Norton жұмысының принциптері және құрылымы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Norton жұмысының принциптері
және құрылымы
NORTON COMMANDER программасымен жұмыс істеу.
Дербес компьютерде MS-DOS операциялық жұйесінмен жұмыс істегенде әрбір команда пернелерде теріліп, «Enter» пернесін басқан кезде ғана орындалады, ол команда орындалып болған соң, экранға тиісті мәлімет шығады. Мұндай тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:
- компьютер пернесін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы теруге біраз уақыт жұмсайды;
- орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға жауап, мәлімет шыққан кезде білуге болады;
- экран бетінде жан-жақты қамтылған толық көріністер аз, яғни онда көрнекілік жоқ.
Мұндай кемшіліктен арылу үшін соңғы кездері Адам мен ЭЕМ арасындағы байланысты жеңілдететін, жұмыс істеу жолдарын жылдамдататын «қызметші» қосалқы программалар - ОС-тың қоршаулары пайда бола бастады. Солардың ішінде ең көп тарағаны - Norton Commander (NC) программасы. Ол экран мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерде жиі қолданатын іс-әрекеттердін көбін өте жылдам, әрі көрнекі етіп орындайды. Олар:
- магниттік дискінің мазмұның көру;
- мәліметтер көшірмесін алу;
- файлдарды жылжыту, өшіру, қағазға немесе экранға шығару т. б.
Осындай іс-әрекеттерді жылдам орындау жолдарын NC программасының жұмысын талдау арқылы қарастырайық.
Бұл программаны іске қосудың екі түрлі жолы бар. Егер оны NC. EXE файлын орындау арқылы жүзеге асырсақ, онда бұл программа ЭЕМ-нің жедел жадында тұрақты 150кбайт орын алып тұрады. Мұндайда үлкен көлемді программаларды орындау кезеніңде NC программасынан шығуға тура келеді. Ал, егер де NC программасын NCSMALL. EXE файлы арқылы іске қоссақ, онда бұл программаның керекті бөлігі ЭЕМ жадының тек 12кбайт орнын алады да, программаның негігі бөлігі қажетті кезде ғана автоматты түрде ЭЕМ жадына шақырылады.
Көбінесе NC программасын іске қосу компьютерді алғашқы рет тоқ көзіне қосқанда, AUTOEXEC. BAT файлын орындау барысында автоматты түрде жүзеге асырылады. Сонымен, NC программасын іске қосу үшін
NC Enter
командасын орындау керек, мұндағы NC - программасының аты;
Бұл программадан шығу үшін ЭЕМ пернелер тақтасындағы <F10> пернесін басу керек. Сол сәтте экранда NC - дан шығу керектігін қосымша мақұлдауға қажетті мәлімет пайда болады. Мақұлдау <Enter> пернесін басу арқылы орындалады, ал егер де NC программасынан шыққыңыз келмесе, онда <N> (NO - жоқ) пернесін басу қажет.
Экран көріністері.
NC - ны іске қосқан соң, экранда сызықтармен қоршалған екі тіктөртбұрышты тәріздес терезелер пайда болады (оларды панель деп те атайды) . Олардан төменірек DOS командаларын қабылдайтын енгізу қатары орналасқан, онда DOS - тың шақыру мәліметі мен жыпылықтан тұратын сызықша курсор болады.
Name
. .
Doc
Exe
Bas
Turbo. exe
Prog. doc
Help. txt
Basi. com
654, 336 Bytes Memory
566, 704 Byte Free
42, 661, 888 total bytes on drive C:
4 files used 254, 336 bytes in
C:Basic
C:/Basic>_
1Help 2User 3View 4Edit 5Copy 6RenMov 7Mkdiv 8Delete 9Menu 10Quit
Әрбір терезеде:
- белгілі бір дискінің мазмұны (каталог) ;
- көрші терезедегі каталогы көрсетілген диск туралы керекті мәліметтер;
- бұтақ тәріздес каталогтар құрылымы болуы мүмкін.
Tree
FoxPro Alma
PRG
Basic TurboBas
GWBAS
Talgat
Dekanat
Pascal
Терезелердің жоғарғы жағына оның ішіндегі мәліметтерге сәйкес каталогтың аты, не <Info> (информация - ақпарат), не <Tree> (бұтақ) деген сөздер шығады. Каталог аттары үлкен әріптермен бейнеленеді. Каталог мазмұнының үстінгі жағында нүктелермен белгіленген (. . ) қатар келесі деңгейдегі жоғары каталогқа көшу үшін қолданылады.
NC менюлері
<F9> функционалдық пернесін басқанда, экранның жоғарғы жағына NC программасының бар мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектесетін меню жүйесі шығады. Бұл меню арқылы экрандағы ақпаратты қолайлы түрде бейнелеуде, NC - программасының жұмыс тәртіптерін өзгертуге және т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады.
Меню жүйесінің ең жоғарғы денгейіндегі (<F9> пернесін басқан сәтте) “Left”, “Files”, “Commands”, “Options”, “Right” сияқты, әр түрлі мәліметтер алу мүмкіндігін беретін алғашқы командалар тобы бар. Осы бөліктерден тұратын командалардың бірі көмескі түрмен боялып белгіленіп тұрады. Белгіленген команданы өзгерту үшін, яғни кестелік курсорды оңға не солға жылжыту үшін бағыттауыш пернелердің бірін (→ немесе ←) басу қажет. өзімізге керекті команданы таңдап алған соң, <Enter> пернесін басқан шақта, сол сөздің төменгі жағына бағана тәріздес орындалатын төменгі денгейдегі командалар тізімі шығады. Командалардың бірін жоғары не төмен жылжытатын бағыттауыштар арқылы (↑ не ↓) таңдап алып, <Enter> пернесін басқан кезде сол команда орындалады. Егер команданы орындағымыз келмесе немесе меню жүйесінің жұмысын тоқтату үшін <Esc> пернесін басу жеткілікті.
NC меню жүйесінің командалар тізімін және олардың жұмысын қарастырып өтейік.
Меню жүйесінің “Options” командасы NC программасының жұмыс істеу тәртібін алдын ала анықтайды. Оның іске қосылған төменгі денгей командалары суретте “құстұмсықпен” белгіленген. Осы белгіленген командаларды орындау үшін немесе белгіленбеген команданы іске қосу үшін ол команданы баыттауышпен (↑, ↓) таңдап алып, <Enter> пернесін басу керек.
“Options” мүмкіндігі төмендегі командаларды орындай алады:
Color - экранның түріне байланысты NC программасына оның түсін енгізу;
Auto menus - <F2> пернесін басып, пайдаланушы менюінің бір командасын орындап болған соң, экранға сол менюдің командалар тізімін қайта шақыру;
Path promt - бұл команда іске қосылған болса, терезенің төменгі жағындағы енгізу қатарында жұмыс істеп тұрған дискінің атынан соң ағымдағы каталогтың да аты бейнеленуі тиіс;
Key bar - бұл команда іске қосылса, 25 - қатарда функционалдық пернелер жұмысы көрсетіліп тұрады, әйтпесе ондай мәлімет экранда болмайды. Бұл команданы <Ctrl+B> пернелері арқылы да жылдам орындауға болады;
Full screen - NC терезелері экранды толық алып тұрады (іске қосылған), әйтпесе тек жарты экранға мәлімет шығады (алынып тасталған) ;
Mini status - бұл команда іске қосылып тұрса, әр терезенің төменгі қатарына белгіленген файлдардың саны және көлемі туралы мәлімет шығады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz