Жауғаш батыр



Абылай ханның тұсында
Өмірбаяны
Жауғаш батыр ерліктері
Жауғаш батыр туралы жыр
Шайқастары
Абылай ханның тұсында қол бастап, ел қорғаған, қаптаған жауға ұран салып, дара шапқан батырлар аз болмаған. Сондай батырлардың бірі – қоралас Жауғаш батыр. Жауғаш батырдың өз тұсындағы басқа батырлардан ерекшелігі - ол биліктің күшін, найзаның ұшын асырған асқан батыр болумен бірге ақылы нұрлы,пайымы терең мәмілегер, сарабал саясаткер еді. Абылай хан Жауғаштың осы қасиеттерін жоғары бағалап, оны ашық ұрысқа сала бермей,хандықтың ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырушы мәмілегер, елші қызметін сеніп тапсырған. Сонымен қатар ол хан кеңесшісі ретінде де мемлекет ісіне араласып, хандықтың басты тұлғаларының бірі ретінде ел үшін игілікті істердің басында жүрген.Сондықтан да Жауғаш батырдың өмірі, айналысы, заманы туралы тарих шындығын тану мен талдап, бағалаудың мәдени-әлеуметтік маңызы аса жоғары. Бұл орайда жеке ,негізсіз, дәйексіз пікірлерге бой ұруға бармай, дерек көздерінде сақталған тарихи оқиғалардың жүйесі мен желісінен жаңылмай ой тарату аса маңызды. Жауғаш батырдың өмірі, айналасы, заманы туралы сонда ғана шынайы қорытынды жасауға болады.
Жауғаш батыр – қазақ халқының біртуар ұлы азаматы,тарихи тұлға. Тарихи деректерге, ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жауғаш батыр 1738 жылы қазіргі Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Жауғашты ауылының қасында Ақсу өзенінің бойында «Батыр – туған» (қазіргі Елтай селосы) деп аталатын жерде өмірге келген. Небәрі 49 жыл өмір сүрген. 1787 жылы Сарғау- Тоқташ деп аталатын жерде ( қазіргі Жамбыл обылысы, Мерке ауданы мен Қырғыз Республикасының Жайыл ауданының шекарасындағы жер ) ауырып өз ажалынан қайтыс болған.
Жауғаш батыр Абылай ханның қасында болып, 30 жыл адал қызмет еткен. Ол бас уәзір дәрежесіне кейін көтеріліп, қазақ халқын басын біріктіруге, үш жүздің басын қосып, бір хандық құруға, 1771жылы Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы етіп көтеруге зор еңбек сіңірген. Жауғаш тек батырлығымен, қол бастап женіңпас атанумен, соғыс ережесін жақсы білетіндігімен ғана көзге түсіп қоймаған. Оның басқа да, айталық, мінез – құлқымен, адалдығымен, парасаттылығымен, тапқырлығы және сясаткерлігімен, сөзге жүйрік шешендігімен де көзге түскендігіне ел арасындағы аңызға айналған қызықты әңгімелер куә.
1) Әлмұхамедұлы Ә. «Жауғаш батыр»
2)Әбділдаұлы Б. «Жауғаш батыр – Абылай ханның елшісі»
3)Әпсемет Арғынбай «Жауғаш батыр»
4)Ахметжанов Қ.С. «Жараған темір кигендер»
5)Уәлиханов Ш.Ш. «Абылай туралы жыр»
6)Дәдебаев Ж. «Жауғаш»

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Абылай ханның тұсында қол бастап, ел қорғаған, қаптаған жауға ұран
салып, дара шапқан батырлар аз болмаған. Сондай батырлардың бірі – қоралас
Жауғаш батыр. Жауғаш батырдың өз тұсындағы басқа батырлардан ерекшелігі -
ол биліктің күшін, найзаның ұшын асырған асқан батыр болумен бірге ақылы
нұрлы,пайымы терең мәмілегер, сарабал саясаткер еді. Абылай хан Жауғаштың
осы қасиеттерін жоғары бағалап, оны ашық ұрысқа сала бермей,хандықтың ішкі
және сыртқы саясатын жүзеге асырушы мәмілегер, елші қызметін сеніп
тапсырған. Сонымен қатар ол хан кеңесшісі ретінде де мемлекет ісіне
араласып, хандықтың басты тұлғаларының бірі ретінде ел үшін игілікті
істердің басында жүрген.Сондықтан да Жауғаш батырдың өмірі, айналысы,
заманы туралы тарих шындығын тану мен талдап, бағалаудың мәдени-әлеуметтік
маңызы аса жоғары. Бұл орайда жеке ,негізсіз, дәйексіз пікірлерге бой ұруға
бармай, дерек көздерінде сақталған тарихи оқиғалардың жүйесі мен желісінен
жаңылмай ой тарату аса маңызды. Жауғаш батырдың өмірі, айналасы, заманы
туралы сонда ғана шынайы қорытынды жасауға болады.
Жауғаш батыр – қазақ халқының біртуар ұлы азаматы,тарихи тұлға. Тарихи
деректерге, ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жауғаш батыр 1738 жылы
қазіргі Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Жауғашты ауылының қасында
Ақсу өзенінің бойында Батыр – туған (қазіргі Елтай селосы) деп аталатын
жерде өмірге келген. Небәрі 49 жыл өмір сүрген. 1787 жылы Сарғау- Тоқташ
деп аталатын жерде ( қазіргі Жамбыл обылысы, Мерке ауданы мен Қырғыз
Республикасының Жайыл ауданының шекарасындағы жер ) ауырып өз ажалынан
қайтыс болған.
Жауғаш батыр Абылай ханның қасында болып, 30 жыл адал қызмет еткен. Ол
бас уәзір дәрежесіне кейін көтеріліп, қазақ халқын басын біріктіруге, үш
жүздің басын қосып, бір хандық құруға, 1771жылы Абылайды бүкіл қазақ
халқының ханы етіп көтеруге зор еңбек сіңірген. Жауғаш тек батырлығымен,
қол бастап женіңпас атанумен, соғыс ережесін жақсы білетіндігімен ғана
көзге түсіп қоймаған. Оның басқа да, айталық, мінез – құлқымен,
адалдығымен, парасаттылығымен, тапқырлығы және сясаткерлігімен, сөзге
жүйрік шешендігімен де көзге түскендігіне ел арасындағы аңызға айналған
қызықты әңгімелер куә.
Жауғаш батырдың ерлік істері жайлы ел аузында айтылып жүрген қызықты
әңгімелер көп-ақ. Ол қарша бораған жау оғына қарсы арыстанша ақырып шапқан
кезде, жүзінде ерекше қаһар пайда болып, жау жағы безіп отыратын болған.
Оның бір ерекшелігі –соғыс ережесін жақсы білетін ақылды қолбасшылығы.
Сондықтан да Жауғаш батыр қатынасқан соғыстар женіспен бітіп, оның мерейі
әр кезде де үстем болып отырған.

Сондай бір аңыз әңгіме Арқадағы Қалмақ
қырылған деген жерге байланысты. Жауғаштың қолбасшылығымен өткен бір
жорықтың кезінде қазақтар осы жерге келіп қосын тігеді. Жер жағдайын жақсы
білетін Жауғаш қалмақтын қосын бірден шаппай, шайқасты бір жұмаға кейінге
қалдырады. Бұл жағдайдын себебін сұрағанда ол қалмақтын қосы тігілген
жердің суы мен шөбінің жағымсыздығын алға тартып, олардың бір жұмадан кейін
әлсіреп жаппай ауруға ұшырайтынын, өзінен - өзі қырылатындығын айтады. Міне
осылайша батыр соғыс кезінде табиғат жағдайын да сәтімен пайдалана біліпті.
Жауғаштың арқаға Абылайдың ордасына келуіне Алатаудың бауырында өткен
бір үлкен ас үстінде шыққан дау себеп болады. Асқа алыс – жақын жұртың
бәрі жиналады. Ас үстінде ұрыс шығып, күші басым түскен топ қарсы жақтағы
бір кісіні Жауғаш отырған үйге қуып тығады. Жауғаш батыр араша түсіп, күш
көрсеткен топқа басу айтса, олар тоқтау бермейді. Батыр ; Бұтаға
қорғалаған торғайдың да жаны қалады. Мені пана тұтып келген жанға ара
түссем, неге араша бермейсің? Неге қоймайсың ? - деп, ашу шақырып, ұрысқа
араласады. Ұрыс үстінде қарсы жақ көптігін пайдаланып, батырға тізесін
батырып жіберсе керек. Сонда батырдың атасы бірге туған Бабалықтың тоғыз
ұлы миятыққа жарамай, Жауғашты жалғыз қалдырған екен. Жауғаш бұған қатты
қапаланып, наза болады. Астағы ұрыстың бір қыры ақын Әміт әлмұхаметұлының (
1912 жилы туған ) Жауғаш туралы жырында баяндалған. Онда мынадай жолдар
бар;
Жүріпті жалғызсырап батыр өзі,
Әр жерден кемдік көріп сыбағадан.
Айтылған Бабалының тоғыз ұлы
Батырды шеттетіпті
Туған жерінен, ағайындарынан ауа көшкен Жауғаш Абылай ханның ордасының
бір шетіне келіп қонады. Хан адамдары жөн сұрағанда, Жауғаш өзінің үйсін
екенін айтып, көшіп келе жатқан себебін жырмен баяндайды;
Туғаным жаман болған соң,
Көптен қашып келемін.
Тұғырым жаман болған соң,
Тауға қашып келемін.

Жауғаш – қазақ жері мен елін қорғауда Жоңғар хандығымен болған тікетірес
соғыстарда Абылай хан бастаған атақты бабаларымыз Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек,Сәмен, Саурық,
Саңырақтардың қатарынан орын алған батыр. Хан ордасының ішкі, сыртқы
саясатыр жүргізуде бас зеректігін байқатса керек. Ол байсалдығы,сабырлығы,
көрегендігі арқасында ел арасындағы дау –дамайларды шешіп қана қоймай,
халықаралық саяси келісімдерді, әсіресе,Ресей, Қытай және Орта Азия
мемлекеттерімен қарым қатынас мәселелерін шешуде қыруар еңбек сіңірген. Бұл
орайда ауызша және жазбаша әдебиеттерде айтылып жүрген әңгімелердің өзі –
түбегейлі ғылыми зерттеуді керек ететін үлкен мәселе. Белек Сотонаевтың
Қызыл қырғыз тарихы атты 1984 жылы жарық көрген кітабындағы Абылай хан
болып тұрған 1775-1776жылғы қазақ –қырғыз арасындағы жаугершілік жағдайға
байланысты келтірілген деректеріне сүйенсек, Қырғызбенен қазақ арасы
Санбарақ жеңілгенен соң қатты бұзылып, қырғыздың көкірегі өсіп, қазақтың
малын бұрынғыдан да бетер ұрлап, тонап, көптеген қорлық көрсетеді. Көбінесе
саяқ қырғыздың Чокар, Уман, Жаманақ( Садыр ханның күшейіп тұрғанын
пайдаланып ), секілділері қазақтын тынышын алған. Қазақтар Әулиеата
қаласына жиналып кеңеседі де, Әулиеата қаласының күн шығысындағы, үш
күндік жердегі қоралас руынан Жауғаш батырды Абылайға жіберген. Бүкіл үш
жүздің жақсыларының осында жиналып, Абылай ханға кімді жібереміз және ол
адам қандай болу керектігін ойланғанда, олардың бұл сапарға Жауғаш лайық
деп шешуінің өзі де бабамыздың кім екенін таразылап тұрған жоқпа? Хан
алдына барып, елдің жағдайын түсіндіру, қиын-қыстау жағдайда отырған
халықтың тілегін нұсқа жеткізу әрбір би, болыс, батырдың қолынан келетін іс
еместігі мәлім.
Әмірсана қазақтардың арасына, Абылайға келіп паналағаннан кейін болған
қақтығыстарда қазақтың бірнеше батырлары Цин жағы батырлардыңбірнешеуін
кепілдікте ұстай отырып, Жауғаш бастаған бір – екуін Абылайға хабар беруге
жібереді. Онда Абылайдың қазақ ішінде жасырынып жүрген Әмірсананы ұстап
беруі туралы талап айтылған еді. Жауғаш бұл хабарды Абылайға жеткізеді.
Аьылайдың Әмірсана орманға қашып келіп, бұтақты паналаған бейшара құс
секілді. Оны ұстау қиын емес. Ұлы императордан оның қанын қиып, жанын
сақтауды өтінемін,- деген сұранысын жеткізу үшін, Жауғаш Цин жағына қайта
барады.
Абылайдың сәлемін тыңдап болған әскербасы Дардана қазақтарға ренішін
білдіреді;Әмірсананыұстамайынша, қазақтарға бір күн де тыныштық
бермейміз.Абылай Әмірсананы бүгінге дейін ұстап бермей отыр. Ол әртүрлі
сылтаумен Әмірсананың өмірін сақтап қалғысы келеді. Оның біздің
әскеріміздің жорығын кешіктіргісі келіп отырғаны айдан анық. Бірақ ол
бұнысымен қазақ халқының басын қатерге тігіп отырғанын түсінетін емес, -
Дардананың ашулы сөзіне орай елшілер былай деп уәж айтады;Әмірсананы аман
алып қалу үміті барда, Абылай оны құтқаруға күш салады. Егер Абылайға
Әмірсананы ұстап беру туралы қатал әмір берілсе, онда ол батылы жетіп
қарсылық көрсете ала ма, он бес күн мұрсат беріңіз, біз Әмірсананы сіздің
қолыңызға тапсырамыз. Сізді алдауға батылымыз бармайды. Осы сөзден кейін
Дардана Жауғашты Абылайға қайта жібереді. Бұл 1775 жылдың қазан айының алды
еді. Қыс түсіп келе жатқандықтан, Дардана Әмірсананы іздеп жорыққа шығудан
тежеліп, әскерін еліне қайтарды.
Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарды зерттеп, көп еңбек жазған
В.С.Кузнецов Әмірсана атты монографиялық жұмысында Жауғаштың қытай
әскерінің қолбасшысы мен Абылай арасында елшілік сапармен екі рет барып
келгені көрсетеді.
Дардананың Әмірсананы қолына беруді талап етіп, қазақ жеріне кіруден
тежелуі Жауғаштың мәмлегерлік шеберлігімен тікелей байланысты. Ол сөзінің
жүйелігімен, ойының тереңдігімен қытай қолбасыларын айтқанына сендіріп,
олардың өз ұсынысына орай іс-қимыл жасауына қол жеткізеді. Бұл қалыптасқан
еларалық са яси жағдай аясында қазақ елі үшін бірден-бір қолайлы, тиімді
саяси жетістік еді.
18 ғасырдың орта шенінде қырғыз-қазақ арасында болғанжанжал кезінде
қырғыз батырлары Есенғұл, Садыр, Атеке жырық қазіргі Оңтүстік Қазақстан –
Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының біраз жерін шауып алады. Жауғаш бес-
алты нөкерімен барып Көкшеде жатқан Абылайға осы хабарды жеткізеді. Бұхар
жырау Абылай туралы қисасында Жауғаштың Абылайға жолыққан кезін былай
суреттейді; Алла жар болсын, Хан ием,-деп Жауғаш басын иеді. Хан Абылай;
Жол болсын,Жауғашжан,-деп жылы жүзбен қарсы алады. Сонда Жауғаш қазақ
елінің оңтүстігінде болып жатқан жағдайды толық баяндап берген соң, Абылай
Жауғашқа кеңес береді, қырғыз батырларының ісіне тойтарыс беретін мезгілін
белгілеп, Жауғашқа Абылайдың айтқаны;
Әй,Жауғашым, Жауғашым!
Сен бара тұр, бара тұр;
Сүмбіле тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып,
Мен Садырға қылайын,
Баяғыдай болайын,
Пана бергін құдайым!- депті Жауғашты жолға салып,. Еліңе
бара тұр, күш жина, Ұлы жүздің басын біріктірейік дегені болуы керек. Бұл
оқиға шамамен 1773-1774 жылдары Сүмбіленің алдындағы қыс айларында болған
іспетті.
Осылай тұжырымдауымыздың себебі; Абылай 1775 жылы қол жинап, Ташкент
қаласын өзіне қаратады да, 1776 жылдың қысын сол Ташкентте өткізіп,
көктемінде Жауғашпен уәделескен бойынша қазіргі Мерке ауданының Қорағаты
өзенінің бойына келіп қосын тігеді. Осы арада қырғыздың бай-манаптарына
елшілікке Жауғашты бас етіп жіберіп, райынан қайтсын, оларға айтқанымды
айта бар деп, былай деген екен;
Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Оң қолымда – лашын,
Сол қолымда – Жауғашым.
Іздесем де табылмас,
Жауғашжан, сендей құбаша ұл.
Мінгенде аты кері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Есіркеп сұлтан
Меркі – түркілердің ежелгі мекені
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Қорымдарды зерттеу
Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсету
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Салқам Жәңгір
Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан
Жылқы және ту
Пәндер