Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы . . . 4

ІІ. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңдегі дамуының негізгі бағыттары . . . 8

ІІІ. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары . 10

Қорытынды . . . 14

Қолданылған әдебиеттер . . . 15


Кіріспе

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтпасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және прктикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

70 - жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде знрттеу дами бастады. Тиісінше «Агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнәмдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізу мен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзәнәң айырықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелдәлік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс әстей алмайды жіне дамымайды. Сондықтан агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

І. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Агорөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен қте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды.

Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералды тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфераға әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға жатқызып жүр.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агроьизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір бірінен ерекшеленеді. өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің дамуы даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.

Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таң қаларлықтай болып көрінетін бір жәйт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамуды қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономикалық аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі көрінетіні рас.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды ара қатынасынан айқындалатын болатыннан, бұл кешендердің ішкі тепе теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр.

Біздің республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешкні түпкі өнімнің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағы салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймйды. АҚШ өта агроөнеркәсіп кешенініңтүпкі өнімнің 70 - проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 - процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің республикамызда ауыл шаруашлығының үлесі 50 - проценттенасып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ - та ІІІ сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атақарады.

Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдер де қалыптасқан. Мсалы, Францияда азық - түлік құнының 75 проценттелдерінде түпкі ен астамы аулшаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

Батыс елдері агроөнеркәсіп ешені құрылымының қозғалысына тән бәр жәйт, мұнда азық - өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ - та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ - та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылатын техника мен ауыл шауашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шруашылғы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің ІІ сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешкенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізлетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

Бұрынғы КСРО да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

Агроөнеркәсіп кешкенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз- өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экокномика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанынан қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

Нарықтық экономикаға барар жолағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.

ІІ. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

Қазақстан - 16, 5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүрие жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр) алады.

Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциялы да бар.

Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыр сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өндіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқ, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешкенінің бәрәншә сферасы (І - қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және Манкентжимваш, Актюбисельмаш пен Мамлют машина жасау мен айналысады. Бұдан басқа бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдқ тыңайтқыштар шығарады. Шымкенттегі Фосфор өндірістік бірлестігі өсімдікткерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрңлер және Степногорск өркениет сияқты үш зауы біріктіріп тұр.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (ІІ-ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

Қазқстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (ІІІ - дайындау, сақтау және т. б. ) тамақ, ет-сүт және ұнжарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай ақ аулшаруашылығын өндірістік техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйусінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.

ІІІ. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінң шешуі кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте - бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажетілігі туды.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: Барлық стратегиялық жоспарлардың алдында барлық агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оның жүйелі және батыл реформалау келеді. Ауыл селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы Заң қабылдау да мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеяларын қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын жасады.

Тұжырымдық бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республиасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, үкіметтің арнаулы қаулысы мен қабылданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәні мен ғана емс, сонымен бірге нарықтық параметрлермен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтық әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс - қимылын білдіреді, соны, нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытыда.

Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы - рыноктік құрылым мен қарым - қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала.

Рынокке кіру кіру барьері әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және Монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен мсштабтың жағымды тиімдіглігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестәкке бейімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарға орай көптген мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ. Рас, агроөнеркәсіп өндіріс дамыған батыстықелдердің ауыл шаруашылығында өндірістің консентрациялық өсуіне қарай бағыт байқалады және ірі фермалар ұсақ, әсіресе қаржы көп кететін ауыл салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақыттар да мұндай кіру барьерлері ауыл шаруашылығының туралы ақпараттар дамуымен болуы мүмкін, бірақ қазір ол жоқ немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес.

Монополияландырылған рынокке тән басқа кіру барьерлері пайдаланылатын техника патент алу болып табылады. Барьердің мұндай түрінің ерекше маңызы ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары. Ауыл шарушылығында да ғылыми өндіріс негізделеді, алайда олар әдете агробизнестің басқа басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы ақпараттармемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта таратылады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы өндірісіне барьердің мұндай түрі де іс жүзінде болмайды. Монполистік бәсекелестік рыногінде тағы бір кіру барьерінің түрі - интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Барьердің мұндай түрінің ауыл шаруашылығында шектеулі жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнес
Агробизнес туралы
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Агробизнес экономикасы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz