Cтратегиялық жоспарлау



Кіріспе
1. Cтратегиялық жоспарлаудың мәні мен рөлі
2. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлаудың жіктелуі және түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар көптеген міндеттерді орындау үшін құралады. Ол кәсіпорынның мақсаттарын анықтауға көмек көрсетеді және кәсіпорынның дамуын анықтайды. Келешекте бола алатын мәселелерді болдырмау шараларын қарастырады, яғни оларды шешудің тиімді жолдарын анықтайды.
Жоспар – кәсіпкерліктің нысанына, қызмет ету аясына және масштабына байланыссыз, қазіргі заман экономикасында қолданылатын менеджменттің ерекше құралы. Кәдімгі нарықтық саудада табысқа жету, өз өнімімен шығу, іс-әрекеттің жоспары мен алдын ала сенімді бағдарламасы болмаса, қолға алынып жатқан іс туралы толық сипат алу мүмкін емес.
Жоспар жасаудың мақсаты - кәсіпорынның шаруашылық қызметін қысқа және ұзақ уақыт аралығында нарық қажеттіліктері мен керекті ресурстарды иелену мүмкіндіктерімен сәйкестендіре отырып жоспарлау және технико-экономикалық негіздеу.
Жоспарлаудың қаншалықты маңызды екенін бағалау мүмкін емес. Заттарға объективті көзқарас оның күшті және әлсіз жақтарын, қажеттіліктерді толық анықтауға, алғашқы кезеңдерден мүмкіндіктерді белгілеуге және кәсіпорынның мақсатына жетудегі іс-әрекеттерді оңтайландыру бойынша жоспар жасауға кірісуге мүмкіндік береді. Жоспар сіздің кәсіпорныңызды құлаушы кәсіпорындар қатарынан сақтап қалады. Егер кәсіпорын аз пайдалы болса, онда жоспар бұның себебін іздеп табуға көмектеседі және қателіктерден бас тартуға жәрдемдеседі.
1. «Финансаовое планирование и контроль» под.ред.А.М. Поукова тейлора М. 1996
2. Булакбай «Финансовая устойчивость предприятия» М. 2000
3. Дүйсебаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» // Экономика 2002ж.
4. «Стратегическое планирование» под.ред. Уткина Э.А. М. 1998г
5. Мельников В.Д. Ілиясов Қ.Қ. Қаржы – Алматы «Экономика» 1994 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жоспар көптеген міндеттерді орындау үшін құралады. Ол кәсіпорынның
мақсаттарын анықтауға көмек көрсетеді және кәсіпорынның дамуын анықтайды.
Келешекте бола алатын мәселелерді болдырмау шараларын қарастырады, яғни
оларды шешудің тиімді жолдарын анықтайды.
Жоспар – кәсіпкерліктің нысанына, қызмет ету аясына және масштабына
байланыссыз, қазіргі заман экономикасында қолданылатын менеджменттің
ерекше құралы. Кәдімгі нарықтық саудада табысқа жету, өз өнімімен шығу, іс-
әрекеттің жоспары мен алдын ала сенімді бағдарламасы болмаса, қолға алынып
жатқан іс туралы толық сипат алу мүмкін емес.
Жоспар жасаудың мақсаты - кәсіпорынның шаруашылық қызметін қысқа және
ұзақ уақыт аралығында нарық қажеттіліктері мен керекті ресурстарды иелену
мүмкіндіктерімен сәйкестендіре отырып жоспарлау және технико-экономикалық
негіздеу.
Жоспарлаудың қаншалықты маңызды екенін бағалау мүмкін емес. Заттарға
объективті көзқарас оның күшті және әлсіз жақтарын, қажеттіліктерді толық
анықтауға, алғашқы кезеңдерден мүмкіндіктерді белгілеуге және кәсіпорынның
мақсатына жетудегі іс-әрекеттерді оңтайландыру бойынша жоспар жасауға
кірісуге мүмкіндік береді. Жоспар сіздің кәсіпорныңызды құлаушы
кәсіпорындар қатарынан сақтап қалады. Егер кәсіпорын аз пайдалы болса, онда
жоспар бұның себебін іздеп табуға көмектеседі және қателіктерден бас
тартуға жәрдемдеседі.

1. Cтратегиялық жоспарлаудың мәні мен рөлі

Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік
макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті,
директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және
индикативті жоспарлардың маңызы зор болып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына
байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және
жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-, аумақтық,салалық деңгейді
қамтиды.1
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына
жолдауында жарияланған “Қазақстан –2030” - жоспары стратегиялық жоспарға
жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика
дамуының ұзақ-мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басыңқыларын анықтайды
және оларды жүзеге асыру кезеңдері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта
компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет)
саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде
қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана
емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен
қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша
дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс
пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа
нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау
жөніндегі Агенттігі әзірлеген “Министрліктер мен ведомстволарға арналған
жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына
(1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден
тұрады:
1) Саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2) Жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3) Басыңқылар;
4) SWOT- мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5) Мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6) Стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.2
Жоспардың бірінші бөлімінде бастама (старттық) кезеңге және саланың
реформалануына баға беріледі. Бастапқы жәй-күйді әлемдік стандарттармен,
ТМД-елдерінің, дамыған және дамушы елдердің көрсеткіштерімен салыстыру
қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жәй-күйді бағалау саланың (министрліктің)
алдында тұрған бірінші кезектегі мәселелерді де қамтуы шарт.
Министрліктердің алға қойған мақсаты барынша аз болуы тиіс және де
үштен аспағаны жөн. Мақсаттардың сандық өлшемде болғаны дұрыс. Сандық
индикаторларды қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда олар сапалық болуы
тиіс. Бұндай жағдайда мақсат нақты, айқын бақылауға, тексеруге мүмкіндік
беретіндей болуы шарт. Мақсаттар жалпымемлекеттік стратегиялық жоспарға,
оның басыңқылары мен қорларына, Үкіметтің реформа жөніндегі бағдарламасы
мен индикативті жоспарына сәйкес белгіленеді.
Жоспардың үшінші бөлімінде министрліктің іс-әрекеттерінің басыңқы
бағыттары анықталынады. Басыңқылардың саны үш-бес, жекелеген ведомстволар
үшін жеті болуы керек. Басыңқылар неғұрлым аз болса, стратегиялық жоспарды
орындауда қолда бар қорлар мен мүмкіндіктер соғұрлым “шашылмайды”.
SWOT- талдау - жоспардың төртінші бөлімін құрайды.
SWOT- ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды)
және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы
және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету
стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Күшті (ұтымды) жақтарға төмендегілер жатқызылуы мүмкін:
1) салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың
нәтижелілігі;
2) өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділігінің
төменділігі;
3) шығындар мен бағалардағы артықшылықтар (бұл мүмкіндіктерде де
аталуы мүмкін);
4) сәйкес (барабар)құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілгендігі;
5) барабар информациялық қамтамасыз етілгендігі;
6) прогрессивтік (перспективалық) технологиялар;
7) күшті (ұтымды) менеджмент;
8) жоғары профессионалды министрлік аппараты және оның жақсы
ұйымдастырылуы;
9) ғылыми қамтамасыз етілуі және жақсы интеллектуалдық қорлар;
10) жеткілікті қорлар (жер, су,қаржылық т.б.);
11) жақсы әлеуметтік қызметтер (салалық, ведомстволық т.б.).
Бастапқы кезеңнің әлсіз жақтары төмендегілерді қамтиды:
1) нақты стратегиялар мен жоспарлардың болмауы;
2) іс-әрекеттердің бірімен-бірі байланыссыз жан-жаққа бағытталуы;
3) нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі;
4) Министрлік апаратының нашар ұйымдарстырылуы;
5) нашар құқықтық кеңестік;
6) ақпаратпен нашар қамтамасыз етілуі;
7) нашар технологиялар;
8) экологиялық мәселелердің болуы;
9) іс-әрекеттердің өз-ара байланысының нашарлығы;
10) көлік жолдары мен коммуникациялардың болмауы,т.б.
Егер кұшті (ұтымды) және әлсіз жақтарды талдауда саланың ішкі
факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен қатерлерді бағалауда
сыртқы факторлар зерттеледі. Мүмкіндіктер сыртқы нарықтарда кездеспейтін,
кездессе де айқын көрінбейтін белгілі-бір факторлар түрінде болса, онда
қауіп-қатерлер сыртқы нарықтың қатерлі бәсекелестік (осы сала үшін қауіпті
басқа да жағдайлар)түрінде сипатталуы мүмкін. Мысал ретінде мүмкіндіктер
мен қауіп-қатерлердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады (бұл тізім
түгел әрі міндетті бола алмайды).

Мүмкіндіктер:
1) табиғи байлықтардың болуы (жер,су, пайдалы қазбалар және т.б.);
2) жаңа сыртқы нарықтарды жаулап алуға жағдай жасайтын өндірістерді
ұйымдастыру мүмкіншілігінің болуы;
3) жаңа технологияларды игеру;
4) халықаралық көлік байланыстары мен коммуникациялардың болуы;
5) басқа ұйымдармен, компаниялармен көлбеу интеграция жүргізу;
6) бәсекелестердің сыртқы нарықтардағы әлсіздігі;
7) баға мен шығындарды төмендетудегі ірі мүмкіндіктер;
8) мемлекет тарапынан қолдау және т.б.
Қауіп-қатерлер:
9) күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы;
10) қорлардың жеткіліксіздігі (мүлдем болмауы);
11) сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндіктердің болмауы;
12) ішкі нарықты жоғалтып алу қаупі, т.б.
Барлық мүмкін жұп комбинациялар талданады, олардың ішінен тек
стратегияны әзірлеуге ескерілетіндері зерттеледі. Мүмкіндіктер мен қауіп-
қатерлердің диалектикасын естен шығармау керек. Өйткені, пайдаланылмаған
мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда, керісінше, қауіп-
қатер болып шығуы мүмкін.
Жоспардың келесі бөлімінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясы
анықталынады. Әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз де стратегияларға бай.
Кейде, бір қарағанда орындалуы мүмкін емес тәрізді стратегиялардың нәтижелі
жүзеге асқандары бар, керісінше, керемет стратегиялар ұйымдаспағандықтан,
іс-әрекеттердің байланыссыз жүргізілгендігінен, басшылардың жігерсіздігінен
іске аспай қалғандығын айтуға болады. Дегенмен, ғылыми және практикалық
тәжірибелерді зерттеп тұжырымдау бірнеше эталондық стратегияны бөліп
шығаруға мүмкіндік береді:
a) құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық
ерекшеліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы қөрсеткіштердің
өсуіне қол жеткізу;
б) диверсификациялық өсу стратегиясы - қызмет жүргізу шеңберін
өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағдарлау;
в) интеграциялық өсу стратегиясы – жаңа құылымдарды қосу және осы
қызмет шеңберіндегі күшті үйымдармен интеграция жүргізу арқылы өсу;
г) шығындарды қысқарту стратегиясы.
Жоспарланған стратегия аралас болуы да мүмкін, яғни нақты жағдайға
байланысты жоғарыда аталған стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін.

Жоспардың соңғы бөлімінде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру кезеңдері
мен аралық мақсаттар көрсетіледі. Аралық мақсаттар қысқа мерзімдік
стратегияларға тән болғандықтан, ақырғы мақсаттармен бірдей бола бермейді.
Стратегиялардың орындалуын кезеңдерге бөлу ішкі және сыртқы бақылау үшін
қажет. Стратегияны жүзеге асыру кезінде оқтын-оқтын оның орындалуын
бақылап, бағалап отыру керек.

Егер де стратегиялық жоспарлау басқару механизмінің негізгі буыны
ретіндегі объективті қажеттілікті анықтаса, әлеуметтік-шаруашылық
процестерден туындайтын оның ғылыми-методологиялық және ұйымдық
проблемаларын қарастыру қажет. Осыған орай жоспарлаудың ғылыми-
методологиялық негіздері жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.
Макроэкономикалық тұрғыдан, ұдайы өндіріс процесі – сыртқы
экономикалық байланыстардың нәтижелерін ескеретіндігі, өндіріс, бөлу,
айырбас пен тұтынуды сипаттайтын көрсеткіштердің өзара байланысы ретінде
қарастырылады. Осындай көрсеткіштердің өзара байланысын қамтамасыз ету
қызметін атқаратындығы - стратегиялық жоспарлаудың ғылыми негізі болып
табылады.
Сонымен, стратегиялық жоспарлаудың объектілері жалпы экономикалық,
аймақтық және салалық әлеуметтік шаруашылық процестері болып табылады.
Осыдан келіп стратегиялық жоспарлаудың негізгі қағидаттары қалыптасады:
1) Республика халық шаруашылығы мен оның аумақтық-шаруашылық жүйелерінің
макроэкономикалық тұрақтылығы мен тиімді теңгермешілігін қамтамасыз ету.
2) Аймақтық, салалық және жалпы эккономикалық басымдылықтарды ғылыми
негіздеу.
3) Ағымдағы, орта, және ұзақ мерзімді жоспарлаудың үдіксіздігі мен
логикалық байланысын қамтамасыз ету.
4) Алдағы мерзімге жоспарды жасағанда (өңдегенде, әзірлегенде) алдыңғы
мерзімдегі жоспарлардың нәтижелері ескерілуі тиіс.
Қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестердің
динамикалық өсуіне, ішкі және сыртқы нарықтар конъюнктурасының шапшаң
өзгеруіне және де ұзақ мерзімді болашақ мақсаттардағы қоғамның қалыпты
дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық
жүйені макро-микро деңгейде стратегиялық жоспарлаудың рөлі артып келеді.
Сонымен стратегиялық жоспарлау – бұл елдегі маңызды әлеуметтік
мақсаттарға жетудегі және мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асырудың
әдістерін анықтаудағы үкіметтің макродеңгейдегі қызметін ұйымдастыру
процесі. Ал “стратегия” терминіне тоқталып өтер болсақ, ол грек тілінен
аударғанда “генерал өнері” немесе “адамдарды басқару өнері” деген
мағыныны білдіреді.3 Сонда бұл термин болашақта шешілетін мақсатты
бағытталған әрекеттер жиынтығын көрсетеді. Бірақ осы орайдағы басты
мәселе, бұл жиынтық нақты жағдайды ескере отырып,сандық көрсеткіштермен
сипатталуы шарт. Бұл мәселені шешу процесі осы стратегиялық жоспарлау
жөніндегі мемлекеттің қызметін көрсетеді. Сонымен “стратегия” – бұл
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты және кешенді жоспар.

2. Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлаудың жіктелуі және
түрлері

Шаруашылық субъектінің даму жоспары келесі кепілдемелік сипаттағы
негізгі бөлімдерді кіргізеді. Олар:
- өнімді өткізу жоспары немесе өндірістік жоспар;
- техникалық даму жоспары;
- өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарлату жоспары;
- капиталды салымдар мен капиталды құрылыс жоспары;
- материалды–техникалық қамтамасыз ету жоспары;
- еңбек және кадрлар жөніндегі жоспар;
- өнім өткізу және өндіріс шығындар жоспары;
- қаржылық жоспар;
- кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары;
- табиғатты қорғау және табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау функциясының түрлеріне анықтама
Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдары
Адам дамуының аймақтық аспектісі
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Прeзидeнтiнiң конcтитуциялық құқықтық мәртeбeciн қaрacтыру
Бюджеттік бағдарламалар
Шетелдік инвестициялар
Қоғамның даму саясатының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру
Имитационды модельдеу
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Пәндер