Қазақстан Республикасының сот билігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Сот билігінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2. Сот билігінің функциялары және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.3. Сот билігі және оның тармакталуының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
ІІ ТАРАУ. СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1. Сот билігігің Қазақстан Республикасында қалыптасуы ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Құқықтық мемлекет құрылуындағы сот билігінің рөлі ... ... ... ... ... ... ..56
2.1. Сот төрелігі және оның принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Сот жүйесінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Әділсоттың конституциялық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
III ТАРАУ. СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЕРКІНДІГІН ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.1. Сот билігінің тәуелсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.2. Соттық .құқықтық жүйенің реформалануының тереңдігі ... ... ... ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланғаны белгілі. Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік, әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекеттің, қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды ынтымақтастыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында: – «Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы сяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек», - деп көрсете келе, мемлекетіміздің саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа жүргізу мәселелерін атады.
Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының негізгі заңының бірінші бабында жарияланған конституциялық негіздеменің «лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс».

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен) Алматы, 2007 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңы 20 желтоқсан 2000 ж. Алматы, 2006 ж.
3. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2005 ж.
4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы «Жеті жарғы», 2003 ж.
5. Булгакова Д.А. Теория государства и право. Алматы. 1999 г.
6. Венгеров А.Б. Теория государство и права. Учебник Москва, 1999 г.
7. Дулатбеков Н.О., С.К.Амандыкова., А.В.Турлаев. Основы государство и права современного Казахстана. Астана, 2000 г.
8. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы ”Эверо“, 2004 ж.
9. Котов А.Н. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы ”Жеті жарғы“ 1997 г.
10. Конституционное право. Учебник под ред. В.В.Лазарева. Москва: Новый юрист, 1998 г.
11. Мишин А.А. Конституционное право зарубежных стран. Учебник. Москва, 2001 г.
12. Общая теория права и государства под ред. В.В.Лазарева. Москва. Юрист, 2001 г.
13. Пильников А.И. Органы конституционной юстиции в обеспечении прав человека: исторический и современный опыт (автореферат) Алматы, 2002 г.
14. Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан Алматы ”Білім“, 1999 г.
15. Сырых В.М. Теория государство и права Учебник Москва, 1997 г.
16. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Алматы, 2005 ж.
17. Сапарғалиев Г., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р., Правовые проблемы унитаризма в Республики Казахстан Алматы ”Жеті жарғы“, 2000 г.
18. Сапарғалиев Г., Салимбаева Ж. Проблемы конституционной ответственности Алматы “Жетi жарғы” , 2001 ж.
19. Теория государства и права под / ред. Н.И.Матузова и А.В.Малько Москва Юрист, 2001 ж.
20. Таужанова Р.Ж. Институт обращения граждан: Конституционно- правовая форма непосредственной демократии (автореферат) Алматы, 2001 г.
21. Пильников А.И. Органы конституционной юстиции в обеспечении прав человека: исторический и современный опыт (автореферат) Алматы, 2002 г.
22. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран Москва Юристъ, 1997 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 9
1.1. Сот билігінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 9
1.2. Сот билігінің функциялары және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.3. Сот билігі және оның тармакталуының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ІІ ТАРАУ. СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..20
2.1. Сот билігігің Қазақстан Республикасында
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... 2 1
2.2. Құқықтық мемлекет құрылуындағы сот билігінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ..56
2.1. Сот төрелігі және оның принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Сот жүйесінің мазмұны

... 22
2.3. Әділсоттың конституциялық принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
III ТАРАУ. СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЕРКІНДІГІН
ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.1. Сот билігінің
тәуелсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12
3.2. Соттық –құқықтық жүйенің реформалануының
тереңдігі ... ... ... ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 47
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланғаны белгілі.
Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөліну, олардың тежемелік, әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара
іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық
институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік
тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекеттің,
қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды
ынтымақтастыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арналған жолдауында: – Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы
сяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама
кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек, - деп көрсете келе, мемлекетіміздің
саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде
бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа
жүргізу мәселелерін атады.
Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы
және жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық
тетіктерінің жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал
ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу
қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының негізгі
заңының бірінші бабында жарияланған конституциялық негіздеменің лайықты
жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс.
Демек, тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді Қазақстандағы сот
құрылысы сотта іс жүргізу, сондай-ақ сот төрелігі принциптерін дамыту
мәселелерін кешенді зерттеудің ғылыми-құқықтық және теорялық-тәжірибелік
тұрғыдағы өзектілігі мен маңыздылығына баса көңіл бөлу керек,бұл жерде
қазір қолданылып жүрген Конституцияда көрініс тапқан идеялар, қағидалар мен
ережелер және болашақтағы болжамды істер мен жаңа ағымдар, соның ішінде
қоғамның дамуы мен мемлекетті басқарудың логикалық, ғылыми-теориялық
негіздерімен және парасат-пайымды қажеттіліктерімен тікелей байланысты
қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеуді жақсартуға бағытталған
заңдылықтарды жетілдіру саласындағы жаңа бағыттар ескеріліп, негізге
алынуға тиіс.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаттары:
• Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биіктің бір саласы – сот
тармақтарының жүйесі мен қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық-
құқықтық негіздерін зерделеу;
• Сот төрелігі принциптерін жүзеге асыруды дамыту жөіндегі ұсыныстар мен
ұсынымдарды ғылыми негіздеу;
• Мемлекеттік билік мақсат болып табылатын адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін мейлінше толық түрде жүзеге асыратын
құрылымдар ретіндегі сот органдарының мәні мен олардың іс-тәжірибесін
зерттеу;
• Жұмыста зерттеліп отырған мәселелер негізінде сот билігі
конституциялық-құқықтық жағынан жан-жақты дамып және сол арқылы
биліктің бөліну принципінің тиімділігін қамтамасыз етіп отырған
демократиялық құқықтық мемлекетте аталған биліктің жұмыс істеуінің оң
тәжірибесін зерттеу;
Осы жұмыс шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің басты
мақсатын айқындай келіп, біз бұл мәселелерді теориялық-құқықтық тұрғыда
жүзеге асырудың негізгі міндеттері деп мыналарды санаймыз:
• Сот жүйесі органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-
құқықтық негіздеріне талдау жасау және оларды құқықтық мемлекет пен
демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеттерін ескере
отырып, жан-жақты дамыту;
• Сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сот төрелігі принциптерін жүзеге асыру
жөніндег қолданылып жүрген заңдардың теориялық-құқықтық идеяларын,
қағидалары мен ережелерін онан әрі дамыту;
• Аймақтық, төрелік соттард қайта қалпына келтіру туралы айтлып, жазылып
жүрген болжамжардың, ұсыныстардың, көзқарастардың теориялық жағын
ғылыми тұрғыда зерделеу; осылайша азаматтық және қылмыстық істер
қараудағы Республика Жоғарғы соының рөлі мен маңызын көтеру,
шаруашылық даулар мен басқа да істерді тиісті дербес сот билігі
құрылымдарына толығымен беру, аталған сот құрылымдарының
конституциялық-құқықтық мәртебелерін түбегейлі өзгерту қажеттігін
негіздеу;
• кейбір сот сатыларының судьяларын сайлау жолымен тағайындау
тәжірибелерін қайтадан қалпына келтіру мәселесін қарау, сондай-ақ
Республика Жоғарғы Сотының судьяларын қоспағанда, төменгі сатыдағы
соттар судьяларын өмірлікке тағайындаудың орынды емес екендігі туралы
ұсыныстар енгізу;
• сот төрелігі принциптерін онан әрі дамыту мақсатында қоғамдық
қорғаушылар мен қоғамдық айыптаущылар институттарын қалпына келтіру
туралы ұсынстар енгізу;
• мемлекеттік биліктің заң және сот билігі тармақтарының арасындағы
өзара қарым-қатынастарды сапалық жағынан жаңа деңгейде үйлестіру
жөнінде ұсыныстар беру, сондай-ақ аталған мәселені зерделеу негізінде
ұсыныстар әзірлеу;
• мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара
қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеп, айқындау, бұл
мәселелерді шешу аталған қатынастарды түбірінен өзгертеді, ол билікті-
пәтуаластық нысанына ие болады;
• сот жүйесінің дамуына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
қарым-қатынасына болжам жасау, бұл азаматтарды зерттеліп отырған
құрылымдарды қалыптастыру ісіне тартуды қамтамасыз ететін маңызды
фактор болып табылады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығына, шетелдік мемлекеттердің
конституциялық құқығына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының
мағлұматтары пайдаланылды.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік
тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда
туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік
кесімдерді негізгі ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек
республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың,
азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының сот жүйесінің
тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы Жарлық қабылдады [5, 56 бет].
Президентке облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын
тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген. Парламент, заң
шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызметі
принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың
істерді қарастыру тәртібін және тағы басқаларын белгілейді.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас
мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) Оның қызметі елдің
бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді; 2) Оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) Сот
органдарының шешімдері тек солардың құзыреті шеңберінде қолдануға тиіс; 4)
Сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар,
азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) Сот органдары заңдылық
пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Биліктің ерекше тармағы реінде сот билігінде белгілі бір өзіндік
ерекшелікті белгілері бар.
Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып
табылады. Ешбір басқа билік тармағының – заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек
соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше
көрсетілген. Конституцияның 77-бабында: Қазақстан Республикасында әділ
төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, - деп жазылған. Осы конституциялық
қағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заңда соттың
айрықша өкілеттіктерін басқа органдарға табыстауды көздейтін заңнамалық
кесімдер шығаруға тйым салынады. Шығару дегеннің орнына қабылдау деп
жазу керек еді, себебі шығару қабылдауды жоққа шығармайды. Мысалы ХХ
ғасырдың отызыншы жылдары КСРО Конституциясына қайшылықта халықтың
жауларына қатысты сот функцияларын жүзеге асырған үштік, бестік
секілді жазалаушы органдар құрған нормативтік құқықтық кесімдер
қабылданды. Ол нормативтік кесімдер басылып шығарылған жоқ. әрине,
реакциялық тұрғыдан дәл болмауына қарамастан, аталмыш заң нормасының саяси-
құқықтық маңызы бар, себебі ол Конституцияның қағидаларының кепілдігіне
бағытталған. Сот жүйесі туралы заң бұрын республиканың заңнамасында
болмаған жаңа норманы енгізді. Сот өндірісі тәртібінде қарастыруға жататын
жолдауларды, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды немесе
өзге тұлғалар қарастыра немесе бақылауына ала алмайды. Бұл норманың
белгілі бір әлеуметтік-құқықтық мағынасы бар. Заңи бейхабарлығының
арқасында азаматтардың сотқа емес, басқа мемлекеттік органдарға жүгініп,
олардың құзыретіне жатпайтын мәселелер жүктейтіні сирек емес. Солай
болғанымен де, мемлекеттік органдар азаматтардың арыздарын, шағымдарын
қабылдап, оларды қарастыруға талпынады, ал бұл тек олардың жұмысын
қиындатып қана қоймай, теріс салдарға әкеліп соғады. Басқа жағынан,
өздеріне тән емес мәселелермен шұғлдана отырып, мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар сайып келгенде әділ сот органдарының орнын ауыстырады.
Әрине, аталмыш заң нормасын іске асыру жалпыға бірдей құқықтық сауаттылық,
заңгерлік қызметтердің кеңінен таралу және мемлекеттік органдардың тиянақты
қызметі жағдайында мүмкін болады.
Даулы мәселелер тек сот арқылы шешіледі. Өз бетімен, заңдар
белгілеген тәртіпке қарсы өзінің басқа тұлға немесе ұйым даулайтын,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не болмаса
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян
келтіретін іс жүзіндегі немесе жорамал құқығын жүзеге асыру қылмыс болып
табылады.
Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың
ерекше рәсімі болып табылад. Біршама егеменді бөліктерден тұратын
федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік,
процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер
шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін.
Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан
дәлелдікпен, егжей-тегжейлі реттелмейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық,
қылмыстық-процессаулық заңдар қабылданған және әрекет етеді [6, 45 бет].
Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды. әкімшілік
қылмыскерлерді сот, сондай-ақ түрлі арнайы мемлекеттік органдар
кодтандырылмаған, сол себепті көптеген қолайсыздық туғызып қана қоймай,
сонымен бірге созбалаңға, азаматтардың заңды мүдделерін шектеуге тартатын
бөлек-бөлек нормативтік құқықтық актілердің негізінде қарастырады.
Әкімшілік шалыс басулардың ортақ белгілері болғандықтан және оларды ортақ
принциптердің негізінде және ортақ процессуалдық нысандарда қарастыру
мүмкін болғандықтан әкімшілік-процессуалдық кодекс қабылдау қажет.
Сот билігінің елеулі бір нысаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше
санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет рижимі болып
табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң
мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс стажы және
біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады (79-бап).
Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны
көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы Заңда белгіленеді.
Судьялардың қызмет рижимінің ерекшеліктері олардың тәуелсіздігі және
тек Конституция мен заңға ғана бағыныштылығы сияқты конституциялық
қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қол
сұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей
отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.
Сенімді соттар туралы ерекше айту керек. 1998 жылғы қазанда
Қазақстан Республикасының Конституциясына заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге
асырылады, - деген жаңа қағида енгізілді (75-бап). Осындай жаңашылдық сот
қызметін демократияландыру туралы қоғамдық пікірді ескерудің нәтижесі болып
табылады. Қазақстанда Сенімді заседательдер институты ешуақытта болған
емес, сол себепті қандай да бір тарихи дәстүрлер туралы айта алмаймыз. Ал
бұл мән-жайды сенімді заседательдер туралы құқықтық негіздер әзірлеу
кезінде есепке алу қажет.
Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың
ерекше жүйесі болып табылады [12, 89 бет]. Әділ сотты жүзеге асыра отырып,
соттар Конституция мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң щығарушы,
сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды
жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау
арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған
соттар қарастырған істерді қарастырады.
Соттарды прокурорлық қадағалауға келетін болсақ, ол әкімшіл-әміршіл
жүйенің қалдығы болып табылады деген пікірлер айтылып жүр. Осындай
пікірлердің негізі бар, себебі Конституция әділ сотты жүзеге асыруда
соттардың тәуелсіздігін бекітеді. Солай болғанмен де прокурорлық
қадағалауды бірден жойған да үйлесімді бола қоймас. Бұл жерде де, сондай-ақ
біртұтастық принциптерін ескерген жөн. Соттық қадағалау қалай дегенмен де
ішкі мәселе болып табылады, төмен тұрған сотардң қызметін бағалаудағы
ведомстволық көзқарас қаупі әлі болса сақталып қалады. Прокуратура болса
соттарды қадағалауды жүзеге асыру отырып, бүкіл Республика аумағында
заңдардың Президентің жарлықтары маен өзге де нормативтік актілердің дәл
және бірыңғай қолданылуын бақылайды. Басқаша айтқанда, прокуратура соттар
жергілікті жағдайларға орай үйлесімділікті заңдылыққа қарсы қойма үшін
оларды қадағалайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрлысын
ескерумен ерекше сот жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
елдің соттарының жиынтығы болып табылады.
Қазақстанның сот жүйесі азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және
әкімшілік істерді қарастыруды жүзеге асыратын жалпы заңдық ұкім соттардан,
сот мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады. Олар Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты, облыстық соттар, аудандық (қалалық) халық соттар. Жалпы
соттар жүйесіне әскери соттар да кіреді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 3-
бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы
және сот билігі тармақтарына бөлінуі, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалана отрырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді.
Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады.
Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар
мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны
үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкіметтігін айтарлықтай кеңейтуден
айқын байқалды. әсіресе, азаматтардың конституциялық құқықары мен
бостандықтарын шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және
ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің
заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда.
Сот билігі деп – соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына
және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын
қамтамасыз ету [4, 73 бет]. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер
мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының
республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол
сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке
әкеліп соғады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігінің
Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын
айғақтайтын соттар болып саналады.
1.2. Сот билігінің функциялары және оның мәні
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Конституцияда бекітілген маңызды функциялардың бірқатарын атқарып отыр. Ол
функциялар сот билігін, біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы
ретінде, екіншіден, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатсты
тежемелер мен қарсы салмақтардың ерекше тетігі бар емлекеттік орган жүйесі
ретінде, үшіншіден, өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің,
нысандар мен әдістердің неізінде жүзеге асырушы емлекеттік билік тармағы
ретінде, төртіншіден, әділ сотты жүзеге асрушы органдар ретінде сипаттайды.
Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы немесе атқарушы билік
тармақтарын тежеу мен шектеу, олардың қызметін құқықтық бақылау функциясын
атқарады. Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің
мәнінің өзінен туындайды. Сөздің кең мағынасында әділ сот барлық
азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың жоғарыдан төменгісіне дейін,
барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметтерінің құқыққа, құқықтық
ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызмет болып табылады. Демек,
әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметін де
қолданыстағы құқық тұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана
айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданатын
құқықтық нормаларды Конституция нормаларымен тексеріп отыруға
тиісекендігінен көрінеді. Соттар, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерді қандай орган қабылдағанына қарамай, олар Конституцияға қайшы
келсе, қолданбауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясында егер, сот қолдануға жататын
қандай да бір заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және
азаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасайтынын көрсе, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатуға және осы актіні
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске
жолдануға міндетті. Осы құқық барлық соттарға, жергілікті, сондай-ақ
Жоғарғы Сотқа берілген және іс жүзінде олар осы құқықты парламенттің,
сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылдау өкілеттігі берілген басқа
да мемлекеттік органдардың конституциялық емес норма шығарушылығын тежеу
тетігі ретінде пайдаланады. Заң шығарушы және атқарушы биліктің норма
шығарушылық қызметін тежеу және шектеу функциясының ерекше маңыздылығын
атап көрсете отырып, осы функцияның толық еместігі туралы айта кету керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін,
құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің маңызды құндылықтары деп таниды.
Сондықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен босандықтарына қысым
көрсететін заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының тежеу мен
шектеу Конституциялық ережеден туындайды. Себебі, соттар жалпы алғанда
мемлекетті қорғауға арналған Конституциялық ережелерді талдай отырып,
мемлекет мүдделерін сот тәртібінде де қалай қорғау керек екенін белгілеуге
болады [7, 123 бет]. Және де мемлекеттің мүдделерін нормативтік құқықтық
актілердің, тіпті заңдардың да Коституцияға сәйкестігі туралы
Конституциялық Кеңеске жолдану арқылы да, сондай-ақ мемлекеттің мүдделеріне
қысым жасауға бағытталған ұйымдатырушылық және практикалық шараларды
конституциялық емес деп тану арқылы қорғауға болады.
Конституция қорғайтын, демек сот органдары қызметінің саласына
жататын мемлекеттің қандай мүдделері туралды айтуға болады?
Біріншіден, соттар мемлекет қызметінің қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық, бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық
патриотизм, мемлекет өмірінің осы демократиялық әдістері сияқты негіз
қалаушы принциптерін қорғауға тиіс. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік
заңдар аталған принциптерге қастандық етуші тұлғаларға қатысты қолданлатын
шараларды көздейді. Бұл Конституцияның ұлтаралық татулықтыбұзатын кез
келген әрекет конституциялық емес деп танылады деген 39-бабына негізделген.
Екіншіден, соттар Республиканың егемендігін қорғауға тиіс. Егемендік
ішкі және сыртқы болады. Демек, Республиканың егемендігіне қысым көрсетуге
бағытталған ішкі, сондай-ақ сыртқы акциялар орын алуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда осындай акциялар соттың қарастыруына жатуы мүмкін.
Үшіншіден, мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға
жол берілмейді. Бірде-бір заңда саяси партиялар ұйымдары мемлекеттік
органдарда құрылған болса, оларды тарату туралы мәселені қалай шешу
керектігі көрсетілмейді. Осы мәселені шешудің екі тәсілі бар деп
есептейміз: 1) әкімшілік; 2) соттық. Осы мәселе айрқша маңызды
болғандықтан, оны егжей-тегжейлі реттеу керек.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында
мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалад деп
жазылған. Азаматтық, қылмыстық заңдардың елеулі кемшіліктерінің бірі
мемлекеттік меншіктің толық көлемде қорғалмайтыны болып табылады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру барысында атқарушы органдар басшыларының
мемлекеттік меншікті жеке меншікке заңды бұзуын табыстаған көптеген
жағдайлар орын алды. Жеке тұлғалар адал сатып алушылар болып табылғандықтан
объектілер олардың иелігінде қалды. Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз
әрекеттері сатып алу-сату шарттарын бұзуға негіз болып табылмайды. Соттар
мемлекеттік меншікті тең қорғау туралы конституциялық ережеге назар
аудармайды, өйткені оларға тек азаматтардың құқықтарын қорғау туралы сөз
болғанда ғана Конституциялық Кеңеске жолдану құқығы берілген.
Бесіншіден, Конституцияда мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Қоғамдық
бірлестіктердің, жергілікті органдардың тарапынан Қазақстан аумағының
тұтастығын, иеліктен айырылмаушылғын бұзуға бағытталған акциялар,
әрекеттер, шешімдер және т.б. орын алу мүмкін. Ондай акциялар да сондай-ақ
сот талқылауына жатуы мүмкін.
Алтыншыдан, Конституция белгілеген Республиканың біртұтастығы,
президенттік басқару нысаны өзгертіле алмайд. Мемлекеттік құрлыстың
біртұтастығын өзгертуге біраз талпыныстар болд. Ондай талпныстар
нормативтік құқықтық актілер нысанында ()жергілікті органдардң, жергілікті
референдумдардың шешімдері болуы мүмкін.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы жекелеген
мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан бұзылуы мүмкін
мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігін көздейді.
Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы – әділ сотты жүзеге
асыру болып табылады. Соттардың Конституция мен заңдар белгілеген
өкілеттіктері оларға құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру мен
дамыту бойынша міндеттерді шешуге қабілетті дербес мемлекеттік билік
қасиетін береді. Сот қоғамдық өмірдің құқықпен реттелетін кез келген
саласында қоғамның жекелеген мүшелерінің арасында, олар мен мемлекеттің,
оның органдарының арасында қақтығысулар туындаған жағдайда төрелік
функциясын жүзеге асыруға арналған. Осындай төреліктің негізі Конституция,
заң болып табылады, оларға сәйкес сот әрекеттерінің, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын бұзушылықтың орын алғаны жайлы кінәрат талаптардың
заңдылығы немесе заңсыздығы туралы шешім шығарады. Сот мемлекеттің атынан
нақты қлмыстық, азаматтық, әкімшілік, шаруашылқ істер мен дауларды
қарастырады. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттары негізінде
туындайтын барлық істер мен дауларға таралады. Осы жерде Қазақстанда әділ
сот бірінші кезекте Конституцияның негізінде жүзеге асырылатынын
көрсететіні назар аударуға сай. Әрине, даулар мен істердің Конституцияға
қатысты болмауы және оның ережелерін тура және тікелей қозғамауы да мүмкін.
Бірақ, кез келген істі қарастыру кезінде, сот қолданылатын құқықтық актінің
Конституцияға сәйкес келетінін, келмейтінін тексеріп отыруға тиіс [9, 40
бет]. Екінші бір елеулі сот – Конституциялық сот билігі азаматтар мен
ұйымдардң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау,
Конституцияның, заңдардың, өзге де құқықтық нормативтік актілердің,
Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін
тағайындалатыны туралы ережесі болып табылады. Бірінші орынға азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау қойылады. Сөз мемлекеттік
және мемлекеттік емес ұйымдар жайлы болп отыр. Мемлекеттік органдартуралы
неге айтылмайды, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмайды ма? -
деген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Иә, мемлекеттің де, оның органдарының
да бұзылуы мүмкін түрлі құқықтары мен заңды мүдделері бар. Оларды
Конституция, заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер қорғайды,
олардың орындалуын сот қамтамасыз етуі тиіс.
Кейбір зерттеушілердің сот билігінің азаматтардың Конституцияның және
өзге де саланың құқық субъектілігін шектеу сияқты функциясы бар деп
есептейді. Бұл функция алдыңғы функцияның заңды жалғасы болып табылады.
Азаматтардың құқық субъектілігін шектеу заңдарға қатаң сәйкестікте
жүргізіледі. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді
көздейді. Қазақстан Республикасының Констиуциясы адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық
тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен
имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі
мүмкін деп белгіленген. Конституция саяси себептер бойынша азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол бермейді (39-
бап). Демек, сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектемейтін
заңды қолдану кезінде бүкіл елдің аумағында әрекет ететін тиісті
конституциялық ережелерге сүйенуі тиіс. Егер сот өолданылатын нормативтік
құқықтық актілрдің конституциялығын тексермейтін болса, онда сот
Конституцияға қарсы шешім шығаруы мүмкін.
Конституциялық Кеңес Қазақ КСР Кодексінің жауапкершілікке тартылатын
тұлғаның істі қарастыруға міндетті түрде қатысуын, және шақыру бойынша
келуден бұлтарған жағдайда мәжбүрлеп келтіруді көздейтін 261-бабының үшінші
бөлімі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым
көрсететіні туралы қаулы қабылдады.
1.3. СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Билікті бөлу теориясы корольдік деспотизм мен ақсүйектік көшуді
жеңетін басты құрал ретінде қолданылуын Джон Локко (1632-1704жж.) мен Шарль
Луи Монтескье (1683-1755жж.) қалыптастырды. Олар нақты политикалық назарды,
күрес пен сол заманның басты политикалық әрекеттесулері, яғни корольдік
билік, аксүйектік және туылған буржуазияны көрсетті.
“Мемлекет пен патшалық биліктің мәңгі бейнесі Кесарь болып
табылады және олардың байланысының салдарынан билік пен мемлекет, осы әлем
патшалығы мен рухы екі көзқарасқа бөлінеді: дуалисттік және монисттік. Егер
монизм тирандық тенденцияда болса, онда дуализм еркіндікті негіздейді”, -
деп Н.Бердяев айтып кеткен.
Мемлекет билігінің соңғы бағыты адамдарды билеуді тоқтату және
оларды қорқынышта ұстамау, тағдыр тәлкегіне қалдырмау, керісінше
қорқыныштан босату болып табылады, өйткені мүмкіндік шегінде адам өмір
сүруге құқылы екенін және өзі мен басқаларға зақымсыз іс әрекет жасауын
көрсетті. Мемлекеттің басты мақсаты адамдар өз міндеттерін қауіпсіз
жағдайда орындалуы үшін шарттар құру болады, сонымен қатар, өз ойларын
қолданып, бірақ бір-бірімен ұрысуды, өшпенділікті, ашулық пен өтірікті
қоюды көздеген. Кез келген мемлекет соңғы бағыттарын, яғни тұрғындардың
еркіндігін қадағалауы қажет.
Биліктің әмбебап сипаты қауым мен адамның өмірінің жалпы
бастамасы және де политикалық, қауымның бүкіл келісілген және жанжалды
қатынасының ұйымдасуынан автономдық қауымдық мәні ретінде қарастыруы
биліктің барлық жиынтығын көрсеткен болады.
Билік бөлінуінің негізін қалаушы Ш.Монтескье - прогрессті ойшыл,
қауым құрылуының мемлекетті-құқылы теоретьигі, теориясының басты мақсаты
халықты зомбылықтан және биліктің қиянат етуінен қорғау болып табылады.
Оның жұмыстарында басты принциптер мен институттар көрсетілген, олардың
көмегімен мемлекет органдары әрекеттескен. Барлық мемлекетте үш билік түрі
бар екенін орнатты, олар: заң шығарушы, орындаушы және соттық. Осылардың
барлығын сипаттай отырып, бірінші кезекте, мемлекет заң шығарады,оның
арнайы қолдану мерзімі болады,яғни бар заңды бағыттап немесе бұзылуын
қадағалап отырады. Ал екінші кезекте, татуластықты немесе соғыс жариялайды,
елшілікті қабылдайды немесе жібереді, қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді және
шабуылды алдын ала ескертеді. Үшінші кезекте, қылмыс үшін жазалау және
азаматтық құқығын қадағалау болып табылады. Анықтамалардан азаматтардың
политикалық еркіндігін қолданып Монтескье ескерген: “егер заң шығарушы
билік орындаушы билікпен магистраттың бір аппаратында біріксе,еркін болу
мүмкін емес, өйткені заңдық күдік тууы салдарынан монарх немесе сенат
тирандық заңды қабылдауы мүмкін, нәтижесінде тирандық қалыппен оларды
орындау керек ”. Оның пікірі бойынша соттық билікті заң щығарушы және
орындаушы билігінен айырусыз еркіндік болмайтынын айтты. Оның ойынша егер
төреші бір уақытта заң шығарушы болған жағдайда қадағалаусыз зомбылықпен
қамтамасыз етілер еді. Соттық билік орындаушымен біріккен жағдайда төреші
зұлымдық жасай алады. Сонымен қатар, барлығын жоғалтуға болады, егер бір
адам қолында осы үш билік болғанда: заңды өңдеу және қабылдау, қоғамдық
шешімнің орындалуы, азаматтық істің қаралуы және қылмыскерлерді соттау. Сол
уақытта Ш.Монтескьенің конститутциялық жобасында билікті тепе-тең қою
идеясы жеткіліксіз өткізілген. Заң шығарушы биліктің орындаушыға қатысты
басымдық рөлін анықтаған соң соттық билікті солармен қатар қойған және
маңызды деп санаған. Оның ойынша, соттық билікті арнайы органдарға емес,
халықтан таңдалғандарға, яғни берілген уақытта әділет сотқа алып барады
деген. “... адамдар үшін қорқынышты соттық билік белгілі мамандықпен,
белгілі күймен байланыста болмайды; ол болады... көрінбейтін немесе жоқ”
Ш.Монтескьеге қарағанда билікті бөлу теориясын Жан Жак Руссо
практикалық іске асырды, ол халықтың біріккен билігі деп заң шығарушы,
орындаушы және соттық билік екенін анықтады.
Билікті бөлу теориясы көптеген қалаларда мемлекетті-құқылы
практикада кең қолданысын тапты, ол құқық пен адам бостандығының басты
кепілгері болды; осы консепция кең қолданылатын қалаларда демократиялық
принциптер кең қолданысқа ие болды. Көбінесе мемлекеттік жүйе билікті бөлу
принципіне бағытталған –бұл мемлекетке қатысты ішкіполитикалық
тұрақтылыққа жатады, өйткені билік бөлінуі өте қиын жағдайдан
конституциялық ережелер көмегімен шығарады.
Билікті бөлу теориясы түсіндірме басында АҚШ Конституциясында
1977ж. орындалған, заң шығарушы уәкілдік Конгрессте ұсынылды, ол екі
палатадан тұрды: Сенат және Уәкілдер Палатасы. Орындаушы билік Президент
басқаруында болды, ал сот билігі – АҚШ Жоғарғы Сотына, сонымен қатар,
Конгресс бекіткен төменгі сот билігі.
