Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі және аңырақай шайқасының маңызы



I Кіріспе:
a) Аңырақай шайқасының басталуы.
II Негізгі бөлім:
a) Шайқастың қайғы, қасіретті.
б) Қазақтардың жоңғар әскерлеріне тойтарыс беруі.
c) Соғыстан кейінгі халықтың болашаққа сенімділігі
Қорытынды:
Аңырақай шайқасының тарихи маңызы, қазіргі көзқарас.
Әдебиеттер тізімі
XVII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың орта тұсына дейінгі кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынасы тарихында қазақ-жоңғар қатынастары басты орын алады. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған бұл қатынас ондағы күрестердің сипатына, оқиғалардың дамуына, қарама-қарсы күштердің арасалмағының өзгкеріп отыруы мен олардың ішкі саяси жағдайына қарай кезеңдерге бөлінеді. Сондай кезеңнің бірі –XVIII ғасырдың 20-шы жылдары. Бұл кезең -1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғаларымен басталып , Аңырақай шайқасымен аяқталады.
Небәрі 5-6 жылға созылған бұл кезеңдегі оқиғалар – XVIII ғасырдың алғашқы отыз жылдығындағы қазақ қоғамының, қазақ рухының көрінісі, бейнесі секілді. Әсіресе, Аңырақай шайқасының маңызы өте жоғары. Қазіргі күнге дейін үш ғасырға жуық уақыт өтсе де, сол кездегі тарихи санаға терең енген бұл оқиға, қаншама жылдар өтіп, замндар өзгергенімен де өзінің мәнін-маңызын жоғалтпай отыр. Жоғалтпайды да. Қазақ тарихшыларының әр дәуірдегі өкілдері Аңырақай шайқасынан халықтың бірлігін, ұлттық тұтастықты, халықтың әскери өңірінің жетістігін, азаттық күрестегі тарихи тұлғалар мен ата-бабалар ерлігін көреді. Осы арқылы әр кезеңдегі жас ұрпақ бойында Отансүйгіштік рухты тәрбиелеуде Аңырақай шайқасының орны ерекше . Бұған көз жеткізу үшін алдымен шайқастың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған маңызын анықтап алуымыз қажет.
Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723- 1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы ерте көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін өте ауыр болған .
1. Қасымбаев Ж.Тағыда Аңырақай шайқасының ақиқаты жақында. Егемен Қазақстан 2000-7 қаңтар. Қазақ тарихы –2000 №2 – (56-56) беттер.
2. Көрібаев Б. Шайқастың тарихи маңызы (Аңырақай шайқасы және 1723 – 28ж. Қазақ жоңғар қатынасы туралы).Қазақ тарихы – 1999. №3 – 29 – 31 бет.
3. Омарбеков Т.” Бұлантыда басымыз бірігіп, Аңырақайда атымыз шықты”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің жарқын беттері. Ақиқат – 1998 - №12 -35 –40 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ ЖӘНЕ
АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.

Жоспар:

I Кіріспе:
a) Аңырақай шайқасының басталуы.
II Негізгі бөлім:
a) Шайқастың қайғы, қасіретті.
б) Қазақтардың жоңғар әскерлеріне тойтарыс беруі.
c) Соғыстан кейінгі халықтың болашаққа сенімділігі
Қорытынды:
Аңырақай шайқасының тарихи маңызы, қазіргі көзқарас.
Әдебиеттер тізімі

ШАЙҚАСТЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

XVII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың орта тұсына дейінгі кезеңдегі
Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынасы тарихында қазақ-жоңғар қатынастары
басты орын алады. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған бұл қатынас ондағы
күрестердің сипатына, оқиғалардың дамуына, қарама-қарсы күштердің
арасалмағының өзгкеріп отыруы мен олардың ішкі саяси жағдайына қарай
кезеңдерге бөлінеді. Сондай кезеңнің бірі –XVIII ғасырдың 20-шы жылдары.
Бұл кезең -1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғаларымен
басталып , Аңырақай шайқасымен аяқталады.
Небәрі 5-6 жылға созылған бұл кезеңдегі оқиғалар – XVIII
ғасырдың алғашқы отыз жылдығындағы қазақ қоғамының, қазақ рухының көрінісі,
бейнесі секілді. Әсіресе, Аңырақай шайқасының маңызы өте жоғары. Қазіргі
күнге дейін үш ғасырға жуық уақыт өтсе де, сол кездегі тарихи санаға терең
енген бұл оқиға, қаншама жылдар өтіп, замндар өзгергенімен де өзінің мәнін-
маңызын жоғалтпай отыр. Жоғалтпайды да. Қазақ тарихшыларының әр дәуірдегі
өкілдері Аңырақай шайқасынан халықтың бірлігін, ұлттық тұтастықты,
халықтың әскери өңірінің жетістігін, азаттық күрестегі тарихи тұлғалар мен
ата-бабалар ерлігін көреді. Осы арқылы әр кезеңдегі жас ұрпақ бойында
Отансүйгіштік рухты тәрбиелеуде Аңырақай шайқасының орны ерекше . Бұған көз
жеткізу үшін алдымен шайқастың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған
маңызын анықтап алуымыз қажет.

Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған
маңызын 1723- 1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан
көреміз. 1723 жылы ерте көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы
қазақтар үшін өте ауыр болған . XVII ғасырдағы қазақ –жоңғар қатынастары
шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса,
1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық
территориясын жаулап алу сипатында өрбиді . Аңырақай шайқасының маңыздылығы
да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездкстірмеген жоңғар әскерлері
1723 – 1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алады.
Сыр бойындағы қалалар да жоңғарлар қолына көше бастайды. Жаппай сипат
алмаса да, қазақ ру – тайпаларының Орта Азия хандықтарына қашып барып,
паналауы тарихта болған оқиға.
Осы бір 3 – 4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай –
халықтың тарихы санасында бұл “Ақтабан шұбарынды, Алқакөл сұлама ” деген
атпен, “Елім - ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы
есте қалады.
Осылайша тоз – тозы шыққан халықтын еңсесін көтерген және жоңғар
басқыншылығына қарсы азаттық күрестің жандануына зор ықпал жасаған –
“Қалмақ қырылған” шайқасы. Қазақ-жонғар қатынасында бұл шайқастың манызы
толық ашылып көрсетілмесе де, бір нәрсе анық. Ол - Қалмақ қырылған
шайқасы Анырақай шайқасының үлкен дайындығы, әзірлігі болғандығы. Қалмақ
қырылған Анырақай шайқасын түсіну қиын. Бұл жеңіс халықтың еңсесін
көтеріп, ерлерді жігерлендіреді, бірігу идеясының кең қанат жайып,
әлеуметтік топтардың барлық жіктеріне таратуына жол ашады. Нәтижесінде
тарихқа Анырақай келді. Анырақайдың Қалмақ қырылғаннан айырмашылығы,
ол – жекелеген әскери күштер арасындағы ұрыс емес, соғытушы екі жақтаң
негізгі күштері арасындағы басты, шешуші ұрыс болғандығы. Бқл күресте қазақ
әскерінің жеңіске жетуі қазақ-жонғар қатынасында түбегейлі бетбұрыс жасады.
1723 жылғы жаудың жайқын жорықтары нәтижесінде ұрыс қимылдарында жоңғарлар
жағы үстемдікте болып, қазақтар шегінуге қорғаныс сипатындағы ұрыстар
жүргізуге мәжбүр болған еді. Бұл жағдай Анырақай шайқасы барысында
түбірімен өзгереды. Енді қазақ әскерлеріне өз елін жау басқыншылығынан азат
етуге мүмкіндік туады. “Аңырақайдың” маңызын – 1941-45 жылдардағы кеңес-
герман майданындағы Сталинград түбіндегі шайқастың маңызымен теңестіруге
болады. Ол шайқастағы жеңіс те кеңес-герман майданындағы жағдайды түбегейлі
өзгертіп, кеңес әскерлеріне жауды өз отанынан бүкіл майдан көлемінде қууға
жол ашқан еді. Аңырақайдағы жеңістен соң да қазақ әскерлерін Іленің оң
жағалауына дейін қуады.
Сөйтіп, аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа
кезең басталады, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен.
Осылайша, Аңырақай шайқасы- 1723-29- жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының
бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат
етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы
алатын орны мен маңызы осында болса керек.
Аңырақай шайқасының маңызы жоғарыда аталғандармен шектелмейді.
Оның халық бірлігін нығайту мен ұлттық тұтастықты сақтаудағы маңызын айтпай
кетуге болмайды. Бір сәтке ғана көз алдымызға Аңырақай шайқасының
болмағанын немесе бұл шайқаста қазақ әскерлерінің жеңіліске ұшырағанын
елестетіп көрелікші. Саяси жағынан дағдарысқа түсе бастаған немесе
дағдарыста отырған қазақ қоғамы бұл жеңіс болмағанда ұзақ уақыт бойы іштей
этникалық оқшаулануға ұшыраған болар еді. Ал бұл дегеніміз халықтың
негізгі бөлігінің этникалық территориясымен бірге өзінің негізгі даму
жолынан адасу, ауытқумен тең болар еді. Міне, осы себептерден де біз,
бүгінгі күннің деңгейімен қарай отырып, “Аңырақайдың” ұлттық тұтастықты
сақтаудағы маңызын сезінеміз. Аңырақайдағы жеңіс- қазақ халқының бірлігінің
жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында
қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана сезім Аңырақай шайқасында
өзінің өміршеңдігін көрсетті. Ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне,
дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек
қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш- халық бірлігінің сақталуына
мүмкіндік туғызды. Мұндай объективті құбылыста жекелеген тарихи тұлғалардың
рөлін жоққа шығаруға болмайды. Объективті құбылысқа субъективті күштер
жетекшілік еткенде ғана тарих өз дамуының сара жолына түседі.
Аңырақай шайқасына дейін өз руы мен тайпасында, ары барса өз жүзі
ішінде батыр атанған тұлғалар бұл шайқастан соң халық батыры атанып, бүкіл
қазаққа танымал болды. Әбілқайыр мен Абылайдың, Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ,
Саурық және тағы басқа көптеген батырлардың бүкіл қазаққа танылуыосы тұс.
Ру-тайпалық, жүздік сананың орнына халықтық немесе ұлттық сананың орнығуы,
енуі- Аңырақай шайқасы секілді маңызды оқиғалардан соң басталады. Аңырақай-
қазақ халқының әскери өнері жетістігінің де көрінісі. Ежелден бері жалғасын
тауып келе жатқан әскери өнер, атап айтсақ, әскери ұрыс барысында
қолбасшылық ету, өзара бірігіп қимылдау, қарсыластың негізгі соққысының
бағытын анықтау, негізгі күшті және қосалқы күштерді ұтымды пайдалану және
тағы басқалар Аңырақай шайқасында қазақ әскерлерін жеңіске жеткізген.
Әскери өнер шеберлігіне қазақ жасақтарының туған жерді жау қолынан азт
етуге деген құлшынысын қоссақ, не себепті “Аңырақайда” қазақтар жағы
жеңіске жетті деген сұраққа жауап табылады.
Аңырақайдағы жеңіс, тек XVIII ғасыр үшін ғана емес, қазіргі күнде
өмір сүріп отырған біздер үшін де және үшінші мыңжылдықта өмір сүретін
қазақ халқының ұрпақтары үшін де аса қажет. Өйткені маңызы ерекше ірі
оқиғалар тарихи тұжырымдамаларға негіз болып саналатындығы белгілі. Ресей
империясының Сібір мен Қиыр Шығысты Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуын
XVIII-XIX ғасырлардағы орыс тарихшылары “жаулау емес құтқару” деп
түсіндіреді. Олардың пікірінше, XVIII ғасырдың 20-шы жылдары қазақ қоғамы
дәрменсіз, қауқарсыз, өзін-өзі қорғауға қабілеті жоқ. Мұндай пікірге
Аңырақай шайқасындағы жеңіс кедергі жасағандықтан, кейбіреулер оны елмеуге,
көрмеуге тырысады, көргендері оның маңызын төмендетіп, қатардағы жәй бір
ұрыстардың бірі деп қарастырады. Қазір біз
аталған шайқастың маңызын неғұрлым терең сезініп, түсінген сайын, “өз
еркімен қосылу” теориясының негізсіз екендігіне көз жеткізе бастаймыз.
Осылайша бұл оқиға ескі тұжырымдамаларды теріске шығаруғажәрдем бере отырып
, жаңа тұжырымдама жасауға дерек, дәйек бола алады.
Аңырақайдағы жеңісті біз жоғарыда үшінші мыңжылдықта да қазақ
халқы үшін қызмет етеді деп айттық. Бұл – асыра мақтау үшін айтылған сөз
емес. Өйткені қоғам үшін де, жас ұрпақ үшін де тәрбиелік мәні өте күшті.
Оған қатынасып, ерлік жасаған қолбасшылық жасап, батыр атанған көптеген
бабаларымыздың ұлы істері жас жеткіншектерді Отанды сүюге, Отан үшін жанын
пида етуге жетелейді. Отансыз адам болмайды. Сондықтанда әрбір адамның
мұраты өз Отанын күш-қуатын арттыруға бағытталуы тиіс. Қазіргі күнде бұл
мәселе- күн тәртібіндегіең басты мәселе болып табылады. Сол себепті де
біздер әрбір жас ұрпаққа Отансүйгіштік қасиет ұрығын егерде, міндетті түрде
Аңырақай шайқасындағы жеңіске, ондағы батырларымыздың ерлігіне, бұл Ұлы
Жеңістің маңызына тоқталып отырамыз.
Аңырақайдың маңызының күштілігі сондай, ол қоғам үшін де үлгі
болады. Мысалы, 1723-1727 жылдары бірлігі болмаған қазақ қоғамы
жоңғарлардан жеңілумен, ата-мекндерін жау қолына қалдырумен болды. Еңсе
түсіп, рухы төмендеп, жауға қарсы тегеурінді қарсылық көрсете алмайды. Ал
1728-29 жылдары қоғамның, саяси күштердің бірігуі еңсені көтеріп, рухты
аспандатады. Нәтижесінде “Аңырақай” дүниеге келіп, сонымен бірге бүкіл
қазақ жерін жау қолынан азат етуге мүмкіндік туады. Дәл қазіргі кезде де
қазақ қоғамы, оның саяси күштері біріксе, барлық күш-жігерін ортақ мақсатқа
жұмылдырса , онда алынбас асу, бұзылмас қамал, ешқандай кедергі болмас еді.
Бірлік досты сүйсіндіріп, жаудың құтын қашырар еді. Сондықтан да Аңырақай
қазақ елін үнемі бірлікте болуға шақырады. Қазіргі ұрпақ бірлікте болып,
Отанымызды одан әрі нығайта түссек, онда “Аңырақайдың” бекер болмағаны,
ондағы қанның бекер төгілмегені, ең бастысы, бабалар аманатының
орындалғаны. Ендеше Аңырақай шайқасы- қазақ тарихында, оның ішінде XVIII
ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді
азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға- ұлттық
тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген,
қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң
тарихи тұжырымдамаларға соққы беретін, жаңа тарихи тұжырымдамаға негіз
қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп
санаймыз.
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ
ЖАРҚЫН БЕТТЕРІ
Қазақ жоңғар басқыншылығына қарсы күресі тарихымыздың аса ауыр әрі аса
жарқын беттерінің бірі болып табылады. Ауыр дейтініміз, бұл күрес Отан
қоғаудың ерен үлгісі, қазақ халқының жаңа ұрпақтарын ұлтына, еліне
сүйіспеншілік рухында баулудың нақты мысалы болып қалды. Соғыс есімдері
тарихымызда алтын әріптермен жазылатын ұлы тұлғаларды көптеп шығарды,
қазақтың өзін ұлт ретінде топтастыра түсті
Жоңғарлар деген атпен белгілі болған қазақтың жауы қайдан шықты?
Батыс Монғолия мен Жоңғария далаларын мекендеген ойрат тайпаларының Жоңғар
хандығы аталатын мемелекетінің (1635-1758жж) Батыр (Батур) қонтайшы (1635-
53) тұсында құрылғаны белгілі. Одан кейінгі мирасқорлар Ғалдан (Бошакту
хан, (1671-97), Севан Рабдан (Севан-Рабдан, 1697-1727), сондай-ақ, Қалдан
Серан (Халдан Церен) кезінде қуатты мемлекетке айналды. Қазақ жеріне
жоңғарлардың баса көктеп кіргені белгілі бола тұрса да кезінде таптық
көзқараста жазылған еңбектерде бұл әрекетке қазақ билеушілерін кіналау
сарыны да орын алды. Мысалы, “Қазақ совет энциклопедиясынан” мынадай
жолдарды оқимыз: “кейбір жанама деректерге сүйене отырып, қазақ-ойрат
қарулы күресінің шығуына төмендегі жағдай себеп болған деген тұжырым
жасауға болады. Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың
билеушілері үшін көшіп қонатын жерді кеңейте түсу керек болды. Екіншіден,
жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді”
(“ Қазақ совет энциклопедиясы, 4-томы, 476 бет)
Қытай жеріндегі белгілі қазақ тарм\ихшысы Нығмет Мыңжан да осыған
ұқсас көз қарасты ұстанып былай деген еді: “ Шығыс жақта қалқа
тайпаларынан, батыс және оңтүстік жақта моғолстан хандары мен қазақ
хандарынан қысым көріп, жайылымдық жерлерінен айырылған және көршілес
отырықшы елдермен сауда-саттық жасау мүмкіндігінен қол үзген ойрат
тайпалары аса ауыр жағдайға тап болды” (Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша
тарихы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Қазақ-жоңғар соғыстары. .ХҮІІІғ бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің барысы
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Жоңғар-қазақ соғыстары
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Қазақ хандығының ойраттармен қақтығысы
XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Пәндер