияқты құндылықтарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Көрсетілген көзқарастарды жүзеге асыру келесі әдістерге сүйенуді қарастырады:
Жалпы бағыттылыққа:
- өлкетанудың тәрбиелік міндеттерінің елдің, өлкенің (аймақтың), ауылдың
патриотын қалыптастыруға бағытталуының басымдылығын мойындау;
- өлкетануды оқу барысында мақсаттар мен қағидалардың тұтастығын,
оқушыларды дайындау сатыларында сабақтастықты сақтай отырып, бұл
сатыларда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және
тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау арқылы өлкетану дайындығының
кезеңдерін атап көрсету.
Мазмұнында:
- мазмұнын аумақтық-хронологиялық тұрғыдан баяндау;
- өлкетануды оқушылардың өз өлкесін (аймағын) күрделі, алуан түрлі,
қарама-қайшылықта, бірақ біртұтас әлем ретінде көре білуге жағдай жасайтын курс ретінде түсіну. Алайда, мектеп пәндерінің мазмұнына, олардың аймақтық компонентіне сүйене отырып, бұл пәндердегі мағлұматтардың қайталамасы болып шықпай, жаңа деректермен толықтырылуы керек;
- өлке туралы мағлұматтар мектеп пәндерінде қарастырылмайтын
сұрақтармен толықтырылуы тиіс;
- өз елді мекенінің, ауданының тарихындағы мәліметтермен, қазіргі кездегі
өмірінің қызықты, болашақта өлкенің тарих беттеріне енгізуге болатын
деректермен толықтыруға көңіл бөлу.
Ұйымдастыруда:
- оқушыларға таулар, көлдер, ормандар, шаруашылық және мәдени
орындар, тарихи ескерткіштер және тағы басқаларды оқудың нақты нысандары ретінде таныстыру;
- мектеп пәндерін оқу барысында аудио, бейне материалдарды,
мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы көрнекілікке ерекше көңіл бөлу;
- ғылыми жобалар жазу, экспедиция (археологиялық, экологиялық,
этнографиялық, фольклорлық) жұмыстарына қатысу, экскурсиялар мен
туристік саяхаттарға шығу арқылы туған өлкені оқып-білу әрекетіне тарту.
Сонымен, туған өлке жайлы білім беру оқытудың жобалық,
коммуникативтік, тәжірибелік әдістерін оңтайлы және тиімді пайдалану
арқылы, сыныпта және сыныптан тыс әрекеттердің әр түрлі тәсілдері арқылы
жүзеге асырылуы тиіс

2.2 Биология мен экология пәндерінен жергілікті материалдарын жинау әдістемесі.

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған Өлкетану курсының бағдарламасындағы биология, экология тақырыптарына байланысты төмендегі қосымша материалдарды ұсынамыз[7].
Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу.
Туризм - адамдардың шет елге немесе өзі өмір сүретін жерден өзгешелігі бар басқа жерге саяхат жасауы. Туризмнің түрлері мақсатына байланысты: медициналық, сауықтыру, рекреациялық, көңіл көтеру, спорттық, танымдық, діни және басқа түрлерге бөлінеді. Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы мен тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Сонымен қатар жергілікті жердің аумағындағы табиғатқа бақылау жүргізу, нысандармен, ескерткіштермен танысу мақсатында жасалатын саяхатты да жергілікті туризмге жатқызуға болады. Өлкетану курсының мазмұнды бөлімдерін меңгеру үшін өлкенің бай әлеуетін пайдалану қажет.
1) арнайы тақырыптағы туристік саяхат;
2) мұғалім дайындаған тапсырмаларды оқушылар өз күштерімен орындауы
арқылы, мұғалімнің басқаруымен өткізілетін - экскурсия;
3) жергілікті жердің аумағын таныстыру саяхаты;
4) зерттеу жұмыстарын жүргізу экспедициясы (мұғалімнің басқаруымен
немесе жоғары оқу орындарының ғылыми экспедициясының құрамында).
Жұмыстың бұл түрлері жергілікті материалдарды меңгеру үшін ұсынылады.
Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда серуендеу деген
мағынаны білдіреді. Экскурсия дегеніміз - табиғат, өнеркәсіп нысандарына, жергілікті жердің назар аударарлық жерлеріне ұжыммен ұйымдасқан саяхат жасау. Мақсаты туған өлке туралы қосымша деректер, материалдар жинақтау арқылы өлкені тереңірек оқу, зерттеу. Бағдарлама бойынша жоспарлы жүргізілген экскурсиялар оқылған материалды тәжірибемен бекіту мақсатын көздейді, ал бағдарламадан тысқары экскурсиялар зерттеушілік сипатқа ие болады. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Экскурсиялар тақырыптық және кешенді болып бөлінеді, нысанның орналасқан жеріне байланысты жақын және қашық болуы мүмкін. Экскурсия нысаны болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады[7]. Экскурсия кезінде нысанды көрсету басты орын алады. Нысандарды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Өлке өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің
дамуымен байланысты орындар.
2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі
адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық
ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саланың ғимараттары және т.б.
3. Табиғи нысандар: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар.
4. Мемлекеттік және халық мұражайларының сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер.
Өлкетану мақсатында өткізілетін экскурсиялар барысында негізінен
топографиялық карталар қолданылады, олардың географиялық картадан айырмашылығы - масштабында. Оларға: 1:25 000 - 1:100 000 масштабына дейінгі карталар жатады[8].
Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері - бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық, сандық сипаттамалары беріледі. Ауданның немесе облыстың картасын (ауылдық жердің планын) қолдана отырып келесі жұмыс түрлерін өткізуге болады:
- картадан және планнан қажетті нүктелерді табу: біздің елді мекеннен
оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жердегі елді мекенді көрсет, елді мекенді ата.
Бұл елді мекен несімен әйгілі?
- (атауы) ауылында біздің танымал жерлесіміз дүниеге келген және өмір сүрген. Бұл ауыл бізден қай бағытта және қандай қашықтықта орналасқан?
- әңгіменің ретін мұқият тыңдаңдар: Біз ауылдан оңтүстік бағытқа қарай шықтық және 10 км жол жүрдік. Одан кейін біз оңтүстік-шығысқа қарай беталдық. Тағы 8 км жол жүрдік. Осы жерден шығысқа қарай 5 км жерде ... бар. Оқушылар нысанды атаулары керек.
- түнде от жалыны А. ауылынан 600 азимутпен, ал Б. ауылынан 2700
азимутпен көрініп тұрды. От қай жерде жағылды және біздің елді мекеннен қандай қашықтықта орналасты?
Түнгі уақытта көкжиек тұстарын Темірқазық жұлдызы арқылы анықтауға болады. Ол әрдайым солтүстікте болады, ал оны Жетіқарақшы жұлдыздар шоғыры арқылы тауып алуға болады. Жетіқарақшының екі шеткі
жұлдыздарының (альфа және бета) арасындағы кесіндіні ойша бес рет қосамыз. Анықталған нүкте Ақбозат-Көкбозат жұлдыздар шоғырына жататын Темірқазықты көрсетеді. Көкжиек тұстарын жергілікті жердегі заттар (белгілер) бойынша анықтау:
- құмырсқа илеуі жақын маңдағы ағаштардан, дің, бұталардан әрдайым
оңтүстікке орналасады;
- құмырсқа илеуінің оңтүстік жағы солтүстік жағынан жазықтау болып
келеді;
- мүк пен қыналар ағаштарды, тастарды, жоталар мен ертеректе салынған ғимараттарды солтүстік жағынан көмкереді;
- көктем айларында солтүстікпен салыстырғанда оңтүстік еңістегі қар
жамылғысы тезірек ериді;
- оңтүстіктегілермен салыстырғанда солтүстіктегі ағаштардың қабығы
бұжырлау және күңгірттеу болады;
- православ және протестант шіркеулерінің басы әрқашан шығысқа
қаратылады;
- таудың оңтүстік етегіндегі қармен салыстырғанда солтүстігіндегі қар
қаттырақ болып келеді[8].
Оқушылар демалысының қызықты түрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Пәндер