Аудит жайлы



КІРІСПЕ
1 Аудиттің жалпы жоспары
1.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
1.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы
1.3 Аудитті алдын.ала жоспарлаумен оның жалпы жоспарын жасау
2 Аудиттің бағдарламасы
2.1 Аудит бағдарламасын әзірлеу
2.2 Аудит бағдарламасы және критерийлері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі болып табылады.Ол өзіне аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның бухгалтерлік есептілігі туралы объективті және негізделген пікір қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін, түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.
Бұл курстық жұмыс аудиторлық тексеру кезіндегі жоспарлауға, оның кезеңдеріне, оған әсер ететін тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалауға және аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны даярлау ерекшеліктеріне арналған.
Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдерінің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс.Аудиторлық жоспарлауды 300 «Жоспарлау» деп аталатын Халықаралық аудиттің стандарттары реттейді.
Аудитор өзінің қызметін негізгі үш себептер бойынша жоспарлау керек: бұл оған: клиент туралы жеткілікті мәліметтер жинау мүкіндігін береді; аудитке кеткен шығындарды шектеулі түрде ұстап қалуға көмектеседі; клиентпен белгілі-бір түсініспеушіліктен сақтап қалуға көмектеседі.
Аудитор тексеруді басталмас бұрын, алдын ала жоспарлауды өткізеді. Онда ол клиент туралы жалпы ақпаратты жинайды, аудитті орындау үшін персонал таңдайды және жұмыс жағдайлармен келіседі. Кейін аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар жоспарлау кезінде жалпы аудиторлық тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау керек. Соңында аудитор аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлауға кіріседі. Өйткені аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы қорытынды шығаруға қажетті фактілі материал болып табылады, сонымен қатар экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі туралы аудитордың объективті пікір қалыптасуына негіз болып табылады.
Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі. Осы аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін білдіреді.

Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын бастауға болады.
1. З. Н.Әжібаева, Н. Ә.Бойболтаева, Ғ. Ж.Жұмағалиева “Аудит”
182-190бет.
2. Абдрасимова Ж.К. Аудит оқу - әдістемелік кешені
3. Абленов Д.О. Аудит негіздері. Алматы. Экономика, 2005ж
4. “Экономика Негіздері” журналы №3(5) 2008жыл 36 бет.
5. Ажибаева З.Н. Аудит. Алматы: Экономика 2004г
6. Ержанов Ш.С. Аудит. Алматы: Экономика 2005г
7. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Юрист, 2003.
8. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. - Алматы: Раритет, 2003.
9. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік ұсыныстар, Шоттардың типтік жоспары: құжаттар жинағы. - Алматы: Раритет, 2004. - 320 б.
10. Аудит негіздері. Оқулық – Алматы: Экономика, 2005
11. Тулегенов Э.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйесі. Алматы.; Экономика, 2001
12. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. Пособие. —Алматы: Каржы-Каражат, 1998

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Аудиттің жалпы жоспары

1.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары

1.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы

1.3 Аудитті алдын-ала жоспарлаумен оның жалпы жоспарын жасау
2 Аудиттің бағдарламасы

2.1 Аудит бағдарламасын әзірлеу

2.2 Аудит бағдарламасы және критерийлері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3 бет
1 Аудиттің жалпы жоспары
5 бет
1.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
9 бет
1.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы
10 бет
1.3 Аудитті алдын-ала жоспарлаумен оның жалпы жоспарын жасау 16 бет
2 Аудиттің бағдарламасы
20 бет
2.1 Аудит бағдарламасын әзірлеу
22 бет
2.2 Аудит бағдарламасы және критерийлері

ҚОРЫТЫНДЫ
24 бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25 бет


Кіріспе

Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі болып табылады.Ол өзіне
аудиторлық ұйымның күтілетін аудитті өткізу көлемі, графигі мен мерзімдері
көрсететін жалпы жоспарын даярлаумен, сонымен қатар аудиторлық ұйым ұйымның
бухгалтерлік есептілігі туралы объективті және негізделген пікір
қалыптастыруға қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асыру көлемін,
түрін анықтайтын аудиторлық бағдарламаны даярлауды қосады.

Бұл курстық жұмыс аудиторлық тексеру кезіндегі жоспарлауға, оның
кезеңдеріне, оған әсер ететін тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалауға
және аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны даярлау ерекшеліктеріне
арналған.

Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі
кезеңдерінің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін
процесс.Аудиторлық жоспарлауды 300 Жоспарлау деп аталатын Халықаралық
аудиттің стандарттары реттейді.

Аудитор өзінің қызметін негізгі үш себептер бойынша жоспарлау керек: бұл
оған: клиент туралы жеткілікті мәліметтер жинау мүкіндігін береді; аудитке
кеткен шығындарды шектеулі түрде ұстап қалуға көмектеседі; клиентпен
белгілі-бір түсініспеушіліктен сақтап қалуға көмектеседі.

Аудитор тексеруді басталмас бұрын, алдын ала жоспарлауды өткізеді. Онда ол
клиент туралы жалпы ақпаратты жинайды, аудитті орындау үшін персонал
таңдайды және жұмыс жағдайлармен келіседі. Кейін аудиторлық ұйымдар немесе
жеке аудиторлар жоспарлау кезінде жалпы аудиторлық тәуекел мен ішкі бақылау
жүйесін бағалау керек. Соңында аудитор аудиттің жалпы жоспарын мен
бағдарламасын даярлауға кіріседі. Өйткені аудиттің жалпы жоспары мен
бағдарламасы қорытынды шығаруға қажетті фактілі материал болып табылады,
сонымен қатар экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі туралы
аудитордың объективті пікір қалыптасуына негіз болып табылады.

Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді
жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды
бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау
тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі. Осы аталған
мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін
білдіреді.

Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының
бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау
шараларын бастауға болады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай
дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Бұл
процесс белгіленген жолмен тексеруді талап етеді, сондай-ақ, стратегияда
болып табылатын, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала отырып,
қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік береді.
Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше
мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады
және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық
серіктестік фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің
біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және
басқа да факторлар. Стратегиялық тексеріс шараларының көлемі мен уақыты
бөліп тарату әдісі көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне
мүмкіндік береді. Бұл тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек
шараларының арасынмдағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында
қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті
бағалаудың негізі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық
негіздерін ашу, аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау мен оның
жетілдіру жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың міндеті:

- аудиторлық тексеруді жоспарлаудың теориялық негіздерін ашып көрсету;

- аудиторлық жоспарлаудың кезеңдерін ашып көрсету;

- тәуекел мен ішкі бақылау жүйесін бағалау әдістерін қарастыру;

- аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаны құру мен даярлау тәртібін
қарастыру;

- аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламаның ерекшеліктерін және оны одан
әрі жетілдіру жолдарын көрсету;

Жұмыстың әдістемесі болып, қолданылған Халықаралық аудит стандарттары,
Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс, зерттеу мәселесі бойынша арнайы
және ғылыми әдебиеттер мен журналдар болып табылады.

1. Аудиттің жалпы жоспары

Алдын-ала жоспарлау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор
жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдарламаларын
дайындауға кіріседі.
Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау
процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент
мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне
көмектесуі мүмкін.
Аудитор аудитті жүргізудің мөлшерленген масштабы мен тәртібін сипаттай
отырып аудиттің жалпы жоспарын әзірлеуі және оны құжаттап рәсімдеуі тиіс.
Аудиттің жалпы жоспарының құжат түрінде бейнеленуі аудит бағдармасын
әзірлеу басшылыққа алынатындай, жеткілікті мөлшерде егжей-тегжейлі болуы
шарт, соның өзіде оның дәлме-дәл формасы мен мазмұны субъектінің үлкен-
кішілігіне, аудиттің күрделілігіне, сондай-ақ аудитор қолданатын нақты
әдісіне мен технологияға байланысты өзгерістерге ұшырайтын болады. Аудиттің
жалпы жоспарын әзірлеу барысында аудитордың қарауында арналған мәселелер
төмендегілерді қамтиды:
Бизнесті білу
Субъект бизнесіне әсер тигізетін жалпы экономикалық факторлар және
салалық ерешіліктер.
Субъектінің, оның бизнесінің, қаржылық-шаруашылық әрекетінің және
есеп беру ісіне қойылатын талаптарының, оның ішінде осының алдында
өткізілген аудит сәтінен бергі мерзімде орын алған өзгерістерді қоса
алғандағы маңызды сипаттамалары.
Субъект басшылығы құзыретінің жалпы деңгейі.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін түсіну
Субъект тарапынан қабылданған есеп саясаты және осы есеп саясатындағы
өзгерістер
Бухгалтерлік есеп пен аудитгің жаңа стандарттарының әсері.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің аудитор тарапынан
жинақталған білімі, сонымен қатар бақылау сынақтары мен мәнді
процедураларға тиісті түрде назар аудару мәселесі.
Тәуекелділік және мәнділік
• Ажырамас тәуекелділік және бақылау тәуекелділігінің күткендегідей
мөлшерде бағалануы, сонымен бірге аудиттің маңызды учаскелерінің
сәйкестігін салыстыра тексеру.
• Аудит мақсаттары үшін мәнділік денгейлерін тағайындау.
• Өткен мерзімдер тәжірибесін қоса алғандағы елеулі бұрмалаушылықтар
немесе алаяқтық ықтималы.
• Бухгалтерлік есептің оның үстіне бухгалтерлік бағалау аспектілерін
қоса алғандағы күрделі аспектілерінің сәйкестігін салыстыра тексеру.

Процедуралардың сипаты, мерзімі және көлемі
• Аудиттің нақты учаскелеріне екпін ауыстыру мүмкіншілігі.
• Аудитке ақпараттық технологиялар әсері.
• Ішкі аудит қызметінің жұмысы және оның сыртқы аудит процедураларына
тигізуі ықтимал әсері.
Үйлестіру, бағыт беру, басшылық жасау және жұмысқа шолу жүргізу
• Субъектінің құрамдық бөліктеріне, мысалы, еншілес кәсіпорындарға,
филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге жүргізілетін аудитке басқа
аудиторларды тарту.
• Сарапшы-мамандарды тарту.
• Жұмыс объектілерінің саны.
• Қызметкерлерге деген сұраныс.
Басқа аспектілер
• Субъект әрекетінің үздіксіз жүргізілу жорамалының екіталай мәселеге
ұшырау мүмкіндігі.
• Ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлар, мысалы, байланысқан
тараптардың болуы.
• Келісімнің шарттары және заң жүзінде тағайындалған кез-келген
міндеттер.
• Есеп жасаудың сипаты мен мерзімдері немесе субъектімен өзара
әрекеттестіктің келісім шегінде тосылатын басқа да формалары.
Аудитті жоспарлау
Аудит жүргізудің алдағы бастапқы кезеңімен жоспарлануды
әзірлегенде: аудитті жүргізу мерзімі мен графиктері, күтіліп отырған көлем
көрсеткішімен аудиттің жалпы жоспарының аудиторлық ұйымдастырылуынан;
аудиторлық ұйым қалыптастыру үшін қажетті объективтік және негізділенген
пікірді ұйымдардың бухгалтерлік есептемесі туралы аудиторлық процедураны
жүзеге асырудың түрлері мен бір ізділігін, көлемін анықтаушы аудиторлық
бағдарламалардан құрылады.

Аудитті жоспарлаудың кешенділік қағидалары – алдын ала жоспарлаудан
бастап аудиттің жалпы жоспар ымен бағдарламасын құрғанға дейінгі
жоспарлаудың барлық кезеңдерінің өзара байланыстылық пен келісімділікті
қамтамасыз етуді болжайды. Үздіксіздік қағидалары мерзім бойынша және
аралас шаруашылық субъектілері бойынша (құрылымдық бөлімшелер, жеке
бөлінген баланс, филиалдар, өкілдіктер, еншілес ұйымдар) жоспарлау
кезеңдерінің байланысында және аудиторлық топтардың түйіндес тапсырмаларды
белгілеуде көрініс табады. Аудитті ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлағанда
экономикалық субъектіні аудиторлықпен бірге аудиторлық ұйымдар жыл бойы
аралық аудиторлық тексерістер нәтижесі және экономикалық субъектілердің
шаруашылық-қаржы қызметіндегі өзгерістер есебімен аудит жүргізу жоспарлары
мен бағдарламаларын дер кезінде түзету көзделіп отырады.
Оңтайлылық қағидалары аудиторлық ұйымдаар жоспаралу барысында
аудиторлық ұйымдардың өзі анықтаған критерийлердің негізінде аудиттің жалпы
жоспары мен бағдарламасынан оңтайлы вариантты таңдау мүмкіндігі үшін
варианттылықтылықпен қамтамасыз ету көздеумен тиянақталынады.
Аудиторлық ұйымдар аудитті жоспаралаған кезде оның негізгі кезеңдерін:
алдын ала; аудиттің жалпы жоспарын дайындау және құру; аудиттің
бағдарламаларын дайындау және құру, айқындап алған жөн.

Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум жасау

1. Аудиторлық тапсырманың жетекшісі аудиторлық тапсырманы алдын ала
жоспарлаудың нәтижелері бойынша аудиторлық тапсырманы жоспарлау
туралы меморандумды жасайды, оған тәуекелдер сипаттамасының жалпы
және қысқаша сипаттамалары, тестілеу рәсімдері мен айтарлықтай
қателерді, бұрмалаушылықтарды, рәсімдердің сақталмауын анықтаған
нәтижелер және тәуекелдердің басқа жәйіттері, ішкі аудитке жататын
операциялардыңрәсімдердің түрлері, жинақтау көлемдері, алдыңғы
аудиторлық есептердің нәтижелері және реттеуші және қадағалаушы
органдардың (ұйғарымдамалардың орындалу жағдайын көрсете отырып)
тексерулері кіреді.
Сондай-ақ, аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандумда
аудиторлық бағдарламаның негізінде есептелген ішкі аудитті өткізуге
кететін уақыт шығыны есебінің нәтижелері (адам-сағаттың жалпы саны),
сонымен бірге аудиторлық тапсырманы орындау мерзімі көрсетілуі тиіс.
2. Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум келісу үшін
Қызмет басшысына табыс етіледі.
3. Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандумда мынадай
ақпараттар қамтылады:
1) аудит объектісінің атауы оның қызметінің қысқаша сипаттамасымен;
2) аудиторлық тапсырманың мақсаты мен көлемі;
3) аудит кезеңі;
4) аудиторлық топтың құрамы (аудиторлық тапсырманың жетекшісін қоса
алғанда, ішкі аудит пен ішкі аудиторлар аралығына жататын
операциялардыресімдерді (мәселелерді) бөле отырып).

Аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум

___________________________________ _____________________________

(Аудиторлық тапсырманың атауы)

1. Аудит объектісінің атауы.

2. Бизнес процестің немесе ұйымдық құрылымның және аудит объектісі
қызмет сипатының қысқаша сыпаттамасы.

3. Аудиторлық тапсырманың мақсаттары.

4. Тәуекелдерді бағалау және тестілеу рәсімдерін (аудиторлық тапсырманы
жоспарлау кезеңінде анықталған айтарлықтай қателерді, бұрмалаушылықтарды,
рәсімдерді сақтамаушылықты және т.с.с.) талдау нәтижелері.

5. Бұдан бұрынғы аудиторлық есептемелер мен реттеуші және қадағалаушы
органдардың тексерулерін жүргізу датасы және нәтижелері (ұсынымдарды
орындау ахуалын көрсете отырып).

6. Ішкі аудиторлар арасындағы жоспарланған жұмыс телімдерін бөле отырып,
ішкі аудитке жататын тұтқалы ақпаратты (операциялардырәсімдерді)
таңдауды негіздеу.

7. Аудиттің көлемі, әдістері және мезгілі бойынша тұжырымдар.

8. Аудиторлық тапсырманы орындау мерзімдері (ішкі аудитті жүргізуге
арналған уақыт шығындарын есептеу нәтижелері (жалпы адам-сағат саны).

Аудиторлық тапсырманың жетекшісі (аты-жөні)
_______________ 20___жыл
(Аудиторлық тапсырманың жетекшісі қол қойған дата)

Келісілді
Ішкі аудит қызметінің жетекшісі (аты-жөні)

_______________ 20___жыл
(Ішкі аудит қызметінің жетекшісі қол қойған дата)

1.1 Аудиттық жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары

Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының
жоспарлау көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит
жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға
аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды
проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар,
тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің
атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін
тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен
қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына
байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру
керек, оның мақсаты:
- аудиторлық шаралардың қажетті көлемін анықтау;
- тексеріс жүргізу шараларын бағалау;
- аудит жүргізудің сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
Аудитті жоспарлаудың қағидалары. Аудит жоспары аудит
жүргізудің жалпы қағидалары негізінде жасалады:
- кешенді жоспарлау
- үздіксіз жоспарлау
- оңтайлы жоспарлау;
Аудиттің кешенді жоспарлау қағидаты жоспарланудың барлық сатылары
арасындағы өзара байланысы мен келісімділігін қамтамасыз етеді, яғни
аудиттің алдын – ала жоспарланудан, жалпы жоспар мен бағдарлама жасалуына
дейін қамтамасыз етеді.
Аудиттің үздіксіз жоспарлау қағидаты аудиторлар тобына арналған есеп
қисаптарын анықтайды және жоспарлану сатыларын бөліп тарату мерзімі
бойынша және құрылымдық бөлімдер арасындағы байланысын қарастырады.
Аудиттің оңтайлы жоспарлау қағидаты жоспарланудың нұсқаулығын
қамтамасыз етеді, критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен
бағдарламасы үшін оңтайлы нұсқаны таңдап алуына мүмкіндік береді. Оның
аудиторлық ұйым анықтайды.
Жоспарлау жалпы стратегияны әзірлеу және аудиттің тосылатын
сипатына, мерзімі мен көлеміне егжей-тегжейлі даярлықта келуді білдіреді.
Аудитор аудиттің жүргізілуін оның әсерлі және дер кезінде өтетіндей
жағдайда жоспарлайды.
Аудиторлық жұмысты нақпа-нақ жоспарлау аудиттің маңызды салаларына
тиісті назар аударуды, ықтимал мәселелерді тағайындауды және жұмысты қысқа
мерзімде орындалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Жоспарлау сонымен қатар
жұмысты көмекшілер арасында тиісті түрде бөлуге, сондай-ақ басқа аудиторлар
және эксперт-мамандар тарапынан атқарылатын жұптарды үйлестіруге көмек
береді. Жоспарлау көлемі субъектінің үлкен- кішілігіне, аудитордың осы
субъект бойынша жұмыс тәжірибесіне, сонымен қатар бизнесті білуіне
байланысты өзгеріп отырады. Бизнес туралы білім алу аудитордың жұмысты
жоспарлауының маңызды бөлігі болып табылады. Бизнесті білу аудиторға
қаржылық есепке елеулі түрде әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды
және іс жүзіндегі әрекетті белгілеуге көмек жасайды. Аудитор өз тілегі
бойынша аудиттің оңтайлығы мен әсерлілігін арттыру және аудиторлық
процедураларды субъект қызметкерлерінің жұмысымен үйлестіру мақсатында
аудиттің жалпы жоспарының элементтерін және белгілі бір аудиторлық
процедураларды субъектінің аудиторлық комитетімен, оның басшылығымен және
қызметкерлерімен талқылуына болады. Алайда аудиттің жалпы жоспары мен
бағдарламасын жасау аудитордың төл міндеті болып қала береді.

1.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы

Аудитті жоспарлау сатысы. Жоспарлау - аудит жүргізуді мейлінше
парасатты атқаруға мүмкіндік беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті
төмендететін маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау - аудиторлық іс-
шаралар тізімінің жай ғана механикалық құрастырылымы емес, кез келген
тексеріс жүргізу шараларында қайталынып келіп отырады. Әрбір клиент жеке
жоспарлау кезінде ескеру қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс жасаймын
деп отырған ұйымның қызметімен танысудан бастау керек. Ол үшін оны
ұйымдастыру құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған деген лицензиясы,
есеп саясаты және т.б. Басқарушылар мен үйым мамандарымен ынтымақтасу
кезінде қаржылық есептілік көрсеткіштерін анықтау керек, клиент қызметінің
ауқымын байқау үшін қажет. Тек қана қайта зерттеу нәтижесінде ұйымның
алдағы уақыт жұмыстарының үлгілі көлемі мен еңбек сыйымдылығын анықтауға
болады, сонымен қатар аудит ұзақтығын. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның
қиыншылықтары мен ұзақтығынан аудит жүргізу құны анықталады.
Жоспарлау шараларын сатылар бойынша көрсетуге болады;

Алдын – ала жоспарлау

Клиент туралы жалпы мәліметтер жинау

Аудиторлық тәуекелділіг мен маңыздылығын бағалау

Ішкі бақылау жұмысын бағалау

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құру

2 –сурет. Аудиторлық тексеруді жоспарлау сатылары.

Алдын ала жоспарлау. Алдын ала жоспарлау сатысы келесі аудиторлық
қызмет жағдайларынан тұрады:
- клиентті таңдау және аудит атқарғаны туралы шешім қабылдау;
- аудит жүргізу үшін персонал таңдау;
- жұмыс талаптарымен келісу;
- аудит жүргізуге клиенпен келісім- шарт жасау.

Клиентті таңдау аудит атқарғаны туралы шешім қабылдау.
Аудиторлық ұйым қажет деп таныған клиенттермен ынтымақтасу міндетті емес,
қызмет көрсетуді жалғастыру, егер өзара қатынасты қажет етпесе. Ұйым
саясаты жаңа клиенттерді таңдауға байланысты мынандай элементтерді
қамтиды:
- болжалды клиенттің репутациясын бағалау, оның қаржылық жағдайының
мықтылығын және бұрынғы аудиторлық ұйыммен қарым-қатынасы;
- мүмкін болатын клиентке деген аудиторлық ұйымның тәуелсіз бағасы.
Клиенттер мен қарым-қатынасын жалғастыру туралы сұрақтары кезеңімен
құрастырылады (мысалы, жыл сайын) немес пайда болған ерекше жағдайларда.
Тексеру басталу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны жүргізу мақсаты мен
ауқымы анықталады. Көпшілік аудиторлық фирмалар өзінің тексеріс
жоспарының ішкі құрастырады, клиенттің өзгешелік саласына бейімділігі.
Аудиторлық ұйымның ішкі фирмалық стандарты негізінде клиентпен танысуы
жоспарлау бланкінде көрсетілу керек. Төменде көрсетілген бөлімшелерден
тұрады.
1. Экономикалық және оның басқаруы туралы жалпы мәліметтер.
Аудиттің 310 халықаралық стандартында бизнес біліктілігі сәйкесінше,
қаржылық есептілікке аудит жүргізгенде аудитор клиенттің бизнесі жайлы
білуі немесе біліп алуы көлемді, жағдайды, операциялар мен
қабылдаған практиканы түсіну және айқынмдау қажеттілікті болуы керек,
бұлар аудиторлар бойынша, қаржылық есептілік, тексеріс және аудиторлық
есепке маңызды әсер етуі мүмкін Аудиторлық біліктілік деңгейі, қызмет
көрсетуіне байланысты сала, субъект қызметінің жүзеге асыру шеңберінде
және экономика туралы жалпы білімі кіреді. Талап ететін білім деңгейі
әрқашан субъект басшылығынан төмен болады. Клиент бизнесі туралы білімді
игеру үздіксіз және кумулятивті мәліметтерді бағалау және жинау шарасы,
соынмен қатар осы білімнің аудиторлық дәлелдемелерге өатысты болуы керек.
Мысалы, мәліметтер жоспарлану кезінде пайда болуына қарамастан, ол әдетте
соңғы кезеңдерінде толықтырылады және айқындалады, яғни қалай аудитор
клиенттің бизнесі туралы аса толығырақ танысу шамасына байланысты болады.
Субъект және сала туралы білім қайнар көзі үшін де болуы мүмкін:
- аудитордың бұрынғы субъект мәліметтері мен сол саладағы жұмыс
тәжірибесі;
- жұмыс қызметкерлері мен сала және субъект туралы пікірлесу;
- берілген субъектің жұмыс істемейтін компитенттін адамадардан
субъект және сала туралы мәліметтер;
- салаға қатысты жариялымдар (стастистикалық материалдар, кезеңдік
баспа статьялары);
- субъектің әкімшілік және өндірістік жағдайларына аудитордың
қатысуы;
- Субьектің дайындаған құжаттары (отырыс протоколдары, жарнама
материалдары, өткен жыл бойынша жылдық және қаржылық есептіліктер,
субьектің әкімшілік құрамының ішкі есептері, басқару саясаты бойынша
басшылық, лауазымдық инструкциялар, сату және маркетинг жоспарлары).
Клиент бизенсін білу аудитордың кәсіби ой – пікірінің негізі болып
табылады. Клиент қызметін түсіну және оны сәйкесінше алынған мәліметтерді
пайдалану аудиторға:
- проблемеларды анықтау және тәуекелділікті бағалауға;
- тиімділікті жоспарлау және аудит атқаруға;
- аудиторлық дәлелдемелерді бағалауға;
- клиентке қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге көмектеседі;
Клиенттің әкімшілік және өндірістік жағдайларын қарай оның
бизнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеселді, себебі аудитордың
қызметкерлер жұмысын бақылауға жіне ір деңгейдегі басқарушылар мен жеке
әңгімелесуге мүмкіндігі бар. Аудитте, тәуекел негізінде, клиент бизнесін
тану мен жоспарлауға барлық аудиторлық шаралардың жартысына жуығы
апарылады. Субьект басқапушылары туралы мәліметтер жинау кезінде келесідей
аспектілер қаралады:
- іскерлік абырой және әкімшілік құрамының жеке өкілдерінің кәсіби
тәжірибелігі;
- жиналыс жүргізу мерзімдері;
- лауазымды инструкция және міндеттерді енгізу;
- ішкі аудит жүргізуінің болуы;
- кадрлар жинақталуы, кадрлар ағымдылығы;
- қызметкерлер туралы ереже және коллективті келісім – шарт ұсыныны
және т.б.
2. Қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері. Клиенттің
ағымдағы жіне болашақтағы жағдайын түсіну үшін ағымдағы және болашақ
рентабельділігі, өтімділігін ( қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу
қабілеті) және капитал жеткіліктілігін(ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу
қабілетттілігі және сәйкесінше қаржы өсуі) зерттеу керек. Алдын – ала
жоспарлау бланкінде келесідей сұрақтарды құрастыру қажет:
- табыс құрылымы мен өсу тенденциясының басқа негізгі экономикалық
көрсеткіштерімен байланысы қандай?
- қолма – қол ақша қаражаттарының қозғалыс тенденциясы қандай?
- қолма – қол ақша қозғалысы мен табыс арасындағы айырмашылық
нәтижесінің себебі неде?
- қолма – қол ақша қозғалысының сенімді болжау дайындалған ба?
- өтімділікке байланысты қандай ереже болады?
- ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелері бар ма?
- күмәнді талаптар бойынша күрделі соммалар бар ма?

3. Өндірістік шаруашылық қызметі.
- негізгі өндірістік жолдары қандай және қалай олар тапсырыс берумен
байланысты?
- әрбір өнім рентабелділігіне басқарушылық талдау жасай ма?
- қандай негізгі өндірістік жоспарлар ажасалады?
- қандай өндіріс күштілігімен клиент жұмыс істейді (толық., толық
емес)?
- қандай шикізаттар мен материалдарды сатып алады, сонымен қатар
қызмет көрсетуді пайдалану кім негізгі пайдаланушы болып табылады?
- альтернативті жеткізу көздері бар ма?
- еңбек даулары бар ма ( қаншалыұты олар өндірістік- шаруашылық
қызметке әсер етеді)?
- өнім сапасына байланысты проблемалар болады ма?
- дайын өнімге баға қалай белгіленеді?
- өнімнің сапасына деген жоғары талаптар және жеткізуге байланысты
қатаң шартты келісім – шарттар бар ма?
Әрбір тексеріс жасаған кезде сұрақтар шеңбері, алдын –ала
жоспарлау бланкінде қарастырылған, клиент қызметінің талаптары мен
мүддлеріне байланысты кеміп немесе артып отырады. Қаржылық есептілікке
тексеріс жүргізу үшін аудиторлық ұйым қызметкерлертобын жинақтайды. Аудит
жүршізу үшін персонал таңдау аудитті қамтамасыз ету үшін мұқияттылықты
талап етеді. Аудиттің техникалық және кәсіби сапаға сәйкестігі бар
тұлғалар жүзеге асыра алады. Кең ауқымды міндетті аудиторлық тексеріс
жүргізу кезінде оның басқарушысы бірнеше қызметкерлер, сонымен қатар
заңдар мен салықтық сұрақтар бойынша кеңес берушілер және басқа да
мамандардың қатысуына болады.
Жұмыс талаптарымен келісу. Клиент пен аудитор арасындағы келісім –
шарт 4 статья ҚР – ның аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес
қарастырылады. Әрбір келісім – шарттың қорытындысы алдын – ала келіссөзде
қаралады. Аудит жүргізу туралы келісім болғанда екі жақ жұмыс талаптары
бойынша жазбаша құжат ұсынуға міндетті. Аудитор клиенттің қойған
талаптарымен келіскен жағдайда оның қойғвн талаптары мен қанағатын
анықтау қажет, сонымен қатар аудит жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық
сұрақтарды қарастырылады. Ол үшін клиент аудиторлық ұйымның мекен -
жайын ресми түрде аудит жүргізу туралы ұсынысын келісім - хат арқылы
жібереді немесе сәйкесінше қызмет көрсету. Бұндай хат ерікті түрде
құрылады. Онда аудит жүргізу мерзімі, оны жүргізу қажеттіліг, соынмен
қатар шешімін талап ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Мамандыққа кіріспе
Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысты
Аудиттің түрлері мен нұсқалары
Нарықтағы консалтингтік компаниялардың даму деңгейі
Аудитті жоспарлаудың кезеңдері
Ішкі аудит
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Аудиттің мәні
Пәндер