Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Ақша.несие саясатының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Ақша.несие саясатының түсінігі және экономикалық мәні ... ... ... ... 6
Ақша.несие саясатының түрлері және мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ..8
Ұлттық Банктің ақша.несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатының біріккен тауарлар мен ақша нарығындағы тепе.теңдікке әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Ақша.несие саясатының біріккен тауарлар мен ақша нарығындағы тепе.теңдікке әсері, негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2007.2009 жылдарға арналған ақша.несие саясатын анықтау ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3. Ұлттық Банктің 2007.2009 жылдарға арналған ақша.несие саясатының бағдарлары және инфляцияға орта мерзімді кезеңге болжам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Ұсынылатын курстық жұмыстың тақырыбы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері болып табылады.
Кез-келген мемлекетте орталық банктер мемлекеттi экономикалық басқаруды, яғни бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылауды әрi реттеуді жүзеге асыра отырып, ақша-несие саясатын жүргізеді. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, орталық банкiнің осындай әрекеті елдің жалпы экономикасының және төменгі деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете алады.
Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымындағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы мен қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге, басқаруға және реттеуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады.
Ақша-несиелік саясат мемлекеттiк жалпы экономикалық саясат бөлiгiн, оның элементерiнiң (өнеркәсiптiк, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және басқа да саясат түрлерiмен қатар) бiрiн бiлдiредi және үкiметтiң басымдықтарымен және мақсаттарымен тiкелей белгiленедi. Әдетте, экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейi, бағалардың тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкiлiктi мақсаттар болып табылады.
Экономиканы ақша-несиелік реттеудiң теориялық тұрғылары қазiргi заманғы экономикалық ғылымның ең бiр қимылды-қозғалысты бағыттарының бiрi болып табылады, бұл, бiрiншiден, осы тұжырымдама әдiстемелерiнiң ерекшелiгiмен, екiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң қазiргi заманғы дамуының объективтi заңдылықтарымен түсiндiрiледi.

1. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. / Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж. – 465 б.
2. Мақыш С. Б., Ілияс А. Ә. Банк ісі. / Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж. - 241 б.
3. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ә. Макроэкономика. / Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003 ж. – 432 б.
4. Көшенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 328 б.
5. Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю. Экономикс. Т.1. — Москва: Республика, 1992 ж.- 286 б.
6. Эдвин Дж. Долан. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. / Учебник. - СПб.: Санкт-Петербург оркестр, 1994 г.-496 с.
2. Заңдар және заңдық күші бар үкімдер:
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995-жылдың 30- наурыздағы № 2155 Заңы.
8. «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» - Астана: Елорда 2002 ж.
3. Статистикалық жинақтар:
9. Статистикалық бюллетень. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. №10 (75), 2006-ж., қазан.
10. Статистикалық бюллетень. - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі. №4 (98) 2007-ж., сәуір.
4. Интернет ресурстары:
11. Ұлттық банк сайты- www.nationalbank.kz
12. Статистикалық агенттік сайты- www.stat.kz
13. ҚР өкіметінің ресми сайты www.government.kz

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
1. Ақша-несие саясатының түсінігі және экономикалық
мәні ... ... ... ... 6
2. Ақша-несие саясатының түрлері және
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... .8
3. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ...10
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының біріккен
тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .20
2.1 Ақша-несие саясатының біріккен тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-
теңдікке әсері, негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2007-2009 жылдарға арналған
ақша-несие саясатын анықтау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .27
2.3. Ұлттық Банктің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының
бағдарлары және инфляцияға орта мерзімді кезеңге
болжам ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39
Кіріспе
Ұсынылатын курстық жұмыстың тақырыбы - Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық
кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері болып
табылады.
Кез-келген мемлекетте орталық банктер мемлекеттi экономикалық
басқаруды, яғни бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылауды әрi реттеуді жүзеге
асыра отырып, ақша-несие саясатын жүргізеді. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей,
орталық банкiнің осындай әрекеті елдің жалпы экономикасының және төменгі
деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете алады.
Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымындағы ақша
массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы
мен қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге, басқаруға
және реттеуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады.
Ақша-несиелік саясат мемлекеттiк жалпы экономикалық саясат бөлiгiн,
оның элементерiнiң (өнеркәсiптiк, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық
және басқа да саясат түрлерiмен қатар) бiрiн бiлдiредi және үкiметтiң
басымдықтарымен және мақсаттарымен тiкелей белгiленедi. Әдетте,
экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейi, бағалардың
тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкiлiктi мақсаттар болып
табылады.
Экономиканы ақша-несиелік реттеудiң теориялық тұрғылары қазiргi
заманғы экономикалық ғылымның ең бiр қимылды-қозғалысты бағыттарының бiрi
болып табылады, бұл, бiрiншiден, осы тұжырымдама әдiстемелерiнiң
ерекшелiгiмен, екiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң қазiргi
заманғы дамуының объективтi заңдылықтарымен түсiндiрiледi.
Ақша-несиелік реттеу тұжырымдамасының қолданбалы тұрғыларын әзiрлеу
орталық банкке экономиканың жай-күйiн, ақша-несиелік бақылаудың құралдар
жүйесi мен әдiстерiн қамтамасыз етедi.
Мемлекет ақша-несиелік реттеудiң жәрдемiмен экономикалық дағдарыстарды
жұмсартуға, инфляцияның өсуiн тоқтатуға ұмтылады, мемлекет экономикалық
жағдайды қолдау мақсатында, ел экономикасының түрлi салаларына күрделi
салымдарды ынталандыруға арналған несиелердi пайдаланады.
1995 жылдың 30-наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкi туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасыньң Ұлттық Банкiнің басты
міндеттерінің бірі болып мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және
жүргізу болып табылады. 7, 1-бап
Республикамыздың қазіргі жағдайын қарастыратын болсақ, мемлекет
экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейiн әлi де жойылмай
келедi. Экономиканың кейбiр салаларында өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады,
салық салу және бюджеттiк кiрiстi арттыру проблемалары орын алуда,
мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар мөлшерiнің өсуi жалғасуда және
мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк табалдырығының мағынасына жақындады,
өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары
болып қалуда, шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi
тиiстi деңгейде емес және т.б.
Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралардың қазіргі
жағдайға бейімделіп, дұрыс және ұтымді жүргізілуін талап етеді.
Ұсынылатын курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатына талдау жасау. Осы мақсатқа жету
барысында төмендегідей мәселелер қаралады :
– Ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне шолу (ақша-несие
саясатына түсінік беріп, оның түрлері, құралдары мен мақсаттарын
қарастыру);
– Ұлттық Банктің жүргізген ақша-несие саясатының даму динамикасын
талдау;
– Қазақстанның қазіргі жағдайын ескере отырып, ақша-несие
саясатының 2007-2009 жылдар аралығында үш сценарийде жүргізілу
мүмкіндіктеріне болжамды талдау.
І бөлім. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1 Ақша-несие саясатының түсінігі және экономикалық мәні
Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі міндеті - ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын көздеу болып, оны орындау мақсатында ақша-несие
саясатын анықтайды және жүзеге асырады.
Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымдағы ақша
массасын, несие көлемiн, проценттiк мөлшер деңгейi мен ақша айналымындағы
және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткiштердi өзгертуге бағытталған
iс-шараларының жиынтығын айтады. Демек, ақша-несие саястының
макроэкономикалық деңгейіндегі субъектісі Ұлттық Банк болып табылады. 1,
144-б.
Ақша-несие саясатының мақсаты — ақша айналымы мен несие жағдайына
әсер ету арқылы шаруашылық конъюнктурасын реттеу. Ақша-несие саясаты әрі
несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, әрі оларды тiркеуге және
шектеуге (несиелiк рестрикция) бағытталады. Өндiрiстiң дағдарысы және
жұмыссыздықтың күшеюi жағдайында орталық банк несие берудi кеңейту және
процент мөлшерiн азайту арқылы өндiрiстiң жандануына себепшi болады.
Керiсiнше, экономикалық өрлеу кезiнде кездесетiн алыпсатушылық, бағаның
өсуi, үйлесiмсiздiктiң өрлеуi сияқты келеңсiз жағдайларды болдырмау
мақсатында орталық банк несиеге шек қою, проценттiк төлемдi жоғарылату,
төлем құралдарын шығаруды тежеу және с.с. әрекеттермен шұғылданады.
Ақша-несие саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн өзгерту жолымен
экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi.
Ақша-несиелік реттеу тетiгi келесі негiзгi әдiстерден тұрады: банк
өтiмдiлiгiн реттеу, мемлекеттiк қарызды басқару, банк несиесiнiң мөлшерiн
реттеу.
Осыдан ақша-несиелік реттеу тетiгi ақша-несиелік әдiстер мен
құралдарының жиынтығын бiлдiредi деп пайымдауға болады, олардың кешендi
қолдануы қойылған экономикалық мақсаттарға қол жеткiзуге әкеледi. 2, 63-
бет
Сонымен, ақша-несиелік реттеу тетiгiнiң үлгiсi былайша түсiндiрiледi.
Ақша-несиелік реттеудiң теориялық негiздемесi жүйеге фактiлердi
ендiруге, түсiндiруге және қорытуға негiзделедi, экономикалық ғылым
басқалар сияқты фактiлерге, яғни, белгiлi деректердiң немесе белгiленген
құбылыстардың қадағаланатын өзгерiстерiне негiзделу салдарынан осы
ғылымдардың эмпирикалылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесi
ретiнде фактiлер жиынына мағына енгiзедi, оларды бiрiктiрiп байланыстырады,
олардың арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгiленген қағидалар
мен беталыстар шығарады.
Ақша-несие саясатынының негiздемесi, оның стратегиясы мен тактикасын
белгiлеу алдымен теориялық қағидаларды айқындауды және оның iшкi тетiктерiн
ашуды талап етедi.
Мемлекеттік экономиканың жағдайы оның ақша-несие жүйесiмен тығыз
байланысты. Несие институттарының санына, несие ресурстары мен жүргiзiлетiн
операцияларының көлемiне қарай кез келген мемлекеттiң ақша-несие жүйесiнiң
негiзi екінші деңгейлі коммерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел,
көптеген мемлекеттерде ақша массасының 75%-тен 90%-ке дейiнгiсi банктiк
депозиттер (клиенттердiң банкке салған каражаты) ал тек 25-10%-і орталық
банкінiң банкноталары. 6, 172-б. Сондықтан мемлекеттiң ақша-несие аясын
мемлекеттiк реттеу қызметi тек орталық банк арқылы коммерциялық банктердiң
операцияларының масштабы мен олардың түрлерiне ықпал жасауымен ғана табысты
бола алады.
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері және оның мақсаттары
Мемлекеттің халық шаруашылығының жағдайына байланысты жүргізілетін
ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады:
1) Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2) Экспансиялық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты екінші деңгейлі коммерциялық
банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және оған қатаң шарт
белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатын шаралар жиынтығы болып табылады.
Экспансиялық ақша-несие саясаты коммерциялық банктердің несие беру
көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың
әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты шаралармен
сипатталады. 3, 213-б.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының басты
бағыты инфляция деңгейін төмендету және теңгенің шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз ету сипатында болып келеді.
Ақша-несие саясатының ақырғы мақстаттары әрқашан да келесідей
болады:
1) Экономикалық өсу;
2) Республикадағы толық жұмысбастылық;
3) Бағалар деңгейін ырықтандыру;
4) Республиканың төлем балансын тұрақтандыру. 8
Жоғарыда келтірілген ақырғы мақсаттар мемлекеттің жалпы экономикалық
саясатына, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда қатынастары,
құрылымдық және басқа да саясаттарға ортақ болыа табылыды және ақша-несие
саясаты жоғарыда айтылған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Ақырғы мақсаттарға жету үшін нақты шараларды қолдану барысында
келесідей аралық мақсаттар пайда болады:
1) Ақша жиынын;
2) Пайыз мөлшерлемесін;
3) Айырбас курсын тиімді деңгейде ұстап тұру.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің ақша-
несие саясатының сан алуан құралдары арқылы орындалады және олар ақша-несие
саясатының негізін құраушылары болып табылады.
Орталық Банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының
мақсаттарын жүзеге асырады:
1. Ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);
2. Немесе пайыз мөлшерлемесін белгілі бір деңгейде ұстап тұру (икемді
монетарлы саясат). 3, 221 -бет
Ақша-несие саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
белгіленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды
жағдайына сәйкес келетін деңгейде орналасады. Ал икемді монетарлы саясатта
ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға
сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егер де ақшаға сұраныстың өсуі
инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау
үшін қалыпты саясатты пайдаланан жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды
түрде бейнелейді.
Егер ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты
деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсыныс
горизонталды түрде болады. LS қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты
ақшаға сұраныстың немесе ақша жиынына (1-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (2-
сурет) әсер етеді. Орталық Банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз
мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты
пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны
сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін
жасайды. (Бұл құбылыс LD қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде
өзгертеді).
Сурет 1. Салыстырмалы қатаң
Сурет 2. Салыстырмалы икемді
ақша-несие саясаты
ақша-несие саясаты
1.3 Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатының құралдары.
Ұлттық Банктiң ақша-несие саясаты келесідей құралдардың көмегімен
жүргізіледі:
– коммерциялық банктерге берiлетiн несиеге проценттiк төлем
мөлшерiн өзгерту (ресми есеп мөлшерлемесiн, қайтадан
қаржыландыру мөлшерлемесiн, ломбардтың мөлшерлемесiн);
– банктердiң мiндеттi қорларының мөлшерiн өзгерту;
– ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдердi, мемлекеттiк
облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату
операциялары;
– валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат. 6, 381-б.
Пайыздық саясат ақша-несие саясатын реттеудiң дәстүрлi кұралдарының
бiрi болып табылады.
Ұлттық Банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың
инфляция деңгейiнiң жалпы жағдайларына және халықтың инфляциялық
күтiмдерiне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн
бекiтедi. Ұлттық Банк өзiнiң пайыздық саясатын мемлекеттiк ақша-несие
саясатын iске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесiне әсер ету
үшiн қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн анықтау кезiнде Ұлттық
Банк пайыздық мөлшерлемесiн оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделiгiн
ескередi.
Пайыздың ресми мөлшерлемесін өсiру коммерциялық банктердiң өз
резервтерiн толтыру үшiн несие алатын мүмкiншiлiгiн азайтады, ол өз
кезегiнде коммерциялық банктердiң алған қарызын қысқартады, демек ол ақша
массасы мен нарықтық пайыз мөлшерлемесiн өсiредi. Осылайша Ұлттық Банк
пайыз мөлшерлемесін жоғарылатып, несиені шектеу саясатын, яғни несиелiк
рестрикцияны жүргiзедi.
Пайыз мөлшерлемесiн жоғарылату мемлекетке қысқа мерзiмдi шетел
капиталын тартуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем балансы мен
валюта курсының деңгейіне де әсер етедi. Қорытындысында төлем балансы
активтенiп және шетел валютасын ұсынушылар көбейiп, демек шетел валютасының
курсы төмендеп, ал ұлттық валютаның курсы жоғарылайды.
Ұлттық Банктің процент мөлшерлемесiн төмендету әдiсі, яғни несиені
кеңейту саясаты — несиелiк экспансия деп аталады.
Ресми пайыз мөлшерiн өзгерту барлық қарыз капиталы нарығына екi
жақты әсер етедi: процент мөлшерiн жоғарылату несиелiк рестрикция
саясатының басталуын, ал несиелiк экспансия процент мөлшерiн төмендету
саясатының басталуын көрсетедi. 4, 146-б.
Теңгенi айналысқа енгiзгеннен кейiнгi пайыздық саясаттың негiзгi
мақсаты — теңгенi несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша
массасының өсiм қарқынын азайтатын, сәйкесiнше инфляцияны төмендетудi
қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер,
дәлiрек айтқанда, пайыздар үшiн төлемдер шығындарды құрайтындардың бiрi.
Яғни, жаңа пайыздық саясат өзiнiң нәтижесiн қандай да бiр анықталмаған
болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруi керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға
мүмкiндiк беретiн келесi бiр факторға — шетел валютасына деген шектен тыс
сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгенi енгiзгеннен кейiн жарты жыл
iшiнде валютаның бағамдық айырмасы есебiнен алыпсатарлық жолмен табыс алу
мүмкiндiгiнiң болуы iрi банктердiң қысқа мерзiмдi капиталының қарыздық
нарықтан елiмiздiң валюта нарығына ағылуына жол бердi. Айырбас бағамымен
анықталатын теңгенiң сыртқы кұнының көрсеткiштерi мен қарыздар бойынша
пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы
анықталатын теңгенiң iшкi құнының көрсеткiштерi арасындағы қатынастың
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына керi әсерiн тигiзедi.
Қаржы операцияларының барлық түрлерi бойынша пайыздық
мөлшерлемесiнiң деңгейi Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi
бойынша индикативтi анықталады. Ссуданың түрлерi бойынша төленетiн пайыздың
мөлшерлемелер өзара кейбiр негiзгi себептермен ерекшеленедi. Олардың
арасынан мыналарды бөлiп көрсетуге болады: қарыз мерзiмiнiң әртүрлiлiгi,
пайызды төлемеуiмен байланысты тәуекелдiң деңгейi және пайыздық
мөлшерлемесiнiң өзгеру мүмкiндiгiмен байланысты тәуекелдiң деңгейi.
Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық
Банкiнiң ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер нарықта анықталып, нарық
мөлшерлемесiне сай келедi. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер
1994 жылдың тамызынан бастап оң көрiнiске ие болды. 12
Ұлттық Банкiнiң ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы
Ұлттық Банкiнiң банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл
мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер және Ұлттық Банкiнiң ноталарының
пайызды және карыздық төлеу жағынан несиелерге карағанда үлкен
сенiмдiлiгiмен түсiндiрiледi.
Резервтiк талаптарды өзгеру саясаты. Банктерге берiлетiн несиелік
көлемді реттеу үшiн, банктiң өз мiндеттемелерi бойынша төлей алмау
тәуекелiн төмендету және банктердiң акционерлерi мен салымшыларының
мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық Банк резервтiк талаптар механизмiн
колданады, яғни резервтік міндеттемелер бойынша нормативтерді бекітеді.
Коммерциялық банктердiң резервтерiне, демек олардың қарыз беру
мүмкiндiктерiне мiндеттi резерв нормасын өзгертудің елеулi әсерi бар.
Мiндеттi банктiк резервтiң нормасын жоғарылату деген банктiк
каражаттың жұмсалмай, Ұлттық Банктiң шотында жұмсауға тыйым салу жағдайында
ұсталуын және оны коммерциялық банктер несиеге беруге қолдана алмауын
көрсетедi. Нәтижесiнде банктiк қарызбен айналымдағы ақша массасы қысқарып,
қарыз бойынша пайыз жоғарылайды.
Ал мiндеттi банктiк резервтiң нормасын төмендету банктiк несие мен
ақша массасын ұлғайтып, нарықтық проценттi төмендетедi.
Соңғы жылдарда банк резервтерiнiң шамадан тыс өсуiне байланысты
Ұлттық Банкiдегi корреспонденттiк шоттағы қаражаттар резервтiк талаптардың
мөлшерiн азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтердiң баламалы
тәртiбiне ауысу мүмкiндiгi пайда болды. Яғни, экономикалық нормативтердi
орындайтын банктердiң корреспонденттiк шоттағы қаражаттарының мөлшерi
резервтi талаптардан кем болмау керек едi.
Ұлттық Банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктiң
корреспонденттiк шоты бойынша төлейдi (резервтiк талаптан аспайтын).
Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтiк талаптардың жоғары болу
жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердiң пайыздық
мөлшерлемесi арасындағы айырманы азайту қажеттiлiгiнен туындайды.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, мiндеттi резервтер деңгейiнiң тым
жоғары болуы қаржы делдал түрiндегi банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiн әлсiретедi,
өйткенi резервтердiң минималды нормасының үлкеюi кредит ресурстарының
экономикаға құйылуына кедергi жасайды. Мұндай жоғары мiндеттi резервтер
нормасы қазіргі кезде АҚШ-та және Германияда қолданылады. 6, 388-б
Резервтік талаптарды өзгерту саясатының мақсаты банк кредитiнiң
артықшылығын немесе кемшiлiгiн болдырмау. Бұл саясат коммерциялық
банктердiң кредит көмегiне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты орталық
банктің басқарушылар кеңесiнде экономикада iскерлiк белсендiлiгiнiң
ауытқуын болдырмауына мүмкiндiк болады. Бірақ осындай жанама жолмен
коммерциялық банктiң несиесiн бақылау кұралы сияқты резервтер өтiмдiлiк
көзi болмайды, бұлар негізінен салымшыларды қорғайды. 5, 221-б Сондықтан
ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмi ашық нарықтағы
операцияларға және есеп мөлшерлемелерiнiң өзгерiсiне қарағанда сирек
пайдаланылады.
Ашық нарықтағы операциялар бағалы қағаздар нарығы дамыған
мемлекеттерде ақша-несиелiк реттеудiң көп тараған әдiсi болып табылады.
Ашық нарықтағы операциялар деп Ұлттық Банктен екiншi нарықта ақша
массасының көлемiн реттеу мақсатында бағалы кағаздарды сату-сатып алу
операциялары ретiнде түсiнуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық
банктердiң өтiмдiлiгiндегi және кредиттiк каржыларын, ақша массасын
реттеудiң ең икемдi әдiсi. Мұның мағынасы келесідей: Ұлттық банктiң ақша
эмиссиясын тоқтату және банктердiң несиелiк экспансиясын шектеу мақсатында,
нарықта бағалы кағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердiң
резервтiк шоттарынан белгiлi бiр соманы есептен шығару. Керiсiнше, ақша
шығаруын және несиелердi берудi ынталандыру үшiн Ұлттық Банк керi
операциясын жүргiзедi — бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердiң
резервтiк шотына аударады. Осылармен Ұлттық Банк ашық нарықтағы (өзiнiң)
операцияларымен банк жүйесiнде өзiнiң өтiмдiлiгiн жоғарылату үшiн жағымды
жағдайлар жасайды немесе керiсiнше, сонымен бiрге айналыстагы ақша
массасының көлемiн реттейдi. Егер бағалы кағаздар Ұлттық Банкпен алдын ала
дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық Банк сатып алушыларды
ынталандыру үшiн және сонымен олардың кредиттiк қабiлеттерiн төмендету үшiн
нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекiтедi. 6, 390-б.
Ұлттық Банк бағалы кағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердiң минималды резервтер мөлшерiн көбейтiп, клиенттермен активтi
қарыздық операцияларды жүргiзу мүмкiндiгi кеңейедi, яғни ақшалардың қолма-
қолсыз эмиссиясы үлкеедi. Ұлттық Банк коммерциялық банктерге бағалы
кағаздарды сатқан кезде олардың резервтегi қаражаттары азаяды, ал
банктердiң несиелiк ресурстары қысқарады, нәтижесiнде ақша массасы азаяды.
Мiне, сөйтiп Ұлтық Банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары
арқылы айналыстағы ақша массасының көлемiне, коммерциялық банктердiң
резервтерiне, олардың несиелік қабiлеттерiне әсер етедi.
Қысқа мерзiмдi пайыздық мөлшердi реттеу үшiн Ұлттық Банктiң
вексельдермен (қазыналық, коммерциялық) және қысқа мерзiмдi мемлекеттiк
облигациялармен жүргiзетiн дәстүрлi операциялары қолданылады. Оларды сату
ақша нарығын шектеп, нарықтық процент мөлшерiнiң көтерiлуiне әкеледi. Егер
де орталық банк нарықтық процент нормасының көтерiлуiне тосқауыл қойғысы
келсе, онда ол банктердiң қысқа мерзiмдi бағалы қағаздары мен вексельдерiн
ағымдағы нарықтық мөлшер бойынша сатып алу арқылы көмек көрсетедi. Одан
басқа, қазыналық вексельдердi, қысқа мерзiмдi мемлекеттiк облигацияларды
сатып алу-сату оларға сұраныс пен ұсынысты өзгертедi, демек сол қағаздардың
курсы мен табыстылығы да өзгерiп, ол ақша нарығындағы қысқа мерзiмдi
процент мөлшерiне және ұлттық валютаның курсына әсер етедi.
Ұзақ мерзiмдi пайыз мөлшерiн реттеуге орталық банктiң ұзақ мерзiмдi
мемлекеттiк мiндеттемелерiмен жүргiзетiн дәстүрлi операциялары колданылады.
Ұлттық Банктiң осындай мiндеттемелердi сатып алуы олардың нарықтық курсын
жоғарылатады. Облигацияны бағасының өсуi оның нарықтық курсының купондық
табыс сомасына катынасымен анықталып, облигацияның нақты табыстылығының
төмендегенiн көрсетедi. Ал ұзақ мерзiмдi облигацияның нақты табыстылығының
азаюы нарықтағы ұзақ мерзiмдi процент мөлшерiнiң төмендеуiне әкеп
соқтырады. Ұлттық Банктiң ашық нарықта облигация сатуы олардың курсының
төмендеуiн және облигацияның табыстылығының артуын, соған байланысты ұзақ
мерзiмдi пайыз мөлшерiнің жоғарылауын тудырады. 4, 147-б.
Ұлттық Банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
формасы бойынша: тiкелей немесе қайтарымды болуы мүмкiн. Тiкелей операция
коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып
алу түрiнде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемидi. Ұлттық
Банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан
кейiн, мiндеттi түрде алдын ала белгiленген бағам бойынша орындалған
операцияға керi операция жүргiзiлуi керек.
Аукционды белгiлi бiр тәртiппен бiр күнде жүргiзедi, бұл Ұлттық
Банктiң бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күнi мен алдында сатып
алынған бағалы қағаздардың кайта сатылу күнi сәйкес келуi үшiн жасалады.
Ұлттық Банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердiң
несиелiк мүмкiндiктерiн реттеу мақсатында жүргiзедi. Егер Ұлттық Банк
алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемi жаңа партия
көлемiнен кем болса, банктердiң несиелік ресурстарының мөлшерi шектеледi
және керiсiнше.Ұлттық Банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда
болуына немесе ақша-несиелік эмиссия көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз
жүргiзедi. 1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық Банк өзiнiң жеке меншiк
бағалы кағаздар портфелiн құрастыруы бойынша жұмыс жүргiзе бастады. 11
Ақша саясатының құралы ретiнде Ұлттық Банкiге ашық нарықта
операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткiлiксiз портфелi жол
бермейдi. Мемлекеттiк бағалы кағаздарды Ұлттық Банкiнiң сату-сатып алу
операциялары көбiнесе екiншi реттегi нарықты жандандыру мақсатында жүзеге
асырылды.
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудiң басты құралына ақша агрегаттары
бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемi белгiленген Ұлттық Банкiнiң
ноталарының эмиссиясы жатады. 6, 391-б.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтiмдiлiктi қамтамасыз ету
саясаты немесе курстық саясат - ақша-несие саясатының келесi маңызды
әдiсiнің бiрi.
Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын сақтаудың баға және ақша
айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн маңызы өте зор. Ұлттық валюта
курсының төмендеуi iшкi нарықтағы алдымен шетел, содан соң отандық тауарлар
бағасын көтередi, яғни‚ ұлттық ақша өлшемiнiң сатып алу мүмкiндiгiн
азайтады. Ұлттық валюта курсының үнемi төмендеуi жағдайына iшкi нарықтағы
тауарлар бағасы өндiрiс шығындарына емес, Ұлттық валютаның құлдырауына
бейiмделедi. Курстың төмендеуi инфляцияны тудыратын факторға айналады.
Орталық банктiң валюта курсын валюталық интервенциямен (яғни шетел
валютасын Ұлттық валютаға сатып алу-сату) реттеу ақша айналысына тiкелей
әсер етедi. Шетел валютасын сатып алу ұлттық валюталы ақша массасын
өсiредi, ал сату ақша массасын қысқартады.
Валюта курсын реттеу максатында ресми пайыз мөлшерлемесінiн дәл
осындай өзгерту қарыз капиталы нарығы мен ақша айналымына үйлесiмдi әсер
етедi. 4, 148-б.
Ұлттық Банкiнiң валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие
саясатының шегiнде жүзеге асады. Ұлттық Банкiң шетел валютасын сату, егер
ақша базасының өсiмi басқа факторлардың әсерiнен шетел активтерiнен басқа
болатын жағдайда, көбiнесе ақша массасының өсiмiн стерилизациялау және
айырбастау бағамын реттеу мәселелерiн бiр уақытта шешедi. Бiрақ, кейбiр
айларда таза шетел активтерiнiң өсiмi Үкiметке берiлген таза несиелер
өсiмiне қосарланды, сонда ақша базасының өсiмiнiң төмендеуi, Ұлттық
Банкiнiң екiншi деңгейлi банктерiне беретiн несиелерiнiң азаюы және Ұлттық
Банктiң ноталарын эмиссиялау есебiнен жүзеге асады. Осы кезеңдерде валюта
бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болады.
Теңгенiң айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық Банкiнiң қатысу дәрежесiнiң
төмендеуi бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкiндiк берiп, бiр уакытта, ақша
массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиiмдiлiгiн төмендеттi.
Ұлттық Банктің несиелік операциялары бюджет тапшылығын жою немесе
азайту мақсатында жүргізіледі. Соңғы уақытқа дейінгі Ұлттық Банктің
несиелеу және қаржыландыру операциялары, соның ішінде директивті несиелеу,
төлемсiздiктi шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бiр жағынан мәселенi
шешсе, екiншi жағынан кәсiпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер
ететiн фактордың — бағалардың өсуiн ынталандырды. Бюджет тапшылығын жабу
үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық Банктің
республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді.
Үкiметтiң несиелеу көлемi әрқашан бюджет тапшылығының деңгейiмен және оны
баламалы көздер арқылы жабу мүмкiндiгiмен анықталды. Қаншалықты бюджет
тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдығы үлкен
болады да, ол өз кезегінде инфляция деңгейінің өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Сөйтiп, үкiмет оған балама инфляциялық емес көздердiң пайдалануын кеңейтуге
мән бередi, және осындай көздерге сыртқы карыздар және үкiметтiң бағалы
қағаздары жатады. Сондықтан ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың
еншiсiнде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алады,
және ол кәсiпорындардың қаржы тәртiбiн сақтаған кезде ғана төлемсiздiк
мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi. 6, 393-б
Жоғарыда келтірілген құралдардан басқа дүниежүзiлiк банк тәжiрибесiнде
орталық банктердiң ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы
пысықталып және кеңiнен пайдаланылады. Оларды қайсыбiр елдiң нарықтық
немесе өтпелi экономикалық нақты жағдайында өтiмдiрек пайдалану туралы сөз
қозғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейiк.
– Капиталдар нарығын бақылау - акциялар мен облигациялар шығару
тәртiбi, сырттан қарыз алу шектерiн белгiлеу және т.б.
– Нарықтарға қол жеткiзу - жаңа банктер мен несие мекемелерiн,
оның iшiнде шетелдiктердi ашуды реттеу.
– Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткштерiнiң өсуiнiң
мақсатты болжалын белгiлеу, т. б.
Мемлекеттiк құнды қағаздарға инвестициялау нормалары-мемлекеттiк
қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу
мақсатында банктер, несие мекемелерi үшiн белгiленедi.
Нарықтық экономика жағдайында экономикаға ықпал етудiң атап өтiлген
және басқа кейбiр құралдарын пайдалану жолымен iскерлiк белсендiлiктi
арттыруға немесе төмендетуге қол жеткiзiледi. Мұның өзiнде банктердiң
төлемге қабiлеттiгiне ықпал ету шешушi болып табылады. Олар кәсiпкерлерге
арзан несиенi көбiрек ұсынса, соңғылар соғұрлым өз iсiн ашуға ынталанады,
өндiрiстi кеңейтiп немесе жетiлдiредi, экономикалық өсудi жеделдетедi.
Ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану бюджеттiк-салықтық
саясатпен, заңнамамен тығыз байланыстырған жағдайда ғана тиiмдi болуы
мүмкiн.

тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері

теңдікке әсері, негізгі кезеңдері
2007-жылға дейінгі ақша-несие саясатының даму динамикасы кезеңдер
бойынша бөлініп 1, 2-кестелерде көрсетілген.
Кесте 1. 1997-2001 жылдар аралығындағы ақша-несие саясатының негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштері
Атауы 1997 1998 1999 2000 2001
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге 1672 1733 2016 2596 3250,6
өткен жылдың сәйкес кезеңіне 1,7 -1,9 2,7 9,6 113,5
%-бен өзгеріс
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, 810 802 1113 1762 1985
млрд. теңге
өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,0 -2,1 2,2 14,6 113,5
%-бен өзгеріс
Негізгі капиталды 119 189 277 519 672
инвестициялау, млрд. теңге
Мемлекеттік бюджеттің кірісі, 20,2 12,8 3,8 29,4 33,6
ЖІӨге %бен
Мемлекеттік бюджеттің кірісі, 16,7 17,7 21,2 23,1 23,0
ЖІӨге %бен
Мемлекеттік бюджеттің шығысы, 19,0 21,4 24,8 23,0 23,4
ЖІӨ-ге %бен
Мемлекеттік бюджеттің -3,7 -3,7 -3,5 0,1 -0,4
тапшылығы (-) профициті (+),
ЖІӨ-ге пайызбен
Тұтыну бағаларының жиынтық 111,2 101,9 117,8 109,8 106,4
индексі, өткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz