HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру



Кіріспе
World Wide Web
HTML.тілінің көмегімен Web.бетті қалыптастыру
1. Web . беттерін құру үшін арналған құрал жабдықтар
2. Гипермәтіндік белгілеу принциптері. Құжаттар құрылымы
9.1. Фреймдерге арналған тэгтер мен атрибуттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
World Wide Web – Бүгінгіні күні әр түрлі ақпараттар миллиондаған сайттардан тұратын компьютерлік желі. Қолданушылар бұл ақпаратқа WWW технологиясын қолдану арқылы мүмкіндік алады. WWW навигациясы үшін WWW шексіз кеңістігінде саяхатын жеңілдететін арнайы программалар Web броузерлер қолданылады. Барлық ақпарат WWW сайттарының негізгі элементі болып келетін Web беті ретінде бейнеленеді.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және бейне. Көп жағдайда сол немесе басқа Web-беттердің желідегі жетістігі саналы және әдемі жасалуына байланысты.
Қолданушылар стильді безендендірілген, анимация және графикамен тым қамтылмаған, тез жүктелетін Web-броузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web беттерін қолдану ұнамды.
Web-бетті құру оңай емес, бірақ әр бір адам өзін дизайнер рөліне қойғысы келетін шығар. Мен де бұл жағдайдан тыс қалмадым, сондықтан өзімнің бұл жұмысым үшін осы тақырыпты таңдап алдым.
Өзімнің бұл жұмысымда Web-бетті құру үшін не білу және істей алу қажет екендігін, оны құру үшін қандай программаларды қамтамсыз ету және Web-бетті қалай тиімді қолдануды мүмкіндігінше түсінуге тырыстым.
Сондай-ақ бұл жұмыста WWW ортақ қабылдаған стандарт болып келетін Web-бетті программалау тілінің негізі – HTML-ды қарастырдым. Бұл бізге Web құрылымымен және оны дұрыс безендіру тәсілдерімен танысуға мүмкіндік береді.
1. “Интернет программирование” Шапошников, Киев, 2000ж
2. “Active-X” Том Армстронг, Киев, 1998ж
3. “Самоучитель HTML” А.Гончарев, Питер, Санкт-Петербург, 1998ж
4. “Полное руководство по HTML” В.Квучук, Моква, 1998ж
5. “100 000 рефератов” CD.
6. Матросов А.В., Сергеев А.О., Чаунин М.П. HTML 4.0 – СПБ.: БХВ – Петербург, 2001г.
7. Использование HTML 4.0: Пер. с англ. – 3-е изд./Луиза Паттерсон, Сью Шарльворс, Джюди Корнелиус и др.: Уч. Пос. – М.: Издательский дом “Вильямс”; 1994г.
8. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дузбаева Р.М., Матрбек Ғ.Б; Интернетке кіріспе: “Бүкілдүниежүзілік өрмек”; әдістемелік құрал. – Алматы: ЖТИ, 2003ж.

Жоспар

Кіріспе
World Wide Web
HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
1. Web – беттерін құру үшін арналған құрал жабдықтар

2. Гипермәтіндік белгілеу принциптері. Құжаттар құрылымы

9.1. Фреймдерге арналған тэгтер мен атрибуттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

World Wide Web – Бүгінгіні күні әр түрлі ақпараттар миллиондаған
сайттардан тұратын компьютерлік желі. Қолданушылар бұл ақпаратқа WWW
технологиясын қолдану арқылы мүмкіндік алады. WWW навигациясы үшін WWW
шексіз кеңістігінде саяхатын жеңілдететін арнайы программалар Web
броузерлер қолданылады. Барлық ақпарат WWW сайттарының негізгі элементі
болып келетін Web беті ретінде бейнеленеді.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі ақпараттар
түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және бейне. Көп
жағдайда сол немесе басқа Web-беттердің желідегі жетістігі саналы және
әдемі жасалуына байланысты.
Қолданушылар стильді безендендірілген, анимация және графикамен тым
қамтылмаған, тез жүктелетін Web-броузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web
беттерін қолдану ұнамды.
Web-бетті құру оңай емес, бірақ әр бір адам өзін дизайнер рөліне
қойғысы келетін шығар. Мен де бұл жағдайдан тыс қалмадым, сондықтан
өзімнің бұл жұмысым үшін осы тақырыпты таңдап алдым.
Өзімнің бұл жұмысымда Web-бетті құру үшін не білу және істей алу қажет
екендігін, оны құру үшін қандай программаларды қамтамсыз ету және Web-бетті
қалай тиімді қолдануды мүмкіндігінше түсінуге тырыстым.
Сондай-ақ бұл жұмыста WWW ортақ қабылдаған стандарт болып келетін Web-
бетті программалау тілінің негізі – HTML-ды қарастырдым. Бұл бізге Web
құрылымымен және оны дұрыс безендіру тәсілдерімен танысуға мүмкіндік
береді.

World Wide Web
World wide web (WWW, \Web), яғни дүние жүзілік өрмек информация іздеп
бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын гипермәтіндік жүйе болып
табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған
жүйе ретінде, WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргзіледі.
Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информация қарап
шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз соған
байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан
екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да
қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін деген не?
Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы
(мазмұны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ
оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, кейін сол бөлікпен
байланыста басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген
мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып
отырады.
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық
ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы
команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін
WWW немесе LINX сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы
байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану
мүмкіндігі де бар.

Microsoft жүйесінің үйдегі копьютердегі беті.

Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда
мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз
желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer гравиктік
браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар,
мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows жүйесінің басқа түрлерінде де
арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс
істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен
жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе
басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-
біріне ұқсас болады.
Сонымен ҒТР-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің
бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды.
Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы
іздеу кірісіп кете бересің.
Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты
түрде, сіз араласпай-ақ, өз серверімен байланыс орната береді. Ал, егер
де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден
Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыңыз есіңізде
болсын, оған мынандай мәлімет енгізілсе,
HTTP:www. home.microsoft.comintru 1 -суретте көрсеткендей болады.
Мұнан кейін лифт көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге
керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген бір рет шертіңіз,
браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға
жеткізеді.
Біздің жағдайда курсорды Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені
таңдаңыз (выбирите данную ссылку) деген сөзгі, яғни оның ерекшеленіп
тұрған үзіндісіне алып барып, мауыстың сол жақ батырмасын шертеміз. Сол
сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация іздеу
жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты
шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация
еңгізуіңізге және іздеу батырмасын басуыңызды өтінеді.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар
спорт, компьютерлер, ойындар сияқты рубрикаларға жетілген. Каталогтан
өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web –тегі түйінді сөздер
тізімінен іздеуді бастпауға болады.
Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша
сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы (парақтағы емес)
көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал
дүние жүзілік өрнекте (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан
мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot
немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларды серверге
өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға
байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу
серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ
сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған тандауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web
каталогтарынан бастағыныңыз жөн.
Ал, егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, Little
girl немесе класификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік тіралы мәлімет
іздегенде, каталогтар да онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін
серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап шығу
керек болар, өйткені әр түрлі серверлер қойылған бір сұраққа әр түрлі жауап
береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болатыны
есіңізде болсын. Бір емес, сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін
іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп
табу ісін оңайлатады.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай
жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны емес керекті сөз
тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа
сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.
Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып
кетсе, онда өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қойып,
нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге
талпынған жөн.
Өрмек ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған мәтіндерер көп, сондықтан
орысша әр түрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді
жолмен керектісін жылдам іздеп табу орыс алфавитінің ерекшеліктері мен өз
таптарының айрықшалықтарына қарай қиынға соғады.
Орыс алфавитін пайдалануға оның кодтарының да әр түрлілігі кедергі
болады: бір мәтін КОИ-8 қолында жазылса, екіншісWindows кодын қолдану
(1251) мүмкін. Бірақ орыс сөздерін латын әріптерімен жазу әдісінің (Ruglish
тәсілі деп те айтады) қосылатынын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-
өзінен белгілі болады.
Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі – кодтарды сәйкестендіре отырып
өзгертті: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет
енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа
айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек әріпті өзгерту жеткілікті),
сервердегі кодтау түрі екеу – КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда
өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматты
түрде айналады.
Керекті ақпатар табылса, ары қарай барлық жұмыс АЕЗ – серверіндегі
сияқты орындалады.
Internet-тің таралуы
Internet – бұл ең үлкен әлемдік компьютерлік жүйе. Қазір Internet 50
–ден астам елдерде жуықтап 150 млн. қолданушылары бар. WWW-ға негізінен
Internet арқылы қол жеткізуге(доступен) болады, бірақ WWW және Internet бір
мағынаны білдірмейді. WWW-ді ішкі мазмұнға келтіруге болады, яғни бұл
қандайда бір білімнің абстракттік әлемі, ал Internet глобальді жүйенің
сыртқы жағы болып келеді.
WWW концепциясы
Сонымен World Wide Web немесе қарапайым тілмен айтқанда WWW, Web ,
немесе одан да оңай 3W деген не? WWW-бұл гипермәтінде негізделген, кең
таралған мультимедияның ақпараттық жүйесі. Енді осы анықтаманы рет-ретімен
қарастырайық.
Кең таралған ақпараттық жүйе: ақпарат WWW сервер (server) деп аталатын
керемет үлкен жиында сақталады, яғни арнайы прогаммамен қамтылған және
Internet желісіне біріктірілген компьютерге орналастырылады. Желіге
қосылуға мүмкіндігі бар қолданушылар осы ақпаратты клиент- программалары
және WWW-құжат қарастыру прграммалары көмегімен алады. Сонымен қатар қарау
программасы компьютерлік желі бойынша қажетті құжаттар бар файлды сақтайтын
серверге сұраныс жібереді. Сұрауға жауап ретінде сервер қарау
программасына осы қажетті файлды немесе егер файл белгілі бір себептермен
асқақ болса, қабыл алмағаны жайында хабар жібереді. Клиент-сервер қарым-
қатынасы белгілі бір ережелер бойынша немесе, басқаша айтқанда, хаттама
арқылы жүргізіледі. WWW-да қабылданған хаттама HyperText Transfer Protocol
деп аталады, қысқартқанда HTTP.
Мультимедиа - мәтінді ғана емес, сонымен қатар екі және үш өлшемді
графикада бейне және дыбысты өзіне қосатын ақпарат.
Сонымен, Web-бетте стильденген немесе форматталған мәтін Internet-тің
әртүрлі қорымен, графика және гипербайланыс болуы мүмкін. Осы барлық
мүмкіндіктерді іске асыру үшін HyperText Markup Language аталатын арнайы
тіл жасалды.

HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
1. Web – беттерін құру үшін арналған құрал жабдықтар
HTML-редакторы
Web – беттерін құру үшін әркім өзіне ыңғайлы құрал жабдық таңдайды, ол
DreamWeaver,Allaire HomeSite,1st Page 20000. Ал кейбіреуі жәй мәтіндік
редактормен, мысалы блокнот (NotePad) қолданылады.
Мәтіндік редакторды көлемі кішкентай беттерді құру үшін қолданылады,
өйткені оның теріс жақтары бар: проектілер ұсталмайды, “подсветка. . .”
мәтіні жоқ, жұмыс істеу қолайсыз.
MS Front Page басты кемшілігі, ол HTML кодын үлкен көлемде қабылдайды
(қажетсіз заттар көп), сондықтан бет көлемі өте үлкен болады. Ол загрузка
жұмысына кедергі келтіреді. Сонымен қатар Web-бетіндегі жұмыс бұл
редакторда бір бөлек, ал броузер терезесінде мүлдем басқа (бұл әсіресе
Netscape Navigator-ға тиісті) . Беттер біртүрлі қисық болады, сондықтан Web-
бетін құру үшін төменде берілген пакеттерді қолдану керек.
Ең алдымен Macromedia DreamWeaver-дан бастайық. Macromedia компаниясы
веб-сайтын құруға арналған программалар құрудан ең алдағы компания болып
саналады.
HTML-редактордың соңғы версиясы - DreamWeaver 3 компаниясы, бұл WYSIWYG-
редактор катигорясына жатады және бұл пакеттің көп қолайлы жақтары бар:
ыңғайлы интерфейс, функцияны түзету және ShockWave технологиялы, FTP арқылы
файлды еңгізу, SSI ұстау және т.б. Бұл программамен жұмыс істеу ұшін HTML
білу қажет емес.
Бірақ DreamWeaver 3 бірнеше қадамға WYSIWYG технологиясын қолданатын
басқа редакторлардан алда. Web-бетті құру кезінде біртекті жұмыстан
арылтады, ол “командаларды ретпен жазу” опциясы арқылы жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Web парақтарды жасау
Интернет, web-бет және оны қалыптастыратын HTML
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Құжаттың HTML - HEAD бас контейнері
HTML - құжаттарды жасақтау және өңдеу
World Wide Web
Web - парақтарын көрсетуді басқару
HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі
Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру
Интернет желісінің қызметтері мен хаттамалары
Пәндер