Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы


Оңтүстік Қазақстан акционрелік қоғамы
Жоспар
1. Акционерлік қоғам «Ұлар Үміт» жинақтаушы
зейнетақы қоры
2. «ЦЕСНАБАНК» АҚ
3. Ұлттық банк АҚ
4. "Қазкоммерцбанк" АҚ
1. Акционерлік қоғам «Ұлар Үміт» жинақтаушы
зейнетақы қоры
2006 жылдың алғашқы айлары республиканың зейнетақы жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер әкелді. Ең алдымен, бұл өзгерістер қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесін қамтыды, дегенмен олардың бір бөлігі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделеріне тікелей немесе жанама болса да, негізінен жағымды жағынан қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, оның ең негізгісі: бұдан әрі жұмыс беруші де, не басқа тұлға да зейнетақы қорының салымшысының таңдауына ықпал ете алмайды.
Зейнетақы қорларының жұмысындағы осы соңғы өзгерістер жайында “Ұлар Үміт” жинақтаушы зейнетақы қорының” президенті Дабыр Тұрсынғазыұлы Медетбеков әңгімелеп береді.
Салымшының зейнетақы қорын өз еркімен таңдауы жөнінде әңгіме, сонау бір жылдары, елімізде зейнетақы реформалары басталған тұста, яғни “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабылданбас бұрын-ақ айтылған болатын. Заң шығарушылардың арада сегіз жыл өткеннен кейін осы мәселеге қайта оралуына не себеп болды?
МД: Өткенді еске түсіретін болсақ, Елбасы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға қол қойып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұңғыш рет кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте зейнетақымен қамтамасыз етудің жылдар бойы қалыптасқан мемлекеттік ынтымақтастық жүйесі оның барлық олқылық-кемшіліктерімен жинақтаушы жүйеге өте бастаған сәттен бері сегіз жыл өтті.
Осы жылдардың ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 5 миллиардқа жуық АҚШ доллары жинақталып, нарықта 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп келеді.
Жуырда Қазақстан қаржыгерлерінің V конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанның қаржы секторы бүгінде кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте жалғыз-дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана алады деп атап көрсетті.
Дегенмен, бұл жерде Қазақстанның зейнетақы саласын қайта құру үдерісі аз уақыт ішінде тез жүріп өткендігін де ұмытпауымыз керек. Сондықтан 90-шы жылдардың аяғында қабылданып, өзінің маңыздылығын жоғалтқан бірқатар ережелер мен нормалардың түрлі өзгерістерге ұшырауына таңданудың қажеті жоқ.
Бұған зейнетақы туралы заңдардағы салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау еркін қамтитын нормаларды жетілдіру қажеттігі мысал бола алады. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін бұл қағидат үстірт түрде орындалып келді, шынын айтқанда - тіптен орындалмай келді: көп жағдайда жұмысшының зейнетақы қорын таңдауы жұмыс берушінің еркіне байланысты болды.
Алайда, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” №58-ІІІ ҚРЗ-на сәйкес жағдай жақсы жағына өзгеруі тиіс.
2. «ЦЕСНАБАНК» АҚ
Цеснабанк - Астанада бас офисімен Қазақстанның жалғыз коммерциялық банкі. Қазіргі кезде банктің филиалдық желісі Қазақстанның 23 облыстық және өңірлік орталығындағы клиенттерге қызмет көрсететін 19 филиалдан және 59 пунктен тұрады. Қазіргі уақытта банкте 60 мыңнан астам клиент, оның ішінде 48 мың - жеке тұлғаға қызмет көрсетіледі.
2008 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша банктің активтері 150 млрд. теңге, меншік капиталы - 23 млрд. теңгеден астам құрады. 2007 жылы банктің активтер өсімі 74% өсті. «Цеснабанк» АҚ-ның несиелік портфелінің өсімі 40 млрд. теңге құрайды, 2007 жылдың басынан бастап 66% ұлғайды. Бұл соманың жартысын шағын және орта бизнес құраса, ал 42, 6%-дан астамы бөлшек кредиттерге жатады. 2007 жылы халықтың мерзімді депозиттері 76, 7% ұлғайып, 25, 6 млрд. теңгені құрады.
Бүгінгі күнде Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдері арасында ең жетілдірілген. 1992 жылы 17 қаңтарда Целиноградта құрылған Цеснабанк әлемнің ең ірі 11 қаржы институттар қатарына кіреді.
Осы уақыт аралығында Цеснабанк танымал, қарқынды дамыған қаржы институты болды. Банк құрылғаннан бастап жан-жақты принципті ұстанып, өздерінің клиенттеріне жоғары банктік қызметтер, ашық және ағымдағы шоттар, Халықаралық VISA пластикалық картасы, жедел салымдарды ашу және енгізу, жеке және заңды тұлғаларға несие беру, American Express жол чектерін сату, Қазақстан және барлық ел бойынша жедел ақша аударымдарымен қызмет көрсетуді ұсынады. Цеснабанк өзінің күнделікті қызметімен алдағы уақытта Қазақстанның алдыңғы қатарлы жеті банктерінің қатарына кіру туралы қабылданған шешімінің орындалуы әбден мүмкін перспектива екендігін әрдайым дәлелдеуде. 2006-2007 ж. ж. алға қойған мақсаттарына қарқынды жеткендіктерін Банк қызметінің қорытындысы көрсетеді.
Цеснабанк Қазақстандағы бірінші айқын Банк болды. 2006 жылы маусымда Банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі арасында «Банк қызметінің айқындылығын арттыру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы» екі жақты меморандумға қол қойылды. Банк үшін айқындылық қағидалары 2005 жылғы қарашадан бастап «Цесна» корпорациясы «Цеснабанк» АҚ банк холдингі мәртебесін алғанда ерекше мәнге ие болды. Әлеуетті инвесторлар, клиенттер мен басқа мүдделі мүшелер үшін ақпараттың қол жетерлігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, Банк жекеменшік құрылымын толық ашты.
3. Ұлттық банк АҚ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан. № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
4. "Қазкоммерцбанк" АҚ
Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде Медеу Банкі АҚ («Медеу банкі») деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - «Қазкоммерцбанк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге ҰБК-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар.
Банк, сондай-ақ оның бас офисі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Гагарин д-лы, 135 ж., Алматы, 480060, Қазақстан, банктің телефон номері: + 7 3272 585-670 және 585-185, факс + 7 3272 585-229. Қазкоммерцбанктің Интернеттегі мекен-жайы: http://www. kkb. kz.
1994 жылдың сәуірінде Банк, Қазақстанда тіркелген, Астана Холдинг («Астана Холдинг») банкімен-коммерциялық банкімен бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық торабы арқылы негізгі іскерлік және елді орталықтарға қатысады.
1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі, Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz