Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Қолданбалы информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Несиелік қор менеджментінің ж8йес3
Тексерген: к. э. н, доцент
Биярова Амангул
Өнербаевна.
Орындаған: Ақылбаева Г. Абдишева Ж.
Мамандығы: ЭАЖ.
Тобы: 403
Алматы2006
Жоспары
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім: . . . 4
1. Несиелік қордың ұғымы . . . 4
1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі . . . 4
1. 2 Қазақстан Республикасындағы банктердегі
несиелік қор . . . 6
2 . Экономикалық ақпараттық жүйенің ұғымы . . . 10
2. 1 Оның құрамы мен ерекшеліктері . . . 10
2. 2 Экономикалық ақпараттық жүйеде
математикалық әдістердің қолданылуы . . . 13
3 . Несиелік қордың менеджментіндегі ақпарат жүйелері . . . 15
3. 1 Менеджменттегі ақпарат жүйе . . . 15
3. 2 Менеджмент пен несиенің байланысы . . . 16
3. 3 Қазақстан Республикасында несиелік қордың
менеджментінің экономикалық ақпараттық
жүйесінің қолдану түрлері . . . 21
4. Несиелік қордың менеджментінің ЭАЖ-нің программасы . . . 30
4. 1 Программаның құрылу жолы . . . 30
4. 2 Программаның қолданылуы . . . 39
III. Қорытынды . . . 40
- Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 41
Кіріспе
Несиелік қор сияқты экономикалық санаттар экономиканың кез-келген үлгісінде оны жөнге салып, тәртіппен басқарудың ең тиімді тетігі болып есептеледі. Басымыздан өткізген экономиканың үлгілерінің бәріне де мемлекет осы санаттарды тиімді пайдалана отырып, өндірістік өнімділігін қамтамасыз етіп келді, және қоғамның өнім мен ұлттық пайданы өз мақсатына сәйкес бөліп отырады. Ал, оларды тиімді пайдалануды банктердің маңызы зор.
Өйткені банктер ғана әркімнің уақытша бос артық ақшаларын өзіне шоғырландырып, экономиканың аса маңызды салаларына, болмаса халық арасына қайта бөле алады.
Бұл курстық жұмыста несиеге байланысты сауалдарды қамтиды. Яғни несиенің жеке өндіріс органдарының тиімділігін арттырудағы, өнім шығару мен оны өткізу процестерінің үздікссіз жүргізуіне, негізгі қордың көбеюіне байланысты, өндірістің көлемін ұлғайтуда тигізетін ықпалы туралы қаралады. Несиенің ең қолайлы (оптимальный) ақпараттық жүйесінің қажеттігі, сонымен қатар несие алушылардан алынатын төлемнің қажеттілігі, оның экономикадағы атқарымы мен маңыздағы жан-жақты қаралады.
Тағы да айта кететін болсақ, бұл жерде банктер мен банк жүйелеріне арналған. Бұл жұмыста ақша және несиелік қор саясаты эканомикалық санаттарды басқарудағы атқарымы мен маңыздары қамтылған. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы, жоғары және төменгі деңгейдегі банктердегі қолданылатын эканомикадағы ақпараттық жүйенің (ЭАЖ) өзара қарым-қатынастары жөнінде айтылады. Банк жүйесіндегі менеджмент, эканомикалық мөлшер (нормативтер) деген жаңа ұғымдарға тиісті түсініктер беріледі.
II. Негізгі бөлім
1. Несиелік қордың ұғымы.
1. 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие алудан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын . Экономика ғылымы өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие төңірегіндегі алуан-түрлі практика және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің мәнін ашу-бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы, қосымша оның құрылымын қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге ойналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын анық оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәлімеде қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кридитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеделдететін, немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болды.
Мысалы:
- шикізаттар мен материялдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- Тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- Өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін уақытында төленбеушілік т. с. с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің, әр шаруашылықта бір кезде басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуі уақытша бос қаржы пайда болды, ол кейбіреулеріне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болды.
Сонымен әр бір шаруашылықта, уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама-қайшылықтар туып тұрады.
Осындай қарама-қайшылықты жөндеу, реттеу үшін пайдаланатын бірден- бір құрал несиелік қорлар болып табылады.
Ол үшін, барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің бюджетінің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын, бір жерге, банкідегі есеп шоттарына шоғырландырылады, ол банктер осы ақшаларды пайдаланып, уақытша қосымша қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілерге, жеке тұлғаларға және керек болған кезінде, басқа елдердің фирмаларына, қайтарымдық және ақылық жағдайларға несие береді .
Ол енді, несиелік мәміледе, кімнің несиегер (кридитор) болып қатынасқанына байланысты, несие қорларыны төмендегідей нысандарға бөлінеді.
Несиелік қордың коммерциялық нысаны:
Несиелік қордың бұл нысанында несие беруші шаруашылық жүргізуші субъектілер болады. Яғни, мұндай несиенің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр, яғни, тауардың сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін алу. Болмаса, сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі мерзім өтеннен кейін төлеу жөнінде, вексель-борыштарының міндеттеме беруін айтады.
Несиелік қордың мемлекеттік нысаны:
Мемлекет немесе оның жергілікті органдары, қарызгер және несиегер болып қатысатын несиелік қарым-қатынастың жиынтығы деген жөн. Яғни, мемлекет ешкімге несие бермейді. Ол екінші дәрежелі банктердің атқарымы болып саналады.
Несиелік қордың халықаралық нысаны:
Несиелік қордың бұл нысаны, несиелік мәлімеге қатысушының бір жағы шетелдік субъектісі болған кезде пайда болады.
Несиелік қордың банктік нысаны:
Барлық несие нысандарының ішінде ең көп тараған нысан . Бұл түсінікті де. Өйткені, біріншіден, банктердің операцияларының ішінде, несие беру, ең бастысы. Екіншіден, шаруашылықтардың жеке тұлғаларының уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландырып олардың басқаларға несиеге беру, банкіден басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Көптеген авторлардың пікірлеріне қарағанда “жүйе” деп бірнеше бөлшектерден құралатын тұтас, яғни, сол зерттелетін объектінің бөлшектерінің жиынтығы. Солай болса банк жүйесі де соны құрайтын элементтердің жиынтығы.
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі, негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әр түрлі банктер болып табылатынын түсінуге болатын .
Банк жүйесіне кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін яғни банк инфра-құрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді.
Оның ішінде :
1) Ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бұл қызмет банкті елдің, шаруашылықтың әр түрлі салаларының, кәсіп орындардың эканомикалық жағдайлары туралы керекті деректер мен қамтамасыз етеді. Сол деректерге сүйеніп банктер клиенттерінің несие қайтару қабілеттерін экономикалық және іскер нарықтардың жағдайларын бағалап, тиісті қортындылар шығарады.
Мұндай ақпарат нарық жағдайында ісіресе бәсекелік күрестің дамыған, экономикалық дағдарыстың шиеленіскен кезінде өте қажет. Өйткені, мұндай кезде мемлекеттің және шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы жағдайында тұрақсыздық болады.
Көптеген экономикасы өскен елдерде ақпаратпен қамтамасыз етумен арнайы құрылған фирмалар, коммерциялық агенттіктер шұғылданады.
Сырттан алынатын ақпарат көзінің қатарына газеттерде, журналдарда, анықтамаларда тағы басқа да басылымдарда басылған деректер қосылады. Нарық кезінде мұндай ақпарат көздері эканомика салаларына көбірек көңіл бөледі.
2) Ғылымдық қамтамасыз ету.
Банктың бұл инфрақұрылымы барлық банк жүйесінде де және жеке банктердің де жұмыс істеу жағдайын қамтиды. Өкінішке орай, Қазақстанда банк жұмысын, банкілік қызметтердің нарығын, банк операцияларының тиімділігін, банктердің ел экономикасына тигізіп жатқан әсерін зерттейтін ешқандай ғылымдық құрылым жоқ деуге болады. Кейбір ірі банктердің “Экономикалық талдау және статистика” деген депортаменттері бар. Бірақ олардың жұмыстары ғылыми жұмысқа ұқсамайды. Сондықтан қазіргі банктердің жұмысында ғылыми негіз бар деп айту қиын.
3) Кадрлік қамтамасыз ету.
Қазақстанның қазіргі жағдайында банк жүйесіне мамандар дайындау ешқандай қиындық жоқ, тек сан жөнінде әңгіме, біріншіден, олардың сапасында, екіншіден, сол дайындалған мамандардың қалай пайдаланылып жүргенінде.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы банктердегі несиелік қор.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының орталық банк ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.
Ұлттық банк- бұл эмисиялық , резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
ҚР - ның ұлттық банкінің несиелік қор саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағасын қамтамасыз ету болып табылады.
Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар болып табылады.
Несиелік қордың төменгі буыны, халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Яғни екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді, несиелік қорларды ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып саналады.
Банктегі несиелік қорлар- ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік қордың басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операйиялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық несиелік қор- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауар немесе, көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады . Коммерциялық несиелік қордың ерекшелігі мынада:
Қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ол оның мақсаты- тауарларды өткізуді жылдамдату .
Коммерциялық несие қорларды Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді француз фирмаларынікі -20-25%. Олардың кейінгі орнында
Ағылшындық, Американдық және Германиялық компаниялар кіреді.
Тұтыну несиелік қоры- бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиелік қорының негізгі міндеті - тұрғындарға сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты : бір жағынан-тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төмен қабілеттіке сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Ипотекалық несиелік қор- жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несиелік қоры- азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергіліктк билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиелік қордың негізгі формасы-мемлекеттік зайымдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.
Халықаралық несиелік қорлар- валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Сонымен қатар, Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптаса бастады. Осы уақыт ішінде сызбада құрылым қалыптасты.
Қазіргі кездегі несие қорлары соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Сондықтан да, Қазақстанда банктік емес несиелік қорлар саны кобеюде. Сол себептен, Қазақстанда мемлекеттік бюжеттен тыс қорларға мыналарды жатқызуға болады:
- Зейнетақы қоры- кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен құрылған ұйым болып саналады.
- Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры- жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілун қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 жылы құрйлған ұйым.
- Әлеуметтік сақтандыру қоры- аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншшіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құралады.
- Міндетті медициналық сақтандыру қорлары.
- Ломбардтар -банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым) . Ломбардтық несие операцияларын ұйымдастырудың ерекшелігі оның кепілдік міндеттемесінің жоқтығы болып саналады. Яғни кепілге қарыз алған кезде, клиент кепілдік билет немесе кепілдік фактыні және берген қарызды куәландыратын басқа құжат алады.
- Несие серіктестігі -өзінің қатысушылырына қызмер көрсететін несиелендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға.
2. Экономикалық ақпараттық жүйенің ұғымы.
2. 1 Оның құрамы мен ерекшеліктері.
Ақпараттың алуан түрлері бар: саяси, биологиялық, математикалық, спорттық, экономикалық және тағы басқалары.
Экономикалық ақпарат жүйесі (ЭАЖ) - бұл материалдық игіліктерді өндірудің алмастырудың, бөлудің, жинқтаудың және тұтынудың қоғамдық кезеңдері туралы ақпарат. Ол экономикалық қатынастар мен қоғамдық өндірістік кезеңдерін бейнелейді.
Сонымен, ЭАЖ - экономикалық мәліметтерді өңдеу барысында аынатын мәліметтер болып табылады.
Ал мәліметтерге - кез-келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.
Экономикалық ақпарат объектілердің (кәсіпорындар, фирмалар, биржалар, фермалар және тағы басқалары) құндылық, табиғи және басқада көрсеткіштері арқылы жан-жақты қызметтерін бейнелейді.
ЭАЖ әріптер, сандар және олардың түйдектелген түрінде берілуі мүмкін. Ол дискретті және әртүрлі тасығыштарда (магниттік табақшаларда, құжаттарда және басқаларда) белгіленеді.
ЭАЖ сызықтық түрде болады және дер кезінде жазылады. Сондай-ақ, оған үлкен жалпға бірдейлік пен көлемділік тән қасиет. Сондықтан, ол көптеп қайталанып топтасудыжәне өңделуді қажет етеді. ЭАЖ айналымд болады, яғни оның пайда болуы мен өңделуінің айналымы, қайталанып отырады.
АЖ-ны тиімді ұйымдастырылып және оның күйін әділ бағалау үшін ақпаратты сандық әрі сапалық жағынан өлшеп отыру мкаңызды болып табылады.
Ақпараттың сандық сипаттаушы белгілері ( параметрлері) мәліметтер көлемін анықтаумен байланысты болады.
Ақпаратқөа сандық баға беру синтаксистік ( физикалық) деңгейде ғана қолданылады. Мысалы магниттік табақшаға жазуға болатын ЭАЖ көлемі 360Кб (килобайт), ал 5 дюймділік табақша үшін ақпарат көлемі 1, 2 Мбайт (мегобайт) және 3 дюймділік табақша үшін 1, 4 Мбайт болады.
ЭАЖ-ны сапалық жағынан өлшеу дегеніміз - яғни бұл оның ақпараттық мөлшерін, ақиқаттылығын, өзектілігін, қабылдауға қойылғандығын, уақыттылығын, бағалылығын және тағы басқаларын анықтау.
Ақпараттың бағалылығы дегеніміз-жалпы түрде алғанда оның тұтынушыға қатысты маңызды, елеулі болуы.
Экономикалық жүйе кірулер ме шығулурдун тұратын динамикалық жүйе болып табылады. Кірулер арқылы жүйеге сыртқы ортадан белгілі бір уақыт кезеңінде зат, энергия, немесе ақпарат келіп түседі; ал басқа уақыт мезетінде шығулар арқылы сыртқы ортаға олардың түрленген нәтижесі келіп түседі.
Сыртқы орта дегеніміз - жүйені басқару органдарының шешімдерін қабылдау кезеңінде тікелей назарға алынатын, жүйеге қатысты физикалық және әлеуметтік сыртқы факторлардың бірігуі.
Жүйе мен сыртқы орта арасындағы байланысты әсер ету сипатына қарай - ақпаратық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, әсер ету бағытына қарай - тікелей және кері, мезгіл көрсеткіші бойынша - тұрақты және мерзімдік деп бөлуге болады.
Жүйелер мен сыртқы орта арасындағы өзара байланыс, мақсаттар мен өлшем жүйелері арқылы өткізу саласындағы жұмыстың іс жүзінде туындайтын жоспарланған дамуы мен нақты шын жағдайы арасындағы қайшылықты жояды.
Мысал ретінде нарықтық қатынас жүйесін қарастырсақ, банктың даму жолын таңдауға - экономикалық саясат, технология, әлеуметтік мәдени мұра, саяси-құқылық сала, экология сияқты сыртқы орта факторлары әсер етеді.
Фирма мен Нарық жүйелерінің сыртқы ортамен байланысы
экономикалық саясат экология әлеуметтік-мәдени мұра
Жеткізіп беушілер
Банк клиенттері
Еңбек биржасы
Қаржылық биржалар
Бәсекелестер
Тауарлар мен қызмет көрсету
технология саяси-құқықтық саласы технология
Ақпарат жүйесін тұрғызу үшін, ақпарат қоймасын тұрғызатындай, ақпараттың сәйкес топтасқан түрлері керек.
Қоғамды ақпаратпен жабдықтаудың мүмкіндіктері бойынша, ақпарат мынандай үш үлке топтастырлған жүкке бөлінеді: ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқарушылық.
Осының ішіндегі ең бізге керектісі басқарушылық, яғни менеджердің ақпараттық жүйесі. Ол экономикалық басқару механизмдерінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді. Объектіге немесе басқару ұйымдарына қатысты белгісіне қарай, басқарудағы ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі ақпарат тікелей басқару объектісіне және оның басқару ұйымдарынан туындаса, сыртқы ақпарат ортадан, басқа жақтан келіп түседі де, әр түрлі реттеулерді атқаруда орын алады.
Сыртқы ақпараттық жіктелуі
Саяси басқарушылық мөлшерлік
Саудалық-коньюнктуралық жоспарлық заңдылық
Қорлы-экономикалық мемлекеттік
Ғылыми-техникалық
Ішкі ақпараттың топтасуы.
2. 2 Экономикалық ақпараттық жүйеде математикалық әдістердің қолданылуы.
Экономикалық ақпарат жүйесінің ұғымындағы есеп - соңғы немесе аралық нәтижесі нақты түрде (құжат, ақпарат және басқалары) сипатталатын автоматтандырылған функцияның бөлімі. Мысалы: материалдық қорлардың шығынын мөлшерлеудің есептержиынында мынандай есептерді бөлуге болады: негізгі материалдың шығынын мөлшерлеуге есепайырысу, көмекші материалдардың қалдығын мөлшеріне есеп айырысу, негізгі материалдардың қалдығын мөлшерлеуге есеп айырысу және тағы басқа.
Ал экономикалық есптердің ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- жоғары алгоритмділігі, яғни әрбір есепті математикелық тұжырымдау, бұл дегеніміз - алгоритм, математикалық үлгі (модель) және т. б. арқылы жазу;
- иерархиялық, яғни есептер жиынтығына, ішкі жүйелерге, блоктарға ену;
- ұдайы шешіліп отыруы;
- шешуге мүмкіндік мерзімінің бар болуы;
- шешуге алгоритмдердің бірыңғай түрге келтіру мүмкіндігі мен көпшілік жағдайға біркелкілігі;
- жүйеге кіру-шығудағы мәліметтердің үлкен көлемдігі мен құрылымдылығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz