Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды ортаазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.
Қазіргі уақытта ақпарат қолданылмайтын қызмет түрінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді. Оны түрлендіре отырып, шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның арқасында геоақпараттану және геоақпараттық жүйелер деген сияқты ұғымдар пайда болды.
Геоақпараттану - бұл географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми дәлелдеу, жобалау, құру, пайдалану және қолдану туралы ғылым, ол - технология және өндірістік әрекет. Өткен ғасырдың соңында ақпараттық жүйелердің жаңа класы - географиялы ақпаратты жүйелер (ГАЖ) пайда болды. Олар табиғи ресурстарды басқару мен өндірістің көптеген түрлерін ұйымдастырудың негізгі құралына айналып отыр.
Қазір өнеркәсібі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар: олар геодезия және картографияда, кадастрда, ресурстарды басқаруда, табиғат пен экологияны қорғауда, туризм саласында, экономикада, тіпті саясатта да қолданылады. ГАЖ-дың шығуы және жылдам таралуы бірнеше себеп болды:
- топографиялық жұмыстардың мол тәжірибесі, әсіресе тематикалық картографияның;
- картографиялық процесстерді автоматтандыру;
- компьютерлі технологиялық мол жетістіктері мен информатика және компьютерлік графиканың дамуы.
Геоақпараттық жүйелер - бұл кеңістік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Геоақпараттық жүйелердің мәні - қалай болғанда да деректерді жинауға, деректер қорын құруға, оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге болады. Пайдаланушы сұранысы бойынша, ол мәліметті картографиялық пішінде беруге, сонымен қатар кесте, график, мәтіндер түрінде шығаруға да мүмкіндік береді.
Геоақпараттық жүйелер бірнеше ғылымдардың тоғысуынан, әдетте сандық картографиялау мен автоматты басқару жүйелерінен, жоспарлау мен ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеулерден құралады. Геоақпараттық жүйе - жалпы географиялық, карталар мен экологиялық, кадастрлы және ГАЖ-дың құрылуына байланысты көптеген басқа да деректерден құралған ақпараттарды біріктіреді.
Геоақпараттық жүйелердің функциялары: картографиялық және тақырыптық ақпараттарды жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, талдау, түрлендіру, тарату.
Біздің елде ГАЖ түсінігі 1992 жылдан бастап кеңейе түсті. Бүгінгі таңда әр түрлі деңгейдегі геоақпататтық жобаларды ұйымдастыруда құрамында жүздеген мың маманы бар ондаған мың ұйым еңбек етуде. Олар шешетін сұрақтар адамзат іс-әрекетінің барлық салаларымен байланысты:өнеркәсіпті, көлік және табиғи ресурстарды пайдалануды жоспарлау, экологиялық жағдайдың мониторингі, құрылыс және архитектура, табиғи және қалалық кадастр, бизнес және қаржы географиясы, жер реформасы, туризм және тағы басқалар.
Курстық жұмыстың мақсаты - әлемдегі және Қазақстандағы туризм саласында географиялық ақпараттық жүйелердің пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу.
Курстық жұмыс міндеттері:
- геоақпараттық жүйенің негізгі ұғымдарын, пайда болу себептерін анықтау;
- геоақпараттық жүйенің негізгі бағдарламалары мен олардың жұмыс істеу принципін анықтау;
- геоақпараттық жүйені туризмде алатын рөлін анықтау;
- геоақпараттық жүйені туризмде пайдаланудың шетелдік тәжірибесін сараптау;
- геоақпараттық жүйенің Қазақстанда пайда болуына сипаттама;
- геоақпараттық жүйе көмегімен Оңтүстік Қазақстан облысының туристік сандық картасын жасау.
Курстық жұмыстың өзектілігі геоақпараттық жүйе көмегімен жасалынған Оңтүстік Қазақстан обылысының туристік картасын пайдалану арқылы, туристер мен жергілікті басқару органдары өңірдің туристік потенциялына статистикалық талдау, ғылыми анализ, бақылау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туроператорлар мен туристік агенттіктер өзінің туристік маршрутын тұтынушыға визуалды түрде көрсете алуы болып табылады.
Курстық жұмыста келесідей ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды:
- сипаттау
- талдау
- кестелік
- модельдеу
- картаға түсіру
Курстық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізін геоақпарат пен оның туризмдегі рөлі жайындағы отандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстары, ғылыми әдебиеттер және ғаламтор желілері құрады.
- ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Кеңістік мәліметтерді өңдеудегі компьютерлік әдістердің әзірленуі
Бірінші кезекте геоақпараттық жүйелердің дамуына мүмкіндік берген оқиғалар - компьютерлік технология саласындағы жетістіктер. Соңғы бірнеше оңжылдықтағы есептеу қуаттылығы бағасының төмендеуі ГАЖ-дың кең қолданысқа түсуіне себепкер болды. ГАЖ-дың кең қолданысына ықпал еткен маңызды тағы бірнеше оқиғалар бар, олар: графикалық технологияның, мәліметтерге қолжетімділік мүмкіндігінің және оларды сақтаудың, санаудың, бағдарламалаудың, тұтынушы мен механизм арасындағы интерфейстің жақсаруы және теориялар жүйесінің дамуы. 1991 жылы ағылшын ғалымы Мартин С. К. айтуы бойынша: географиялық ақпараттық жүйе «көптеген басқа технологиялардан және түрлі қолдану салаларынан бөлініп бөлек дамыды және осылайша көптеген түрлі салалар арасында кездесу орнына айналды» [1] . Мәліметтер базасы, жерді арақашықтықтан зерделеу, ғаламдық позициялау, локациялау жүйелері, автоматтандырылған жобалау, компьютерлік графика - бірінші дәрежелі маңыздағы салаларға жатады. Экран, принтер, плоттер және аппараттық түрлендіргіш, сканер сияқты енгізу құрылғыларындағы аппараттық оқиғалар геоақпараттық жүйелердің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Алайда, компьютерлік картография және кеңістіктік статистика сияқты салалар геоақпаратық жүйеге көптеген функцияларды енгізген салалар болып табылады. Алғашқы зерттемеледің біраз бөлігі Солтүстік Америка және Ұлыбританияда басталған. АҚШ-та Қоғамдық денсаулық сақтау Қызметі, Орман Қызметі, Халық Санағы Ұйымы және Гарвардтың Графикалық Зертханасы сияқты мекемелер геоақпараттық жүйелердің дамуында өзіндік рөл атқарады. 1960 жылдары бұл салада дала жұмыстарымен айналысатын шағын коммерциялық ұйымдар болатын, бірақ Бритиш Оксфорд Картография бірлестігі сияқты ұйымдар, сонымен қатар бірқатар жекелеген зерттеушілер сандық технологиямен жұмыс жасай бастаған болатын. Тек компьютерлік картография мен кеңістіктік статистика салаларындағы жасалған жетістіктерден кейін ғана қазіргі таңда біз білетін геоақпараттық жүйе пайда болды.
Компьютерлік картография компьютердің көмегімен карталарды шығару, өңдеу, сақтау және редакциялау болып табылады. Компьютерленген геоақпараттық жүйелердің дамуы компьютерлік картографияның дамуымен тікелей байланысты. Компьютерлік картографиядағы зерттемелер: Ұлыбритания атласы, САЙМЭП [1] .
Ұлыбритания атласы - бұл атлас Ұлыбританиядағы кеңістіктік мәліметтерді өңдеудегі компьютерлік әдістер дамуының катализаторларының бірі ретінде кеңінен танымал. Бұл дәстүрлі атласты дайындау жұмыстары 1950-жылдары басталғанымен, ол тек 1963 жылы ғана жарық көрді. Бұл жұмысқа көптеген картографтар мен дизайнерлер тартылды және басылып шығарылу барысында бұл жұмыс үшін мақтауда да, сын да айтылды. Картографиялық тұрғыда атлас мақталғанымен, атластың көлемді форматы мен мәліметтердің ескілігіне байланысты сын болды, соңында атлас баспагерлері шығынға ұшырады. Карта құрастыру барысында туындаған мәселелер Бикморды және оның Оксфорд Тәжірибелік Картография бірлестігіндегі әріптестерін мәліметтерді тексеру, өңдеу, классификациялау және графиктермен тәжірибе жасау үшін компьютерлерді қолдану мүмкіндігін қарастыруға жеткізді. 1950 жылдардың соңында картадағы атауларды автоматты түрде орналастыру және санаудың әдістеріне тәжірибелер жасалына бастады. Бұл зерттеулер алғашқы басқарылмайтын курсорды аппараттық түрлендіргіштер мен сызық өлшеуге, проекцияны өзгертуге және мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламалардың әзірленуіне алып келді [2] .
САЙМЭП, алғашқы коммерциялық қолжетімді автоматтандырылған картографиялық пакет болып табылады. Ол алғаш АҚШ нарығына 1965 жылы ұсынылды және шала өңделгеніне қарамастан, хороплетті карталарды жасауда пайдалы болды. Карталарды жасау тез болғанымен, бірақ жұмыстың сапасы шала болды, себебі олар сол шақтағы шығару құрылғысы, яғни сызықтық принтерлерге бағынышты еді. Сызықтық принтерлер сол бір символды немесе санды бірнеше рет қайталап басып шығару арқылы аймақты көлеңкелеуге қол жеткізді. 1991 жылы американдық ғалым Mather САЙМЭП тің алғашқы бейнетті нұсқаларын сипаттайды [1] . Қолданыстағы перфокарталар колодасының өндірісі созылғыш кергімен біріктірілді, олар перфокартадан ақпаратты оқуға, енгізуге арналған құрылғы арқылы оқылды. Карталар қолданысы оператордың талқылауына ұсынылып, ал нәтижесі кейіннен жиналатын болды. Дегенмен, кейіннен файлдық кірістер мүмкіндігі пайда болды және басқа да маңызды зерттемелер интерполяция сияқты алғашында субъективті картографиялық үдерістердің іске асуымен жүргізілді және СИМВУ алғашқы үш-өлшемді картографиялау пакеті болып табылды. САЙМЭП және СИМВУ екеуі де 1980 жылдарға дейін кеңінен қолданылды. САЙМЭП және СИМВУ нәтижелерінің мысалдары 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. САЙМЭП және СИМВУ нәтижесінің мысалдары [1] .
1950 жылдардың соңында және 1960 жылдардың басында компьютерлер қолжетімді бола бастағалы статистиктерге көмек ретінде кеңістік статистика және географиялық талдау әдістері ұзақ зерттеулер мен даму сатысында болды. Бастапқы зерттемелер кеңістік тартылым өлшемдері, үшөлшемді талдау, желілік талдау және үлгілеу әдістері сияқты салаларда жүрді. Бұл оқиғалар ГАЖ дағы немесе компьютерлік картографиядағы қандай да болсын оқиғалардан алшақ жүріп жатты, ең алдымен, себебі синтетикалық мәліметтер мен талдауды пайдалана отырып, құрастырылған әдістер әдеттегідей тек бір рет қана жүргізілетін. Бұл әдеттегі шынайы әлемнің мәліметтерін қолданатын және бірнеше рет қайталана алатын ГАЖ дағы «талдаумен» қарама-қайшы келеді.
Жиырмасыншы ғасырдың ортасында кеңістік статистиктермен құрастырылған әдістердің біраз бөлігі ГАЖ да іске асыру әлі де болса мүмкін емес болатын. 1960 жылдардағы географиядағы «сандық революцияға» және кеңістік статистиканың үйретіліп, кеңінен қолданыла бастағанына қарамастан, бұл әдістер әлі де болса бағаланбайды немесе бұл әдістерді көптеген тұтынушылар қажет етпейді, сонымен қатар олар ГАЖ өнімдері мен шығарылымдарында кездеспейді.
Бұл әдістердің кейбірі, соның ішінде геодемография мен орналастыруды жоспарлауда қолданылатын әдістер жеке пакеттерде кездеседі. Алайда, бұлар жиі ғылыми тұрғыда тезис ретінде қалып қояды немесе тәуелсіз мамандардың клиенттерді ақпаратпен қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылады.
1. 2 Географиялық ақпараттық жүйелердің дамуы
ГАЖ технологиясының даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең 50 жылдарда компьютерлік технологияның жетістіктерімен 60 жылдары пайда болған графикалық дисплейлер және де ЭЕМ басқа сыртқы құжаттарының дамуына байланысты болды. Бұл кезеңнің тағыда бір ерекшелігі грамматикалық алгоритмдер және де графикалық мәліметтреді дисплейде бейнелеу мүмкіншілігімен кеңістік сараптама әдістері және деректер қорын басқару жүйесіне байланысты программалардың шығуы.
Бұл кезеңде, география пайда болған теориялық жұмыстар және кеңістіктегі қарым қатынас, әсіресе географиядағы сандық әдістерінің дамуы өз ықпалын тигізді.
Геоинформатика мен ГАЖ-дың шартты дамуына және жетістігіне ықпал жасаған, әрине бұл Канаданың географияның ақпараттық жүйесінің шығуы мен оның жасалуы. 60 жылдың басында жасалып, бұл ГАЖ осы уақытқа дейін қызмет жасап келе жатыр.
Канаданың ГАЖ-ның “атасы” болып Роджер Томплинсон болып табылады, және де осы кісінің жетекшілігімен көптеген концепциялық жетістіктерге технологиялық шешімдер жасалып, іске асырылды.
ГАЖ және карта талдауындағы зерттемелер компьютерлік картография мен кеңістіктік статистикадағы зерттемелер шамасында басталды. Олар қағаз карталардың шектеулілігіне, мәліметтер жиынының бір-бірін басуы мәселелеріне және қолжетімді мәліметтер жиынының көлемі мен санының өсуіне байланысты пайда болды. Алғашқы зерттемелер техникалық тұрғыда болды және бірнеше рет қайталанатын мәселелерді шешу үшін географиялық мәліметтер жиынымен бірге қолданыла алатын кеңістіктік мәліметтерді өңдеу мен талдау құралдарының жиындығын құрастыруды көздеді. Жедел қарастыруды қажет ететін техникалық мәселелерге санау, жаңартуға және талдауға мүмкіндік беру үшін мәліметтер құрылымын жетілдіру, сақтауды жеңілдету үшін тармақтық мәліметтерді нығыздау және үлкен немесе шағын мәліметтер жиынымен жұмыс жасай алатын компьютерлік әдістердің дамуы жатты. Алғашқы зерттемелер жоғары сапалы өнім шығаруға емес, мәліметтерді талдауға бағытталған болатын, бұл картографтарға тән емес еді. ГАЖ деп аталатын алғашқы жүйелердің бірі Канадада 1964 жылы пайда болды. Канадалық Географиялық Ақпараттық Жүйе Канадалық Ауыл Шаруашылығы және Даму Актісі талабының нәтижесі ретінде құрылды және Жер Кадастры Жүйесіне арнап жиналған мәліметтерді қолданды. Ол жер тілемдері өндіре алатын дәнді дақылдар карталарын құрастыруға және жердің орман шаруашылығына қабілеттілігін картографиялауға арнап шығарылған болатын. Зерттеу аймағындағы жерлер жабайы табиғаттың потенциалына сәйкес, кейбір түрлерге жағымды немесе жағымсыз болған барлық факторларды ескере отырып жіктелген болатын. CGIS және канадалық Жер пайдалану Кадастрының картографиялануы 2-суретте көрсетілген.
Сурет 2. Ауыл шаруашылығы үшін жерді пайдалану жердің мүмкіншіліктері [1] .
1970 жылдары ГАЖ-дағы және оған жақын пәндердегі зерттемелер есептеу техникасындағы және басқа да технологиялық зерттемелердің арқасында қыруар әрі түрліше болды. Сонымен қоса бұл онжылдық жерді арақашықтықтан зерделеудегі жетістіктерге де куә болды, яғни NASA-ның алғашқы үш Landsat жер серіктері ұшырылды. 1970 жылдардың ортасына дейін зерттемелер әлі де екі бөлек салада: шектеулі талдау мүмкіндіктері бар, сол уақытқа дейін коммерциялық қолжетімді болып үлгерген ГАЖ-да және жоғары сапалы графиктер мен сызуларға, мәліметтерді жеңіл өңдеу жолдарын жақсартуға бет бұрған компьютерлік картографияда жүріп жатты. Жаңа компьютерлік картография өнімдері нарыққа шықты. Мысалы, GIMMS, MAPICS және SURFACE II. Географиялық Ақпараттық Картографиялау және Басқару Жүйесі (The Geographic Information Mapping and Manipulation System (GIMMS) ) ең алғашқы ғаламдық қолданысқа түскен геоақпараттық жүйе болып табылады. Ұлыбританиялық географ-ғалым Д. У. Риндтың баяндауы бойынша, Географиялық Ақпараттық Картографиялау және Басқару Жүйесі қазіргі таңдағы ГАЖ-дың алғашқы жол салушысы және ол топографиялық мәліметтер құрылымын, тұтынушының бағыттамасын және макротілдері қолданады және графиктердің тұтынушымен басқарыла алады [3] . Ұлыбританияда сандық бейнеде шығарылуды көздеген алғашқы көптүсті карталардың стандартты сериялары 1971 жылы пайда болды. 1970 жылдары алғаш конференциялар пайда болды және ГАЖ бойынша еңбектер басылып шығарылды. Конференциялар материалдары және де басқа да басылымдар 1974 жылдан бастап жарық көре бастады. ГАЖ-ды талқылау үшін ұйымдастырылған алғаш Ұлыбританияда ғалымдардың бас қосуы 1975 жылы өтті. 1970 жылдары жұмысшылардың тағы бір үлкен үлесі ол - ГАЖ-дың даму жолында кездескен қиындықтардың тек техникалық емес екендігін түсінуі. Ағылшын географы Р. Ф. Томлинсон және басқалары ақпараттық жүйені жүзеге асыруды басқару мәселелерін, сонымен қоса одан да бәлкім көбірек техникалық мәселелердің қыруар екендігін түсінгендердің алғашқы қатарында болды.
1980 жылға қарай алдыңғы қатарлы графиктер мен мәліметтер талдауына, мәліметтер базасына шынайы уақыт режиміндегі және шынайы типологиялық жабуға сұраныс өсті. Ол уақытқа дейін компьютерлер картографиялық өнімнің барлық аспектілерінде өз жолдарын тапқан еді, сонымен қатар компьютерлік картография, ГАЖ және кеңістіктік талдау үйлесті, ГАЖ термині 1980 жылдардың ортасына қарай кеңінен қолданыла бастады. Бұл онжлдықтағы басты оқиғалардың бірі - 1986 жылы есептеу шарттарында Intel 80386 микросызбасын қолдана отырып, алғашқы микрокомпьютерлердің шығарылуы болды. Бұл микрокомпьютерлерге негізделген ГАЖ өнімдерінің жаңа буынына жол ашты. 1980 жылдары маңызды техникалық зерттемелеріне растрлық мәліметтер үлгісі қолданысының ұлғаюы, компьютерлік жад бағасының төмендеуі, «квадроағаш» мәліметтер құрылымының дамуы жатады. Компьютердің көмегімен географиялық мәліметтерді өңдеуге деген қызығушылықтың артуы он жылдық көлемінде көрініп отыр, бұл теориялық құрылымға емес, тұтынушылардың талабына сай жүйе эволюциясының тез дамуына алып келді. Дамушы, сонымен қатар дамыған елдер ГАЖ-ға арналған қосымшаларын зерттей отырып, халықаралық, континенталды жобалар жасады. Дамушы елдер үшін қосымшалардағы тұрақты кеңейтулер 1986 жылдан кейін қолжетімді бола бастады. Табиғи орта, ұлттық және аймақтық үкіметтер мен утилиттер негізгі қолданыс салалары болып саналады. Көптеген жаңа жобалар басқа ұйымдармен ынтымақтастық пен мәлімет алмасуға негізделді. Мысалы, CORINE, BOX 9. 4. Бұл жіберу форматы, шығыны, авторлық құқығы сияқты мәлімет сұрақтары бойынша жаңа дисскусияның бастамасы болды және мәліметті тауар ретінде бағалаудың жалпы тенденциясы басталды.
1990 жылдардың басында ГАЖ жалпы мақсаттағы бағдарламалық пакеттер болып есептелді. Автоматтандырылған компьютерлік картография өнімдері кеңінен қолданылды және көптеген қолданушылар коммуналдық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және экологиялық зерттеулерде үлкен қосымшалар үшін сандық мәліметтер базасын орнатудың бірнеше міндеттерін бастады. 1990 жылдың басында ГАЖ Windows-ке негізделмеген болатын, яғни командалық жолдан көптеген пакеттер ысырылды. ДК бағдарламалар DOS-қа негізделді, есептеу машиналарында интуитивтік емес операциялық жүйелер қолданылды. 1990 жылы ГАЖ-ды сатып алу үшін 500 мың шартты бірлік, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуге 1 млн шартты бірлік қажет болды. Сол жылдары есептеу техникасы бағасының төмендеуіне байланысты, жылдам әрекеттегі машиналарды потенциалды сатып алушылар жетерлік. Күннен-күнге көбейіп отырған ГАЖ-ды пайдаланушылар, жинақталған ақпарат алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Мысалы, ATLAS GIS сияқты кейбір жүйелер тапсырыс берушінің өтінішімен, даяр деректер қоры арқылы жинақталады. Осыған байланысты 1990-жылдары ГАЖ-ды кіші қалалар мен облыстар, жеке өнеркәсіп салалары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, т. б. сатып ала алатын болды. 1993 жылы Denver-based Research Corporation жүргізген кіші қалалар мен 3, 5 млн халқы бар қалалардың 386 респондентін қамтыған геоақпараттық жүйелер нарығын зерттеу нәтижесі, Солтүстік Америка қалалары мен кенттері шамамен 40% геоақпараттық жүйені сатып алғанын көрсетті [3] .
XXI ғасырдың алғашқы жылдарында ГАЖ жүйелі және негізгі бола бастады. Әлемнің барлық мемлекеттік және коммерциялық ұйымдары ГАЖ-ды әртүрлі формада қолданды. Әрбір адамның өміріне белгілі бір деңгейде ГАЖ негізгі немесе жанама түрде араласа бастады. ГАЖ технологиялары навигациялық және онлайн картографиялық жүйелерде пайда болды, сонымен қатар ұялы телефондар, үй дербес компьютерлері және сымсыз ноутбуктер сияқты күнделікті құрылғыларда қолжетімді еді. ГАЖ-сервистерінің көптеген қолданушыларының арнайы ГАЖ немесе ГАЖ ғылымы туралы білімдері болмады. Геоақпараттық жүйелердің даму кезеңдері және әр кезеңнің ерекшеліктері, сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Геоақпараттық жүйелердің даму кезеңдері [1] .
- Жеке тұлғалар маңызды
- Әмбебап есептеу машиналары басым
- Жергілікті эксперимент және әрекет
- Ұлттық агенттіктер арқылы құрылған ГАЖ
- Дамытуға күш салу
- Жеткізушілердің көбеюі
- Жұмыс станциялары мен ДҚ қолжетімді болуы
- ГАЖ кеңесшілері бюросының пайда болуы
- GIS World (АҚШ) және Mapping Awareness (Ұлыбритания) сияқты журналдардың шығарыла бастауы
- Бастапқы стандарттау барлық аппараттық платформалар үшін жүйенің қолжетімділігі
- ДК мен желілік жүйелерді кеңінен қолдану
- Ғаламтор көрсетілімі басталған
- ГАЖ коропоративті ақпараттық жүйелер үшін
- Қолжетімді мәліметтерді кеңейту
- Әркім үшін ұялы және онлайн ГАЖ
Түйіндей келе, қазіргі ГАЖ бір шетінен көнеден қалыптасқан автоматтандырылған жүйелердің өңдеу әдістерін қолданса, екіншіден мәліметтерді ұйымдастыруда және өңдеуде ерекшеліктерге ие бола отырып, ақпараттық жүйенің жаңа дамыған түрі болып табылады. Бұл ГАЖ-дың көп мақсатты, көп аспектілі жүйе екендігін көрсетеді. ГАЖ осыдан 30 жыл бұрын пайда болғанымен де, оның қарыштап дамуы соңғы 10 жыл шамасында болды. Қазіргі кезде ГАЖ дүние жүзінде миллиондаған адамдар жұмыс жасайтын қуатты индустрия. ГАЖ-дың негізгі бағыты географиялық ақпарат болып табылатын кеңістіктік-уақыттық мәліметтерді өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
- ГАЖ-ң негізгі бағдарламалық өнімдері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz