Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
« Экономиканы мемлекеттік реттеу »
кафедрасы
Тақырыбы : «Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде ».
Оқытушы: Жумаксанова К. М.
Студент: Ахбаев А
Тобы: 212
Тексерілген күні:
Жұмыстың бағалануы:
Алматы 2008
Жоспар:
Кіріспе . . . 3 - 4
1. Жастардың демографиялық саясаты . . . 5 - 10
1. 1 Н. Ә Назарбаевтың Жолдауларындағы демографиялық басымдылықтар және оны іске асыру . . . 11 - 14
1. 2 Жастардың әлеуметтендіру процессі . . . 15 - 22
2. Жастардың кешенді әлеуметтік өзін - өзі реттеу тетігінің жұмыс моделін қалыптастыру . . . 23 - 25
2. 1 Қазақстандағы жастардың демографиялық ахуалы . . . 26 - 28
2. 2 Қазақстан Республикасындағы Жастар саясаты . . . 29 - 31
Қорытынды . . . 32 - 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе
Коғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы больш табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы Г. Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаца тап» деп айтады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады.
Жастардың социологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық, жақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» деген ұғымдар жоқ.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардыц жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л. Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.
Социолог В. Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі -әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В. Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кигізеді.
Көші-қон мәселесі
- адамзат тарихының соқпағына сәйкес жүзеге асатын табиғи құбылыс. Адамдар әрқашан да өмір сүру қайда тиімді болса сонда көбірек уақыт өткізуге тырысады. Барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты көші-қон мәселесінің де тиімді, тиімсіз жақтары болады. Көші-қонға қатысты мәселелер Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда елімізде көші-қонды басқару, ұлттық көші-қон саясатын жетілдіру және жүзеге асыру сияқты өзекті сұрақтар шешілуі туындауда. Қоғамдағы тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және мемлекет аумағының тұтастығы, жалпы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық климат көп жағдайда ойластырылған демографиялық саясатқа тәуелді. Осыған сәйкес, «Достық Үйі - этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қазақстанның демографиялық жағдайының қалыптасуына әр түрлі ұлттардың көші-қон мәселесінің атқарар рөлін зерттеуге бағытталған инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобаның тікелей бағыты тек республика тұрғындарының механикалық қозғалысын зерттеу ғана емес, соның ішінде түрлі этникалық топтардың көші-қон қозғалыстарына ерекше мән беру болып табылады.
2008 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласындағы «Достық Үйінде» осы зерттеулердің қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Аталған жиынға ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен өкілдері, мәдениет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар ғалымдар қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында отырысқа қатысушылар тарапынан түрлі этникалық топтардың көші-қон қозғалыстарының ерекшеліктеріне, себептеріне сонымен қатар көші-қон саясатына қатысты құқықтық білімділік жөнінде жаңа пікірлер мен ұсыныстар қабылданды.
- Жастардың демографиялық саясаты
Жыл сайын Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамуына жаңа серпіліс беріп, халықты жаңа жетістіктерге жетелейді. Біздер, Парламент депутаттары Елбасы Жолдауын халыққа терең түсіндіру үшін жақында сайлаушылармен кездесіп қайттық. Барлық кездесулерде халықтың Жолдауды бірауыздан қолдап, Елбасыға, еліміздің жарқын болашағына деген сенімінің арта түскендігінің куәсі болдық.
Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” деп аталатын биылғы Жолдауында “Қазақстан-2030” Стратегиясы шеңберінде еліміздің алдағы 10 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының 30 маңызды бағыттары көрсетілген. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі халық өмірінің барлық саласын қамтитындығында. Соның бірі еліміздегі ең өзекті мәселе - мемлекеттің демографиялық саясатының қалыптасуы.
Президентіміздің басшылығымен еліміздің экономикасы қарқынды дамуда. Қазіргі кезеңде еліміз алып құрылыс алаңына айналды. Ірі жаңа кластерлік бағыттағы инновациялық кәсіпорындар, жүздеген шақырым темір және автомобиль жолдары салынып, алып үй құрылыстары бой көтеруде. Экономикамыздың жалпы жиынтық көлемі Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасының жалпы жиынтық көлемінен екі есе көп. Әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көлемі де екі еседен артық. Алайда, еліміздің бай, жеріміздің ұлан-ғайыр үлкендігіне қарамастан, халық санының аздығы, сирек қоныстануы, көрші елдерде халықтың тығыз орналасуы және бізге қарай мыңдаған жұмыссыз мигранттардың ағылып келуі еліміздің демографиялық жағдайына кері әсерін тигізуде.
Егер, жуық уақытта біз көші-қон және демографиялық мәселелерді реттемесек, болашақта көрші елдерден келген жұмыссыз, еңбек мигранттары елмен араласып, ұлтымызды жұтып жіберуі мүмкін. Уақытысында демографияға өз дәрежесінде көңіл бөлмеген Еуропа қазір жаппай қартаюда. Франция, Германия мемлекеттері халық құрамын өзге ұлттардың есебінен ғана көбейтіп отыр. Ал, Швецияда босанған әйелмен қатар, оның күйеуіне де үш жылға демалыс береді. Қосымша жалақы төлейді. Бұған да мемлекет халық санын көбейту үшін амалсыз барып отыр.
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен сәттен бастап Елбасымыздың бастауымен біз еліміздегі демография мәселесіне мән бере бастадық. Өтпелі кезеңнің аса ауыр қиыншылықтарына қарамастан, халықтың әл-ауқатын арттыру, ана мен балаға қамқорлық жасау күн тәртібінен түскен жоқ. Халқымыздың санын көбейту мақсатында бір кезде тағдыр тауқыметімен дүние жүзіне шашырап кеткен отандастарымызды елге шақырдық, дүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткіздік. Осы жылдары елімізге жарты миллионға жуық қандастарымыз оралды.
Дегенмен, 2000 жылдардың басына дейін елімізде некеге тұру, бала туу төмендеп, өлім-жітім көбейіп, көші-қон үдерістеріне байланысты халық саны азайа бастады.
Өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарыс жылдарында қабылданған “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасында: “Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де, қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаржы табамыз”, деп атап көрсетілді. Міне, осындай уақыт та келіп жетті. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту үшін 2015 жылға дейін халық санын 20 млн. адамға жеткізу міндетін қойды. Осы мақсатқа жету үшін халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайын көтеру арқылы бала тууды көбейту, ана мен баланың денсаулығын нығайту бағытында бірқатар кешенді іс-шаралар атқарылды. 2002 жылы күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. 2003 жылы баланың тууына байланысты 15 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы жәрдемақы беріле бастады.
2006 жылы балалары бар отбасыларды қолдаудың тұтастай жүйесі жасалды. Ана мен баланың денсаулығына қамқорлық күшейді. Қабылданған шаралар халықтың тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала туса, олардың саны 2005 жылы 278 мың, 2006 жылы - 290 мың болды. 2005 жылы Қазақстан тұрғындарының жалпы өсімі 145 мың немесе 0, 95%-ды құрады.
Жыл ішіндегі ең көп жалпы өсім Астана қаласында - 3, 98%, Алматы қаласында - 3, 17%, Маңғыстау облысында - 3, 5%, Атырау облысында - 1, 92%, Оңтүстік Қазақстан облысында 1, 82% болды. Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарында жалпы өсім негізі көшіп келушілер есебінен (соның ішінде оралмандар есебінен де) орын алды.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өсім болмай, халық саны азайып кетті. Бұл облыстарда көшіп кеткендер саны көшіп келгендерден едәуір жоғары болды және бала туу төмен болды.
Енді еліміздегі табиғи өсімге келетін болсақ, ең жоғарғы табиғи өсім Маңғыстау - 1, 96 %, Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында - 1, 92%, Қызылорда облысында - 1, 51%, яғни қазақтар саны көп өңірлерде болып отыр. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында табиғи өсім небәрі 0, 05% - 0, 5% аралығын құрады. Ал, 2005 жылы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғи өсім болмай, керісінше төмендеп кетті.
Енді өлім-жітімге келетін болсақ, ол жалпы республикада және оның барлық өңірлерде өскен. Некелесу де, ажырасу да 2005 жылы республика бойынша көбейген.
Бұл талдау нені көрсетеді. Республиканың экономикалық-әлеуметтік дамуына қарамастан, бізде көші-қон және демография мәселелеріне әлі де жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.
Елімізде халық санын арттыру үшін табиғи өсімнің бірден-бір қайнар көзі - бала тууды көбейту керек. Бізде жыл сайын 530-540 мың немесе бүгінгіден екі есе көп сәби дүниеге келіп отыруы тиіс.
Ұлттың табиғи өсімін көбейту үшін әр отбасында кемінде 3 немесе 4 бала болуы тиіс. Алғашқы 2 бала әке-шешесінің орнына, 3-ші бала табиғи шығындарды толтырса, 4-ші бала ғана өсім береді. Елімізде халық санын тез арада өсіру үшін әр отбасында 4-5 сәби дүниеге келіп, тәрбиеленуі керек. Ол үшін халқымыздың әлеуметтік жағдайын, әсіресе, өмірге ұрпақ әкелетін аналар мен балалардың жағдайын жақсарту керек. Олардың денсаулығы мықты, тамағы мен киімі бүтін болуы тиіс.
Міне, сондықтан да Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, елімізде халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсарту бұрынғысынша басым бағыт болып қалады. Бұл сала бойынша Президент алға қойған тапсырмаларды іске асыру үшін 2008 жылға бюджеттен 108 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінбекші.
Елбасы өзінің Жолдауында Үкіметке бірінші кезекте ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз беріп, 2008 жылдың 1қаңтарынан бастап баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 2 есеге немесе 34 740 теңгеге көбейтуді, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақыны тұңғыш балаға 3276 теңгеден - 5790 теңгеге дейін; екінші балаға 3822 теңгеден - 6369 теңгеге дейін; үшінші балаға 4368 теңгеден - 6948 теңгеге дейін; төртінші және одан көп бала туғанда 4914 теңгеден 7527 теңгеге дейін көбейтуді тапсырды.
Сонымен бірге, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізіп, декреттік демалыста жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруі тиіс. Бұл жәрдемақыларды төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлу есебінен құрылған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған міндеттерді орындауға мемлекет есебінен 18, 7 млрд. теңге бөлінеді.
Жолдауға сәйкес, барлық жұмыс істейтін әйелдерге декреттік демалыстың әрбір төрт айына орташа жалақы мөлшерінде жүктілік және босану жөніндегі жәрдемақы беріледі.
Осы күнге дейін елімізде жүктілік пен босануға байланысты демалыс жұмыс берушінің есебінен төленіп келді. Сондықтан жұмыс берушілер, әсіресе жеке меншік иелері қыз-келіншектерді барынша жұмысқа алмай, жұмыс істеп жүргендерін жұмыстан шығаруға әрекеттенетін. Бұл еңбек қатынасында бала тууға қабілетті әйелдерді кемсітушілікке әкеліп соғатын, елімізде бала санын көбейтуге кері әсерін тигізетін. Бұл жағдай көбінесе әйелдер жұмыс істейтін орта және шағын бизнес салаларында кездеседі. Жұмыс берушіні де түсінуге болады. Қарамағындағы 5-6 адамның 2-3-еуі босанатын демалысқа кетсе, оған өз есебінен әлеуметтік төлем төлеп отырса, ол кәсіпорын банкротқа ұшырамай ма?
Сонымен бірге, Жолдауда ана мен баланы әлеуметтік қорғау, бала мен ана өлімін барынша азайту, өмір сүрудің орташа ұзақтық деңгейін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту үшін тиісті инфрақұрылым жасау мәселесіне көп көңіл бөлінген. Осы мақсатқа байланысты алдағы үш жылда елімізде 100 мектеп пен 100 аурухана салу тапсырылды.
Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау:
1. Балалары бар отбасылардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, көп балалы отбасындағы балалар үшін алғашқы мүмкіндіктер жақсарады, бұл елімізде бала тууды ынталандырып, оң демографиялық өзгерістерге алып келеді.
2. Қыз-келіншектерді жұмысқа қабылдауға шек қоймай және жұмыстан босатуға деген кемсітушілікті жойып, түптеп келгенде, бала тууға жағдай жасайды.
3. Жұмыс істейтін әйелдердің және бір жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын адамдардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
4. Әйелдердің еңбек ету белсенділігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін көтереді.
Үкімет Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін тез арада бала тууды ынталандыру, отбасы институтын нығайту жөнінде кешенді бағдарлама жасауы керек. Атап айтқанда, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, ана мен баланың денсаулығын сақтау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, т. б. іс-шараларды атқаруы тиіс.
Бүгінгі күні жас, алға қарқынды дамып келе жатқан еліміз үшін белсенді демографиялық саясат ұстану қажет. Кез келген елдің экономикалық дамуының ең маңызды құрамдас бөлігі адам факторы. Мысалы, Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, өтпелі экономикалы мемлекеттерде экономикалық өрлеудің тек 16%-ы ғана өндірістік әлеуетке (құрал-жабдықтар, өндірістік инфрақұрылым, т. б), 20%-ы табиғи ресурстарға, ал қалған 64%-ы адам және әлеуметтік капиталға тәуелді болып отыр. Қалай десек те, адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады.
Президент Жолдауында медицина қызметінің нәтижелігі мен сапасын арттыру, еліміздегі экологиялық-санитарлық жағдайларын жақсартып, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы адамның орташа өмір жасының ұзақтығын арттыру, ана мен бала өлімін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру керек екендігі айтылған.
Шын мәнінде бізде әлі де болса балалар өлім-жітімі көп. 2006 жылы 1000 адамға шаққанда өлім 10, 37 болса, 1 жасқа дейінгі 1000 нәрестеге шаққандағы өлім 15, 15 болды. Қазіргі кезде елімізде орта есеппен ерлер 60 жас, ал әйелдер 71 жас жасайды екен. Әрине, бұл аз.
Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндет екенін басшылыққа алып, біз осы бағытқа баса назар аударуымыз керек. Бүгінде атқарушы орган басшылары көбіне өндірілген өнімдер төңірегінде есеп береді. Ал, облыс көлемінде халық саны өсті ме, өспесе неге өспеді, өскен болса ненің есебінен, көші-қонның ба, әлде табиғи өсімнің есебінен бе? Өлім-жітім азайды ма, некеге тұру мен ажырасудың деңгейі қандай? Бала туу жағдайы қалай? Бала туу жасындағы әйелдердің саны қанша, олардың денсаулық, тұрмыс жағдайы қалай деген сұрақтар төңірегінде есеп алынып отырса. Жас отбасыларды нарық талаптарына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларды жұмысқа орналастыру, ана мен балаға медициналық көмек көрсету, балаларының сапалы білім алуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасау ең бірінші кезектегі мәселе есебінде қаралуы керек.
Халық санының өсуіне тікелей ықпал ететін мәселе - баспана мәселесі. Баспанасыз өмір сүру мүмкін емес.
Осы көкейкесті мәселені шешу үшін Елбасының тікелей бастамасымен 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, осы бағдарлама аясында 3 жылда 12 млн. шаршы метр үй салу жоспарланса, екі жылда 11 млн. шаршы метр үй берілді. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр тұрғын үй берілмекші. Сонда үш жылда 12 млн. шаршы метрдің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бағдарлама 150% орындалмақшы.
Ал, алдағы үш жылда 2008-2010 жылдары 27 млн. шаршы метр үй салынбақшы. Бұл жағдайда 300 мың отбасы немесе 1, 5 млн. адам жаңа пәтерге ие болады екен. Сонда 2005-2010 жылдар аралығында 500 мың отбасы, немесе 2, 5 млн. қазақстандық жаңа үйлерде тұратын болады. Бұл - республика халқының 16, 4%-ы немесе алтыдан бірі 6 жыл ішінде жаңа пәтерге ие болады деген сөз. Бұндай құрылыс Қазақстан тарихында бұрын-соңды болған емес.
Ендігі мақсат - тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оның бағасын төмендету. Ол үшін Президент Жолдауындағы аса маңызды 30 серпінді бағыттың 20-шы бағытында атап көрсетілгендей:
- құрылыс индустриясын дамыту;
- құрылыстың сапасын арттыру;
- қол жетерлік жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу;
- жер учаскелерін бөлу рәсімдерін оңайлату, ашықтығын қамтамасыз ету;
- жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру;
- халықтың тұрғын үй алуына неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызатын жылжымайтын мүліктің нақты бәсекеге қабілетті әрі ашық рыногын құру мәселелерін шешу.
Республикамыздың алып құрылыс алаңына айналуына байланысты құрылыс индустриясы қарқынды дамуы тиіс. Елімізде құрылыс индустриясы кәсіпорындарының көптеп салынуына қарамастан, құрылыс материалдары әлі де қымбат, шетелдерден әкелінеді. Сондықтан да тұрғын үйдің бағасы өршіп тұр. Құрылыс материалдарын шығару кәсіпорындарын аудан орталықтарында, шағын қалаларда барынша дамыта беру қажет. Ол, біріншіден, жаңа жұмыс орындары, екіншіден жергілікті бюджетке кіріс, ең бастысы - құрылыс материалдарын барынша арзандату жолы.
Алдағы үш жылда елімізде салынатын 27 млн. шаршы метр тұрғын үйдің 17 млн. шаршы метрі жекешенің есебінен тұрғызылады, ал мемлекеттің міндеті тұрғын үй салынатын жерді дайындау, электр желісін тарту, жол, су, т. б. инженерлік коммуникацияларды шешу. Өте дұрыс-ақ. Егер жеке меншік үй салуға жер учаскесі берілсе, оның жолы, суы, электр желілерін шешуге мемлекет көмектессе, құрылыс материалдары өзімізде арзан бағамен шығарылып жатса, үй салуға құштар азаматтар ауылдарда да, қалаларда да өте көп. Ендігі мақсат атқарушы орган басшылары Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді сөзбұйдалыққа салмай, ашық түрде тез арада заңға сәйкес орындаса, еліміздегі ең үлкен проблемалардың бірі - баспана мәселесі тез шешіле бастайды.
Ауылдарда, қалаларда үй салуға берілетін жер учаскелерін бөлуде қатаң тәртіп болуы керек. Көптеген жерлерде жер учаскесін заңсыз алып, қымбат бағаға сату фактілері кездеседі. Осыған қатаң тыйым салынуы шарт.
Президент тапсырмасына сәйкес жоғары білімді жас мұғалімдер мен дәрігерлерді ауылда тұрақтандыру үшін оларға аудандық, ауылдық ауруханалар, мектептер жанынан 3-4 бөлмелі тұрғын үйлер салу мәселесін де қолға алу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz