Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік жұмыста алаяқтық арқылы жасалатын қылмыстардың құрамы, оны саралаудың маңызы және ондай қылмыстардан айыратын теориялық негіздер, қылмыстың туу жағдайлары және алаяқтыққа байланысты заң нормасын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жете қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің тең құқықтылығы және теңдей қорғалатындығы туралы айтылған [1, 6 б. ] . Конституция талабына лайық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қандай меншік түрлерінің теңдей қылмыстық-құқықтық қорғауға алынатынын және барлық меншік түрлеріне қол сұғушылық үшін теңдей қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Бұл үшін, әрине, біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұмыс жасауымыз қажет. Өкінішке орай, біздің республикамызда әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жатқан жоқ. Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.
Cоңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ алаяқтық жолмен жасалған ұйымдасқан түрлері көбеюде.
Ерекше атап өтетін жайт: кез-келген экономикалық қызмет, ең алдымен, елдегі бар материалдық, қаржылық және өзге де қорларға негізделген. Міне, сондықтан да бұл қиындықтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.
Бұлардың барлығы экономика мен қаржы саласында қорғау, басқару және есепке алу және материалдық құндылықтарды сақтау мәселелерін түп-тамырымен өзгертуді қажет етеді. Өкінішке орай, жоғарыда атап кеткеніміздей, елімізде әлі жеке адамның немесе мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу, оның ішінде алаяқтық жоғары дәрежеде орын алып отыр. . Оның үстіне, сараптама көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары талан-тараждан келтірілген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қоғамдағы ең құнды игілік-адам, оның денсаулығы, бостандығы екенін ескере отырып, адамның мүлкіне әрекет етушілерге жоғары жауапкершілік қолданылуы қажеттігін басым айтқандығына тоқтала отырып, зерттеу тақырыбының күн тәртәбәнен түспеген өзекті мәселелердің бірі екендігін көруге болады [2] .
Елімізде орын алған жаңаша көзқарастағы қылмыстық заңдар қабылданданып өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраса да, Республикада алаяқтықты саралау істері бойынша соттық-тергеу және алдын-ала тергеу тәжірибесі жөнінде ғылыми сараптама жасалған жоқ, бұл тақырыпқа сәйкес арнайы зерттеулер де болған жоқ. Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері мен шегі жөнінде де терең зерттеулер жасалған жоқ, мұндай әрекеттердің жағдайы, динамикасы және құрамы, негізгі себептері мен мұндай қылмысты жасау жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері және мұндай талан-тараждың түрінің алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған. Осы аталғандар біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігіне күмән келтірмейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алаяқтық арқылы жаслған қылмыс қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары деңгейде, сондықтан мұндай құрамды қылмыстардың табиғатын түсіну мәселесінде бір жақты пікірге осы уақытқа дейін келген жоқпыз.
Қылмыстық құқық ғылымында алаяқтықты өзекті мәселе ретінде өздерінің еңбектерінде ішінара қарастырып зерттеу жүргізген ғалымдар қатарында А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Г. Ы. Баймурзин, Р. Е. Джансараева, А. Д. Байсалов, Г. М. Атаханова, Н. С. Жетібаев, М. Қ. Бисенова, Ш. Б. Маликова, Б. М. Жугралина және ресейлік ғалымдар Г. Н. Борзенков, В. А. Владимиров, Е. В. Ворошилина, Л. В. Григорьева, Д. В. Качурин, В. Ф. Кириченко, Г. А. Кригер, В. Д. Ларичев, Ю. И. Ляпунов, Б. С. Никифоров және т. б. сүбелі көзқарастарын айтуға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты болып мүлікті әртүрлі тәсілдер пайдаланып жасалатын алаяқтыққа кешенді зерттеу жүргізу қажет. Алаяқтық арқылы ұрлаудың нақты анықтамасын беру, қылмыс құрамына толық тоқталу, ұқсас қылмыстардан айрудың теориялық негіздер келтіру, алаяқтықты саралаудағы тудыратын мәселелерге ғылыми тұрғыдан ұсыныстар мен тұжырымда жасау.
Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер туындайды: алаяқтыққа қылмыстық құқықтық тұрғыдан анықтама беріп, оның қажетті белгілерін анықтау; алаяқтықтың құрамын жүйелей отырып, аталған қылмысты саралаудың маңызына тоқталу; алақтықтың ереше саралау белгілеріне сипаттама беру; қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы ұғымына теориялық тұрғыдан талдау жасау.
Бұл жұмыстың зерттеу объектісіне - бөтеннің мүлкіне алаяқтық арқылы қол сұғушылық үшін жауаптылыққа тарту негіздері мен жағдайларын реттейтін құқықтық қатынастар жатады. Алаяқтық арқылы ұрлауға жасалған салыстырмалы аумақтық талдау олардың жалпы заңдылықтары Қазақстанның барлық аймақтарына тән екендігін көрсетті: бұл қылмыс түрлерінің аймақтар бойынша айырмашылықтары көп емес - 7% жуық.
Сонымен қатар, меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық ерекшеліктеріне олардың анық пайдакүнемдік сипаты, едәуір таралғандығы, осы әрекеттерді жасаған адамдар санының көп болуы, қолданылатын тәсілдер мен әдістердің алуан түрлілігі, қылмыскерлердің криминалдық прогрессионализмінің артуы; анық білінетін эгоцентризммен, жеке адам мен жалпы қоғам мүдделерін құрметтемеуімен, пайдакүнемдікті мақсат тұтуымен қатар олардың әлеуметтік-демографиялық, адамгершілік-психологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамаларының ретсіздігі жатады.
Зерттеу пәні алаяқтықты саралауға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы және аталған тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер құрайды.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі : таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбын жан-жақты, тереңірек ашып, мүмкіндігінше ауқымды көлемде игеру мақсатында әртүрлі әдістер, оның ішінде: тарихи талдау, салыстырмалы-құқықтық, тарихи- құқықтық және құрылымдық кеңінен қолданылады. Алаяқтықты саралауда алатын орнын және оның маңыздылығын, алаяқтықтан келтірілетін зардаптың түрлері мен дәрежесін, қоғамға қауіптілігін зерттеу барысында статистикалық және нақты әлеуметтік әдістерге арқа сүйеу орын алды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық құқық, Қылмыстық атқару заңдарына негізделіп жазылған. Диссертациялық жұмыста заң ғылымындағы түсініктер, ережелер мен қағидалар, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психологиядағы тұжырымдар мен пікірлер негізге алынды. Қылмыстық істерді оқып, зерттеу барысында жиналған материалдармен, статистикалық мәліметтер зерттеудің эмпирикалық базасын құрайды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы алаяқтықтың қазіргі таңдағы шешілмей жатқан мәселесін ашып көрсетуге бағытталған. Алаяқтықтың қылмыстық құқықтық анықтамасы берілген. Осыған орай оның жасалу тәсілдері жүйеленіп, алаяқтықтың қазіргі таңдағы алдау, арбау жолдарын жете зерттелген.
Диссертация бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қылмыстық құқық теориясында алаяқтық алдау анықтамасы біркелкі емес. Атап айтқанда, оны анықтағанда барлық назар «ақиқат дәлелді бұрмалауға» шоғырланған, осындай алдау деп «қылмыс субъектісінің ойынша жәбірленушіні өз мүлкін беруге итермелейтін кез-келген дәлелдерді бұрмалау» қабылданған. Алаяқтық алдау анықтамаларының негізінде шындықтың теріс үрдіс жатыр. Осындай анықтама бойынша алдау - «кез-келген ақиқатты бұрмалау немесе шындықты жасыру». Сондықтан алаяқтықтың нақты анықтамасын негіздеу;
2. Алаяқтың тек қасақана ниетпен және пайдақорлық мақсатпен жасалатыныдығын және адам сеніміне кіріп мүлікті қайтарымсыз алынатындығын негіздеу;
3. Алаяқтық арқылы жәбірленушіге тек қана мүліктік емес моральдық зиянның келетіндігін алға тарту.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы .
Жұмыстың теориялық маңызы сенімге кіріп алдау арқылы мүліктік зиян келтірудің қылмыстық- құқықтық тұрғыдан зерттеу жүргізілуімен ерекшеленеді. Алынған ұсыныстар аталған норманы қолдану кезінде қоғамға қауіпті әрекетті саралауға, алаяқтыққа жаза тағайындауда тиімді қолданудың заңды негіздерін анықтауға бағыттайды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мазмұнында келтірілген зерттеу нәтижелерін, тұжырымдар мен ұсыныстарды мынадай бағыттарда қолдануға болады:
Алаяқтықтың алдын алу мәселесін шешуде елеулі көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің нормаларын жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында;
Қылмыстылықтың алдын алу бағытында жүргізілетін арнайы мемлекеттік бағдарламаларды және ҚР Жоғары Соты Пленумының қылмыстық істер бойынша нормативтік қаулыларын дайындауда;
Жоғары оқу орындарында «Қылмысты саралау» пәнінен дәріс және семинар сабақтарын өткізу барысында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеудің негізгі тұжырымдары, ұсыныс қорытындылары қылмыстық құқық және криминология кафедрасының алдын ала қорғау мәжілісінде талқыланып сыннан өтті.
Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижесі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жария етілді, атап айтқанда: Қылмыстық құқықтағы алаяқтықтың субъективтік белгілерінің маңызы/ «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру проблемалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» атты Республикалық ғылыми конференциясының материалдары. -18 қараша 2010 ж. ; Ұйымдасқан топ болып алаяқтықты жасау// «Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму жағдайындағы саясат, экономика және құқық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы. -1 наурыз 2011 ж.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.
1 МҮЛІКТІ ҚОРҒАУДЫҢ қылмыстық құқықтық маңызы
1. 1 Мүліктік қатынасты қорғаудың қылмыстық құқықтағы орны
Меншік құқығы меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттің қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпауға әрі бақыланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты “байланыстырғыш” ретінде байқалды. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, ағарту, рационалдық және саяси ойдың жаратылыстану - құқықтық мектептері өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық-құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болды. Ол негізінен мына кезеңдерге бөлінген :
1. революцияға дейінгі кезең -ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса;
2. кеңестік кезең- 1917 жылдан басталып, 20 ғасырдың 80 жылдарының соңы;
3. кеңестен кейінгі кезең- 80 жылдардың соңынан қазірге дейінгі мезгіл.
Бүгінгі күнде қылмыстылықтың ерекше бір түрі қоғамның экономикалық саласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы болып табылады. Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде және 2011 жылғы 25 қаңтардағы қылмыстық заңнамадағы жазаларды декриминалдауға қатысты меншікке қарсы қылмыстардың біршамасына, оның ішінде алаяқтыққа ерекше көңіл бөлінді [3, 2 б. ] .
И. А. Архипованың ойнша меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез - келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы [4, 112 б. ] .
Сондықтан да, меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқық нормаларымен және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанда қылмыстық құқық нормаларымен де қорғалынады.
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің тең түрде қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс - әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке, оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлатын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан кең мағынада алғанда бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен парапар. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
С. В. Каширский меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп аталады деген пікірде. 1922 және 1926- жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады [5, 87 б. ] .
Е. О. Алаухановтың пікірінше: меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қаупін тудырумен байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [6, 140 б] .
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар құрайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез - келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез - құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмыстық іс бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: біріншіден , қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден , кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ, қылмыстың тікелей объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасауымызға болады. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа азаматтардың заңмен қорғалынатын құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда ғана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық қорғаудың объектісі меншік қатынастары емес, басқа игіліктер - қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы қарастырылады.
Біз талдайын деп отырған қылмыс құрамдарында меншік қатынастары негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді, яғни, оларды жасау барысында өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты, қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Отандық ғалым А. Н. Ағыбаевтың ойынша меншікке қарсы қылмыстардың заты - Азаматтық кодексте көрсетілген меншік құқығының кез - келген объектісі бола алады. Осыған байланысты интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған [7, 191 б. ] . Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды деп есептейміз.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде - заттар, яғни, ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс құрамдарының көмегімен құрылған. Олардың объективтік жағы үш міндетті белгіден тұрады: іс - қимыл, нәтиже және іс - қимыл мен нәтиженің арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс құрамы ретінде берілген. Ал қорқытып алушылық формальдық құрам ретінде сипатталған. Яғни, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық іс - қимыл қарастырылған.
Меншікке қарсы қылмыстарда іс - қимыл көбінесе белсенді әрекет сипатында болады. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалына алады. Мүлікті абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әректсіздік болуы мүмкін. Қылмыстық нәтиже әруақытта да материалдық сипатта болады да, мүліктік зиян келтіруден көрінеді. Көп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне немесе өзге де адамдарға келтірілген тікелей нақты залал құрайды. Тек қана, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының міндетті белгісі - қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі тек біреуі ғана абайсыздық нысанындағы кінәмен жасалынады - ол бөтеннің мүлкін абайсыздықта жою немесе бүлдіру арқылы жасалған қылмыс, ал қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады. Осыған байланысты тек бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады да, қалғандары тек тікелей қасақаналықпен жасалынады.
Жалпы ережелерге сәйкес меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі - жалпы субъект болып табылады. Тек бір ғана қылмыста - бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап етуде ғана арнайы субъектісі болып табылады. Кейбір қылмыс құрамдарында арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. Мысалы: адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшеріне қатысты меншікке қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. Келесі қылмыстар үшін 16 жастан жауаптылық туындайды: алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, жерге заттай құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. Ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, ауырлататын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру үшін жауаптылық 14 жастан бастап туындайды.
Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан - таражға салу деп аталған қылмыстарға және талан - таражбен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан - таражға ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.
Талан - таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену құрайды.
1. 2 Қылмыстық құқық теориясындағы және қылмыстық заңнамадағы талан - таражға салудың түсінігі және белгілері
Талан - таражға салудың дәлме - дәл анықтамасын беру осы қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражға салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен ажыратуға, сондай - ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған заңдарға сәйкес талан-тараж ұғымы - топтық ұғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан - таражға салудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді. Күші жүріп тұрған заңда талан - таражға салудың ұғымын беру барысында ескі заңдардың тәжірибесі, сондай - ақ қылмыстық құқық ғылымында берілген анықтамалар қолданылған.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесінде соңғы уақытқа дейін талан - таражға салудың біртұтас анықтамасы кездеспеген болатын. Бұл жағдайдың себебін заңдарға талдау жүргізу арқылы іздестіріп көрейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz