WINDOWS-тың негізгі ұғымдарымен танысу


Windows-тың негізгі ұғымдарымен танысу

1. Жұмыс үстелі

Компьютер іске қосылғаннан кейін, бірден Windows операциялық жүйесі жүктеледі. Экраннан жүйелік бумалар, құжаттар мен жарлықтардың әртүрлі шартбелгілері көрінеді. Windows-тың экраны жұмыс үстелі деп аталады. Жұмыс үстелінде Менің компьютерім, Қоржын т. б. щартбелгілер орналасқан. Менің компьютерім щартбелгісі көмегімен компьютер туралы толық дерек алуға болады. Қоржында өшірілген файлдар уақытша сақталады. Желілік орта (сетевое окружение) шарт белгісі желімен байланысқан копьютерге қатынас жасау мүмкіндігін береді. Әр шарт белгінің өзіндік ақпаратының қызметі болады.

2. Тапсырмалар тақтасы

Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденең жолақ - Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Онда программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін «Іске қосу» (Пуск) батырмасы орналасқан.

Іске қосу батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады. Бас менюдың командалары келесі деңгейдегі менюлерден құрылуы мүмкін. Мұндацй компьютердың оң жақ шетінде ►белгісі тұрады. Бас меню Ctrl+Esc пернелерін басқанда да ашылады. Бұл тәсілді Іске қосу батырмасын экранда көрінбей тұрғанда пайдаланған тиімді.

Бас менюдегі командалар қатарын әр адам өзгертуіне болады.

3 . Тышқан тәрізді тетік

Тышқан тәрізді қол тетіктің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы - негізгі, оң жақ батырмасы - қосымша, ал ортаңғы - программалау батырмасы болып саналады. Экранда тышқан курсорының түрі жұмыс режиміне қарай әртүрлі болып өзгеріп отырады.

Тышқанды шерту - оның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта босату арқылы орындалады. Екі рет шерту - сол жақ батырмасын жылдам екі рет басып, қайта босатуарқылы іске асады.

Тасымалдау - курсорды кез келген шарт белгіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын босулы күйінде ұстап, курсорды қажетті жерге орналастыру арқылы жүзеге асады.

Жанама немесе динамыкалық менюды шақыру - тышқанның оң жақ батырмасын басып, қайта босату арқылы орындалады.

Терезе көлемін өзгерту - курсорды терезе жақтауына орналастырып, ал екі жақты тілсызыққа айналғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап терезе жақтауларын кез келген бағытта ығыстыру.

Тышқанның көмегімен Windows операциялық жүйесін және оның қосымша программаларының жұмысын басқарамыз. Мысалы, кез келген командаларды орындаймыз және суреттер саламыз, оның бөлігін қиып алып басқа орынға қоямыз.

4. Менің компьютерім

Жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім шарт белгісі, копьютердегі бүкіл бумалар мен файлдарды көру үшін, тышқан курсорын осы шартбелгіге орналастырғаннан кейін, сол жақ батырманы екі рет жылдам шерту керек. Сол сәтте экранға Менің компьютерім программаның терезесі шығады. Бұл терезесі Windows жүйесінің барлық стандартты терезелері сияқты тақырып, меню, саймандар тақтасы қатарларынан, басқару батырмаларынан және қалып-күй қатарынан тұрады. Терезе ішінде компьютердегі барлық дискілер тізімі көрініп тұрады. Олардың қажетті бірінің атына тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы кез келген дискінің ішкі мазмұнын көру мүмкіндігі бар.

Менің компьютерім терезесінде А:, С: және Е: (компакт-диск) дискілерінің белгілеушілері орналасқан. CALC файлында тышқан тетігін екі рет шертсе кәдімгі есептеуіш калькулятордың терезесі ашылып, амалдарды орындау мүмкіндігі туады. Ал картаның суреті бар SOL файлы арқылы пасьянс карта ойынын іске қосуға болады .

Жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасында (Панель задач) орналасқан сағатты түзету үшін, курсорды сағаттың үстіне орналастырып, тышқанды екі рет шерткеннен кейін шығатын қасиеттер: Дата/Уақыт(свойства: Дата/Уақыт) диалог терезесінің Дата және Уақыт (Время) өрістеріне қажетті шамаларды енгіземіз.

5. Windows сілтеуіш программасы

Диск құрылымын көрнекі көрсететін Сілтеуіш (проводник) програмасын іске қосу үшін, басты менюдегі Программалар - Сілтеуіш (Программа - Проводник) командасын таңдау қажет немесе Ctrl+Shift пернелерін басып, Менің компьютерім шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Сілтеуіштің сол жақ жарты терезесінде компьютердегі негізгі құрылғылар мен программалық компоненттер беріледі, ал оң жақ жартысында - сол жақтағы дискілер мен бумалардың ішкі мазмұны көрініп тұрады. Бұл әсіресе файлды көшіру және олардың орнын ауыстыру кезінде өте ыңғайлы.

Сілтеуіштің сол жақ жарты терезесіндегі бұтақ тәріздес каталогтардың құрылымы - кез келген ішкі каталогты жылдам тауып, оның файлдарын оң жақтағы тақтаға шығару мүмкіндігін береді. Каталогтар арасындағы жіңішке сызықтар файлдар мен каталогтардың байланысының сатылық деңгейлерін білдіреді. Квадраттар ішіндегі «+» таңбасы сол буманың әлі де ашылмаған ішкі каталогтары бар екенін, ал «-» таңбасы каталогтың толық ашылғанын білдіреді. Квадраттың ішіндегі «+» таңбасында тышқанды шертсе, оң жақ жартысы өзгермей сол күйінде қалады да, буманың бағынышты каталогтарын сол жақ бөлікте көру мүмкіндігі пайда болады. Егер буманың шарт белгісінің алдында «+» таңбасы болмаса, оның ішкі бағынышты каталогының жоқ болғаны. Ашық тұрған каталогты жабу үшін оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Сілтеуіштің екітерезе ортасын бөліп тұрған сызығы, олардың көлемін өзгерту үшін қолданылады. Егер курсорды сол сызықтың үстіне орналастырсақ, оның түрі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады да, тышқан батырмасын басып шекараны оңға, солға жылжыта аламыз.

6 . Жұмысқа нұсқау

Програманы іске қосу үшін Бас менюдегі (Главное меню) ащып, қажетті программа орналасқан буманы таңдап алғаннан кейін, сол бума белгісінде тышқанды шерту керек. Ашық тұрған терезелерді бәрін бір мезгілде жинақтап жабу қажет болса, курсорды тапсырмалар тақтасының бас аймағына орналастыру, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жанама менюдегі Барлығын жинау (свернуть все) әмірін таңдау жеткілікті .

Бірден бірнеше файлды немесе бумаларды белгілеу үшін, шартбелгіні таңдау кезінде Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет.

Өшірілген файлды немесе бумаларды арнайы тазартылмайынша қоржында сақталып тұрады.

Құжатты ашу үшін оны шарт белгісіне курсорды орналастырғаннан кейін тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Компьютерді өшіруге дайындау басты менюдегі жұмысты аяқтау (Завершение работы) - Компьютерді өшіру (выключение компьютера) - Иә (Да) командаларының көмегімен іске асырылады.

Қолданбалы программалардың терезелері

Windows ортасындатерезе деген ұғым бар. Кез келген программаларды, құжатты іске қосқан соң, олар өзіне қатысты терезе ішінде жұмыс істейді, бір мезгілде бірнеше программа, құжат терезелерін ашуға болады. Windows ортасында терезелердің стандартты элементтері бірдей болып келеді. Тек, сол программаның атқаратын қызметіне қарай біршама өзгерістері болуы мүмкін.

Бумалардың өңдеу қызметін атқаратын қолданбалы программаға төмендегі программалар жатады:

♦ Менің компьютерім - шартты түрде Қолданба (Приложение) деп атауға болатын шартбелгісі жұмыс үстелінде орналасқан арнайы бума;

♦ Сілтеуіш - Бас меню - Программалар жолынан іске қосуға болатын қолданбалы программалар;

Сілтеуіш программаның Сілтеуішенің компьютерім шарт белгісінің немесе Іске қосу батырмасының жанама менюінен де іске қосуға болады.

Менің компьютерім және Сілтеуіштің атқаратын қызметтері бірдей, айырмашылықтары файлдар мен бумалар жөніндегі мәліметтерді беру форматтары мен бумалардың бұтақ тәріздес құрылымының орналасуында болып табылады.

Қолданбалы (Приложение) терезесі төмендегі стандартты элементтерден тұрады: тақырып (тақырыптың аймағы), меню қатары, саймандар тақтасы терезенің мазмұны (құжаттық терезесі ) , қалып-күй қатары.

Қолданбаның терезесі түгел экранды немесе оның бір бөлігін алып тұруы мүмкін. Терезесін уақытша кішірейткенде, оның шарт белгісі тапсырмалар тақтасына орналасқан. Менің компьютерім бір терезелі қолданба болып саналады. Оның терезесінде буманың құрылымын ірі немесе кіші шарт белгілер тізімі немесе кесте түрінде көруге болады. Сілтеуіш терезесінің Менің компьютерімнен айырмашылығы, ол екі терезеден тұрады.

1. Сол жақ терезе - компьютердегі бумалар мен дискілердің бұтақ тәрізді құрылымын көрсетеді. Буманың жанында тұрған «+» таңбасы оның басқа да кірме бумалардан немесе файлдардан құралғанын және ішкі мазмұнының көрінбей тұрғандығын, ал «-» таңбасы ішкі мазмұнының көрініп тұрғандығын білдіреді.

2. Оң жақ терезе - сол жақ терезеде дискінің немесе буманың атын шерткеннен кейін оның төменгі деңгейлі бумалары мен файлдарының тізімін көрсетеді.

Файлдар жүйесін ұйымдастыру

Файл жүйесі

Файл дегеніміз - белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған программа немесе құжат (оның аты 255 символдан аспауы керек) . Музыка магнитті таспаға қалай жазылса, файлдар дискіге дәл солай жазылады. Файлдар дискіде белгілі мөлшерде орын алып тұрады, оның берілген аты бойынша кез келген уақытта ашып, мазмұнын экраннан көруге болады. Файлдарды жүйеге келтіру үшін бумалар құрылады. Яғни, бір бумаға бірнеше файлды жазып қою мүмкіндігі бар. Файлды бір бумадан басқа бумаға ауыстыруға, көшіруге, өшіруге, т. б. әрекеттер жасау үшін арнайы программалар қолданады. Windows операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу Менің компьютерім және Сілтеуіш программаларының көмегімен жүзеге асырылады.

Дискідегі буманың құрылымын Сілтеуіш программасының көмегімен көру үшін:

1. Іске қосу батырмасында тышқанды шерту;

2. Бас менюдің Программалар қатарын таңдап, одан кейін Сілтеуіш жолында тышқанды шерту қажет;

Сілтеуіш терезесінің сол жақ жартысындағы бумада тышқанды шертсек, оң жағында осы буманың мазмұны көрінеді. Буманың сол жағында орналасқан «+» таңбасында тышқанды шерткенде, оның ішкі мазмұны сол жақ терезеде көрінеді де, оң жақ терезеде ешқандай өзгеріс болмайды.

Сілтеуіш прграммасын Менің компьютерім шарт белгісінің немесе Іске қосу батырмасының жанама менюіндегі Сілтеуіш қатарында тышқанда екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Файлдардың және бумалардың атын өзгерту, оларды көшіру, жылжыту

Файлдардың немесе бумалардың атын өзгерту үшін:

1. Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезеде оны таңдап алу қажет;

2. Меню қатарындағы немесе жанама менюдегі Атын өзгерту (Переименовоть) командасын таңдау қажетнемесе тышқанның сол жақ батырмасын сол файлдың немесе буманың атында шерту қажет;

Осы екі әрекеттің бірі орындалғаннан соң, буманың немесе файлдың жанындағы жыпылықтап тұрған терезеге жаңа атауды теріп жазып, тышқанды бос жерге шерту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Форманың кейбір қасиеттері
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Delphi ортасының мүмкіндіктері
Дерекхана терезесімен танысу
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Windows, word, excel, ms access, интернет желісі
Операциялық жүйелердің қауіпсіздік моделі
Novell DOS операциялық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz