Айтыс – сөз барымтасы


Жоспар
1. Кіріспе
2. Жалпы айтысқа анықтама
3. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
4. Қорытынды
Кіріспе
«Айтыс - сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс қазақ халқының әдеби мол иұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтыс - сөз жарысы, өнер бәйгесі. Екі адамның бетпе-бет келіп, қолма-қол шығарып айтатын өнері. Айтыс жұрт бас қосқан ортада айтылады. Шаршы топта бәсеке айтысқа түскен екі ақынның сөзін сараптайтын әділ төрелік айтушы көпшілік және абыройлы адамдар.
Қазақ халық әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады. Мәселен, осы тұста Ақан, Нұржан, Құлтума, Сапарғали, Сейдәлі, Омар, Құлманбет, Сүйінбай, Шашубай, Ырысты, Сара, т. б. Айтыс өнері кейбір түркі тілдес халықтарда да дамыған.
Айтысқа анықтама
Айтыс - қазақ және қырғыз, қарақалпақ халықтарында ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - өмірдегі әлеуметтік тартыстар мен адам қатынастарына негізделген желіге құрылып, кезектесе айтылатын қисынды, дәлелді, ұтқыр өлең. Оған көбіне жүйрік, ақпа-төкпе, суырып салма ақындар қатысады. Қарсылас екі ақын импровизаторлық тәсілмен табан аузында өлеңмен сайысып, бір-бірін сөзбен жығуға тырысады. Айтыс әркез шаршы топ алдында өткізілген. Оның төрешісі - тыңдаушылар, көпшілік қауым. Көптің, халықтың сынына түсу ақынның қаншалықты тапқыр, жүйрік екендігін айқындап, шынайы дарын иесінің шабытына қуат беріп, шеберлігін шыңдап, ширықтырып отырған. Айтыс қазақ өмірінде өнер мектебі болған.
Өткен заманда өмір сүрген Жанақ, Сүйінбай, Шөже, Түбек, Кемпірбай тәрізді айтыс өкілдерінің өнерін Жамбыл, Нұрпейіс, Шашубай, Иса, Доскей, Орынбай, Нартай, Кенен секілді халық ақындары жалғастырды.
Импровизация - өлең-жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері. Ауыз әдебиетінде, өлең-жырды ауызша шығару айтуға байланысты үлкен өріс алған. Ауыз әдебиетінде өлеңді табанда суырып салып айтатын қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған. Импровизаторлық өнер қазақ ауыз әдебиетінің, поэзияның ең басты өзгешеліктерінің бірі. Бұл өнердің әсіресе жарқын көрінетін үлгісі - ақындар айтысы. Шынайы биік өнер болып саналатын айтыс - табанда суырып шығарып айтатын ақындардың сөз сайысы. Импровизациялық төркіні халықтық ауыз әдебиетінде жатыр. Ежелгі гректің, Шығыс және Еуропа елінің жыршы ақындары импровизациялық өнерден кенде болмаған. Бірақ бұл өнер жазба әдебиеті ерте дамыған елдерде сақталмаған. Жазба әдебиетіндегі өлеңді бірден, дайындықсыз шығару да экспромт, импровизация деп аталды.
Айтыс өлеңдерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері - ақындар айтысы. Қазақтың айтыс өлеңдерін зерттеген әдебиетші-ғалымдардың айтуына қарағанда, шын мәніндегі үлкен айтыс, яғни ақындар айтысы, мөлшермен алғанда XIX ғасырда туған.
Демек, айтыстың күрделі, көлемді түрі, яғни шын мәніндегі ақындар айтысы, XIX ғасырдың бас кезінде туып, бертін келе, молайып дамыған, халық әдебиетіндегі басты жанрдың біріне айналған. Бұған көптеген ақындар қатысып, өздерінің ақындық өнері, қызметімен зор үлес қосқан. Айтыс ақындары шын мәніндегі үлкен айтысқа түсу үшін қайсысы болса да аса көп даярлық жасаған. Мәселен, жас кезінде ақын болуды мақсат еткен Жамбыл ауыл-үй арасында, кіші-гірім оуын-сауықтарда жанынан өлең шығарып жүреді, бірақ онысымен үлкен «ақын» танылмайды. Сондықтан ол өзінің ақындық өнерін сынату және ақыл-кеңес алу, ақындық өнерге үйрену мақсатымен сол кездегі атақты ақын Сүйінбайға келеді. Жамбылдың ақындық талантын таныған Сүйінбай жас ақынға көп ақыл береді, жақсы ақын болу үшін не істеу керектігін айтады. Көп уақыт Жамбыл аға ақынның қасында болу, одан сөз өнерін үйренеді, үлгі алады және Сүйінбайды тәрбиешім, ұстазым деп түсінеді. Кейіннен Жамбылдың ақындық қанаты қатқан шақта ғана, Сүйінбай оны айтысқа түсіп, ақын атағын алуына рұқсат етеді. Жамбылдың:
Менің пірім - Сүйінбай, Сүйінбай деп сөйлесем.
Сөз сөйлемін сиынбай, Сөз келеді бұрқырап
Сырлы сұлу сөздері Қара дауыл құйындай, -
Маған тартқан сыйындай.
деуі тегін емес.
Айтыс - ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол - ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жайды жақсы ұғынып, мол дайындықпен келетін болған. Әдетте, айтыс екі ақынның амандасып керісуінен басталады да, содан әрі қарай үдей береді, көптеген мәселелерді көтеретін болады, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады. Мәселен, Балта ақын Шөжемен айтысқанды сөзін:
Шөже ақын, сен де шешен, мен де шешен,
Салғанда қара алдына мен бір көсем.
Екеуіміз екі жақтың жүйрігіміз
Күйлі, жайлы жүрмісің аман-есен?
деп бастайды. Осы ретпен айтысқа кіріскен ақындар ұзақ арпалысады; дауласа, салғыласа отырып, әр алуан әңгімелерді ортаға салады. Бұл ретте олар әшейінде айтпайтын тұрпайы сөздерді айтуға дейін барады. Бірақ қызу айтыс үстінде ондай сөздерге кешірім етілетін болады. Сонымен қатар, айтысқа түскен ақындар кейде бірін-бірі жеңу мақсатымен әрқайсысының бойындағы мін, кемшіліктерін де қазбалайды. Мәселен, Шөжемен айтысқан ақындардың барлығы оны жасытып, жасқандырмақ болып, Шөженің соқырлығына тиіседі. Балта ақын Шөжеге:
Өз сөзің дәл өзіңе жөн бе, соқыр,
Ел кемітіп жүруің жөн бе, соқыр?
Қараөткел, Көкшетауды жеген соқыр,
Ел түзеуші, тергеуші сен бе, соқыр, - дейді. Жалпы алғанда, айтысқа түскен ақындар мұндай нәрселерден немесе өлең шығара алмағандықтан жеңілмейді. Олар екі мәселеден жеңіліс табады. Біріншісі, ақынның білім көлемі тайыз келсе, әр нәрседен мәліметі, хабары болмаса, айтыс үстінде оқыстан қойылған сұрауларға табан аузында жауап қайыра алмаса, онда ақын жеңіледі. Мысалы, Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы. «Бір күні Жамбылдың үйіне құрдастары Байсалбай мен Ералыжан келіп: Сен Құлманбетті жеңдім дейсің, қалай жеңдің? Құлманбетпен сол айтысыңды айтшы, - деп қолқалайды. Жәкең аз толғанып отырады да: - Ойбой, оны мен жеңгенім жоқ, атамыз Қарасай мен ақиық ақын Сүйінбайдың аруағы ғой жеңдірген. Әйтпесе, Құлмамбет дегендерің ол кезде аузымен құс тістеген кезі еді ғой. Болмаса Іле бойындағы сол топта он бір ақынды жеңіп, домбырасын керегеге байлап қоя ма? Сол жолы үлкен жиынға Жетісудың талай жерінен көп халық келді. Тумысымда мұндай үлкен асыр, үлкен жиын, топты көргенім жоқ. Құлманбет он бір ақынды жеңіпті деген соң мені шақыртар деп, бір кедей шаруаның үйінде жайғаса тұрдым. Сонда өлең айтып отырғанымда екі жасауыл келіп, алдына салып алып барды. Он екі қанат қазақы үйде Албан, Шапыраштының «сорпаға шығарлары» толып отыр екен. Төрде ояздың қасында отырған Құттықсейіттің Құдайбергені шүйдесі шоқпардай болып маған одырая қарады. Ояздан сәл төмен, күшігендей көзін сүзіп Құлманбет шүйгін отыр екен. Мен кіре-ақ жер-жебіріме жетіп, өлеңді тоғытты. Сонда Құлманбет былай деген еді:
Екейді ел дейміз бе, бел дейміз бе,
Көтеремді көктемде жемдейміз бе?
Жалаң аяқ жарлыны ерттеп мініп,
Қой соңында салып бір желмейміз бе?
Қызықты, уа, халайық көрмейміз бе?
Жыртық тонды Жамбылдан жеңілген соң,
Таман Албан ұяттан өлмейміз бе?
Ақын деп бір тулақты алып кепті,
Албан, Суан ортаға алып көрмеміз бе? - деп борандатқаны-ай. Менің тізем қалтырап, алғашында не айтарымды білмей қатты састым. Әйтеуір айтыса келе менің сөзім күшті бола берді. Өйткені ба йларды емес, халықты мақтадым. Жеңуін мен жеңдім, ақшаны жуандар жеді. Солай, шырақтарым, - деп Жамбыл өзінің Құлманбетпен айтысқанын әңгімелеп береді. »
Айтыстарда халық ақындарының ел билеген бай, болыс, төре, сұлтан, әкімдердің еңбекші елге жасаған зорлық-зомбылығын, парақорлығын әшкере етіп сынаудың мысалы көп. Мұндай сын Сүйінбай мен Тезек төремен айтысында да орын алғанын көреміз. Бүкіл Жетісу өлкесін билеген Тезек төре аса айбарлы, қатты, залым және жұртты қоғалаты, ығыстырып ұстаған адам болыпты. Мұның үстіне оның қарамағында ұры-қарылары бар екен. Тезек төре сол ұрыларын аттандырып, әр жерден мал ұрлатып алдырады екен. Бір күні төренің найманға аттандырған екі жігіті жылқы ала алмай таяқ жеп қайтып келіпті. Олардың әлі олжасыз, әрі соққыға жығылып қайтқанынаашуланған төре ұрыларына ұрсып-зекіріп жатқан үстіне Сүйінбай ақын кіріп келеді. Сүйінбайдың рұқсат сұрамай, үйге кіріп келгеніне төре қатты ашуланады. Төре тұқымдарының заңы бойынша, сұраусыз кірген адамның ат-тоны айыпқа алынады екен. Тезек төре осы жазаны Сүйінбайға қолдану туралы жігіттеріне бұйрық береді, олар ақынды шешіндіре бастайды. Сонда Сүйінбай:
Ассалаумағалейкүм, Тезек төре,
Елден жылқы қоймаған, кезеп төре, - деп сөзін бастайды да:
Төрені келіп едім көрейін деп,
Сәлемін пайғамбардың берейін деп,
Аттандырған ұрысы қолға түсіп,
Хан ием отыр екен өлейін деп, - дейді. Тезек төренің елге істеген жауыздықтарын ақтара айтып, қыза түседі. Төреден әмірші әкім екен деп именбеген, қайта одан өзін жоғары санаған Сүйінбай халықтың ызалы ашу-кегін тасқындатып жібереді. Елге «кезеп» аты жайылған төрені қылқындыра жерлейді.
Хан Тезек, қарамысың, төремісің,
Жемесең ұрлық етін өлемісің?!
Жетім менен жесірдің ақысын жеп,
Барғанда, ақыретке беремісің?!
Не басыңа күн туды ұрлық қылып,
Жарлының малын жейсің торып тұрып.
Белдеудегі байлаулы қос қаракер,
Меккеге барып па еді зорықтырып.
Ұрың түгіл, өз басың қолға түсіп,
Қазақтар өлтірмепті тобыққа ұрып, - төренің озбырлығын бетіне басады. Соңында сөзден жеңілген Тезек төре Сүйінбайға өзінің Қаракер атын береді.
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
Сүйінбай Аронұлы 1822 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек, өзінің замандасақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған.
Сүйінбай ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да, Мұхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған. Сүйінбайдың өлеңдері 1935 жылы Ілияс Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинақ болып басылды. 1975 жылы «Ақиық» жинағы шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz