Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және олардың түрлері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Құқық және экономика колледжі
Азаматтық құқық кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ: Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
және олардың түрлері
Орындаған: Бакиев Нұркен
Тексерген: Калқаева Н. Б.
Алматы 2004 ж.
ЖОСПАР:
Кіріспе
- Азаматтық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы
- Азаматтық құқық қатынастарының жіктелуі
- Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
- Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі замандағы нарықтық қатынастардың күн өткен сайын арта түсуі және олардың қарыштап дами түсуі азаматтық-құқықтық қатынастардың барынша ұлғаюына алып келуде. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады.
Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейтіні бізге мәлім. Сонымен, азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастар деп аталады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өмірдегі өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі қатынастарға түсіп отырады. Адамдар арасында қалыптасатын қатынастар сан алуан. Осы қатынастар құқық тұрғысынан реттеле бастаған кезде олар құқықтық қатынас сипатына ие болады.
Осы курстық жұмыста азаматтық құқық жалпы бөлімінің негізгі институттарының қатарына жататын азаматтық құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы мен ұғымын, олардың пайда болу және тоқтатылу, өзгеру негіздерін және бүгінгі күні кездесіп жатқан сан алуан түрлері туралы мәселелер көтерілмек. Кез келген қатынастың өзіне сай мазмұны болатындай, азаматтық-құқықтық қатынастардың да өздеріне сай мазмұндары бар. Осы мәселе де бұл курстық жұмыстың зерттеу аясынан шет қалмайтындығын айта кеткен жөн.
Осы курстық жұмыста азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы ғылыми еңбектер, атап айтқанда қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылмақ.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аза маңызды белгісі ондағы тараптар теңдігі болып табылады.
- Азаматтық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына түседі. Мәселен, қайсыбір затты сатып аларда азаматтардың арасында, яғни сатушы мен сатып алушының арасында осындай қатынастар туындайды. Азаматтық заңнамада көрсетілген сатып алу сату шартынан туындайтын өте күрделі қатынастар туындайды. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сома көлемінде сатушыға сыйақыны тауар үшін береді, ал сатушы өз кезегінде сол ақшаға құны теңдес тауар беруге міндетттенеді. Осындай қатыснастарға адамдар мен заңды тұлғалар сан қилы түрде күнде түсіп жатады.
Заңды тұлғаларға қатысты алар болсақ та, жоғарыда аталғандай, азаматтық құқық қатынастарының шегінен шығып кете алмайды. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың бір ерекшелігі - олардың ерікті түрде пайда болатындығында. Әдетте, мұндай қатыснастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Құқық қатынастары туралы сөз қозғағанда және оны зерттеу барысында біз алдымен олардың құрамдас бөліктерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сонымен қатар мемлекет болып табылады, яғни бұдан байқайтынымыз, азаматтық құқық субъектілері азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынастарда құқықтар мен міндеттер нені реттеуге бағытталған болса, мәселен, мүліктік және мүліктік емес игіліктер, сол нәрселер оның объектісі болып табылады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылары), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық құқық қатынастар субъектілерінің ауқымы Азаматтық кодекстің 2-тарауында белгіленіп берілген. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. Жеке адамдар ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Бұл норма Азаматтық кодекстің 43-бабында өз бекімін тапқан.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, олардың жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметтің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі Азаматтық кодексте белгіленген.
Бұл атап отырғандарымыз, азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуші субъектілердің бір бөлігі болып табылады, бұлардың азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуі сол қатынастардың өмір сүруін білдіреді.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т. б. ) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады.
Осыған орай, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың сипаты мен ерекшелігін анағұрлым айқын көрсету үшін ол қатынастардың объектілерін атап өтпей кету дұрыс емес.
Құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез-құлқы ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның субъектілерінің материалдық немесе материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады1. Азаматтық құқық ғалымдарының көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектісі болады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері Азаматтық кодекстің 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілген қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелер, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне деген құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.
2. Азаматтық құқық қатынастарының жіктелуі
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормаларын реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
- мүліктік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және тағы сол сияқты) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқық, шығармаға қол сұғылмаушылық құқығы және т. с. с. ), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер - ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және тағы сол сияқты мүліктік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиынның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірген мысалда - тапсырыс беруші тарапынан қорғалады2.
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады (“өзі әрекет ету” құқығы) . Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанғаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және билік етуге тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттмелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (“бөгде әрекет” құқығы) . Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болуы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызмет нәтижесі -- әдеби шығарма болады.
3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл адамның құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі бір дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіншілігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер - субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.
Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.
Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқыты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілетіндіктен, әрбір өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан гонорар алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады3.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер - жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастың шегінде өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен, мүлік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, асолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттік) . Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.
4. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымынан бұл - құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінікті біз қорытып шығардық. Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді. Алайда мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл - оның пайда болуының қажетті абстрактілік алғышарттары ғана.
Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән-жайлар қажет болады. Мұндай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағыты болады. Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз - заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабы заңдық фактілерге арналған. Алайда бұл бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан (“заңда тікелей тыйым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат етіледі”), олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, яғни 7-бапта тікелей аталмаған, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған, оған тыйым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттер туғыза алады.
Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынандай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.
Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз. Олар заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін. Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар - мәмілелер (Азаматтық кодекстің 147-бабы), оның ішіндегі - шарттар. 147-бап заңда тікелей көзделген мәмілелер (шарттар) туралы (мысалы, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымал және т. б. ), сондай-ақ заңда тікелей көзделмеген мәмілелер туралы баяндайды.
Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталғанымен, заңдарда белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер (мысалы, үй тұрғызу, кітап жазу, өнертабыстық жасау) орынды заңдық фактілер болуы мүмкін.
Үшінші тұлғалардың мақсаты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар тууы мүмкін. Әдетте бұл - әкімшілік акт (мысалы, меншік иесі - мемлекеттің мүлікті бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беруі) . Соттың құқық, құқық белгілейтін шешімдері де осындай актілерге жатады. Заңдық фактілердің бұл түрінің ерекшелігі - олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы азаматтық-құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып саналмайды4.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz