Банк пайдасы мен табыстылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Банктің пайдасының экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.1 Банк пайдасының экономикалық мәні олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2 Банктің табыстарын және пайдасын талдау (“БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ” АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17
2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ . қаржы шаруашылық жағдайына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
2.3 Банктің табыстылығы мен пайдасына талдау жасау ... ... ... ... ... ... 32

3 Банк пайдасы мен табыстылығын ұлғайту жолдары ... ... ... ... ... ... .
39
3.1 Банк пайдасын ұлғайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.2 Шетел тәжірибесіндегі несиелеудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .. 43
3.3 Коммерциялық банктің табысын басқаруды жетілдірудің мәселері және жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
57

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
60
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жж арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған ең басты шара қаржы секторын тұрақтылығын және ипотекалық нарықтың дамуын қолдау шаралары болып табылады.
Қазақстанда банктік жүйе экономикалық процессте қайта құрулуда маңызды рөлі ойнайды. Коммерциялық банктердің қолында қаржылық, инвестициялық, өндірістік және басқада көптеген экономикалық салаларға әсер ететін тетіктер бар. Коммерциялық банктердің өз қызметінің жүзеге асыруы сәйкесінше қажеттіліктер мен және мемлекеттің экономикалық мақсатының тәуелдігі, оларды басқарумен байланысты. Банктің қызметінің арасындағы теориялық және практикалық мәселелерінде – табысты, шығындар мен қаржылық нәтижелерді қалыптастыру және олармен басқару. Оның мазмұнының құрылуы, коммерциялық банктердің тиімді жұмыс істеуі белгіленген шартында және жетіспеген мәліметтерді орналастыру барлық қолжеткізген инвестициялық қаражаттар құрылуы негізінде, максималды табысты қамтамасыз етеді. Коммерциялық банктердің оңтайлы өтімділігі ішкі және сыртқы шектеу есепке алынуы.
Банктің тұрақты және ырғақтылық табыстарының өсуі банктің мамандандырылған басқару нәтижесі болып табылады және керісінше активтер операцияларының басқаруының төмендеуі табыстар өсімімен көрсетіледі. Банктің барлық алынған табыстары талдануы және реттелуі керек.
Банк алдындағы осы жоспарда тұрған тапсырманы келесі екі негізгі орынға жатқызуға болады. Біріншіден, бірнеше жылдың динамикасында жиынтық табыстың құрылымы және деректер көлемін үнемі бағалау қажет, олардың түрлерінің әр түрлілігінің арасындағы арақатынасты анықтау, табыстың жалпы сомадағы әрбір табыстың салмағын, тұрақты көздердің есебінде табыстың негізгі массасын банкке қамтамасыз ететін және болашақта шолуда осы көздерді қолданылатын мүмкіндікті, операцияларды анықтау. Мұнда банктің жұмысының қалыпты куәлігі болып ең бастысы олардың тұрақты (берілген емес және спекулятивті емес) көздерінің банктегі жалпы табыстың қарқыны және өлшемдердің айқын тәуелдігі және негізгі қызметтен табыстардың өсу қарқыны ырғақтылығын санауға болады.
Екіншіден, банк жетекшілері табыстылықтың максималды қамтамасыз ету тұрғысынан жобаланған кезеңде көбенесе маңызды болып саналатын оның қызметінің қандай бағттары, сонымен қатар табыстарды табу механизміне қандай өзгертулер қажет екенін үнемі анықтауға міндетті.
Пайда – банктің жұмысының негізгі қызметінің нәтижелілігі. Коммерциялық банктердің табыс пен шығыстарының әртүрлілігі жалпы пайданы құрады.
1. Жоламанова М.Т. Деньги, кредит, банки№ Алматы, 2010г.
2. Сейтқасымов Ғ. С. “Ақша, несие,банктер”. Алматы, Экономика 2001 жыл.
3. Мақыш С. Б. “Коммерциялық банктердің операциялары”. Алматы, Экономика 2002 жыл.
4. Мамонов В. А. Теория и практика коммерческого банка Москва 2006.
5. Платынов В. Банковское дело Москва "Консалтбанкир" 2005.
6. Лаврушин О. Банковское дело 2003.
7. Усоскин В. М. Современный коммерческий банк, управление и операции 2007.
7. Қарымсақов М. Банк саясаты Экономика негіздері 2005 №2 30 бет.
8. Батракова И. Г. Экономический анализ деятельности банка 2005.
9. Қазахстан Республикасының Ұлттық Банк статистикалық бюллетені.
10. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несиеАлматы, 2004 жыл
11. Дюсембаев Қ. Ш. Қаржы – қаражат учебное пособие Алматы 2004 жыл №3.
12. Сәулембекова А.К. “Банктің рентабельдігін талдау әдістемелері“ //ҚазҰУ хабаршысы 2010 жыл.
13. Закон «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 год № 2444.
14. Бабичева Ю.А. “Банк ісі”, 2006 жыл.
15. Сейткасымов Г.С. “Банковское дело” Алматы: Қаржы-Қаражат, 2004 жыл.
16. «Банк ЦентрКредиттің» ресми сайты. //www.ba
17. Көшенова Б. “Ақша несие бактер, валюта қатынастары” Алматы 2000 жыл.
18. Міржақыпова С.Т. “Банктегі бухгалтерлік есеп” Алматы, 2004 жыл.
19. Жуков Е.Ф. “Банки и банковские операции.” – М.: ЮНИТИ “банки и биржи, 2004 год.”
20. Алимбаева Л.Д. “Коммерциялық банктер меншікті қаражаттарының жеткіліктігі” //Финансовый бизнес 2003.
21. 1995ж. 30 наурыз “ҚР Ұлттық банкі туралы” Заңды күшке ие президент жарлығы
22. Виноградова Т.Н. «Операции коммерческих банков». – Ростов на Дону: Универс, 2004 г.
23. Мақыш С.Б. “Ақша, несие, банктер: практикум”. Алматы, 2007 жыл.
24. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары”. Алматы, 2004 жыл.
25. Мотовилов О. В. Банковское и коммерческое кредитование 2007год.
26. Лаврушин О.И. «Деньги, кредит, банки». – М.: ИНФРА-М, 2004
27. Лаврушин О.И. «Организация и планирование кредита». – М.: Экономика, 2007 г.
28. Куашбаев с., Исатаева Г.Б. “Особенности анализа доходности комерческого банка” // Банки Казахстана 2004 год.
29. Белгібаев Қ.Қ. “Қаржы және банк статистикасы”, Алматы, 2006 жыл.
30. Каипбаева С. «Анализ качества функционирования коммерческого банка» //Банки Казахстана, 2003 год.
31. Оспанова Г.С. «Собственные средства комерческого банка» Алматы 2004 год.
32. Роджер Л.М. «Современные деньги и банковское дело»: Пер. С англ.- М.: Инфра- М, 2000 год.
33. Ақмамбетов А.Т., «Банки Каахстана» Теуекелдікті бағалау 2002 жыл.
34. Ширинская Е.Б. «операции КБ: российский и зарубежный опыт» М:ФиС, 2007 год.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1 Банктің пайдасының экономикалық 7
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Банк пайдасының экономикалық мәні олардың 7
жіктелуі ... ... ... ... ... ...
1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу 13
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Банктің табыстарын және пайдасын талдау (“БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ” АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
... ... ... ...
2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2 Банк ЦентрКредит АҚ - қаржы шаруашылық жағдайына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
2.3 Банктің табыстылығы мен пайдасына талдау жасау ... ... ... ... ... ... 32

3 Банк пайдасы мен табыстылығын ұлғайту 39
жолдары ... ... ... ... ... ... .
3.1 Банк пайдасын ұлғайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.2 Шетел тәжірибесіндегі несиелеудің 43
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... .
3.3 Коммерциялық банктің табысын басқаруды жетілдірудің мәселері және
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада
қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің
2009-2010 жж арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға
байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде
қарастырылған ең басты шара қаржы секторын тұрақтылығын және ипотекалық
нарықтың дамуын қолдау шаралары болып табылады.
Қазақстанда банктік жүйе экономикалық процессте қайта құрулуда маңызды
рөлі ойнайды. Коммерциялық банктердің қолында қаржылық, инвестициялық,
өндірістік және басқада көптеген экономикалық салаларға әсер ететін
тетіктер бар. Коммерциялық банктердің өз қызметінің жүзеге асыруы
сәйкесінше қажеттіліктер мен және мемлекеттің экономикалық мақсатының
тәуелдігі, оларды басқарумен байланысты. Банктің қызметінің арасындағы
теориялық және практикалық мәселелерінде – табысты, шығындар мен қаржылық
нәтижелерді қалыптастыру және олармен басқару. Оның мазмұнының құрылуы,
коммерциялық банктердің тиімді жұмыс істеуі белгіленген шартында және
жетіспеген мәліметтерді орналастыру барлық қолжеткізген инвестициялық
қаражаттар құрылуы негізінде, максималды табысты қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктердің оңтайлы өтімділігі ішкі және сыртқы шектеу есепке
алынуы.
Банктің тұрақты және ырғақтылық табыстарының өсуі банктің
мамандандырылған басқару нәтижесі болып табылады және керісінше активтер
операцияларының басқаруының төмендеуі табыстар өсімімен көрсетіледі.
Банктің барлық алынған табыстары талдануы және реттелуі керек.
Банк алдындағы осы жоспарда тұрған тапсырманы келесі екі негізгі орынға
жатқызуға болады. Біріншіден, бірнеше жылдың динамикасында жиынтық табыстың
құрылымы және деректер көлемін үнемі бағалау қажет, олардың түрлерінің әр
түрлілігінің арасындағы арақатынасты анықтау, табыстың жалпы сомадағы әрбір
табыстың салмағын, тұрақты көздердің есебінде табыстың негізгі массасын
банкке қамтамасыз ететін және болашақта шолуда осы көздерді қолданылатын
мүмкіндікті, операцияларды анықтау. Мұнда банктің жұмысының қалыпты куәлігі
болып ең бастысы олардың тұрақты (берілген емес және спекулятивті емес)
көздерінің банктегі жалпы табыстың қарқыны және өлшемдердің айқын тәуелдігі
және негізгі қызметтен табыстардың өсу қарқыны ырғақтылығын санауға болады.
Екіншіден, банк жетекшілері табыстылықтың максималды қамтамасыз ету
тұрғысынан жобаланған кезеңде көбенесе маңызды болып саналатын оның
қызметінің қандай бағттары, сонымен қатар табыстарды табу механизміне
қандай өзгертулер қажет екенін үнемі анықтауға міндетті.
Пайда – банктің жұмысының негізгі қызметінің нәтижелілігі.
Коммерциялық банктердің табыс пен шығыстарының әртүрлілігі жалпы пайданы
құрады.
Жалпы пайданың көрсеткіші (салықты есепке алмағандағы төлем және қалдық
пайданың бөлінуі) коммерциялық банктердің тиімді мінездемесін береді.
Диплом жұмысының мақсаты - әлемдік қаржы дағдарысы тұсында қазіргі
кездегі ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық несиелеу жағдайына
терең талдау жасай отырып, ондағы орын алған мәселелердің нақты себептерін
анықтау және оларды теориялық және практикалық тұрғыдан шешу жолдарын
іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- табыстың экономикалық мәнін ашу және түрлерін қарастыру;
- Табыс және пайдаңың құрылымы мен қатысушыларын қарастыру;
- шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктерін зерделеу;
- ҚР-ғы ЕДБ-дің табыс және пайдаңы талдау жасау және баға беру;
- нарыққа сай келетін табыстың жетілдірілген әдістерін ұсыну;
- табыс және пайданы тәуекелді басқаруды жетілдіру жолдарын іздестеру.
Зерттеу обектісіне ҚР-ғы екінші денгейдегі банктердін пайда және
табысың талдау жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің пайда және табысты көтерү орын алатын
мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР
қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық
және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі
банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары, сондай-ақ табыс жайлы сұрақтарды қамтитын
жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары,
ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік
құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Банктің пайдасының экономикалық көздері

1.1 Банк пайдасының экономикалық мәні олардың жіктелуі

Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – пайда табу. Сонымен қатар
қалыпты дамып келе жатқан банктің жоспарында ағымдағы кезеңге бірнеше
мақсат көзделеді, бірақ бір ғана мақсат пайдамен байланысты болып келеді.
Бұл мақсат дамушы бантердің сандық және сапалық көрсеткіштері меншік
капиталына және оның құрылымына, ресурстарды тарту көздеріне, құрал-
жабдықтарға бағытталған салымына, банктердің өнімдерінің түріне, қаржылық
технологияларына, банктің техникалық базасына, меншікті ұйымның құрылымына,
ұйымның құрылымына, ұжымның өзара қарым-қатынасына қатысты болады.
Бұл көрсеткіштер өткізу жағдайларында банктің жеткілікті пайдасында
болады. Осы түрлеріне байланысты пайда мынандай: өз-өзімен және банктің
басқада мақсаттарына жеткен жағдайына қатысты екі мәнде болады. Осы екі мән
банктің сенімділік өлшемін және клиенттер мен қарыз алушылардың
тартымдылығын көрсетеді.
Пайда – банктің қызметінің негізгі қаржылық нәтижесінің көрсеткіші
болып табылыды. Банктің пайдасының мөлшері бұл қызметке қатысушылардың
бәріне маңызды. Банкке қатысушылар салынған капиталдың табыс нормасы сияқты
пайдаға қызығушылық танытады.
Қарызшылар банктің несие беру мүмкіндігін және меншікті капиталдың
мөлшерімен құрылымымен байланысты банктің басқада салым салу пайдасының
жеткіліктілігіне қызығуда, ал пайда – оның негізгі бір көзі болып табылады.
Табыстылық пен пайдалылық - коммерциялық банктердің ең маңызды тиімді
көрсеткіші болып табылады. Табыстылықты талдау кезінде ең бастысы есеп
берудегі сенімділікті сол бойынша қарастыру болып табылады. Белгіленген
стандартты қолданбай пайда жеткілікті көрінуі мүмкін, ал расында ол
асырылуы немесе жалған болуы мүмкін.
Пайдалылықты өлшеу үшін бірнеше әдіс қолданылады, бұлардың әрқайсысының
артықшылықтары және жетістіктері бар. Коммерциялық банктердің біртұтас
жүйесі немесе бір банктің немесе басқа банктермен пайдалылығын
салыстырғандағы бағалы көрсеткіші – пайданың активке қатынасын көрсетеді.
Консервативті қарыз инвестициялық саясат немесе төтенше шығыс операциялар
нәтижесі пайданың төмен нормасы болуы мүмкін. Егерде салым сомасы жалпы
депозиттер сомасына пропорционалды үлкен емес болса, оларға деген пайыз
шығындары төлемі орташа сала деңгейін жоғарлатуы мүмкін. Жоғарғы пайданың
активте қатынасы банк қызметінің тиімді нәтижесі активте болуы мүмкіндігін
немесе жалпы депозиттердің жинақ салымындағы төмен үлесі немесе активтен
пайыздың үлкен мөлшерлемесі болады. Банк соңғы кездегі жағдайда активтерден
табыстың жоғарлаған кезде және жоғарыда көрсетілген тәуекелдікте өзін
тәуекелге әкелу мүмкіндігі бар. Банктің пайдалылығының көрсеткіші болып
орташа активтер құнының қайтарым коэффициентіне қатынасы болып табылады. Ол
келесі жолмен есептелінеді:
Салық төленгеннен кейінгі таза пайда, дивидентке дейінгі төлем
(1)
Активтің орташа құны
Банктік жүйеде пайда көлемі мен оның сенімділігін қамтамасыз
етеді және оның салымының қауіпсіздігіне кепілдеме береді. Жалпы алғанда
пайданың мөлшері үш ғаламдық компонентке тәуелді: табыс, шығыс, салық және
міндетті төлемдерден тұрады. Осыған сәйкес қалыптастыру үлгісі және
пайданың анықталу мөлшерінде қолданылуы келесі суретте көрсетіледі:

Пассивтік операциялар табыс

+
Активті операциялар табысы (операциялық табыс(пайыздық +
пайыздық емес) + басқада табыстар)

-
Операциялық шығындар (пайыздық + пайыздық емес)

-
Басқада шығындар

=
Пайда (таза табыс)

Сурет 1. Банктің пайданы қалыптастыруы*

Пайданың соңғы қаржылық нәтижесі банктің есеп беру аралығында
табыстың салыстыру жолымен анықталады. табыстың кемітіп көрсетуі салық
салынатын пайданың кемуіне әкеледі. Осыған байланысты есепке алудың
толықтығының дұрыстығын тексеру қажет. Есепке алудағы қателер салдарынан
табыстың өсуі және басқада себептерден кері әсерін тигізеді, пайдадан
төлемдердің дәлелсіз қайта қайтарылуынан қиындықтар туындайды.
Барлық табыс пен шығын баптарында есеп беру кезеңінде таза пайда
мен шығынның анықталуы қосылады және осылармен бірге төтенше баппен есепке
алу бағасындағы нәтижелер өзгерімі кіреді. Бірақта пайда болған жағдайда
белгілі баптар алынып тасталуы мүмкін. Мұндай екі жағдай бар: елеулі
қателіктерді түзету және есепке алу саясатындағы нәтижелердің өзгерулері.
Барлық табыстар бабына есепке алу аралығындағы белгілі таза
пайда кіреді және қарапайым банк қызметінде пайда болады. Осыған байланысты
кейбір жағдайларда шаруашылық қызметі және төтенше бабтар операциясы
қабілеттілігі пайда болады. [1]
Банк табыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және
мыналардан тұрады:
- төмендегілер бойынша сыйақы (мүдде) алумен байланысты:
- Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
- Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер;
- Ұлттық банк қайта қаржыландыруы үшін жарамды қазынашылық
міндеттемелер мен басқа да өтімділігі жорғарғы бағалы қағаздар;
- сатуға арналған бағалы қағаздар;
- басқа да бағалы қағаздар;
- басқа банктерге орналастырылған салымдар;
- басқа банктер ұсынған қарыздар;
- клиенттерге берілген қарыздар;
- капиталға және бағынышты борышқа инвестиция;
- банктің келесі қызметтері бойынша комиссиялық табыстары:
- аударым операциялары;
- бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
- шетел валюталарын сату-сатып алу;
- сақтандыру операциялары;
- сенімгерлік операциялары;
- берілген кепілдіктер;
- шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу;
- басқалары;
- пай, акция және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
- клиенттердің банкке есеп айырысу және кассалық қызмет көрсеткені үшін
төлемдері, клиенттердің телеграфтық (пошталық) және тағы басқа
шығындардың орнын жабуы;
- шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алудан түсім;
- шетел валютасын, бағалы металдарды және бағалы қағаздарды қайта
бағалаудан түскен табыс;
- кәсіпорындарға, ұйымдарға, банктерге халыққа көрсетілген басқа да
қызметтер үшін, соның ішінде инкассация үшін төлем;
- банк активін сатудан түскен түсім;
- банк шығындарының орнын жабу сомалары;
- есепті кезеңде шыққан өткен кезеңде табыстары (өткен жылдар қателерін
анықтау нәтижесінде): өткен жылдарда алынған алдын ала есептелінген
пайыздар және комиссия, өткен жылдары банктің клиенттерге артық
төленген талап етуге дейінгі сыйақы және комиссиялық ақы, алдында
үмітсіз деп есептен шығарылған қарыздардың келіп түсуі, егер олар
күмәнді қарыздар бойынша резервті көбейтуге бағытталмаса;
- банк қызметкерлерінің олардың кінәсі есебінен банктің төленген
айыппұлдарының орнын жабуға түсімдердің түсуі;
- алынған айыппұлдар, өсімпұл, тұрақсыздық төлемі және басқа да
экономикалық санкциялар, соның ішінде есеп айырысу операцияларын
орындау ережелерін бұзғаны үшін клиенттерден алынатын айыппұлдар,
сонымен қатар, мерзімінде жеткізбеу, корреспонденцияны жоғалтқаны үшін
байланыс кәсіпорынынан алынған айыппұлдар;
- банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сонымен қатар
мәмілеге сәйкес факторингтік және форфейтингтік операцияларды жүзеге
асырудан түсетін түсім;
- банк алатын басқа да түсімдер: сатылған макулатура, металл сынығы,
өңделген пломба, банк көлігін пайдалану, істен шыққан материалдарды
қалдық заттар ретінде өткізуден түскен табыс, негізгі қорларды жоюдан
түсімдер, жұмысшыларға еңбек кітапшасын және оларға қосымша бет
(вкладыш) беруден алынатын сомалар, түгендеу кезінде анықталған артық
негізгі қорлар, баланстан балансқа ауыстыру тәртібі бойынша
қабылданған инвентарь құны (сыйға тарту) және тағы сол сияқты.
- күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да күтілмеген
табыстар.
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу
болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы
мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау
және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі
капитал өсімі; бұл толық табыстан толық шығыстарды шегерге тең. Бірақ бұл
анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін. Бухгалтерлер бөлінбеген пайда
немесе таза табыс терминдерді қолданғанды жөн көреді.
Таза табыс == табыс – шығыс (2)
Егер шығыс табыстан асып кетсе, онда жабылмаған шығын жайлы сөз
қозғалады.
Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі
келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе
акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын
қоспағандағы субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер,
оқиғалар мен жағдайлар нәтижесінен капиталдың азаюы.
Табыс және шығыс ұғымдары әр түрлі анықталады. Жиі
қолданылатындары:
Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе
банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын
түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына
сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы
экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің
кері ағыны немесе пайданылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда
болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен
ерекше болады.
Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ,
табыссыз банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау, бағалау, және табысты уақытпен
байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері.
Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет
түрлеріне байланысты.
Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын,
оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі анықтайды және сәйкес банкті басқару және оған салық салу үшін
жеткілікті деңгейде түсінікті болуы қажет.
Бухгалтерлік есептің жалпы қағидалары тануды субъектінің қаржылық
есебіне бап енгізу үрдісі ретінде анықтайды. Тану іске қосылған соманың
есептің қорытынды көрсеткіштерінде көрініс табуынан тұрады.
Табыс және шығыс баптарын қанағаттандыру өлшемдері мынадай:
- бап өлшеу үшін сәйкес негізде және іске қосылған сомаға саналы бағалау
жүргізу мүмкіндігіне ие;
- болашақта экономикалық пайда алуға немесе жоғалтуға негізделген баптар
үшін осындай пайдалар алынуы немесе алынбай қалуы мүмкін ықтималдық
кездеседі;
Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу
мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс
немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы
экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі –
сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі
тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оны өзінде қалдырса, онда
ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.
Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды
тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін:
- өткізгенге дейін;
- өткізу кезінде;
- өткізгеннен кейін.
Өнімді өткізгенге дейін танылған табыс. Екі әдіс арқылы жүзеге
асырылады:
1) аяқталған мәміле, яғни мәміле аяқталғанкезде табыс және шығыс
шоттарымен бірге барлық шоттар жабылады және жиынтық табыс мойындалады
(әдетте құрылыс кезінде);
2) аяқталу пайызымен – табыс, шығыс, жиынтық табыс әр есепті кезеңде
құрылыс жобасының аяқталуын бағалау пайызы негізінде мойындалады.
Өткізу кезінде мойындалған табыс. Табысты мойындау үшін жағдайлар –
мәмілені орындау және түсім алу мүмкіндігіне әдетте өнімді немесе қызметті
өткізген кезде орындалуы мүмкін. Бұл сату кезеңі деп аталатын әдіс.
Өткізгеннен кейін танылған табыс. Бұл жерде екі әдіс қолданылады:
ақысын біртіндеп төлейтіндей етіп сату және шығындардың орнын жабу.
Бірінші жағдайда табыс сату кезінде емес, тек ақша алынған жағдайда
ғана мойындалады. Екіншісі табыстардың немесе пайдалардың ақырғы өткізуін
мойындауға болмайтын жағдайда. [2]
Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге
асады:
- нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені үшін
алынған табыстар есепке алу үшін қолданылады);
- үйлесімді орындалу (көп сатылы табыстарды мойындау үшін қолданылады);
- аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табысты есепке алу үшін
қолданылады – орындалудың бірдей немесе бірдей емес кезеңдер сериясы,
олардың қорытынды актісі қызмет көрсету бойынша жалпы операцияларға
байланысты айтарлықтай маңызды);
- инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі
белгісіздік өте жоғары).
Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің
тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына
қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.
Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген
жағдайлар мыналарды қамтиды:
- тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза құнына дейін,
ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының – қалпына келтіру құнына дейін
төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;
- банк қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымның өзгеруі бойынша
шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;
- жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;
- ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
- үзілген операциялар;
- сот үрдістерін реттеу;
- резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.
Әрбір үзілген операция үшін келесілер жүргізіледі:
- үзілген операция сипаттамасы;
- есепке алу мақсатында операциялардың нақты үзілу күні;
- үзу әдісі (сату немесе бас тарту);
- операцияны үзуден түскен табыс немесе шығын және оларды өлшеу үшін
қолданылатын есептілік саясаты;
- әр есепті кезеңде күнделікті қызметтен сәйкес сомалармен түсетін түсім,
табыс немесе шығын.
Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие табыстар мен
шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлімбей, банктің
басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі.
Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет
көрсетуге пайдаланыла алады. Ол үшін валюталар шегінде ақпарат алуға
мүмкіндік беретін жайғасымдар (позиция) қарастырылған.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банк шығындары – бұл есепті кезңе ішінде
меншік капитал (дивидендтен басқа) үлесінің иелері арасында бөлінетін
түрінен өзгеше, капиталдың азаюына алып келетін активтердің жылыстауы
немесе пайдаланылуы не болмаса қарыздардың пайда болуы түрінде экономикалық
тиімділіктің азаюы.
Экономикалық шығындарды табыс алу үрдісінде банк қызметтерін және
өнімдерін пайдалану және тұтыну ретінде анықтауға болады. Шығыстар тек банк
өнімдері немесе қызметтері табысты қалыптастыру үрдісінде қолданылған кезде
пайда болады. Шығыстардың бухгалтерлік есепшоттарында және қаржылық
есептілікте көрініс табуы есептілік кезеңде не кешігіп, не мерзімінен бұрын
орындалады. Есепті кезең қабылданған табыс тұжырымдамасымен анықталады.
Шығыстар өнімдердің немесе қызметтердің құны төмендеуі орын алғанда немесе
болашақта бұларды пайдалану есебінен құн өсімі ұсынылмаған жағдайда көрініс
табады. Ақша қаражаттарының келіп түсуіне негізделген табыс тұжырымдамасы
шығыс шегу кезеңіне уақыты бойынша шекті жақындатылып көрсетілуі қажет.
Шығыстар есепке сәйкестілік қағидасы бойынша себеп-салдарлық байланыс
негізінде көрсетілген табыспен мойындалады. Сәйкестілік тек табыстар мен
шығыстар арасында негізделген байланыс бекітілген жағдайда орын алады. [3]

1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу көздері

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес
түрлерін жатқызуға болады:
- ссудалық бизнес;
- дисконттық бизнес;
- сақтау бизнесі;
- банктік кепіл беру қызметі;
- бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
- салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды
жүзеге асыру бизнесі;
- басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
- дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды
тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық
банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестен
пайыз формасында табыс түседі.
Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және
талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып
алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы айналымды
және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген
міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал
екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан
түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан
түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының
табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1) сатып алғаннан
төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны
үшін төленетін пайыз және 2) факторинг операциясының түріне байланысты
тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг
операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік
операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады. [4]
Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне
негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы
қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін емес осы мүлікке байланысты
клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы
табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты
негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге
орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты
қай операцияға қаража жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық
операцияларда тәуекел жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес, трасталық
операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден
түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік,
өз кезегінде трасталық қызметен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын
анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен
жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2) оларды нарықта сату;
3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да
эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары.
Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден
құралады: 1) өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату
барысында бағамдық айырмадан; 2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен
қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа
жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр
жүргізу) үшін комиссия.
Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие
алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен
түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкәлетін банктің қызметін
сипаттайды. Егер клиент банк үшін оның атын шығаратын клиенттердің
қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.
Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша
операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға
мүмкіндік береді:
- комиссиондық сыйақылар:
а) шот ашқаны үшін;
б) шотты жүргізгені үшін;
- белгілі бір мерзім ішінде белгеленген комиссия (ақша белгісінде);
- айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу):
в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;
г) шотты жабу үшін;
д) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты
операцияларды жүргізгені үшін.
- банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі
корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы;
- дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру,
валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және
тағы басқа алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін
табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.
Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық
құны арасында айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және таға сол
сияқты.)
Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік
және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға
иеленеді.
Ссудалық пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген
ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Ссудалық
пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:
- несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің
пайызы және тағы сол сияқты;
- несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу
пайызы, банктік, ломбардтық;
- ссудалардың мерзіміне қарай: қысқа мерзімді сссудалар бойынша пайыз,
ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз;
- ссудалардың түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына
берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша
пайызы;
- операциялар түрлеріне қарай: қарыздар бойынша пайыз, банкаралық
несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;
- есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және
тағы басқа.
Комиссия – банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда
“comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін
қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.
Табыс көздері екіге бөлінеді:
- Тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз
табыстар жатады;
- Тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын
табыстарды жатқызуға болады. [5]

2 Банктің табыстары мен пайдасын талдау
(Банк ЦентрКредит АҚ мысалында)

2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау

Банктің кірістерін талдау коммерциялық банктің қызмет етуінің
нәтижелерін зерттеуге, сонымен қатар оның коммерциялық кәсіпорын ретінде
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Банк қызметінің нәтижелілігін
талдауы кірістер мен шығыстардың талдауынан басталып, пайданы зерттеумен
аяқталады. Ал қаржылық қызметін талдау банк балансының өтімділігін
талдаумен бір уақытта жүргізіледі, алынған нәтижелер кезінде жалпы банктің
сенімдлігі жөнінде тұжырым жасалады.
Банк қызметінің нәтижелерін талдау процессінде әртүрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады:
- банктің балансының кіріс және шығыс аналитикалық шоттардың
экономикалық негізделген топтамалар;
- құрылымдық талдау;
- тоқсан және жылдық мәліметтер бойынша банк қызметінің қаржылық
нәтижелерінің көрсеткіштерінің динамикасын бағалау;
- қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштерінің әртүрлі факторларға
тәуелділігінің дәрежесін айқындау;
- жекелеген факторлардың сандық әсерін экономикалық бағалау мен олардың
мазмұны;
- алынған көрсеткіштерді ұсынылатын деңгеймен салыстыру.
Банктің қызметін талдаудың мақсаты банктің пайдалылықтың өсу
резервтерін айқындау және бұның негізінде пассив және актив операциялар
аясында сәйкес саясатты жүргізу бойынша банк жетекшілігіне ұсыныстарды
дайында.
Коммерциялық банктердің кірістерді бағалаудың негізгі әдістемелерін
қарастырайық.
Банк табыстарын талдау.
Ең бірінші, кезең ішінде алынған банктің кірістердің жалпы сомасын
есептеп, әртүрлі банк операцияларын жүргізуден түскен табыстар түрлеріне
бөлу керек. Жиынтық кірістер, әдетте, пайыздық және пайыздық емес
кірістерге бөлінеді.
Пайыздық кірістерге:
- теңгемен алынған қарыздар бойынша есептелген және алынған пайыздар;
- шетел валютадағы қарыздар бойынша есептелген және алынған пайыздар.
Пайыздық кірістер құрылымы мына түрінде беріледі:
- банкаралық қарыздыр бойынша алынған пайыз кірістері;
- коммерциялық қарыздар бойынша түскен пайыз кірістері.
Пайыздық емес кірістерге:
- инвестициялық қызметтен түскен табыстар (бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер, кәсіпорындардың ұйымдардың бірлескен қызметінде
қатысуынан табыстары, тағы басқа)
- валюталық операциялардан кірістері;
- алынған комиссия мен айыппұлдардан кірістері;
- басқа да кірістері.
Банк кірістеріне талдау жүргізгенде жалпы сомада немесе сәйкес
кіріс тобындағы әрбір түрінің үлес салмағы анықталады. Кірістер баптарының
динамикасы алдындағы кезеңдерімен, соның ішінде тоқсандармен салыстыруға
болады. Банктердің тұрақты өсімі бірқалапты қызмет пен басқару туралы дәлел
етеді.
Ірілендірілген баптар бойынша банктердің кірістер құрылымына талдау
жасағаннан кейін жалпы кірістер көлемінде ең көп үлес салмақ алатын
ірілендірілген бабын қалыптастыратын кірістер құрылымын зерттеу керек.
Нақты бантің біруақытта кірістер мен баланс активінің құрылымының
динамикасын талдап, банктің активтерінің барлығы бірдей табыс әкелмейтін
активтерге қатысты (мысалы, кассадағы және корреспонденттік шоттардағы
қаражаттар, Орталық Банктердегі резервтері және меншікті негізгі құралдар),
және бағалы қағаздар және банкпен сатып алынған басқа да қатысу құқықтары,
бірлескен қызмет және материалды активтер. Яғни бұлардың сапасы жоғары емес
деп айтуға болады. Сонымен, коммерциялық банктің кірісі қарыз инвестициялық
операциялар бойынша пайда нормасына, қызмет көрсеткені үшін банкпен алынған
комиссионды төлемдер мөлшеріне, активтер сомасы мен құрылымына тәуелді.
Талдаудың келесі кезеңі – сапалы. Яғни бұл банктің кірістер
деңгейіне әсер ететін факторлардың өзгеруіне әкелетін себептерін айқындап
алуға мүмкіншілік береді. Коммерциялық банктің жиынтық кірістің ең маңызды
қайнар көзі болып қарыздарды ұсыну (Ностро шоттар бойынша пайыздарды қоса
алғанда) табылады.
Несие саясатын жасаған кезде барлық банктер пайда сияқты факторды
ескереді. Пайдаға үлкен мұқтаждығы бар банк өте қатаң несие саясатын жүзеге
асыруы тиіс. Мұндай саясат мерзімді және тұтыну қарыздардың салыстырмалы
жоғары үлесінде көрініс табады.
Қарыздыр бойынша пайыз ставкаларда банкпен жеке берілген әрбір
қарыздың ерекшелігі де, сонымен бірге қарыз капиталдар нарықтарында қарызға
деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы бейнеленеді.
Қарыздыр бойынша пайыз ставканың деңгейіне, оған тән тәуекелдің
дәрежесі, оның мөлшері, мерзімі, өтеу әдісі әсер етеді.
Банктің пайыздық кірістерін талдау үшін ұсынылған қарыздырды жіктеу
дұрыс еді. Мысалы, қарыз алушылар топтамасы бойынша: жеке тұлғалар,
өнеркәсіп, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, сауда ұйымдары, қаржы-несие
мекемелері, тағы басқа. әрбір топ бойынша банк ұсынылған қарыздың сомасы,
қамтамасыз етілуі және оның сапасы, өтеу, пайыз төлемдері, пайыз ставка
деңгейі туралы мәліметтерді талдайды. [6]
Пайыз кірістерді талдау кезінде жалпы түрде және әрбір қарыз
операциялардың табыстылықтың орташа деңгейін бағалауға мүмкіндік беріледі.
Мұндай көрсеткіштер ретінде:
- барлық қарыз шоттар бойынша жиынтық пайыздың кірістердің орташа
қалдықтарға қатынасы;
- қысқа мерзімді қарыздар бойынша орташа қалдықтарға қысқа мерзімді
қарыздар бойынша алынған пайыздардың қатынасы;
- ұзақ мерзімді қарыздар бойынша орташа қалдықтарға ұзақ мерзімді
алынған пайыздардың қатынасы;
- зерттелетін топ бойынша орташа қалдықтарға қарыздырдың жекелеген
топтар бойынша алынған пайыздардың қатынасы.
Осы көрсеткіштердің динамикасы қандай қарыз операциялар есебінен
пайыз табыстары өсетінін көрсетіп отырады. Пайыздық емес табыстардың
талдауы банк табыстарды алудың несиелік емес көздерін қаншаға тиімді
пайдалана алатынын көрсетеді. Сонда оларды операциялар түрлері бойынша
динамикада талдайды.
Коммерциялық банктердің табыстың қайнар көзі ретінде мәні бойынша
бағалы қағаздар мен операциялардан түсетін табыстар болады. Осы табыстардың
мөлшері инвестициялық қоржынының мөлшері мен құрылымына және әртүрлі бағалы
қағаздардың табыстылығына байланысты. Банктер жүйелі түрде ағымдағы
өтімділігі бар бағалы қағаздардан табысты алу мүмкіншілігін салыстырып
отырады. Жоғарыда айтылғандай, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізу
үшін қаражаттарды өтімді қаражаттарда қажеттілік қанағаттандырылғаннан
кейін бөлінеді. Сонымен, инвестициялық операциялардың бағынышты сипаты
олармен басқаруды қиындатады және қор операциялардан табыстардың
біркелсіздігін күшейтеді.
Бұдан басқа, инвестициялық операциялармен басқарудағы
қиыншылықтардың себебі: бағалы қағаздардан табысының активтердің құнының
өсімі, пайыз, дивиденд түрінде болатынында.
Купон ставкасы – эмитентпен төленетін номиналға қатысты пайыз.
Ағымдағы табыс купон табысын нарық құнына бөлу арқылы шығарады. Бұл
көрсеткіш облигацияларға қарағанда, артықшылықты акциялардың табыстылығының
өзгеруін бағалау үшін жиі қолданылады, себебі, мұнда өтеу кезіндегі құны
есепке алынбайды және пайыздың төленуі ұзақ мерзімде жүргізіледі. Өтеу
мерзімін есепке алумен табысы тұрақты табысы бар инвестициялардың
табыстылығының ең жағымды көрсеткіші болып табылады. Сонда купон ставкасы,
өтеу кезіндегі құны, сатып алу бағасы және өтеуге дейін қалған мерзім
есепке алынады. Өтеу мерзімін есепке алумен, табыстылықтың есептеу
формуласы келесідей:
Жыл сайынғы номиналды табыстылық – (+) Жыл сайынғы өсімі - өтеу
табыс (жыл сайынғы шегерім) (Ағымдағы нарық құны + номинал)2
(3)
Жыл сайынғы өсімі немесе шегерімі үстеме немесе айырманың (нарық
бағасы мен номинал арасындағы айырма) өтеуге дейін жылдар санына қатынасы
ретіндегі есептеледі.
Берілген формула әдетте егер сату бағасы номиналға жақын болса
өте нақты нәтиже көрсетеді. Бірақ мұнда ескеретін жәйт, егер нарық құны мен
номинал арасында үлкен ауытқушылық болса, онда қате пайда болады, себебі
осы формулада купон табыстарының уақыт мерзімімен үстемені өтейтіндігі
немесе шегерімін төлейтініні ескерілмеген.
Банктің кіріс талдаудың келесі бір әдістемесі.
Банк кірістерін талдау.
Банктің кірістерінің құрылымдық талдауы табыстың әрбір түрінің
үлесін және оның бағытын айқындауын білдіреді. Мақсаттары:
- табыстылықтың негізгі факторын анықтау;
- болашақта сақтау мүмкіншілігі болу үшін табыстылықтың негізгі
факторына сәйкес банктік қызметтерінің мақсаты нарығын зеттеу;
- табыстылықтың тұрақтылық дәрежесін анықтыу.
Берілген әдістеме банк табыстардың келесідей жіктелуі қарастырылған:
- теңгедемен қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді қарыздар
бойынша алынған пайыздар;
- басқа банктерге берілген қарыздар бойынша пайыздар;
- валютадағы қысқа мерзымді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді қарыздар
бойынша алынған пайыздар;
- шетел корреспонденттер шоттар бойынша алынған пайыздар;
- кепіл мен аккредитив операциялар бойынша табыстар;
- бағалы қағаздармен операциялар бойынша табыстар;
- пай мен акциялар бойынша табыстар;
- тағы басқа.
Осы әдістеме бойынша табыстар деңгейін бағалау үшін мына қаржы
коэффиценттер қолданылады:
К1= пайыздық маржа (4)
Активтер
К2= пайызсыз кіріс
(5)
активтер
К3 – пайызсыз кіріс – пайызсыз шығыс
(6)
пайыздық маржа

Осы коэффициенттер негізінде табыстар деңгейін бағалау кезінде
мыналар жүргізіледі:
- Коэффициенттің нақты мәнін және банк табыстылығы бойынша оның
рейтингінің өзгеруін анықтауға мүмкіншілік беретін нормативті деңгейін
салыстыру;
- Есепті және алдыңғы кезеңдегі коэффициенттің нақты мәнінің динамикасын
талдау, алғашқы екі коэффициенттердің төмендеуі және соңғының өсуі
банк рейтингін төмендетеді;
- Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептік кезеңдегі коэффициенттердің
өзгеруін анықтайтын факторларды талдау;
Соңғы тұжырым тек коэффициенттің деңгейін ғана емес, оның өзгеру
факторларын анықтайды.
Тағы бір әдістемесі келесідей. Табыстарды талдау – табыстарды
стандартты жіктелуі берілген. Мұнда табыстылық сипаты бойынша активтерді
топтастыру табыс әкелетін және әкелмейтін активтерді айқындап алуға
мүмкіншілік береді. Жиынтық табыстарын мына түрде көрсетуге болады:
Жиынтық табыстар = Операциондық + Банктік емес + Басқа да (7)
Табыстылық баптарының динамикасы көлденең талдау жүргізу арқылы
зерттеледі. Операционды табыстардың өсу қарқындарының біркелкілігі банк
қызметін басқарудағы жоғары кәсіптілігі туралы дәлел етеді.
Келтірілген әдістемелердің талдаулардың өзіндік артықшылықтары да,
кемшіліктері де орын алады. Біріншісі: жұмыстағы қарапайымдылығы, ақпаратқа
қол жетімдігі, есептеудегі оңайлығы. Кемшіліктері: салыстырмалы талдау
мақсатымен рейтингтік кестелерді құруға мүмкіншіліктің болмауы,
сипаттамалардың шектеулігі. [7]
№2-нысаны кірістер жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және
қаржылық есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде
құрастырылады.
Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе
оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да
стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей
шығыс және табыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектелмеуі
керек:
- сыйақы түріндегі және ұқсас (аналогты) табыс;
- сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас (аналогты) шығыс;
- дивидент түріндегі табыс;
- комиссиондық және алым түріндегі табыс;
- комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
- шығындарды шегергендегі бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған
табыс;
- шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;
- басқа да операциялық табыс;
- қарыз алумен байланысты шығындар;
- жалпы әкімшілік шығындар;
- басқа да операциялық шығындар.
Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі
табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық
және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі
банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып
көрсетіледі.
Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын
шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша
шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімен байланысты шығындар,
сонымен бірге жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі
банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек
қарастырылады.
Сыйақы түріндегі табыс мынадай жағдайларда танылады:
- мәміле жасаумен байланысты банкке экономикалық тыбыстың түсу
ықтималдығы бар болса;
- табыс сомасы жоғары деңгейлі сенімділікпен бағаланған болса.
Мәмілеге сәйкес, банктерде контрагенттік ақшасын пайдаланғаны үшін
кезінде шығындар пайда болытын жағдайларда ғана сыйақы түріндегі шығын
танылады.
Активтерден (міндеттемелерден) алынған нақты табысты (шығысты)
есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс танылады.
Банктің табыстыры мен шығыстары Қазақстан Республикасы
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі Заңына 5-бабына сәйкес
бухгалтерлік есептің негізін қалайтын барлық принциптерін ескереді. Төлемі
келесі жылдары жүргізілген жыл үшін банктің табысы жылдар аяғында
есептелінеді. Төменде көрсетілетін операциялардан туындайтын табыстар таза
негізде анықталады:
- сатып алуға арналған бағалы қараздардың шығуы және олардың баланстық
құнындағы өзгерістер;
- шетел валютасымен және қымбат металдармен жүргізілген дилингтік
операциялар;
- сатуға жарамды, сол сияқты және өтеуге дейін ұсталатын құнды
қағаздардың шығуы және капиталға инвестиция салу.
Қазіргі сәтте табыстардың құрамына қосылып қойылған сомаларды алу
мүмкіндігіне қатысты күмәнділік пайда болса, олар табыстың бастапқы
танылған сомасына түзету жүргізу арқылы танылады.
Банк өзінің активтеріне және баланстан тыс міндеттемеллеріне
сыныптама жүргізіп, оларға қарсы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
белгіленген шарттар бойынша провизияға және резервтерге қажетті соманы
анықтайды. Провизияларға толық сомада қалыптастырылуы керек және табыстың
бар жоқтығына тәуелсіз байланыссыз банк шығынына жатқызылуы керек. Қазіргі
сәтте шығындардың құрамында тұрған сомаларды банктің төлемеуі немесе
қолданбауы жөнінде сенімділік бар болатын болса, олар шығындардың бастапқы
танылған сомасына түзету ретінде танылады.
Бұрын есептен шығарылып тасталған дебиторлық борыштар қайтарылған
жағдайда, келіп түскен сомалар ағымдағы жылы олар қай шоттардың есебінен
шығарылса, сол баптардың орнын толтырады. Табыстар жөніндегі есепте аздық
үлесі 1001 символы бойынша таза табысты азайтатын көрсеткіш ретінде бөлек
бапта көрсетіледі. Бас банк пен еншілес компания арасында кредиторлық және
дебиторлық қарыздар болатын болса, бас банктің немесе еншілес компанияның
борыштарын сол сияқты табыстар және дивидендтер бойынша топ ішілік
операцияларды алып тастаған дұрыс.
Соңғы қаржылық нәтиже – пайда немесе шығын – есепті кезең аралығында
банк алған шығыстар мен табыстарды салыстыру арқылы анықталады. Осыған
байланысты табыстардың азаюы салық салынатын табыстың, орталықтандырылған
қорларға және резервтерге аударымдардың төмендеуіне, дивидендтердің азаюына
негіз болатынын ескере отырып, олардың толықтығын, дұрыстығын,
мерзімділігін және бухгалтерлік есепте көрініс табуы тексеру қажет.
Керісінше, есептегі қателіктер салдарынан және басқа да себептер мен
табысты асырып көрсету кері нәтиже туындады, қайтарылуы өте қиынға түсетін
табыстан негізсіз төлемдер жүргізуге алып келеді. [8]
Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және
сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып
танылады.
Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыстардың
барлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен
бірге таза пайданы анықтауға төтенше баптар және есепті бағаларды
өзгерістер нәтижелері қолданылады. Осындай екі жағдай бар: маңызды
қателерді түзету және есептеу саясатындағы өзгерістер нәтижелері.
Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды анықтауда
қолданылытын барлық кіріс және шығыс баптары банктің күнделікті қызметі
барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық
қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.
Төтенше баптар – кәсіпорынның күнделікті қызметінен айқын
ерекшелінетін шаруашылық қызмет немесе операциялардың жүзеге асуы
нәтижесінде пайда болатын табыстар немесе шығындар, сондықтан олар жиі және
ылғи да пайда болады деп күтілмейді.
Шаруашылық қызмет немесе операциялардың төтенше баптардың пайда
болуына негіз болатын жағдайлары активтердің экспроприациясы немесе жер
сілкінісі, басқа да дүлей апаттар.
Төтенше баптардың сипатын және сомасын ашу табыстар және шығындар
есебі құрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалған кезде табыстар
және шығындар есебінде жасалынуы мүмкін.
Үзілген операциялар нәтижелері әдетте күнделікті қызметтен
түсетін пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда үзу
шаруашылық қызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде пайда болса және олардың үнемі қайталанып отырылуы
қарастырылмаса, үзу нәтижесінде пайда болған табыс немесе шығын төтенше
баптар ретінде қарастырылады. [9]
Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің
бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса
есептегендегі пікір таластарды енгізетін бағалау үдерісі жүргізіледі.
Мысалы, үмітсіз қарыздар, тауарлы-материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк табыстылығын басқару
Банк табыстылығын талдау
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Банктік капиталы
Альянс Банк
Банктің пайдасы және олардың қалыптасу көздері
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Пәндер