Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Тақырыбы : «Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс».

Оқытушы: Жумаксанова К. М.

Ғылыми дәрежесі: ф, ғ, к доцент

Студент:Рамаданов М.

Тобы: 212

Алматы 2008

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

  1. Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер . . . 4 - 12Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс . . . 13 - 17Жастар арасындағы нашақорлық, және оның алдын алу . . . 18 - 21
  2. Жастардың девиантты мінез - құлқы, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар . . . 22 - 25

2. 1 Қазақстан Республикасындағы Жастар ұйымдары . . . 26 - 29

2. 2 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты . . . 30 - 33

Қорытынды . . . 34

Қолданылған әдебиеттер . . . 35

Кіріспе

Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата -аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. Қазақстандық қоғам үшін жас ұрпақтың маңыздылығын статистикада дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасы он алтыдан жиырма тоғызға дейінгі 3788, 1 мың азамат өмір сүреді, ол халықтың төрттен бір бөлігін немесе еңбекке жарамды халықтың қырық пайызын құрайды. Міне, Қазақстан жастары туралы осындай нақты мәліметтердің өзі жас ұрпаққа арналған және осы жас ұрпақтың өзі жүзеге асыратын, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтын мақсатты, ғылыми негізделген әлеуметтік саясаттың аса қажеттігін көрсетіп отыр. Мұндай саясатты жасау және осы жас ұрпақтың өзі жүзеге асыратын, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтын мақсатты, ғылыми негізделген әлеуметтік саясаттың аса қажеттігін көрсетіп отыр. Мұндай саясатты жасау және оны кейіннен жүзеге асыру «әлеуметтік жұмыс» және «әлеуметтік педагогика» деп аталатын гуманитарлық пәндерге жүктеледі.

Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - егіз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алматынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.

Біріншіден, құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қаматассыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс - қимылдарын үйлестіруді күшейту керек.

Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.

Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен ұлтаралық қылымыс секілді қателіктерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.

Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтассыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.

1. Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер

Девианттық мінез - құлықтың өткір формасына заңды тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немес қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.

Барлық құқықты бұзушылық қылмыс пен теріс қылықққа бөлінеді. Юристік тұрғыда бір жағдайда - құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқыққа тиым салынса, онда қылмыс болып табылады. Теріс қылық - қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылымыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі.

ТМД елдерінің қазіргі даму кезеңі құқық бұзушылықтың, соның ішінде қылымыстың барынша өсуімен сипатталады. Бұл процестің ерекшелігіне жастар қылмысының, соның ішінде жасөспірімдер қылмысының «ерсектерге» қарағанда жылдам қарқынды өсуі жатады. Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың көпшілігінің жасы 18 - 29 жаста екен, ал әрбір оныншы 18 жасқа толмаған.

Республикадағы қылмыс жасаған тұлғалардың саны, мың адам

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

: Қылмыс жасаған барлық тұлғалар
1991:
1992: 89, 8
1993: 107, 0
1994: 108, 9
1995: 111, 2
1996: 116, 7
1997: 97, 5
1998: 89, 3
1999: 97, 5
2000: 100, 3
: Соның ішінде 14 - 17 жастағылары
1991: 12, 4
1992: 12, 5
1993: 11, 4
1994: 10, 6
1995: 8, 9
1996: 8, 4
1997: 6, 9
1998: 7, 0
1999: 7, 5
2000: 7, 5

Сотталғандар құрамы ( % )

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

: Барлық сотталғандар
1991: 100
1992: 100
1993: 100
1994: 100
1995: 100
1996: 100
1997: 100
1998: 100
1999: 100
2000: 100
: Соның ішінде кәмелетке толмағандар
1991: 14, 0
1992: 13, 9
1993: 10, 7
1994: 9, 7
1995: 8, 0
1996: 7, 2
1997: 7, 1
1998: 7, 8
1999: 7, 7
2000: 7, 5

Мамандар жастар ортасындағы криминализацияның мынандай алаңдаушылық туғызатын үдерістерін көрсетеді:

  1. қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдердің қылмыс белсенді түрде өршіп келеді. Ол жастардың негізігі әлеуметтік - демографиялық, аймақтық және кәсіптік - білім беретін аспектіліріндегі топтарын қамтиды. Жастар жұмыссыздығының өсуіне қарай жастардың ештеңеге тартылмаған топтарының арасынан криминалдық әсерге бейім топтар қалыптасып келеді.
  2. жастар қылымыс «жасырып» келеді: криминогендік әсерге бейім «қауіпті» жасқа жеке бас дамуындағы маңызды кезең 15 - 16 жас аралығы жатады; жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсіп келеді, олардың істері Қылмыстық кодексте қаралғанымен, оларға 14 жас толмағандықтын қылмыстық іс қозғалмайды немесе тоқтатылады.
  3. Жастардың әйелдер бөлігінің қылмысы, әсіресе нашақорлық пен жезөкшелекке байланысты қылмыстар үлесі өсіп келеді.
  4. Жастар қылмысының құрамында ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылар, үлесі өсіп келеді.
  5. Жастар қылмысының топпен жасалатынын саны өсіп отыр, жастардың асоциалдық сипатындағы бейресми бірлестіктерінің құқыққа қарсы жағына қатысты әрекеттері өз шеңберін кеңейтіп келеді. Бақылаусыз қалаған жасөспірімдер қылмыстық әлемді өздеріне сіңірген жартылай криминалдық топтарға бірігеді.
  6. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ересектердің құқық бұзушылықтары сияқты қасақана, зорлық жасау арқылы жасайтын құқыққа қарсы мінез-құлықтарға барады. Кейбір криминологтардың пікірлерінше, көрсетілген жастағы жас адамдардың арасында кеңінен тараған "типтік" қасақана құқық бұзушылықтарына-жастар арасында сәнді болып есептелетін заттарды (радиоаппаратура, "дүңгіршіктерден" шарап, темекі заттарын және т. б. ) ұрлау, автокөліктерді ұрлау; зорлық арқылы жасалытын құқық бұзушылықтарға - денеге жарақат жасау арқылы жасалатын жастар арасындағы "талқылаулар", сексуалдық зорлау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қылмыстарының сапалық құрамы кеңейіп келеді, оларға дәстүрлі қарақшылықтар мен тонаулардан басқа бопсалау мен қорқытып ақша талап етулер жатады.
  7. Кәмелетке толмағандардың қылмысы мыналардан тұрады.

Жоғарғы жасырындылығы (қылмыстардың толықтай анықталмауы), себебі:

а) жасөспірімдерден зардап шеккен ересектер көбіне ол туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды;

ә) қылмыстың басты бөлігі " жариялылық", "сатып кету" сияқты түсініктер қоштала бермейтін, арнаулы қарым-қатынас орнаған орталарда жасалады;

б) құқық қорғау органдарының аса жұмыс бастылығының кесірінен одан гөрі жеңілдеу деп есептелетін жасөспірімдер жасаған қылмыстар әдетте тіркелмей, қарастырылмай қалады;

Олармен күрес жүргізудің (ересектер қылмысына қарағанда) "сезімталдығының", оның отбасы, тәрбие мекемелері, әлеуметтік қызметтер тарапынан бақылау деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.

Осы қарастырылып отырған жастар девиациясы саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог жастар қылмысының жоғарыдадағы тенденцияларының себептерін білулері қажет.

Жастар ортасындағы криминалдық процестердің күре тамыры посткеңестік елдердің қоғамдық өмірлерінің көптеген салаларына енген. ТМД елдерінің Мемлекет аралық статистика комитетінің бағалауынша жалпы қылмыстың, соның ішінде жастардың қылмысының өсуіне барлық факторлардың ішінде негізгі рөлді жүргізілген реформаларға байланысты туындаған теріс факторлар орнайды екен. Сол факторлардың ішіндегі ең деструктивтісі, жалпы қоғамға да, криминалдық жағдайларға да, әсер ететін, капитал мен қаржының жеке тұлғалардың қолдарында жоғарғы деңгейде шоғырлану қарқыны болып табылады. Бұл халықтың жеке топтарының арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен атногенезмді туғызып қана қойған жоқ, криминалдық тәжірбиесі бар және қылмыс әлемімен байланысы орныққан жаңадан пайда болған бизнесмендердің арасындағы әсер ету салалары үшін күрестің өршуіне әкеп соқты.

Жастар қылмысның өсуіне жағдай жасайтын және өркендеуінің қолайлы ортасына көптеген азаматтардың, отбасылардың кедейшіліктің алдында тұруы, олардың материалдық қамтамасыздығы, жұмыссыздықтың, инфляцияның, тұрмыстық қажетті тауарлардың бағаларының өсуінің қайыршылық жағдайға әкелуі жатты. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы бай мен кедейге экономикалық жағынан қабылданған шектен асып кетті. Мұндай бөліну қалыпты емес, ол қоғамның экономикалық тұрғысынан сауығанына кедерге болып, әлеуметтік ширығудың көзі болып табылады. Тонау мен ұрлық жасаудың себептерін атағанда жас қылмыскерлердің оны «байларды шешіндіру» деп атауы да тегін емес. Қазақстандағы қасақана және мүлікке жасаған қылмыстардың үлесі олар жасаған барлық қылымыстың 87 % - ын құрайды екен. Көптеген жас алдамдар құқықты бұзбай -ақ «криминалдық табалдырықтан» ойша өтіп те алды: олардың ішінде үштен екі бөлігі құқық бұзуға мүмкіндіктері барлығына сенсе, үштен аса бөлігі оны өздерінің болашақта жасауы мүмкін деп есептейді. Ақша табу жолында олардың көпшілігі заңды бұзып табуға болатынына төзімділікпен, немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қолдау көрсететіндері де бар.

Жастар арасында болып жатқан құндылықтарды бағдарлау реформациясы заңдылықты ұстанудың, өз еркін, күштілігі мен қаталдығын бекітудің алғы шарты болып табылады, өйткені аморализация мен қылмыс арасының жігі алде қайда қозғалмалы. Оның үстіне, осы моральдық нормаларды теріске шығару жас адамдардың көптеген қылмыстарының негізіне жатады.

Қоғамдағы, соның ішінде жастар ортасындағы «қоғами адамгершіліктердің қатаңдану» процесі, құқықтық нигилизмнің күшейюімен заңға деген нем құрайлық, өмірілік проблемаларды шешуде күш қолдау мүмкіндігін ұстанудың қалыптасуы, құқықтық білім берумен қорғаудың тиімді жүйесінің жоқтығы, жастарға адамгершілік және құқықтық тәрбие беруде білім беру жүйесінің әсерінің әлсіздігі - осының барлығы жастар арасындағы криминогендік әсердің өсуіне барынша жағдай жасайды.

Жастарды криминализациялаудың тағы бір салмақты факторына қоғамда көптеген маргиналдық жіктер мен топтардың пайда болуы жатады, бұл жағдай оларды қылмыстың әлеуеттік қорына айналдырады. Бұл - қараусыздар, «бомждар», жезөкшелер, қайыршылар, алқаштар, нашақорлар. Осы проблема миграциялық процеске жасалатын бақылаудың әлсіздігінен өрши түседі, ол процесс ауылдық жерлердегі әлеуметтік - экономикалық жағдайға байланысты туындаған ауыл жастарының қалаға қарай ағылуынан болып отыр. Мысалы, Алматының өзінде - ақ 1997 жылы 50 мыңнан астам адам тұрақты мекен жайсыз, өмір сүрудің тұрақты көзінсіз жүрді. Осыдан - ақ криминалдық ортаның қандай қорға сүйенетінін білуге болады.

Қылмыс жасаған тұлғалардың жас құрылымы, мың адам

1995

1996

1997

1998

1999

: Барлық тіркелген қылмыстар
1995: 183, 9
1996: 184, 0
1997: 163, 4
1998: 142, 1
1999: 139, 4
: Барлық қылмыс жасаған тұлғалар
1995: 111, 2
1996: 116, 7
1997: 97, 5
1998: 89, 3
1999: 97, 5
: Соның ішінде: 14 - 17 жас, 18 - 19 жас
1995:

8, 9

49, 7

1996:

8, 4

51, 7

1997:

7, 9

44, 0

1998:

7, 0

43, 8

1999:

7, 5

47, 2

: 30 жас және одан жоғары
1995: 51, 7
1996: 55, 1
1997: 43, 8
1998: 38, 5
1999: 42, 8

Әлеуметтік қызметкер нақты клиентпен немесе азғантай адамдар тобымен жұмыс істейтіндіктен, оның жас құқық бұзушылармен жүргізетін жұмысының бірінші мәселесіне жеке бас факторы жатады, онда ол құқыққа қарсы әрекетке бейім немесе барған жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік - психологиялық мінездерін зерттеп алу жатады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметкердің басты назары әлеуметтік қауіптілік тобында қалыптасқан жас адамға аударылуы керек. Әлеуметтік қауіп тобы - өздерінің әлеуметтік жағдайларымен өмір салттарының күшіне қарай қауіпті теріс қылықтарға бейім болып, нәтижесінде қоғамның қалыпты өміріне қауіп төндіретін ( немесе төндіруі мүмкін) біріккен адамдар тобы. Дәстүрлі типтік қауіптілік топтарына, қоғамның әлеуметтік ауруларының көрінісі ретінде қарастырылатын алқаштар, нашақорлар, жезөкшелер, гомосексуалдар, бомждар жатады. Осы бір қауіптік топтар әкелетін әлеуметтік шығын адамгершілік ұстанымдарының азғындауынан жеке адамаралық қатнастарыдың бұзылуынан, қоғамда әлеуметтік паразитизмнің, зорлықтың және қылмыстың өсуінен көрінеді. Мысалы статистика көрсетіп отырғандай, «бомждардың» 1 % өсуі қылмыстың 5 % өсуіне себепкер болады екен.

Жастардың әлеуметтік қауіптік тобының әлеуметтік толысуы мен ересектер тобына енуі кезеңінде теріс қылықтарға бейімдеуі ерекше болады, өйткені бұл уақытта олардың психикасы тұрақсыз, әрі мінез -құлықтары қалыптаспаған болып келеді. Алқаштардың, нашақорлардың, рецидивистердің балалары өздерінің осы отбасында дүниеге келуімен - ақ қауіпті топтың аса ауыр тобына жатады, олардың болашақта қылмыскер болуы қалыпты отбасына балаларына қарағанда 3 - 4 есе жоғары. Қауіпті топтарға толық емес, отбасынан шыққан, жалғыз шешесі мен немесе әкесімен тұратын балаларды да жатқызуымызға болады. Әкесі болсын, шешесі болсын заңды жоғары ұстанатын және ішімдікті аузына азаматтар болса да, бұл балалар үшін, екі ата -анасымен де тұратын балаларға қарағанда, қылмыскер ортасына түсу мүмкіндігі 1, 5 есе жоғары. Одан да басқа « . . . әл -ауқаты жоғары, толық огтбасыларынан шыққан балалардың өздері мінез -құлықтары мен психикасында, қолайсыз жағдайларда қайғыға ұшыратуға апаратын, ерекше белгілерге ие болғанда, қауіпті топқа жатқызылуы мүмкін» деген осындай пікірлер де орын алған. Бұл мынандай балалар:

  • басқа дамға жаны ашымайтын, өзін оның орнына қоя білмейтін;
  • еңбек ете білмейді, не оны жақсы көрмейді, оның күрделенген нұсқасы: олар сонымен қатар өмірдің деңгейіне жоғары талаптар қояды;
  • қорқақ және дербес емес, өзінің қадір - қасиетін бағалай білмейтін, көсбасшылардың басқаруында қалатын;
  • эмоцианалды дамымаған, беріліп жақсы көру мен тереңінен сезіне білу қасиеттері жоқ;
  • өзінің қылықтарының саналы түрде бағалай алмайтын, түк құрымаса, алдыңғы күнін болжай алмайтын;
  • рухани және мәдени қызығушылықтары жоқ, оның барлық қажеттіліктері түкке тұрғысыз нәрселердің маңайына шоғырланған: дәмді тамақ ішу, «видик» көру, керемет «прикид» кию, «клевый» дос немесе құрбы тауып алу;
  • қызғаншақ өзгенің табысы мен қуанышына қуна алмайтын.

Қазақстандық заңгер М. Нарықбаевтың жастар қылымысына әсер ететін жас адамның әлеуметтік - психологиялық мінезіне қатысты пікіріне келер болсақ, жас адамдар жасамайтын зорлық жасап істеген қылмыстың өсуінің проблемасына талдау жасай отырып, ол ересектерге қарағанда жастар әдетте, еріктері төмен дамыған қабылдағыш, мінездері үлкен конформизмді болып келеді деген. Жастарды әлі де болса өзіндік қалыптасып қалған көзқарастары мен қағидалары жоқ, олар қоғамға қарсы элементтердің теріс әсерлеріне тез елігіп кетеді. Адамның жас кезінде мінезінің және темпираментінің тұрақсыздығы зор рөл атқарады. Жастар да қызулық пен қозғыштық басым болады да, өмірлік тәжірбие арқылы бекітілетін және құрылатын ұстамдылық сияқты салмақты дағдылар аздау. Бұл жастағы тұлғалардың өздеріне тән ерекшеліктеріне ауыр зорлау арқылы жасалатын қылмыстарды бұзықтықпен жасауы жатады. Мұндай бұзықтықпен жасаудың себебіне өзін көрсетуге деген гипертрофирленген ұмтылыс, көп жағдайда оның әрекетін өз қалауынша жұмсаған басқа адамдардың осы әрекетке деген бағасын, реакциясын жатқызуға болады.

Жас құқық бұзушылардың құқықа қарсы мінездерінің табиғатын, сипатын түсіну үшін қоғамға қарсы теріс қылықтың қалыптасу процесінің механизмін білу де маңызды. Адамның кез - келген мінезі, соның ішінде қоғамға қарсы мінездері орта мен жеке адамның өзара әрекеттестігінің формасы деп есптесек, онда оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

а) қоғамға қарсы бағытталған жеке адамның қалыптасуы;

ә) субъектіде қоғамға қарсы теріс қылық жасауға нақты шешім қабылдауының қалыптасуы;

б) бұл теріс қылықты жасай отырып, осы шешімді жүзеге асыру және оның зиянды салдарының болуы.

Осы кезеңдердің әрбірінде жас адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі әртүрлі. Бірінші кезеңде орта жеке бастың ұстанымдары мен құндылықтарына әсер ете алады. Жас құқық бұзушылардың жеке басының қалыптасу процесін зерттегенде көбіне субъект осы тұста қолайсыз өмірлік жағдайларды бастан өткіздіктен, оның жеке басының қалыптасуы, соның ішінде өзін өзі тәрбиелеуі қарама- қайшы, көбіне теріс қалыптасатынын көруге болады. Екінші кезеңде - шешімдерді қабылдауды қоғамға қарсы теріс қылықтар шешеді - ортамен өзара әрекеттестігі субъектінің санасына орта анықтап берген мінездердің қалыптасумен көрінеді. Орта мен өзінің теріс қылықтары моделі құрылады да, оны бағалай отырып жас адам белгілі - бір шешімге келеді. Үшінші кезеңде - субъект белсенді теріс қылық жасаушы ретінде көрінеді, ол ортаға қоғам үшін теріс бағыттан әрекет етеді де, құқық бұзушылықтар, қылмыс жасайды.

Қоғамға қарсы теріс қылықтардың қалыптасуының бұл кезеңдері ұзақтығына қарай әртүрлі. Қылмыстық статистика көрсетіп отырғандай, жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағыты ұзақ уақыт қалыптасады екен, әдетте ол жылдар бойы қалыптасады, ал кәмелетке толмағандардың қылмысын зерттегенде, бұл процестің орташа ұзақтығы шамамен екі жыл деп көрсеткен.

Шешім қабылдау одан аз уақытты алады. Бұл жағдайларда ол күндермен, тіпті минуттармен өлшенеді. Ол қабылдайын деп отырған шешімдерге де байланысты. Сондай -ақ, үшінші кезеңнің - теріс қылықты физикалық тұрғыда жүзеге асырудың да ұзақтығы әртүрлі. Ол көздеп атуды қажет ететін бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылады.

Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің әрекет етуінің негізінде ең алдымен, жоғарғы да аталған кезеңдердің біріншісі, яғни қоғамға қарсы теріс қылықтарының қалыптасу процесі болып табылатыны түсінікті де, сондықтан осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізілуі жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктері ерте анықтауға әсер етеді. Осыдан психологтар, педагогтар, криминологтар, әлеуметтік қызметкерлер құқық бұзушылар шығуы мүмкін деп балалық және өспірімдік шақтарға үлкен назар аударады. Құқық бұзушылықтардың алдын - алу бойынша жүргізетін әлеуметтік қызметкердің әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасауда негізгі айқындама ретінде психологтар мен криминологтардың кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды жіктеуді алу керек. Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір құрамдас бөлігіне - құқық бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады.

Д. И. Фельдштейн жасөспірім - құқық бұзушыларды, жеке бастарының қоғамға қарсы бағыттылығының дәрежесін есепке ала отырып, бес топқа бөледі.

Бірінші топтың өкілдері қара дүрсін, аморальдық қажеттіліктері бар, қоғамға қарсы көзқарастары мен түсініктері қалыптасқандар болып сипатталады. Оларда жолдастық, батылдық сияқты түсініктер теріс қалыптасқан, ұят сезімі жоқ. Олар өзімшіл, ызалы, агрессивті, басқалардың қайғысына немқұрайлы қарайды. Жасаған құқық бұзушылықтарын саналы түрде сезіну, еңбекқорлықтың жоқтығы және уақытты жақсылық өткізуге ұмтылыс, жалқаулық, пайдакүнемдік осы топтағы жасөспірім - құқық бұзушыларға тән ерекшеліктер болып табылады. Мұндай жасөспірімдерді түзету үшін қойған мақсаттарға жетуге деген жігерлерін, көзге түсуге деген ұмтылыстарын, жартылай өздерінің әлеуметтік толықтай қалыптаспағандарын саналы сезінулері пайдаланып қоғамдық - пайдалы еңбекке ұсынылады.

Екінші топты сұраныстары бұзылған, бірінші топтағыларға еліктеуге тырысатын жасөспірімдерді жатқызуға болады. Олар дарашылдар, бейімсіздер, әлсіздер мен кішілерге ғана әлдері келетіндер. Оларға импульстілік, тұрақсыздық, көңіл - күйдің тез ауысуы тән. Олар құқықты негізінен жағдайға қарай аяқ астынан туындай қалған жеке себептерінің бағыттылығына қарай бұзады. Бұл топтағы жасөспірімдерге өзін - өзі асыра бағалау сезімі, қулық, өтірік айту, шыжбалақтық, қырсықтық, адамдарға деген сенімнің болмауы тән. Қайтадан бұларды тәрбиелеу үшін қоршаған ортаны және ол үйренген мінез - құлық формаларын өзгерту маңызды, оларға деген сезімді білдіру керек, жетістіктерін қолдап, тек бағынуды ғана емес, басқара білу керектігін түсіндіріп, оған дағдыландыру қажет.

Үшінші топтың құқық бұзушы - жасөспірімдері үшін бұзылған және теріс қажеттіліктер мен көзқарастар арасындағы қарама - қайшылық тән, бірақ соңғысы олардың мінездерін реттемейді. Ләззат алуға деген өзімшіл ұмтылыстар мен жігерсіздік, жағдайға қарсы тұра аламаушылық оны ассоцияналдық қылықтар жасауға итермелейді. Оларды тәрбиелеуде қарқынды және ширыққан еңбек әрекеті, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс пайдалы болып табылады.

Төртініші топқа қажеттіліктері әлсіз бұзылған жасөспірімдер жатады. Оларға жігерсіздік, еліктегіштік, жеңілтектік, өз күшіне сенбеушілік, өзінен күштірек құрдастарына жарамсақтану тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Конституциялық құқық негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқық бұзушылық
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде
Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz