Ақша-несие саясаты жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Ақша.несие саясаты және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ақша.несие саясатының мақсаты және құралдары ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Пайыз саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Міндетті резервтер және ақша.несиеоперациялары ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Салыстырмалы қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Ақша.несие саясатының табыстау механизмі және оның салық.бюджет, валюта саясаттарымен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асытатын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төле қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саястының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
1. Ақша, несие банктер. Оқулық. / Ғ.С. Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001.
2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004
4. Мақыш С.Б., Ілиясов А.Ә Банк ісі Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004
5. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар. Алматы. Экономика, 2000
6. Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 1998.
7. Банковское дело Под ред. О.И. Лаврушина // Москва “Финансы и стататистика” 1998.
8. Деньги, кредит, банки Под ред. Г.С. Сейткасымова, // Алматы “Экономика” 1999.
9. Финансы . Денежное обращение. Кредит. Под ред Л.А. Дробозиной М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997
10. Долан Э.Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика // Москва- Санкт-Петербург 1993.
11. Е.Б. Ширинская Операции коммерческих банков и зарубежный опыт // Москва “Финансы и статистика” – 1993.
12. Общая теория денег и кредита Под ред. Е.Ф. Жукова // Москва: Банки и биржи, 1995.
13. О.М. Маркова и др. Коммерческие банки и их операции// Москва: Банки и биржи, 1995.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Ақша-несие саясаты және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ақша-несие саясатының мақсаты және
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ...
1.2 Пайыз
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
2 Міндетті резервтер және ақша-
несиеоперациялары ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.1 Салыстырмалы қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта
саясаттарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асытатын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төле қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саястының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі – ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Шаруашылық жағдайға байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақөылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.

1.1 Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары

Ақша саясатының құралдарын төментегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
1. экономикалық өсу;
2. толық жұмысбастылық;
3. бағаны тұрақтандыру;
4. төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
1. ақша жиыны;
2. пайыз мөлшерлемесі;
3. айырбас курсы.
Құралдары:
1. несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
2. міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
3. есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
4. ашық нарықтағы операциялар;
Тікелей (1) және (2,3,4) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама
құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.
Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және
жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде
қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға
алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгеін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық Банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несие беру;
- Валюталық нарықтағы басқыншылық;
- Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі;

1.2 Пайыз саясаты

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере
отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және
инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз
мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы –
шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып келеді. өткенге
оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейін жарты жылдай уақыт ішінде,
валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу
мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік
нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы
анықталатын сыртқа көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы
ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа инфляция деңгейіне сәйкес келеді. Ұлттық банк мүдделендіру
мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді
және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды.
Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін. Ұлттық
банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын
сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа
мерзімдік несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуттік ресурс
болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

2 МІНДЕТТІ РЕЗЕРВТЕР ЖӘНЕ АҚША-НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін
салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір
бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз
мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты
бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы
өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

Резервтік талаптар

Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті
төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизімін
қолданады.
Резервтік талаптар , ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатра
коммерциялық банктердіжанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру
қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін
реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер
резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана
қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл
банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы
қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап
отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтерінің өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстарының экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде
бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің
шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық
резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және
резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша
нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзән
құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердң несиелеу
қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің
басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиенің
артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен
коммерциялық банктердің несиені жасалатын бақылау құралы және экономиканы
тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау
құралы болып табылады.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті
резервтің деңгейін жиі қысқартып отыратын. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі
резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келісідей екі тәсілді
қолданылады:
1. міндетті резервтер;
2. резервтердің баламалы тәртібі.
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша
мултипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына әкеледі. Сонымен Орталық
банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұснысының динамикасына
әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі,
өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор
арқылы жүргізгенде үлкен болады.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.
Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланылатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық
банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру
операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша – несие құралының әсер ету ерекшеліктері
Экономика пәнінен дәрістер
Несиенің қызметтері
Несие саясатының дамуы
Экономиканы ақша – несиелік реттудегі орталық банктің ролі
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Банктік несиенің экономикалық мәні
Нарықты мемлекет тарапынан реттеу
Пәндер