Қазақ радиожурналистикасының бастау көздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
Аталған мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:2
1. 1 Көне жазба ескерткіштер және қазақ публицистикасы2
1. 2 Қазақ бастау көздері4
1. 3 Тележурналистиканың пайда болуының тарихи дерекнамасы5
ҚОРЫТЫНДЫ6
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының БАҚ жүйесінің алғашқы таралуы. Соның ішінде алғашқы көне жазбалар, радио ісінің және теледидардың бастау көздері мен кеңінен таралу жүйелері. Оларды ойлап табқан ғалымдар мен атсалысқан жазушы, ақындармен танысу және БАҚ жүйелерінің қасиеттерін, маңызын танып білу.
Жұмысты жазудағы мақсаты - журналистиканың бастау көздері сонау ҮІІ-ІХ ғасырлардағы көне жазбаларда жатыр десек қателеспейміз. Себебі, сол кездегі алғашқы қазақ публицистикасының дамуы, осы журналистиканың пайда болуына арқау болғандығы анық. Ендеше осы көне жазбалардан бастау алатын журналистиканың даму жолдарын қарастыра отырып, радионың, теледидардың дүниеге келуіне тоқталып, оны аудиторияға жеткізу. Тақырыпты толық ашу мақсатында өз білімімді толықтыра отырып, материалды аудиториямен бірлесе отырып талқыға салып, қорытынды шығару.
Аталған мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Белгілі авторлардың тұжырымды ойларына сүйене отырып, тақырыпты ашу. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастау көзі көне жазба деректері жайында, сонымен қатар өз еліміздегі алғашқы радио, телехабарлардың мәні, олардың таралу, олардың сол кездегі атқарған қызыметі жайында сөз ету. Аудиторияға тұжырымды ойлар жасап, қорытынды жасау.
1. 1 Көне жазба ескерткіштер және қазақ публицистикасы
Көне түркі руникалық жазбаларын көптеген зерттеушілер YII-IХ ғ. ғ. жатқызып келеді. Бұл турасында әртүрлі даулы пікірлер айтылды. Дегенмен, 80-ші жылдары Монғолиядан табылған тас ескерткіштер руна жазуларының бастапқы кезеңінің әрі де жатқандығын дәлелдеп берді. Көне түркі жазба ескерткіштерінің бірі ретінде Бұғыты жазбасы (Бугутская надпись) аталып жүр. Бұл жәдігерлік ҮІ-ғасырдың соңғы ширегінде жатқызылады. Жалпы көне түркі жазбаларының алғаш ашылуы ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарына дәл келеді. Тасқа қашалған мұралардың тұңғыш үлгілері Ф. И. Стралинбергтің «Северная и восточная части Европы и Азии» атты еңбегінде жарыққа шықты.
Қазақ жазуы мен кітабының тарихын зерттей келе, білікті зерттеушілердің бірі, профессор М. К. Барманкұлов түріктердің алғашқы кітабы Х ғасырда пайда болған деген тоқтамға келеді. А. Стейннің Шығыс Түркістанға жасаған экспедициясының ірі табысы туралы сөз қозғайды. Диньхуанға жақын жердегі үңгірдегі кітапханадан А. Стейн экспедициясы 1902-1908 жылдары 13, 2х8 см көлеміндегі 29 бүктелген парақтан тұратын кітап тапқан. Оның ішіндегі текст 104 жолдан тұрады. Текст 65 шағын тәмсілден құралған. Кітаптың тақырыбы жоқ. Бірақ онда қызыл сиямен жазылған: «Бұл кітап жақсылық белгісі!» - деген сөздер бар. Сондықтан да бұл қағаз кітапты - «Ырқ бітік» деген атпен белгілі көне түркі ескерткіштеріне жатқызады. Өйткені, ондағы белгілер Орхон-Енисей жазбаларындағы руна жазуымен сәйкес келеді. «Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. Этнос, языки, религии»- деген еңбекте бұл кітапқа - «ең көне руна жазуларындағы қағазға жазылған қолжазба»- деген баға беріледі.
Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі, ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет шығарыла бастады.
Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашы әрі әдеби қызметкерлері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайқыәлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді. «Түркістан уалаятының газетінің» ресми бөлімі болды. Ресми бөлімде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, әйел теңдігі, мәдениет, оқу, тарих пен этнография, археология және т. б. мәселелері қаралды.
Қазақ халқының ең алғашқы журналы «Айқап» журналы еді. Оның алғашқы саны Тройцк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, редакторы демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде «Ашық хат» деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сиез, сайлау т. б. ), тақырыптар бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. «Фельетон», «Хабарлар» сияқты айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алды. Ал шетел жаңалықтарын, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
1. 2 Қазақ бастау көздері
Зерттеуші Р. Сағымбеков «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деген кітабында радио ісі 1912 жылы бастау алғандығын айтты. Ал М. Барманқұлов радиостанция 1913 жылы Форталександровскіде іске қосылды дейді. Ал Н. Омашев радиостанция жұмысын 1912 жылы бастау алды деген пікірде тоқталды. Негізінен радиостанция Қазан төңкерісіне дейін пайда болды.
Алматыдағы қазақ радиостанциясы 1920 жылы іске қосылды. Ал 1921 жылы елді мекендердің барлығына радиохабар таратады. Олардың жұмысын қадағалауға Алматы қаласында радио орталық құрылды. 1931 жылы 23 қаңтарда штат кестеге сай мынандай құрылым жұмыс істейді: әкімшілік саяси үкімет хабарды жергілікті хабар, ғылым, білім беру, көркемхабар, радиотехника бөлімі. 1931 жылы Алматыда жаңа радиостанция ашылды, алтыншы радиогазет шықты. Алғашқа радиохабарын ұйымдастырушы Б. Мұхитов, А. Хангелдин, Б. Кенжебаев. Алғашқы төрағасы Айтбай Хангелдин болды. Алматы радиостансасы 1920 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бүл жерде Алматы радиостансасының меңгерушісі Занкевичтің «1920 жылдан бергі кезең ішіндегі радиостанция жұмысы жайында баяндамасы» атты көлемді жазбасындағы деректерді алға тартуға болады. Занкевич «1920 жылы Жетісу майданы таратылған кезде ақтардан алынған радиостанциялар Ташкентке жіберілді. Мұндай станциялардың біреуі жергілікті қоғамдық-әкімшілік органдардың талап етуі бойынша Гусериннің басшылығымен Алматыда калдырылып, жұмыс істей бастады.
1. 3 Тележурналистиканың пайда болуының тарихи дерекнамасы
Қазақ телевизиясының өміріндегі маңызды жаңалықтардың бірі және өздерінің бағдарламаларын 1958 ж. желтоқсанда Орталық телевизиясынан көрсетуге дайындау мен эфирге шығу болды. Москвадвғы қазақ әдебиеті мен өнері күндері кезеңінде өзінің жаңа қалыптасқанына қарамастан Алматы телестудиясының коллективі есте қаларлықтай бірнеше бағдарламаларды дайындады. Қазақстан телевизиясын ары қарай дамыту үшін 1960 ж. 29 қаңтарда ОК КСС-тің «Кеңестік радионы дамыту және келешекте телевидениені дамыту» жөніндегі және сонымен қатар Қазақстанның орталық комитетінің бұл қаулыны жүзеге асыру шаралары негізгі міндет атқарады. Егер 1960 жылы республикада небәрі 4-5 студия болса, уақыт өте ол 14-ке жетіп, хабар тарату көлемі 44 сағатқа өсті. 1958 жылы Өскемен мен Қарағанды, 1959 жылы Жезқазған, 1960 жылы Петропавл, 1964 жылы Целиноград, Орал, Балқаш, 1965 жылы Семей мен Павлодарда көрермендер көгілдір экранмен қауышты. Радиорелелік желілер құрылып, қуатты хабар таратқыштар орнатылып, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан телехабарлар қабылдау мүмкіндігі туады. Телевизияның техникалық дамуы туралы профессор С. Қозыбаев: «Қазақстан Республикасында бүгінде 60-тан астам телевизиялық орталықтар мен ретрансляторлар жұмыс істейді. Теледидар бағдарламасын күн сайын 10 миллионнан астам адам тамашалап, республика тұрғындарының 76 пайызы көреді» - деп жазады. Алматы телестудиясының телестудиясының директоры Абылғазин
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz