Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының тарихы



Жоспар

Кіріспе 3

Негізгі бөлім 4
1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы 4
2 Мантия . Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арна улы киім нысаны 11
3 Сот жүйесi 12

Қорытынды 15

Пайдаланылған әдебиетер тізімі 16
Кіріспе

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.
Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың
Пайдаланылған әдебиетер тізімі


1 ҚР Конституциясы. Алматы, 2003.
2 ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы: Баспа, 2003.
3 «ҚР сот және сот төрелігі туралы» ҚР Заңы // Казахстанская правда. 2000. 30 декабря.
4 «Сот приставтары туралы».ҚР заңы . 7.07.1997 ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы 4
2 Мантия - Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арна улы киім
нысаны 11
3 Сот жүйесi 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиетер тізімі 16

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары
сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында
олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының
мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың
сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер
беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе
көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына
сінген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер
бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.
1923 жылғы 11 сәуірде құрылған РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ)
бөлімінің алғашқы Төрағасы болъш 1921 жылдың қазан айынан Жоғарғы
Революциялық трибуналдың Төрағасы қызметін атқарып келген Нығмет Нұрмақов
тағайындалды Қазақстандағы сот құрылымына, Әділет министрлігі мен Бас
прокуратураның қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан халқымыздың біртуар ұлы
Нығмет Нұрмақов туралы атап айтқан жөн.

Негізгі бөлім

1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы

Жоғарғы Сот Төрағасы қызметінен кейін Қазақ АССР-нің Әділет министрі
әрі Бас прокуроры болған Н.Нұрмақов 1924 жылдың соңында Республика Халық
Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (қазіргі Премьер-министрдің орны) болып
тағайындалған. Одан кейін 1931-1937 жылдары Москвада БОАК-тың төралқасыңда
бөлім меңгерушісі болды. Халық үшін туған осындай аяулы азамат 1937 жылы
сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырауы өкінішті-ақ.
1923 жылғы Жоғарғы Соттың құрамында 52 штаттық орын болған. Бірақ сот
кадрларының жетіспеуінен ұзын саны 29 адам ғана нақты қызмет атқарған.
Бұған мысал ретінде мына түпнұсқалық фотокөшірмені келтірейік.
РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің бұл жылдардағы сот істеріне
қатысты атқарған қызметтерін жан-жақгы саралап беруге тарихи архивтік
құжаттар жеткілікті емес. Дегенмен, 1923 жылдың 18 тамызы күні алғаш рет
Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төралқасы өзінің тікелей бұйрығымен
сот алқасының негізгі құрамын бекіткені туралы сот алқасы төрағасының
орынбасары А.А.Голубцовтың жасаған баяндамасы сақталған2. Онда 1923 жылдың
1 каңтарынан бастап сот алкасының төрағасы болып П.В.Алексеев
тағайындалғаны, басқа алқа мүшелері жоқ болғаны айтылған. 1923 жылдың 18
тамыздағы Жоғарғы Сот төралқасының бұйрығынан кейін ғана аталған сот
алқасының мүшелері бекітіліп, өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып, сот ісін
жетілдірген.
Ал, Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөліміне бұл кезде И.И.Кочкин уақытша
тағайыңдалып, төрағалық еткен. Жоғарыдағы аты аталған алқа мүшелерінен
басқа Т.А.Арыстанбеков, М.Н.Демме сот алқаларына басшылық жасап, іс жүргізу
талабын күшейте түсті.
РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы атқарған қызметі
жайлы айтар болсақ, бұл кезең кеңестік социалистік жүйе өзінің мемлекеттік
билігін одан сайын күшейткен тұс болатын. Социалистік қоғамға тән заңдылық
нормаларын жүзеге асыру үшін соттарға "қырағылық таныту" тапсырылды. Ел
ішіндегі "жат элементтерді" жоюдағы тап күресінің саяси мәніне негізделген
заңдарды тиянақты түрде қолдануды барлык сатылардағы соттардан талап етті.
1924 жылдың 1 наурызынан бастап РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ)
бөлімінің төрағасы болып Тілеужан Мұқашев тағайындалған. Т.Мұқашев
Қазақстандағы сот, прокуратура ісіне еңбегі сіңген заңгер еді. Ол да
сталиндік қуғын-сүргіннен аман кетпеді. 1924 жылдан 1925 жылдың маусымына
дейін Жоғарғы Соттың Төрағасы, 1926-1928 жылдары Орал губерниялык сотының
төрағасы, одан кейін сол Орал округінің прокуроры, кейін Жоғарғы Соттың
Қазақ бөлімінде алқа мүшесі, 1937 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының
орынбасары болған.
Т.Мұқашев РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы бір
жылдық жұмысы туралы есепті баяндамасында РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Казақ)
бөлімінің сот ісін жүргізудегі ролі мен құзыры туралы айтып өткен. Онда
Жоғарғы Сот — республикадағы ең жоғарғы құзыретті құқығы бар сот ұйымы
ретінде Қазақстан аумағында барлық сатыдағы соттарға бақылау жасайтыны
айтылған. Сондай-ақ, губерниялық және халық соттарының қылмыстық істер
жөніндегі шығарған шешімдеріне риза болмаған талапкерлер шағымын қарауға,
әскери көлік (транспорттық) трибуналы мен мемлекеттік аса маңызды істерді
қарайтын бірінші сатыдағы соттан басқа барлық соттардың кез-келген ісін
қадағалау тәртібімен бақылап, қарауға құқықты делінген.
Төралқа құрамы Жоғарғы Сот бөлімінің Төрағасынан және сот алқасы мен
қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқадан тұрды. Ал, атқаратын қызметі:
а) "алқа мүшелері арасындағы жеке-жеке орындайтын міндеттерін бөліп беру,
б) губерниялық соттардың қарамағындағы судьяларды тағайындау, в) өндірістік
тәртіп жөнінде іс қозғап қарау, г) арнайы бұйрықтар мен инструкцияларды
қарап бекіту", — деп көрсетілген.
1924 жылы Төралқа мәжілісі 31 рет шақырылып, 77 әртүрлі істерді
қараған. Оның ішінде ұйымдастыру мәселесіне қатысты 11 іс, губерниялық
соттарды тексеру жөнінде 7 баяндама, губерниялық соттардың тәртіптілік
алқасы қараған шешім туралы 6, өндірістік тәртіптілік мәселесі жөнінде 4,
ішкі циркуляр және түрлі түсіндірмелер, губерниялық соттарды тексерушілер
туралы 3, қазақ тілінде іс жүргізуді жеделдету жөнінде 6, сот алқалары
атқарған істер туралы 3, Жоғарғы Соттың ережесі туралы 5, соттарды қызметке
тағайындау және ауыстыру жөнінде 6, өзге де ұйымдық жұмыстар туралы 10 іс
қарап, шешім қабылданған. Соның ішінде қазақша іс жүргізу мәселесі өте баяу
орындалған. Сотта қазақша іс қарайтын судьялар өте аз болған, үлттық кадр
жоққа тән еді.
Т.Мұқашевтің жыл қорытындысында жасаған баяндамасында назар аударарлық
нәрсе — 1924 жылы қазіргі Қазақстан территориясында Ақмола, Семей, Ақтөбе,
Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниясы және Адай уезі болған. Одан кейін
Жетісу, Сырдария губерниялары және Қарақалпақ Автономиялық облысы қосылған.
Осыншама ұлан-ғайыр аймақтағы барлық соттармен етене жұмыс жасау Жоғарғы
Соттың Қазақ бөліміне жүктелген. Нақты айтқанда 2.845.273 шаршы метр
аймақта шашыраңқы жатқан 6.216.672 халықтың құқықтарын қорғауда 4
губерниялық сот, 3 облыстық сот және губерниялық сот дәрежесіндегі Адай
уездік соты жұмыс жасаған3.
Қазақстан үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік
құрылым жүйелерінде ішінара өзгерістер, территориялық басқаруда бірігулер
жүріп жатты. Ең маңыздысы патшалық дәуірден жаңсақ аталып келе жатқан
ұлтымыздың төл атауы — "Қазақ" сөзі өз орнын тапты. Бұдан былай "Қырғыз"
атауы қолданылмайтын болды. Сонымен қатар, бұрын Ресейдің басқару билігімен
қазақ халқы екіге бөлініп, оңтүстік облыстар Түркістан өлкесіне
(республикасына) қарап келген еді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария облыстары
Қазақ АССР-нің қүрамына енді.
Бұл жылдары РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі де өзінің сот құрылымы
жөніндегі ережесін қайта қарап, бекітудің жобасын жасады. Бұған бірден-бір
себеп болған нәрсе — 1925 жылға дейін Жоғарғы Соттың Казақ бөлімінде
азаматгық сот істерін қарайтын алка болмаған еді. Азаматтық істер
губерниялық (облыстық) соттарда ғана қаралып, шағымдану тәртібі мен
наразылық келтіру тікелей РСФСР Жоғарғы Сотына жіберілетін.
Одақтас республика дәрежесіндегі Қазақ АССР-нің Жоғарғы Сотында
азаматтық істер жөнінде сот алқасының міндетті түрде қажет екенін сезінген
БОАК-тың Төралқасы 1925 жылғы 1 маусымдағы мәжілісінде "РСФСР Жоғарғы
Сотының Қазақ бөлімі жанынан азаматтық сот істері жөніндегі алқа және
кассациялық алқа құру туралы" мәселені тыңдап, қаулы алған. Онда:
"1. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің жанынан:
а) Азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа белгілі мақсатпен
құрылсын;
2. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1923 жылғы 11 сәуірдегі БОАК-тың
төралқасы бекіткен ережесіне жеке баптармен өзгерістер мен толықтырулар
енгізу РСФСР Жоғарғы Сотына тапсырылсын. Аталған сот алқасының құзыреттік
шегін, сондай-ақ қаншалықты талап құны мөлшерінде іс қарайтынын анықтасын.
3 РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы жоба мәтініндегі
өзгерістерді БОАК-тың төралқасы мен РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесіне
ұсынсын4, — делінген. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1925 жылы 24 тамыз
күнгі өткен төралқа мәжілісінің № 9 хаттамасында: БОАК-тың 1923 жылғы 11
сәуірдегі және 1925 жылдың 1 маусымындағы қаулыларына сәйкес ережедегі 1-
баптың "б", "в" тармақтары мынандай редакцияда жазылды:
б) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі
сот алқасы.
... 2) 2-баптағы "бөлімнің төрағасы" деген сөзден кейін "Қылмыстық істер
жөніндегі кассациялық сот алқасының және Азаматтық сот істері жөніндегі
кассациялық алқаның төрағалары деп жазылсын", — делінген. Сондай-ақ, сот
істеріне қатысты басқа да толықтырулар енгізген.
РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі ережесінің жаңа жобасы мемлекеттік заң
орындарының барлығында талқыланып, бекітілді. Ережеге енгізілген ең басты
толықтыру — Азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа
сатыларын Қазақ АССР-і Жоғарғы Сотының құрамына енгізу болды.
Сол 1925 жылғы БОАК-тың төралқасы қарап, қаулы алған жобадағы ереженің
6-бабында:
"... Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің азаматтық істер жөніндегі кассациялық
алқа сатылары Қазақ Советтік Социалистік Республикасындағы облыстық және
губерниялық соттардың азаматтық істер бойынша жіберген талап кұнын 10000
сомнан асырмайды. Егер іске қатысты талап құны 10000 сомнан асса,
кассациялық шағым мен қадағалау тәртібі бұрынғыдай РСФСР Жоғарғы Сотында
тікелей қаралады5, — делінген. Азаматтық сот алқасына жататын барлық сот
істерінің талапкерлері және жауапкерлері болып ҚазОАК Халық Комиссарлар
Кеңесі, Халық комиссариаттары мен оған теңестірілген орталық басқармалар,
губерниялық, облыстық атқару комитеттері және астананың қалалық кеңесі
танылды. Осы жобамен келіскен БОАК пен РСФСР Халық Комиссарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери соттар
Астана қаласының Алматы аудандық соты - Оқу-танысу тәжірибесі
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Сот билігі туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Қылмыстық - атқарушылық қатынас саласындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайы
Мемлекеттік елтаңба
Сот жүйесінің даму мәселелері
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Пәндер