Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру



1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

2.2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау

2.3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру жағдайларының түрлерi

2.4. Сақтандыру компаниялары

2.5. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
объектісi:
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.


өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - сақтандыру шарты) - заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;

өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнен алынған өнiм;

сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
1) «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» ҚР-ның заңы 2004жыл 10 наурыз.

2) http://www.aikyn.kz -» Экономика -» Сақтандыру компаниялары өздерін ғана сақтандыра ма?

3) «Міндітті экологиялық сақтандыру туралы» ҚР-ның заңы

4) http://www.aikyn.kz -» ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҒЫНАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҚЫНДАУ

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

2.2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен   1 тармақ   толықтырылды
2.3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру
жағдайларының түрлерi

2.4. Сақтандыру компаниялары

2.5. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
объектісi:
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес
белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты
сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру объeктici болып табылады.

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда
көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды
қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті
кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін
арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын
ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын
ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;

өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - сақтандыру
шарты) - заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының
арасында жасалатын шарт;

өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi,
майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнен алынған өнiм;

сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру
төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi
көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы
сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында
белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға
мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi
ақша сомасы;

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен   1 тармақ   толықтырылды
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттi сақтандыру шартын
жасасу жөнiндегi мiндетiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды өсiмдiк
шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган  мен оның аумақтық
органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01.
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды
әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды
жетілдіреді;
5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй
ахуалын зерделейді;
6) агенттің қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыру туралы заңнамасын оның сақтауын бақылауды жүзеге
асырады;
7) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы
істерді қарайды;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен
құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен
құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының және агенттің ұсыну нысаны мен
мерзімдерін белгілейді;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және
бекітеді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01.
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен
құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі
тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы
мерзімдерін белгілейді;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы
жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің
тізбесін ұсынады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) комиссиялар құрады.

4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  5-1 - баппен  толықтырылды; 2006.07.07.
№ 179-III ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібi
Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан
сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан
сақтанушылар тізбесіне кірмеген өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге
сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды;
3) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруші бір ай ішінде өсімдік
шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының жасалғанын растамаған
жағдайда, осы өндірушіге тексеру тағайындау туралы нұсқама шығарады;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес
әкімшілік жаза қолданады;
 Мемлекеттік бақылау өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын
жасасу нысанасына арналған жоспарлы тексеру жүргізу арқылы жылына бір рет
жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексерілетін кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындау туралы актісін
тапсыру сәті тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
 
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
жүзеге асырудың ерекшеліктері

1. Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заңда қамтылған ережелер
қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.
3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын
сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы
міндетті.
4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында
негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен
заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
 
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру
жағдайларының түрлерi
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру
жағдайларына қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының
салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк
шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар
нормативтерінің түрлері
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру
ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік
шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа
көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік
шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді.

2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай
түрлерінің бірі бойынша:
1) ғылыми негізделген агротехнология;
2) оңайлатылған агротехнология;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ғылыми негізделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының үш
түрі бойынша:
жанар-жағар май материалдары;
тұқым;
жалақы арқылы жүзеге асырылады.
 
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртiбi
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру
сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол
осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен артық болмауға тиiс.

Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттiк субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi
сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша
сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең жоғары мөлшердегi
сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
1) Дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):
 
№   Облыстардың атауы Сақтандыру
    тарифi %-пен 
1.  Ақмола, Алматы, Шығыс     3,48
  Қазақстан, Жамбыл, Қостанай,  
  Солтүстiк Қазақстан     
2.  Қарағанды, Қызылорда,      5,83
  Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан  
3.  Ақтөбе, Батыс Қазақстан    9,15

 
2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) - 3,44%;
3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) - 8,39%;
4) мақта (бүкiл республика бойынша) - 1,33%.
2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру
сыйлықақысын  сақтанушы  сақтандырушыға  бiр  мезгiлде  немесе
сақтандырушының келісімі бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн
тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн  ұзартып төлейдi.
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру  шартында
белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi
сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi.
Мiндеттi сақтандыру  шартында белгiленген  сақтандыру  сыйлықақысын
мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында  сақтандыру  сыйлықақысының  кезектi
сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан  Республикасының
азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға
тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейiн не
оның төлеу мерзiмi өтiп кеткенде басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн
азайта отырып,  төленбеген  сақтандыру  сыйлықақысының сомасын есепке алуға
құқылы.
 
Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және оны жүзеге асырудың тәртiбi
1. Сақтандыру төлемi франшизаны қолданбай-ақ, сақтандыру сомасы шегiнде
сақтанушы залалының мөлшерiнде жүзеге асырылады.
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтандырушының
франшизаны (шартты немесе шартсыз) белгiлеуiне жол берiлмейдi, ал ол
белгiленген жағдайда жарамсыз деп есептеледi.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара)
ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған
шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне
ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр
гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы
түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде
белгiленедi.
Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн
сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті атқарушы органы құруға мiндеттi комиссия сақтанушының өтiнiшiн
алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде белгiлейдi.
Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
атқарушы органының, өсімдік шаруашылығы және статистика саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органдардың, агенттiң, сақтандырушының немесе
қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.
Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз
табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке тиісті зерттеу актісін (бұдан
әрі - зерттеу актісі) үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық
комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының
немесе қоғамның және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия
мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол
қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде
ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті.
Егістер ішінара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне
ұшыраған алқаптардан жиналған өнімнің көлемі өнімді жинау кезінде міндетті
түрде бағалануға тиіс. Егістер толық жойылған жағдайда, залал көлемі
табиғат құбылысы әсер еткен өнімнің осы түрін өндіру алқабына көбейтілген,
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде
белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудің бір гектарына
жұмсалған шығындар нормативінің мөлшері ретінде белгіленеді.
3. Кiрiс нақтылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен,
өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп
шығарылатындай болуы мүмкiн.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер
еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық
көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
Бағалау кiрiсiн сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша
сақтанушы айқындайды. Келiсiмге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы
(тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген
жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы.
Егістер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды
жүргізбейді.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру
төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш
айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:
1) егер алынған өнiм сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес;
2) егер алынған өнiм сатылмаса, осы баптың 4-тармағына сәйкес;
3) егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес, ал
өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы баптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру шарты жайлы
Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру
Қазақстанда ауылшаруашылық сақтандырудың даму мәселелері және жетілдіру жолдары
Сақтандыру саласына байланысты заңнамалық актілер
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері
Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Пәндер