Айта кетсек, АҚШ-тың конституциялық сабына ұйымдық даралаудың
жоғары дәрежесі тән. Президент пен оның үкімет мүшелері Конгресс палатасына
қатыса алмайды және дайыс бере алмайды. Президент заң шығару бастамасымен
құқыланбаған, ал үкімет мүшелері оның алдында жауапты. “Тежеу және қарама-
қарсыласу ” жүйесі бойынша алдымен заң Конгрессте қабылданады, содан соң
Президентке қолын қою үшін көрсетіледі. Президент оған қол қоймай сол
палатаға жаңартылғанын жіберуі мүмкін, яғни заң жобасы шыққан жер. Заң
жобасының тағдырын ақырында Конгресс шешеді. Президент алықаралық
келісімдерді жасауға құқылы, егер Сенат келісімін берсе. Сенат келісімен
Президент елшілерді, басқа да жоғары қызметтегілерді және Жоғарғы Сот
төрелерін тағайындайды. Конгресс пен Президент актілері Жоғарғы Сотты
конституциялық емес деп жариялауға құқылы. Көргендей, “тежеу және қарама-
қарсыласу ” жүйесі АҚШ конституциялық сабының айырылмас принципі, ол өзара
қадағалауға мүмкіндік береді және биліктің үш тармағының әрекеттесуіне шарт
туғызады.
АҚШ ғалымдары өз еңбектерін биліктің үш тармағының анализынан
көбінесе сот билігінен бастайды. Өркениетті қалаларда сот билігі
мемлекеттік билікке айналған. Төрелер басқа билік тармағын қадағалауға
уәкілдік алды және солардың шешімімен наразылыққа байланысты соңғы шешімді
шығара алады.
Шет елдерде заң шығару,орындау және сот билік органдарының
арасындағы қатынас жайғастырылған. П. 3 ст. 44 германдық конституцияда
төрелерді Бундестаг тергеу комитетіне құқылы көмек көрсету міндеттелген.
Испанияда төрелер тәртіп белгілеу уәкілдігін және әкімшілік шешімдердің
заңдылығын қадағалайды. Пакистан Конституциясының 162 бабына сай Жоғарғы
Сот Президентке құқық жайлы әлеуметтік сипатты кеңес береді.
Соңғы кездері батыс елдерінде сот билігімен байланысты
айтарлықтай мәселе туындайды, бұл мәселе “сот политикадан тысқары”
принципімен қадағаланады, ол нағыз мемлекеттік назардан соттық билікті
абстракциялауға мүмкін берді. Интернеттегі “Соттық тежеусіз билік
бейбастығы ” мақаласында Б.Волхонский әртүрлі “шулы” соттық айыптарды
сараптай отырып мынадай шешімге келді: сот билігі және батыс юристтік
жүйесі өз астынан орындаушы және заң шығарушы билікті көтере бастады,
сонымен қатар, көптеген азаматтық қоғамды қоса. Бұл байланыста бізге
өркениетті елдегі “таза қолдар” компаниясы соттармен “билікті басып алу”
дегенді білдіртпейді және мемлекет басқару функциялары пайда болады. Мақала
авторы соңына таман нақты механизм жоқ екенін айтты. “Дымнан көп шу ”
шығару керек па, соттың политикалық күшке айналуы салдарынан ба? Жоқ деп
ойлауға болады. Биліктің үшінші тармағы басқа екі орындаушы және заң
шығарушыға қарсылық көрсетуге арналған, яғни бұл функцияны заңмен
қабылданған уәкілдігімен тууындалуы керек.
Соттық билік түсінігі социалды тағайындалуы мен функциясы совет
кезіндегі юристтік әдебиеттің зерттеу нысаны болып табылды. Онда бұл
сұрақтар жеңіл-желпі “әділет сот” деген түсінікпен көрінді. Осыған қоса,
соңғы категорияда үстемдік марксисттік-лениндік идеологиямен қарастырыды,
мемлекет маңызының басымдылығынан шықты.
Сот билігі мен әділет сот туыстас, бірақ тепе-тең түсінікте емес.
Әділет сот сот билігінің маңызды көрсетуі болып, бірақ соңғысы оған
бармайды. Берілген түсініктің ара қатынасының нақты анықталуы юристтік
ғылымның тапсырмалары болып табылады.
Революцияға дейінгі жазушы С.В.Познышев жазған: “сот билігі
мемлекет билігінің тармағы, ол жеке органдармен әкімшілік және заңды
функциясыз орындалуы керек, яғни заңды орындап, өмірде үстемдік құқығын
бекітіп, зомбылық және зорлықпен күресу”.
Бұл анықтамадан сот билігінің ұйымдық және функциялық өз еркі
акценттелді, сонымен қатар, қоғам мен мемлекетті үстемдік құқығымен
қамтамасыз ету.
Советтік биліктің орнатылуы мен пролетариат диктатурасының
жариялануы, “Бүкіл билік Советке” ұранының бекітілуі, ол билік
функциялануының саяси-құқылы приципіне айналады.
Марксизм-ленинизм классиктерінің басты мемлекетті тағайындау
нәтижесінде үстемдік тапты қорғап және қамтамасыз ету болды, бірінші
жоспарға мемлекеттің таптық сипат оның социалды-демократиялық тармағы тән
келді. Билік бөлу жайында К.Марск былай деген “жұмыс бөлуді кәсіп ету
мемлекеттік механизмге басқару мен қадағалау түрінде қолданылған”.
В.И.Лениннің пікірі бойынша “нағыз мемлекеттік жұмысты сананың
декорациясының арғы жағына барып жасайды және депортаменттер, кеңселер,
штабтарда орындалады”. 1917 ж. қазан революциясының жеңісінен билік
бірігуінің консепциясы Советке толық билеуді алып келді, ол жерде биліктің
басқа тармақтары дербес бола алмады. Орындаушы биліктің тез ұлғаюы
салдарынан соттық билікті дербес мемлекет билігіне айналуына мүмкіндік
бермеді, ол заң шығарушы билікті сияқты сот билігінде алмастырды. Берілген
тақырыптама бойынша теориялық өңдеуді көрсете алмады, бұған көбінесе
зерттеушілер назар аударды. Билік теориясындағы, сонымен қатар, сот
билігінің теориялық атқарымы біздің елімізге қажет, әсіресе бүкіл деңгейде
толығымен ғаламдық өзгеріс орнатылса.
Мемлекеттің сот жүйесінің пролетарлы диктатурасы 1917ж. 22
қарашадан Совнарком қабылдаған сот жайлы Декрет шыққаннан бастап
жинақталды. Бұрынғы аймақтық сот, сот палатасы, әскери және теңіз соттары,
коммерциялық сот жойылды. Олардың орнына және прокурорлық бақылау,
адвакатура, соттық тергеу орнына жергілікті сот пен революциялық
трибуналдар құрылды. Төрелерді Советтер таңдаған және шақырған. Соттық
жүйенің дамуы соттан тыс органдар пайда болуынан қиындатылды, олар қатаң
репрессивті саясат қолданды.
1924 ж. жаңа Конституция қабылданып және СССР пайда болу
нәтижесінде сот билігі әлсіреді, өйткені СССР Жоғарғы сотының соттық
конституциялық қадағалауды тарату жолымен ЦИК СССР-дің талабы бойынша союз
республикаларыныңнормативті құқылы акттерінің заңдылығы жайында, олардың
СССР Конституциясына сай екендігі, союз республикаларының арасындағы сот
даулардың қарастырылуы, өкінішке орай, кезекті дамуға бармады.
1936 ж. СССР Конституциясына билік бөлу теориясының жеке
элементтері салынды, дегенмен практикада қалаларды қатаң орталықтандырылған
басқару нәтижесінде дұрыс орындала алмады және әртүрлі мемлекеттік
құрылымдар арасындағы ара-қатынастарының түсініксіздігі бола бастады.
Сталинизм режимі демократиялық деклорацияларды жоққа шығарды, өйткені бұл
режим салдарынан адамға қарсы қылмыс, зорлық, террор алып келінді.
1936 ж. СССР Конституциясы мемлекеттік билік органдарының жоғраы
ұсынылған принципінен шықты, олар мемлекеттік басқаруға есепті және
қадағаланған органдар ұйымдастырды. 1936ж ст. 102 Конституциясында былай
делінген: “СССР-ДЕ Әділет сот СССР Жоғарғы Соты, созю республикаларының
Жоғарғы Соты, шет және облыстық соттары, автономдық республика мен
автономдық облыс соттары, аймақтық соттар, СССР–дің арнайы соттары, алықтық
соттар арқасында іске асады ”. Ст. 112-де төрелердің тәуелсіз екенін және
олардың тек заңға бағынатынын көрсетті.
1977 ж. СССР Конституциясына қоғам демократизациясының белгілі
жағдайы енгізілген, билік бөлу теориясы жайында айтылмаған. “Бүкіл билік
Советке” деген лениндік принциптің қалыптасу нәтижесінде Советтер СССР
негізіндегі саяси ахуалды қайта қайтарып алды, ал қалған мемлекеттік
органдар оларға есепті және бақылауға алынған. 1918ж. РСФСР Конституциясы
сияқты бұл Конституциямен Советтерге көптеген уәкілділік ұсынылған. Cт. 2-
де СССР негізіндегі саясаттағы халық депутаттарының Советі арқасында бүкіл
билік халық қарамағында болды. Сонымен қатар, совет қоғамының басқарушы
және бағыттаушы күшінің саяси жүйесінің түйіні болып коммунисттік партия
саналады, ол қоғам дамуының перспективті негізін анықтайды (ст. 6). Демек,
іс жүзінде қаланы партиялы-әкімшілік бас басқарды, ол Совет толық билік
принципінң жариялануымен бүркенді. Бұл шарттармен билік бөлу теориясы ғылым
ретінде дамыған жоқ, егер жазған жағдайда капиталисттік қоғаммен салыстыру
мақсаты болған, олар дұрыс түсіндірілмеген.
Советтік Союздің құлауы мен тоталитарлы жүйенің күйреуінен
қазіргі заманда сот билігінің сезіну рөлі мен мағынасы болды. Дәл осы
уақыттан бастап юристтік зерттеулерге ол толыққанды нысан болып саналды.
Сот билігі мәнісіне мемлекеттік биліктің ерекше тәуелсіз тармағы
жатады, оны ашық, жарыспалы және әріптесті қарастыру жолымен соттар
жүргізген және сот отырысында азаматтық, қылмыстық және тағы басқа да заң
формасындағы сот істерінің құқығы жайлы дауларға рұқсат берілген.
Бұл жақта сот билігінің бағынышсыздығы және тәуелсіздігі айтылып
өтілген, оның субъектісі және принциптері мен формасының пайда болуы
көрсетілген.
Процессуалды құқық пен сот құрылысындағы мамандар сот билігін
былай анықтайды “арнайы мемлекет органдарына жеткізілген соттарға,
олардың құзыретіндегі рұқсат етілген уәкілділік, бұл сұрақтар осы
уәкілдікке конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және арбитражды
сот ісімен іске асыруға болады, олар сот шешімінде заңдылық пен әділдікті
кепіл етеді ”.
Көргендей, осы көзқарастағы өкілдер сот уәкілділігінің ерекше
сипаты мен арнайы іске асыру формаларын белгілеп кеткен.
Сот билігінің түсінігі ерекше билік уәкілдігінде бар екендігі
жайлы тұжырым дұрыс емес. Бұндай жағдайда соттар мен мәселелерініңсаяси
рөлі назарға алынбайды, олардың алдындағы құқықты қорғау және азаматтар мен
ұйымдардың назары болып табылады.
К.Ф.Гуценко мен М.А.Ковалевтың ойынша сот билігі – бұл
“мемлекеттік аппараттағы ерекше күйде жұмыс жасайтын органдарға тән
мүмкіндік пен адамдардың мінез-құлқы, арнайы процесстердің орындалу
қабілеті ”. Сонымен, екі компонентке бөлінеді: 1) берілген биліктің арнайы
құрылған мемлекеттік органдармен іске асыру; 2) тек осы органдарға тән
қабілеттілік пен мүмкіндіктің бар болуы.
Берілген феноменге тым жеңілдетілген түсінік берудің қажеті жоқ.
Біріншіден, ол сот билігінің маңызын ашпайды және оның орны билік бөлу
жүйесінде. Өйткені адамдардың тәрбиесіне әсер ететін Президент, Парламент,
Әкішілік, прокуратура және басқа мемлекеттік органдар болуы мүмкін, бірақ
әрқайсысы өз дәрежесімен. Екіншіден, “қабілеттілік пен мүмкіншілік” дегенде
не ой бар екені түсініксіз. Сот әрекетінің уәкілділігі, әдәстері, формалары
болғандықтан ба? Үшіншіден, мемлекеттік аппаратта төрелер қандай “ерекше”
орында болады? Орындаушы билік пен прокуратура және т.б. органдардың
күйінен айырмашылығы бар ма? Төртіншіден, қандай арнайы процесстерге
төрелер әрекет жасайды.
Сот билігіне тағы да анық түсінікті Ю.А.Дмитриев Г.Г.Черемный
берген. Олар бұны “баңынышсыз қоғамды-құқылы құрылған, арнайы мемлекеттік
және муниципальді органдар жүйесін ұсынған, билік уәкілдіктегі
қарастырылған заңды, ол шындықты табуға бағытталған, әділіттілікті
орнатқан, даулар шешкен, айыпкерді жазалау жайлы шешімдер орындалуға тура
келеді ”.
Шындығында, олар “сот билігі” мен ”сот жүйесі” деген түсініктерді
бірдей етеді, бірақ сот және билік уәкілдігінің сипатының бағыттарын
көрсетіп отырады. Дегенмен, сот билігінің түсінігін ұйым аспектісімен алуға
болмайды, яғни арнайы органдармен, олар керекті уәкілділікте болады, сол
сияқты, заң шығарушы және орындаушы билік Парламент пен Әкімшіліктің, т.б.
орындаушы органдардың бар болуымен таусылмайды.
Конститциялық құқықтағы көптеген мамандар соттық билікке толық
анықтама бере алмай жатыр, оның бүкіл сипатымен шектеліп және оның билік
бөлу жүйесінде мазмұнын, функциясын, орнын бөлу болып табылады.
Б.А.Страшун мен А.А.Мишин жалпылай сот билігін құрал деген, оның көмегімен
құқық қоғамдық қатынасқа әсер етеді, төменнен жоғарғыға дейінгі сот
органдарының жиынтығына қойылған. Оның демократиялық қоғамдағы саяси рөлі
әртүрлі юристтік дауларды құұық үстемдігімен қамтамасыз етеді, олар
Конституция және т.б. заңдарда, алықаралық келісішарттарда, декреттерде,
ордонанстарда, ішкі мемлекеттік қоғами-құқылы келісімшарттарда
белгіленген.
Г.С.Сапаргалиев бұл сұраққа Конституцияның өзінің күйінен тұжырым
шығарады. Қазақстан Республикасының сот билігі оларға дербес мемлекеттік
билік тарпмағы деп саналады, ол Республика атынан кімнің немесе тек соттың
өз еркімен орындалады.айта кеткендей, сот билігінің маңызы, яғни құқықты,
еркіндікті, азаматтардың заңды құқығын, олардың бірігуін, мемлекеттік
органдардың құқығы мен заңды назарын қорғау, Конституцияның, заңдардың,
басқа да құқылы нормативті акттердің, Қазақстан Республикасының
орындалуымен қамтамасыз ету.
М.В.Баглай төрелердің рөлі мемлекеттік биліктің түйіні екенін
айрықша айтып кеткен, ол адам еркіндігі мен құқығын қорғайтын арнайы
аппарат пен ерекше құрал ретінде мойындалған, заңдылық пен әділеттікті
бекіткен. “Тәуелсіз сот билігі – құқылы мемлекет пен конституционализмнің
жүрегі бола бастады, халық бостангдығының басты кепілі – деп айтып кеткен”.
Сот билігі түсінігінің мәнін толық және анық ашу үшін оның
белгісін шығарып алу керек, олар мемлекет меанизмінде орны мен рөлін,
басқа билік тармағынан ерекшелігін көрсетеді.
Көптеген ғалымдар сот билігінің бүкіл белгісіне мыналарды
жатқызады: арнайы мемлекеттік органдармен құрылған сот билігінің пайда
болуы, оның құқықты және азамат назарын, юристтік тұлғаларды және
мемлекетті қорғауға бағытталуы; Конституция мен заңдардың орындалуымен
қамтамасыз етілуі, оның арнайы формалар мен ерекше процедуралардан өтуі;
сот билігінің дербестігі, тәуелсіздігі, өзгешелігі ; арнрйы ережелермен
соттар мен ұйымдардың пайда болуы.
Ғалымдар осыларға ерекше беделдегі және жұмыс режиміндегі
қызметкер-төреші, осы билікті іске асырады, қызметте ерекше қадағалау
жүйесін жүргізеді.
Демек, төрелердің ерекше беделдегі және жұмыс режимі сот
билігінің белгілеріне жатқызуға болмайды, егер басқа мемлекеттік билік
тармағынан айырмашылығы болған жағдайда. Өйткені төрелердің осындай құқылы
беделі, мысалы, басқа қызметтегі лауазыммен сыйымсыздығы және т.б. осыған
тән Президент, Парламент депутаттары, Конституциялық Советтің мүшелері.
Сыртқы қадағалаудың жоқ болуы төоешілер қызметіне көрсеткіш емес және де
басқа мемлекеттік органдар ара-қатынасында бұндай қадағалау жүргізілмейді.
Сот билігінің шектері мен ерекшеліктерінің арасында кейбір
авторлар оны айқын сипатта деп санайды, аса мамандандырылған формада
болған, сот қарамағына қатынасқан, ішкі соттық өзіндік басқармада болған,
заңмен шешілген дауларды қарастыру болып табылады.
Ішкі өзіндік басқарма нәтижесінде сыртқы позициямен сот билігінің
сапалы сипатын көрсетпейді. Яғни заңға сай даулармен, төрелердің заң
санасымен қарастырылуы - бұл төрелердің қызметінің принципі, дәлірек
айтқанда, заң принципінің құрамдас бөлігі, оларды бүкіл заң қабылдаушы
органдар басқаруы керек.
Ю.А.Дмитриев пен Г.Г.Черемныйдың пікірінше сот билігінің жоғары
дәрежелі және мазмұнда болған жағдайда, төре – биліктің жалғыз органы
болады, іс бойынша заңды ақиқат орнатады және оған юристтік білім қосады.
“Бұл құқықты мойындау сот билігінің органдарынан кейін болады, - деп олар
жазған, - тек теориялық ғана емес, практикалық білімде болған; ол жаза
салған кездегі әкімшілік реттің лигитимділігін жоғалтқызады: акцептсіз
ақшалай қаражаттар, әкімшілік айып, тәркілеу ”. Олармен тағы да сот рөлі,
оның шешімінің жанамалылығы жүреді.
Сол себепті, жоғарыда айтылған белгілердің көбісі сот билігінің
принциптеріне жатады.
Егеменді Қазақстан Республикасының билік бөлу принципі
конституциялық сап негізін алғаш рет Қазақстан Республикасының
Конституциясына 1993ж. енгізді. “Конституция сабының негізі” кіріспесінің
алтыншы күйінде былай делінген: “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
билік оның бөліну принципіне негізделген, яғни заң шығарушы, орындаушы және
соттық. Осыларға сай өз уәкілділігіндегі мемлекеттік органдар дербес, арасы
қарама-қарсы және сабырлы жүйелермен әрекеттеседі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz