Сот билігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-6

  1. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДАҒЫ СОТ ОРГАНДАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 7Сот органдарының конституциялық құқықтық мәртебесі . . . 7-17Сот органдарының заңдылықты нығайтудағы рөлі мен маңызы . . . 17-21Сот органдарының адам жәнет азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудегі алатын орны . . . 21-37
  2. СОТ БИЛІГІ - МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ . . . 38ҚР сот билігі тарихы, жай-күйі және қазіргі жағдайы . . . 38-49ҚР конституциясының, заңдарының орындалуын қамтамасыз ету-сот билігінің негізгі қызметі . . . 49-55Сот билігінің басқа билік тармақтарымен ара-қатынасы . . . 55-62
  3. СОТ ОРГАНЫНЫҢ ӘДІЛ СОТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 63Сот төрелігі-мемлекеттік қызметтің ерекше бір саласы ретінде . . . 63-71ҚР сот жүйесінің қызметін жетілдіру мен құқықтық мәселелері . . . 71-85

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86-89

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90-96

ГЛОССАРИЙ

Сот билігі - бұл бұзылған немесе дауласып жатқан құқық пен факті туралы бүкіл істер мен дауларды азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген басқа да іс жүргізу нысанында қарап және шешіп жатқан жағдайларда соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіншілігі.

Сот төрелігі - бұл заң тәртібін сақтай отырып сот мәжілісінде азаматтық, қылмыстық және басқа да істерді қарау мен шешу және материалдық құқық нормаларды қолдану арнайы мемлекеттік органдармен - соттармен жүргізілетін қызмет.

ҚР сот жүйесі -ҚР Конституциясына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттар құрайды.

Судья мәртебесі - Қазақстан Рсепубликасының барлық соттарының мәртебесі бірдей болады және бір- бірінен тек өкілеттіктермен ерекшеленеді. Олардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Републикасының Конституциясында және Қазақстан Републикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңда көзделген.

Судьяның тәуелсіздігі - судьяның тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Сот төрелігінің қағидаттары - мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқындайтын жалпы басшылыққа алынатын негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негіз болып табылады.

Қадағалау ретінде - тек қана заң күшіне енген сот шешімдерін қарауға болады.

Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы - судьялар корпусының қалыптасуына маңызды роль атқаратын тәуелсіз органдар болып табылатын. 2008 жылғы қарашаның 17-сінен бастап бұл органдардың қызметі біріктіріліп ҚР жоғарғы Сот Кеңесі қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме.

Адам құқығы - адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен әділдіктің және жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі, табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ.

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста сот органдарының конституциялық -құқықтық мәртебесі, сот органдарының заңдылықты нығайтудағы рөлі және бұзылған құқық пен бостандықтарды қалпына келтірудегі алатын орнына, сот билігінің басқа билік тармақтарымен ара-қатынасын анықтауға және оның қазіргі таңдағы құқықтық мәселелеріне арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазiр Қазақстанда дербес сот билiгi құрылды деп айтуға толық негiз бар. Судьялардың қоғам қажеттiлiгiне сай сот төрелiгiн жүргiзу жауапкершiлiгi, кәсiби деңгейi мен қызмет этикасы нормаларын сақтауы бағытында iс-шаралар атқарылып келедi. Әйтсе де сот реформасының ең негiзгi қағидаттары ретiнде сот жүйесi тиiмдi қызмет жасайтын және судьялардың нақты тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық жалпыға бiрдей танылған тәжiрибелердiң алынуы сұралып тұр. Бұл қағидаттар Конституцияда айқындалған. Iс жүзiнде осы қағидаттарға сүйенгенмен оның атқарылуында әлсiздiк танытылып келдi. Ал сот қызметiнiң сапа белгiсi статистикалық мәлiметтерге байланысты анықталады. Әдетте статистика ақпараттық танымға бой алдыратыны да бар. Сот - орган емес, ол - мемлекеттiк билiк. Сот шешiмдерiнiң әдiлдiгiне қарап, қоғам оған баға бередi. Соттарға көрсетiлген құрмет, бiрiншi кезекте мемлекетке көрсетiлген құрмет. Ал оларға құрмет көрсетiлуi үшiн, соттардың тәуелсiздiгi алдыңғы кезекте тұруы тиiс. Заңға ғана бағынатын қоғам алға жылжиды. Бұл жерде: «Екi жақты тыңдап алмай, үкiм шығарма» деген Солон принципi ескерiлген. Сот жүйесiнде адам баласының ой-санасынан өткен төрелiк ету мәселесiн өзгерту өте қиын. Әйтсе де iс-тәжiрибе ретiнде АҚШ-тың, Францияның, Англияның, Ресейдiң Алқа билерiнiң сот iсiне қатысуы зерделенiп, өндiрiске алынғаны дұрыс шешiм болды. Демократиялық қауымдастықта кең ауқымды сот жүйесiн одан әрi дамыту елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаттарының бiрi болып саналады. Бүгiнгi саясаттың ертеңгi күндi болжап отыру арқылы ғана өмiр сүре алатындығы сияқты, болашақтың жаһандық құқықтық моделiн аңдып отыру арқылы ғана бiз онымен бәсекеге түсе аламыз. Демек, ең алдымен жаһандық айналымға iлеспекшi жаңа тұрпатты құқықтық реформамыздың алысты көздейтiн стратегиялық бағыт-бағдарын әрбiр азамат бiрден сезiнетiндей, олардың iс-әрекеттерiне қарап, өзгерiстер дәуiрi ортасындағы өз мәселесiн шешудiң жолын таба алатындай тәрбие қажет. Бұл үшiн соттың жұмысын ұйымдастыру мен судьялардың iс жүргiзу барысындағы кейбiр мәселелердi түбегейлi шешу керек.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығы ескерiле отырып, өлiм жазасы сот өндiрiсiнен алынып тасталды. Бұрын өлiм жазасына мораторий жарияласақ, ендi ол шектелдi. Мұның өзi бiздiң қоғамның құқықтық мемлекет құрудағы тағы бiр үлкен қадамы болмақ. Атақты Низами: «Осы жеңiс жолында тек екi адам ғана тұр, олар: судья және емшi» деген екен. Өмiрдiң бар құбылысын, кездейсоқ жағдайлар мен адамдардың басына түсетiн қайғы немесе ауыртпалықты түсiну керек және сол мәселенiң не сол адамның тағдырының шешiлуi кiмнiң қолында - соны бiлу керек. Осы түйiндi шешу қажет. Ондай шешiмдi қабылдау тек судьяға ғана бұйырған. Демек, мұнда қоғамның ең басты құндылығы болып саналатын адам тағдыры тұр. Ал құқықтары мен бостандықтары туралы Еуропа пактiлерiнде тұтқындау мәселесiн тек қана сот шешедi. Биылғы жылғы Конституциялық өзгерiстердiң сот жүйесiне қатысты жағы адам құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Сол себептен біз осы сот жүйесін зерттеу дұрыс деп таптық.

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты. Қазақстан Республикасының сот мәртебесін, сот органдарының басқа мемлекеттік органдармен арақатынасын зерттеу және оның негізгі міндеттерін, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғаудағы рөлін және олардың құқықтық мәселелерін анықтау.

Диссертациялық жұмыстың міндеттері. Осы мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:

  • Сот органдарының конституциялық - құқықтық мәртебесін анықтау;
  • Сот органдарының құқықтар мен бостандықтарды қорғаудағы және заңдылықты нығайтудағы рөлін анықтау;
  • Сот билігінің басқа билік тармақтарымен ара-қатынасын анықтау;
  • ҚР сот жүйесінің қызметін жетілдіру мен құқықтық мәселелері айқындау;

Демократиялық қоғамдағы кең ауқымды сот жүйесін дамыту еліміздің басты басымдықтарының бірі болып саналады. Алайда оны жетiлдiрiп отыру қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық ғалымдардың ішінде осы мәселемен айналысқан авторлардың ішінде С. Зиманов, С. С. Сартаев, А. Н. Ағыбаев, Ш. М. Шарипов, К. Д. Мурзаев, Қ. Е. Қаржаубаев, Н. А. Жұманбаева, Б. Д. Мақұлбеков, Қ. Ә. Мәмилердің зерттеулерінде қарастырылып, терең талқыларға салынған.

Ал кеңестік және қазіргі Ресей ғалымдарынан Н. Г. Ветрова, Н. А. Чечина, Н. С. Алексеев, К. Ф. Гуценко, М. А. Ковалев, Л. А. Шиловтар зерттеулерінде қарастырылған.

Соттың адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау туралы, сот әділдігін жүзеге асырудағы басты қағидалары әділ сот органының басқа органдармен арақатынасы туралы жоғарыдағы ғалымдардың ғылыми жұмыстарында баяндалған.

Диссертациялық зерттеудің обьектісі. Сот әділдігінің конституциялық және салалық заңдардан туындайтын құқықтық мәртебесі, олардың адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы, қалпына келтірудегі алатын орны мен маңыздылығы.

Диссертациялық зерттеудің пәні. Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі рөлі, сот жүйесінің қызметін жетілдіру мен құқықтық мәселелері.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмысымда қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылып отырған адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызды орынға ие сот органының қызметін жетілдіру, сонымен қатар қазіргі таңдағы ол органның кейбір проблемалары, яғни құқықтық мәселелері. Судья- халықтың айрықша таза, әрі кіршіксіз ары. Осыған байланысты сот реформасын жүзеге асырудың және конституциялық заңдылықты және елде құқықтық тәртiптiң күштi қорғаушысы болатын сот жүйесiн қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр. Әрине, біз бүгінгі таңда көп нәрсеге қол жеткіздік, бұл сөзсіз мойындалады. Бірақ, атқаратын іс бұдан да көп. Біз басқа елдердің тәжірибесін басшылыққа алып, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды күшейту керекпіз, яғни оларға арнайы білім мен біліктілік алқасынан өтуден басқа психологиялық тесттен өтуді және жас мөлшерін ұлғайтуды енгізу керек деп есептеймін. Себебі ол адам мен азаматтардың алдағы өмірін шешетін болғандықтан ол өзінің ісіне толықтай жауап беру қажет. Сонымен қатар қазіргі таңдағы үлкен проблема болып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесімен күресу керек. Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс. Сонымен қатар судьялардың кәсіби біліктілігінің төмендігі мен адамгершілік-этикалық бейнесінің лайықсыздығы, сот өндірісі процессінің жетілдірілмеуі мен сот шешімдерінің сапалы орындалмауы болып отыр. Міне осы мәселелерге байланысты кейбір ұсыныстар. Сот үдерісіндегі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыс және бейне жазбалар секілді техникалық құралдарды қолдануды ұсынамын, сонымен қатар судьялыққа кандиттарға талапты күшейту керек.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, сегіз бөлімшені біріктіретін үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДАҒЫ СОТ ОРГАНДАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Сот органдарының конституциялық құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасының сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, сонымен қатар өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қоятын мемлекеттік орган. [1, 28б. ] .

Кеңестік тұжырымдамалар нарық реформасының жүзеге асырылуына кедергі келтірді, билік бөлу схемасының , сот реформасында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Сондықтан 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адам құқықтары мен бостандықтарын, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруда кеңестік тоталитаризмнің кеселдерінен заң сапасын тазартуды талап етті [2, 9б. ] . Сол себептен осы талаптарға сай міндеттерді шешуде 1994 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің № 1569 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын» құжат есебінде қабылдады [3, 13б. ] . Сонымен қатар, сот- құқытық реформалар бағдарламасында судьяларды өмір бойына тағайындау қаралған [4, 5б. ] .

«Көп елде судья өмір бойына, көбіне белгілі бір жасқа толғанға дейін тағайындалады. Бірақ оның белгілі жасы Ұлыбританияда 72 болу керек, содан соң қызметінен кетуіне өтініш жасай алады, ал Жапонияда - 65, ал басқа елдерде бұл жас шегі 65- 70 жас болып келеді. Тек кейбір елдерде ғана судья белгілі бір мерзімге тағайындалады, бірақ ол мерзім ұзартыла береді. Украинада, Словакияда, Чехияда, т. б. алғашқы рет судья белгілі бір мерзімге тағайындалды» [5, 12б. ] .

Биліктің ерекше тармағы ретінде сот билігінде белгілі бір өзіндік ерекше белгілері бар:

1. Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының - заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де өкілеттіктерін иеленбейді. Тек сотар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияның 75-бабында “Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады” деп жазылған.

2. Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады, біршама егеменді бөліктерден тұратын федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін.

3. Сот билігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс стажы және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады.

4. Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Әділ сотты жүзеге асыра отырып, соттар Конституция мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң шығарушы, сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау арқылы және прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған соттар қарастырған істерді қарастырады [6, 4б. ] . Өне бойына еліміздің Конституциясы мен заңдарын және ең бастысы, адами құндылықтар мен ізгілікті арқау еткен сот жүйесі бүгінде шынайы әділеттіліктің мінберіне айналып келеді. Бұл үшін Елбасы Жолдауында баса көрсетілгендей, сот жүйесіндегі реформаларды одан әрі тереңдете жүргізу мақсатында бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заң жобалары жасалды. Мұның барі соттың жоғарғы конституциялық мәртебеге лайықты екенін көрсетіп отыр [7, 8б. ] .

Сот органдарының конституциялық- құқықтық мәртебесі сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңынмен» айқындалады. Онда Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi делінген [8, 5б. ] .

Демократиялық қоғамдастықтағы кең ауқымды сот жүйесін дамыту еліміздің басты басымдықтарының бірі болып саналады. Біздің сот жүйесі дала демократиясынан тамыр тартады. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида бар. Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек деген екенін сіздер жақсы білесіздер. Біз ұлттық сот жүйесін тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатын заман талаптарына сай қалыптастыруымыз қажет. Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ. Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Ал бұл мақсат құқық теңдігі мен сот әділдігі салтанат құрғанда ғана баянды болмақ. Қарапайым халықтан бастап, биік беделді әлемдік қауымдастық өкілдері біздің реформаларымыздың табыстылығы мен сенімділігін құқық қорғау органдарының, ең алдымен, тәуелсіз сот жүйесінің әділ жұмысымен өлшейтін болады. Ендеше сіздерге жүктелер міндет пен көрсетілетін сенімнің жүгі қашанда ауыр деп соттардың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезінде сөйлеген сөзі еді [9, 7б. ] .

Жалпы «Мемлекеттік бағдарлама - құқықтық қайта құруларды кешенді және республика көлемінде жүргізілуге тиіс жұмыстар бағытын ғана белгілеген құжат. Демек, реформа, біз қарастырған сот жүйесімен шектелмейді, оның құрамдас бөлігі заңдар және заң шығару процесі, әділет органдары, прокуратура, тағы басқа құқық қорғау органдарында жаңа құқықтық қатынастарға сәйкестендіруді талап етеді. Ал, сот- құқықтық реформаның түпкі мақсаты- Конституциялық нормалардың қатаң сақталуын, орындалуын көздейді. «Өзінің тарихи маңыздылығы және көлемділігі бойынша терең құқықтық реформа әлеуметтік экономикалық реформаға тең және оның негізі ретінде адамдардың құқықтарын бекіту нарықтық экономиканы қалыптастыруды, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекетті құру мәселелері бекітілуі тиіс» [10, 78б. ] .

Өзінің ұлы еңбегінде Ш. Л. Монтескье, сот әділдігін жүзеге асыруда - тек сот қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталмай, сонымен қатар, атқарушы және сот билігінің өз қызметтерін атқаруда заң ережелерін сақтауын және бұл заңның бәріне де тән екенін атап көрсетеді. Ш. Л. Монтескьенің жасаған билік бөлу тұжырымдамасының негізі адамның құқықтары мен бостандықтарын толық айқындайтындықтан билік бөлу теориясының классикалық ядросының түйіні болды. Ш. Л. Монтескье ілімі мемлекеттік билікті бұдан былай дұрыс түсінуге орасан ықпал етіп, көптеген елдердің Ата заңдарын қалыптастыруға негіз болды [2, 32б. ] .

Сот билігін ұйымдастыруда Ш. Л. Монтескьенің қызықты көз қарастары бар, мәселен, сот билігі арнайы бір тұрақты орган есебінде жұмыс атқармай- ақ, ол тек « . . . белгілі уақыт аралығында халық арасынан, заңды жолмен құрылып, қажеттілігі ақталған соң таратылады. Екіншіден, сотты сайлау керек, тек кейбір жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс. Үшіншіден, сот алқалы түрде жүргізілуі керек. Төртіншіден, сот сол уақыттағы қолданып жүрген заңды дәлме- дәл қолдануы керек. Бесіншіден, соттың шығарған үкімінде тек судьяның жеке пікірі емес, ол заңда да тікелей көрсетіліп тұрылуы керек [11, 32 б. ] .

Қазіргі уақытта бүкіл әлем кезеңмен даму арқылы, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру процесінде, ол қандай темппен, қандай нысанымен дамыса да жан- жақты және жалпылама болып табылады. Бұл процесте судья фигурасы айтарлықтай және негізгі болса да, қанша биіктен көрінсе де, әлі де болса осалдау. Демек, осыларды негізге ала отырып, мемлекет сот билігінің жағжайын жақсарту және қорғау үшін әр түрлі шараларды қолдануда: судьяларды ұзақ уақытқа тағайындап, олардың өмір бойлық екенін белгіледі; олардың ауыстырылмайтындығын көрсете отырып- сот билігінің негізгі қызметінің кепілі болып - мемлекеттің Президенті екенін, яғни, ең жоғарғы билік екенін атап көрсетті, академик С. З. Зиманов [12, 17б. ] .

Міне, сондықтан өмір талабына сай әр түрлі заңдар қабылданып, жатыр. Сот - құқықтық реформаның 3 кезеңіне сай 2000 жылғы 1 қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы » Жарлығы қабылданды. Осы жарлықтың 4- бөлімінің 2-тармағында көрсетілгендей: « . . . Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету функцияларын, әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз етумен айналысатын қызметкерлердің санын бір мезгілде қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне табыс етуді жүзеге асырады [13, 4б. ] .

Сонымен, осы күндері судья қызметіне, Қазақстан Президентінің әкімшілігідегі әділет біліктілік алқасында талапкерлер емтихан тапсыруда [2, 56б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz