Абайтануға кіріспе
4 Абайдың сөз өрнегі
5 Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.
6 Абай поэзиясындағы табиғат, махаббат тақырыптары.
Сезім шындығы.
7 Абайдың эстетикалық тағлымы.
Сұлулық шындығы.
8 2.модуль
Абай өлеңдеріндегі даналық дәрістері.
Парасат шындығы
9 Абай шығармаларындағы болмыс шындығы.
10 Абайдың діни тағылымы.
11 Абайдың поэмалары.
12 Абайдың көркем аудармалары, зерттеушілердің ол туралы ой.толғамдары.
13 Қарасөздер қазынасы.
14 Абай мұрасының жаңа заманда зертелуі.
Әлем кемеңгерлерінің лебіздері.
15 Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі.

Уақыт ұлы ақын, кеменгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты, терең талдап, тану міндетін алға тартып отыр. Бұл – ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұрат болып жалғасып, ұласа берер қасиетті парыз, үлкен міндет.
Еліміз егемендік алғанға дейін да Абай мұрасын зерттеуге арналған жұмыстардың саны аз болмағанмен, Кеңес дәуірінің атеистік солақай саясатына байланысты абайтануда сыңаржақ көзқарастар да орын алып келгені белгілі. Атап айтқанды, абайдың өзіне «байдың ақыны» деген жала жабылды немесе оны атеист етіп көрсетуге ұмтылыстар болды. Абайды ақын ретінде ғана танып-білуге баса көңіл аударылып, оның ойшылдығына, өлеңдерінің өмір құпияларын ашатын ішкі сырына аз назар аударылды. Ұлы Абай мұрасына мұндай біржақтыкөзқарас кемеңгердің ойшылдық болмысын дұрыс түсініп, руханй дүниесіне терең бойлап енетін мүмкіндікті шектеп отырды.
Рас, егемендікке қол жеткелі, әсіресе данышпан ақынымыздың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО ауқымында – әлемдік деңгейде атап өтуге байланысты Абай мұрасын әр тарапты жаңаша тану тұрғысында талпыныстар жасалып, көптеген еңбектер жазылды. Әйтсе де шексіз биік рухани мұра әлі де болса жаңаша көқарас тұрғысынан өз деңгейінде зерттеліп, ойшылдың данышпандық бейнесі толық ашыла қойған жоқ. Сондықтан Абайды бүкіл әлемге танытып, өзіміз ұлы мұрадан еркін сусындау үшін, бұрынғы таным-түсініктерімізді жаңғыртып, абайтануды соны өріске шығару аса өзекті мәселе екені дау тудырмаса керек.
Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар еді. оның қаламынан туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған лұғатты сөз халқымыздың рухани қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын дүниеден өтіп кеткен күннің ертеңінде-ақ замандастарының күнделікті тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты да, уақыт өткен сайын зорая берді.
Оның атағын алғаш алғаш көтеріп әкеткен ғасырымыздың елең-алаңында ел өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп, қалың ұйқыда жатқан халықтың санасына сәуле түсірген бір топ зиялылар еді. солардың ішінде ең бірінше шоқтығы биік басшысы, туған халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы жолында Алаш туын көтеріп шыққан қайраткерлердің топбастары – Әлихан Бөкейханов болды.
Абай қайтыс болғаннан кейін өз қолымен орыс тілінде кеңейтілген қазанама мәтінін жазып, оны «Семипалатинский листок» газетіне бастырған осы Әлекең еді.
Абайдың әлеуметтік қызметі мен шығармашылығы жөнінде бұл кісінің бірден айтқан көшелі пікірлері былай тұрсын, «чудные его стихи, посвященные четырем временам года (весна, лето, осень, зима), сделали бы честь знаменитым поэтам Европы» деген бір ғана ауыз сөзінің өзі ақын мұрасының бұдан былайғы мәңгілік өміріне жол ашып кеткендей еді.

Уақыт ұлы ақын, кеменгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа
көзқарас тұрғысынан жан-жақты, терең талдап, тану міндетін алға тартып
отыр. Бұл – ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұрат болып жалғасып, ұласа
берер қасиетті парыз, үлкен міндет.
Еліміз егемендік алғанға дейін да Абай мұрасын зерттеуге арналған
жұмыстардың саны аз болмағанмен, Кеңес дәуірінің атеистік солақай саясатына
байланысты абайтануда сыңаржақ көзқарастар да орын алып келгені белгілі.
Атап айтқанды, абайдың өзіне байдың ақыны деген жала жабылды немесе оны
атеист етіп көрсетуге ұмтылыстар болды. Абайды ақын ретінде ғана танып-
білуге баса көңіл аударылып, оның ойшылдығына, өлеңдерінің өмір құпияларын
ашатын ішкі сырына аз назар аударылды. Ұлы Абай мұрасына мұндай
біржақтыкөзқарас кемеңгердің ойшылдық болмысын дұрыс түсініп, руханй
дүниесіне терең бойлап енетін мүмкіндікті шектеп отырды.
Рас, егемендікке қол жеткелі, әсіресе данышпан ақынымыздың 150 жылдық
мерейтойын ЮНЕСКО ауқымында – әлемдік деңгейде атап өтуге байланысты Абай
мұрасын әр тарапты жаңаша тану тұрғысында талпыныстар жасалып, көптеген
еңбектер жазылды. Әйтсе де шексіз биік рухани мұра әлі де болса жаңаша
көқарас тұрғысынан өз деңгейінде зерттеліп, ойшылдың данышпандық бейнесі
толық ашыла қойған жоқ. Сондықтан Абайды бүкіл әлемге танытып, өзіміз ұлы
мұрадан еркін сусындау үшін, бұрынғы таным-түсініктерімізді жаңғыртып,
абайтануды соны өріске шығару аса өзекті мәселе екені дау тудырмаса керек.
Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар еді. оның қаламынан
туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған лұғатты сөз халқымыздың рухани
қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын
дүниеден өтіп кеткен күннің ертеңінде-ақ замандастарының күнделікті
тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты да, уақыт өткен сайын
зорая берді.
Оның атағын алғаш алғаш көтеріп әкеткен ғасырымыздың елең-алаңында ел
өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп, қалың ұйқыда жатқан халықтың санасына
сәуле түсірген бір топ зиялылар еді. солардың ішінде ең бірінше шоқтығы
биік басшысы, туған халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы
жолында Алаш туын көтеріп шыққан қайраткерлердің топбастары – Әлихан
Бөкейханов болды.
Абай қайтыс болғаннан кейін өз қолымен орыс тілінде кеңейтілген
қазанама мәтінін жазып, оны Семипалатинский листок газетіне бастырған осы
Әлекең еді.
Абайдың әлеуметтік қызметі мен шығармашылығы жөнінде бұл кісінің
бірден айтқан көшелі пікірлері былай тұрсын, чудные его стихи, посвященные
четырем временам года (весна, лето, осень, зима), сделали бы честь
знаменитым поэтам Европы деген бір ғана ауыз сөзінің өзі ақын мұрасының
бұдан былайғы мәңгілік өміріне жол ашып кеткендей еді.
Тарихта тұңғыш рет ақынның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасынан
біршама толық мағұлмат келтіре отырып, соларды патшалық әміршік тілінде
шығатын газет арқылы бір ғана Семей өңірі, бір ғана қазақ даласы емес,
бүкіл Рессей көлеміндегі қалың жұртшылықтың қаперіне жеткізген бұл басылым
кейін тұтас бір ғылым саласына айналған абайтанудың алғашқы қайырлы қадамы
болып еді.
Бұл қазанама мақалада Абаайдың шыққан тегі, тәрбиеленген ортасы, алған
білімі, азаматтық қызметі, шығармашылық жолы, үлкен ағартушы ойшыл
ретіндегі дүниеге көзқарасының қалыптасуы жайында мәнді мағұлматтар
келтіріп, жүйелі пікірлер айтылған.
Егер бұдан бұрынырақ, ақынның көзі тірісінде, 1903 жылы Қазақ өлкесі
туралы петербургте басылып шыққан анықтамалық кітапта халқымыздың жалпы
рухани мәдениеті жөнініде толғана келіп, жаңа әдебиеттің төлбасы ретінде
Абай атына айтқан сындарылы ойлары мен байсалды бағалауын еске алсақ,
Ә.Бөкейхановты ұлы ақынның алғашқы шежірешісі және зерделі зерттеушісі деп
бағалауға толық негіз бар деп ойлаймыз.
Ақын өмірден өткен алғашқы он жыл ішінде, оның шығармашылық мұрасын
жиыстырып, кезінде ұстағаннаң қолында, естігеннің құлағында кеткен
өлеңдерін қайтадан қалпына келтіруде, сөйтіп оларды баспа жүзінде жарыққа
шығаруда Абайдың өз баласы Тұрағұл мен немере інісі Кәкітай Ысқақұлы баға
жетпес жұмыс тындырды. Солардың күш салуымен 1909 жылы Петербургте ақынның
тұңгыш өлеңдер жинағы басылып шықты.
Ақынның қайтыс болғанына он жыл толуына орайластыра, Семейдегі бір топ
қазақ оқығандары күш қосып, ақын мұрасын насихаттау жөнінде бірсыпыра
шаралар ұйымдастырды. Солардың ішінде қазақ мәдениетінің шын жанашырлары
Нұрғали, Нәзира Құлжановтардың сіңірген еңбектері ерекше еді.
Абай атын ардақтап, оның асыл мұрасын халқының санасына тезірек
жеткізуге бұдан кейінгі белсене ат салысқан Қазақ газетінің төңірегінде
топтасқан қайраткерлер болды. Ахмет Байтұсынов 1914 жылы Қазақтың бас
ақыны деген тақырыппен газеттің үш санында көлемді мақала жариялап,
Ә.Бөкейхановтан кейінгі байсалды пікірді сонда білдірді.
Абай сөздерінің дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ екенін, мезгілінен
ерте туып, өз тыңдаушысынан тұтас бір дәуір озып кетке ақын байлар мен
атқамінерлердің шылауында жүрген қазақ өлеңін алдымен есіктен төрге
шығарғанын, сонсоң таққа көтергенін айта келіп, А.Байтұрсынов Абай өнерінің
не себепті қадірлі болатын сырын ашты. Абай мұрасының өзіне дейінгі өзімін
тұстас ақындар өлеңінен үздік артықшылығының басқа да қырлары мен сырларын
тәптіштей келгендегі автордың оқырманға арналған түйінді тілегі мынандай
еді: Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.
Ақынның дүниеден өткеніне он жыл толуына байланысты еске алу ретіндегі
мақаланы Қазақ газетінің бетінде Міржақып Дулатов та жазды. Қазақ
әдебиетінің атасы хүкімінде тарихта аты алдымен жазылар Абай сөзінің
халыққа кең тарай алмай жатқанына қынжылыс білдірумен қатар автор бұл
мақаласында халықтың рухани қазынасындағы ұлы ақынның тарихи орнын да
орнықты түрде айқындап берді: Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші
кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлки, мұнан кейін Абайдан
үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын
Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.
Ғасыр басындаға қазақтың аса көрнекті ақындары Мағжан Жұмабаев пен
Сұлтанмахмұт Торайғыров та поэзия әлеміне Абай атын ұран етіп, оның баға
жетпес мұрасына бас ие келді. Мағжанның сонау 1912 жылы жазылған Алтын
хакім Абайға атты өлеңі ұлы ұстазға арналған ең алғашқы көркем
шығармалардың бірі еді.
Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
деген өлең жолдары халық жанында ұмытылмастай болып жатталып қалған-ды.
Осы сүйіншіге үн қосқан Сұлтанмахмұт өлең сүйгіш жастарға айтар
ақылын:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жатта тоқып ал көңілге. – деп тұжырымдады.
Алдыңғы толқын ағалар бастаған жоралғыны Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар
Әуезов жалғастырып әкетті. 1918 жылы Семей қаласында солардың ұйытқы
болуымен дүниеге келген қоғамдық және әдеби журнал Абай атымен аталды.
Айналасы бақ-ақ жылдай жарық көріп, небәрі 12 нөмірі ғана шыққан бұл
басылымның әлеуметтік және шығармашылық бағыт-бағдары түгелдей Абай рухымен
өзектеліп, ақын есімі оның ұраны мен туына айналыды.
Осы аз уақыт ішінде журнал бетінде ақын мұрасын жинастыру, бастыру
және насихаттау жөнінде едәуір жүйелі жұмыс тындырылды.
Бірақ,
Мынау азған қу заман
Қалыбында тұрмайды,
– деп ұстаздың өзі айтқандай, заман сырт айналып жүре берді. Алғашында
халыққа бостандық, мәдениет, оқу-ағарту ұранын ала келген большевиктер
саясаты жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан бастап, Қазақстанда кілт
өзгерді. Билік басындағы мансап қуған асыра сілтеушілер Қазан төңкерісінің
мұраттарын бұрмалап, халық өмірін идеологиялық қыспаққа ала бастады. Күні
кеше өздерінің түп мақсаттарының жүзеге асуын кеңес үкіметі саясатымен
байланыстырып, соған адал қызмет етуге бекінген Алаш қайраткерлеріне
ұлтшылдар деген қарғыс таңбасы басылып, олар саяси қуғынға ұшыратылды.
Солардың рухани көсемі болды деген желеумен Абай мұрасы да мансұқтала
бастады. Бұл төңіректегі қызу айтыс отыз жетінші жылдың ойранына ұласты.
Әрине, ресми идеологияның әпербақан солшыл қанатының асыра
сілтеушілері қаншама өзеуресе де, Абай аты таихтан өшкен жоқ және өшпекші
де емес. Бұл орайда кезінде қажетті белсенділік танытып, ұлы ақынның
мұрасын қорғап қалуға ұлес қосқан жұршылық өкілдері, белгілі қоғам
қайраткерлері, әдебиет пен өнердің өз адамдары болды.
Абайтанудың алғашқы кезеңдері.
Абай өлеңдерінің төңкеріске дейін жариялануы, ақын мұрасын зерттеуші
насихатшылар.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай шығармалары революцияға дейінгі
дәуірде-ақ әр түрлі бағыт-бағдарда пікірлер айтылып, там-тұмдап болса да
зерттеу нысанына іліне бастады. Бұл іспеттес әрекеттер ресмибаспасөздер мен
кейбір ғылыми жинақтарда, архивтік дерек көзі мен кейіннен табылған
қолжазба нұсқаларда белгі берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
елінің қоғамдық ойы мен дүниетанымының шын мәніндегі энциклопедиясына
айналған Абай шығармалары жайлы әр түрлі бағдар таныта айтылған пікірлер де
көбейе түсті. Мұнда Абайдың жеке басы мен әдеби мұрасын танып бағалауды
өткен дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайына байланысты қоғамдық санадағы айла-
шарғысы мол пікір таластың әр қилы лептері де сезіледі.
Халық мұңын жырлаған Абай поэзиясын революцияға дейін-ақ қазақ
даласына әсері мол аса күшті рухани құбылысқа айналтып та үлгерді. Туған
халқының көкейтесті арманы мен мұңын жырлаған Абай өлеңдеріндегі
гуманистік, ағартушылық сарындар сол тұста-ақ халық санасын баурап, көкірек
көзін ашуға бастады. Абай шығармалары баспасөз бен қолжазба көшірмелер
арқылы, көбінесе ауызша әр қилы жолдармен таратылып жатты. Ал кейбір
өлеңдері әнмен таралып, авторы беймәлім халықтық репертуарға айналып
кеткенін орыс ориенталистері атап көрсетті де. Сол кезде-ақ ақынның жеке
басын тану мен бағалаудан туған әлеулі пікір таласы болып өткенін кейбір
деректер көзі айғақтайды. Абайды, тіпті, әкесі Құнанбайды танып бағалаудың
өзі де әр түрлі танымдар тұрғысында болуы сол тұстағы саяси-әлеуметтік өмір
болмысына тікелей байланысты болатын.
Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең өнімді саласының бірі. Ақын
шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол
табуынан бастасақ, оның бүгінгі таңда жүз жылдан астам тарихы бар. Абай
өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой пікірлердің жарық
көруі де өткен ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғашқы
зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып,
Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміз өз
тәуелсіздігін алған соң ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.
Абайдың екі өлеңі Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы
ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы
түрі (Жаз), 1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей одылысы мен
Жетісу обылысының черезвычайный сьезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің
түрі (Болыс болдым, мінеки) деген аттармен 1889 жылы Дала уалаяты
газетінің №7, 12 сандарында басылыпты. Одан кейін 1897 жылы Қазанда
Бектұрған Сиқымбайұлы бастырып, Жанұзақ ақынның құрастырған Княз бен
Зағифа атты хиссасында Абайдың Сынағандағы аттың сыны (Шоқпардай кекілі
бар, қамыс құлақ), Бүркітші (Қансонарда бүркітші шығады аңға) атты
өлеңдеріжарық көрген. Алдыңғы екі өлең Көкбай атынан джарияланып, соңғы екі
өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс текістіне кіргізіп
пайдаланған. Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады.
Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан
адам - Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы Киргизский край атты кітапқа кірген
қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол Қырғыз (Қазақ)
поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты (кітапта Кномбия
болып қате басылған) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан
көптеген әсем өлеңдердің авторы (әсіресе табиғатты суреттеуі). Евгений
Онегин мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол
(олар қырғыздарға (қазақтарға( тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған
болатын. Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру
жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.
Соның нәтижесінде 1905 жылы Абай (Ибраһим) Құнанбаев атты азанама-мақала
жазды. Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы
тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі
бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп ол: Өлеңдерінен
көрініп тұрғандай, Абай аса таланты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының
мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке
көтерген Абай сияқты қазақ ақыны осы кезге шейін болған емес. Жылдың төрт
мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары Европаның атақты
ақындарының қатарына қояды - деген қорытынды жасайды.
Осы бір шағын пікірдің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа
дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүние жүзілік поэзияның биік
деңгейдегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады. Оның үстіне
бұл мақалада Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқарумен Семейде
болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфельінің ішінде
Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі. Алайда сол кездегі саяси
жағдайдың ауырлығынан ол бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz