Саяси жүйе туралы ақпарат



Кіріспе
Саяси жүйе туралы түсінік

Негізгі бөлім
а) Саяси жүйесінің құрылымы
б) Қоғамның сияси қызметі
в) Саяси өмір
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем болған жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді.
Дәннің жерге түсіп, қайыра өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды.
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құлиеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырады. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Саяси жүйе туралы түсінік

Негізгі бөлім
а) Саяси жүйесінің құрылымы
б) Қоғамның сияси қызметі
в) Саяси өмір

Саяси жүйе туралы түсінік

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді.
Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем болған жоқ, себебі адамдардың өзі
табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады,
тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн
көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық
өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға
ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым
мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді
сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар
қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы
өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді.
Дәннің жерге түсіп, қайыра өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті
өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы
жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз
жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға
түскен адамдарды құлға айналдырды.
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құлиеленушілік құрылыс
келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды
тудырады. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен
қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін
құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ
төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын
анық заң ережелері, нормалары қалыптасты.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық
қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар
қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың
барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен
тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер
арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің
жиынтығын айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың
саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы
ортамен "кіріс", "шығыс" принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау. Д.Истон, Г.Митчел,
Г.Спиро, Г.Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу
мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға
байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта
бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген
жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат
болып саналады.
Саяси институттарға: мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар,
кооперативтер, жастар, әйелдер, т.с.с жатады.
Мемлекет - саяси жүйенің негізгі бөлігі. Ол қоғамда белгілі бір
тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын
қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу,
зорлау органдары (әскер, сот, полиция, т.с.с.) болады. Солардың көмегімен
ол адамдардың жүріс-тұрысын, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан
оның ішкі, сыртқы саясатын атқара алады.
Саяси партиялар - мемлекеттік билікті іске асыруға саяси жүйені,
қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Саяси қатынастар- оған топтардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар
мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
Саяси ережелер - саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Мұның ең
бастысы Конституция. Басқа да мемлекеттік заңдар, нормативтік актілер
жатады.
Саяси мәдениет — адамдардың іс-әрекетіне, олардың ұйымдарына әсер
етеді.
Қорыта келе саяси жүйенің басты міндеті - қазына, байлықты бөлу
саласына бақылау орнату, қоғамдың өмірдің барлық саласына бағыт беріп,
ықпал жасау.

Қоғамның саяси жүйесінің қызметтері

1. Мемлекеттік ұйымдардың, т.б. сол сияқты әлеуметтік топтардың
мүдделерін үйлесімді жүргізу шараларын белгілеп іске асырады;
2. Рухани-идеологиялық қызмет атқарады, халық бұқарасының саяси ой-
санасың қалыптастырып реттейді және жетілдіреді;
3. Қоғамдың саяси құрылысты нығайтады, оның ішкі және сыртқы
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4. Түрлі әлеуметтік топтардың қоғамдағы орны мен мүдделеріне сай
материалдық рухани игіліктерді анықтау және бөлу;
5. Қоғамдық әлеуметтік топтардың мақсатын, міндеті мен бағдарламасын
орындауға бағытталған қызметін ұйымдастыру;
6. Қоғамдың дамудың жолдары мен міндетін анықтау, оның қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Жүйе туралы ұғым,түрлері,элементтері,және тармақтары. Ашық және жабық жүйелер
Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология
МЕДИАКРАТИЯ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ БИЛІК
Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: саяси-салыстырмалы талдау
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Пәндер