Ақша жүйесі туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ақшаның пайда болуы,мәні және экономикалық маңызы ... ... ... ... ...5

1.1.Ақшаның қажеттілігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Ақшаның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Негізгі бөлім.
ІІ. Ақша теорияларының даму эволюциясы.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм және монометаллизм жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Ақша теориялары және олардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Ақша айналымын ұйымдастырудағы теориялық негіздер ... ... ..32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады.
Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақшаның қазіргі экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау түрінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін; еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.Сол себепті де ақшаның қазіргі экономикамыздағы рөлі өте маңызды.Сондықтанда ақша актуалды болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбын ақша теориясына қатысты таңдауыма осы себептер әсер етті.
Менің мақсатым - осы жәйттар туралы ашық және айқын түсіндіріп өту.
Курстық жұмысымды жазудағы негізгі міндеттерім - ақша түрлері, оның қызметтері, экономикалық рөлі, ақша туралы көптеген көзқарастар туралы баяндау және де осы түсініктемелер арқылы өзімнің ақшаға деген ойымды толық жетілдіру.
Курстық жұмысымды құрылымын айтып кететін болсам:
 І бөлімінде - ақшаның пайда болуы, оның мәні және экономикадағы рөлі, ақшаның қажеттілігі және түрлері, ақшаның атқаратын қызметтері туралы баяндалады;

 ІІ бөлімінде - ақша жүйесі туралы ұғым, биметаллизм және монометаллизм жүйесі, ақша теориялары және олардың дамуы, ақша айналымын ұйымдастырудағы теориялық негіздер туралы баяндалады.
Бұл сұрақтардың бәрі дерлік осы курстық жұмыста саяси-экономикалық қарым-қатынас жағдайындағы қоғам мен экономикада болып жатқан өзгерістерге қатысты көзқарастар тұрғысынан қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мәселелері дерексізден нақтыға өту жолымен, яғни экономикалық категорияның маңызын ашуда жүйелілікті қамтамасыз етуге, оның әрбір элементінің бір-бірімен өзара әрекеті мен
негізгі бүтіндігін көрсетеді. Мұндай амал шынайы өмір мен шаруашылық тәжірибесінен қол үзбей теориялық оқулық материалдарын оқып-үйренуге бағыт сілтейді.
1. ҚР төлемдер мен ақша аударулар туралы Заңы. 29.06.1998.№237-Алматы: «Жеті Жарғы», 1999.
2. «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңы. 28.04.1997ж.
3. «С. Аманжолов оқулары -2005» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Өскемен қаласы.2005. 2-бөлім
4. Деньги кредит и банки. Под ред. О.И. Лаврушина. Москва. «Финансы и статистика», 2001.
5. Ақша айналысы және несие. Оқулық. – Алматы: «ИздатМаркет», 2004.
6. Общая теория денег и кредита /Под ред. Жукова Е.Ф. – Москва: «Банки и биржи», 1995.
7. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. – Москва: «Финансы, ЮНИТИ», 1997.
8. Ақша.Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Көшенова Б.А. Оқу құралы / - Алматы: «Экономика», 2000.
9. Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б. Оқу құралы. – Алматы «Қазақ университеті», 2000.
10. Толковый словарь Терминов рыночной экономики. Под ред. С.Б.Байзакова В2-х.ч. – Алматы: «КазНИИНКИ», 1993.
11. Деньги Кредит и Банки. Под ред. А.В.Борискин, А.А.Тарабцев, А.Б. Тарушин. Санкт-Питер., СпецЛит, 2000.
12. Ақша, несие, банктер. Сейітқасымов. Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
13. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная система.
Э.Дж.Долан, К.Д.Кэмпбелл, Р.Дж.Кэмпбелл. Москва-Ленинград.1991
14. О чем рассказывает монеты / Под ред. Игнатенко А.П. 2-е. – Минск, 1978.
15. Денежное обращение Кредит СССР. Геращенко В.С. – Москва., «Финансы»,1976.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ақшаның пайда болуы,мәні және экономикалық маңызы ... ... ... ... ...5

1.1.Ақшаның қажеттілігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Ақшаның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17

Негізгі бөлім.
ІІ. Ақша теорияларының даму эволюциясы.
2.1. Ақша жүйесі туралы ұғым.
Биметаллизм және монометаллизм
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...22
2.2. Ақша теориялары және олардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 25
2.3. Ақша айналымын ұйымдастырудағы теориялық негіздер ... ... ..32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 35

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..37

Кіріспе

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі
рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады,
өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен
айналысының заңы болып табылады.
Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол
тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене
отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық
шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол шаруашылық өмірдің
жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде
және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының
қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен
тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақшаның қазіргі экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде
еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау түрінде, яғни еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін; еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен
бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде
айқындалады.Сол себепті де ақшаның қазіргі экономикамыздағы рөлі өте
маңызды.Сондықтанда ақша актуалды болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбын ақша теориясына қатысты
таңдауыма осы себептер әсер етті.
Менің мақсатым - осы жәйттар туралы ашық және айқын түсіндіріп
өту.
Курстық жұмысымды жазудағы негізгі міндеттерім - ақша түрлері,
оның қызметтері, экономикалық рөлі, ақша туралы көптеген көзқарастар туралы
баяндау және де осы түсініктемелер арқылы өзімнің ақшаға деген ойымды толық
жетілдіру.
Курстық жұмысымды құрылымын айтып кететін болсам:
➢ І бөлімінде - ақшаның пайда болуы, оның мәні және экономикадағы
рөлі, ақшаның қажеттілігі және түрлері, ақшаның атқаратын
қызметтері туралы баяндалады;

➢ ІІ бөлімінде - ақша жүйесі туралы ұғым, биметаллизм және
монометаллизм жүйесі, ақша теориялары және олардың дамуы, ақша
айналымын ұйымдастырудағы теориялық негіздер туралы баяндалады.
Бұл сұрақтардың бәрі дерлік осы курстық жұмыста саяси-
экономикалық қарым-қатынас жағдайындағы қоғам мен экономикада болып жатқан
өзгерістерге қатысты көзқарастар тұрғысынан қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мәселелері дерексізден нақтыға өту
жолымен, яғни экономикалық категорияның маңызын ашуда жүйелілікті
қамтамасыз етуге, оның әрбір элементінің бір-бірімен өзара әрекеті мен

негізгі бүтіндігін көрсетеді. Мұндай амал шынайы өмір мен шаруашылық
тәжірибесінен қол үзбей теориялық оқулық материалдарын оқып-үйренуге бағыт
сілтейді.
Осы жұмысты жазуда мен көптеген ғалымдардың әдебиеттерін
пайдаландым. Мысалға, С.Аманжоловтың С.Аманжолов оқулары – 2005 атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарын,
Сейітқасымовтың Ақша, несие , банктер еңбегін және басқа да ғалымдардың
еңбектері. Осы және басқа да әдебиеттердің мағлұматтары арқылы өзіме
керекті материалдарды жинап, курстық жұмысымды жаздым.

І. Ақшаның пайда болуы, мәні және экономикалық маңызы.

Ақша адамдарға ежелден таныс, бірақ оның қалай пайда болғандығы
туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім
болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. 8;8-
бет
Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәнін, қызметі мен рөлін
анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар,атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде -ақ
қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың І жартысында
А. Маршалл, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және
т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ.
Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның
туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі
ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен
байланыстырылмайды.
Ғалымдардың пікірінше, екінші тұжырым ғылыми көзқарас болып
саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде
түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болады.
Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін
екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді.
Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған
зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны
және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың
пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар
тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам
еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының
бірте-бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
• қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау
кезінде туындады. Мәселен, бір мал бір қап бидайға айырбасталды. Бұл
жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді.
Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын
өрнектейді, яғни тауарда құн бар.
• толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы
ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде
-
туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген
айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар
(тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға

болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен
жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан
тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен
(тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау
кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше
ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады.
Мысалы: Алтынның 10 унциясы = 10 кг темірге
= 1
қойға
= 1 қап
бидайға айырбасталады .

• құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар
алынады (басқаша айтқанда ығыстырылып шығады). Барлық
тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы
құн салыстырылады. Мысалы: 10 кг темір, 1 қап астық 10 унция алтынға
теңестіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар
алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін,
оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты,
қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б.
қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған
жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай
ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен
жалпы балама формасы бірігеді де , бұл тауар ақша деген атауды алады.

• құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама
орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи
тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы
табиғи қасиеттеріне байланысты бөлу жүзеге асты. Алтынның ең бастысы
мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және
тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының
сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы. 1 унция – 1
фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық
субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни
олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты
жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға
айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі
мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы
тауар бөлініп шығады. 12; 10-12-бет

Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынастарын бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық

категория 5; 8-бет. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні оның
мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
➢ ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен
қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде
ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс 12;13-бет. Сонымен,ақшаның
жалпыға айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа
айырбасталатынын сипаттайды.Қазіргі кезде жекешелендіру процесі
басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама
кеңейе түскен 9;6-бет.
➢ ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың
бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну
құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады12;13-бет,
яғни тауарларды сатумен байланыссыз.Бұл ақша, несие беру, қарызды
өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық
банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында
және т.б. жағдайларда қолданылады 9;6-бет.
➢ ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып
табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен
өлшенеді 12;13-бет, яғни тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша
көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды 9; 6-бет.
Ақшаның экономикадағы рөлі. Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі ақша
жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық
қаржылық ресурстарды жұмылдыруда (мобилизация) және олардың ұдайы өндірісте
тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның
экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық
экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып
табылады.
Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды
шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау
құралы ретінде қолданылады.
Ақшаның экономикадағы рөлі тауарларды, қызметтерді сату – сатып
алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік
міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша
арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты
жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.
Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: осы
трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы
жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады 12; 31-33-
бет.
1.1. Ақшаның қажеттілігі және түрлері.

Ақшаның қажеттілігі. Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық
экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын
түсінуден артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның нарық тілі деп аталуы
да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе
айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының
дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының
міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде
басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т ' 13; 12-бет сызбасы
бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып
алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын
тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т ')сатып
алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған
жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне
байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-
қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен
ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.
Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар
айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген
нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар
айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді
дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық
жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың
арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша
болса (ол тұтынуға кетеді) , ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады,
айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша
бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар
өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші
айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады,
тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр
түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға
мен еңбекақы орналасқан.

Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету
мақсатында Дж.Долан, Д.Кэмпбелл, Дж.Кэмпбеллдің сызбасын көрсетуді
дұрыс деп есептедік 13; 13-бет.

тауарлар тауарлар
Өнім нарығы

ұлттық өнімнің жиынтық
шығыны шығын

Фирмалар

Отбасы
шаруашылығы

Ресурстар нарығы

ресурстардың ұлттық
төлемі табыс

ресурстар–ақша
ресурстар

Тауарлар мен қызметтер ағымының сызбасы

Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй
шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғалар) айырбастайды,
бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы
ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі
бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы
бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары)
және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның
төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері
үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды
сатып алады. Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл
шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни
төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрді қабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айналымдағы ұлттық табыс пен
ресурстар қозғалысы көрсетілген.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктерімен де байланысқан,
ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы
бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады.
Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы
ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам
мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.

Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:
← шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес,
сонымен қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;

← меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес
өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша
қатынастарына негізделген коммерциялық есеп негізінде
шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын ала
болжайды 12;10-бет.

Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге
бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар 7; 26-бет.

Ақшаның түрлері

Толық құнды ақшалар Толық құнсыз ақшалар

Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның
ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар
әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы
формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп
аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу
құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген
ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д.
275ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo -
кеңес беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдереді14;23-бет.
Алғашқы монеталар VIIғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі
Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда
болуы ІХ-Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар,
күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХғ. екінші жартысында өтті.
Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда
болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

▪ алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
▪ жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады;
▪ алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды
және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның
қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде біртіндеп алтын
айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:
▪ құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
▪ құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар
айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда
болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың
айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
❖ металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
❖ металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
❖ бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда
қымбатқа түсуі;
❖ эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен
олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз
ақшаларды шығаруы;
❖ бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан отары
болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда
болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде
шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде
(АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да
1961ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік

қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-92жж. және Қазақстандағы 1993ж. ақша реформасы нәтижесінде
айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу
мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ
мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын,
эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық
жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды
сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен
байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және
чек.
Вексель сөзі ағылшынша bill note - міндеттеме шоты дегенді
білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексельдің түрлеріне ҚР-дағы вексель айналысы туралы
ҚР заңында 2: 28.04.1997 мынадай түсініктемелер берілген:
→ Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген
соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы
вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын
вексель.
→ Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу құралы
үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап,
борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент
(басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельді түрлері
ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай
түрлерге бөледі: қаржылық,қазыналық, достық, бронзалық6; 70-бет.

Вексель түрлері

Қаржылық (банктік)-
белгілі бір ақша сомасын
қарызға беруден
туындайтын қарыздық
міндеттеме.

Классикалық банкнота – бұл Жай банкнота – бұл
банкнотаның алғашқы пайда қазіргі кездегі айналысқа
болған формасы ретінде шығарылған Орталық банк
алтынға еркін алмастырылатын, билеті.
яғни алтынмен қамтамасыз
етілген Орталық банктің
билеті.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің
құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына
байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683ж. Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай
соманы төлеу құралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің
банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Ақшалай чек –
банктен қолма-қол
ақша алуға арнал-
ған төлем құралы.

Атаулы чек –
аударуға құқысыз
белгілі бір
тұлғаның атына
жазылады.

Ордерлі чек – бір тұлғаның
атына толтырылған, бірақ
индоссамент бойынша басқа
бір тұлғаға беруге құқық
береді.

Чек түрлері

Мәлімдеуші чек –
чекті мәлімдеушіге
ондағы көрсетілген
сомасы төленеді.

Есеп айырысу чегі -
заңды тұлғалар
арасында
қолма-қолсыз есеп
айырысуларда
қолданылады.

Кепілдірілген чек
– банктің чекте
көрсетілген
соманы төлеуге
кепілдендіруін
сипаттайтын төлем
құралы.

Жол чегі –
туристік
сапарларға
арналған төлем
құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды
автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге
асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады.Олар екі
түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) Кредиттік
карточка – банкте арнайы карточка – оның элементі
карточкалық қаражаты бар, мен карточка иесі
клиент арасындағы арасындағы келісімшартқа
келісімшартқа сәйкес сәйкес, несиелік көлемінде
шоттағы қаражатты тауарлар мен қызметтер
пайдалануға, банкомат үшін төлемді жасауға, не
арқылы қолма-қол ақша қолма-қол ақша алуға
алуға, сондай-ақ тауарлар арналған карточка.
мен қызметтер үшін төлеуге
арналған төлем құралы.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік
және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Eurocard, Master Card , Visa , ALTYN , Maestro
және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да
кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай
түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға
арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға
болады 5;10-17-бет.

2.1. Ақшаның атқаратын қызметтері.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын
тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды 5;18-бет.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар
жатады:

Ақшаның қызметтері

құн өлшемі және баға масштабы

айналыс (айырбас) құралы

төлем құралы

қорлану және қор жинау құралы

дүниежүзілік ақша

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі
болып барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың
балама айырбасын қамтамасыз етеді.Бірақ та тауарларда салыстырмалы ететін
ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады.
Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік
құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар
болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек
шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне
байланысты барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі
қызметінде идеалды оймен
ойлау арқылы орындайды, яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға
дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай

формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда
тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге
асады.
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды
өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады,
яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы
нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі
кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс
пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз
төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды
бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық
өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың
салмақтық көлемі деп аталады, ол кез келген елде ақша бірлігі ретінде және
басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша
ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі
көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола
бастады. Алтынның фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы
ақшалардың аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен
сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті
атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі
болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде
қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар және
керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі
көлемі өлшенеді.
Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол
ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын кредиттік
ақшалармен алмастырылды.
Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн
өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, АҚШ-та – доллар, Еуропалық Одақта –
евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша
рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып
алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда
үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді.Мұндай өзгерту
ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы - бұл құнның бір өлшемінен
басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.
Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер
құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады 12;23-бет.

-

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Бұл қызметтің маңызын тауар
айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады: Т
(тауар) – А (ақша) – Т (тауар). Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы
делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады.
Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның
ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл
жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы
қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы
әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол
тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет
болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа
қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді.
Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне
айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс
құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс
құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының
салдарынан айналыста шынайы толық құнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері
сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.
Кредиттік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни
бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы
ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері
арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес
келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды
сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті
мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп,
нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.
Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық
әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн
өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орнатады. Ондағы екі
қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.
Тауарлық айналымының ары қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-
бірінен бөлектенуіне әкелді, құн өлшемі қызметін толық құнсыз ақшалар
орындады, ал айналыс өлшемі қызметін – олардың белгілері: қағаз және
кредиттік ақшалар атқарады 12;24-бет.
Сонымен, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да
олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы
негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан
артық болса, онда ақшаның құнсыздануына инфляцияға жол береді 5; 20-бет.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына
байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі
әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен

сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша
қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың
төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі
туындайды.
Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие:
Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін М (міндеттеме) – Т
(тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері
арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық
рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне
қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату
және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша
арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін
тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға
болады:

• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;

• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша
қарыздық міндеттемелер;

• сақтандыру міндеттемелері;

• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады 5; 20-бет.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей
балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты
жинау құралы болып табылады.Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара

алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан
алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады.

Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:

1)Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік)
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары
түрінде қоғамдық қорлану формасында;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану
формасында 5; 21-бет.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік
ақшалардың пайда болуына себеп болды.
Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ
сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік
ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.
Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер
арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер
айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ
қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір
елге займ немесе субсидия беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған
ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары
жерде, К. Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де,
өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама
тауар формасына өтеді,- деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша
ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын
және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары
(банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары,
Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық
валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақша жүйесі жайында
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Ақша жүйесі жайлы ақпарат
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Төлем жіберуші банк
ҚР ақша жүйесі жайлы
Пәндер