Жұмыс уақыты


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Жұмыс уақыты статистикасы

2. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды зерттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Статистика тәжірибесінде жұмыс уақытының өлшем бірлігі ретінде адам-күн және адам-сағат пайдаланылады. Адам-күн ретінде бір адамның толық жұмыс күні ішінде жұмысқа келуін есептейді. Статистикада жұмысшының істеген адам-күні деп оның жұмысқа келуі саналады. Мұнда оның жұмыста қаншама уақыт болғаны есептелмейді. Толық күндік тоқтап қалулар күні деп жұмысшының жұмысқа келіп, бәрақ оған тәуелді емес жағдайларға байланысты жұмысқа кіріспеген күндер саналады. Кәсіпорын тізімінде тұрған жұмысшы үшін жұмысқа келмеудің (неявка) адам-күні деп жұмысшының сол күні жұмыс істеуіне тиісті, әлде тиісті еместігіне қарамастан жұмысқа келмеген күндері саналады. Жұмыс уақытын адам-күнмен есептеу жалпы жұмыс күні ішінде болуы мүмкін жұмыс уақытының шығындалуын анықтап бере алмайды. «Істелген адам-күн» ұғымының өзі бұл жағдайды түсіндіреді. Сондықтан, жұмыс уақытын адам-күнмен есептеумен қатар, адам-сағатпен деп есептеу еңгізілген. Адам-сағатпен есептегенде нақты жұмыс істелген сағат саны және жұмыс күні ішіндегі ауысымішілік үзілістер есептеледі. Статистикалық есепте адам-сағатпен есептеу тек қана жұмысшылар бойынша жүргізіледі. Істелген адам-сағат деп бір адамның нақты жұмыс істеген сағаты саналады. Сонымен қатар, жұмыс режиміне байланысты істелеген адам-сағаттың берілген жұмыс сағатынан тыс тағайындалған (сверхурочный) түрі болады. Тыс тағайындалған сағаттардың болуы кәсіпорынның бапсыз жұмысының және өндірісті ұйымдастырудағы басқа да жетіспеушіліктердің болуын көрсетеді. Ауысымішілік үзілістер жұмысшылардың ауысым ішінде өндірістік міндеттерін орындамауын көрсетеді. Жұмысшылардың ауысым ішіндегі өндірістік міндеттерін орындамауынан туындайтын ауысымішілік үзілістер ауысымішілік уақыт шығындарына немесе ауысымішілік тұрып қалуға жатады. Статистика тәжірибесінде ауысымішілік тұрып қалу деп жұмыс күні немесе ауысым кезінде, ұзақтығы 5 минуттен жоғары болатын тұрып қалу уақыты саналады.

1. Жұмыс уақыты статистикасы

Адам-сағат және адам-күн бойынша жұмыс уақытын есептеу мәліметтері негізінде жұмыс уақытын қолданудың келесі көрсеткіштері есептеледі:

1. Жұмыс күнінің орташа арифметикалық ұзақтығы.

2. Бір тізімдік жұмысшыға келетін орташа жұмыс күндерінің саны.

3. Бір тізімдік жұмысшының істеген орташа жұмыс сағаты саны.

Кәсіпорындағы жұмыс уақытын қолдану көрсеткіштерінің жүйесі уақыттың күнтізбелік қорын жіктеу, оған бөлінген топтар бойынша оны пайдаланудың есебі және түрлі өлшем бірліктеріндегі өзара байланысты қатысты көрсеткіштер арқылы құрастырылады.

Кәсіпорынның жұмыс уақытының шекті ресурстарын құрайтын к. нтізбелік уақыт қоры жұмысшылардың бір жылдағы күнтізбелік күндер санына көбейтіндісіне немесе жыл ішіндегі келген және келмеген жұмысшылардың соммасына тең. Күнтізбелік қор адам-күнмен есептелген орташа тізімдік жұмысшылар санының көрсетішіндегідей экономикалық мазмұнды көрсетеді.

Мейрам және демалыс күндерінсіз күнтізбелік қор жұмыс уақытының табельдік қоры деп аталады.

Жұмыс уақытын пайдаланудың ең тиімді көрсеткішін сипаттайтын максималды мүмкін болатын жұмыс уақыты қоры күнтізбелік қор соммасының кезекті демалыс, мерекелік және демалыс күндерінің соммасынан айырмасы. Максималды мүмкін болатын жұмыс уақыты қорының жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы жылдың орташа ұзақтығын береді. Бұл көрсеткіш еңбектің әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларының бірі болып табылады. Мәселен, бір жұмысшыға өндірістегі жұмыс жылының орташа ұзақтығы 90-шы жылдардың басында 249, ал жұмыс емес күндер саны 115, соның ішінде мерекелік және демалыс күндер саны 96 құраса, бір жұмысшының орташа кезекті демалыс уақыты мерзімі 18 күн болған.

Адам-сағатпен есептелген жұмыс уақыты қорының құрылымы туралы мәліметті кестеден көруге болады.

Кесте 1.

Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: Күнтізбелік уақыт қоры элементтері
Барлығы: Барлығы
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 1
Барлығы: Адам-күн жүмысшыларымен істелген
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 111780
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 230, 0
63, 0
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 2
Барлығы: Толық күндік тұрып қалудың адам-күн саны
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: -
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: -
-
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 3
Барлығы: Жұмысқа келмей қалудың адам-күн саны (барлығы)
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 17644
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 36, 4
10, 0
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері:
Барлығы: Оның ішінде:
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны:
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен:
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 4
Барлығы: Кезекті демалыстар
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 9040
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 18, 6
5, 1
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 5
Барлығы: Оқуына байланысты демалыстар
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 221
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 0, 5
0, 1
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 6
Барлығы: Тууына байланысты демалыстар
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 354
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 0, 7
0, 2
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 7
Барлығы: Ауырып қалуына байланысты
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 5764
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 11, 9
3, 3
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 8
Барлығы: Заңмен рұқсат етілген басқа да жұмысқа келмеу
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 1910
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 3, 9
1, 1
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 9
Барлығы: Әкімшілік рұқсатымен жұмысқа келмеу
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 132
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 0, 3
0, 1
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 10
Барлығы: Себепсіз жұмысқа келмеу
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 223
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 0, 5
0, 1
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 11
Барлығы: Мерекелік және демалыс күндері
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 47883
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 98, 6
27, 0
Күнтізбелік уақыт қоры элементтері: 12
Барлығы: Оның ішінде, аптасына 5 жұмыс күні болғандағы қосымша демалыс күндері
Бір тізімдік жұмысшыға орташа күндер саны: 18723
Адам-күн күнтізбелік қорына пайызбен: 38, 5
10, 6

Берілген кестенің мәліметтері негізінде: адам-күн күнтізбелік қоры: 111780 + 17644 + 47883 = 177307 (1, 2, 11 жолдарын қараңыз) ; адам-күн табельдік қоры: 177307 - 47883 = 129424 (күнтізбелік қор минус 11 жол) ; максималды мүмкін болатын адам-күн қоры 129424 - 9040 = 120384 (жұмыс адам-күннің максималды мүмкін болатын қоры минус 4 жол) .

Күнтізбелік қор уақытының әрбір көрсетілген элементі өндірісте белгілі бір мәселелерді шешу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жұмысшылардың ауысымішілік жұмыс уақытының шығындарының ішінде үлес салмағы ең көп болып тұрып қалулар саналады. Жұмыс уақытының ауысымішілік шығындалуын зерттеуге аса үлкен көңіл аударылып отыр, себебі оларды қысқарту еңбек өнімділігін арттырудың анық факторы болып табылады. Жоғарыда аталып кеткендей, статистика тәжірибесінде ауысымішілік тұрып қалулар деп жұмыс күнінде және 5 минуттен артық болатын тұрып қалулар жатады.

Жұмыс күнімен шектелген уақытта еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін резервтерді анықтау үшін жұмыс күнін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер пайдаланылады.

Жұмыс күні құрылымы жұмыс уақытының шығындалуы түрлерінің жалпы ауысым ұзақтығына үлес салмағымен сипатталады. Осы құрылым жұмыс күні балансы негізінде анықталады және уақыт шығындалуының келесі түрлерін қамтиды: жедел уақыт (соның ішінде, негізгі және қосымша) ; жұмыс орнына қызмет ету уақыты; демалыстарға үзілістер уақыты және жұмысшының жеке қажеттіліктеріне жұмсалатын уақыт; әзірлік-қорытындылау уақыты. Жұмыс күні уақытының нақты балансң бойынша жұмысшыға тәуелді және өндірістегі қателіктерге байланысты жұмысшыға тәуелсіз уақыт шығындары соммасы анықталады.

Уақыт шығындарының түрлерін жұмыс күні уақытының жоспарлық және нақты баланстарын құру арқылы уақытты экономиялаудың және нақты жұмыс орындарына, цехатрға байланысты еңбек өнімділігін арттырудың резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Түңгі жұмыс уақыты, түрлі себептерге байланысты толық пайдаланылмаған жұмыс уақыты, толық күндік жұмыс уақыты шығындары, жұмыс күні ұзақтығын пайдалану деңгейінің үлес салмағы және т. б. осындай көрсеткіштер де дәл сондай мағынаға ие болады.

Мысалы, түңгі жұмыс уақытының үлес салмағы d т түңгі жұмыс сағаттарының (Т) жалпы күніндегі жұмыс сағаттарына (К) қатынасымен төмендегі формула бойынша пайызбен анықталады:

d т = Т:К

Түңгі жұмыс уақыты деп кешкі 22-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт саналады.

Жұмыс уақыты қорын пайдаланылуды зерттеу

Зерттеліп отырған кезеңде еңбек ресурстарының толығымен пайдаланылуын есептеу үшін бір жұмысшының жұмыс істелген күндер мен сағаттар санын немесе жұмыс уақыты қорын пайдалану дәрежесін пайдаланамыз. Мұндай зерттеу жұмысшылардың әрбір категориясына, әрбір өндірістік бөлімшеге және жалпы кәсіпорынға жүргізіледі. (2. 1 кесте) .

2 Кесте. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдаланылуы

Көрсеткіш: Көрсеткіш
Есептелініп отырған жыл: Есептелініп отырған жыл
Жоспардан ауытқу: Жоспардан ауытқу
Көрсеткіш: Жоспар
Есептелініп отырған жыл: Нәтиже
Көрсеткіш: Жұмысшылардың орташа жылдық саны (ЖС)
Есептелініп отырған жыл: 160
Жоспардан ауытқу: 164
+4
Көрсеткіш: 1 жұмысшының бір жылда жұмыс жасаған күндер саны (К)
Есептелініп отырған жыл: 225
Жоспардан ауытқу: 215
-10
Көрсеткіш: 1 жұмысшының бір жылда жұмыс жасаған сағат саны (С)
Есептелініп отырған жыл: 1755
Жоспардан ауытқу: 1612, 5
-142, 5
Көрсеткіш: Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы (Ұ), сағат
Есептелініп отырған жыл: 7, 8
Жоспардан ауытқу: 7, 5
-0, 3
Көрсеткіш: Жалпы жұмыс уақыты қоры (ЖУҚ), адам-сағат
Есептелініп отырған жыл: 280 800
Жоспардан ауытқу: 264 450
-16350

Жалпы жұмыс уақыты қоры (ЖУҚ) жұмысшылар санына, бір жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің орташа санына және жұмыс күнінің орташа ұзақтығына байланысты болып келеді:

ЖУҚ=Жұмысшылар Саны*Күндер*Ұзақтығы

Зерттеліп отырылған кәсіпорында нақты жұмыс уақыты қоры жоспардағыға қарағанда 16 350 сағатқа кем. Ол мынаған байланысты:

а) жұмысшылар саның өзгерісі

∆ЖУҚ жс =(ЖС нәтиже -ЖС жоспар ) *Күндер жоспар *Ұзақтығы жоспар =(164-160) *225*7, 8= +7020 сағат;

ә) бір жұмысшының жұмыс істеген күндер санының өзгерісі

∆ЖУҚ К =ЖС қ *(Д нәтиже жоспар ) *П жоспар =164*(215-225) *7, 8= -12 792 сағаи;

в) жұмыс күнінң ұзақтығының өзгерісі

∆ЖУҚ жоспар =ЖС нәтиже нәтиже *(Ұзақтығы нәтиже -Ұзақтығы жоспар ) =164*215*(7, 5 - 7, 8) = -10 578 ч.

Көрсетілген мәліметтерді талдай отырып, кәсіпорынның еңбек ресурстарын толығымен тиімді пайдаланылатына көз жеткізе аламыз. Бір жұмысшы жылына орташа тиісті 225 күннің орнына 215 күн жұмыс жасаған. Нәтижесінде, жоспарлық күн сайынғы жұмыс уақытының жойылуы бір жұмысшыға - 10 күн, ал, барлық жұмысшыға - 1640 күнді немесе 12792 сағатты (1640*7, 8) құрады. Ішкіауысымдық жоспарлық жұмыс уақытының жойылулары да болған: бір күнде ол 0, 3 сағатты, ал, барлық жұмысшылардың жұмыс істеген барлық күндерінде - 10 578 сағатты құрады. Орташа жұмыс уақытын жоғалту көрсеткіштері - 23 370 сағатқа (12 792 + 10 578), немесе 8, 8 % (23 370 / 264 450) тең.

Толықкүндік және ішкіауысымдық жұмыс уақытын пайдаланбау себептерін анықтау үшін жұмыс уақытының нәтижелік және жоспарлық балансының мәліметтерін сәйкестендіреді. (2. 2 кесте) .

3 Кесте. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды зерттеу, күндер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Жұмыс уақыты ұғымы
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
Жұмысшы уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын сыныптау
Жұмыс уақыты туралы
Жұмыс уақытының түрлері
Жұмыс уақытының нормасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz