Негізгі өндірістегі шығындар есебі
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Теориялық бөлім
1 Басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының жалпы
сипаттамасы және экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік шығындар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Өндіріске байланысты қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым.қатынастар және айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... .10
Басқару есебіндегі негізгі өндірістегі шикізаттар
мен материалдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Басқару есебіндегі өндіріс жұмысшыларының
еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Басқару еебіндегі өндірістегі үстеме шығыстарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3 Басқару есебіндегі негізгі және көмекші өндірістің
есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі. Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің өтпелі кезеңінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп, сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Өкімет нарықтың барлық субьектілері үшін орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын, әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттарымен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті процесс болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік басқару процесі кәсіпорынның негізгі міндеттерін орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен шақтағы, қазіргі және өндірістік қызметтің шығындары мен қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрады.
Өндіріс шығындары есебінің басты міндеті-өндірістік қызметті бақылау мен оны атқару үшін шығындарды басқару.
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі, басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру және т.б.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Негізгі өндіріс шығындар есебі" туралы. Бұл тақырыпты таңдау себебім: басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының алатын рөлі, оның экономикалық мәнін, өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылаған кезде қандай шоттарда жүргізілетінін және негізгі өндіріс шығындарының ұйымдастырылуын және т.б.осы курстық жұмысты жазу барысында тереңірек білдім.
Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат қажеттілігіне байланысты. Дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтарына қарай айқын топтасуын көздейді.

1.« Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары » 2007, мамыр айы
2.« Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы» Егемен Қазақстан 2007ж, наурыз
3.«Халықаралық қаржылық есептілік туралы стандарттар ».2002
4.Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю.,
‹‹ Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ››. Алматы.2003
5.В.Л .Назарова « Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп ».Алматы , экономика 2005
6.С.Б. Баймұханова « Бухгалтерлік есеп » Алматы, 2005
7.Кеулімжаев Қ.Қ., Әжібаева ЗН., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.
« Қаржылық есеп ». Алматы,2001
8.Кеулімжаев Қ.К « Бухгалтерлік есеп қағидалары », Алматы,2003
9.Кутер М.И. « Теория и принципы бухгалтерского учета ». Мәскеу,2000
10.Крятова Л.А., Эргашев Х.Х. « Бухгалтерский учет основы теории ». Мәскеу, Маркетинг 2005
11. В.Л.Назарова "Басқару есебі" 2006

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Кафедра:” Бухгалтерлік есеп және
аудит”
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Орындаған: Қалдаров Ж.
Тексергерген: Қазбекова Ж.Ш.
Алматы 2008
Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
II Теориялық бөлім
1. Басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының жалпы
сипаттамасы және экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Кәсіпорындағы негізгі өндірістік шығындар есебін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Өндіріске байланысты қаржылық және басқару бухгалтериясының
арасындағы өзара қарым-
қатынастар және айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... .10
1. Басқару есебіндегі негізгі өндірістегі шикізаттар
мен материалдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Басқару есебіндегі өндіріс жұмысшыларының
еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Басқару еебіндегі өндірістегі үстеме шығыстарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3 Басқару есебіндегі негізгі және көмекші өндірістің
есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кіріспе
Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын
жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі.
Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген
реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін
қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің
өтпелі кезеңінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп,
сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі
таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік
реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Өкімет нарықтың барлық субьектілері үшін
орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын, әрі лайықты ережелерін
белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің
басты жағдайы болып табылады.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның
мақсаттарымен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті
процесс болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік басқару процесі кәсіпорынның негізгі
міндеттерін орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес
өткен шақтағы, қазіргі және өндірістік қызметтің шығындары мен
қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрады.
Өндіріс шығындары есебінің басты міндеті-өндірістік қызметті
бақылау мен оны атқару үшін шығындарды басқару.
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық
аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды
топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер
етеді: қызмет түрі, басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру және
т.б.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Негізгі өндіріс шығындар
есебі" туралы. Бұл тақырыпты таңдау себебім: басқару есебіндегі негізгі
өндіріс шығындарының алатын рөлі, оның экономикалық мәнін, өндіріске
жұмсалған барлық шығындарды қорытындылаған кезде қандай шоттарда
жүргізілетінін және негізгі өндіріс шығындарының ұйымдастырылуын және
т.б.осы курстық жұмысты жазу барысында тереңірек білдім.
Техникалық көзқарас өндірістік шығындардың тұрғысынан басқару
есебін аналитикалық есеп деп қарайды. Шоттардың жұмыс жоспарын жан-жақтылау
дәрежесі басшылардың басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат
қажеттілігіне байланысты. Дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары
және жауапкершілік орталықтарына қарай айқын топтасуын көздейді.
1. Басқару есебіндегі негізгі өндіріс шығындарының
жалпы сипаттамасы және экономикалық мәні
1.1 Кәсіпорындағы негізгі өндірістік шығындар есебін
ұйымдастыру
Кәсіпорын- түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші,
қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік бұйымдары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі – шығарылуы үшін кәсіпорын құрылған өнімді, ішкі зауыттық
тұтынуға қажетті жартылай өнімді дайындауға арналған.Негізгі өндіріске
кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде
тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу-машина жасау зауыттарында) арналған
шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ
өнімін өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді
(жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау
және т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі
цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен
айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және кәмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі
эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Жалпы өндірістік есепті ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы
зор. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
байланысты болады. Өндіріс жеке –дара, сериялық және жаппай өндіріс болып
үш топқа бөлінеді.
1. Жеке өндіріс- өнім жеке даналармен немесе аса көп емес, қайталанатын
партиямен дайындалады. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей
станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері
бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субьект пен
цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің
көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық қорытындылау- жұмыстарына
кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алынғанда біршама
үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік
цикл ұзақ болып келеді. Жеке дара өндірісте, әдетте шығындарды есепке
алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс қолданылады, бұл орайда әрбір шығындар әрбір бұйым бойынша есепке
алынады.
2. Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктері тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған
машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі.
Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде
неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу
сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды
құрастыратын партяларға қолданылмайды. Бұл өндірісте шығынды есепке
алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
қолданылады.
3. Жаппай өндіріс- ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс типі. Шығарылатын өнімдердің түрлері көп болғанымен олардың
шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға
ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс
ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып
табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі
элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың
нормативтік әдісі қолданылады.
Негізгі өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға
және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды,
сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер
етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірісте шығарылатын өнім мен
жалақы ауысым ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке дара және ұсақ
сериялық өндірістерде- жасалғн жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне
маршруттық парақтарына жатқызылады
Кез келген өнімді, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі
керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын
есептеу, қызметті көрсету, жұмысты орындау, сондай ақ жалпы бизнесті
ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір
шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде,
өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.:
- шығындардың туындайтын орындары бойынша; өндіріс тізбесі бойынша; ал
олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субьектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім
топтарына енеді;
- шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің
өзіндік құнына немесе тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім
түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама- өнімнің өзіндік құнына
таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты
болып бөлінеді;
- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы-
шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы
мүмкін; тұрақты- өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі
өзгермейтін шыындар
- шығыстар түрі бойынша; экономикалық элементтер бойынша шығындарға:
материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын
аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы; басқа да шығыстар
кіреді.
Шығындар басқару қызметі бойынша:
- өндірістік
- коммерциялық
- әкімшілік
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады,ал
олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасын
көрсетейік.
Материалдар мен жалақы
шығындарын тарату кестесін
әзірлеу, амортизациясын есептеу,
көмекші өндірісінің көрсеткен
қызметін тарату
Өндіріске жұмсалған
шығындарын көрсететін
шығындар
"Цехтар бойынша шығындар" ведомостар (8110,8310,8410-шоттар
бөлімшесінің дебеті)
Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы
Экономикалық элементтер
бойынша өндіріс
шығындарының жиынтығы
өндіріске жұмсалған шығындары
туралы есеп беру
Бас кітап Бухгалтерлік баланс және басқа
да есеп берудің нысандары
Карточкалар, талдамалық есеп ведомостары
Негізгі өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі
калькуляция обьектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын
баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда
немесе ведомастарда жүргізіледі.
Негізгі өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша
қандай калькуляциялау обьектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп
обьектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады.
1.2 Өндіріске байланысты қаржылық және басқару
бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастары
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы
құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және
басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 2700-7000-
бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорының
балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 8100-бөлімшелеріне
енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты
қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен
нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі
шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір
"ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды,
"жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін
қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы
тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері
үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Қаржылық және өндірістік бухгалтериясының арасындағы қарым-қатынастары
Кәсіпорынның орталық бухгалтериясы
Қаржылық
бухгалтериясы
(2700-7000 )
бөлімше
шоттарында
жүргізіледі
өндірістік
(басқарушылық)
бухгалтериясы
(8100
бөлімшесінің
шоттарында
жүргізіледі)
Есепті кезең басында аяқталмаған өндірістің қалдықтары 1340 шотында
есепке алынады.
Есепті кезеңде өнімге, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге жұмсалған барлық
шығындар беріледі
Есепті кезеңде өндірістік өнімді, атқарылған жұмыстарды, көрсетілген
қызметтерді береді
Есепті кезеңде өзі өндірген шалафабрикаттарды өткізу үшін
Береді
Есепті кезеңде өндірісте пайдаланбаған материалдарды, өндіріс қалдықтарын,
ақауларды қайтарады
Есепті кезеңнің соңында 8110,8210,8310,-шоттары бойынша аяқталмаған
өндірістің
өзіндік құны беріледі
Жаңа есепті кезеңнің басында
1340 шотындағы есепке алынған
аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу
үшін 1340 шоты пайдаланылады. Бұл шоттағы топтастыру транзиттік болып
табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни
есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға
беріледі (демек, 1340 шоты дебеттелініп, 8110, 8210, 8310, 8410 шоттары
кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық
бухгалтериядан беріледі (демек, 8110, 8210, 8310, 8410 шоттары дебеттеліп,
1340 шоты кредиттеледі ).
2 Басқару есебіндегі шығындардың есебі.
2.1 Басқару есебіндегі негізгі өндірістегі
шикізаттар мен материалдардың есебі
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8100-"Негізгі өндіріс"
бөлімшесінің шоттары қолданылады. Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды
қорытындылау үшін 8110- "Негізігі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 81101
- "Материалдар", 81102-"Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 81103-
"Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 81104- "Үстеме шығыстары"
жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 "Негізгі өндіріс" шотында
қорытындыланады.
Шикізаттар мен материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын
немесе оны әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын
шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи
шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер
құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік- алу карталары және талап накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), калькуляция немесе есеп обьектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындарының " ведомосі немесе осыған ұқсас есеп
регистрлорына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар- тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз
ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығын нормасы
бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін
болса, аталған мөлшер қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына,
тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорционалды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар- бұл негізі, көмекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды. Қайтарылған қалдықтар
болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын
материалдар тағы басқа материалдық ресурстары саналады, бірақ олар өзінің
сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары
бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін
толыққанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар ретінде қалдыққа
жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды. Олардың тізімі
шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- Егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен
тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- Қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен
өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген
бағасы бойынша;
- Егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пйдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар
бастапқы толық бағасы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды
нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою
керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары бойынша кіріске
алады, олардың құнына " Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен
материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 1350-
шоттың дебеті және 8110- шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8110- шоттың
кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға)
жазылады.
Сатып алынған бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық
кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсеттетін қызметтеріне
өнімді іріктеп жинауға пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған
бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге
түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен
өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол
өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мұмкін,
сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша
жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық
процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды
жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын
шығындар жатады.
Субьектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен
жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар
және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі
элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын
аударымдарға және тағы басқа).
Дайындау- көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері
жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері; жүкті тасығаны үшін
қосымша кіріс – ақысы; субьектінің қоймасына материалдарды жеткізіп беру
мен түсіру шығыстарды; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары тағы басқа.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындарға келетін
болсақ - өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың
шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы
сияқты көріністабады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсәпорынның өзі
өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны
да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін,
металлопрокаттық, ұсталық- штампылау, престеу және басқа да цехтарда
қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процеспен белгіленген сынау
жұмыстарын жүргізу үшін, тағы басқа.
Сондай-ақ кәсіпорнның технологиялық, двигательдік және басқа
да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған
энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік
және басқа да түрлерін өндіруге , сондай-ақ сатып алынған энергияны оны
тұтынатын жерге дейін трансформациялау және беруге жұмсалатын шығындар
тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кең нормалары шегінде
материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуіне болған шығындар.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін материалдық шығындардан
қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды
қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың
тұтыну сапасын толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан
көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып) пайдаланатын немесе негізгі
мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар,
жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын
айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде
белгіленген технологияға сәкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін
материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды, олардың
тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау
мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.
2.2 Басқару есебіндегі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақы есебі
"Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік
қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және
өтемділік төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі
қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына
мыналар енгізіледі:
- кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,
сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және
тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты
орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін
сыйлықақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары тағы
басқа көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен
айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы
төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп
ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін,
мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін,
ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және тағы басқа
жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар
мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы
қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың,
азық-түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге
берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың құны немесе олардың арзан бағаға
сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға
ақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық
тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
- заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта
құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты
жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбексіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер
бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін
белгіленген коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз
жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға
заңдарда көзделген үстемақыларды төлеу;
- кәсіптік- техникалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе
арнаулы оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар
алдында демалысқа ақы төлеу;
- кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, кешкі
кәсіптік –техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде
ойдағыдай білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар
мен қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес ақы төлеу;
- заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда
іс-жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша
ақылар төлеу;
- бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлық ақысының өлшерін белгілі бір
мерзім ішінде сақтай отырып басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп
жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған
қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
- вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен жұмыс
орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері үшін, сондай-ақ ауа
райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсіне жолда кідіріп
қалғаны күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін
сомасы.
- Егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі
жүргізітін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге
олардың азаматтық-құқықтық ипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған
жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс
атқарғаны үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын
қаржының мөлшері осы жұмыстардың және төлем құжаттарының сметалары
негізге алына отырып белгіленеді.
2.3 Басқару есебіндегі үстеме шығыстарының есебі
Үстеме шығыстарының өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және
көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды
тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады
- кешендік сипаты- шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер
шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды
тікелей белгілі бір бұйымға жатқызуға қиынға түседі, демек олар дайын
өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және
есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп
саясатына сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пара- пар етіп таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өңделген шикізаттың салмағына пара-пар
етіп таратылады;
- цех құнына пара-пар етіп таратылады;
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша
таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс
сағатына және т.б).
Үстеме шығыстар- бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен
байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың құрамында
экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары
бойынша 8410 " Үстеме шығыстары " шотында көрініс табады. әрбір цехтың
өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылып отырады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша негізгі
өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8110
шоты дебеттелініп және 8410шоты кредиттелінеді.
Шаруашылық жүргізуші субьекттер өзінің есептік саясатында
өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына
өзгерістер енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында " Өндірісті дайындау және
игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу
ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып,
оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау
кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа
қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz