Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасы айыпталушының құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының меңгерушісі,
з. ғ. д., профессор Р. Е. Джансараева
«»2012 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАҒИДАСЫ АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
050301- «Құқықтану» мамандығы
Орындаған 3 курс студенті (колледжден кейін) Нұрлыбекова А.
Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Баяндина М. О.
Нормоконтролер, з. ғ. к., доцентТлепбергенов О. Н.
Алматы, 2012
МаЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . … . . . … . . . 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ … . . . … . . . 8
1. 1 Қылмыстық іс жүргізу айыпталушының процессуалдық жағдайы . . . 8
1. 2 Қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушының құқығын қамтамасыз етудің маңызы және жүйесі . . . … . . . 20
2 АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАНУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАҒИДАСЫ АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ . . . 29
2. 1 Білікті заң көмегін алу құқығы қағидасы айыпталушының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі ретінде . . . 29
2. 2 Қылмыстық іс бойынша айыпталушының құқығын қамтамасыз етудегі адвокат-қорғаушының қатысуы . . . ……… . . . …. …37
2. 3 Білікті заңгерлік көмек жүйесін жетілдіру . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . ……… . . . . . . … . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . ……… 68
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады.
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» [1] деп атап өтті. Елбасы, әрбір жыл сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауда заңның атқарар орны зор. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Алайда заңға қатысты шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда көптеп кездесуде. Оның бірі - қылмыстық іс жүргізу заңы. Аталған заңды қолдану барысында оған қатысушылардың, соның ішінде айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Б. Бектасов да өз сөзінде: «Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау - өзекті де, толғақты мәселелердің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарының шынайы түрде қамтамасыз ету - қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажет деп атап кетеді[2, 15 б. ] .
Дегенмен де, қылмыстық іс жүргізу барысында Конституция нормаларының орындалуына қатысты бірқатар шешімін таппаған мәселелер кездесіп отыр. Ол тәжірибедегі қиындықтардың орын алуына және алдын ала тергеу жүргізу кезінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың конституциялық құқықтарының бұзылуына алып келуде.
Негізгі құқық бұзушылықтар болып, жауап алу барысында адвокаттардың қатыстырылмауы, күш қолдану арқылы айғақтар алу, аяқталған қылмыстық істермен адвокаттың, айыпталушының таныстырылмауы, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тұрғын үйге заңсыз ену, сот сараптамаларының дұрыс жасалынбауы және мерзімдердің сақталынбауы және т. б. табылуда.
Қазақстан Республикасында бұл құқық маңызды конституциялық қағидаттардың бірі ретінде танылады. ҚР Конституциясы 13 бабының 3 тармағында білікті заң көмегін алуға әркімнің құқығының бар екендігі тікелей айқындалды. Сонымен қатар, заңда көзделген жағдайларда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Конституция жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету бойынша айрықша міндеттерді адвокаттарға, ал осындай көмекті алуға әрбір адамның конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша айрықша міндеттерді мемлекетке жүктейді [3, 12б. ] .
Сондықтан да, осы аталған негізгі мәселелер, біздің осы тақырыпты таңдауымыздың негізгі себебі болып отыр. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу барысында оған айыпталушының конституциялық кепілдіктерін толық кепілдендіргенде ғана қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін толық, дұрыс орындай аламыз.
Әдебиеттерде Конституцияда көзделген заң көмегінің жоғары деңгейде жеке тұлғаның құқықтық қорғалуына қол жеткізуді мақсат еткен адвокатура, нотариат, жеке детективтік қызметтер, заңдық фирмалар, қоғамдық бірлестіктер және басқалар жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі болып табылатындығы көрсетілген. [4, 5б. ] .
Қылмыстық іс өндірісімен елеулі түрде айыпталушы, сезікті және т. б. қатысушылар мүдделеріне аса үлкен көңіл бөлуді қажет етеді.
Қорғану құқығы - бұл білікті заң көмегін алудың бірден-бір мүмкіндігі. Қорғаушы барлық іс жүргізу ережелерін толықтай сақталуын қадағалауы тиіс, ал бұл - тұтқынға алу сәтінен бастап қорғалушының құқықтарының сақталуын және оған қатысты заңның бұзылуына жол бермеуін кепілдейді.
1991 ж. Егеменді Ресей мемлекеті құрылғаннан бастап, қорғану құқығының институты ұзақ эволюциялық даму жағынан өтті, өйткені 1991 ж дейін айыпталушының қорғаушысы алдын-ала жүргізілетін тергеудің аяқталу сәтінде келетін. ҚІЖК-ке 1992 ж РСФСР ҚІЖК 122 бабына сәйкес айып тағылған немесе тұтқынға алу жөнінде мәлімдеме хабарланған сәт тен бастап қорғаушыға рұқсат беретін өзгерістер енгізіледі, бұл мемлекеттің адам құқықтары заңмен қорғалатын демократиялық қоғам құру бағытымен алынған тұлға қорғаусыз қалса, бұл көптеген іс-жүргізу заңбұзушылықтарына алып келеді (тіркеудің рұқсат етілмеген әдістері, бетпе-бет кездестіру және заң көрінісі бар) .
Мұндай әрекеттер ХХ ғасырдың 90 жыл басына таман қоғамдық конституциялық құқықтары мен бостандықтарының көптеген бұзуларына әкелген әрі әлеуметтік жарылыс туғызуы мүмкін еді. Бұл жағдай орын алмас үшін де, ҚІЖК-ке өзгеріс енгізілген болатын. Қорғану құқығы көпшілік халықаралық тәжірибеге сай болды. Бұл, жалпы алғанда, халықаралық тәжірибеге сай болды. Бұл, жалпы алғанда, халықаралық құқықтық актілерде жарияланады және белсенді түрде қолданылады:
- 1948 ж 10 желтоқсанында БҰҰ-ның БАс Ассамблеясы қабылдаған адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы;
- 1966 ж 16 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтары туралы факт.
Бұл ережелер, сонымен қатар, Ресей Федерациясының 1991 ж. 22 қарашасында қабылдаған адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтараның Декларациясында бекітілген.
Бұл барлық актілерде адвокаттың айыпталушының, күдіктінің, сотталушының қорғаушысы ретінде қатынасуын көздейді. Бұл қатынас конституциялық ұстанымдардың бірі және қылмыстық істі әділ және заңды қарлуының қажетті факторы болып табылады. Өзінің міндеттерін орындауға адвокатқа берілетін құқықтар қорғану құқығының мазмұнына құрамды бөлігі ретінде кіреді. Олардың бұзылуы қорғану құқығының өрескел бұзылуы болып есептеледі және үнемі сот шешімінің күшін жоюға алып келеді. ҚР Конститциясында жазылған: «Әрбір айыпталушы оның кінәсі заң қарастырылған ретпен дәлелденбейінше және де бекітілмейінше кінасыз болып табылады». Кінәлі емес деп тану өзі іс бойынша іс жүргізетін қандай да бір тұлғаның жеке пікірі емес, объективті құқықтық ережені білдіреді.
Сол ҚІЖК 49 б, 2 б айтылғандай, «айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиісті емес».
Кінәлі емес деп тану тек негізсіз айыптау мен үкім шығарушылықтың кепілі болып қана қоймайды. Оның айыптиалушының пайдасына мемлекет органдарын соттың істің негізделген және әділ шешімін мүмкін болмайтын істің жағдаятын объективті түрде, бейтарапты орнатуды көздейді. Кінәлі деп танудыан ауытқу әділ соттың заңдылығының және азаматтардың құқықтарын мен заңды мүдделерін шектеуге алып келеді. Кінәлі емес деп танудың ұстанымы кез-келген өркениетті мемлдекетке негізін қалаушы болып табылады, ал адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық актілердің барлығында жазылған.
ҚР ҚІЖК-сінде кінәлі емес деп танудың ұстанымына 14 б, арналған, онда былай делінген:
- Айыпталушы қылмыс жасаудағы оның кінәсы осы кодексте қарастырылған тәртіппен бекіткенге дейін, дәлелденге дейін кінәсіз боп есептеледі.
- Күдікті не айыпталушы өзінің кінәсіздығын дәлелдеуге міндетті емес. Күдіктіні не айыпталушыны қорғауға берілетін кінаны дәлелдеу және айғақтарды теріске шығару уақыты айыптау жағында болады.
- Осы Кодекс орнатқан тәртіппен жойылмайтын айыпталушының кінәлылығына сенімсіздік айыпталушының пайдасына жатқызылады.
Бұл жарғыларда халықаралық құқыққа сәйкес және әлемдік қауымдастық оларды жалпыға бірдей сойындалған.
ҚР ҚІЖК-нда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шығаратын және жетілдіретін бірқатар құқықтық ұстанымдар бекітілген тұлғаны ұжданы мен қадір-қасиетін құрметтеу (ҚІЖК 9 б), жеке тұлғаға қолсұғылмаушылық (ҚІЖК 10 б. ), қылмыстық іс-жүргізуде адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарын, қорғау (ҚІЖК 11 б. ), тұрғын үйге қол сұғылмаушылық (ҚІЖК 12б), хат жазысу, телефон және басқа келіссөздер, пошта, телеграфтың және басқа хабар ету (ҚІЖК 16 б) . Осылайша, адвокаттың қылмыстық іс-жүргізуде адвокаттың қызметінің құқықтық бағасы халықаралық құқыққа ҚР Конституциясы және осы заңнамаға негізделген, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғанысын нәтижелі іске асыруға және соңында әділ сотқа - қылмыстық істердің әді шешілуіне әсер етуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасы заңдарына қатысты өзекті мәселелерді шет мемлекеттердің заңдарымен салыстыра отырып талдау жасау қажет. Ондағы айрықша орынды, КСРО және қазіргі Қазақстан Республикасындағы заңгер-ғалымдардың еңбектеріндегі құқықтық тұжырымдамалар құрайды.
Алдын-ала тергеу стадиясындағы айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасына қатысты сұрақтар төңірегінде КСРО тұсындағы заңгерлерден: Р. С. Абдрахманов, С. П. Ефимичев, А. С. Кобликов, А. М. Ларин, В. З. Лукашевич, В. А. Стремовский, М. С. Строгович, М. А. Чельцов, В. С. Шадрин, С. А. Шейфер, Р. Х. Якупов өз еңбектерінде қарастырса, ал, қазақстандық заңгерлерден: Т. Қ. Айтмухамбетов, Е. О. Алауханов, А. А. Ахпанов, Б. Ә. Әбдрахманов, К. А. Бегалиев, Л. Ш. Берсугірова, Б. А. Бишманов, Л. Е. Досқалиева, Е. Е. Ерешев, С. Е. Еркінов, С. М. Жалыбин, С. К. Жүрсімбаев, Д. Қ. Канафин, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Қ. М. Кучуков, А. С:Нуралиева, С. Ж. Оспанов, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Б. А. Салаев, Б. Х. Төлеубекова, С. Т. Тыныбеков, Қ. Ш. Уканов, И. Н. Юрченко және т. б. өз еңбектерінде тоқталды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасы айыпталушының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі байланысты мәселелерді кешенді қарау негізінде тұжырымдап және оларға талдау жүргізу болып табылады. Және де осы негізде қылмыстық сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз етудің сапасын көтеру бойынша тұжырымдарды талдап шығару және негіздеу.
Осы қойылған мақсаттар негізінде төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылады.
- қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушының құқықтарын ашу;
- қылмыстық іс жүргізудегі айыпталушының құқығын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша талдау;
- айыпталушының құқықтарын қамтамсыз етуде адвокат қорғаушының қызметін зерттеу;
- қылмыстық іс бойынша айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету мәселелелерін көрсету.
Дипломдық жұмысты қорытындысы бойынша келесі тұжырымдар ұсынылады:
Тергеу жүргізуге айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету Қазақстанның Конституциясына сәйкес, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретіндегі тұжырымға жауап беріп және адам құқықтары саласындағы халықаралық қағидалар мен нормаларға (стандарттарға) сәйкес келуі қажет.
Айыпталушының қорғануға құқықтарының қамтамасыз ету деңгейін елеулі түрде жоғарылату қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар бүтіндей алғанда қылмыстық іс жүргізудің міндеті деп тану қажет.
Қылмыстық іс жүргізу саласындағы процессуалдық кепілдіктер - қылмыстық сот ісін жүргізуді тағайындауға қол жеткізуді қамтамасыз ететін заңмен белгіленген құралдар мен тәсілдер және қылмыстық процеске барлық қатысушылардың өз құқықтары мен міндеттерін орындау мүмкіндіктерін жүзеге асыру болып табылды.
Айыпталушының құқықтарының процессуалдық кепілдіктерін, қылмыстарды ашуға кедергі болатын және қылмыстылықпен күрес жүргізудің жағдайына кері әсерін тигізетін, оларға берілген жеңілдіктер ретінде қарастыруға болмайды.
Процессуалдық кепілдіктердің жүйесі - ол қылмыстық іс бойынша әділеттілікті анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде өзара әрекет ететін процессуалдық құралдар мен тәсілдердің бүтіндей тұтастығы.
Қорғау функциясы - ол күдік немесе айыптың жалған екенін дәлелдеу, айыпталушыны ақтап, айыпталушының жауаптылығын жоятын немесе жеңілдететін мән-жайларды ашу, сондай-ақ оның жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған айыпталушының, олардың қорғаушысының, азаматтық жауапкер мен оның өкілінің, кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің процессуалдық қызметі болып табылады.
Қазіргі уақытта айыпталушының тарапынан өз қорғалушысының құқықтары мен бостандықтарын жақтау үшін қорғаудың барлық құралдары мен тәсілдерін сапалы қолдануға қабілетті білікті қорғаушы қатысады. Бірақ тағайындау тәртібімен іске қатысатын қорғаушы-адвокаттарға мемлекеттен төленетін ақысы өкінішке орай өте төмен. Ақының төмендігі білікті адвокаттың жұмысын дәл дәрежеде бағаланбағаныны білдіреді. Осы мақсатпен заң жүзінде, іске айыпталушының материалдық жағдайы жоғары білікті адвокаттың көмегін алуы мүмкіндігі болмаса, ҚІЖК 71 бабына сай тағайындау бойынша іске қатысатын адвокат-қорғаушының төлем ақысын едәуір жоғарлату қажет.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ
1. 1 Қылмыстық іс жүргізу айыпталушының процессуалдық жағдайы
Айыпталушының процессуалдық мәртебелерін талдамас бұрын қылмыстық істің осы субъектісіне қатысты жалпы ережелерді қарастырайық
ҚР ҚІЖК 3-тарауы (қылмыстық қудалау) деп аталады, бірақ заңда бұл ұғымның заңды анықтамасы жоқ, ол қылмыстық іс ғылымынан жасап шығарылған. Бұл ретте сезіктілер мен айыпталушыларды әшкерелеу бойынша қызмет түсініледі. Яғни қылмыстық іс басты түрде жасалған қылмыс жағдайларын анықтау және ондағы кінәлі тұлғаны белгілеу үшін қозғалады. Егер сезікті іс қозғалған сәтте белгілі болса онда әшкерелеу бірден басталады.
Алайда көп жағдайда сезікті, тіпті айыпталушы істе кейінірек пайда болады немесе қылмыс ашылмаған кезде мүлде пайда болмайды. Сонымен қатар іс жүзінде қылмыс болмаса, қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі қозғау да есептен шығарылмайды. Мұндай жағдайларда тергеу органдары қылмыстың ықтимал субъектісін іздейді. Бұл жағдайда қылмыстық қудалау тек эвентуалды түрде ғана болады және сезікті немесе айыпталушы орнына қоюға негіз беретін нақты тұлға туралы жеткілікті деректер табылған жағдайда көрініс береді. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық қудалау тергеу сатысындағы айыптаудың қылмыстық-процессуалдық функциясының көрінісі болып табылады.
ҚІЖК-нің 69 бабына сай өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады. Iс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, ақталушы деп аталады.
ҚІЖК 69 бабына сәйкес айыпталушы заңға қайшы келмейтiн құралдармен және тәсiлдермен өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға және қорғануға дайындалу үшiн жеткiлiктi уақыты мен мүмкiндiгi болуға; өзiнiң не үшiн айыпталғандығын бiлуге және өзiн айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулының көшiрмесiн алуға; қылмыстық iзге түсу органынан өзiне тиесiлi құқықтар туралы дереу түсiндiрме алуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органнан өзiнiң құқықтарын және мүдделерiн қозғайтын iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау туралы хабардар етiлуге, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшiрмесiн алуға; өзiне тағылған айып бойынша түсiнiктеме мен айғақ беруге; айғақ беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтiнiш пен қарсылық мәлiмдеуге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге және түсiнiсуге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; қорғаушысы болуға; осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен өзiнен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң қорғаушысының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға; осы әрекеттердiң хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға; айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға; соттың, прокурордың, тергеушiнiң және анықтаушының iс-әрекетi мен шешiмiне шағым беруге; ақтамайтын негiздер бойынша iстi қысқартуға қарсылық бiлдiруге; жария сөз талқылауын талап етуге құқылы. Сотталушының бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттарда iстi соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сонымен бiрге ақырғы сөз құқығына да құқы бар. Сотталған немесе ақталған адамның сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; соттың үкiмiне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешiмдердiң көшiрмесiн алуға; iс бойынша келтiрiлген шағымдар мен қарсылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге; мәлiмделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
Iске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.
Қылмыстық қудалауға түскен субъекті бірден айыпталушы ретінде қарастырыла алады. Бірақ ылғи емес екені белгілі. Алдымен ол қылмыстық істе сезікті ретінде пайда болу, содан кейін айыпталушыға айналатын нұсқа да шығуы мүмкін. Дегенмен сезікті үнемі айыпталушыға да айнала бермейді. Олардың әрқайсысы қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнама бойынша қылмыстық істің дербес қатысушысы ретінде орын алады. Бірақ оларды байланыстыратын бір жайт бар: екеуі де қылмыстық қудалауға ұшырайтын тұлға.
Нақты тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалау осы тұлғаларға қорғану мүмкіндігін беруді болжайды. Олардың өздері туралы айтпай-ақ, мұндай қорғанысқа қылмыстық қудалауды жүзеге асыру бойынша тиісті мемлекеттік органдарға өкілеттер беретін мемлекет те мүдделі. Қылмыстық сот ісін жүргізудің көпғасырлық тәжірибесі дәлелдегендей, сот қателіктерінің алдын алу мақсатында қылмыстық қудалау органдарының дәйектері оларды қорғаныс тарапынан қарсы дәйектермен салыстыру жолымен беріктігін тексеруді қажет етеді.
Қылмыстық іске қорғану мүмкіндігі қорғану құқығынан көрініс табады. Оның субъектісі осы уақытқа дейін әдетте айыпталушы болып есептелген [5, 42 б. ] .
Заңгерлік әдебиетте айыпталушының қорғану құқығы тұлғаға осы құқықтардың интеграцияланған көрінісін, өз мүдделерін қорғау үшін берілетін барлық процессуалдық құқықтарының негізі ретінде қарастырылады [6, 160 б. ] . Қорғану құқығын жүзеге асыру бірінші кезекте негізгі қылмыстық-процессуалдық функциялар бірі ретінде қорғаныста деп түсіну қажеттіні құрайды. Бір мезгілде қорғаушының қорғану құқықтарының субъектісінің мүдде өкілі ретінде қорғаушының қызметі қорғау болып табылады [7, 117 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz