Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы.
РЕФЕРАТ
Көлемi 41 беттен тұратын бiтiру жұмысының тақырыбы «Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi және топтастырылуы» мәселелерiне арналған.
Тақырыпты ашуға бағытталған бiтiру жұмысы кiрiспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кiрiспеде тақырыпты ашудың маңызы, тарауларда дәлелдемелердiң жiктелуi, дәлелдеу құралдары, жазбаша дәлелдемелер, сарапшылардың қорытындысы, куәнiң айғақтары, тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi, заттық дәлелдемелер сияқты мәселелер қарастырылған.
Ал қорытындыда осы еңбектiң нәтижелерi көрсетiлген.
Тақырыпты жазу барысында келесiдей сөздер мен сөз байласымдары қолданылған: дәлелдемелер, дәлелдемелердi бағалау, талапкер, жауапкер, кiнә презумпциясы, бiрiншi инстанциялы сот және т. б.
Еңбектi жазған кезде саны 18-ге жуық қайнар көздер қолданылды. Соның iшiнде нормативтiк құқықтық актiлер мен арнайы әдебиеттер орын алады.
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 4
I ТАРАУ
§1. Дәлелдемелер түсiнiгi . . . 6
§2. Дәлелдемелердiң жарамдылығы, қатыстылығы . . . 10
§3. Дәлелдемелердiң жарамдылығы . . . 14
II ТАРАУ
§1. Дәлелдеу құралдары . . . 19
§2. Тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi . . . 22
§3. Куәнiң айғақтары . . . 26
§4. Жазбаша дәлелдемелер . . . 29
§5. Сарапшылардың қорытындысы . . . 32
§6. Заттық дәлелдемелер . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40
КIРIСПЕ
Қазақстан мемлекетi, оның барлық органдары заңдылыққа негiзделiп, қоғамның мүдделерiн азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртiптi қарауды қамтамасыз етедi.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың iшiнде ерекше орын сот әдiлдiгi органы ретiнде сотқа берiледi. Оның қызметi iстiң ақиқатын қамтамасыз ететiн азаматтық iс жүргiзу құқығының нормаларымен реттелетiн түрiнде.
Сотпен субъективтiк құқықтарды және заңмен қарғалатын мүдделердi қар£ау азаматтық iстердi қарғау мен шешу арқылы жүргiзiледi.
Соттық дәлелдемелер көмегiмен iстiң фактiлік мән-жайларын анықтап алып және қолдануға жататын материалдық нормаларға сүйене, сот iшкi наным көмегiмен субъективтiк құқықтар мен мiндеттер туралы шынайы қорытындыға жетедi.
Сот қызметi барысында нақты фактiлердiң бар немесе жоқ екендiгiн дәлелдеуi. Сот дәлелдемесiне жатқызылатын, iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар фактiлердi тiкелей немесе жанама түрде растайтын фактiëiê мәлiметтер.
Қазiргi таңда көптеген азаматтық iстер бойынша фактiлiк мән-жайларды дәлелдейтiн дәлелдемелердi дұрыс зерттемеу салдарынан, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуды. Соның барысында, мұндай iстер бойынша шығарылған шешімдердің күшi жойылуда.
Дәлелдеме түсiнiгi дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негiзгi орын алады. Соттық қараудың көп көлемi дәлелдеу қызметiне берiледi. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар оны тәжiрибеде азаматтық iс жүргiзуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.
I ТАРАУ
§1. Дәлелдемелер түсiнiгi
Дәлелдемелер туралы жалпы түсiнiк
а) Соттық дәлелдемемен соттық дәлелдемелердiң түсiнiгi.
Дәлелдемелер сотта iстiң ақиқатты мән-жайын анықтау үшiн қолданылады. Сот, бiрде-бiр iстi оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың мiндетi- құқықтармен заңмен қорғалатын мүдделердi қорғау болатыны мәлiм. Осы қорғауды көрсету үшiн сот әрбiр жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген мiндеттiң жатқандығын, даулы құқыққатынастарын ашып анықтау керек. Бiрақ, құқықтар мен мiндеттер өздерi туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруiн және тоқталуын, заң белгiлi -бiр заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқыққатынастарды анықтау үшiн алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек.
Сот әдiлдiгi - бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажеттi талабының бiрi соттық шешiмiнiң процессте дәлелденген ақиқаттарға негiзделуi болатын қызмет.
Процесстен тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған ақиқаттар туралы мәлiметтер мен мәлiмдемелер сот пен қолданылмайды. Егер мысалы, судьялар жеке өмiрден баспаның мәлiметiнен т. б. iстiң мән-жайы туралы бiр нәрселер бiлсе, мұндай мәлiметтер соттың, қорытындысы үшiн негiз бола алмайды.
Азаматтық iс жүргiзу заңының 218 бабының 2 бөлiмi, сот шешiмiледе сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi деп мәлiмдейдi 1.
Сотта дәлелдемелер ретiнде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге - тараптармен үшiншi тұлғалар түсiнiктемелерi, сарапшылар қорытындылары т. б. жатады.
Заң, сотқа жiберiлетiн дәлелдемелер тiзiмiн ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбiреуiн пайдаланудың процессуалды тәртiбiн де анықтайды. Мысалы, кiмнiң куә бола алатынымен бола алмайтыны, сраптаманы қалай тағайындау анықталады.
Азаматтық iс жүргiзуде iстiң ақиқатты мән-жайын анықтау қызметi соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәнi, ал дәлелдеудiң жүзеге асу құалдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер - iстiң ақиқатты мән-жайын анықтау үшiн сотпен қолданылатын құралдар болып табылады.
Соттық дәлелдеме санатын түсiнудегi белгiлi қиындық, дәлелдемелердiң әрбiр дәлелдеу құалы атауында және iстiң мән-жайы туралы ақиқатты мәлiметтерден соттың алатын жеке АІЖК 64 бабында көрiнiс табады. Бiрiншi бөлiмiнде дәлелдемелер нақты деректер болса, екiншi бөлiмiнде дәлелдемелер - дәлелдеудiң процессуалды құалдары болады.
Мұндай жағдайға соттық практика мен әдебиет те түседi. Әдебиетте осы екi санаттарды бөлiп әрi дәлелдемелер ретiнде тек нақты деректердi ғана атауға қадамдар жасалады. Бiрақ, бұл iс жүзiне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзi дәлелдемелер ретiнде нақты деректермен дәлелдеудiң процессуалды құралдарын атады.
Сонымен, соттық дәлелдемелер - бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудiң процессуалды құалдары (тараптармен үшiншi жақтардың түсiндiрмелерi, сарапшылардың қорытындысы) . Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақты деректердi де атайды жеке оның негiзiнде сот iстiң мән-жайын анықтайды.
Нақты деректер деп соттың куәларды сұраудан, құжаттарды деректерден т. б. алатын iстiң мән-жайы турал мәлiметтердi айтамыз. Нақты деректерге дәлелдемелiк деректер де жатады. Үнемi дәлелдемелер, iс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тiкелей емес мәлiметтердi емес, олар заңдылармен белгiлi - бiр байланыста болып және осылар арқылы байырғы заңда деректердiң барын не жоғы турал қорытынды жасауға мүмкiндiк беретiн кейбiр басқа деректер туралы мәлiметтерден тұрады. Iс бойынша өздерi байырға заңи дерек болмайтын, бiрақ олар туралы қорытынды үшiн негiздер беретiн ақиқаттар дәлелдемелiк деп аталады 2.
Процессуалды теориямен соттық практикада дәлелдеменiң қайнар көздерi ұғымы мәлiм. Дәлелдеменiң қайнар көздерi болып деректер туралы мәлiметтердi ұстаушы заттармен тұлғалар шығады. Осындай дәлелдемелердiң қайнар көздерi, яғни тараптардың түсiндiрмелерi, срапшылар қорытылары сияқтылардың қайнар көздерi адамдар-сарапшылар, куәлар т. б. болады. Олардың қалыптасуынада маңызды рольдi адам психикасының ерешелiктерi ойнайды, яғни олар - дұрыс қабылдау қабiлетi, iстегi мүмкiндi мүдделiк т. б. Осындай кезеңдер, кез-келген жеке дәлелдеулердi зерттеумен бағалауда есепке алынады. Қайнар көзi ретiнде шығатын дәлелдемелердi заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.
Дәлелдеу - соттық дәлелдемелер арқыла iстiң мән-жайын анықтауға бағытталған қызмет. Ол нақты iстi қарау бойынша барлық процессуалды қызметтiң бөлiмiн көрсетедi. Дәлелдеу - дәлелдеменi ұсынуда, жинауды, зерттеумен бағалауды алып жатады. Дәлелдемелердi iске қатысушы тұлғалар ұсынады. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде олардың ұсыну құқығы 66 бапта көрсетiлген. Дәлелдемелердi ұсыну әдiсi, қандай дәлелдемеге қатысы сөз болуына байланысты. Куәлардың көрсетулерiне қатысты айтқанда, қандай куәлар iстiң мән-жайын растай алатыны көрсетiледi. Жазбаша жеке заттық дәлелдемелер жiктей сотқа берiледi. Егер де олар басқа тұлғаларда болса, онда соттың оларды талап етуi туралы шағымын беруге болады.
Дәлелдеменi сот жинайды. Ол тараптар ұсынған дәлелдемелердi қабылдап, оларың шағымымен куәларға шақырулар жiбередi. Сарапшының қорытындысы үшiн сот сарапты тағайындау туралы анықтама шығарады.
Ал дәлелдемелердi жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады әрi iстi сотта iстi қарауға дайынадау кезiнде жүргiзiлiп сот мәжiлiсiне дейiн бiтуi керек. Бiрақ, заң дәлелдемелердi жинауға бұдан кейiн де жол бередi. Сот мәжiлiсiнде жаңа дәлелдемелердi - зерттеу туралы шағымдар берiлуi мүмкiн және сот тараптарға қосымша дәлелдемелердi ұсынады талап етедi 3. Сондай-ақ, дәлелдемелердi қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы жиналады.
Дәлелдемелердi басқа қалада жинау қажеттiгi туындағанда iстi қараушы сот, сәйкестенген сотқа белгiлi бiр процессуалды әрекеттер жасауды тапсырады. Бұл тапсырма он кунге дейiн орындалауы керек. Дәлелдемелер сот мәжiлiсiнде жариялық, ауызша, тiкелейлiк, үзiлiссiз, жарысушылық қағидалары арқылы зерттеледi. Сот мәжiлiсiнде тараптардың түсiндiрмелерi тыңдалады, куәлар сұралады, сарапшылар қорытыдысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады. Егер жазбаша немесе ауызша дәлелдемелер сотқа келiне алмаса, онда олар орналасқан жерiнде қаралып зерттеледi. Қарау әрекетi - барлық тұлғаларды орынмен уақытын ескертiп сот жүзеге асырады. Қараудың нәтижесi хаттамаға жазылады.
б) Дәлелдеу пәнi
Кез-келген iстi дұрыс шешу үшiн сот iске қатысты барлық заңда деректердi анықтау керек. Iстi нақты шешудегi анықтау заңда деректер жиынтығы дәлелдеу пәнi деп аталады. Әрбiр iс үшiн дәлелдеу пәнiне келетiн деректер құрамы әртүрлi болады. Сот оны тараптардың талаптарымен қарсылығынан шыға отырып және матриалдық құқық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.
Дәлелдеу пәнiне талаптармен көрсетiлген талап арыздың негiзгi түрiндегi заңи деректер жатады. Дәлелдеу пәнiне сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негiзiнiң деректерi жатады. Процесске дербес талап мәлiмдеушi немесе талаптар енгiзiлгенде iс бойынша дәлелдеу пәнiне осы талаптардың пайда болу деректерi де кiредi.
Тараптармен көрсетiлген деректердiң қандай заңды мәнi бар екендiгiн және қандай деректердi анықтау керектiгiн анықтауда сот даулы қатынастарды реттейтiн материалдық құқық нормаларын басқа алады. Осы нормалардың гипотезасында тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн тәуелдi болатын деректер көрсетiлген және бұар iс бойынша дәлелдеу пәнiне кiредi 4.
Дәлелдеу пәнiне әртүрлi заңда заңи деректер кiре алады, яғни оқиға да, әрекеттi, заңды да, заңсыз да. Дәлелдеу пәнiне оң да, терiс те деректер кiредi.
Азаматтық iс жүргiзу кодексi дәлелдеусiз iстiң шешiлу негiзiне жататын деректердiң екi санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәнiне енгiзiлмейдi. Олар жалпыға мәлiм деректермен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлiм деректер көпшiлiк ортаға мәлiм деректер болып табылады. АІЖК 71 бабының 1 бөлiмi 5, сот жалпыға белгiлi деп таныңан мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлiм және дәлелдеудi қажет етпеудi тану құқығы тек сотқа ғана бар. Белгiлi -бiр деректер туралы мәлiметтердiң таралу дәрежесi әртүрлi болуы мүмкiн. Деректердiң өздерi бүкiл әлемге, бiр елдiң аумағында, облыста, ауданда әйгiлi болады. Таралу дәрежесiне қарамастан жалпыға мәлiм деректер дәлелдеуге жатпайды. Бiрақ та, таралу дәрежесiмен келесi проццесуалды салдарлар байланысты, олар; бiр елдiң шегiнде мәлiм деректi сот өзiнiң шешiмiнiң негiзiне ешбiр жариясыз сала алады. Егер де керек тек бiр аз аумақта мәлiм болса, мысалы аудан шегiнде болса, онда сот шешiмiнде осы деректi жалпыға мәлiм болғандықтан дәлелдеуге жатпайтынын танылғанын көрсетуi керек. Мұндай көрсету өте қажеттi, себебi жоғары сот инстанцияларында бұл дерек мәлiмсiз болуы мүмкiн және ол шешiмде нелiктен дәлелдеменмен расталмағандыға көрсетiлуi керек.
Дәлелдеуге преюдициялық танылған, яғни бұрын шығарылып заңды күшiне сот үкiмiмен басқа iс бойынша анықталған деректер жатпайды. Ал практикада кейде бұрын сотпен зерттелген деректер басқа iстердi шешу үшiн маңызды болып қызмет көрсететiн жайлар да кездеседi. Олар дәлелденбейдi, себебi заңды күшiне соттық қаулысымен анықталған. Сот оларды тексерiп жаңа соттық қарауға жiбере алмайды. АІЖК 71 бабының 2 бөлiмiнде 6, бұрын қарастырылған азаматтық iс бойынша соттыың заңды күшiне енген шешiмi мен анықталған мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және басқа азаматтық iстердi қарауда сол тұлғалардың қатысуымен қайта дәлелденбейдi деп жазылған. Соттар өз қызметiнде преюдициалық ережелерiн қатаң сақтап преюдициалық деректердi қайта дәлелдеуге жол бермеуi керек. Егер кейбiр жағдайларда iстi кешiрек қарап жатқан сотта шешiм не үкiммен заңды күшiне енген деректiң дұрыстығына күмән туындаса, ол шешiм не үкiмдi қайта қарау туралы сұрақты қадағалау тәртiбiнде қарауға жiбере алады. Заңға сәйкес, сот органдары және олардың тек үкiмдерi және шешiмдерiмен анықталған мән-жайлар преюдициалық мәнге ие болады. Ал басқа соттық қаулылар, мысалы прокурор - тергеу органдарының қаулылары дәлелдеуден босатуға негiз болмайды.
Азаматтық iс жүргiзу құқының теориясында дәлелдеуге жатпайтын деректерге кейде жорамал және даусыз деректердi жатқызады 7. Бiрақ, бiздiң құқықтық жүйеде олай емес. Жорамалдар, белгiлi-бiр деректердi дәлелдеуден тек бiр ана тарапты босатады. Ал екiншi тарап осы деректерде танымай итеруге дәлелдемелер ұсынып олардың жоқтығын дәлелдемейдi.
Сот өзiнiң бастамасымен әрi құқығын пайдалана отырып дәледемелер арқылы жорамалданушы ескертердiң болуын тексере алады. Жорамалдар деректерде дәлелдеу мiндетiн қайта бөледi, бiрақ оларды дәлелдеу пәнiнен шығара алмайды.
Даусыз деректер деп екiншi тарап дәлелдейтiн бiр тараптан танылған деректердi айтамыз. Бiздiң азаматтық iс жүргiзушi деректе тану - iс бойынша тек дәлелдеме болуы саналады. Танылған дерек - дәлелдеу оған қатысты iске асқан дерек болып табылады. Бұл iстiң мәнi бойынша, тараптың тануымен дәлелденген iс бойынша дәлелденетiн, тараптың тануынан дәлелденгендiгiне байланысты iстi дәлелдеу пәнiне кiретiн деректер құрамынан оны алып тастауға негiз жоқ.
Цивилистика әдебиетiнде дәлелдеу пәнiне материальдық - құқықтық мәнi бар деректердi жатқызады 8. Бiрақ, сотта дәлелдеу қызметi осындай деректердi ғана анықтаумен шектелмейдi. Азаматтық iстi қарауда басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық-құқықтық емес, процессуалдық мәндi қажеттiлiк туындайды. Мысалы, iстiң соттылығы туралы мәселенi шешу үшiн жауапкердiң мекен-жайын нақтылау қажеттiгi туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкстенген анықтамалар алынады. Белгiлi -бiр процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады.
Процессуалды мәнi бар мән-жайларға тағы дәлелдемелiк деректер жатады. Олар дәлелдеме ретiнде қолданылатындықтан процессуалды мәнге ие болады. Бұған дейiн олар басқа дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелдену керек.
Сонымен, iс бойынша дәлелдеуе тиiс деректер көлемi, дәлелдеу пәнi ұғымымен үйлеспейдi. Бұл көлем өзiне материалдық -құқықтық мәнi бар деректерi (дәлелдеу пәнi) ; процессуалды-құқықтық мәнi бар деректердi (процессуалды сұрақтарды шешетiн деректер және дәлелдемелiк деректер) алып жатады.
в) Дәлелдемелердi дәлелдеу және ұсыну мiндетi
Iстi шешу үшiн қажеттi деректердi анықтау, сотқа дәлелдемелердi ұсыну және оларды сот мәжiлiсiнде зерттеу арқылы дәлелденедi. Процесс үшiн аса маңызды жәйт ретiнде кiмдi дәлелдеу мiндетi шығады. Бiздiң процессiмiзде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу мiндетi тараптарда болады. АІЖК 65 бабына сәйкес 9, әрбiр тарап өзiнiң талабымен қарсылығының негiзiне сiптеме жасайтындай белгiлi-бiр мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, бiз тараптарда дәлелдеу мiндетi болатынын және әрбiр тарап өзiнiң талабын негiздеу үшiн сол мән-жайды дәлелдеуге мiндеттi екенiн көремiз.
Белгiлi - бiр дерекке сәйкес сүйенген тарап бiтедi әрi осы бойынша дәлелдемелерден көрсете алады, ал сот осы дәлелдемеден осы дерек туралы мәлiмет алатындығын жоғарыдағы айтқандар мәлiмдейдi. Тараптың талабымен қарсылығын негiздейтiн дерек болған соң тарап оның анқталуында мүдделi болатындықтан, сол тараптың осы деректiң расталуы үшiн барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгiлi-бiр тарап деректi дәлелдемесе, онда шешiм оның пайдасына шешiлмейдi. Бiрақ та бiздiң процессте сот тараптарға дәлелдеуге ықпал жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол бередi. Егер қосымша дәлелдемелердi ұсыну оларға қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелердi жинауға ықпал жасайды. Бiрақ та, тараптар соттық ықпалына сене бермеу керек. Соттық дәлелдемелердiң болуын тек тараптардан бiлетiндiгiн де еспеке алу керек. Процесстегi тараптардың қызметсiздiгi, дәлелдеменiң табылмай қалуымен анықталуға тиiс деректiң дәлелденбей қалуына алып келедi.
Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас тартулар да болады, бұлар дәлелдемелiк жорамалдар арқылы анықталады. Дәлелдемелiк жорамал - бұл белгiлi-бiр деректiң болуын, егер басқа онымен байланысты деректер дәлелденсе болатынын заңмен анықталған жорамалау болып табылады. Егер бiр тарап өзiнiң талабымен қарсылығын негiздеуде дәлелдемелiк жорамал қол астына түсетiн қандай да бiр дерекке сiлтеме жасаса, онда ол бұл деректi дәлелдемейдi, себебi ол бар болып жорамалданады. Екiншi тарап, бұл жорамалды жоққа шығара алады, егер бұл жағдайда жорамалдау дерегi жоқ деп дәлелдесе.
Азаматтық процесстегi барлық дәлелдемелiк жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкiн. Жорамалды жоққа шығару, шындыққа сәйкес шешiм шығаруды қамтамасыз етедi. Егер жорамал iстiң мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделi тарап одан бас тарта алады. Дәлелдемелiк жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу мiндетiн бөлудi өзгерте отырып, сотты iстiң нақты мән-жайын анықтау қажеттiгiнен босатпайды, әсiресе нақты жағдайда жорамалдау дерекi болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегi нақты болуы не болмауы туралы шын қорытынды жасауға дәлелдемелердi анықтай алмағанда ғана, сот заңда анықталған жорамалдарға шешiмiн негiздей алады.
Дәлелдемелiк жорамалдың маңызы сол, олар белгiлi-бiр деректiң болуы туралы жорамалдау жасай отыра, тараптың бiрiн дәлелдеу қажеттiгiнен босатады, ал екiншi тарапқа сол деректi шығару мiндетiн салады. Осыған байланысты осы екiншi тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан пайдасыз салдардың туындау мүмкiндiгi өтедi. Бұдан жорамалдың материалдық-құқықтық әрекетi көрiнедi.
Кейде жорамалдар процесстiң кейбiр қатысушыларының процессуалды жағдайын жақсарту мақсатында қолданылады. Мысалы, жәбiрленушi мүддесiндегi қалыптасқан зиянкелтiрушiнiң кiнәсiн жорамалдау.
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегенiмiз - Заңмен көзделген тәртiпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтары негiздейтiн мән жайлардың бар - жоғын сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызды мән жайларды солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екiншi тармақшасында төмендегiдей қалып бекiтiлген: бұл нақты деректер тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерiмен, сарапшылапдың қорытындыларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz