Конфликт және оның шешу жолдары


МАЗМНЫ
Б
Кіріспе . . . 4
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Конфликт және оның шешу жолдары . . . 6
Жасөспірім шақтағы конфликт ерекшеліктері . . . 16
Конфликт шешу кезіндегі гендерлік айырмашылықтар . . . 22
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2. 1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері . . . 29
2. 2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы . . . 30
2. 3. Эксперименттік зерттеу барысы . . . 34
2. 4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі . . . 40
Қорытынды . . . 48
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 51
Қосымша . . . 54
Кіріспе
Адам жан дүниесінің қилы-қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымының сан салалы екендігі айқын. Жантану жайынжағы бірден-бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды. Психология сферасы өте кең және қызықты бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы.
Бұл жұмыста жасөспірімдердің арасында туған конфликтерді шешу кезіндегі гендірлік айырмашылықтар мәселесі қарастырылады.
Осы жерде А. Б. Боссарттың келесі сөздерін келтірген жөн болады: "Қоғамда адамға өте аз көңіл аударады. Оған ол аз мөлшердегі көңілдің өзі өте кеш аударылады. Ол, тіпті адам болғанда, немесе толық жетілмеген, немесе дайын кезде адам емес . . . " Жасөспірімге осындай мән берілуі өте қажет, себебі ол осы кезеңде дау, жан-жалға (конфликт) өте бейім, тез түскіш болып келеді. Осы жасының күшіне байланысты отбасының және мектеп өмірімен қанағаттанбайды, себебі ол олардың түсініктері мен нормаларынан есейіп кеткен, осы кезде олармен конфликтке түсе отырып, жасөспірімді ересектер қоғамы еріксіз түрде өзінің заңдылықтарымен, өзінің ерекше құрлымымен тартып тұрады және оған осы кезде өте қиын болады, оған жаңа жағдайларға бейімделу керек, өзін ересек ретінде қабылдауы керек, және өзін басқалар ересек тұлға ретінде қабылдауына жету керек.
Жұмыстың мақсаты: Конфликт жағдайындағы жасөспірімдердің гендірлік айырмашылықтарын теория және эксперимент жүзінде зерттеу.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің гендірлік ерекшеліктері.
Өзектілігі: Бұл тақырыптың өзектілігі көптеген факторларға негізделген. Біріншіден жасөспірімдер әр кезде, әр дәуірде актуалды болған. Осы кездегі баланың психологиялық ерекшелігіне арналған көптеген зерттеулер қызығушылық тудырады. Екіншіден жасөспірімдерде конфликт жиі кездеседі. Бұл жас уақытында жасөспірімдер өздерінің өсу, өзгеру ерекшелігіне байланысты конфликті болатынына көптеген адамдар келіседі. Конфликт жасөспірім шақтағы негізгі мәселе болып табылады. Қазіргі кезде Бұқаралық ақпарат құралдарында жазып отырғандай жасөспірім арасындағы конфликт жиі кездеседі. Сонымен қатар біз жасөспірімнің топ арасындағы әрекетте агрессиясын байқаймыз. Тағы айта кететін жайт таңдап алынған тақырыптың ғылымда, практикада актуалдығы жасөспірімдерге негізделген адамдар арасындағы гендірлік ерекшелік. Біздің зерттеуіміз жасөспірімдердің конфликтік жағдайын шешу арқылы гендірлік ерекшелікті табуға бағытталған.
Болжамдары: Жасөспірімдер тобында шиеленісті шешу стилдерін таңдау олардың тұлғалық және гендірлік айырмашылықтарына байланысты
Зерттеу міндеттері: 1. Конфликт және жасөспірімдер (гендер) мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.
Әдістемелер арқылы кіші және ересек жасөспірімдер тобына зерттеу жүргізу.
Индивидуалдық мәліметтерді өңдеу және топтық көрсеткіштерді айқындау.
Зерттеу міліметтерін сандық өңдеу және саналық таңдау
Зерттеу болжамын дәлелдеу
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Конфликт және оның шешу жолдары
Конфликт латын тілінен аударылғанда кезде қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Бұл оппоненттердің немесе субъектілердің ара қатынасындағы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың қызығушылықтардың, позициялардың ойлардың немесе көзқарастарының қақтығысуы. Кез-келген конфликтінің негізінде қандай да бірсылтаудағы қарама-қарсы бағыты бар жағдай жатыр немесе мақсаттарымен тілектерінің және қызығушылықтарының сәйкес келмеуі. Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт-жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.
Жалпы конфликт дегеніміз-адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Конфликт" ұғымы И. П. Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр [1, 110б] .
Ресей ғалымдары А. Я. Анцупов және А. И. Шипилов былай деп айтқан: "Өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".
"Конфликт" термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.
Әрбір конфликтте оның қатысушылары-конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы-субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір-біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент керек. Конфликт пәні әдетте белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар мәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса, онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді [2, 56б] .
Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам бір немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасына арбитр немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.
Конфликтті біздің ғасырымызға дейінгі 6-5 ғасырларда Қытай ойшылдары қарастырған. Олар, конфликт-жағымды (янь) мен жағымсыз (инь) жақтарының өзара әрекеті деп түсінген. Ал антик философ-диалектигі Гераклит (б. ғ. д. 530-470ж) ойынша, өмірде барлығы соғыстан туады. "Соғыс-барлық зат, нәрсе, құбылыстың әкесі. Ол біреулерін құдай деп бөлсе, кейбіреулерін адам, ал тағы біреулерін құлдар етіп жаратты" деген. Ал Аристотель, адам және қоғам туралы айта келе, адамдарды билеуші және бағынушы деп екі түрге бөледі, Аристотельдің ойынша, әлсіз адамдар тегіндік пен адамгершілікке ұмтылады. Орта ғасырда Никколлор Макиавелли (1469-1527) өзінің "Государь" және "Рассуждение о первой декаде Тита Ливия" атты еңбегінде ол күшті мемлекетті құру жайлы айтып кетеді. Өзінің еңбектерінде ол конфликт жайлы толық айтып кетеді. Ол конфликтте күйрету (разрушающий) жағын және жасампаз (созидательный) жағын бірдей көреді.
Томас Гообс (1588-1679) 1651ж өзінің белгілі трактатын шығарды. Оның ойынша, қоғамның жаратымды күйі-ол "война всех против всех". Т. Гообс конфликттің үш негізгі себебін бөлді: біріншіден-бәсеке; екіншіден-себепсіздік; үшіншіден-атақ құмарлық.
Қазіргі концепциаларға келетін болсақ, американдық социолог-теоретигі Толкотт Парсонс (1902-1979) конфликтті жағдай анализіне көп мән берді. Оның ойынша, конфликт-әлеуметтік анамалия, оны ауру сияқты жеңіп, меңгеріп алуға болады. Әлеуметтік тәртіптің қолдаушысы Парсонс интеграция проблемасына көп көңіл бөлген.
Парсонс позициясын "адамдық қарым-қатынас" мектебінің өкілдері де қолдады. Олардың айтуы бойынша, индустриалды дамыған қоғам әлеуметтік консенсус және гармонациялы жағдайға ұмтылу қажет.
Осы мектептің белгілі өкілі, гарвард университетінің профессоры Элтон Мэйо (1880-1949) бойынша, конфликт-бұл қауіпті "әлеуметтік ауру", одан адам түрлі жағдайлармен қашу керек [13, 93б] .
Елуінші жылдары әлеуметтік конфликт "батыс мәдениет" құндылықтарына қарсы бағыт ретінде қарастыратын көзқарастар азая бастады. Осы жылдары әлеуметтік конфликттің жаңа концепциялары жазылған. Соның ішінде Л. Козер; Р. Дарендорф пен К. Боулдинг.
Американдық зерттеуші Льюнс Козер 1956ж "әлеуметтік конфликттің функциялары" атты кітапты жарыққа шығарды. Бұл кітапта "әлеуметтік топтар конфликті қарым-қатынассыз болмайды және ол қоғам жүйесін функциялауды" позитивті мәнге ие" деп жазылған.
Конфликтке деген қызығушылық Европада да болды. 1965ж Рольф Дарендорф Германияда "таптық құрылым және таптық конфликт" атты жұмысты жазды. Оның ойынша, әр қоғамда дезинтеграция және конфликт болады: "Барлық қоғамдық өмір-конфликт" деген.
Американдық социолог және экономист, "Конфликттің жалпы теориясы" атты кітаптың авторы Кеннет Боулдинг та, конфликтті теорияны тұтас ғылым ретінде құруға ұмтылды. "Конфликт" термині физикалық, биологиялық және әлеуметтік құбылыстың анализінде кең қолданылады.
Неміс социологы Георг Зиммель (1858-1918) "конфликт социологиясы" деген терминді алғаш енгізді. Ол әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттің "таза формасын" қолдануды сұрады.
20 ғасырдың 20 жылдары Роберт Эзра Парк (1864-1944), Эрнест Уотсон Берджес (1886-1996), Аббион Вудбери Смолл (1854-1926) әлеуметтік процесті төрт өзара байланысты аспектіде қарастырды: жарыс (соревнование), конфликт, ассимиляция және икемдену (приспособление) . Бұл жерде конфликттер алдыңғы қатарда, өйткені жарыстан икемденуге содан кейін ассимиляцияға өтуде маңызы зор.
Қазіргі батыс зерттеулерде екі негізгі бағыт бар; біріншісі, Батыс Еуропада кең тараған конфликтті зерттейтін институттардың іс-әрекетімен байланысты (Франция, Голландия, Италия, Испания) ; ал екіншісі АҚШ-та кең тараған дүниежүзілік зерттеу институттардың іс-әрекетімен байланысты. Осы институттардың өкілдері проблемаларына көп көңіл бөледі. Мысал ретінде, Фишер мен У. Юридің 1990 жылы шыққан "келісімге жол және ұтылусыз келіссөздер" атты кітабы [3, 65б] .
Конфликттің зерттеу әдістемелері: эксперимент, документтерді зерттеу, сұрақтама, бақылау және тағы басқа. Коннфликті дұрыс меңгеру үшін, оның шекараларын анықтап алу қажет. Оның үш аспектісі бар: кеңістік, уақыт ішкі жүйелік.
Кеңістікті шекара-конфликт болып жатқан территориямен анықталады. Конфликттің нақты кеңістігін анықтау халықаралық қарым-қатынаста өте маңызды.
Уақыт шекарасы-бұл конфликттің мерзімі, яғни оның басы мен соңы. Конфликттің басы мінез-құлықтың объективті актісімен анықталады. Конфликт татуласумен, немесе керісінше бір жақты жоюмен аяқталуы мүмкін.
Ішкі жүйелік аспектіні қарайтын болсақ, әр конфликт белгілі бір жүйеде (мысалы жанұя, мемлекет, және тағы басқа) болады. Бұл ішкі жүйелік байланыс күрделі және әр түрлі [7, 58б] .
Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:
1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді;
2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;
3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.
Конфликт элементтері:
Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы
Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі
Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық
Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану
Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы
Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы
Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік
Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы [8, 145б] .
Конфликт критерийлері:
1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің жауап реакциясын тудырады.
2. Жағдайды конфликттік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің әрекетін мақсатына жетудегі, әдейі жасалынған қастық деп бағалайды.
Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе рационалды шешім қабылдау.
Конфликт адамдар үшін қандай ролде? Көп адамдар конфликтті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Зерттеушілердің ойынша, өндірістерде конфликт үшін шамамен 15% жұмысшылар жұмыстан айырылды. Ал кейбір адамдар, конфликт-бұл пайдалы әлеуметтік құбылыс деген. Бұл бағытты Аристотель, Гоббс, Гегель, Маркс, Вебер қолдады. Реалды өмір болу үшін түрлі көзқарастар, конфликттер, өзгерулер қиылысу қажет. Конфликт адамға еркіндік береді, онсыз еркіндік бола алмайды деген Р. Дарендорф. Л. Козердің айтуы бойынша топ ішіндегі конфликт қарамақайшылықтарды шешеді. Конфликт даму кезінде бірнеше кезеңнен өтеді. Бұл кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да, оның тізбегі бірдей.
1. Конфликт алдындағы жағдай, осы кезде конфликт кенеттен пайда болады, бірақ көбіне осы кезеңде қандай да бір алғышарттар болады. Бұл жағдайда латентті деп те айтады. Ол мына этаптардан тұрады.
Объективті проблеманы жағдайдың пайда болуы.
Жағдайды түсіну.
Конфликтті емес әдіспен жағдайды шешу.
Конфликт алдындағы жағдайдың пайда болуы.
2. Конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың қызығушылығына қысым жасайтын, әрекет ететін инцидент болуы керек осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғашқы қақтығысуы. Егер конфликт алдындағы кезеңде конфликт эмоционалды болса, бұл кезеңде ол жарыққа шығады. Кейде, осы кезде конфликт басталып, тез аяқталып кетуі мүмкін. Ол мысалы, конфликтанттар инцидент кезінде өз конфликттерін шешеді. Ерекше жағдай-бұл "өткір конфликт", бұл конфликтте бір адам екінші адамға физикалық жазаға дейін қорқытады.
3. Эскалация-бұл кезеңде конфликт табалдырықпен жүреді. Эскалация үздіксіз болуы мүмкін.
Кульминация кезеңінде конфликтіге түсетін екі жақтың біреуі конфликтті одан ары қарай жасай берудің қажеті жоқ екенін түсініп, конфликтілі жағдай саналайды.
5. Конфликттің бітуі яғни белгілі шешімге келуі [9, 120б] .
"Конфликт" типологиясы
Конфликт типологиясы түрлі сипаттамаларға байланысты жасалынуы мүмкін. Типологияның мәні-нақты конфликттің ерекшелігіне сай, оған адекватты, яғни сәйкес шешім табу.
А. В. Мощенко өз классификациясын былай жасады:
Қарама-қарсылықтың шиеленісуі деңгейіне байланысты соғыс, жанжал, араздық, ұрыс-керіс.
Мәселелік-іс-әрекеттік белгісі бойынша мынадай конфликттерді бөлуге болады: басқарушылық, педагогикалық, өндірістік, экономикалық, саяси.
Адамдардың конфликтке түсу деңгейіне байланысты: тұлғаіштік, тұлғааралық, тұлға және топ арасындағы, топаралық, коллектив аралық, партия аралық, мемлекет аралық.
Егер конфликттер нақты дұрыс шешім қабылдауға және өзара қатынастарды дамытуға мүмкіндік берсе, оларды конструктивті конфликт деп атайды. Ал, эффективті қатынасқа және шешім қабылдауға кедергі жасайтын конфликттерді деструктивті конфликт дейміз [10, 115б] .
Конфликттің негізгі 5 типі бар, олар:
Тұлғаіштік
Тұлғааралық
Тұлға мен топ арасындағы
Топаралық
Әлеуметтік конфликт
Тұлғаіштік конфликт: Бұл жерде конфликт қатысушылары адамдар емес, жеке тұлғаның ішкі дүниесін құрайтын, әлеуметтік ортамен қарама-қарсылыққа ұшырайтын, түрлі психологиялық факторлар болып табылады: қажеттіліктер, мотив, құндылық, сезімдер және тағы басқа. Бұл мәселені психоаналитикалық тұрғыдан адамда конфликт кезінде тілектерінің соқтығысуы жүреді. "Ол", "Мен", "Жоғары мен" сияқты психика құрылымдары бір-бірімен үнемі дауласады. "Ол"-рахаттану принципіне бағынған алғашқы туа болатын құрылым. Ол сапасыз тілектер мен құмарлықтарда көрініс табады.
"Мен"-шынайылықтың принципіне негізделген саналы құрылым. "Жоғары мен"-"әлеуметтік нормалар", талаптарға сәйкес шынайылық принципіне негізделген "цензуралық" құрылым
Тұлғаіштік конфликт негізінен "Ол" және "Жоғары мен" құрылымдарының қақтығысынан туындайды. Оларды өткеру сублимация, проекция, рационализация, регрессия, т. б. механизімдері көмектеседі.
Тұлғаішілік конфликттің нақты көрсеткіштері бар. Олар:
Когнитивті көлем: өзіндік бағалаудың төмендеуі, шешім қабылдаудың кідіріп қалуы.
Эмоционалды көлем: іс-әрекет сапасының төмендеуі, қарым-қатынастың негативтенуі эмоционалды болуы.
Интегралды көрсеткіштер: адаптация механизмінің нашарлауы, стресстің күшеюі.
Тұлғаіштік конфликтердің көріну формалары:
Невростениялық: көңіл-күйдің, қабілетінің төмендеуі, ұйқының нашарлауы.
Эйфория: жағдайға сәйкес емес қуаныш сезімінкөрсету "жас арқылы күлу".
Проекция: басқаға негативті қасиеттерін ауыстыру, басқаларды сынау.
Рационализм: сәйкес емес және әлеуметтік құпталмаған өз әрекеттерін сақтау.
Тұлғаіштік конфликтерді шешу үшін, біріншіден, конфликтің фактысын орнату; екіншіден, бұндай конфликтің типін және себебін анықтау; үшіншіден, сәйкес шешу әдісін қолдану. Тұлғаіштік конфликтерді шешу әдістері:
Тұлғаіштік конфликт әр адам өмірінде маңызды рөл атқарады, әсіресе шығармашылық адамда, ол шешуші болады. Адам уақыт өте деструктивті ішкі конфликтер тууына дайын болуы керек. Әрине, адам оларда болдырмауын тырысу керек, бірақ конфликт туындаса, тұлғаіштік конфликтен шығатын конструктивті әдіс табу қажет. Әйтпесе, тұлғаіштік конфликттің байсалды нәтижесі-суицид жүзеге асуы мүмкін.
Тұлғааралық конфликт ең көп тараған конфликт типі және ол тұлғаіштік конфликпен тығыз байланысты. Бұл конфликт түрлі көзқарастар мен құндылықтарға немесе жеке тұлғалар арасында көрінуі мүмкін. Оған отбасы конфликтерін де жатқызуға болады: ерлі зайыпты, ата-ана, бала, ерлі зайыпты-туыстар арасындағы конфликтер. йымдарда тұлғааралық конфликт түрліше көрініс табады. Көптеген жетекшілер бұл конфликтің негізгі себебін мінездің сәйкес келмеуінен көреді. Шынында да, мінез-құлықтың, көзқарастардың ерекшелігі себебін, бір-бірімен қатынас орната алмайтын адамдар бар. Бірақ, бұл конфликтердің себебі-объективті. Көбінесе бұл-шектелген ресурстар үшін күрес: материалды тәсілдер, өндірістік аудандар, т. б.
Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада:
Адамдардың қарама-қарсылығы, олардың жеке мотивтердің соқтығысуынан болады.
Белгілі барлық себептер спектрі көрінеді: жалпы және жеке, объективті және субъективті.
Тұлғааралық конфликт мінезді, темпераментті, интелектті және де басқа да индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін тексеретін өзіндік полигон болып табылады.
Конфликтке түскен субъектілердің барлық қатынастары және жоғары эмоционалдылығымен ерекшеленеді.
Қоршағандардың қызығушылығын қамтиды.
Конфликт тұлғалық және топтық қызығушылықтар негізінде туады. Оның туу себебі, топтың ойына қарсы шыққан жеке тұлға болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда өндірістік жағдайлардың конфликтісі-әлеуметтік факторлардан туындайтыны белгілі болды.
"Тұлға-топ" нұсқасындағы конфликтті шешудің 2 жолы бар. Олар:
Біріншісі, конфликтке түскен адам өз қателіктері мен кемшіліктерін мойындап, оларды түзейді.
Екіншісі, топ қызығушылықтарына сәйкес келмейтін жеке тұлға топтан шығып кетеді
Топаралық конфликт: йым арасында конфликттер туындайтын конфликт көптеген формалды және формалды емес топтардан тұрады. Мысалы, түрлі бөлімдердің жұмысшылары арасындағы конфликт. Топаралық конфликт мақсаттардың келіспеушілігінен, шектелген ресурстар үшін күрес (билік, байлық, территория, материалды ресурс), яғни реалды және әлеуметтік бәсекелестіктен туады.
Әлеуметтік конфликт: Өзара қатынас субъектілерінің бір-біріне қарама-қарсы келетін белгілі бір мақсаттарына бағытталған жағдай . Бұл конфликтте негізгі үш мезетті бөлуге болады: біріншіден, бұл әлеуметтік қарама-қарсылықтардың ең ақырғы жағдайы; екіншіден, әлеуметтік конфликт түрлі әлеуметтік бірлестіктердің, яғни класс, ұлт, мемлекет, әлеуметтік конфликт түрлі әлеуметтік бірлестіктердің, яғни класс, ұлт, мемлекет, әлеуметтік институт, әлеуметтік субъекттің соқтығысуынан көрінеді; үшіншіден, қарама-қарсы жақтар бір-біріне қайшы болатын қызығушылық немесе мақсаттарға ұмтылады.
Конфликтінің түрлері.
1. Ашық және жабық конфликт
2. Мотивациялық конфликт
3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті
4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
5. Статустық конфликт
6. Жеке және топтық конфликтілер
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті
10. Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.
Конфликті шешудегі формалар мен критерилер, қорытындылар:
Конфликтологияда конфликті аяқтаудағы деңгейді конфликті шешу термині мен атау дәстүрлі болды. Алайда көптеген авторлар басқада түсініктерді енгізген. Мысалы: "өшу" (В. Бойко, А. Ковалев), "жеңу" (Н. Феденко, В. Галицкий), "айқасу" (А. Каменев), "өшіру" (А. Рапопорт), "өзіндік шешім" (А. Анцупов), "алыптастау" (Р. Аккоф, Ф. Эмери), "ретке салу" "(А. Гозман) "және т. б.
Берілген түсініктерден ең кең тараған түрі конфликтің шешілуін неше түрлі жолдармен шешу. Конфликті шешудің негізгі формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтіге ауытқу.
Конфликттің шешілуі-бұл бірге жүретін әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешілуі екі жақтың да белсенділігін талап етеді, олар кнфликтің себебін жоюға тырысу керек. Конфликтіні шешу үшін, оппонент өзгеруі керек немесе біреуі өз ойын өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның бір-біріне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz