Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

I. Биология пәнінде қолданылатын жалпы әдістемелік құралдарға сипаттама

1.1 Биология сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік құралдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биологиядан сабақ өткізудегі виртуалды электрондық оқулықтардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

II. Биология сабағында әртүрлі әдістемелік құралдарды қолдану әдістемесі

2.1 Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану ... ... ... ...12
2.2 Биология сабақтарында әдістемелік құралдардың қолдану жолдары ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Зерттеу өзектілігі: Биолоияны оқыту әдістемесі - биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған. Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді [1].
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады, анализ жасайды, қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.
Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.
Биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.
Мектеп биологиясының мақсаты - оқушыларды даяр ғылыми фактілермен,заңдылықтармен таныстыру.
Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
[1] А.Мырзабаев.Биологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды.
[2] А.М.Розенштейн, Н.А Пугал. Исползование средств обучения на уроках биологий, М, «Просвещение», 1989г.
[3] А.Мозговая,Каркасные букеты, Изд.дом.,Ниола 21-й век.
[4] Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негізі. 2006. №6, 39-40б.
[5] Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіздері. 2006. №5, 48-51б.
[6] В.М.Душенков, К.В.Макаров, Летняя полевая практика по зоологии беспозвоночных.
[7] В.Ф.Шалаев, В.Б.Богорад, А.И.Никишов, Е.Т.Бравкина, Методика обучения зологии. Пособие для учитей. М, Просвешение, 1972
[8] Верзилин Н.К. «Основы методики преподования ботаники». Москва, 1956.
[9] Жылыбаев Ж. О. Педагогические условия формировние здорового образа жини учащеихся иннавационных школ. Автореферат канд. дисс. Астана 2004.
[10] Исманбетова М. Молульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздері. 2006. №3, 30-34б.
[11] Кенесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдасына білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., түркістан 2006.
[12] Куанбаев Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., 2006ж.
[13] Колеченко А.А. Энциклопедия педагогических технологий. - М.: Изд-во КАРО, 2002.
[14] М.Козлов, Е. Нинбург, Ваша коллекция, Сбор и изготовление зоологических коллекций, М., «Просвещение», 1971 г.
[15] Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі.1996ж. 160б.
[16] Мягкова А.И., Сивоглазов З.И. «Планирования учебного процесса по общей биологий». ВШ, Москва. 1990.
[17] Н.М.Верзилин, Общая методика преподавание биологий .
[18] Р.Әлімқұлова. «Жалпы биологиядан кейбір тақырыптарынан методикалық талдау, өңдеу». Алматы, 1969.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Жаратылыстану – география факультеті

Биология және экология кафедрасы

Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
(Курстық жұмыс)

5B011300 -БИОЛОГИЯ

Тексерген: аға
оқытушы Ихласова Ж.М
Дайындаған: 01304
топ студенті Укиева М.И

Орал – 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

I. Биология пәнінде қолданылатын жалпы әдістемелік құралдарға сипаттама

1.1 Биология сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік
құралдарды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5
1.2 Биологиядан сабақ өткізудегі виртуалды электрондық оқулықтардың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II. Биология сабағында әртүрлі әдістемелік құралдарды қолдану әдістемесі

2.1 Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану ... ... ... ...12
2.2 Биология сабақтарында әдістемелік құралдардың қолдану
жолдары ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...23

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Биолоияны оқыту әдістемесі - биологияны не үшін
оқыту қажет, қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балаларды қалай
тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда
болған. Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне
байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының
ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен
күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың
маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан
күрделіге өту жолын байқап отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен
қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға,
табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге
мүмкіндік береді [1].
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде
оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады, анализ
жасайды, қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын
белгілейді.
Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен
айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау
әдістерімен формалары өзгеше.
Биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар,
жаңа білім алу.
Мектеп биологиясының мақсаты - оқушыларды даяр ғылыми
фактілермен,заңдылықтармен таныстыру.
Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан
оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды
артық информациясыз түсіндіреді.
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие
беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін
әлеуметтендірудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім
жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен
білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру
қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi
мәселелердiң бiрiне айналып отыр [2].
Зерттеу мақсаты: биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік
құралдар және олардың маңызы туралы түсінік беру.
Зерттеу міндеттері:
✓ биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және
олардың маңызы;
✓ биология сабағында презентацияны қолдану арқылы оқушылардың
дағдысын қалыптастыру әдістері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Биология пәнінде қолданылатын жалпы әдістемелік құралдарға сипаттама.

1.1 Биология сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік
құралдарды қолдану.

Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие
беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін
әлеуметтендірудің маңызы зор.

Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім
жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен
білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап
етеді.Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн
қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең
көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр [3].

Биология сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі:

• оқушының өз бетімен жұмысы;

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру
арқылы жүзеге асыру;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

• экономикалық тиімділігі;

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;

• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

• оқушының ой – өрісін,дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық —
коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп
ойлаймын. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай
күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде.Білім берудің кез-келген саласында Электрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана
қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс
жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын
жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық
оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі
мақсаты оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар
ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын
үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір
оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп,
зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы
түрлі суреттер,бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдауға
болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда
әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық
құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану
барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады.
Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші
құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын
меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Биология пәніне арналған
электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық
ақпарат алып өз білімін тексере алады [4].

Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа
материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін
және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын
бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен
жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына
сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың
тақырыпты қаншалықты меңгергенін сол арқылы бағалай алады.

Презентация үғымы өзінің толық мағынасында лат.praesento тапсырамын
немесе ағыл.to present —ұсыну, өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп
беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін
бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып
айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну —
бұл әрдайым презентация.

Слайд деп – көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына
тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру
схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір
слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бүл параққа түсініктеме мәтінді оны
жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін
презентацияның басты, керекті сәттерін және оған катысты жағдайларды
фиксациялау кезінде колданылады.

АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді
шешуге тура келеді:

•дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік
бағдарламаны талдау);

•әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау,
сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

•ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз
өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

•оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін
мұғалім не істеуі керек?

•ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;

•ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;

•сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға
үйрету;

•ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және
ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен
жүзеге асыруды қалыптастыру;

•оқушылардың ғылыми- ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету,өз
бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін
танымдық қызметтерді жүзеге асыру.

АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру үшін:

•сабақты түрлендіріп өткізу;

•сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;

•оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету.

Өзімнің іс-тәжірибемнен мысал келтірсем , биология сабағында АКТ-ның
келесі түрлерін қолдануға болады:

•Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;

•Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының
бірнеше фрагменттерін қолдануға;

•Зертханалық жұмыстарда;

•Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.

Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны
қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің
артуын , өзіне деген сенімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының
арттыру мәселесін айтқым келіп отыр.

Биология сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық
кезеңдерінде:

•пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу,

•өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту
қабілетін құру,

•оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек
көрсету кезінде қолдануға болады.

Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу
оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет
етеді.

1.2 Биологиядан сабақ өткізудегі виртуалды электрондық оқулықтардың маңызы.

Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген
мақсаттарына жететін,тұлға болып қалыптасатын сонымен қатар болашақтың
бүгінгі күннен де жарқын және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің
алға жетелейтін бір бөлшегі ол әрине білім. Болашақтың кілтін саналы да
сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін
жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан
білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Әлем
елдерінің оның ішінде Қазақстан мұғалімдерінің ең басты проблемалары
оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты мәселе болып тұр. Сол
үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол
мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр.Мұғалімдердің
қазіргі кездегі басты мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп
оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тәрбиелеуіміз керек.
Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз тарапынан басты
назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда [5].
Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық
сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын
сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде
ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты
мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде
өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын
ұштау қажет деп ойлаймын.
Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан
ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді
қалыптастырады.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі,мақсаты
мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс
бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен
теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс
түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін
топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды.
Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары
зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.
Міндеттері:
– Биология пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік
ерешеліктерін сипаттау;
– Биология пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін
жалпылау;
– Биология пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.
Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық
жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты
білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.
Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды
жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін
тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау
арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын
қалыптастырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды
құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең
түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін
толық ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының
салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс
жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,
оларды сабаққа қалай пайдалану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша
түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі
туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың
жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері:
- Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты
демонстрациялап көрсетуге болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.
- Білімнің негізгі көзі – байқауда. Бұл жерде оқушының әрекеті
демонстрациялайтын объектіні не процесті көріп қабылдауға бағыттайды.
Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен
жануарларды демонстрациялап, не таблица арқылы әңгімелеп айтады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі зертханалық сабақ
процесінде мұғалім мынадай нәтижеге қол жетеді:
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
- оқушыны басқа жақтарынан таниды;
- өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
- оқушының жұмысын бағалайды.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолдануда
және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлеу, қорытынды);
- өзін – өзі бағалау;
- топтық жұмыстағы белсенділік;
- көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі;
- еркін тәрбиеге баулу.
Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік
көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің мазмұны
тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды,
өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен
әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен зертханалық
сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты
сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті
түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен
сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға
болады.Сонымен қатар биология сабағында зертханалық жұмыстар жасау арқылы –
оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына ойын жинақтауда сонымен қатар,
өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды [6].
2. Биология сабағында әртүрлі әдістемелік құралдарды қолдану әдістемесі.

2.1 Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану.

Қосымша ақпарат көздерін қолдану әдістерінің бірі Айналмақосы әдісті
биология пәндерінде оқушының білімін тексеру кезінде, логикалық ойлауды
дамыту немесе жаңа тақырыпты бекіту, меңгерту кезінде пайдаланған өте
тиімді. Себебі,бір ғана тексерудің түрі қолданылмайды мұнда оқушылардың
білімі тест, биолгиялык диктант, тірек сызба, сурет бойынша және
терминдерді тексеру сыныптағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім
деңгейін анықтауға, логикалық ойлауын дамыту кезінде қолдануға мүмкіндік
береді.
Сыныпты 4-топқа бөліп, топ басшылары сайланады да, тапсырмалары
таратылады. Білім тексерген кезде қатар отырған оқушы бір-бірінен көшіріп
алмау үшін және білім деңгейіне байланысты әр түрлі нұсқада деңгейлеп
беріледі.Әр тапсырманы орындауға 7-мин, оның 2-минутын топ басшылары
тексеріп, бағалап үлгеруі керек. Тапсырманы орындағаннан кейін бір мезгілде
орындарынан тұрып сағат тілі бағытымен топтар орын ауыстырады да келесі
жаңа тапсырманы орындай бастайды. Осындай бағытпен оқушы 5-түрлі тапсырма
орындап 5-баға алады. Қалған уақытта топ басшылары қорытындылап, ортақ
бағасы қойылады.
Тапсырмаларды құрастырған кезде бағдарламада көрсетілген Оқушылардың
білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар бөлімінен алынған
біліміне қарай оқулықтан диктантқа мәтін іріктеп алынады. Енді іріктелген
дидактикалық материалды қолдану мақсатына қарай карточка жасаймыз.
Тест: ашық тест, жабық тест, сәйкестік тест т.б. қолдануға болады.
Биологиялық диктантты да түрлендіріп қолдануға болады.
1)Биологиялық атауларды білдіретін сөз қалдырылған сөйлем жазылады.
(қалдырылған орынға тиісті сөзді тауып жазады).
2)Биологиялық диктант сұрақ түрінде құрылады. (Қысқаша нақты жауап
қайтарады).
Мысалы, Анатомия пәнінде Асқорыту жүйесі тарауында тестік
тапсырмалар -1 топ, 2-топ биологиялық диктант, 3-топ тірек сызбалар, 4-топ
суретпен жұмыс,5-топ терминдерден тұратын тапсырмаларды орындауға бердім.
Белгіленген уакыт өткеннен кейін тапсырмалар орнында қалады да оқушылар
дәптер, қаламымен орындарын ауыстыра отырып 5-түрлі тексеруден өтеді. Енді
Жаңа тақырыпты меңгеруде бұл әдісті қалай қолданамыз?
1.Осы тақырып туралы алдын ала түсінік беремін.
2.Үйде қосымша материалдар қарау, әкелу тапсырылады.
3.Сынып оқушыларын топқа бөліп, ойын шартымен таныстырылады.
Ойын: 4-кезеннен тұрады
1-кезең жеке жұмыс.
2- кезең жұптық жұмыс
3- кезең топ болып жұмыс жасауды жалғастыру.
4- кезең топтық шешімді қабылдау.
Әр топтағы оқушыны шартты түрде 4-әріппен белгілейміз (А-В-С-Д).
Тақырыпты оқи отырып әр әріптің қандай тапсырма орындау керектігі
айтылады.Мысалы: А- мәтінді оқи отырып тест құрау,В- мәтінді оқи отырып
биологиялық диктант құрау, С- мәтіндегі суреттердің құрылысы мен қызметін
талдайды, Д- негізгі түсініктермен, терминдермен жұмыс жасайды.
1-кезең жеке жұмыс. Оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып
қысқаша өзіне берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы дайындауға 15
минут уақыт беріледі.
2-кезең жұппен жұмыс. 1-топтағы оқушылар өзіне серіктес таңдайды.
Мысалы, А-В, С-Д. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты
топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне және бірін-бірі толықтыру.
Уақыты 5 минут.
3-кезең. Топтар арасындағы жұмысты жалғастыру. Алдыңғы топтар уақытша
таралып жаңадан әріптік бірлік қағидасы бойынша құрылған топтар (А-А-А-А,
ВВВВ, СССС, Д-Д-Д-Д) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені
шешу жолдарын ұсынып, өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және
тиімді шешім таңдалады. (10 мин.).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биологиядан білімді қорытындылау
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер